Балалар энциклопедиясы әмбебап оқулық


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АҚ Қаржы Академиясы
Куралбаева Наима
Тақырыбы: «Ірі бизнесті ұйымдастырудағы паблик рилейшнз»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B03201 - «Бизнес-журналистика» мамандығы
Нұр-Сұлтан 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржы Академиясы АҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. к., доцент Иманқұл А. Н.
«__» 2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ірі бизнесті ұйымдастырудағы паблик рилейшнз»
6B03201 - Бизнес-журналистика мамандығы
Орындаған: Куралбаева Наима Нураликызы
Ғылыми жетекші,
ф. ғ. к., профессор Исаева Жібек Кайруллиновна
Нұр-Сұлтан 2021
АҚ Қаржы Академиясы
Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру факультеті
Бизнес-журналистика мамандығы
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. к., доцент Иманқұл А. Н.
«__» 2021 ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент: Куралбаева Наима
4 курс, 6B03201, ЖК-41 тобы, күндізгі форма
1. Дипломдық жұмыс тақырыбы: Ірі бизнесті ұйымдастырудағы паблик рилейшнз.
2020 жылдың «27» қарашасындағы ректордың № 1935-п бұйрығымен бекітілген.
2. Студенттің дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2021 жылдың «15» мамыры.
3. Жұмыстың бастапқы мәліметтері (заңдар, әдеби деректер, зертханалық-өндірістік мәліметтер) : Зерттеу тақырыбына қатысты арнайы ғылыми әдебиеттер, нормативті-құқықтық құжаттар, ресми статистикалық мәліметтер, сараптамалық кестелер.
4. Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылуы тиіс мәселелер тізімі: Ірі бизнесті ұйымдастырудағы паблик рилейшнз, соның ішінде қоғаммен байланыс жағдайын зерттеу; ірі бизнес түрлерін талдау; ірі бизнесті басқарудағы қоғаммен байланыстың түйткілді мәселелерді саралау;
5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. ) : кестелер, диаграммалар.
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Мәмесейіт Т. «Ірі бизнесті ұйымдастыру», Құсайынов А, Асылов Ұ. «PR мен бизнес», Зоев Д. «Паблик рилейшнз в современном бизнесе».
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
10. 10. 2020
20. 11. 2020
Диплом жұмысының (жобасының) сараптамалық бөлімін дайындау
(Бөлім 2)
Тапсырманы беру күні: 2020 жыл «10» қазан
Ғылыми жетекшісі: Исаева Ж. К ф. ғ. к., профессор
(қолы)
Тапсырманы қабылдаған: студент Куралбаева Наима
(қолы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1 Ірі және инновациялық салалардағы PR менеджмент . . . 11
1. 1 Қоғамдық қатынастардың мәні және оның қазіргі менеджменттегі орны . . . 11
1. 2 Ұйымның PR стратегиясын құру . . . 25
2 Қазіргі заманғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі . . . 35
2. 1 Корпаративтік имидж құру . . . 35
2. 2 Ірі бизнесті ұйымдастырудағы ұйымның имидж, қоғаммен байланыс мәселелері . . . 41
Қорытынды . . . 49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысын жазу барысында бүгінгі кітап шығару ісіне шолу жасалып, балалар кітабының жай-күйіне тоқталып, бала тәрбиесіндегі рөлі анықталды. Қазақстандағы және шет елдердегі оқулық мәселесі көтерілді. Бүгінгінің баласы не оқып жүр? Ана тілімізде шығарылатын балалар кітабына жеке-жеке тоқталдық. «Аруна», «Алматыкітап», «Мектеп» баспаларындағы кітап басу ісінің ерекшеліктері атап көрсетілді.
Қазіргі таңда балабақшалар мен мектеп оқушыларына арналған әдеби шығармалар жоқтың қасы. Бүгінгі жас ұрпақтың мәселесі, ертеңгі ұлттың мәселесіне айналмауына кім кепіл? Сондықтан, бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі ұшан-теңіз екені басты назарда ұсталды. Ақсап тұрған аударманың салдарынан балалардың сөздік қоры жұтаңдануда. Өзге елдің авторларына қол жаюды қашан қоямыз. Баяғының Алдаркөсесі мен Қожаларын жоқтатпайтын туынды қашан туады? Балалар әдебиетіндегі жас авторлардың сиреп қалуының себебі анықталды.
Қазақ оқулықтарының қуантары қайсы, жылатары қайсы? Көптің көкейінде, дау-дамайдың ортасында жүрген «оқулық» мәселесіне зерттеу жүргізілді. Алты бірдей мекеме жабыла дайындап, сегіз сатылы тексерістен кейін де оқулықтарда қате кетіп жүр. Кінәнің кімнен екені анықталып, оқулықтардағы қателерді жоюға арнайы жүйе ұсынылды.
Диплом жұмысының өзектелігі. Кітап оқу-адам миы үшін айрықша жаттығу. Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену-адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады. Бұдан адамның физикалық және психикалық жай-күйі жақсарады. Бұл-ғалымдардың пікірі. Яғни, кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады. Кітап оқуға деген қызығушылық бала кезден қалыптасқаны дұрыс.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей, егер 4-5 жасар балаға ата-анасы аптасына 3-5 рет кітап оқитын болса, өз қатарынан 6 айға озып кетуіне ықпал етеді. Ал күн сайын кітап оқып беретін болса, онда олар құрдастарынан дамуы жағынан 12 ай ілгері болады екен. Баласы 5 жасқа толғанша анасы оның дамуына аса мән бермейтін болса, онда ол құрдастарынан когнитивтік дағдыларының дамуы жағынан 1, 8% -ға артта қалатындығы анықталған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі де бала тәрбиесіндегі кітаптың сапасын жақсартуға бағытталған. Өмірлік азық болатын асыл қазынамыздың құнын арттыру да, түсіру де қазіргі баспагерлер мен авторлардың қолында. Жақсы кітап өмірлік дос болуға татиды. Қоғамымыздың негізгі факторы білім мен ғылым жүйесінің тұрақтылығы. Дегенмен, бұл салада жыл сайын жаңа реформа, жыл сайын жаңа министр. Француздың танымал педагогы Шамен: «Оқулық ұлтты қалыптастыратын феномен» депті. Ғылым мен білімнің қайнар көзі, адам дамуының мәдени негізі - оқулық. Ақпарат әлемі дамыған тұста адами құндылықтарға негіз болатын оқулық мәселесін ерекшелеп қарастыру да
күн тәртібіндегі іс. Болашақ ел азаматтарының бойына отаншылдық сезім мен ұлттық рухты қалыптастыратын төте жол - сапалы оқулық шығару. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырға жуық уақыт болса да, ұлттық білім беру саламыз бен оқулықтарымызды дұрыстай алмай келеміз. Үкімет басында отырған депутаттарымыз да осы мәселені жиі көтеріп келеді. Қазіргі күнде шығарылып келе жатқан көп оқулық білім беру стандартарына сай келмейді. Білім беру стандарты деп отырғанымыз оқу жылының бағдарламасы мен шығарылып жатқан оқулықтардан тұрады. Бұл байланыстың болмауы, тұтас білім жүйесін құртады десек те артық айтқандық емес. Осы айтылған фактрлерде ортақ талап-мүдденің сақталмауынан оқу бағдарламасы бір бөлек, оқулық бір бөлек болып екіге бөлініп кеткен. Мысалы, 2013 жылғы «орыс тілі» пәнінде 20 бірдей тақырып жетіспейді. Кітаптың мазмұны оқу бағдарламасының мазмұнымен сәйкес келмейді. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулығына тағылатын сын көп. Тарихи тұлғалардың өмірі, хронологиясы мен еңбектерінде көп қателер кеткен. Бірінші сыныптың «Ана тілі» пәнінде жануарлар мен өсімдіктерді бірге будандастыру деген тақырып оқытылған. Айта берсек, бұндай жаға ұстатарлық сұмдықтар жетіп жатыр. Ал осындай олқылықтардың орнын қалай толтыруға болады. Бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық ғылыми академия ұсынады, Білім және ғылым министрлігі ұсынылған оқу бағдарламасын бекіткеннен кейін тендер ұтып алған баспаларға береді. Баспалар авторлар тауып, республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығына ұсынады. Орталық бекітіп жатса авторлар баспамен келісім шартқа отырып белгіленген уақыт ішінде оқулық жазуға кірісіп кетеді. Оқулық жазылғаннан кейін сегіз сатылы комиссияның тексерісінен өтеді. Сонда осындай күрделі процестен кейін қате қайдан шығат деп ойлап отырсыз ба? Бұл сұраққа әлі күнге дейін ешкім мардымды жауап берген емес. Айыпты осы алты мекеме бір-біріне лақтырумен келеді. Ал ортада жапа шегетін қарапайым ұстаз бен оқушы.
«Білім беру заңы» бойынша оқулықтар төрт жыл сайын жаңарып отыруға тиіс. Бірақ оқу бағдарламасы жыл сайын өзгеріске ұшырауда. Қазіргі таңда елімізде оқулық шығаруға отызға жуық баспа атсалысып жүр. Бірақ «Атамұра» корпорациясынан өзге баспалардың кітап шығаруға әлеуеті де, техникасы да жетпейді. Сонда олар қалай оқулық шығару бойынша тендер ұтып алады деп ойлайтын шығарсыз. Мені де қызықтырған сол сұрақ еді. Сөйтсек өзге баспалар оқулықтарды шет елдерден шығаруға жібереді екен. Атап айтсақ, Түркия, Қытай, Ресей тіпті көршілес Өзбекстанның баспалары қазақ мектебінің оқулықтарын шығаруда. Мемлекеттің бюджетінен бөлініп жатқан қыруар миллиондар өзге елдің баспасының қалтасын толтыруда.
Баспадағы редактордың рөліне тоқталдым. Автор әкелген қолжазбадан сапалы оқулық дайындап шығару күш-жігер мен төзімді қажет ететін жауапты қызмет. Асығыс дайындалып сапасыз, қатесі көп оқулықтармен бес-он жыл бойы сан мыңдаған оқушылар басын қатырады. Сондықтан қанша жыл кетсе де сапаға мән берген дұрыс.
Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсат - қазақ кітап ісінің қазіргі жағдайын талдау. Бала тәрбиесіне балалар кітабының қосатын үлесін анықтау. Балалар кітабының безендірілуіндегі жасалып жатқан жаңалықтарды саралау. Қазіргі заманғы оқулықтардың олқылықтары мен ерекшеліктерін зерттеу. Оқулықтағы қателіктердің қайталанбауы үшін қолдану керек шараларды, өзгерістерді ұсыну. Балалар басылымдарын шығаратын «Аруна», «Алматыкітап», «Мектеп» баспаларының жай-күйі қандай. Баспалар өз қызметтерін қандай деңгейде атқарып келе жатқанына тоқталу. Балаларға арнап шығарылып жатқан әдебиеттер серияларымен танысу.
Жоғарыда айтылған мақсаттардың жүзеге асуы үшін келесі міндеттерді назарға алдым:
- Баспа және балалар басылымдарымен танысу;
- Бала тәрбиесі және кітап мәселесін ашу;
- Жас балалар мен бүлдіршіндерге арналған кітаптар серияларын анықтау;
- Балалар басылымдарының безендірілу ерекшеліктерін талдау;
- Оқулық шығару ісіндегі олқылықтармен жұмыс істеу;
- Шет елдердегі оқулық шығарудың озық үлгілерін зерттеу;
- Халық арасында электронды сауалнама алу;
Зерттеу объектісі - Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде мектеп қабырғасындағы оқушыларға арналған оқулықтар мәселесі мен «Аруна», «Алматыкітап», «Мектеп» баспаларындағы балаларға арналып шығарылатын кітаптар алынды. Білім және ғылым министрлігінің, «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының жүргізіп жатқан жұмыстары бағаланды. Баспалардың келетін сапасыз оқулықтардағы қателер топ-топқа бөліп қарастырылды. Қатаң бақылау болмаса қатесіз оқулық болмайды. Оқулықтың басылуы басып шығаратын баспа басшылығының көзқарасына тікелей байланысты. Сондықтан да, оқулық басатын баспаларды негізге ала отырып, әртүрлі әлеуметтік фактілерге сүйене отырып жазылды.
Зерттеу әдісі - билік пен халықтың пікірін тыңдау, салыстыру, нақты ізденістер жүргізу, ой түю, алынған ақпараттарды сүзгіден өткізу, қорытынды жасау.
Алдарыңызға ұсынылып отырған диплом жұмысы қазіргі кітап ісін негізге ала отырып жазылды. Бала тәрбиесіндегі кітаптің рөлі анықталып, лайықты деңгейде бағаланды. Басылымдарды безендірудегі қателіктер аталып, озық үлгілері ұсынылды.
Балалардың ақыл ойы толыққанды жетілуі әдебиетсіз мүмкін деу үлкен қателік. Жақсы сапалы балалар әдебиеті кішкентайларды мейірімділікке, бауырмал болуға, достастыққа соынмен бірге, әрі жеңіл түрде адамның бойынан табылатын жақсы қасиеттерге үйретеді. Балалардың өскенде жақсы адам болып, өмірде өз жолын тауып кетуі үшін, бала кезінен бастап кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру қажет. Балалар әдебиетін жазудағы басты артықшылық деп айтамыз ба, жоқ әлде үлкен жетістік дейміз бе балалардың жастайынан ойлауын дамытумен қоса есте сақтау қабілетін жақсарту, алғыр ойлы етіп тәрбиелеу осы балалар әдебиетіне тікелей байланысты. Балалар әдебиеті мен мектеп оқулықтарының қателері сыни көзбен бағаланды.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Қазіргі мектеп оқулықтарына көңіліңіз тола ма? Осы және өзге де сұрақтар қалың көпшілікке электронды сауалнама жүзінде жолданды. Сауалнамаға барлығы 150-ге жуық ата-аналар мен өзге де азаматтар қатысты. Республикамызда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық академиялық кітапхананың, Еуразия Ұлттық университеті кітапханасының электронды оқулықтары қолданылды. Қазіргі кітап ісі және оқулық шығару ерекшеліктері бойынша инфографикалар мен сызбалар дайындалып ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараушадан тұратын екі негізгі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- БҮГІНГІ КІТАП ІСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІБалалар басылымының ерекшеліктері
«Алматыкітап» баспасы - республикамыздағы абыройы мен беделі зор, басты кітап шығарушы жетекші баспалардың қатарында. Бұрынғы кітап сауда дүкені «Қазкітап» мемлекеттік бірлестігінің Алматы бөлімшесінен бастау алған. «Алматыкітап» баспасының ғаламтордағы ресіми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек 1988 жылы мамыр айында жоғарыда айтып өткен -«Қазкітап» республикалы бірлестігінің Алматы облыстық кітап сауда конторынан «Қазақкітап» Қазақ республикалық бірлестігі жанындағы «Алматыкітап» Алматы қалалық кітап сауда конторы болып жаңа атауға ие болған [1] одан кейін де, өзгеріске түскен екен.
Ал 1993 жылы осы Алматыға қарасты сауда үйін жекешелеген кезде «Алматыкітап» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылыпты. Одан кейін 2004 жылы ашық акционерлік қоғам алтын «Алматыкітап» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгерген. Бірнеше жыл өткеннен кейін басшылықтың шешімімен 2007 жылы ел нарығына ауқымы кеңейген, әмбебап «Алматыкітап» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі компания болып бекітіледі.
Баспа бірден балалар кітабына кірісе қойған жоқ. Тек 1999 жылы 7 кітаптан тұратын көркем суретті кітаптар жинағын шығарады: «Уақыт», «Түстер», «Ауа райы», «Қарсы мәндес сөздер. Салыстыру», «Сандар», «Пішіндер» және соңғысы «Өлшеу». Бұл кітаптардың барлығы балаларға арналып әртүрлі түстермен безендіріліп, үш тілде жарық көрген. Баспа кітап нарығы бұдан кейін де тоқтап қалмай, өз өнімдерін алыс-жақын шет елдерге тасымалдай бастады. 2008 жылы алғаш рет мемлекеттік оқулық шығару тендерін жеңіп алды. Осылайша бастауыш сыныптарға арналған балама оқулықтар «Алматыкітап» баспасынан басылып шықты.
Содан бері он екі жыл көлемінде «Алматыкітап» баспасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әріптестік қатынаста оқулықтар басып келеді. Жыл сайынғы оқу жоспарларына сай пәндерге арналған оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтар шығаруда. Баспа құрылғаннан бастап ұлттық болмысымызға сай, дәстүрлеріміз бен салтымызға негізделген кітаптар басуды да дағдыға айналдырған. Баспаның қоржынынан қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмыс-тіршілігін, мәдени мұрасын, ас мәзірін, жыр-дастандарымызды, қару-жарақтарымыз бен зергерлік өнерімізді паш ететін сан салалы ұлттық тәрбиеге сай кітаптар да кездеседі. Осы сериада шығарылатын кітаптардың өзін бірнеше жанрға бөле аламыз. Мысалы, «Қазақ халық ертегілері», «Қазақстан республикасының рәміздері» (Ербол Шаймерденов), «Саятшылық. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы» (Б. Хинаят пен Қ. Исабеков), «Сырмақ өнері» (Ә. Ысқаққызы), «Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер», «Қазақстанның ұлттық бақтары мен қорықтары», «Қазақстанның қызғалдақтары», «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Тарихи тұлғалар»( А. Сужикова мен Б. Тоғысбайұлы), «Қазақтың зергерлік өнері». Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын төл туындыларымыз бүгінгі таңда көпшіліктің сұранысына ие дүниеге айналып отыр. Әрине, бұл «Алматыкітап» баспасының іскерлік қабілеті мен ұлтқа деген сыйластығының нәтижесін. Тағы бір ерекше атап өтетін нәрсе осы баспадан шыққан жоғары оқу орындары, орта білім беру ұйымдары мен мектеп қабырғасындағы оқушыларға, балабақша тәрбиеленушілеріне арнап шығарылған оқулықтар сапасы мен сұранысы жағынан бірінші орында. Баспа тек бір саладағы кітаптарды ғана шығарып қойған жоқ. Әр түрлі саладағы энциклопедиялар мен сөздіктер, анықтамалық кітапшалар жыл сайын жаңа форматта басылып келеді. Сөзімізді нақты дәлелдей кетсек: министрліктің тапсырмасымен балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам», және «Зерек бала» кітаптары бірден көзге түсетін ерекше дизайндарымен, қызықты суреттерімен балаларды өзіне тартып тұрады. Олай болса, оқырманына сүрінбей жеткен озық туындылар баспаның да, автордың да мақсатының орындады.
Қазір мектеп оқушылары отандық авторлардың кітаптарын оқи бермейді. Бұның бірден-бір себебі жасөспірімдерге арналған әдебиеттердің сұрыпталмағандығы. Осы олқылықтың орнын «Алматыкітап» баспасы толтыра білді. Жыл сайын отандық авторлардың жасөспірімдерге оқуға болатын тәлім-тәрбиелік мәні зор туындыларын «Мектеп кітапханасы» сериясымен шығарып тұрды. Бүгінгі таңға дейін еліміздегі проза, поэзия жанрларында жазылған шығармаларды, соның ішінде бұрынғы өткен классиктеріміз бен жас жазушыларымыздың озық туындыларын жаңа үлгіде шығарып келеді. Балдырғандарға арналған қарапайым тілде жазылған, баланың жасына лайықты «Менің алғашқы кітапшам» сериясы да тоқтап қалған жоқ. Бұл серияның тарихы он жылға жуықтап қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz