Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Жаныбеков С. С.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В04139 (5В051000) - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Қызылорда 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Экономикалық теория және мемлекеттік
басқару»кафедрасының меңгерушісі
А. Ш. Әбдімомынова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде) »
6В04139 (5В051000) -«Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығы
Орындаған Жаныбеков С. С.
Ғылыми жетекшісі Берикболова У. Д.
Қызылорда 2021
КІРІСПЕ
Жастар - болашағымыздың кепілі. Өз білімдерімен және адал еңбектерімен өз келешегін қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Қазіргі заманда елімізді бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қасына қосуға жастар үлес қосуы керек. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың міндеті осында жатыр.
Тақырыптың өзектілігі: Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жас азаматтардың болашақта қоғамда негізгі орны бар белсенді топ екендігін назарда ұстайды. Мұның өзі жас азаматтардың мемлекет ішіндегі орны ерекше екендігін көрсетеді. Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, Сәби құқықтары туралы Конвенңияға, Қазақстан Республикасының Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауына мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы сүйенеді. Жас азаматтар саясатының қажеттілігі жастардың қоғамда орын алып жәе өз құқығын иеленумен, сонымен қатар қоғам алдында жауапкершілік сезінген уақытында өмір мәселелерімен жолыққан кезінде айқындалады.
Бұл саясаттың дәстүрлі әлеуметтік саясаттан ерекшелігі өтелу тетіктерін қалыптастырумен шектелмейді. Жас азаматтардың еңбек пен шығармашылықтарын айқындайтын жаңа және белсенді, өндіріушілік аспектілерден тұрады. Жастар саясаты әлеуметтік ортаның стратегиялық ресурстарын жетілдірудегі негізгі бағыт бойынша қарастыруға болады. Әлеуметтік ортаның өзгеруінің күрделілігі жастардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Жас азаматтар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік- мәдени тәжірибесін, элем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Еліміз жас азаматтарға, олардың материалдық дәрежесі мен тұрмыстық жағдайын назарға алмастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі: Жастар саясатының маңыздылығы мен өзектілігі, Дүниежүзі және Республика деңгейіндегі жастар саясатының өзара байланысы мен жастарға тиімді тұстары, өңірдегі жастар саясытын жетілдіру жолдары мен перспективалық бағыттарының маңызды бейнесін айқындау болуы, зерттеу жұмысымның басты бөлігі болып табылады. Соның ішінде, Еуропа елдеріндегі ғалымдардың жастар саясатының табыстылығын қамтамасыз ететін бірқатар алғы шарттарды бөліп көрсетуі зерттеу жұмысыма бірқатар әсер етті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - елдегі жастар саясатының ұйымдастырылуының теориялық негіздері мен ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілерін зерттеу және мемлекеттік жастар саясатының қалыптасуы мен оны жетілдіру бағыттарын жасақтау. Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- жастар саясатының теориялық негіздерін анықтау;
- жастар саясатының даму үрдістерін талдау;
- жастар саясатын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында оны мемлекеттік басқару бағыттарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасақтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жас азаматтардың арасында жастар саясаты туралы түсінік қалыптастыру;
- жастар саясатының нақты міндеттері мен мақсаттарымен жас азаматтарды ақпараттандыру;
- жас азаматтардың өз құқықтары мен мінлеттерін дұрыс білуіне тиімді ықпал жасау;
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
- азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.
Зерттеу пәні - жастар саясатының теориясы және оның практикасы аясында өңірлік және шетелдік тәжірибе негізінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік іс-шаралар.
Жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнің 7 бөлімінен, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӨҢІРЛІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттік жастар саясатының мәні мен мазмұны
Әлеуметтік ортаға өз мәселелерінен жастардың мәселелерін жеке қарауға болмайтынын түсінушілік тән. Қандай да бір мемлекеттің дамуы, ол әлемдік қоғамдастық үшін жастардың рөлі ескерілгенде, мемлекеттің бағыттарының бірі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру болып табылады.
Жастар саясатының мәнін түсіну үшін осы терминнің құрамдастарына назар аудару, яғни жастар деген кімдер, саясаттың қандай мағына білдіретінін қарастыруға тиіспіз. Кез келген елдің болашағы жастармен байланысты. «Жастар мен әлеуметтік орта әрдайым өзгеріп отырады және тығыз байланысты. Әрбір елдің болашағы жастарға байланысты. Олар өмірлік тәжірибе жинай отырып болашақта елді алға жылжытатын жасампаз күшке айналады, сөйтіп алдағы болашаққа өзінің өмірлік тәжиребесін ұрпақтарына табыстайды. Дамушы қоғам үшін жастардың өзара әрекеттестігі маңызды. Әлеуметтік орта мен жастардың болашағының жауапкершілігінің кепілі де осы» [1, 71 б. ] .
Жастар әлеуметтік ортаның дамуы мен мәдениеті, болашақтағы ұрпақтардың өсіп-өрбуі үшін орны ерекше және экономикалық алға жылжудың субъектісі болып табылады. Жастарды әлеуметтендіру мақсатында пайда болатын мәселелер әрқашан өзгеріп отыратын жастардың қажеттіліктері мен қабілеттерінің және әлеуметтік ортаның одан талап ететіні арасында қиыспаушылық пайда болады. Мұндай қайшылық жастардың өзін-өзі дамытуы үшін кедергі жасайды, сондықтан да олардың қоғамның дамуына қатысуына қажетті жағдай жасалу керек. Әлеуметтік орта жастарды тәрбие мен білім беру арқылы әлеуметтендіріп отырады, ал жастар қоғамды өзіне бейімделуге мәжбүрлеп, ортаны алға жылжытып отырады [2, 130 б. ] .
Кез келген қоғамның дамуы реформалардың іске асырылуы кезінде жастар өкілдерінің қатысуымен анықталады. Бұл біріншеден, елдің халқының санының басымдығымен, ал, екіншіден, жаңашылдыққа жастардың жас ерекшелігіне байланысты бейімдігі. Жастар бұрынғыны сыни көзқараста қабылдайды, тоқырауға шыдамайды, әрдайым өзгерісте болады.
Жастардың мәселелерін шешу жолын қарастыру қажет. Әлеуметтік орта оларды әрдайым тек биологиялық жағынан емес, әлеуметтік жағынан да дамытады. Бұл процесс жастар арқылы жүргізіледі, өздігінен жүрмейді және рухани жағынан дамыған кезде ғана алға жылжиды. Бірақ дәл осылай болуы үшін оған жағдай жасау керек.
Әрине, бұл қиын жұмыс. Ол жастар жайлы жалпыға бірдей игілік болатын дүниежүзілік ғылыми мәліметтерге, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік ортаның жастар жөнінде ойлары мен білімдеріне байланысты болуы тиіс. Мұндай көзқарас көп ойлап ақыл жұмсауды талап етеді, бірақ оның ішінде маңызды болып табылатыны жұмыс жүргізілуінде.
Жалпы мәліметтер бойынша жастардың саны дамушы елдерде басым халықтың 40 пайызы 15-ке дейінгі жастар, ал дамыған елдерде қартаю деңгейі жоғары 15-ке дейінгі жастар 25 пайызға жетер жетпес [3, 9 б. ] .
БҰҰ бағдарламасында жастарға байланысты іс-әрекеттердің негізгі он бағыты бар: білімге назар салу, жұмыспен қамтамасыз етілу, денсаулық мәселесі, экологиямен күресу, әлеуметтік жағдайын көтеру, қылмысқа қарсы күрес, тайм-менеджмент, нәзік жандылардың құқығын қорғау және тез шешім қабылдай білу. Жастардың әлеуметтік ортаға араласу мүмкіндігін пайдалану бойынша қолжетімділікті дамыту бағдарламада қарастырылған шаралар болды және жастардың болашағын қамтамасыз ету жоспарларын жасауға, жүзеге асыруға, жастар ұйымдарының бірігіп жұмыс атқаруын халықарадық деңгейде жоғарылату, білім беру бойынша жастар қауымдастықтарын алға жылжыту және технологиялық қаржыландыруды дамыту көресетілді. Құрамдағы елдерге Бас Ассамблеяның отырыстарына қатысушылардың құрамына басым бөлігіне жастарды қатыстыру арнайы қаралып өтті.
Жастар проблемаларымен айналысатын Латын Америка, Африка, Азия, Еуропа, Латын Америкасы елдерінде жоғары өкілдердің аймақтық конферециялары арасындағы сабақтастықты дамыту ұсынылды. Дәл осындай жиналыстар жастар мәселелерін шешу үшін сапалы форум болғаны анық.
«Жастар» ұғымының бүкіләлемдік іс-қимыл бағдарламасында, оған қоса дүниежүзі елдерінде мағынасында көп ұқсаспаушылықтар бар. Бұл сөздің анықтамасы экономикалық жүйеге байланысты өзгереді. Кез келген мемлекетте жастар мемлекеттің дамуын және техникалық прогресті дамытушылар екені сөзсіз. Жастардың білім алулары мемлекет мүддесі үшін өте пайдалы. Барлық деңгейдегі жастар саясатын дамыту және жаңашалай жүзеге асырудың керектігі байқалады. Болашақ жастардың тұрмыстық жағдайы бүгінгі жастар мәселелерінің шешілетініне және олардың әлеуметтік мүмкіндіктерінің қалай жүзеге асатынына байланысты [4, 28 б. ] .
«Жастар» ұғымын түсінуде жастық шекаралары маңызды. Бұл ұғым жай ғана түсінік емес, барлық мемлекеттің жастар саясаты бойынша ұйымдық және қаржылық мүмкіндіктерін көрсететін көрсеткіш. Осы заманда жастардың жастық шекаралары БҰҰ-ның мәліметі бойынша 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықта болады. Сонымен “Жастар” ұғымы заманға сай өзгеріп отырады. Бұл қоғамның сипаты мен даму деңгейіне байланысты нақты-тарихи ұғым.
Саясат ұғымы «Қазақстан саясаттану энциклопедиясы» анықтама береді: «Саясат әртүрлі. Ұғым ішінара байланысты құбылыстарды қамтиды. Бұл ұғымдар: 1) биліктегі әлеуметтік топтардың және құрамындағы өкілдердің атқарушы қызметі; 2) адам баласы арасындағы мемлекеттік билікті пайдалану бойынша қоғамдық қатынастар; 3) саяси сана және мәдениет; 4) саяси ұйымдар және орлардың нормаларының жиынтығы. Қоғамда саясаттың орны үш нәрсесіне байланысты, ол - жалпы қамтылуы, қоғамға әсер етуі және әмбебаптығы.
Cаясат деп отырғанымыз әлеуметтік ортаның саяси жағында билікке жетуі, күшейтуі және іске асыруы бойынша қызмет; мемлекет жайында қоғамдағы топтардың өз пайдаларына қызмет ету бойынша қатынастар; мемлекеттік бірлестіктер арасындағы қатынастар саласындағы қызмет. Саясаттың басты маңызды мақсаты мен міндеті - қоғамның тұтастығын қамтамасыз ету» [5, 39. ] .
Жастар саясатының терминін КСРО кезінде алғаш рет 1987 жылы «Коммунист» журналында философия ғылымдарының докторы И. М. Илиьинский айтып анықтама берді: «Жастардың социалистік әлеуметтік ортадағы орны туралы ойлар және осы мемлекеттің қоғамдық ұйымдарының жас буындарды дамыту, болашақтарына байланысты идеялар мен қағидалар мен директиваларды іске асыру бойынша тәжірибелік қызметі» [6, 156 б. ] .
Бертін келе, «КСРО-дағы мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастаулары туралы» заң енгізілгеннен кейін, жастар заңнамасы өрбігеннен кейін осы саясатқа қатысты зерттеушілердің анықтамалары шықты.
Екіншіден, бұл саясатты айтқанда мамандандырылған жергілікті мекемелердің, комитеттердің айналысатын қызметтері айтылады; қазіргі таңдағы жастар бойынша қылмыс пен жұмыссыздық мәселелерін шешеді.
Үшіншіден, жастардың білім алуы мен тайм-менеджменті осы саясатқа тікелей қатысты. Кейбір кезде спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитеттері жастар істері жөніндегі комитеттерімен араласады. Осының барлығы қандай мағынада болсын жастар саясатының мәнін көсетеді.
Жастар саясатына А. И. Ковалева және В. А. Луков анықтама ұсынды: «Бұл саясат мемлекет пен саяси партиялардың жас буынның әлеуметтік дамуына, осы жүйеге сәйкес әлеуметтік ортаның болашақ жағдайына әрекет ететін қызметі болып табылады. Жастар саясатының септігін тигізетін жағы жастарға қатысты идеялар, қандай да бір жұмыстар, кадрлар жүйесі өз саяси бағытына жұмыс жасау үшін жасалып, іске асырылады, соынмен қатар стратегиялық міндеттері де қарастырылады.
Бұл саясаттың қозғаушы күштері болып жастар болып табылады және олардың ресурстары өз саясатын құра алатынына назар аударуымыз керек» [7] .
Жастар саясатын қоғамдағы даму және іске асырылу деңгейі бойынша бөлуге болады. Әлемде халықаралық деңгейде бірінші Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін атауға болады. Содан кейін мемлекеттер топтарының яғни, (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Орталық Азия) аймақтық деңгейін бөліп көрсетуге болады. Соңғы деңгейге жеке мемлекеттің жастар саясатын, яғни ұлттық деңгейді жатқызамыз.
Кез келген мемлекетте жастар саясатының үш деңгейге бөліп қарастыруға болады: жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті және соңғы деңгейлер елдегі әкімшілік деңгейлерге сәйкес келеді.
Жүзеге асыруда бұл деңгейлердің барлығы да маңызды. Жастар мәселелері барлық әлеуметтік ортаны қамтығандықтан, маңыздылығы жағынан халықаралық және мемлекеттік деңгейлер сараланады.
Жастар саясатын талдап іске асырған кезде, кез келген әкімшілік бірліктің және азаматтық әлеуметтік ортаның әрекетін біріктіре отырып, орындалуға тиіс міндеттер орындалатын болса ықпалын тигізетін нәтижеге қол жеткіземіз.
Жастар саясатының анықтамасын саралай келе, жалпы алғанда осы саясатқа қатысты десек болады. Жастар саясатына қатысты, яғни аймақтық жастар саясаты деңгейіне байланысты көптеген анықтамалар бар. Осы саясатқа Волгоград облысындағы Аймақтық жастар саясатының тұжырымдамасында анықтаманы айтсақ артық етпес: «Негізінен аймақты жастар саясаты Ресейдің жалпыресейлік принциптеріне байланысты іске асырылатын мемлекеттік жастар саясаты ұғынылады». Осы саясаттың түсінігі «XXI ғасырдағы ювенология және ювеналдық саясат» атты кітапта мемлекеттік жастар саясатын аймақтық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескере отырып жасауға маңыз берілетіні айтылған. Аймақтық заңнама федеральдық заңнамада регламенттелмеген мәселелерді білдіреді [8] .
Жастар саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік институттар. Осы саясаттың дамуы елдің мүмкіндіктеріне байланысты, бірақ жастарсыз мемлекет дамымайды. Жастар саясаты барлық жағынанда мемлкетті алдыңғы қатарға жылжытатын орында болуы тиіс. «Мемлекеттік жастар саясатының өзіне тән айырмашылықтары, ұзақ мәселелердің шешімі табыла бермейтін мәселесі бар жастар болып табылады. Жастар мәселелері әлеуметтік ортаның мәселелерінен ажыратылмайды, өйткені жастар «болашақтағы қоғам» [9, 25 б. ] .
Ғылыми жазбаларда жастар саясатын елдің ішкі саясатының құрамына кіреді деп дәлелдейтін пікірлер бар. Бірақ, бұл саясатты мемлекеттің ішкі саясаты тұрғысында жобалар көрінген жоқ. Менің көзқарасым бойынша, мемлекеттің сыртқы саясатына да жастар саясатының орын ерекше, тіпті Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа белсене араласуын, жастарға ықпал ететін саясат құрып және іске асыру бойынша халықаралық тәжірибені қолдануын пайдаланғаны да көрінеді. Жастар саясатын одан әрі дамыту үшін мемлекетаралық жастар ынтымақтастығының оң қырын, сонымен қоса жаһандануды есте сақтау қажет, барлық үдерістердің басты жылжушы күші жастар болып табылады.
Елімізде мемлекеттік жастардың саясатының үйлестірілімі мемлкеттің қызметімен ұқсас. Жастар саясатының ерекшелік қыры көрінсе, ал басқа жағында маңыздылығы мен қажеттілігі байқалады. Осы саясаттың қозғаушылары үйлестіру тәсілін пайдалан алады, бірақ негізгі керек мүмкіндіктер жоқ, толық пайдаланылмауы мүмкін.
Жастар саясатының мәнін тарихы арқылы ұғынуға болады. Жоғары лауазымды топтардың айырмашылығын тарих ғана белгілі бір дәрежеде барлық кезеңде сезінгендігі көрсетіледі. Кез келген әлеуметтік ортадағы жастар мәселелері деп қарастырылатынына, әлеуметтік процестердің анықталуына байланысты мемлекеттік реттеудің міндеттерін, қоғамдық ортаның әлеуметтік сипаттамалары бойынша мәдени дәстүрлерге қаншалықты сәйкес келетініне, олардың осы ортада қалыптасқан құндылықтар мен нормаларға ұқсастығына байланысты мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында да, іске асыратын тәжірибеде пайдаланылатын әдістерде де айтарлықтай ерекшеленеді.
Көптеген елдерде жоғары лауазымдарда коммунистік партиялар болғанда жастардың идеологиялық тұжырымдамасы заң жағынан, ал басқа мемлекетттерде конституция да қабылданды, негізінен мемлекеттік жастар саясатын басқарушы жоғары билік өкілдері зерттеп, социалистік жағынан заңдар ретінде қабылданды [10] .
Шетелде мемлекеттерінде, яғни Батыс Еуропада мемлекеттік жастар саясаты басқаша өзгерді. Батыс Еуропа елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жастарды өз қоғамы бар жеке топ бойынша көрсетілді. Жас буындардың жеке топ ретінде қалыптасуы бос уақыттарының болуы, сонымен қатар жастардың ата-анасынан жыраққа кетуі және оқудан жұмысқа ауысуы осы уақыттың ұзаруымен сәйкес келеді. Сондықтан осы топқа қатысты саясат қалыптастыру керек екендігі ұғынылды. Бірақ жастарды елдің патриоты ретінде өсіру басты назарға алынды, ал саяси жұмыстар жастар мәселелерін елдің саясатының бағытына біріктіруге бағытталды. Осыған сәйкес әлеуметтендіру мақсатында Шығыс Еуропада тайм-менеджмент құру көзделді.
Қазіргі кезде мемлекеттік жастар саясатының екі анықтамасын көруге болады; жас адамдардың жеке құқықтарының қорғалуына жағдай жасаудағы елдің орны туралы мәселеде айырмашылықтар бар. Оның біреуі жас адамдарды әлеуметтендіруге мемлекеттік құрылымдардың араласпауына негізделеді. Әлеуметтік қолдау жеке қайырымдылық ұйымдарының жұмысы деп есептеледі. Осы тұрғыда қаржының жұмсалу деңгейін қадағалай отырып, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына ғана мемлекет тарапынан көмектесу қаралады.
Еуропа елдерінде Швеция, Финляндия және басқа елдердің мемлекеттік жастар саясатына қатысты тұжырымдамасында, сол елдің қоғамдағы орнын, жастар ұйымдарын қолдау жұмыстарын заң тарапынан дұрыстау көзделеді. Бұл жас адамдардың интеграциялануы елдің жауапкершілігін басты назарға алады және әрбір жастара арналған қолжетімді әлеуметтік бағдарламалар құрастыруды негізге алады.
Осындай үлгілердің қатарында кейінгі тәжірибелерді іске асыруда Ресей мемлекеті де бар. Ол қоғамда мемлекеттік жастар саясатының ресурстарын бөлінуін реттеп отырады, халықтың жастарының ерекшеліктері өзгеше болуын назарда ұстай отырып, жастарға тікелей әсерін тигізіетін мақсаттар бойынша маневр жасауы керек деп есептейді. Жастар саясатының бұрынғы тәжірибесі іске асырылатын қаржылай жүйенің екі мақсатын анықтайды.
Бұл саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік ортаның басқа топтарына кедергі келтірмей жас адамдардың өмірінің тұрмыс сапасын жақсарту, саяси және экономикалық жағдайын көтеру керектігі болып табылады. Әрине, осы мақсатқа жету үшін екі міндетті жүзеге асыру тиіс: өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік қалыптасуы үшін жағдай жасау; әлеуметтік ортаның сан алуан салаларында жас адамдардың инновациялық қызметі үшін қолайлы жағдайға жету; жаңашыл қоғамдық қатынастардың жастардың белсенді өмірлік қарекетінің формаларын іс жүзінде жұмыс атқару.
Өмірдің кезеңдеріне сай мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда екі міндетті атап көрсетуге болады: тәрбие берудің жаңа ұзақ уақыттық бағдарламаларын жасау және жүзеге асыруына байланысты стратегиялық міндет пен неше түрлі проблемалар бойынша жас буындарға көмек беруді нақтылайтын тактикалық міндет [11] .
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруындағы басты мақсаты жайында сөз қозғағанда келесі жағдайларды айта кету керек: жастарды қоғамда үздіксіз дамуы мен мемлекет тарапынан қолдау көрсету; жастарға қатысты олардың әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік ортаға сай экономикалық және ұйымдық жағдай жасау, жастар бірлестіктері мен қозғалыстарын дамыту.
Дәл осындай қоғамдық түсінікті сіңіру үшін тіпті әлеуметтік экономикалық жағдай төмендеген кезде де орны ерекше, өйткені бұл саясатта мән жоқ деп есептейтін әлеуметтік ортаның маңызды жұмыстарға қаражат жетіспеушілік жағдайында жас буындарға көңіл бөлетін шама жоқ деп есептейді. Барлық қоғам үшін мұндай түсінік аса ауыр экономикалық және саяси қиыншылықтарға апаруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz