Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шет тілін оқыту үрдісінде инновациялық жоба әдісін қолдану
Орындаған: ИЯ-23 тобының студенті Таубай Д. Ш
Тексерген: аға оқытушы, магистр Насимуллина А. Б
Орал қаласы, 2020ж.
Мазмұны
бет.
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Ағылшын тіліне оқыту технологияларының теориясы мен тәсілдері
1. 1. Ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері . . . 6
1. 2. Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте-
месі . . . 15
1. 3. Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың маңызы . . . 20
ІІ тарау. Шетел тілін мектептерде инновациялық технологияларды интенсифтендіру
2. 1. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу . . . 25
2. 2. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде инновациялық жоба әдісін қолдану . . . 28
ІІІ. ІС-ТӘЖИРЕБЕЛІК БӨЛІМ
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
3
І. Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы онжылдықта инновациялық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа инновациялық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың инновациялық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында, Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған Қазақстан - 2030 стратегиясында, Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.
Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу -танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым - қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете
4
алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым - қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және инновациялық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше инновациялық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Инновациялық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиісті. Соңғы жылдары инновациялық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді.
Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында инновациялық технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған.
Мысалы, инновациялық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың психологиялық негіздері В. В. Давыдов, Е. И. Машбиц еңбектерінде қарастырылған. Ақпарат құралдарын қолданудың жалпы педагогикалық негіздері С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, Н. Д. Хмель, В. М. Монахов, Г. В. Габай, В. В. Давыдов, В. Я. Ляудис, В. В. Рубцовтардың т. б. ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген.
5
Сонымен қатар, инновациялық білім берудің қажеттілігі, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігіне Б. С. Гершунский, М. С. Малибекова, С. Б. Нұрмағамбетов, т. б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде назар аударылған.
Курстық жұмыста ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау мәселесі қарастырылған. Ал, шетел тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану мәселелері О. М. Астраханкина, Н. А. Ахметова, М. Ю. Ухаркина, И. Н. Галыцина, В. П. Демкина, Е. И. Дмитриева, Ю. В. Иловайская, Т. В. Карамышева, Н. М. Коптюг, т. б. зерт- теушілердің ғылыми зерттеулерінде қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
- Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік - эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы. Егер инновациялық технологияларды ағылшын тілін оқытуда тиімді пайдаланса, онда ол оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға,
6
шет тілінің жасанды ортасын құра отырып, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, оқуға тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін және білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу -әдістемелік құжаттарды (шетел тілі пәні мұғалімін даярлаудағы оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын) талдау; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Жұмыстың жетекші идеясы ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды жүйелі пайдалану арқылы жасанды тілдік орта құру оқушылардың тіл меңгеру қабілеттілігін, оқуға тұрақты қызығушылығын арттырады.
Курстық жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Ағылшын тіліне оқыту технологияларының теориясы мен тәсілдері
1. 1. Ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері
7
қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан - жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс -тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты -коммуникациялы оқытудың негізгі қағидалары - балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды рөль атқаратыны анықталды.
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп, олардың педагогикалық, психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.
- инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту - мақсатты түрде жобаланып саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;
- ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.
Жалпы білім беретін орындарда ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік
8
технологиялар жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық - мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.
Бірінші тараудың бірінші тарамшасында ағылшын тілін оқытудың құрылымдық
және мазмұндық негіздері сипатталады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі де әр кезеңде тілдің әр аспектісіне назар аудара отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды.
Ағылшын әдіскері Г. Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”. Бұл кездегі бағдарламада оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады. 1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу; сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу. Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.
Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда
оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін
9
пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік -экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сон- дықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық - коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз етуін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық,
10
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты - оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1. тәрбиелеу, 2. ағарту, 3. дамыту.
Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым -қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез-келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу - ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі
болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты міндеті.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілін
инновациялық тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады. “Инновация”, “Технология” терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде “технология” (technology) деген ұғым “оқыту” деген ұғыммен қатар қолдананылады “Технология” термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы дегеніміз - оқыту техникасы туралы
11
ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.
Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы
өзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Елтануға байланысты мәтін, мақал-мәтелдер т. б. түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. “Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу”, “Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру” сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.
Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның
практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар
аударуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.
Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70жылдарында ағылшын тілі қатынастық тіл статусын алған кезде Британияда пайда болды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі - коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы
12
коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г. Нойнер, Г. Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуникативтік біліктілік деп аталады.
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
1. Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды
әңгімелесу, сөйлесу, қарым -қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым - қатынас жасауының барысында - осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
2. Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым -қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.
3. Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс -әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады. Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзара тығыз байланыста болады деп пайымдайды Г. Нойнер.
Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші
әдіскерлердің бірі Е. И. Пассовтың пікірінше шетел тілін оқытуда мына жайттарды
ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:
1. коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;
2. арнайы жаттығулар жасау;
3. бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру.
Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады оның ерекшеліктері мынада:
13
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz