Интербелсенді оқыту технологиясын ашып көрсету


Дипломдық жұмыстың міндеттері:Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап өткендей, «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн». Сонымен қатар президентіміздің жолдауында былай делінген: «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт».
Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технологиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершіліктік, рухани, адамзаттық және басқа көптеген адами қабілетін қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі [1] .
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби біліктілігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Кәсіптік оқу мекемелердің басты мақсаты - білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл білім алушының кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан- жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды меңгеруі т. б.
Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дәстүрлі оқытудан оқытудың жаңа түріне - инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындап отыр. Оқытудың бұл түрі оқушының бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді. Кәсіптік оқу орнындарында білім беру сапасын одан әрі дамытуда осы бағыттарды іске асыруы керек. Білікті мамандарды тәрбиелеп шығару - кәсіптік білім саласының айрықша мақсаты болып табылады.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген. Олар өз еңбектерінде интербелсенді оқу технологияны қолданудың іс-тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі, кәсіптік оқу орнында пәндердің мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету керектігін, педагогикалық- психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсеткен.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, интербелсенді оқыту технологияларды кенінен қолдану, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.
Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы түбегейлі өзгеріп, «оқытушы-ұйымдастырушы, бағыттаушы», ал
«студент-ізденуші, белсенді» субьектіге айналуы тиіс. Студентті белсенді тұлғаға айналдырудың жолдары қандай? Бүгінгі ақпараттық техниканың жаңару заманында студент белсенділігін арттыруда кеңінен орын алатын технологиялардың бірі - интербелсенді әдістер [2] .
Интербелсенді әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, студенттердің өздігінен жауап іздеу дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді әдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Мұндай әрекеттестік негізінде студенттер оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады, өз шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логикалық түрде түсінеді. Сондықтан интербелсенді оқыту әдісі студенттердің оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары әрі тәсілдері ретінде танылады.
Қазіргі ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, біз өзімізді жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді, шығармашыл, ақыл-ойы дамыған азамат етіп тәрбиелей аламыз. Осы тұрғыдан «Ауылшаруашылық машиналар» пәнінен интербелсенді оқыту технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық әрекетін
белсендіру атты дипломдық жұмыс бүгінгі күнде зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің нысаны - Жаңақорған аграрлық техникалық колледжнің оқу- тәрбиелік үдерісі.
Зерттеудің пәні - Студенттердің танымдық әрекетін белсендіруге интербелсенді технологияларды қолдану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Ауылшаруашылық машиналар» пәнінен студенттердің танымдық әрекетін белсендірудегі интербелсенді технологиялардың тиімді жақтарын анықтау.
- Жаңақорған аграрлық техникалық колледждің оқу өндірістік жұмысын талдау.
- Интербелсенді оқыту технологиясы бойынша танымдық әрекетті белсендіруге қолданылатын әдістердің ерекшеліктерің қарастыру.
- Ауылшаруашылық машиналар пәні бойынша сабақты өткізу әдістемесін жасау.
- Ауылшаруашылық машиналар пәнін оқытуда интербелсенді технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділігін анықтау.
Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің оқу-өндірістік іс-әрекетіне сипаттамаДипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың нәтижелері колледжде арнайы пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруға, танымдық белсенділіктерін көтеруге көмегін тигізеді.
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министірлер Кеңесінің қаулысымен 15маусым 1961 жылы Жаңақорған аудандық №187 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі болып ашылды. Колледж атауында бүгінгі күнге дейін төмендегідей өзгерістер орын алды. 10 наурыз 1966 жылы №187 селолық кәсіптік техникалық училище, 11 қаңтар 1985 жылы № 17 Селолық кәсіптік училище, 1 қаңтар 1996 жылы № 13 Кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі, 26 желтоқсан 2008 жылы №13 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі (облыс әкімінің 07. 08. 2012 жылғы №527 бұйрығы), 30 желтоқсан 2013 жыл Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қазіргі таңда колледж «Жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы кәсіби шеберлігі жоғары, ұлтжанды, әлемдік озық мәдениет үлгілерін бойына сіңірген, нарық жағдайына бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» мақсатында 14 мамандық бойынша оқушыға білім және тәрбие беруде. Оқу тәжірибе ісін заман талабына сай жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, төрт компьютерлер сыныбы, әдістемелік кабинеті, оқу залы, кітапхана, спорт зал, медпункт, автотрактодром, оқу тәжірибелік танабында жүргізеді. Компьютерлер сыныбы INTERNET жүйесіне қосылған. Электронды оқулықтар топтастырылған. Кітапхана қоры оқытушылардың ғылыми шығармашылық және өздерінің жеке еңбектерімен толықтырылуда. Колледжде түрлі саладан жоғары білікті ғалымдар, жоғары санатты оқытушылар, магистрлар, өндірістік оқыту шеберлері оқушыларға сапалы білім беру үшін еңбек етеді. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі - 2 ғылым докторы; ғылым кандидаттары - 2; магистранттар - 12; жоғарғы санатты оқытушылар - 25
Материалдық-техникалық базасы:
- Арнайы жабдықталған дәрісхана - 32;
- Зертхана - 11;
- Компьютерлік кластар, интерактивті тақта;
- Колледж халықаралық интернет жүйесіне қосылып электрондық байланыс жүйесі құрылған;
- Кітапхана (кітап қоры 20400 - дана) ;
- 250 орындық мәжіліс залы;
- Спорт кешені, жазғы спорт алаңы;
- 260 орындық жатақхана;
- Автодром;
- Тәжірибе танабы;
- Асхана;
- Алғашқы әскери дайындық оқу алаңы;
Колледжде дайындайтын мамандықтар 1 кестеге сәйкес көрсетілген. Кесте 1
Колледжде дайындалатын мамандықтар
Коды
Мамандығы
Біліктілігі
Білім алу мерзімі
9 сынып
11 сынып
1502000
«Агрономия»
«Өсімдіктерді қорғау бойынша агроном»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
1503000
«Өсімдік шаруашылығы»
«Көкөніс өсіруші» (жылыжайда)
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
1511000
«Жерге орналастыру»
«Техник»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
1508000
«Орман шаруашылығы бақша-саябақтық және
ландшафттік құрылыс»
«Орман мастері»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
151
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
«Техник-механик»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
1513000
«Ветеринария»
«Мал шаруашылығында
ветеринариялық өңдеуші операторы»
3ж. 10 ай
2ж. 10 ай
Ветеринарлық санитар, Ветеринарлық фельдшер, Ветеринарлық техник»
-
10 ай
1512000
«Зоотехния»
«Зоотехник,
Құс өсіруші техник»
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
0902000
«Электрмен қамтамасыздандыру» салалар
бойынша
«Техник-электрик»
3ж. 10 ай
2ж. 10 ай
1514000
«Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы ресурстарды
тиімді қолдану»
«Эколог»
3ж. 10 ай
2ж. 10 ай
1509000
«Экология және табиғатты қорғау қызметі» (түрлері бойынша)
«Техник- гидромелиоратор»
(тамшылатып суғару маманы)
2ж. 10 ай
10 ай
1222000
«Консервілер және тағам концентраттары өндірісі»
«Техник-технолог»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
1226000
«Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті
ұйымдастыру»
«Техник-технолог»
3ж. 6 ай
2ж. 6 ай
0508000
«Тамақтандыруды ұйымдастыру»
«Аспаз»
-
1ж 10 ай
0601000
«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
«Стандарттау технигі»
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
1304000
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз
ету» (түрлері бойынша)
«Техник-бағдарламашы»
3ж. 10 ай
2ж. 10 ай
0518000
Есеп және аудит (салалар бойынша)
«Бухгалтер»
2ж. 10 ай
1ж. 10 ай
0104000
«Кәсіптік оқыту»(салалар бойынша)
«Жол қозғалысын ұйымдастыру,
техник-механик, техник-электрик»
3ж. 10 ай
2ж. 10 ай
1403000
«Ішкі санитарлық - техникалық құрылғылар мен
вентиляцияны монтаждау және пайдалану»
«Газоэлектрмен дәнекерлеуші»
2ж. 10 ай
10 ай
0503000
«Слесарлық іс»
«Электрик-автослесарь»
2ж. 10 ай
10 ай
Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің оқу базасындағы студенттерді оқытуға және тасымалдауға арналған техникалар мен құрал-жабдықтар 2 кестеге сәйкес көрсетілген.
Кесте 2
Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің оқу базасындағы техникалар мен құрал-жабдықтар
№
Атауы
Саны
1
Автобус ПАЗ - 32054
1
2
Микроавтобус ГАЗ - 322132
1
3
Трактор Беларус - 892
1
4
Трактор тіркемесі 2 ПТС - 6
1
5
Чизельді соқа ПЧ - 4, 5
1
6
Эксковатор-Погрузчик ІСВ 3 СХ
1
7
Автомобиль «Нива»
1
8
Газель бортовая ГАЗ - 3302-244
1
9
Аккумулятор зарядтау құрылғысы
3
10
Форсунка тазалайтын құрылғы УЗВ
1
11
Инжектор тазалағыш құрылғы
1
12
Дәнекерлеу құрылғысы Rilon ARC 200
1
13
Дәнекерлеу құрылғысы Rilon ARC 315
1
14
Газбен дәнекерлеу құрылғысы
2
15
Поршенді компрессор10 атм
1
16
Поршенді компрессор 8 атм
1
17
Гидравликалық пресс
1
18
Станок Шиножөндегіш PULI MACHINERY PL -1336IT
1
19
Дөңгелекті реттеуге арналған стенд. Техновектор Т4108
1
20
Автомобиль көтергіш 10 тн
1
21
Электротельфер 0, 5т
1
22
Фара реттегіш стенд VAST
1
23
Диагностикалық стенд СКИФ 1-02
2
24
Диагностикалық стенд СКИФ 1-03
2
Интербелсенді оқыту технологиясын ашып көрсету ... жалғасыАуылшаруашылық машиналар пәні - бұл оқушының болашақ маман ретінде қалыптасуы жүзеге асатын, мамандықтың негізін қалаушы пәні болып табылады. Сол себепті, оқушы неғұрлым сапалы білім алатын болса, оның біліктілігі соғұрлым жоғары болады. Оқыту үдерісіне бүгінгі білім технологияларын кең көлемде ендіру үшін оқу мекемесінің материалдық- техникалық базасын жақсарту (интерактивті тақталарды, компьютерлерді, көрнекі құралдарды және т. б. алу), озық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік нұсқамаларды әзірлеу, және де өзіндік білімге арналған әдістемелік әдебиеттерді алу қажет болып саналады [3] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz