Онлайн оқыту жүйелеріне шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Ахметова Ұлдана Мухитдинқызы

Мобильді қосымшаларды кроссплатформалы құру пәнін онлайн оқыту жүйесін жасау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы

Нұр-Сұлтан 2021
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Қорғауға жіберілді
Ақпараттық жүйелер кафедрасының
меңгерушісі ___________Ж.Е.Зұлпыхар
___ ___________20__ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мобильді қосымшаларды кроссплатформалы құру пәнін онлайн оқыту жүйесін жасау

5B070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша

Орындаған
Ахметова Ұ.М.

Ғылыми жетекші
ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Ұ.Ж.Айтимова

Нұр-Сұлтан 2020
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Факультеті Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру
Кафедрасы Ақпараттық жүйелер_
Мамандығы 5B070300 Ақпараттық жүйелер


Бекітемін
Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі ___________Ж.Е.Зұлпыхар
___ ___________20__ ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Ахметова Ұлдана Мухитдинқызы_______________________ ___

Жұмыстың тақырыбы Мобильді қосымшаларды кроссплатформалы құру пәнін онлайн оқыту жүйесін жасау жоғары оқу орны бойынша
30 қараша 2020 ж. № 1729-Б бұйрықпен бекітілді.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 12 мамыр 2021ж.
Жұмысқа бастапқы мәліметтер Онлайн оқыту жүйесінің құрылымы
Дипломдық жұмыста зерттелуі тиіс мәселелердің тізімі және оның қысқаша мазмұны:
1. Пәндік саланы талдау және функциялары мен қызметін зерттеу;
2. Жалпы АЖ-ны жобалауды іске асыру;
3. Жобаланатын онлайн парақшаға қойылатын бағдарламалық талаптар;
4. Онлайн оқу жүйесінің ақпараттық жүйесін жобалау;
5. Мәліметтер қорын жобалау.
Графикалық материалдар тізімі (міндетті сызбаларды - кестелерді, диаграммаларды және т.б. нақты көрсете отырып)
1. Онлайн-оқыту жүйесіндегі деректер
2. Ақпараттық дизайн мен сайт контенті
3. Деректер қорындағы ақпараттар
4. Оқыту жүйесінің жариялануы, сүйемелденуі және тұтынушы интерфейсін ұйымдастыру
5. Бағдарламада істелінген жұмыстар(скриншоттар)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. В.В. Годин, И.К. Корнеев Информационное обеспечение управленческой деятельности. Мск. Изд. Высшая школа, 2001 г.
2. Иванова Г.С. Технология программирования: Учебник для вузов. - 2-е изд., стереотип. - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2003 г.
3. В.Н. Петров Информационные системы - 688л. Изд. Питер, 2002г.
4. Мшиенин А.И. Теория экономических информационных систем: Учеб. пособие. -- М.: Финансы и статистика, 2002 г.
5. Семенов М.И. и др. Автоматизированные информационные технологии в экономике: Учебник М.И. Семенов, И.Т. Трубилин, В.М. Лойко, Т.П. Барановская; Под общей ред. И.Т. Трубилина. -- М.: Финансы и статистика, 2001 г.

Тапсырманың берілген күні_______________________________ _______

Ғылыми жетекші ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Ұ.Ж.Айтимова_____________
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент Ұ.М.Ахметова

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
1 Пәндік саланы зерттеу және саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.1 Онлайн оқыту жүйе түсінігі мен жүйе мақсаттары, міндеттері ... ...
8
1.2 Есептің қойылымы және әзірленетін онлайн жүйе интерфейсіне қойылатын талаптар ... ... ..

10
1.3 Онлайн оқыту жүйелеріне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.4 Бағдарламалау ортасын таңдау және әзірлеу құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

26
2 Жобаны құру мен жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
36
2.1 Онлайн оқыту жүйе құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
36
2.2 Онлайн оқыту жүйесін рәсімдеу мен ғаламтор желісіне орнату ... ... ... ..
41
2.3 Тұтынушыға арналған нұсқаулық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
59
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60

Оқыту жүйесін жүзеге асыруға қойылған техникалық талаптар
Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018 жылғы № 604 Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III ЗРК Білім беру туралы Заңы. Егемен Қазақстан. - 2007. - 23 тамыз (№22-25).
МС ИСО 9000:2005 Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздіктер.
МС ИСО 9001:2008 Сапа менеджменті жүйесі. Міндеттері.

Анықтамалар
Дипломдық жұмыста тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
Сайт (website ағыл. web - "өрмек" және site - "бөлік") - бір мекенжаймен (домендік атпен немесе IP-мекенжаймен) біріктірілген жеке тұлғаның немесе ұйымның компьютерлік желідегі электрондық құжаттарының жиыны.
HTML (ағыл. HyperText Markup Language - гипертексттік белгінің тілі) - ғаламтордағы құжаттардың стандартты белгіленуі. Веб-беттердің көбі белгілердің жазылуы HTML тілі браузермен түсіндіріледі және құжат түрінде адамға ыңғайлы формада көрсетіледі.
CSS (ағыл. Cascading Style Sheets - каскадты кестелер стилі) - белгілеу тілінің қолданылуымен жазылған, құжаттың сыртқы түрін сипаттаудың ресми тілі.
JavaScript - прототипті-бағдарланған сценарийлік бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалектісі болып табылады. JavaScript көбінесе қосымшаның объекттеріне бағдарламалық қол жеткізуге арналған кірістірілген тіл ретінде қолданылады. Веб-парақтардың интерактивтілігін ұйымдастыру үшін, браузерлерде сценарийлер тілі ретінде кең қолданыс тапқан.
Laravel - бұл MVC (Model View Controller) архитектуралық моделін қолдана отырып әзірлеуге арналған ашық бастапқы коды. Laravel MIT лицензиясы бойынша шығарылды.
PHP (ағыл. РНР: Hypertext Preprocessor - РНР: гипертексттің препроцессоры; алғашында Personal Home Page Tools - дербес веб-беттерді құруға арналған құралдар; пи-эйч-пи деп оқылады) - веб-қосымшаларды құруда қарқынды қолданылатын, жалпы қолданымдағы бағдарламалау(Харрис Э.,2005).
Статикалық сайт - біртұтас жиынды құрайтын статикалық html (htm, dhtml, xhtml) беттерден тұратын сайт. Құрамында мәтіндер, суреттер, мультимедиа (аудио, бейне) және HTML-тегтер болады.
Динамикалық сайт - шаблон, контент, скрипт және т.б. жеке файлдар түрінде динамикалық беттерден тұратын сайт. Қолданушы браузерінде көрсетілетін сайттың беті сервер жағында динамикалық болып табылады.
Веб-бағдарламалау - веб-қосымшаларды құрастыруға арналған бағдарламалаудың бөлімі.
Веб-бағдарламалаудың тілдері дегеніміз веб-технологиялармен жұмыс істеуге арналған тілдер.
Веб-әзірлеме (разработка) - веб-сайтты немесе веб-қосымшаны құру процесі. Веб-дизайн, веб үшін клиент және сервер жағында бағдарламалау, сондай-ақ веб-серверді үйлестіру процестің негізгі кезеңдері болып табылады.
Веб-дизайн (ағыл. Web design) - сайттар үшін қолданушылардың веб-интерфейсін немесе веб-қосымшаларды құрастыруға арналған, веб әзірлеменің және дизайнның түрі..
Веб-сервер - клиенттерден НТТР-сұранысын қабылдайтын сервер, көбіне веб-браузерлер және онымен берілетін НТТР-жауап HTML-бетімен, суретпен, файлмен, медиа-ағынмен немесе басқа мәліметтермен бірге болады.
Веб-сервер бағдарламалық қамтамасыздандыру секілді веб-сервердің қызметтерін, сондай-ақ тікелей компьютер функцияларын атқарады.
Ғаламтор (ағыл. World Wide Web) - бір-бірімен өзара байланысқан құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, интернетке қосылған әр түрлі компьютерлерде орналасқан жүйе. Сонымен қатар ғалам торды белгілеу үшін веб (ағыл. web өрнек) сөзі және WWW аббревиатурасы қолданылады.

Белгілеулер мен қысқартулар
Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
АЖ - ақпараттық жүйелер;
IT - ақпараттық технология (ағылш. Information Technology);
ДҚБЖ - дерекқор басқару жүйесі;
БЖ - бағдарламалық жасақтама;
CSS - стильдер кестелерінің тілі (ағылш. Cascading Style Sheets);
HTML - еренмәтін белгілеу тілі (ағылш. Hypertext Markup Language);
ООЖ- онлайн оқыту жүйесі;

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы : Мобильді қосымшаларды кроссплатформалы құру пәнін онлайн оқыту жүйесін жасау
Дипломдық жұмыс өзектілігі : Қазіргі таңда ғаламтордың дамуы арқасында онлайн оқыту жүйесінің де қарқынды даму сатысын көруге болады. Оның біз карантиндегі жағдайға байланысты біраз артықшылықтарын байқадық.
Сонымен қоса оқу пәндерін өз бетінше оқып үйрену үшін студенттер әртүрлі ресурстарды пайдаланады: университеттердің баспа басылымдары, кітапханалардан алынған немесе кітап дүкендерінен сатып алынған материалдар, интернет-ресурстар. Сонымен қатар, қазіргі ғылымның дамуымен, студенттің баспа ресурстарын (кітаптарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды) өз бетінше дайындау үшін қолдануы әрдайым таңдалған материалдағы ақпараттың өзектілігі проблемасына тап болады. Сонымен қатар, қажетті материалдарды кітаптар мен оқулықтардан алу өте көп уақытты қажет етеді, ал қазіргі оқу процесінде бұл мәселе өте маңызды болып табылады. Ірі ақпарат алмасу, өздеріңіз білетіндей, бүгін ғаламторда жүреді. Бұл өз кезегінде бүкіл әлем студенттерінің көпшілігінде қолданылады.Оқыту жүйесі арқылы толықтай мамандық игеріп алуға болатынына көз жеткіздік. Сондықтан да онлайн оқыту жүйесінің пайдалы жақтары өте көп. Оны атап өтетін болсақ:
уақыт үнемделуі;
жеке оқыту қарқыны;
желідегі оқыту бағдарламалары әдетте икемді және пайдаланушының қажеттіліктеріне бейімделеді;
онлайн оқыту жекелендірілген, яғни өзініз ғана жеке оқуға мүмкіндік болады және т.б.
Ерекшеліктері:
:: оқушы мен оқытушы географиялық жағынан бөлінген;
:: қалыпты оқу процесі - жаттығулар пошта немесе басқа байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады;
:: оқыту жекеленген;
:: оқыту оқушының өзіндік белсенділігі арқылы жүзеге асырылады;
:: оқудың ең қолайлы орны - оқушының өзіндік ортасы (тұрғылықты жері, жұмысы);
:: студент өзінің жетістігі үшін жауап береді және жұмыс уақыты мен қарқынын өзі таңдайды
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Кроссплатформа оқыту пәнін үйрену және оны толықтай меңгеруге арналған барлық ақпаратпен қамтылған онлайн оқыту жүйесін жасап шығару.
Дипломдық жұмысың міндеттері:
Пәндік аумақты зерттеу;
Жобаланатын онлайн оқыту жүйесіне қойылатын бағдарламалық талаптар;
Мобильді қосымшаларды кроссплатформалы құру пәнін оқытуға арналған деректерді жинау;
Бағдарламалық ортаны таңдауды негіздеу және бағдарламалау тілдерінде кодтау;
Онлайн оқыту жүйесін жүзеге асыру және қолдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: Оқыту жүйелері.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Онлайн оқыту жүйесін жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері:
Эмперикалық зерттеу әдісі: Онлайн оқыту жүйесі бойынша нақты материалдар жиналып, олар тізімделіп, қажетті ақпараттар қорытындыланды. Оқыту жүйесінің басқа жүйелермен салыстырылуы жүзеге асырылып, артықшылықтары мен кемшіліктері назарға алынды. Онлайн оқыту жүйесі эмперикалық зерттеу әдісі ретінде дәстүрлі форматтағы оқуға қарағанда тиімді, ыңғайлы және үнемді болып келеді.
Теориялық зерттеу әдісі: Онлайн оқыту жүйе - қарқынды дамып, күн өте маңызы артып келеді.
Онлайн оқыту жүйесі жылдамдықпен жүргізілуі керек, өйткені ол білім алушыға ыңғайлы, жеке бағытқа немесе мақсатқа байланбайды. Студент жағдайды ескере отырып, оқуды өз еркімен шешеді, ол кез-келген институт тетіктерімен байланысты емес, бірнеше оқу бағдарламаларын таңдауға тәуелсіз, қызметте қол жеткізгісі келетін мақсаттарды таңдау еркіндігіне ие және жетістіктерді өз бетінше бағалау мүмкіндігі болады.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы - кроссплатформа жүйеде мобильді қосымша жайлы толық ақпарат көрсетілуі, мобильді қосымша дегеніміз , оның тарихы, оны қалай құруға болды, қандай түрлері бар, үйрену үшін қандай қосымшаларды қолдану қажет, үйренудің маңыздылығы және жолдары жазыланады.
Дипломдық жұмысымның практикалық маңызы - бағдарламалау ортасын баптау мен әзірлеудің барысы сипатталып, бағдарлама жайлы жалпы мәліметтер мен логикалық құрылымы, сонымен қатар техникалық талаптар тізімі мен жұмыс нәтижесі сипатталады.
Тақырыптың зерттелуі:
Экономика Жоғары мектебінің зерттеушілері АҚШ-тағы әріптестерімен бірге қашықтықтан оқытудың тиімділігін дәстүрлі бетпе-бет сабақтарымен салыстыра отырып талдап, бұл оқыту әдісі сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем емес деген қорытындыға келді, сонымен бірге бұл 15-18% артық оқушыларды оқытуға мүмкіндік береді. Зерттеудің жетекші авторы Игорь Чириков, Берклидегі Калифорния университетінің аға ғылыми қызметкері және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ Білім институтының ғылыми қызметкері.
Ашық және қашықтықтан оқытудың халықаралық шолуларының қыркүйек айындағы санында MIT физикасының профессоры Дэвид Притчард бастаған топ EdX механикасы бойынша кіріспе курсын егжей-тегжейлі қарастырады және оны ұқсас мазмұндағы университеттің дәстүрлі курстарымен салыстырады.
Зерттеушілер әдеттегі университеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы ұқсас мәліметтермен EdX курсынан бұрын және одан кейін өткен студенттердің тест нәтижелерін зерттеді. Зерттеу сонымен қатар онлайн-курстар оқушылардың білім деңгейлеріне қарамастан дерлік пән бойынша білімдерін жетілдіретіні анықталды - барлық топтар, мектеп бағдарламасында математика мен физиканы әрең меңгеретіндерден бастап, физика мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының түлектері шамамен бірдей жақсаруды көрсетті.
Дипломдық жұмыс құрылымының сипаттамасы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1-бөлімде пәндік саланы зерттеу және саралаудың онлайн оқыту жүйе туралы түсінік және олардың функциялары, қызмет түрлері және қолданатын технологиялары қарастырылған.
2-бөлімде жалпы онлайн оқыту жүйесін жобалаудың технологиялары және іске асыру негізінде жобаланатын ақпараттық жүйелерге қойылатын бағдарламалық талаптар, бағдарламалық ортаны негіздеу, мобильді қосымша жасаудағы онлайн оқыту жүйесінің ақпараттық жүйесін жобалау қарастырылды.

1 ПӘНДІК САЛАНЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ САРАЛАУ

Онлайн оқыту жүйе түсінігі мен жүйе мақсаттары, міндеттері

Онлайн-оқыту (электронды оқыту, қашықтықтан оқыту) - бұл нақты уақыт режимінде ғаламторды пайдаланып жаңа білім алу әдісі. Қазіргі уақытта электрондық оқыту индустриясы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан білім беру технологияларының бірі болып табылады.
Өзінің ыңғайлылығының арқасында қашықтықтан білім беру барған сайын танымал оқыту түріне айналуда. Ақпараттық технологиялар дәуірінде онлайн-оқыту білім мен өзін-өзі дамытуға кедергі болатын негізгі мәселелердің бірін - мектеп партасына қайта оралғысы келмеуді шешуге мүмкіндік береді. Интернет арқылы оқыту шалғай аудандарда тұратындар үшін, сондай-ақ қандай да бір себептермен күндізгі оқу бөліміне бара алмайтындар үшін өте қолайлы. Интернет-қашықтықтан оқыту курстарының сөзсіз артықшылықтары:
Студенттің оқу кестесін өз бетінше құра білуі, сонымен қатар сабақ ұзақтығын анықтауы.
Еркін таңдау. Студент қол жетімді оқу курсының кез-келгенін таңдайды, сонымен қатар сабақтың уақытын, орнын және ұзақтығын өзі жоспарлайды.
Қол жетімділік. Географиялық орналасуы мен уақытына қарамастан, студент білім беру ресурсы мен курстық материалдарға қол жеткізе алады.
Өндіргіштік - білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалану.
Интернеттегі білім кімге арналған? Кәсіби және зияткерлік жағынан олардың дамуына мүдделі кез келген адам. Интернетте оқу орта және ірі бизнестің ажырамас бөлігі болды. Интернеттегі оқыту формаларына көшетін компаниялардың саны көбірек, өйткені бұл қызметкерлерді оқытуға бөлінген қаражатты үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар персоналға жұмыс процестерінен қол үзбеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды оқыту жастардың мансабын жаңадан бастаған және сол немесе басқа салада білімдерін кеңейтуді қалайтын өз саласында қалыптасқан мамандардың арасында танымал
(Ержар С.И.,2008).
Технологиялары:
Қазіргі заманғы қашықтықтан оқыту келесі негізгі элементтерді қолдануға негізделген:
- ақпарат тарату құралдары (пошта, теледидар, радио, ақпараттық байланыс желілері),
- ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.
ХХІ ғасырда студенттермен ақпараттық коммуникациялық желілер арқылы интерактивті өзара әрекеттесу перспективалы болып табылады, осыдан Интернетті пайдаланушылардың ортасы жаппай ерекшеленеді. 2003 жылы ADL бастамашылық тобы Интернет технологияларын кеңінен қолдануды көздейтін SCORM қашықтықтан интерактивті оқыту стандартын жасай бастады. Стандарттарды енгізу қашықтықтан оқыту құрамына қойылатын талаптардың және бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың тереңдеуіне ықпал етеді.
Қарастырылып отырған дипломдық жұмыстың атқаратын функциялары мен мақсаттары мен міндеттерін алдын ала анықтап алған дұрыс.
Ақпараттығы. Онлайн оқыту жүйесі бойынша жасалынатын сайт неғұрлым толық ақпаратты ұсынуы қажет. Бұл ақпарат ұсынушымен, яғни оқыту жүйесінің құрастырушымен енгізіледі және деректер базасына сақталынады.
Ақпарат алмасу жылдамдығы. Оқыту-жүйесінде сақталған ақпарат оқушыға жылдам жеткізілуі қажет. Бұл мақсатта жылдам қарым-қатынасты қамтамасыз ететін технологияларды қолданған жөн.
Ақпарат бүтіндігі. Қолданушыға жеткізілген ақпарат бүтіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Ол үшін клиенттік қосымшада ақпараттың тұтастылығына тексеріс жүргізіледі. Тексерістен кейін ақпаратты бейнелеуіне шешім қабылданады.
Деректер базасының құрылымдығы. Онлайн оқыту серверінде сақталынатын деректер базасының құрылымы логикалық түрде сұрыпталған болуы тиіс. Бір-бірінен тәуелсіз немесе салыстырмалы түрде тәуелсіз ақпарат бөлек логикалық құрылымдарда сақталынады.
Іздеу интерфейсінің қарапайымдылығы. Онлайн оқыту жүйесі қолданушыны қарапайым интерфейспен қарсы алуы қажет, қосымша модульдердің саны неғұрлым аз болғаны жөн. Оқыту жүйесі үшін ең басты функция - іздеу интуитивті түсінікті болуы маңызды.
Қолданушы, яғни оқушы сұраныстарын өңдеу. Іздеу критерийлеріне байланысты табылған элементтердің тізімі қолданушының қажеттілігін қамтамасыз етуі басты мақсат болып табылады.
Қолданушы әрекеттерінің оперативті сақталуы. Оқушының веб-сайтта жасаған барлық іс-әрекетін сақтап тұрған жөн. Егер қолданушы сессиясы қатемен аяқталса немесе қолданушы жасаған алдыңғы әрекетерге оралғысы келсе, оқыту жүйесінің жадта сақталған мәліметтер бойынша парақшаны қайта жаңғыртады.
Оқыту жүйесінің әкімшілігімен байланыс. Қолданушы оқыту жүйенің администрациясымен пошталық қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін арнайы модульдердің бар болуын қарастыру. Осы модуль арқылы қолданушы өзінің ойларын, идеяларын, проблемаларын жеткізе алады (Андрей.Х.В., 2002).

Есептің қойылымы және әзірленетін онлайн жүйе интерфейсіне қойылатын талаптар
Дипломдық жобаны әзірлеу барысында қойылған мақсат: қазіргі заманғы талаптарға сай білім алуға ыңғайлы, сапалы оқыту жүйесін әзірлеп шығару. Сайтты құру алдында негізгі қойылған міндеттер:
Мобильді қосымша негіздерін үйрету бойынша ақпарат жинау;
Онлайн оқыту жүйесін құру ортасын таңдау;
Қосымша бағдарламаларды таңдау;
Онлайн оқыту жүйесінің негізгі құрылымын жасау;
Онлайн оқыту жүйесінің интерфейсін әзірлеу;
Онлайн оқыту жүйесінің ақпараттық құрылымын орналастыру;
Онлайн оқыту жүйесін ғаламтор желісіне қосу.
Онлайн оқыту жүйесінің міндетті түрдегі негізгі функционалдық мүмкіндіктері:
Мобильді қосымшаның негіздері жайлы теориялық мәлімет алу;
Теориялық мәліметтерді қорытындылау арқылы, зертханалық жұмыстарды орындау
Видеожазбаларды қарау;
Қорытынды бөлімін оқу арқылы сабақтарды қорытындылау;
Қалауы бойынша пікір қалдыру.
Оқыту жүйесінде қосымша қарастырылуы тиіс нысандар:
Онлайн оқыту жүйесі туралы қысқаша мәлімет;
Құрушылармен байланыс орнату үрдісі.
Сонымен қатар сайт интерфейсі пайдаланушыға ыңғайлы болуы тиіс. Пайдаланушы кез-келген беттерге оңай әрі жылдам ауысу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Пайдаланушыға ұсынылған мобильді қосымшаны құру жайындағы ақпарат сапалы және сенімді мәлімет көздерінен алынуы керек. Аудиожазбалар мен тапсырмалар оқыту жүйе парақшасында ешқандай кедергісіз ашылуы керек. Сайт іздеу көздерінде табылатындай кілттік сөздері нақты анықталуы тиіс.
Талаптар:
Эргономика - әсерлі және ыңғайлы жүйені зерттеу және оны жобалаумен айналасатын ғылыми-қолданбалы тәртіп. Кез келген жоба интербелсенді ақпарат жүйесі болғандықтан, оған байланысты толықтай талаптар болуы керек. Эргономикаға байланысты талаптар жобаның құрылымы мен ақпаратына сәйкесінше ықпал етеді. Жиі олар қолданушы интерфейсін қаншалықты қиын болуын жоба аудиториясының мәліметтеріне сүйену арқылы анықталады (Пек С., Аррантс С., 1997).
Жоба дизайны - жобадан алынған ақпараттың ұғылуының сапасын көтеретін фактор, сондықтан компьютермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін, қолданушы онымен әрекеттескен кезде жайлылықты сезіну керек. Көру талдауының қалыпты жұмысын қамсыздандырудың келесідей талаптар құрамы бар:
Нысанның жарықтығының сапалы шектеулері болуы керек;
Біркелкі фон суреттің қарама - қарсылығы нысан өлшемімен есептелуі қажет;
Көздің сезімталдығы көбінесе сары - жасыл түстердің, аздап күлгін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Билеттерді сату жүйесін дамыту
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Кәсіпорын деректері
Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ РЕЖИМІНЕ АУЫСТЫРУ САЛДАРЫ
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Сауда Интернет жүйелері
Пәндер