Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЗАҢ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сатып алу-сату шартының ұғымы және түрлері

Тексерген: Альмухамбетов Ж.Н.
Орындаған: Жарылқасым Аида
Ютқ 19-01 тобы

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.САТЫП АЛУ- САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері ... 8

2.САТЫП АЛУ- САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.1 Келiсiм-шарт жасасу шарты, тауар жеткiзiлiмiнiң шарты ... ... ... ... ... ... ... .. .10
2.2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу- сату шарты ... ... ...21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының маңыздылығы - сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Тақырыптың өзектілігі - сатып алу-сату шартымен мемлекетіміздің көптеген азаматтық іс әрекеттерімен жасалуында.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін мүліктік қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде қарастыру қажет.Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады.Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады,дегенмен Азаматтық кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түрлерімен қарастырылған .Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген.Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да Азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Сатып алу-сату шарты мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі.Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысында ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі.Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен,оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.Жекешелендірілген,мемле кеттік, сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатып алу- сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді. Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды.

1.САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Сатып алу сату шартының ұғымы
Сатып алу-сату шарты бұл -- мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу - сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша бағасын төлеуді міндеттенеді [1,127 б.].
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу - сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
Осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу - сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.
Бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.
Сатып алу - сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу - сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
Азаматтық Кодекстiң 116-бабындағы ережелердi сақтай отырып, кез келген зат шарт бойынша сатып алу-сату тауары бола алады.
Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап (елеулi талаптар) келiсiлген деп есептеледi.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъектиетік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін

1.2 Сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу - сату затына талаптардың жоғарлауына әкеледі. Заттар сатып алу-сату шарты нысанының кең тараған түрі. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталып, жылжитын немесе жылжымайтын тауар болуы мүмкін. Шарт нысанының сипттпмалары ең алдымен шарт орындалмаудың шарттарда екі жақтық құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Сатып алу-сату шарты бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және тағы басқа заңдық актілерде қарасырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағалар ажыратылады.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын оған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Мұнда тауардың жиынтығы, қауіпсіздігін, сапасын алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісіледі. Сатушы сатып алушыға шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Шартта тауардың сапасы болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті. Сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес емес, міндетті талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетін тауар берілуі мүмкін. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестігін айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе қисынды мерзім шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс. Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есппен беруге міндетті. Тауар сапасына, егер, шартта өзгеше көзделмесе оның барлық құрамдас бөліктерінде де қолданылады. Тауарды берген жағдайда, тауарды түр - түрімен жинақтылығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беруді, тауарды салатын ыдыс және оның буып - түю сатушының міндеті болып табылады. Сату - сатып алу шарты бойынша түрлеріне, үлгілеріне, мөлшеріне түстері мен өзге де белгілеріне қарай белгіленген тауарлар берілуге тиіс болса сатушы сатып алуға тауарларды берілуге тиіс сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келіскен түр - түрі бойынша беруге міндетті. Сатушы сатып алушыға жиынтылық туралы шарттың тараптарына сәйкес тауар беруге міндетті.
Шартта тауардың жиынтылығы белгіленбеген жағдайда сатушы сатып алушыға жиынтылығы іскерлік айналым дағдыларымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен белгіленетін тауар беруге міндетті. Егер шартта сатушының сатып алушының сатып алушыға белгілі бір жиынтықтағы тауарлар жиынтығын беру міндеті көзделсе, жиынтыққы енгізілген барлық тауарлар берілген кезден бастап, міндеттеме орындалған болып есептеледі. Егер шартта өзгеше көзделмесе ол міндеттеменің мәнін туындамаса сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті. Жиынтықталған тауарлар берілген жағдайда сатып алушы өз таңдауы бойынша сатушыдан, сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді, тауарды қисынды мерзімде толымды жиынтықтауды, жиынтықталмаған тауарды алмастыруды шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтарып алуға талап етуге құқылы.

2.САТЫП АЛУ- САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Келiсiм-шарт жасасу шарты, тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi [3,146б.]. Ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келiсiм-шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетiн және дайындаушыға шартта келiсiлген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. [11,175 б.]. Дайындаушы өнiм сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Келiсiм-шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келiсiм-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi. Мiндеттеменi орындамаған немесе мiндеттеменi тиiстi түрде орындамаған ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзiнiң кiнәсi болған жағдайда жауапты болады.
Заңды тұлғалар келісім-шарт жасасу үшін мына құжаттарды әкелуі қажет:
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуденқайта тіркеуден өткені туралы анықтамакуәлік;
Заңды тұлғаның бірінші басшы болып тағайындалғаны туралы бұйрық;
Бірінші басшының жеке куәлігі;
Келісім-шартқа қол қоюға сенімхат (егер келісім-шартқа бірінші басшы қол қоймаса);
Сенімхат бойынша қол қоятын тұлғаның жеке куәлігі;
Ғимаратқа құқық белгілеуші құжаттар (техникалық төлқұжат, сату-сатып алу келісім-шарты, сыйлыққа беру келісім-шарты, пайдалануға беру Актісі (құрылыс жүргізу және ғимаратты қайта құру), жекешелендіру келісім-шарты, мұра қабылдау туралы куәлік, жер телімінің Актісі, қаланың немесе аудан әкімінің және т.б. қаулысышешімі) немесе жалға алу келісім-шарты (егер тұтынушы ғимараттың жеке меншік иесі болмаса);
Банкілік реквизиттер көрсетілген жеке парақ (БИН, ИИК және т.б.) тұрған орнының мекенжайы,телефондар, факстер, электрондық пошта мекенжайы және басқа да байланысу мәліметтері, оның ішінде бас есепшінің телефоны.
Жеке кәсіпкерлер (ЖК) келісім-шарт жасасу үшін мына құжаттардың көшірмесін әкелуі керек:
Жеке кәсіпкер ретінде жұмыс бастағаны туралы тіркеу талоны (егер бар болса);
Жеке куәлік;
Келісім-шартқа қол қоюға сенімхат (егер келісім-шартқа сенімді адам қол қойса);
Сенімхат бойынша қол қоятын тұлғаның жеке куәлігі;
Ғимаратқа құқық белгілеуші құжаттар (техникалық төлқұжат, сату-сатып алу келісім-шарты, сыйлыққа беру келісім-шарты, пайдалануға беру Актісі (құрылыс жүргізу және ғимаратты қайта құру), жекешелендіру келісім-шарты, мұра қабылдау туралы куәлік, жер телімінің Актісі, қаланың немесе аудан әкімінің және т.б. қаулысышешімі) немесе жалға алу келісім-шарты (егер тұтынушы ғимараттың жеке меншік иесі болмаса);
Банкілік реквизиттер көрсетілген жеке парақ (БИН, ИИК және т.б.) тұрған орнының мекенжайы,телефондар, факстер, электрондық пошта мекенжайы және басқа да байланысу мәліметтері, оның ішінде бас есепшінің немесе жеке кәсіпкердің телефоны.
Жеке кәсіпкердің (egov.kz электронды порталынан алынған) мекенжай анықтамасы.
Тауар жеткізілім шарты- кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді [6,191б.].
Тауар жеткiзілiмi шартын жасасу кезiнде тараптар арасында шарттың жекелеген талаптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасасудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс. Шарттың тиiстi талаптары бойынша ұсыныс алған, бiрақ тауар беру шартының талаптарын келiсу жөнiнде шара қолданбаған және осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде шарт жасасудан бас тарту туралы екінші тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келісуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге міндетті [10,199 б.].
Тауар жеткiзiлiмi шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн. Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады. Егер ұзақ мерзiмдi шартта берiлуге тиiс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бiр жылға немесе неғұрлым ұзақ мерзiмге белгiленсе, шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кейiнгі кезеңдерге арналған тиiстi талаптар тараптардың келiсу тәртiбiмен белгiленуге тиiс. Шартта келiсу тәртiбi болмаған жағдайда шарт тиiсiнше бiр жылға немесе шарт талаптары келiсiлген мерзiмге жасалған болып танылады.
Тауар жеткiзiлiмi кезеңдерi-егер тараптар шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлiмiн көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткізілімі мерзімдері (жеткізілім кезеңдерi) белгiленбесе, заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс. Шартта тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi (онкүндiк, тәулiктiк, сағаттық және т.б.) кестесi белгіленуі мүмкін. Тауарлардың мерзiмiнен бұрын жеткiзiлiмi сатып алушының келiсуiмен жүргiзiлуi мүмкiн. Мерзiмiнен бұрын берiлген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде берiлуге тиiс тауарлар санының есебiне енгiзiледi [13, 141б.].
Тауарлар жеткiзiлiмiнiң тәртiбiне келетін болсақ, тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады. Шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi.
Жетiспеген тауардың орнын толтыру- тауар жеткiзiлiмiнiң жекелеген кезеңiнде тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi. Ұзақ мерзiмдi шарт бойынша тауар берушiнiң жекелеген тауар жеткiзiлімi кезеңiнде кем берген тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетiспеуiне жол берiлген жыл iшiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орны толтырылуға тиiс. Тауар берушi шартта немесе сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бiрнеше алушыға тауарларды тиеп-жөнелткен жағдайда алушының біреуіне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетiспеушiлiктердi өтеуге есептелмейдi және тауар берушi оның орнын толтыруға тиiс. Сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар берушіге хабарлай отырып, жеткiзiлiм мерзімi өткен тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауар беруші хабар алғанға дейін берілген тауарды сатып алушы қабылдауға және оған ақы төлеуге мiндеттi.
Сатып алушының тауарды қабылдауы - сатып алушы (алушы) тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес берілген тауар қабылдауды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi іс-әрекеттi жасауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) қабылдаған тауар заң актiлерiнде, тауар жеткiзiлiмi шартында немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс. Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актiлерiнде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ көлiк ұйымынан осы тауарды көлiк қызметiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген ережелердi сақтай отырып, қабылдауға мiндеттi [16,142 б.].
Тауарларды таңдау - тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауарларды тауар берушiнiң орналасқан жерiнен алуы (тауарлар таңдауы) көзделуi мүмкiн.Егер шартта таңдау мерзiмi көзделмесе, сатып алушының (алушының) тауарлар таңдауы тауар берушiнiң тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейін қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауар берушi орналасқан жерде тауар таңдауы көзделген кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы берiлетiн тауарларды қарап-көрудi олар берiлетiн жерде жүзеге асыруға мiндеттi. Сатып алушының (алушының) шартта белгiленген тауар жеткізілімі мерзімінде, ал ол болмаған кезде - тауар берушінің тауарлардың дайын екендігі туралы хабарын алғаннан кейін қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық бередi.
Тауар берудiң бiрнеше шарттары бойынша бiртектес мiндеттемелердi өтеуге келетін болсақ ,тауар берушi сатып алушыға аттас тауарлар жеткiзудi тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша жүзеге асыратын және жеткiзілген тауарлар саны тауар берушiнiң барлық шарттар бойынша мiндеттемелерiн өтеуге жетпейтін жағдайларда жеткiзiлген тауарлар тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру кезiнде не жеткiзiлгеннен кейiн кешiктiрiлмей тауар берушi көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс. Егер сатып алушы тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша алған аттас тауарлар үшiн тауар берушіге ақы төлеген болса және төленген сома сатып алушының барлық шарттар бойынша міндеттемелерін өтеуге жетпесе, төленген сома тауарларға ақы төлеудi жүзеге асыру кезiнде не ақы төленгеннен кейiн кешiктiрiлмей сатып алушы көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс. Егер тауар берушi немесе сатып алушы өздерiне осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес берiлген құқықтарды пайдаланбаса, міндеттеменiң орындалуы орындау мерзiмi ертерек басталған шарт бойынша міндеттемелерді өтеуге есептеледі. Егер бірнеше шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі бір мезгілде басталса, орындауға берілген мерзім барлық шарттар бойынша міндеттемелердің өтелуіне бара-бар түрде есептеледі.
Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу, яғни сатушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатып алушы тауарды қисынды мерзiмде шартта көрсетілгенінің орнына басқа адамнан неғұрлым жоғары, бірақ қисынды бағамен сатып алса, ол сатушыға шартта белгіленген баға мен орнына жасалған мәміле бойынша белгіленген баға арасындағы айырма түрінде залалды өтеу туралы талап қоя алады. Егер сатып алушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатушы тауарды қисынды мерзiмде басқа адамға шартта көзделгенiнен неғұрлым төмен, бiрақ қисынды бағамен сатса, сатушы сатып алушыға шартта белгіленген баға мен орнына жасалған мәміле бойынша белгіленген баға арасындағы айырма түрінде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
Шарт бұзылғаннан кейiн бұзылған шарттың орнына мәмiле жасалмаса және осы тауардың ағымдағы бағасы болса, тарап шартта белгiленген баға мен шарт бұзылған кездегi ағымдағы баға арасындағы айырма түрiнде залалды өтеу туралы талап қоя алады [17,145 б.].
Әдетте салыстырмалы мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн тауар беру жүзеге асырылуға тиiстi жерде алынатын баға ағымдағы баға деп танылады. Егер бұл жерде ағымдағы баға болмаса, басқа жерде қолданылған ағымдағы баға пайдаланылуы мүмкiн, ол тауарды тасымалдау жөнiндегi шығындар айырмасы ескерiлетiн қисынды айырбас бола алады.

2.2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты-тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. Сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды.
Тауардың көпшiлiкке арналған офертасы яғни, Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып танылады.Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.
Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы сатып алушыға қажетті және анық ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген талаптарға және әдетте бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.Сатып алушы шарт жасалғанға дейiн, егер бұған тауардың сипатына байланысты тыйым салынбаса және бөлшек саудада қабылданған ережелерге қайшы келмесе, тауарды көруге, өзiнiң қатысуымен тауардың қасиеттерiн тексерудi немесе оның пайдаланылуын көрсетудi талап етуге құқылы.Сатып алушыға тауар туралы тиісті ақпарат алуға мүмкіндік бермеген сатушы тауардың оны сатып алушыға бергеннен кейін пайда болған, сатып алушы өзiнде ақпараттың болмауына байланысты туындағанын дәлелдеген кемшiлiктерi үшiн де жауап бередi [5,138 б.].
Сатып алушының тауарды белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт тараптар сатып алушының тауарды шартта белгiленген мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт жасасуы мүмкiн, осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.Сатып алушының келмей қалуын немесе шартта белгiленген мерзiмде тауарды қабылдап алу үшiн өзге де қажеттi әрекеттер жасалмауын сатушы сатып алушының шартты орындаудан бас тартуы ретiнде қарастыруы мүмкiн. Шартта белгiленген мерзiмде сатып алушыға тауар берудi қамтамасыз ету жөнiндегi сатушының қосымша шығындары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауардың бағасына енгiзiледi.
Тауар сату автоматтарды пайдалана отырып жүргiзiлген жағдайларда автоматтардың иесi сатып алушыларға тауар туралы (атауы, саны, бір тауардың бағасы және т.б.), автоматқа орналастыру арқылы тауардың сатушысы туралы ақпарат жеткiзуге немесе сатып алушыларға сатушының атауы (фирмалық атауы), оның орналасқан жерi, жұмыс режимi, сондай-ақ сатып алушының тауар алу үшiн жасайтын қажеттi әрекеттерi туралы өзге де әдiстермен мәлiметтер беруге мiндеттi. Сатып алушы тауар алуға қажеттi әрекеттер жасаған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берiлмесе, сатушы тауардың сатып алушыға дереу берiлуiн немесе оның сатып алушының сол тауар үшiн төлеген ақша сомасының қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылып шарт жасалған жағдайларда сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен жерге шартта белгіленген мерзімде жеткізіп беруге міндетті. Шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатып алушыға, ал ол болмаған кезде - шарттың жасалғандығын немесе тауарды жеткізіп берудің ресімделуін куәландыратын түбіртекті немесе өзге бір құжатты көрсеткен кез келген адамға тауар табыс етілген кезден бастап сатушы шартты орындады деп есептеледі.
Сатып алушы шарт жасасу кезінде сатушы жариялаған баға бойынша тауарға ақы төлеуге міндетті. Шартта тауарға алдын ала ақы төлеу көзделген жағдайларда сатып алушының шартта белгіленген мерзімде тауарға ақы төлемеуі, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, сатып алушының шартты орындаудан бас тартқаны деп танылады.Сатып алушы тауарға ақыны бөліп-бөліп төлеудің шартта белгіленген кезеңі шегінде тауарға кез келген уақытта толық төлем жасауға құқылы.
Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы. Егер тауар пайдаланылмай, оның тұтыну қасиеттері сақталса және оның сол сатушыдан сатып алынғандығына дәлелдер болса, сатып алушының тауарды алмастыру немесе оны қайтару туралы талаптары қанағаттандырылуға тиіс.
Сапасы лайықсыз тауарды шартқа сәйкес сапасы лайықты тауарға алмастыру кезiнде сатушының шартта белгiленген тауар бағасы мен тауарды алмастыратын немесе тауарды алмастыру туралы сот шешім шығарған кезде қолданылатын тауар бағасы арасындағы айырманың орны толтырылуын талап етуге құқығы жоқ.Сапасы лайықсыз тауарды соған ұқсас, бiрақ көлемi, пiшiнi, сорты және т.б. жағынан өзгеше сапасы лайықты тауарға алмастырған кезде алмастырылатын тауардың айырбастаған кездегі бағасы мен сапасы лайықсыз тауардың орнына берілетін тауар бағасының арасындағы айырманың орны толтырылуға тиiс. Егер сатушы сатып алушының талабын қанағаттандырмаса, бұл баға тауарды алмастыру туралы сот шешiм шығарған кезде белгiленедi. Тауардың сатып алу бағасын соған орай кемiту туралы талап қойылған жағдайда бағасын арзандату жөнiнде талап қойылған кездегi, ал егер сатып алушының талаптары ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, бағаны соған орай кемiту туралы сот шешiм шығарған кездегi тауар бағасы есепке алынады.

2.3 Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу- сату шарты
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi [8,187б.]. Абонентте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желілеріне жалғанған қажеттi жабдық болған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйым онымен энергиямен жабдықтау шартын жасасады. Абонент жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде белгiленген тәртiппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi. Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзiмге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келiсiмi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн. Егер шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн тараптардың бiрiнен жаңа шарт жасасу туралы ұсыныс енгiзiлсе, тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейiн бұрынғы жасалған шартпен реттеледi.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келiскен энергия беру режимiн сақтай отырып, абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент қабылдаған энергияның мөлшерi оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректерiне сәйкес анықталады.Энергия берудi шартта келiсiлмеген мөлшерде қамтамасыз етуге байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым шеккен шығындарды өтеген жағдайда шартта абоненттiң өзi алатын энергияның шартта белгіленген мөлшерін өзгертуге құқығы көзделуі мүмкін.Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады [14,127 б.]. Энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
Абонент өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, энергияны тұтынудың белгiленген режимін сақтауға, сондай-ақ авариялар, өрт, энергия есептеу аспаптарының ақаулы болуы және энергияны пайдалану кезiнде туындайтын өзге де кемшiлiктер туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымға дереу хабарлауға мiндеттi.Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi.Энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйiне және оларды пайдалануға қойылатын талаптар заңдармен белгiленедi. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерiн абонент пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн аспаптарға жiберуге мiндеттi. Олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi заңдармен белгiленедi.
Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.Энергия үшiн есеп айырысу тәртібі заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Абоненттiң энергетикалық қондырғыларының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органы куәландырған қанағаттанғысыз жай-күйi авария қаупiн туғызатын немесе азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайды қоспағанда, энергияны үзiлiспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке энергияны үзiлiспен беру, тоқтату немесе шектеп беру туралы алдын ала ескертуге тиiс. Энергиямен жабдықтау ұйымы жүйесiнде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайда абоненттiң келiсуiнсiз және оған ескертпей, бiрақ оған дереу хабарлай отырып энергияны үзіліспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге жол беріледі.Заңдарда үздiксiз циклды өндiрiс үшiн энергия берудегi үзіліске оның берiлуiн тоқтатуға немесе шектеуге жол берiлмейдi және заңдармен реттеледi.Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда, бұл туралы ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап, пайдаланған энергия ақысын толық төлеген кезде шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтынуға пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым шартты орындауды тоқтатқанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей абонентке ескерткен жағдайда өзi пайдаланған энергияға абоненттiң ақы төлемеуiне байланысты шарттың орындалуын бiр жақты тоқтатуға құқылы.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi. Егер заңдар негiзiнде жүзеге асырылған энергия тұтыну режимiн реттеу нәтижесiнде абонентке энергия беруде үзiлiс жасалған болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым өзi кiнәлi болған жағдайда шарт мiндеттемелерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшін жауапты болады.
Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды.Кәсiпорынның қызметкерлерi жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.Фирмалық атауларды, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және сатушыны дараландыратын басқа да құралдар мен оның өнiмдерiн, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететiн қызметiн пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негiзiнде дараландыратын құралдарды пайдалану жөнiнде сатушыға тиесiлi құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады [2, 119 б.]. Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауға тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын мiндеттемелердiң енгiзiлуi сатып алушыны кредит берушiлер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы кредит берушілер алдында бірдей жауап береді. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
Сатуға жататын кәсiпорынның құрамы мен құны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Шартқа қол қойылғанға дейiн тараптар: түгендеу актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кәсiпорынның құрамы мен құны туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiн, сондай-ақ кредит берушiлердi, олар қойған талаптардың сипатын, мөлшерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, кәсiпорынның құрамына енгiзiлетiн барлық борыштың (мiндеттемелердiң) тiзбесiн жасап, қарауға тиiс.
Сатушы сатылатын кәсiпорынның құрамына енгiзiлген мiндеттемелер жөнiнде кәсiпорын сатып алушыға берiлгенге дейiн оны сату туралы кредит берушiлерге жазбаша түрде хабарлауға тиiс.Борышты аударуға өз келiсiмiн беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған кредит берушi кәсiпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап үш ай iшiнде мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдарды өтеуiн не кәсiпорынды сату шартын толық немесе оның тиiстi бөлiгiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Сатушының кәсiпорынды сатып алушыға беруi өткiзу актiсi бойынша жүзеге асырылады, онда кәсiпорынның құрамы жөнiндегi және кәсiпорынды сату туралы кредит берушiлерге хабарлау жөнiндегi деректер, сондай-ақ берiлген мүлiктен табылған кемшiлiктер туралы мәлiметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру мiндеттерiн орындау мүмкiн болмайтын мүлiктердiң тiзбесi көрсетiледi. Өткiзу актiсiн жасауды және оны қол қоюға табыс етудi қоса алғанда, кәсiпорынды беруге дайындау сатушының мiндетi болып табылады, егер шартта өзгеше көзделмесе, соның есебiнен жүзеге асырылады.Өткiзу актiсiнде екi тарап қол қойған күннен бастап кәсiпорын сатып алушыға берiлген деп есептеледi. Сол кезден бастап кәсiпорын құрамында берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушыға ауысады.
Кәсiпорынның анықталған кемшiлiктерi және жоғалған мүлiк туралы мәлiметтер көрсетiлген өткiзу актiсi бойынша кәсiпорын берiлген және қабылданған жағдайларда, егер мұндай жағдайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсiпорынның сатып алу бағасын тиiсiнше кемiтудi талап етуге құқылы. Кәсiпорынның құрамында сатушының шартта немесе өткiзу актiсiнде көрсетiлмеген борышы (мiндеттемелерi) өзiне берiлген жағдайда, егер сатушы шарт жасасу және кәсiпорынды беру кезiнде осы борыш (мiндеттемелер) туралы сатып алушының бiлгендiгiн дәлелдей алмаса, сатып алушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері
Сатып алу-сату шарты туралы ақпарат
Энергиямен жабдықтау шарты
Энергиямен жабдықтау түрлері
Энергиямен жабдықтау шартының нысаны
Келісім шарт жасау шарты
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
Пәндер