Отандық контенттің сапасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 3

I БӨЛІМ. Салауатты өмір салты ұғымы . . . 6

1. 1 Қазақтілді интернет сайт және платформалар . . . 9

1. 2 Отандық контенттің сапасы. . … . . . 16

II БӨЛІМ. Дизинформация және оның салдары . . . . . . 21

2. 1 Салауатты өмір салты туралы ақпарат беру мысалы……. . …… . . . 27

III БӨЛІМ. Салауатты өмір салты және әлеуметтік желі . . . 32

3. 1 Радио арқылы салауатты өмірді насихат ету . . . . . . 37

Қорытынды . . . 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . 49

КІРІСПЕ

Әлемді түбегейлі өзгерткен интернеттің бұқаралық ақпарат құралдарына сіңіскеніне біраз болды. Ақпаратқа қол жеткізу ыңғайлана түсті. Журналистің былай да жедел, әрі тез қызметі одан сайын ұштанып сала берді. Былайша айтқанда, барлық әлем осы бір ғаламтордың ішіне жиналды десек те қателеспейміз. Алайда интернет десек, аспанға қара бұлттарды төңдіретінім рас. Оның біршама кемшіліктерін айтып, зиян екенін айта түсеміз. Сондықтан, осы бітіру жұмысымның тақырыбын «Салауатты өмір салты туралы интернет-ресурстар: пайдалы ақпарат беру мысалдары» деп алдым. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында денсаулыққа байланысты біршама мәселелер көтерілді [1] . Ұлттың әлеуметтік деңгейін көтеруін үшін алдымен деннің саулағына зейін қою қажет. Сол себептен, алғашқы бөлімді салауатты өмір салты ұғымы деп алдым. Осы ұғымға тоқтала кетіп, оны 1. 2 бөліміндегі, яғни отандық сайттарды бүгінгі қызметі және олардың қарқынды дамуы жайында кеңірек журналистік ізденіс жұмыстары баяндалады.

Расымен де, қазіргі таңдағы отандық сайттар көңіл толтырарлықтай емес. Бәлкім ортақ контенттегі сапа орташа болуы мүмкін, алайда дәл салауатты өмір салтына келсек, ештеңе таппай қаламыз. Оның себебі неде? Осы орайда журналисттердің әлсіздігін байқаймыз. Қазақша контент үшін терлеп, еңбектенетіндер саны аз. Бірақ мүлдем жоқтың қасы деп те айта алмаймыз. Оны да осы аталмыш бөлімдерде толықтай қарастырамыз.

Салауатты өмір салты дегенде көз алдымызға тек спорт пен диеталар ғана елестейтіні рас. Ол да дұрыс, бірақ бұл көлдің жағасын ғана кешумен тең. Осы ұғымға сүңги кетсең, өте ауқымды, көлемді және жан-жақты екеніне көз жеткізуге болады. Тіпті ақпарат қабылдау, қарым-қатынастың өзінде де салауатты бейнесі бар. Толықтап өтсек, керек ақпаратты ғана қабылдау, стресске жол бермеу, саналы қолданушы болу сияқты аспектілер. Пандемия кезінде ақпараттық кеңістікте әлеуметтің ақпараттық кеңісткте сауатсыздығын байқадық. Коронавирус туралы біршама фейк жаңалықтарға ұрынып, она қалай және қайдан тексеру керектігін білмедік. Жасыратыны жоқ, ондай жағдаймен өзім де соқтығыстым. Салауатты өмір салтының өзектілігі әлеуметтік өмірдің күрделенуіне байланысты адам ағзасына түсетін жүктеме сипатының жоғарылауы мен өзгеруінен, техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы тәуекелдердің артуынан, жағымсыз факторларды тудырады денсаулықтың ауысуы [2] . Кейінгі бөлімдерде ақпаратты қалай дұрыс іздеу керек екеніне тоқталамын. Тек қана журналист қауымына емес, әлеумет үшін де пайдалы кеңестер. Сонымен қатар, ақпараттардың әлеуметтік желімен сабақтастығын қарастырамын. Себебі, әлеуметтік желінің саны көп, бірақ арасындағы ең тиімдісін біле бермеймыз. Интернетте таралған жалған ақпараттың жылдамдығы соншалықты тез өсіп жатыр, сондықтан жалған жаңалықтар шынайы жаңалықтарды жауып тастай бастайды.

Бұл туралы Ұлыбритания парламентінің Мәдениет, баспасөз және спорт жөніндегі қауымдар палатасы комитетінің төрағасы Дамиан Коллинз айтты. Оның айтуынша, адамдар жалған жаңалықтарды нақты жаңалықтардан ажырата алмай қиналады [3] . Сондықтан бұл өз өзектілігін жоғалтпайтын мәселе.

Қазіргі таңда, әсірессе, пандемия кезінде марафон, вебинар, онлайн курстың шағы десек қателеспейміз. Бұл қаншалықты өткінші нәрсе екенің болжау қиын, бірақ та толығымен сіңісіп кеткені рас. Вебинар тақырыптары көбінесе салмақтан арылу, мотивацияландыру, дұрыс тамақтану, қалай ақша табу деген сияқты дүниелерге арналады. Бұл да интернеттегі салауатты өмір салтын ұстануға арналаған ресурстар. Аталмыш тақырыпқа толықтай үшінші бөлімде тоқталамыз.

Сонымен бірге интернеттің фундаменті - сайттар. Сайттың саны өте көп, алайды оның сапасы көңіл толтырарлықтай емес. Жалпыдан жалқыға көшетін болсақ, қазақша контенттің аздығы. Бұл да бір журналист қауымның Отандық контент үшін тер төкпегендігінің белгісі.

Сонымен қатар, Қазақ радиоларында өткен практикамда, салауатты өмір салтына байланысты бірнеше мәселелер қозғалған болатын. Соның ішінде мен «Он бағыт» атты бағдарламада істеген едім. Аталмыш бағдарламада елдегі пандемия салдарын қозғап отырдық. Бұны да салауатты өмірдің бір бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Ол бағдарламадан бөлек, радиодағы басқа да бағдарламаға тоқтаймын. Толығырақ үшінші бөлімнің бірінші тармағында тоқтала кетемін.

I БӨЛІМ. Салауатты өмір салты ұғымы

Салауатты өмір салты дегеніміз - аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатында жеке адамның өмір салты. Салауатты өмір салты - бұл тиісті тамақтану, дене шынықтыру, моральдық-психикалық қасиеттер мен жаман әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адам өмірінің тұжырымдамасы, белгілі бір деңгейде ұстанымы.

Философиялық және социологиялық бағыттың өкілдері (П. А. Виноградов, Б. С. Эрасов, О. А. Милштейн, В. А. Пономарчук, В. И. Столяров және т. б. ) салауатты өмір салтын ғаламдық әлеуметтік аспект, жалпы қоғам өмірінің ажырамас бөлігі деп санайды.

Психологиялық-педагогикалық бағытта (Г. П. Аксенов, В. К. Бальсевич, М. Я. Виленский, Р. Дитлс, И. О. Мартинюк, Л. С. сана, адам психологиясы, мотивация тұрғысынан. Басқа көзқарастар да бар (мысалы, биомедициналық), бірақ олардың арасында өткір сызық жоқ, өйткені олар бір мәселені шешуге бағытталған - жеке тұлғаның физикалық болсын, менталды болсын денсаулығын жақсарту.

Салауатты өмір салты - бұл адам өмірінің әр түрлі жақтарын дамытудың, белсенді ұзақ өмір сүруге жетудің және әлеуметтік функцияларды толық орындаудың алғышарты.

Осындай идеялық ұстанымның шығу тарихына тоқталсақ, XIV ғасырдың соңында ортағасырлық «Tacuinum sanitatis» медициналық трактаты латын тілінде салауатты өмір салты туралы қозғалады. Кітапта дәрілік шөптерден гөрі тағамның және жеуге жарамды өсімдіктердің кейбір түрлерінің пайдалы және зиянды қасиеттерін сипаттауға көп көңіл бөлінеді, сондай-ақ денсаулықты сақтаудың алты шарты келтірілген [4] .

Байқасаңыздар, аталмыш тақырып пайдасы жағынан тиімді. Бұл дегеніміз осы ұғымды ұлт пен ел болашағы үшін қолданғанның еш айыбы жоқ. Зерттеулер көрсеткендей, салауатты өмір салтын ұстану өмір сүру жасының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін. Германиядағы зерттеу салауатты өмір салты 40 жастан кейінгі өмір сүру ұзақтығының 13-17 жасқа ұлғаюымен байланысты екенін көрсетті [5] . АҚШ-тағы зерттеу 50 жастан кейінгі өмір сүру ұзақтығының 12-14 жасқа дейін ұзарғанын көрсетеді [6] .

Адам денсаулығын нығайтуға ықпал ететін өмір салтын қалыптастыру үш жолмен жүзеге асырылады:

Біріншісі - инфрақұрылымдық. Адам өмірінің негізгі салаларындағы нақты жағдайлар жасалуы. Оған біз жұмыстан кейінгі бос уақыттың болуы, мемлекет тарапынан экологиялық бақылауға алу, қоршаған ортаны бейімдеу.

Екіншісі - жеке даму. Белгілі бір тұлғаның өзі саналы түрде келуі. Күнделікті өмірін стандартты түрде өзгерту.

Соңғы үшіншісі әлеуметтік насихат жүргізу. Салауатты өмір салтын насихаттау деп оны танымал етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар түсініледі, олардың ішіндегі ең маңыздысы білім беру және сыртқы бағдарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама (радио, теледидар, Интернет) . Осы ретте, бұқаралық ақпарат құралдары барынша позитивті бастаумен, ел арасына ұғымды белгілі бір мотивпен жеткізе алуы қажет. Осы орайда мынандай сұрақ туындайды: Олар нені жеткізе алуы қажет?

Еңбек - салауатты өмір салтының маңызды элементі. Адам денсаулығына биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді, олардың басты дөңгелегі еңбек. Еңбек пен демалыстың ұтымды режимі - салауатты өмір салтының қажетті элементі. Дұрыс және қатаң сақталған режиммен жұмыс істеу және демалу үшін оңтайлы жағдайлар жасайтын және сол арқылы денсаулықты жақсартуға, тиімділікті жоғарылатуға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін организм жұмысының нақты және қажетті ырғағы дамиды.

Салауатты өмір салтының келесі буыны - зиянды әдеттерд і (темекі шегу, алкоголь, есірткі) жою. Бұл денсаулықтың бұзылуы көптеген аурулардың себебі болып табылады, өмір сүру ұзақтығын күрт қысқартады, жұмыс қабілеттілігін төмендетеді және жас ұрпақтың денсаулығы мен болашақ балалардың денсаулығына кері әсер етеді.

Салауатты өмір салтының келесі құрамдас бөлігі - т еңдестірілген тамақтану. Тамақ белоктардың, майлардың және көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың көзі болып табылатын аралас тағамдардан тұруы керек.

Спортпен шұғылдану - салауатты өмір салтының маңызды шарты. Оның негізі жастардың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту.

Жеке гигиена - салауатты өмір салтының тағы бір маңызды элементі. Жеке гигиена рационалды күнделікті режимді, денені күтуді, киім мен аяқ киімнің гигиенасын қамтиды.

Міне, аталып өткен пункттер салауатты өмір салты ұғымына кіреді. Ел ауызында көбінесе орыс тіліндегі «здоровый образ жизни», яғни ЗОЖ деген атаумен танымды. Осы орайда бұқаралық ақпарат қызметтерінің міндеті қандай? БАҚ қызметкері - көп оқитын, көп білетін, көп нәрсені түсінетін және әрдайым ойлайтын адам. Ия, бәрін білу шындыққа жанаспайды, бірақ өмірдің белгілі бір салаларына қызығушылық - кез-келген журналистің темір қағидасы. Сондықтан журналист қауымы қызуғушылық танытып, ақпарат сіңіру қажет. Қызығушылық дегеніміз - қызығушылық, бірақ әрқашан қандай мәліметтер пайдалы және қызықты екенін, ал қайсысы тек уақытты ысыраптайтынын білуі з керек. Мүмкін бұл фактор қарапайым болып көрінуі мүмкін. Шындығында, маңызды және екінші ретті ажырата алатын адамдар онша көп емес. Сол себептен, ақпаратты сүзгіден өткізу де маңызды аспект. Ақпаратты тек сүзгіден өткізіп қана қоймай, журналисттік этиканы да сақтау қажет.

Журналистік этика мен стандарттар - бұл кәсіптік журналистиканың салалық «ар-намыс кодексі» деп аталатын этикалық принциптері, олар медиа ұйымдары мен кәсіподақтарда әр түрлі формулаларда тұжырымдалады. Кәсіби этика заңды түрде рәсімделмеген, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында қабылданған және қоғам бекіткен белгілі және нақты жазылған ережелер [7] .

Осы ережелерді, бекітілген қағидаларды ұстана отырып, журналист интернет торабына қазақша, отандық өнім, яғни контент жасауы қажет. Бұл біздің шындықпен қаншалықты жанасады? Себебі бұрындары орыс империясының қол астында болғандықтан, кейін Кеңес Одағының мүшесі болғандықтан елге орыс тілі сіңісіп кетті. 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ КСР-індегі Тіл туралы Заң [8] «мемлекеттік тіл» ұғымын енгізді, ал қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді [9], ал орыс тілі де «этносаралық қатынас тілі» мәртебесін алды. Кейін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу арқылы «мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі де ресми түрде қолданылады» деп анықталды.

Енді ғана ептеп сол тіл шарбағынан босансынып келеміз. Осы заңнама өзгергеннен кейін, екі тілде ақпарат таратылды. Ал сапалы контент көбіне орыс тілінде жүргізілді. Ол көршілес Ресей Федерациясынының БАҚ басымдылығы. Алайда күннен күнге ана тіл ұғымы кеңеюде. Небір сайттар мен платформалар іске қосылды. Сол торабтарға салауатты өмір салты қаншалықты насихатталатының келесі бөлімшеде толығырақ зерттеймін.

  1. Қазақтілді интернет сайттар және платформалар

Ең қарапайым тілмен айтсақ сайт - бұл жалпы доменге біріктірілген және сілтемелермен, тақырыптармен және дизайнмен байланыстырылған веб-беттер жиынтығы. Заңға сәйкес әр сайт заңды немесе жеке тұлғада тіркелуі керек, яғни иесіз, елес веб-ресурстар жоқ. Сұраныс үшін іздеу жүйесі шығаратын кез-келген парақ белгілі бір сайттың бөлігі болып табылады.

Ал әлемдегі алғашқы сайт бұл info. cern. ch веб-сайты. Ол 1991 жылы 6 тамызда пайда болды. Оны жасаушы Тим Бернерс-Ли HTTP деректерді жіберу хаттамасына, URI адрестік жүйесіне және HTML гипермәтіндік белгілеу тіліне негізделген World Wide Web жаңа технологиясының сипаттамасын жариялады. Сонымен қатар сайтта басқа тағы да серверлер мен браузерлерді орнату және пайдалану принциптері сипатталды. Сайт әлемдегі алғашқы Интернет-каталогқа айналды, өйткені кейінірек Тим Бернерс-Ли басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды (10) .

Қазақстанда интернет қашан пайды болды деген сұраққа бір емес, тіпті екі жауап бар. Біріншісі - Парасат фирмасы базасында RELCOM жүйесiнiң Қазақстандағы алғашқы аймақтық торабы ашылған. Ол 1991 жылы сәуір айында орын алған болатын. Бұл торап UUCP пртоколы бойынша элетрондық пошта қызметiн көрсететiн. Ал, екінші жауабы бұл - Казнеттің туған күні. Ол 1994 жылы 19-ы қыркүйек айында алғаш рет KZ доменi тiркелген едi. Аталмыш жылдың аяғына қарай, Отандық сайттардың саны он беске жеткен. Қазiргi уақытта олардың қандай сипатта болғаны туралы мәлiметтер, адрестерi нақты сақталмаған (11) .

Бірақ та ол кезден талай жылдар өтіп кетті. Сайттардың саны да артты. Одан бөлек көптеген платформаларға қазақша контент сіңісе бастады. Мысалға YouTube Америка елінің платформасы. Қазақстандықтар күн сайын осы әлеуметтік желіден миллиондаған бейнелерді көреді - бұл айына жүздеген миллион қаралым - осының бәрі YouTube-ті Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі деп атауға құқық береді. Эксперименттің тазалығы үшін біз өз рейтингімізде тек жеке парақтарды немесе ұжымдық парақтарды ескердік, теледидар арналарын қоспағанда.

1. Аминка Витаминка: 1703114 жазылушы

«Сәлеметсіз бе! Менің атым Амина. Бұл маған ұнайтын барлық нәрсе туралы менің каналым. Жазылыңыз және біздің жақсы көңіл-күйімізді көріңіз! »- Аминка Витаминканың арнасы осылай басталады. Бұл шындықтан алыс емес, өйткені оның негізгі мазмұны әзіл-қалжыңдар, әзіл-сықақ көріністер, пародиялар. Айтпақшы, Аминаның әпкелері де қатысады. Олар шын жүректен және балалық стихиямен ойнайды. Бұл адамды баурап алады. Телеарнаның жалпы қаралу саны 1, 7 миллиардты құрайды, бұл канал өте пайдалы деп болжауға болады.

2. Екатерина Сайбел: 1 074 545 жазылушы

«Сәлем достар . . . Біз отбасылық өміріміз туралы видео күнделік / күнделікті влогтар жүргіземіз. Мен сондай-ақ сұлулық, денсаулық, ана болу, ата-ана, тамақтану және отбасылық береке мен бақыттың құпиялары туралы бейне түсіремін. Біз бірге бақыттымыз және осы сәттерді сіздермен бөлісеміз. Көруден ләззат алыңыз », - деп жазады Екатерина. Айтпақшы, бұл бөлік ұзақ уақыт бойы жаңартылған, өйткені, белгілі болғандай, осы уақыт аралығында отбасында толықтыру болған - нәресте Вова. Мұндай мазмұн кімге бағытталғаны түсінікті - бұлар ұзақ қыстың кештерінде қосымша тәжірибе жинауға қарсы емес жас аналар. Жалпы, сіздің уақытыңызда қызғылт щек сәбилер мен сандық ақындар бар. Жоба коммерциялық тұрғыдан да сәтті болатыны сөзсіз - жалпы қарау саны жарты миллиардқа жетті.

3. Rusik TV: 796 597 жазылушы

Арнаның авторы - Руслан Визингериев және ол ең алдымен актер және Astana. KZ КТК командасының авторы ретінде танымал. Арнада Руслан Визингериев әр түрлі сценарийлерде ойнап, таксист Русик ретінде көрінеді. Қараудың жалпы саны - 143 миллион.

4. Біздің Vidos TV: 752 743 жазылушы

Ғылыми поп және бұл - жеңіске жететін жанр. Конкурс ауқымынан тыс жерде болатын әзіл-оспақтар мен балалар тақырыбынан айырмашылығы. Арна қожайыны - Эдуард Кравченко - бірнеше түсті салқындатқыштан кондиционер, түрлі-түсті «түтін қазандар» жасайды, моторды суда іске қосады, картоннан ұшақтың алып моделін жасайды және қай жерде жасыру керектігін айтады. адал жолмен тапқан ақша. Сонымен қатар, бұл экстремалды жағдайларда қалай өмір сүруге болатындығы туралы сабақ береді. Арнаның мақаланы жазу кезіндегі кумулятивтік көзқарастары 114 млн.

5. Юфраме: 618419 жазылушы

Вайнерлердің өте танымал тобы. Жігіттер тапқыр, клиштермен ауыртпалықсыз. Сондықтан олардың көрсеткіштері 136 миллионнан астам көрілім жинады.

6. DEEMOROV: 562599 жазылушы

Сіздің таспаңызға геймер. Бахтияр Амиршин, DEEMOROV арнасының иесі, өз блогын мобильді қосымшаларға, технологияларға, т. б. шолуларға бағытталған ресурс ретінде жариялайды. Бірақ, сайып келгенде, бәрі тек ойын шолуларына бағытталды. Автор өте жемісті және кейде екі күнде бір бейнені жүктейді. Телеарнаның жалпы қарау саны 32 миллионнан асады.

7. Stupidmadworld: 514794 жазылушы

Үздік жетілікті қорытындылау - бұл гаджеттер және онымен байланысты барлық нәрселер туралы Максим Якименконың сапалы қазақстандық арнасы. Құрылғыға арналған шолулар, аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың лайфхактары, жаңалықтар Арнаның 97 миллионға жуық қаралымы бар.

Алайда осы жеті топ арналардың ішінде салауатты өмір салтына сабақтас арналар жоқ. Бірақ ол мүлдем жоқ деген сөз емес. Дәл осы платформада «Өмірліу Қуат Бақытбек Рәбілұлы» атты арнада, салауатты өмір салтына бағытталған бейнероликтер жасалған. Өз арнасында ол қалай дұрыс жаттығу керек, ағзадағы ауырсынудан қалай арылуға болатыны туралы айтады. Сонымен қатар, қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы егжей-тегжейлі баяндалған бейне де бар. Дене саулығынан басқа, ол психологиялық денсаулық туралы да айтады. Ең бастысы, ол өз арнасын қазақ тілінде жүргізеді. Арнаның жиырма мыңға жуық жазылушысы бар. Жоғарыда көрсетілген арналар сияқты көп емес, бірақ мұндай арнаның бар екенін білу әрқашан жақсы. Бұл шетелдік платформада орналасқан арналар, ал өзіміздің отандық аналогқа көңіл бөлсек.

Aitube. kz Ұлттық бейне хостингі

Мыңдаған сағаттық әр түрлі тақырыптағы қазақстандық мазмұн, қызықты оқиғалан(12) .

Айтубе кім үшін жаратылған?

Көрермендер үшін

Мыңдаған сағаттық әр түрлі тақырыптағы қазақстандық мазмұн, қызықты оқиғалар мен теледидарлар

Блогерлер үшін

Адал аудиториясы бар және назар аудару үшін бәсекесі төмен тамаша платформа

Контент өндірушілер үшін

Мазмұнды таратудың және монетизациялаудың қосымша әдісі

Айтубе қалай дамуда?

*2 500 000 айына пайдаланушылар

*240, 012 желідегі қолданушылар

*750 арналар

*5 телеарна тікелей тарату режимінде

*Монетизация

Қазақстандық видео хостинг Aitube мобильді құрылғылардағы мазмұнды көруге арналған мобильді қосымшаны іске қосты. Қолданушыларға қазақстандық өндірістің сериалдары, мемлекеттік тілдегі көптеген ойын-сауық және білім беру мазмұны, сондай-ақ қазақстандық телеарналар хабарлары таратылымдары қол жетімді.

2021 жылы 4 наурызда қазақстандық IT-компанияның басшысы Айту-Дала Евгений Волковтың алғашқы баспасөз мәслихаты өтті, ол қазақстандық Aitube видео хостингі және мобильді қосымшаның іске қосылуы туралы айтты. Қосымшаның іске қосылуы - отандық әзірлеушілердің күш-жігерінің нәтижесі. Aitube платформасын жас қазақстандық Айту-Дала цифрлық компаниясы құрды және дамытуда. Видеохостингтің басты міндеті Қазақстан тұрғындарына отандық видео-контентке ақысыз және ыңғайлы қол жетімділікті қамтамасыз ету. Aitube - бұл үздік өндірушілердің эксклюзивті мазмұнын, сондай-ақ теледидарлық ойын-сауық пен ақпараттық шоу мен қолданушы бейнелерін біріктіретін ұлттық бейне хостинг қызметі. Aitube - бұл ашық алаң, мұнда әркім өзінің кез-келген жанрдағы БАҚ-ын шығара алады, ал көрермендер қазеттің жаңа жұлдыздарын ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өндірістің премиум-контентіне ақысыз қол жеткізе алатын мүмкіндікке ие. Сайтқа ай сайын 2 миллион адам кіреді, оның 91% -дан астамы - Қазақстан тұрғындары.

«Айту-Дала» - 2019 жылы құрылған IT компания. Оның назары Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азиядағы Интернет-медиа нарығына бағытталған. Компания заманауи цифрлық өнімдерді, жасанды интеллектпен тәжірибе жасайды және Big Data-мен жұмысты жақсартуға бағытталған. Айту-Даланың миссиясы - цифрлық ортада халықтың тұрақты дамуы үшін медиа қызметтерін құру. Компанияның негізгі өнімдері Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (соның ішінде Ainews. B2B жаңалықтар ресурстарын насихаттауға арналған виджет ұсыным) және сауалнамалар мен брендтерді зерттеуге арналған Qalaysin қызметі (13) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Подкастты жылжыту
Қазақ тілі түркі тілінен шыққандықтан, түркі халықтарына қазақ тілін үйрену әлдеқайда жеңіл
Қазіргі экономикадағы ақпарат рөлі және ақпараттық қызмет нарығы
Басты бет дизайны
Әңгімелесу подкасттары
Интернет журналистиканың жанрлары
Қазақ контентінің дамуы
Интернет журналистиканың ақпараттық және коммуникациялық маңызы
Компьютерлік вирустардың жіктелуі
Казнет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz