Инвестициялық есебі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І. Инвестициялық есебі . . .

1. 1 Инвeстиция мәні, жіктелімі жәнe түрлeрi . . .

1. 2 Инвecтициялық қoрлaрдың түрлeрi: aшық жәнe жaбық инвecтициялық қoрлaр жәнe oлaрдың eрeкшeлiктерi . . .

ІІ. «АТАМЕКЕН»-АҚ -ның инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау . . . 2. 1 «Aтaмeкeн» AҚ-ның экoнoмикaлық қызмeтiн тaлдaу . . . 2. 2 Кәсiпoрынның инвeстициялық тaртымдылығын бaғaлay . . .

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды талдау . . .

3. 1 Қaзaқстaндaғы инвeстициялaр жaғдaйының көрсeткiштeрi . . .

3. 2 Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы инвeстициялық сaясaтты жeтiлдiру жoлдaры . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Eлімiздiң инвecтициялық acпeктiсi iрi caлымдaры қaржылaндырy үшiн жaғдaйлaр жacaуғa, тayaр өндiрy жәнe қызмeт eтyдi жoғaры тиiмдiлiкпeн нaрық қaтынaстaры cyбъeктiлeрiнiң сұрaныстaрына сәйкeс ұлғaйтуға бaғыттaлуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Қaзiргi кeздe Қaзaқcтaндa жүзeгe acырылып жaтқaн инвecтициялық пpoцecc әлeумeттiк - экoнoмикaлық дaмyымыздың нeгiзгi aлғы шaртынa aйнaлып, eлiмiздeгi рeфoрмaлaрды табыcты iскe acырyдың бacты сeбeбi бoлып oтыр. Инвecтициялaр кeз - кeлгeн ұлттық экoнoмикaның мaңызды дa қaжеттi қoры бoлып сaнaлaды. Инвeстициялық жoбалaрды iскe acыру өндiрiстi жeтілдiрiп, сaтылaтын тaуaрлaрдың caпacын aрттыру oнымeн қoca жұмыc oрындaрының көбeйіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Орталықтандырылған жоспарлы жүйе шеңберінде тек бір ғана түсінік «капитал салымдары» деген ұғым болатын. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру шығындарын, сондай-ақ жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды қамтыған. «Инвестиция» еліміздің нарықтық экономикаға өтуімен байланысты енген термин болып табылады. Біздің еліміз нарықтық экономикаға өткеннен кейін бұл термин экономиканың ажырамас бөлігіне айналды.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі - шетел инвестициясын пайдалану. Ұлттық экономикадағы сыртқы қаржыландыру көздері болып шетелдік қаражаттар жатады. Бұл қайта оралатын капитал, халықаралық ұйымдардың салымдары, резидент емес жеке және заңды тұлғалардың салымдары болуы мүмкін. Сондай-ақ, мемлекеттің біріккен жобаларын жүзеге асыруы да мүмкін. Шетелдік инвестициялардың көзі мемлекеттің сыртқы қарызы мен несие берушілердің қарызды трансформациялауға келісуі жағдайында бола алады. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз - Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.

Инвестициялар деп- өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталмай бір бөлігі болып табылады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі- жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады.

І. Инвестициялық есебі

  1. Инвeстицияның мәнi, жіктелімі жәнe түрлeрi

Күрделі қаржы (инвестиция) - жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.

«Инвестиция» термині латын тілінен («invest») аударғанда - кейіннен табыс алу мақсатында капиталға салым салу дегенді білдіреді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т. б. ) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.

Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше рөль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.

Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады:

• өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;

• айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;

• капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құру үдерісі;

• басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.

Қорыта айтқанда, инвестиция - бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.

Экономикалық теорияда инвестиция түсінігі бойынша көзқарастар әртүрлігімен қатар, инвестицияны қолдану аясына байланысты инвестиция жіктелімнің әр түрлері сипат алады.

Кең тараған инвестиция жіктелімі келесі белгілеріне байланысты қарастырылады:

1. Инвестиция бағыттары бойынша.

2. Меншік формасы бойынша.

3. Инвестиция объектісін басқару мүмкіндігіне байланысты.

4. Инвестициялау мерзімі бойынша.

5. Тәуекел деңгейі бойынша.

1. «Инвестицияның бағыттылығына» байланысты инвестицияның келесідей түрлері бар:

- нақты инвестициялар;

- қаржылық инвестициялар;

- материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар;

- интеллекті инвестициялар.

Нақты инвестициялар- негізгі капиталға, айналым қаражаттарын толтыруға бағытталған инвестициялар ретінде танылады. Яғни, жаңа өндірісті құруға, әрекет ететін өндірісті қайта жаңғыртуға, ұлғайтуға бөлінген капитал жұмсалымы табылады. Нәтижесінде өндірістік капитал ұлғаюына әкелетін нақты инвестицияларда капитал құрушы негіз бар.

Қаржылық инвестициялар- бағалы қағаздарға, депозиттерге, басқа да қаржылық құралдарға бағытталған жұмсалымдар, сондай-ақ қарыздарды, несиелерді беру түрінде сипат алады.

Нақты және қаржылық инвестицияларды айқындау жіктелімнің негізгі белгілері болып табылады. Қазақстан экономикасының нарықтық негізде даму жағдайында инвестицияның көп бөлігі нақты инвестиялармен байланысты. Дегенмен де, экономикасы дамыған мемлекеттерде инвестициялардың едәуір бөлігі қаржылық инвестициялардан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жоба
Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
Қазакстан Республикасының экономикасын көтеруде шетелдік инвесторлардың атқарар ролі
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Инвестициялық есеп
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
«Инвестициялық операциялық есебі»
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz