Арнайы кедендік статистика


Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Демесинова Жансая Инкарбековна
Кедендік статистика және оның кеден органдарының қызметі үшін маңызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030400 - «Кеден ісі»
Атырау 2021ж
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
«Қорғауға жіберілді»
«Экономика және кеден ісі»
кафедрасының меңгерушісі
з. ғ. к А. Ж. Садықов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кедендік статистика және оның кеден органдарының қызметі үшін маңызы»
5В030400 - «Кеден ісі»
Орындаған Демесинова Ж. И.
Ғылыми жетекшісі Садықов А. Ж.
Атырау 2021
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Мамандығы 5В030400 - «Кеден ісі»
«Экономика және кеден ісі» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент Демесинова Жансая Инкарбековна
(Т. А. Ж. )
__4 курс. Қазақ тобы. 5В030400 - «Кеден ісі» мамандығы. Күндізгі оқу__
(курс, топ, мамандық, оқу түрі)
ЖОО «__ » 20___ ж. № ___ бұйрығымен бекітілген диплом .
1. Дипломдық жұмыс тақырыбы: «Автомобиль көлігіндегі тауарлар мен жүктерді кедендік бақылау»
2. Аяқталған дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі «» 2021 ж
3. Жұмысты орындауға бастапқы мәліметтер (заңдар, әдебиет көздері, өндірістік мәліметтер) :
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты автомобиль көлігіндегі тауарлар мен жүктерді кедендік бақылауды зерттеу болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру міндеттері:
1. Кеден режимдері мәселесі бойынша заңнамалық актілерді зерделеу;
2. Іс жүзінде осы заңнамалық актілерді қолдану.
3. Кеден режимдері саласындағы жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу.
4. Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
1Қазақстан республикасының кеден кодексі - кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың негізі
2 Автомобиль көлігіндегі тауарлар мен жүктерді кедендік бақылау
3 Кедендік бақылауды жетілдіру жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (өзгерістер және толықтырулармен) . - Алматы, «Жеті Жарғы», 2012 ж.
2. ЕАЭО Кеден кодексі туралы 2017 жылғы 11 сәуірдегі шарт
3. Алибеков С. Т. Сборник документов ЕврАзЭС. - Алматы, 2012.
4. Алибеков С. Т. Международное таможенное право. - Алматы, 2012.
6. Жобаға (жұмысқа) қатысты жобаның (жұмыстың) бөлімдерін көрсететін консультанттар
Бөлім Консультант Уақыт Қолы
1Қазақстан республикасының кеден кодексі - кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың негізі
Садықов А. Ж.
2 Автомобиль көлігіндегі тауарлар мен жүктерді кедендік бақылау Садықов А. Ж.
3 Кедендік бақылауды жетілдіру жүйесі Садықов А. Ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСТЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕСТЕСІ
Кезең Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны Мерзімі Ескертулер
І кезең 1. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау
Қыркүйек
2. Әдебиетпенн танысу және жоспар құру
Қыркүйек- қараша
ІІ кезең 3. Әдебиеттерді және деректерді іріктеп алу
Қараша- қазан
ІІІ кезең 4. Жұмысты жазу
Қазан- сәуір
5. Диплом жұмысын алдын ала және мезгілінде қорғау
Мамыр, маусым
Тапсырманың берілген күні
Кафедраның меңгерушісі
(қолы)
Жетекшісі
(қолы)
Тапсырма орындаған
Студент
(қолы)
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 7
1 СТАТИСТИКАНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҚСАТЫ . . . 12
1. 1Статистиканың ұғымы және оның салалары . . . 12
1. 2Статистиканың пәні және оның міндеттері . . .
1. 3 Статистикада қолданылатын негізгі ағымдар . . .
1. 4 Статистиканың түрлері . . .
2 КЕДЕНДІК СТАТИСТИКАНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ . . . 19
2. 1 Кеден органдарының түсінігі . . .
2. 2 Кеден органдарының мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдар жүйесіндегі орны
2. 3 Кеден органдарының мемлекеттің кеден саясатын жүзеге асырудағы маңызы . . .
2. 4 Кедендік статистика жүргізу, кедендік статистиканың деректерін пайдалану және ұсыну . . .
2. 5 Кеден органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі . . .
3 КЕДЕН СТАТИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА МАҢЫЗЫ . . . 3. 1 Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасы . . .
3. 2 Қазақстанда статистиканы ұйымдастыру . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде «статистика» деген сөзді естімедім, білмедім дейтін адам сирек болар. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар-көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын мәнінде статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиыны. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білуі керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, қанша хаықтың тұратындығы, оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлетіндерін біз біліп отырғымыз келеді.
Әрбір ғылым саласының, пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын, өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруға және ол үшін арнайы әдістерді, әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады.
Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп, бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына, жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру, сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация, статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар.
Статистикалық белгілер ретінде, зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын, оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін, сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік -қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде, міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі.
Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын, өлшенетін құрамы болып табылады.
Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын, ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады.
Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады.
Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі.
Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі.
Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер.
Негізгі белгілер зерттелуге жататын құбылыстың мағынасын және негізгі мазмұнын білдіреді.
Қосымша белггілер дегеніміз нақты қоғамдық құбылыстың түрімен тікелей байланысты емес және оның түсінігіне, белгілеріне жатпайтын тұрақсыз белгілер болып табылады. Мұндай белгілер құбылысты қосымша тұрғыдан сипаттайды.
Вариациялық белгілер-бұл құбылыс үшін тұрақсыз, үнемі өзгеріп отыратын белгілер болып табылады. Бұл белгілер нақты жиынтық бірліктерінде әр қилы болып кездеседі және бір жиынтық бірлігінің өзінде де үнемі өзгеріп отыра алады.
Нәтижелік белгілерге жиынтық бірліктерінің сапасын, мәнін өзгерте алатын белгілер жатады.
Факторлық белгілер дегеніміз, зерттелуге жататын құбылыстың өзге құбылыс белгісінің әсер етуі салдарынан туындауы болып табылады : Яғни факторлық белгі ретінде, сол құбылыстың пайда болуына тікелей әсер етуші белгі алынады. Мұндай белгілер қылмыстылық туралы статистикалық карточкаларда кездеседі.
Вариация дегеніміз, жиынтық бірліктерін сипаттайтын белгілер мағынасының сандық жағынан өзгеріп отыруы болып табылады.
Статистикалық тарату -вариант бойынша жүргізіледі. Вариант дегеніміз қоғамдық құбылысты сипаттайтын, бір белгінің өзіндегі жеке мәндер болып табылады. Яғни зерттеуге алған құбылысты нақты бір белгінің әр түрлі көріністері бойынша, бөлгенде . ол әр түрлі көріністер жеке мәндер немесе варианттар деп аталады. Әрбір жиынтықтағы варицияның жоғары және төменгі шектері арқылы вариация серпілісін анықтауға болады. Вариация серпілісі белгінің төменгі және жоғарғы мәндері аралығының әр қылығын білдіреді.
Келесі статистикада жиі қолданылатын ұғымның бірі, статистикалық жиынтық болып табылады. Қарапайым мағынада статисткалық жиынтық дегеніміз, бір немесе бірнеше жалпы белгілері бар, саны көп құбылыстар болып табылады. Ал кең мағынада статистикалық жиынтық дегеніміз, пайда болу уакытымен орнына карай негизги жне қосымша белгілерін қамти отырып, тіркеуге алынған біртектес жаппай элементтердін бірі болып табылады.
Статистикалық жиынтықтың негізгі белгісіне сәйкес келетін элементтер немесе жекелеп тіркеуге алатын құбылыстар- жиынтықтың бірліктерін білдіреді.
Статистикалық жиынтықтың бірнеше турлері бар:
1. Стохатикалық жане детерминалдық . Егер статистикалық жиынтыктың құрамы кездейсоқ немесе ықтималдық сипатта болса, онда стохастикалық жиынтықты білдіреді.
Егер жиынтықтың құрамдары кездейсоқ емес, қажетті сипатта болса, онда қажетті жиынтық болып саналады.
2. Жай немесе күрделі.
Егер статистикалык жиынтық жеке құраммен сипатталса немесе оның құрамдары бір бірімен қиылыспай, яғни құрамды сипаттайтын белгілер бір біріне қайшы келмесе, онда жай жиынтық деп табылады.
Егер статистикалық жиынтық қосылатын құрамдардың жүйесімен сипатталса, онда күрделі жиынтықты білдіреді.
3. Біртектес және біртектес емес. Егер барлық құрамдар статистикалық жиынтықтың әр элементіне тәң болса, онда біртектес жиынтық деп аталады.
Статистикалық көрсеткіш дегеніміз, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды сандық жағынан сипаттайтын, қорытылған корсеткіш сандар болып табылады.
Статистикада көрсеткіштер жүйесі деген ұғымды да кездестіруге болады. Көрсеткіштер жүйесі ретінде, біртектес құбылыстардың сандық жаіын бейнелейтин көрсеткіштер жинағы алынады.
Статистикалық заңдылықтарды зерттеу толық жүргізілгенде, яғни тіркеуге алынган құбылыстарды қорыту, талдау арқылы анықтауға болады.
Ақиқат болмысында екі түрлі заңдылықтар өмір сүреді.
1. Динамикалық заңдылыкқар
2. Статистикалық заңдылықтар
Динамикалық заңдылықтар деп- әрбір жеке құбылыстарда көрінетін заңдылықты айтамыз.
Статистикалық заңдылықтар-саны коп құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашады.
Статистикалық заңдылықтарды ашу- статистиканың жалпы теориясында қарастырылған «Коп сандар заңы» деген ғылыми теорияға негізделеді. Бұл теория коп сандарды пайдалану немесе құбылыстарды жаппай бақылау арқылы кездейсоқтын жойылатын жағдайын ашып береді және олардың сандық жағынын дұрыстығын, заңдылығын анықтау теориясын қарастырып, салалық статистикалардың заңдылықтарды ашуына негізгі кілт болып табылады.
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 - қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920ж. 26-тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені» бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органның құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы
1 Статистиканың ұғымы мен мақсаттары
1. 1Статистиканың ұғымы және оның салалары
“Cтатистика” ұғымы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылады. Ол кездерде статистика - мемлекетті сипаттайтын, оның ішінде мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағалаған еді. Жалпы “статистика” ұғымы латын тілінің “Status” деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірінен алынған “Stato” деген сөз мемлекет деген ұғымды білдіреді.
Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада қолданылуын, ерте уақыттармен байланыстыруға болады. Ерте кездердің өзінде - ақ, көптеген патшалықтарда нақты құбылыстардың санын білу туралы қажеттілік болған. Мысалы патшалықтағы халықтың әскердәң саны, егін түсімнің көлемі тәрізді т. б әдеттегі құбылыстардың санын білу.
Кез келген мемлекет өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде, өз аумағындағы барлық қозғалысты өмір тіршілігін бақылап отыруды көздейді. Олбақылау - сол мемлекет қоғамындағы барлық салаларға таралады. Нәтижесінде мемлекет мүддесіне сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін кейбір жағдайлардың беті ашылады.
Статистика - тек қана қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдық құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уақыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек. Қоғамдық құбылыстарға халықтың өсуі немесе олардың арасындағы өлімнің деңгейі т. б жатады. Міне осы тәріздес қоғамдық құбылыстардың ішіндегі өлеулі, маңызды деген түрлерінің саны мемлекетті немесе халықты қызықтыруы мүмкін. Қоғамдық құбылыстар тек белгілі бір қоғамда ортада, яғни қоғам бар жерде ғана кездесе алады. Қоғам болу үшін ол жерде ол қозғалысқа итермелейтін қоғам мүшелері яғни жан-жакты болып көріне алатын адамдар немесе субьектілер тобы болуы керек.
Қоғамдық орта жоқ жерде қоғамдық құбылыстар пайда бола алмайды. Әйтсе де статистиканы адамның қатысуы болған жерлерде ғана қолданылады екен деп түсінуге болмайды. Статистика - табиғат көзінің бір түрі ретінде деп санауға болатын жан - жануарлардың да сандық жағын өз зерттеуінің обьектісі ретінде ала алады. Сонымен статистика - ең алдымен қоғамдық құбылыстарды, оның сандық жағын зерттейді деп түсіну керек. Егер белігі бір құбылыс қоғамдық құбылыс ретінде бағаланбаса немесе қоғамдық құбылыстың қатарына жатпаса ондай құбылыстар статистиканың зерттеу обьектісіне жатпайды.
Статистика - қоғамдық құбылыстың мағынасын, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық құбылыстың түсінігін, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық құбылыстың түсінігін, мазмұның, мәнін ашуға, оны зерттеуге болады. Бірақ бұл статистикада емес, сол құбылыстың түрін арнайы зерттейтін ғылымда жүргізілетін жұмыс. Мысалы, экономикалық құбылыстардың түрлері, олардың түсінігі, экономика немесе оған ұқсас таным түрлерінде ашылады. Немесе қылмыс деген ұғымның не екенін, оның түсінігін, қылмыстың түрлерін қылмыстық құқық ашады. Яғни статистика қоғамдық құбылыстар түрлерінің мағынасын ашумен айналыспай, бірден дайын түсінікті қолданады.
Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейді дедік. Әрбір қоғамдық құбылыс белгілі бір аумақта өз себептеріне қарай пайда болатындықтан, олардың саны болады. Мысалы перзентханада бір адам дүниеге келді десек, бұл құбылыстың саны біреу, ал бір күнде он сәби дүниеге келді десек, бұл құбылыстың 10 болады. Статистика осындай құбылыстардың санын ала отырып, оларды осы ғылымда белгіленген әр түрлі есптеу тәсілдері алады. Әр түрлі есептеу тәсілдеріне алу дегеніміз статистиканың қызмет көрінісі болып саналатын, қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу болып табылады. Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу - статистиканың өзіне ғана тән, тек осы ғылым саласында ғана кездесе алатын негізгі қызметі деп түсіну керек.
Статистика - қоғамдық құбылыстардың сандық жағын белгілі бір уақытқа және кеңістікке (аумаққа) қарай зерттейді дедік. Бұл сөздің мағынасын мынандай қарапайым мағында түсінуіміз керек. Зерттеуге алынатын құбылыстың түрі қоғамдық құбылысқа жататындықтан, ол құбылыстар белгілі бір уақытта және кеңістікке ғана пайда бола алады. Кез - келген пайда болған құбылыс белгілі бір уақыттың, яғни белгілі бір жылдың, айдың, күннің еншісіне жатады. Мысалы өрт оқиғасы кейінгі статистикалық мәліметтерде белгілі бір айдың, жылдың көрсеткішіне кіреді. Сондай - ақ кез келген қоғамдық құбылыс белгілі бір аумақта жасалады. Жоғарыда келтіріліп отырған өрт оқиғасы аумағы бойынша белгілі бір облыстың, ауданның жерінде ғана бола алады және сол жердегі осындай оқиғасының санын білдіреді.
Статистикалық есепке, зерттеуге алынатын құбылыстардың санын қашан да көптеп кездеседі. Себебі, ол құбылыстар сол қоғам үшін үйреншікті, кең таралған, кездесуге мүмкіншілігі бар құбылыстар болып саналады. Демек, статистикалық зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар қоғамға кең таралған, жаппай кездесетін құбылыстар болуы керек. Мысалы, адамдардың дәрігерлік көмек шақыртуы, құқық бұзушылықтың жасалуы, халықтың еңбекке тартылуы т. б.
Құбылыстың “жаппай таралған” деп танылуы, ол құбылыстың қоғамдағы тұрақтылығын білдіреді. Сол тұрақтылығының арқасында ол құбылыстар жиі - жиі пайда болып, саны елеулі түрде кездеседі.
Статистикалық есепке, тек саны өзгермелі, яғни үнемі өз ішкі себептеріне қарай пайда болатын құбылыстар алынады. Егер белгілі бір құбылыстың саны ешқашан өзгермейтін болса, онда ондай құбылыстардың саны көп болғанның өзінде статистикалық есепке де, оның зерттеуіне де алынбайды. Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін және сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы болып табылады.
Келтіріп отырған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада, статистика - қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным түрі болып табылады. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика - кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын таным немесе ғылым саласы болып саналады. “Сандық жағындағы заңдылықтарды ашу” деген ұғым - белгілі бір құбылыстардың сандық мәліметін келтіру арқылы, ол құбылыстың өзіне тікелей қатысты қоғамдық құбылыстармен өзара байланыста болуын және сол әсер етуші құбылыстарға қарай оның сандық жағында тиісті өзгерістер болуын білдіреді. Мысалы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекет тарапынан әлсіз жүргізілгенде оның үстіне экономикалық дағдарыс орын алған жағдайда, ол қоғамда қылмыстықтың орын алу қисынды жайт. Мысалы, Қазақстанда 1993 жылы байқалды, 1992 жыл 200873 қылмыс тіркелсе, 1993 жылы 206006, ал 1994 жылы 201796 қылмыс тіркелген. Бұл цифрлар қоғамның сол кездердегі бейнесін көрсетеді.
Статистика қазіргі кезде екі түрлі мағында қолданылады. Бұл екі мағына статистикасының атқаратын негізгі қызметін білдіреді. Статистика біріншіден есеп жүргізу ретінде қолданылса, екіншіден ғылым ретінде қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz