Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім

Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынастар

Орындаған:

Тексерген:

Нұр - Сұлтан, 2020

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . … . . . 3

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі . . . 5

1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері және белгілері . . . 10

2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ . . . 19

2. 1 Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері . . . 19

2. 2 Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері . . . 20

2. 3 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу . . . 22

3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

КІРІСПЕ

Қазіргі замандағы нарықтық қатынастардың күн өткен сайын арта түсуі және олардың қарыштап дами түсуі азаматтық-құқықтық қатынастардың барынша ұлғаюына алып келуде. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады.

Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейтіні бізге мәлім. Сонымен, азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастар деп аталады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өмірдегі өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі қатынастарға түсіп отырады. Адамдар арасында қалыптасатын қатынастар сан алуан. Осы қатынастар құқық тұрғысынан реттеле бастаған кезде олар құқықтық қатынас сипатына ие болады.

Осы курстық жұмыста азаматтық құқық жалпы бөлімінің негізгі институттарының қатарына жататын азаматтық құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы мен ұғымын, олардың ерекшеліктерін, белгілерін, объектілерін, субъектілерін, азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу негіздерін және бүгінгі күні кездесіп жатқан сан алуан түрлері туралы мәселелерді қарастырдым. Кез келген қатынастың өзіне сай мазмұны болатындай, азаматтық-құқықтық қатынастардың да өздеріне сай мазмұндары бар. Осы мәселе де бұл курстық жұмыстың зерттеу аясынан шет қалмайтындығын айта кеткен жөн.

Осы курстық жұмыста азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы ғылыми еңбектер, атап айтқанда қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылмақ.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі ондағы тараптар теңдігі болып табылады.
Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп таниды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті - азаматтық - құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы - нақ азаматтық құқықтың өзі болып табылады.

Әлбетте бұл пән азаматтық құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды.

  1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМСЫАзаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі

Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз - нормалармен
реттелетін қоғамдық қатынастардың бірі. Ол субъект, объект және
мазмұн сияқты элементтерден тұрады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері немесе мүліктік және оларға байланысты мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің иелері болып - азаматтар (жеке тұлғалар) мен ұйымдар (заңды тұлғалар) және мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер
танылады. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері ретінде өздеріне құқықтық қатынастар бағытталған нәрселер түсініледі. Бұл - қандай да болмасын объектілерге байланысты тиісінше белгілі бір құқықтық қатынастар туындайды дегенді білдіреді.

Азаматтық құқықтық объектілерге мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады. Азаматтық құқық объектілерінің басым бөлігін мүліктік игіліктер мен құқықтар, жалпыламай айтсақ мүліктер құрайды. Олар: заттар, ақша, валюта, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық санаткерлік қызмет нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері т. с. с.

Объектілердің басқа тобын, яғни жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды - жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір- қасиеті, ар-намысы, игі атағы, іскерлік беделі т. б. көптеген материалдық емес игіліктер мен құқықтар құрайды.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетілген негіздер бойынша туындайды. Аталмыш баптың мазмұнына қарап азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауының негізі - әрекеттер деп пайымдауға болады. Әрекеттерге нақтылы қызмет көрсетулер, яғни азаматтық-құқықтық тапсырма, комиссия, сақтау, мердігерлік, тасымалдау және басқа да шарттар. Жоғарыда атап көрсеткенімдей жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атағы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады [1, 7-б. ] .

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет
жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын,
ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға
тиіс.

Азаматтық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық
қатынастарына түседі. Мәселен, қайсыбір затты сатып аларда азаматтардың
арасында, яғни сатушы мен сатып алушының арасында осындай қатынастар
туындайды. Азаматтық заңнамада көрсетілген сатып алу сату шартынан
туындайтын өте күрделі қатынастар туындайды. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сома көлемінде сатушыға сыйақыны тауар үшін береді, ал сатушы өз кезегінде сол ақшаға құны теңдес тауар беруге міндетттенеді. Осындай қатыснастарға адамдар мен заңды тұлғалар сан қилы түрде күнде түсіп жатады. Заңды тұлғаларға қатысты алар болсақ та, жоғарыда аталғандай, азаматтық құқық қатынастарының шегінен шығып кете алмайды. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы
белгілі салдары болады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың бір ерекшелігі - олардың ерікті
түрде пайда болатындығында. Әдетте, мұндай қатыснастар оларға
қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық
қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.

Құқық қатынастары туралы сөз қозғағанда және оны зерттеу барысында
біз алдымен олардың құрамдас бөліктерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлға,
әкімшілік-аумақтық бөліністер, сонымен қатар мемлекет болып табылады, яғни бұдан байқайтынымыз, азаматтық құқық субъектілері азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс
орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сол қатынастарда құқықтар мен міндеттер нені реттеуге бағытталған
болса, мәселен, мүліктік және мүліктік емес игіліктер, сол нәрселер оның
объектісі болып табылады. Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылары), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .

Азаматтық құқық қатынастарына қатысушы тұлғалар олардың субъектілері
болып табылады. Азаматтық құқық қатынастар субъектілерінің ауқымы Азаматтық кодекстің 2-тарауында белгіленіп берілген. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады [1, 2-т. ] .

Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды.
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық
қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды
жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет
қабілеттілігі болады.

Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. Жеке адамдар ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктерді, азаматтығы жоқ
адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады [2, 12-б. ] .

Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық
құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады.
Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Бұл норма Азаматтық кодекстің 43-бабында өз бекімін тапқан. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие
болып, олардың жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола
алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметтің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі Азаматтық кодексте белгіленген [1, 43-б. ] .

Бұл атап отырғандарымыз, азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуші
субъектілердің бір бөлігі болып табылады, бұлардың азаматтық-құқықтық
қатынастарға түсуі сол қатынастардың өмір сүруін білдіреді.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың
қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар,
аудандар, қалалар және т. б. ) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық
қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде
әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар
болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады.
Осыған орай, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы
және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың
субъектілері бола алады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың сипаты мен ерекшелігін анағұрлым айқын көрсету үшін ол қатынастардың объектілерін атап өтпей кету дұрыс емес.

Құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде заң әдебиеттерінде әр
түрлі көзқарастар бар. Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің
мінез-құлқы ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның
субъектілерінің материалдық немесе материалдық емес игілігіне бағытталған
мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып
табылады1. Азаматтық құқық ғалымдарының көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектісі болады [1, 115-б. ] .

Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері Азаматтық
кодекстің 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес
өзіндік игіліктер мен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен
құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта,
бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілген қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелер, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне деген құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

  1. Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері және белгілері

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

  • азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар;
  • азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады;
  • азамттық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рол атқарады;
  • азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі;
  • азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының басты негізі болып шарт табылады;
  • жауапкершілік - келтірілген шығынның орнын толтыру сипатында болады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен
белгілері бар.

Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында қатынас ретінде болады. Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрдайым нақты
белгілі болады, себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасындағы қатынас заңды сипатта болады. Керісінше басқа қоғамдық қатынастардың қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы болуы мүмкін және олардың арасындағы қатынастың заңды сипаты жоқ. Мысалы: еңбектік-құқықтық қатынаста жұмыс берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды талап етеді. Керісінше, ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін, оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.
Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының өзара жүріс-тұрысын заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың
қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да, осы
қатынастың субъектілері өзара байланысты қатынасқа түседі және бұл
қатынас заңды түрде бекітіледі. Керісінше, басқа қоғамдық қатынастың
қатысушылары бір-біріне деген міндетті қызметтерін өнегелі түрде
орындаулары мүмкін, бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ, сондықтан олар заңды түрде бекітілмейді [3] .

Сондықтан да заңды қатынастардың субъектілерінің міндетті қызметтері
нақты анықталған, ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыларының міндетті қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін. Мысалы: балаларының ата-аналарына төлейтін алимент заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда туындайды және балалары өзінің ата-анасына төлейтін нақты ақша сомасымен
белгіленген. Керісінше, заңды көрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған
кезде, балалары өз ата-анасына көрсеткен материалдық көмегі нақты түрде
анықталуы мүмкін емес.

Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекітілген құқық нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Керісінше, жалпы және нақты заң нормаларымен реттелмейтін қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар болмайды. Ал олардың қатысушыларының міндеттері толық және нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент төлеу қатынасында, бір жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал екінші жағдайда бұл реттерден тыс қалып тұр, бірінші жағдайда қатынастардың міндеттері толық және анықталған сипат алып тұр, ал екінші жағдайда қатысушылардың міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.

Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас
ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің
институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу
шарасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның пайда болу
кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді, себебі ол мемлекеттің
қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: жұмысқа тұру және жұмыс орнын таңдау азаматтардың өз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады. Бірақ соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу немесе басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің күштеу шарасымен жүзеге асады. Керісінше, жұмысқа тұрып, белгілі бір
қызметті атқарып жатқан тұлғаларға әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы
қолданылуы мүмкін.

Осы төрт белгіні бірге алып қараған кезде, біз заңды қатынастардың
қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқадық. Қорытындылай келе, біз
құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілеріне қарап, оны басқа қоғамдық
қатынастардан айыра аламыз, яғни құқықтық қатынас дегеніміз - құқықпен
реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субъектілердің өзара жүріс-тұрысы
заңмен бекітілген және олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен
қамтамасыз етілетін қатынас. Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас болып қалыптасқаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді өзіне алады.
Бірақ мемлекет тек қана құүқықтық қатынастардың орындалуына мүдделі емес, алға қойған мақсат пен нысанаға жетуге және оларды шешуге қатысты барлық қоғамдық қатынастардың орындалуына мүдделі. Осы қатынастардың бәрі құқықтық қатынас болуы міндетті емес, сондықтан құқықтық қатынас басқа қоғамдық қатынастардың жүзеге асырылуының міндетті және жалғыз тәсілі емес. Бірақ соны да, біраз қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру үшін, олар міндетті түрде заңмен реттелуі керек, бұл осы қоғамдық қатынастардың сипатымен ғана түсіндірілмейді, сонымен бірге құқықтық қатынастардың ерекшелігімен түсіндіріледі. Біз білеміз, құқықтық қатынастардың ерекшелігі мынада, нақты тұлғалардың арасында заңды түрде бекітілген өзара жүріс-тұрысы, олар мемлекеттің құқықтық нормаларымен реттеледі, ал оларды жүзеге асыру, мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Заңды сипатты алуға тиіс және міндетті қоғамдық қатынастардың жүзеге асуы мемлекет мүддесіне сәйкес мына жағдайларда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ол нақты тұлғалардың арасындағы қатынас болса, егер олардың қатысушыларының жүріс-тұрысы заңды түрде бекітілсе және егер де осы жүріс-тұрыстың нақтылығы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілсе. Қандай қоғамдық қатынастар жүзеге асырылуы үшін құқықтық реттеуді қажет ететіндігін абстрактылы түрде шешуге болмайды [4] .

Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерінің құқықтық қатынасқа
айналуының себептерін, олардың әрқайсысына нақты талдау жасау жолымен
анықтауға болады. Қоғамдық қатынас қажеттігіне байланысты құқықтық нысанда (формада) алынған да, ол әрдайым құқықтық қатынас болып табылмайды, ол тек қана белгілі бір құқық салсымен реттелетін қатынас болып табылады.

Сондықтан барлық құқықтық қатынастардың жалпы белгілермен қатар, ол өзі реттелетін саласына байланысты, өзіне ғана ерекше белгілерге ие болады. Осындай ерекше белгілер азаматтық-құқықтық қатынастарға да тән, олар осы әр түрлі құқықтық саласының жиынтығының арасынан азаматтық құқық нормаларымен реттелген қатынастарды айқындауы қажет. Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқық нормаларымен
реттелетін қатынасқа тоқталайық, яғни азаматтық-құқықтық қатынас дегеніміз оның қатысушы жақтарының құқықтары мен міндеттері заңды тепе-теңдік әдісімен, азаматтық-құқықтық нормаларымен. Реттелетін қоғамдағы қатынас. Азаматтық-құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қарым-қатынасы болып табылады. Ол кем дегенде екі субъектілердің әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие болады, немесе бұл екі жақта құқықтық қатынас болса, онда субъектілерінің әрқайсысы құқықтыр мен міндеттерге бір мезгілден ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
Құқық қатынастары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz