Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылымр министрлігі
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Мамандығы: Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: Шетел тілі мұғалімі
Пәні: Бастауыш мектептегі ана тілі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары

Тобы: А1-17
Топ білімгері: Еламан Гулназ
Оқытушы:

Тараз 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Байланыстырып сөйлеу дағдысы және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ...4
1.2 Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Оқытудың педагогикалық және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

КІРІСПЕ
Бүгінгі жас ұрпақ - біздің ертеңгі болашағымыз. Елімізді де, жерімізді де көркейтетін солар. Сол себептен де қазіргі таңда оқушылардың өз ойын анық және түсінікті, нақты да тиянақты жеткізе алуын дамыту ең алдымен баланың ата-анасының міндеті болса, одан кейінгі бұл міндетті көтеруші оқушының - мектептегі мұғалімі. Оқушылар өз ойын дұрыс жеткізуді менгерген сәттен бастап қоғамның толыққанды мүшесі атанып, оның дамуына үлес қосуына әбден лайық болып саналады. Өз ойын жеткізе білу - ең алдымен баланың қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас жасап, жаңа нәрселерді үйреніп білуіне үлкен ықпалын тигізеді. Соның арқасында бала өзінің қабілеттері мен дарынын дамытып, қоғамнан өз орнын қателеспей табуына мүмкіндігі артады.
Оқу-әдістемелік талдау көрсеткендей, оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолында жасалған көптеген әрекеттерге қарамастан, бұл мәселе әлі де толықтай шешімін таппай келеді. Бұл оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірудің арнайы әдістемелік жүйесін құрастыру керектігін дәлелдейді.
Бұл курстық жұмыстың объекті - оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру үдерісі, ал мәтінмен жұмыс оның іске асыру құралы болып табылады.
Курстық жұмыс заты - талдау, қайта өңдеу және құрылу барысында пайда болатын мәтін жайлы білім және тілдік байланыс қабілеттерінен құралатын оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жүйесінің әдістемесін құрастыру.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - теориялық тұрғыда тұжырымдалған және тәжірибеде тексерілген оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру әдімтемесінің жүйесін құрастыру.
Зерттеу гипотезасы ретінде ұсынарым - оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларының сәтті түрде жетілдіру үшін оқушылардың мағыналық тұрғыда тілдік байланыс қабілеттерін қалыптастыру қажет. Мұның шарттары:
oo Оқушылардың мәтінге қатысты теориялық білімді меңгеруі;
oo Қажетті мәтіндік жаттығулар жүйесін қолдануы.
Алға қойылған зерттеу мақсаты, заты және гипотезасы келесі негізгі тапсырмаларды шешуді талап етеді:
oo Оқушылардың мәтіндік түсініктерінің қалыптасуы мен тілдік байланыс қабілеттерінің деңгейін анықтау
oo Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірудің ұстанымдары, әдістері мен тәсілдерін зерделеу
oo Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмысын жүйелік көзқарас тұрғысынан қарастырып, жүйе құраушы бөліктерді табу
oo Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмысына арналған дидактикалық материалдарды зерделеу
oo Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірудің әдістемелік жүйесін бағалау.
1. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Байланыстырып сөйлеу дағдысы және оның дамуы
Сөйлеу тілінің дамуы, ана тілінің байлығын меңгеру үрдісі қазіргі психологиялық зерттеулермен тығыз байланыста қарастырылады, себебі психология тұлға дамуының түрлі аспектілерін, психикалық процестердің дамуындағы сөйлеу тілінің рөлін анықтап көрсетеді. Барлық сөйлеушілер үшін, кез-келген сөйлеу тілі оның ойын, қалауын білдіріп тұрады, сондықтан байланыстырып сөйлеу тілі болып табылады, бірақ байланыс формасы даму барысында өзгеріп отырады. Байланыстырып сөйлеу тілі - бұл оның өзінің мазмұны негізінде түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу тілі. Баланың сөйлеу тілі алдымен жағдаяттық сипатта болады, кейін даму барысында сөйлеу тілінің мазмұны мен қызметі өзгереді, бала оқыту кезінде байланыстырып сөйлеу тілін меңгереді.
Сөйлеудің қалыптасу ерекшеліктері көптеген психолог, лингвист, педагог, дефектолог, физиологтар арқылы әр жақта өзгеше тұрғыда зерттелуде. Лингвистика мамандары зерттеулерінде сөйлеудің негізгі қалыптасу кезеңдері анықталды: алғашқы дыбыстаудан жеті-тоғыз жасқа дейінгі деңгейлер.
Байланыстырып сөйлеуді бір тақырыпқа бағынатын, нақты құрылым мен сөйлемдердің өзара байланысы үшін қызмет ететін арнайы тілдік құралдарға ие екі не одан да көп сөйлемдер тобы болып табылатын күрделі құрылым деп қарастыру қажет. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты қарым-қатынас үшін қызмет етеді, бірақ одан жоғарырақ деңгейде.
Байланыстырып сөйлеу - өзінің заттық құрылымының барлық маңызды жақтарын көрсететін сөйлеу. Сөйлеу екі себептен байланыссыз болуы мүмкін: байланыс сөйлеушінің ойында дұрыс анықталмағандықтан немесе байланыс сөйлеушінің сөздерінде қажетті түрде көрсетілмегендіктен. Сөйлеу тұрақты түрде жүйелі, ашық мазмұнды мәнге ие және екі негізгі формада жүзеге асады - диалог және монолог. Оладың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.
Сөйлеу формасының негізгі қарым-қатынастық шарты - оның байланыстырылуы. Сөйлеудің бұл маңызды жағына ие болу үшін балалардың байланысты пікірлерді құрастыра білу дағдысын арнайы дамыту қажет.
Сөйлемнің тақырыпқа және қарым-қатынастық мақсатқа сәйкес байланыстырылуы, бірізділігі және логикалық-мағыналық құрылымы кез келген толық пікір, сипаттама немесе хабарламалардың маңызды сипаттамасы болып табылады.
Байланыстырып сөйлеу жағдаяттық және мәтіндік болады. Жағдаяттық сөйлеу нақты бір жағдайға қатысты, және сөйлеуші өз сөзінде ойының толық мазмұнын көрсете алмауы мүмкін. Мәтіндік сөйлеу пікірдің жағдай есебінсіз, тілдік құралдарға ғана сүйене отырып құрылуын талап етеді. Сөйлеу кемістігі жоқ балаларда байланыстырып сөйлеу дағдысының жетілдірілуі ой, іс-әрекет пен әңгімелесудің дамуымен қатар біртіндеп жүзеге асады.
Байланыстыра, бірізді, анық және бейінді түрде өз ойын жеткізе лау қабілеті баланың эстетикалық тұрғыдан дамуына да әсерін тигізеді: түсінік айтуда, өз әңгімелерін құрастыруда бала әдеби туындылардан меңгерген бейіндік сөздерін қолданады.
Байланыстырып сөйлеу мазмұны мен формасының бүтіндігі ретінде қарастырылуы қажет. Мағыналық жақтың төмендетілуі грамматикалық жағының ішкі логикалық жағының дамуынан асып озуына әкеледі. Бұл мағыналық жағынан дұрыс сөздерді таңдай алмау, сөздерді дұрыс пайдаланбау, сөздердің жеке мағынасын түсіндіре алмау барысында байқалады.
Алайда сөйлеудің грамматикалық жағына мән беруді төмендетуге де болмайды. Баланың білімі мен елестету қабілетін кеңейту мен байыту оларды сөйлеуде дұрыс жеткізе алу дағдысын дамытумен байланысты болуы қажет.
Байланыстырып сөйлеу - сөйлеу әрекетінің ең күрделі формасы болып табылады. Ол бірізді, жүйелі, толық түсіндірмелі сипатқа ие. Байланыстырып сөйлеудің негізгі қызметі - қарым-қатынастық.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуді тілді тәжірибе жүзінде меңгерудің мақсаты мен құралы ретінде қарастыруға болады. Сөйлеудің барлық жағын меңгеру - байланыстырып сөйлеуді жетілдірудің қажетті шарты болып табылады. Байланыстырып сөйлеуді жетілдіру баланың жеке сөздерді және синтаксистік құрылымдарды өз бетінше пайдалануына ықпал етеді.
Сөйлеуді жетілдірудің дайындық кезеңінде, өмірінің алғашқы жылдарында, ересектермен эмоционалды түрде араласу барысында болашақ байланыстырып сөйлеудің негізі қаланады.
Эмоционалдық түрде араласу барысында ересек адам мен бала түрлі ойларды емес, түрлі көңіл-күйді көрсетеді. Уақыт өте келе ересек пен баланың қарым-қатынасы байып, бала кез болатын заттар түрі көбейе түседі, ал бұрын тек көңіл-күйді білдіретін сөздер енді бала үшін заттар мен әрекеттердің атауына айналады. Бала өз дауысына иелік етіп, айналасындағылардың сөздерін түсіне бастайды.
Сөзді түсіну баланың алдағы дамуының бәрінде үлкен маңызға ие, әңгімелесу қызметінің дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Ересек адам сөйлеп, ал бала мимика, ишара және қимыл-қозғалыспен жауап беретін әңгімелесу түрі пайда болады.
Түсіну негізінде баланың белсенді сөйлеуі дами бастайды. Бала ересек адам тудыратын дыбыстар мен дыбыс үндестіктеріне еліктейді, ересек адамның назарын өзіне, қандай да бір затқа аударады. Бұның бәрі баланың сөйлеуінің дамуы үшін үлкен маңызға ие: дыбыстық әрекеттің ниеттілігі, оның басқа адамға бағыттылығы туындайды, есту мен айтудың еріктілігі қалыптасады.
Балабақшаға дейінгі кезең - бұл кезең баланың айналасындағылардың сөздеріне деген шектен тыс назарымен сипатталады, оның сөздік белсенділігі күшейеді. Баланың қолданатын сөздері көпмағыналы болады, бір ыммен бірнеше түсінікті нұсқайды. Мысалы, бах сөзі арқылы құлады, жерде жатыр, түсіп кетті деген сөздерді ымдайды. Бір жарым жастан кейін баланың белсенді сөздігінің өскендігі байқалады. Толық емес сөздерден құралған алғашқы сөйлемдері пайды болады. Үш жасқа таяғанда бүтін сөзді сөйлемдер қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең баланың сөйлеуінің көбірек белсенді дамуымен сипатталады. Сөздік қорының кеңеюінде сапалы түрде алға жылжу байқалады. Бала белсенді түрде барлық сөз таптарын пайдалан бастайды, сөз құрау дағдылары қалыптаса бастайды.Тілді меңгеру үдерісі динамикалық тұрғыда жылжиды, соның арқасында сөйлеу деңгейі жақсы дамыған балалар үш жастан бастап грамматикалық тұрғыда дұрыс құрастырылған жай сөйлемдердің көмегімен ғана емес, шылаулар қолданылған құрмалас сөйлемдердің көптеген түрлерімен оңай әңгімелесе алады. Бұл кезеңде дамып келе жатқан есту арқылы қабылдау дағдысы өз айтуын қадағалау мен ауналасындағылардың сөздеріндегі қателіктерді естуге көмектеседі.
Сөйлеу пікірінің туындауы күрделі көп деңгейлі үдеріс болып табылады. Ол ниетке айналатын түрткіден басталады, ниет ішкі сөздің көмегімен қалыптасады. Бұл жерде грамматика мен синтаксистің заңдары негізінде сыртқы сөзге түрленетін психологиялық мағыналық сөйлеу бағдарламасы қалыптасады.
Мәтіндік сөйлеудің пайды болуы баланың айналасындағылармен араласуының сипаттамасы және тапсырмалары арқылы анықталады. Баланың өмір сүру ұстанымдарының өзгеруі, танымдық әрекеттің күрделенуі, үлкендермен жаңа қарым-қатынастар, жаңа әрекеттердің пайда болуы сөйлеудің толығырақ болуын талап етеді, ал бұрынғы жағдаяттық сөйлеу құралдары түсіндірменің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етпейді. Мәтіндік сөйлеу пайда болады.
Жағдаяттық сөйлеуден мәтіндік сөйлеуге өту 4-5 жастарда болады. Онымен қоса, байланыстырылған монологтық сөйлеудің элементтері 2-3 жастарда пайда болады. Мәтіндік сөйлеуге өту сөздік қор мен ана тілінің грамматикалық құрылымын меңгерумен, тіл құралдарын ерікті қолдана алу дағдысымен тығыз байланысты. Сөздің грамматикалық құрылымының күрделенуімен пікірлер одан сайын толық және байланысты бола бастайды.
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу баланың тәжірибесімен байланысты, бұл оның сөйлеу формасында байқалады. Олар толық емес, жағы белгісіз, бір баяндауыштан тұратын, заттардың атаулары еімдіктермен алмастырылған түрде сипатталады. Баланың әңгімелерінде берілген тақырыптың материалы жеке тәжірибесіндегі деректермен араласады.
Жағдаяттылық баланың арнайы жасына тиесілі болып табылмайды. Бірдей балалардың сөздері көбірек жағдаяттылық, немесе көбірек мәтіндік болуы мүмкін. Бұл әңгімелесудің шарттары және тапсырмаларымен анықталады.
Сөйлеу дамуының деңгейі баланың араласу деңгейіне тәуелді. Пікір формасы баланы пікірлесі қалай түсінетініне тәуелді. Пікірлестің сөйлеу мәнері бала сөйлеуінің мазмұны мен құрылымына әсер етеді. Мысалы, өз жасындағы балалармен араласқанда олар көбінесе мәтіндік сөйлеуді пайдаланады, себебі оларға бір нәрсені түсіндіру, бір нәрсеге көндіру қажет. Өздерін оңай түсінетін ересек адамдармен араласқанда балалар көбінесе жағдаяттық сөйлеумен шектеледі.
Монологтық сөйлеумен қатар диалогтық сөйлеу де жетілуін жалғастыра береді. Кейінірек бұл екі форма бірге өмір сүре отырып, әңгімелесу шарттарына байланысты қолданылады.
Мектепке дейінгі кезіңнің соңына қарай бала байланыстырып сөйлеуді, толық тіркестік сөйлеуді, фонетиканы, лексиканы және грамматиканы мектепке дейінгі тақырыптарды ауызша әңгімелеу үшін қажетті және жеткілікті түрде меңгереді. Фонематикалық естудің даму деңгейі оның мектеп кезеңіндегі сауаттылықты меңгеруге қажетті шарт болып табылатын дыбыстық талдау мен түзілу дағдыларына ие болуына мүмкіндік береді.
Мектеп кезеңінде байланыстырып сөйлеудің жетілдіру жалғасады. Балалар есті түрде ерікті пікірлердің грамматикалық ережелерін меңгереді. Бұл кезеңде жазбаша сөйлеу қалыптасады. Оқу үдерісінде сөйлеудің барлық қызметтері жақсарады, бірақ сөйлеу танымдық әрекеттің құралы ретінде орын алады.
Баланың сөйлеуі белгілі бір кезеңдерден өтетінінен басқа, оның дамуының 3 қиын кезеңінің бар екендігін ұмытпау қажет. Олар 1-2 жаста, 3 жаста және 6-7 жастағы баланың сөйлеуіне кедергі жасайтын нәрселерде құрайды.
Алғашқы қиын кезең баланың алғашқы екі жылына сай келеді. Бұл уақытта мидағы сөйлеу бөлімдері қарқынды түрде дамиды. Бұл кезеңде әрекет етеін елеусіз жағымсыз фактордың өзі сөйлеудің дамуына әсер етуі мүмкін.
3 жас - байланыстырып сөйлеу қарқынды дамиды. Бұл кезеңде психиканың нәзіктігі сөйлеу дамуына да әсер етуі мүмкін. Ересектердің тым жоғары талаптарына қарсылық ретінде ықылық, кекештік пайда болуы мүмкін.
6-7 жас - жазбаша сөйлеудің дамуының бастауы. Тым жоғары талаптар қойған жағдайда ықылық пайда болуы мүмкін.
Ғылыми түсініктерді меңгере бастаған соң оқушының жалпылаушы сөйлеу қызметі қарқынды түрде дамиды. Бұл баланың сөздігінің сапалы түрде өзгерісінде де байқалады. Онда бұрын болмаған абстрактілі сөздердің үлесі жеткілікті түрде ұлғаяды. Жазбаша сөйлеудің әсерінен ауызша сөйлеу, оның лексикалық және синтаксистік әр түрлілігі толығады, сөздердің морфологиялық құрылымы мен бала қолданатын сөйлемдердің синтаксистік құрылымы күрделенеді. Бұл үдерістің кері әсерлері де бар, кейде сөздердің графикалық формасының әсерінен оқушылардың сөзінде орфоэпиялық қателіктер пайда болады.
Алайда оқушылардың жазбаша сөйлеуінің қалыптасуы енді басталуда. Зерттеулер көрсеткендей, олардың өз бетінше жазбаша пікірі көбінесе ауызша сөйлеуге тән қасиеттерді сақтайды: жағдаяттылық, салыстырмалы түрде төмен лексикалық әртүрлілік. Мектептегі оқу үдерісінің басталуымен баланың сөйлеу дамуы басқаруға икемделеді. Бұл үдерісте үлкен рөлді бір жағынан баланың сөйлеудегі тілдік құралдарды саналы және дұрыс қолдану базасын құратын теорияны үйренуі иеленсе, екінші жағынан сөйлеу шартына байланысты тілдік құралдарды, жылдамдықты, нақтылық пен тұрақтылықты белсенділікті қамтамасыз ететін сөйлеу тәжірибесі алады.
Сонымен, байланыстырып сөйлеудің жетілдірілуі - бұл күрделі және көпқырлы үдеріс. Балалар лексико-грамматикалық құрылымды, сөз түрленуін, сөз тудыруды, дыбыстау мен буындық құрылымды бірден меңгере алмайды. Тілдік құралдардың кейбіреулері ерте меңгерілсе, кейбіреулері кейінірек меңгеріледі.

1.2 Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірудің теориялық негіздері
Кез келген саналы әрекеттегі сөйлеу - байланыс құралы болып табылады. Оқушылардың салыстыру, сараптау, жүйелеу, жалпылау қабілеттері білім алу барысында сөйлеу арқылы қалыптасады және сөйлеу әрекетінде байқалады. Логикалық тұрғыда нақты, дәлелді, бейнелі ауызша және жазбаша сөйлеу - оқушының саналы дамуының көрсеткіші.
Оқушылардың байланыстырып сөйлеудегі жетістіктері олардың барлық пәндермен жұмыс барысындағы жетістігін қамтамасыз етеді және көп жағдайда анықтайды.
Тіл мен ойлаудың арасында, оқушының сөйлеуінің дамуы деңгейі мен саналы дамуының дәрежесі, оның ойлау қабілетерінің жетілуі арасында және де ауызша және жазбаша сөйлеудің арасында байланыс болады.
Бала бірінші сынпқа келгенде ауызша сөйлеу қабілетіне жеткілікті түрде ие болады, сөздерді еркін айтып, әңгімелесу барысында сөздердің орнын дұрыс қоюды іштей қадағаламайды. Балалар жақсы, нақты, эмоционалды, қызықты сөйлеуі үшін олардың шығармашылық елестетулерін дамыту қажет, өздері сипаттап отырған бейнені көз алдына елестетіп, оның ой тұрғысынан өткізе отырып айтуын талап ету қажет. Сөйлеуді жетілдіру жұмысы көптеген амалдар мен құралдарды талап етеді. Балалар ойын еркін жеткізе алуы керек, ал ұстаз сөйлемдерді дұрыс құруға көмектеседі, яғни сөздерді қалдырып кетпей, оларды дұрыс реттілікте орналастырып, бір-бірімен дұрыс байналыстырады. Оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысы енді қалыптасып келе жатқанда, жазбаша жұмыстардың барлығы мұғалімнің қадағалауымен орындалып жатқанда, балалар өз байқампаздығын, білімі мен қызығушылықтарын тек ауызша сөйлеу арқылы еркін түрде жеткізе алады. Ауызша байланыстырып сөйлеу жаттығулары әр сабақта болады. Оқушының әр байланыстырылған ауызша жауабы ауызша сөйлеудегі жаттығу болып табылады, және ол мазмұндық, құрылымдық және пікір сөйлеуінің дұрыстық талаптарына сай болуы қажет.
Бірінші сыныпта балалар біртіндеп олардың сөйлеулеріне қойылатын талаптармен танысады, түрлі жаттығуларды орындау барысында тақырып жайлы сөйлеу, негізгі ойды нақтылау, реттілікпен байланысты түрде сөйлеу керектігін ұғады. Балалар түрлі жаттығулармен айналысады. Мұғалім әңгіме, сипаттама, пайымдаманың не екендігін түсіндіреді. Затты сипаттаудың суретті сипаттаудан немесе бақылау бойынша сипаттаудан ерекшеліг, толық әңгімелеу мен бөліп әңгімелеудің айырмашылықтары, ауызша шығарма мен түсініктің арасындағы айырмашылықтар. Біртіндеп балалар әңгімеде іс-әрекет пен оқиғалар жайлы айтылып жатқанын, оны басқа сөйлеу түрлерінен не болғаны жайлы сұрақ қою арқылы ажыратуға болатындығын түсінеді. Әңгімені иллюстрациялауға болады. Сипаттамада заттар, адамдар, жануарлар, табиғат және т. б. сипатталады. Пікірде оқиғалар мен құбылыстардың себептері айқындалады. Пікірде неге?, не себепті? деген сұрақтар қойылады.
Осы кішігірім теориялық бөліммен танысу, және оны белсенді түрде қолдануы оқушының байланыстырып сөйлеудегі қабілеттері мен дағдыларының саналы түрде сәтті қалыптасуына көмектеседі. Бірінші сыныптан бастап балалар сөйлем құраудың кейбір ережелерімен, оның құрылымымен, сөйлем мен бөліктерді өзара біріктіру, байланыстыру жолдарымен танысады. Балаларда мәтін құраудағы кездесетін және мұғалімнің арнайы бақылауынсыз түзетіле алмайтын қиындықтарды да ескеру қажет. Балалардың байланыстырып сөйлеудегі дағдыларын жетілдіре отырып, келесі арнайы қабілеттерін қалыптастыру қажет:
1. Әңгіменің тақырыбын аша білу
2. Әңгіменің негізгі ойын аша білу
3. Әңгімеге материал жнай білу
4. Жиналған материалды жүйелендіре білу
5. Жазылған шығарманы жетілдіре білу
6. Әңгімені белгілі бір композициялық формада құрастыра білу
7. Өз ойын дұрыс, нақты, анық жеткізе білу
Осы қабілеттерді қалыптастыру жақсы сөйлеуге қойылатын талаптарға сай әңгіме құрастыруға көмектеседі. Баланың әңгіме тақырыбын жақсы аша білгені, маңыздысын таңдап, материал жинақтай алғаны оның мазмұндылығына, нақтылығы мен анықтығына үлкен ықпал етеді. Осы қабілеттерге үйрете отырып, ұстаз балалардың байланыстырылған мәтіннің барлық ерекшеліктерін ұғынуына, өз бетінше байланыстырылған сөйлемдер құрау қабілетінің жетілуіне ықпал етеді. Тақырып пен негізгі ойды аша алу қабілетінің қалыптасуы сауат ашуға үйрету сабақтарынан басталады және ең алдымен тақырыппен жұмыспен байланыстырылады. Әңгіме неге бұлай аталған? деген сұраққа жауап бере отырып, балалар мәтін тақырыбы мен мазмұнының арасындағы байланысқа мән беру керектігін үйренеді. Мәтіннің тақырыбын оқи отырып балалар мәтін мен мазмұнды анықтауды, әңгімелеуде нені нақтылау керектігін түсінеді және үйренеді. Балаларға мәтін мазмұны мен тақырыптың арасындағы байланыстың бүтіндігін нақтылауға көмектесетін түрлі жаттығулар беру қажет. Тақырып таңдауда балалардың қызығушылықтары мен қолжетімділіктерін есепке алу қерек. Тақырыпта нақты бақылау есепке алынуы қажет. Ауызша әңгімелердің тақырыптары оқу тематикасына сай таңдалуы керек. Мәтіннің мазмұнын талдауда, табиғат заттарын қарастыруда баланың белсенді ойлау мен сөйлеу әрекеттеріне қатысты материал жинау дағдысын қалыптастыру керек. Алғашы үш қабілетті өңдеу мәтіннің мазмұнымен жұмыс жасауға тікелей байланысты. Кейінгі үшеуіне үйрету мәтіннің құрылымдық өңдеу жұмысына байланысты. Байланыстырып сөйлеуді үйретуде балаға өз сөзін қалау құрастыру керектігін үйрету ерекше күрделі. Мәтінді белгілі бір формада құрастыру қабілеті оқу саабқтары барысында және мазмұндамаға дайындық кезінде машықтандырылады. Әңгіменің композициясын сурет арқылы сипаттау барысында балалар әңгіменің үш бөліктен құралатындығын үйренеді, кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындығы бөліп қарастыра бастайды. Сипаттау композициясы бірізді бақылауға негізделеді: балалар заттың сипатын қарастырылған реттілікте сипаттайды. Ұстаз түрлі сұрақ қою арқылы әңгіме құрастыруға көмектеседі. Сипаттау мен апйымдау элементтері әңгімеге біртіндеп енеді. Балаларды мәтіннен мазмұндауға арналған осы бөліктерді табуға үйрету керек. Байланыстырылған әңгімені құрастыруда Әңгіменің бұл бөліктерін қалай байланыстыруға болады?, Соңғы екі сөйлемді қалай байланыстыруға болады? деген сұрақтарды үнемі қою қажет. Бұл сұрақтар балалардың байланыстырылған мәтін құрауында бір мезетте бірнеше сөйлемдерді ойластырып, жиі ойланып, соңғы екі сөйлемді бір-бірімен байланыстырып отыруына әсер етеді. Бұл жұмыс байланыстырылған жазбаша сөйлеуді үйретуде өте маңызды.

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жүйесі
Ана тілі сабағында қолданған іскерлік ойындардың негізгі мақсаты - оқушының өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру; өзіндік көзқарас қалыптастыра білуге және өз пікірін қорғауға дағдыландыру.
Ана тілі сабағында меңгерілетін әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, тақырыпқа сай сюжеттік ойын түрлері баланың нақтылыққа, логикалық ойлауға, сөздік қорын және грамматикалық құрылымын жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында тақырыпқа сай түрлі ойындар арқылы дамыту тақырыбы қазіргі таңда өзекті деп білеміз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған ойын түрлерін ұсынып отырмыз.
Оқушылар өзінің ойын немесе айтуға қажетті ақпаратты бөліктерге шартты түрде бөліп, мазмұнына сәйкес бейнелерді елестетіп, сол бойынша сөйлеу тілін жүйелеуге, бір-бірімен байланыстыруға дағдыландыру. Бұл жерде оқушыларға түрлі әрекеттерді орындау кезінде қалыптасқан біліктілігі мен дағдыларын қолдануға жаттықтыру қарастырылады. Яғни, жұмыстың соңғы кезеңінде оқушыларда қалыптасқан біліктілік пен дағдылары бекітіледі. Бастауыш сынып оқушылары практикалық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындай отыра, түрлі жағдаятта (түрлі мәтінге байланысты) жоспар құруға, оны схема-сурет ретінде бейнелеуге және сол бойынша әңгімелеуге жаттығады. Оқушылардың іс-әрекеті іскерлік және сюжеттік-рольдік ойын түрінде жүзеге асады. Яғни, берілген тақырыпқа сәйкес оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөліне еніп, сол тұрғыдан пікір-таласқа немесе әңгімелесуге қатысады.
Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету тіл дамыту жұмысының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас, яғни сөйлеу мен ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген-білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын солай байқауға болады. Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Пәндер