Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Рамазанова Шнарай

Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты (СҚО мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

білім беру бағдарламасы 5В0200 - «САЯСАТТАНУ»

НҰР-СҰЛТАН, 2021

Л. Н ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика және саясаттану кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Журналистика және саясаттану

кафедрасының меңгерушісі

с. ғ. к.

«» 2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты (СҚО мысалында)

білім беру бағдарламасы 5В020200 - «САЯСАТТАНУ»

Орындаған: Ш. Т. Рамазанова

Ғылыми жетекші: Б. А. Габдулина

Нұр- Сұлтан, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Демографиялық саясатты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіДемографиялық жағдай: түсінігі, шарттары, даму факторларыАймақтық демографиялық саясат мемлекеттік қызмет саласы ретінде
  2. Солтүстік Қазақстан аймағындағы демографиялық процесті реттеудің негізгі бағыттары: мәселелері, шешу жолдары

2. 1. Солтүстік Қазақстан аймағының демографиялық жағдайының жәй-күйін талдау

2. 2. Солтүстік Қазақстан аймағындағы демографиялық процестің ерекшелігі, мәселелері, реттеу механизмдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

КІРІСПЕ СӨЗ ҚАЙДА??? БІРДЕН ӨЗЕКТІЛІК ПЕ???

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - мемлекет жүргізетін жалпы саясаттың қажетті және маңызды элементі болып табылатын қазіргі демографиялық саясаттың маңыздылығымен анықталады. Еліміздің бүкіл сыртқы келбеті, демографиялық көрсеткіштің даму деңгейіне байланысты, осы орайда, мемлекеттің дамуына бағытталған демографиялық саясатты жүргізу өте маңызды.

Демографиялық саясат - әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлшегі, ол мақсаты тікелей демографиялық дамуға әсер ету болған кезде жүзеге асырылмақ.

Демографиялық саясат - бұл мемлекеттік органдар мен басқа да әлеуметтік институттардың мақсатты қызметі, демек, демографиялық саясаттың объектілері - бұл тұтастай алғанда елдің халқы немесе жекелеген аймақтар, әлеуметтік-демографиялық топтар, халықтың топтары, белгілі бір типтегі немесе өмірлік цикл кезеңдеріндегі отбасылар. Осы орайда, еліміздегі демографиялық саясат халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға, өлім-жітімді төмендетуге, онсыз да балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету арқылы табиғи өсімді ынталандыруға және халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының демографиялық саясатын, оның әдістерін және іске асыру жолдарын зерттеу.

Осы орайда, сол мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

1) мемлекеттік демографиялық саясаттың теориялық негіздерін қарастыру, айталық,

2) Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық процесті талдау;

3) Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың тиімділігін бағалау;

4) аймақтағы демографиялық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) әзірленген ұсыныстардың тиімділігін болжау.

Зерттеу объектісі: Солтүстік Қазақстан облысының демографиялық саясаты.

Зерттеу пәні: Демографиялық саясатты іске асыру процесінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Зерттеу әдістері: ақпаратты жинау және талдау, жинақталған материалдарды сұрау және өңдеу, теориялық - зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді талдау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі аймақтардың демографиялық саясатын, мониторинг жүйелерін бағалау, ақпаратты жинау мен өңдеуді басқару әдістерін құру теориясы мен практикасы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелері болмақ.

Зерттеудің теориялық негізіне мерзімді басылымдардағы жарияланымдар, көрсетілген тақырыптық бағыттар бойынша жетекші мамандардың монографиялары қолданылды

1. Демографиялық саясатты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі

1. 1Демографиялық жағдай: түсінігі, шарттары, даму факторлары

Демография - халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді, ең алғаш рет «демография» термині 1855 ж пайда болып, ол француз ғалымы Ахиль ( Аший ) Гийярдың «Адам статистика элементтері немесе салыстырмалы демография» атты кітабының атауында қолданылды. 1872 жылы Санкт-Петербургте өткен халықаралық статистикалық конгрестен бастап «демография» ғылыми термин ретінде қолдынысқа енді.

Демография халықтың территориялық құрамын, санын, олардың әлеуметтік, экономикалық, биологиялық және географиялық факторлардың негізінде өзгеру заңдылықтар себептері мен жағдайларын зерттейді. Демографияда жиынтық бірлігі - адам, ол көптеген белгілерге ие - жыныс, жас, отбасылық жағдайы, білім деңгейі, айналысатын жұмыс түрі, ұлты, олардың басым бөлігі өмір сүру барысында өзгеріп отыратыны мәлім.

Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор рөл атқарады, оған себеп ретінде кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы бір - бірімен ұқсас ғылымдар деп есептеуінде. Алайда, демография ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланыстылықты, заңдылықты қарастырады.

Демографиялық статистика, халық статистикасы белгілі бір ел, территория халқының санын, құрамын, орналасуын және қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға қолданылатын әдістердің бірі. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық нәтижесін айқындайтын сала, халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөніндегі ең дәл және егжей тегжейлі деректерді халық санағы бермек, санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жастық, жыныстық құрамы арнайы есептеулер арқылы анықталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1949 жылдан бері ағылшын және француз тілдерінде «Демографиялық жылнама» деп аталатын халықаралық анықтамалық басылымды тұрақты түрде шығаруда, онда БҰҰ - на мүше елдердегі демографиялық ахуалы туралы ақпараттар жариялануда, сондай - ақ әлем халқының саны мен оның негізгі орналасу аймақтары жөнінде қорытындылар жасалады. Демек, демографиялық құбылыстарды есепке алудың және талдаудың әдістемелік нұсқаулары беріліп тұрады., жылнаманың әрбір кезекті саны белгілі бір демографиялық тақырыпқа арналған, айталық, табиғи өсім, халықтың орналасу географиясы, ұлттық құрамы, халық санақтары, неке мәселелері, көші - қон т. с. с.

Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері жөніндегі материалдар жылнаманың ТМД немесе Орталық Азия елдеріне арналған беттерінде жариялануда. Қазақстандағы демографиялық процесті тарихи әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарына Ә. Бөкейхановтың, М. Шоқайдың, М. Тынышпаевтың деректерін атауға болады. Ә. Бөкейханов 1897 жылдан басталған ауылшаруашылығы санағына қатысып, Ф. Щербин бастаған экспедиция құрамында жұмыс істеп, сондай - ақ, КСРО ҒА антропологиялық экспедициясына қатысып, Маңғыстау, Үстірт өңірінде зерттеулер жүргізіп, сол жердегі жергілікті ру - тайпалардың санын анықтауға күш салған. М. Тынышпаев өзінің “Материалы к истории киргиз кайсацкого народа” атты еңбегінде 1917 жылғы Қазақстан және Орта Азия елдеріндегі халық санын көрсетеп, 1924 ж . "Сана ” журналының №2-3 сандарында статистикалық деректер жариялайды.

Демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру тәсілдері - демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірі. Демографиялық коэффициенттер халық қозғалысындағы өзгерістердің жалпы немесе орташа көрсеткішін анықтайтын өлшем, тұрғындар адамдардан құралса, демографиялық көріністер адамдарға қатысты фактілерден тұратыны мәлім. Осы орайда, демографиялық бақылаулардың барлығы халықтың жалпы санына байланысты демекпіз. Демографиялық коэффициенттер математикалық зерттеу әдістері арқылы шешіледі, қысқаша демографиялық коэффиценттердің компоненттерін атап өтетін болсақ, оларға айтылық, жыныстық коэффицент көрсеткіші; өмір сүрудің орта жасын анықтау коэффиценті; балалар арасындағы өлім көрсеткіші; туу көрсеткіші және коэффиценті; туылғандар саны; туудың суммарлы коэффиценті; миграция сальдосы; эмиграциияның жылдық орташа коэффиценті; иммиграциның жылдық орташа коэффиценті; көші қон қарқындылығының жалпы коэффиценті жатады.

Өсіп-өну, өлім - жітім, некелесу, ажырасу процестері, болашақта халықтың ұдайы өндірісінің негізін құрайтын бөліктері, яғни демографиялық процестер деп аталады.

Осы ретте демографиялық жағдай дегеніміз - белгілі бір территорияда болып жатқан демографиялық процестің күрделі сандық сипаттамасы және сапалық бағасы, айталық, олардың үрдістері, белгілі бір кезеңдегі нәтижелері мен салдары болмақ. Демографиялық жағдай терминін әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде қоғам мен халықтың кешенді көрінісі ретінде де сипаттауға болады, бұл мәселенің практикалық жағы қазіргі демографиялық жағдайда әртүрлі жағымсыз салдарды жоюдың мүмкін жолдарын анықтауда деуге болады. Демографиялық жағдайды барабар сипаттау үшін бірнеше шарттарды ескерген жөн, осы ретте демографиялық процестердің динамикасы талданатын уақыт кезеңін таңдау өте маңызды, бұл қысқа уақыт аралығыныда кездейсоқ жылдық ауытқулармен бұрмалануы мүмкін негізгі тенденцияларды ашу үшін жеткілікті ұзақ болуы керек. Сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық ауысулардан туындаған демографиялық процестің күрт ауытқу кезеңдерін ескерген жөн. Демографиялық жағдайдың сипаттамасы демографиялық процестерді сандық сипаттаумен және сапалы бағалаумен шектелмейді, десек те демографиялық саясаттың тақырыбы болып табылатын мақсатқа сәйкес жағдайды қажетті бағытта өзгерту белгілі бір проблемаларды тудырған факторларды және оларды басқаруды түсінуді талап етеді. Осы факторларды ескере отырып, оларды екі топқа бөлуге болады, айталық, біріншісі, эндогендік факторлар деп аталатындар халықтың өзіне тән сипаттамасымен ұсынылған, оның жынысы-жас құрылымы және көбею параметрлері. Экзогендік факторлар деп аталатын екінші топ сыртқы, негізінен әлеуметтік-экономикалық әсерлермен ұсынылған. Әр түрлі демографиялық факторлар қоғам дамуының маңызды алғышарттары болып табылады. Олар сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы түрлі әлеуметтік байланыстарды тасымалдаушылар қызметін атқаратынын да атап өткен жөн. Олар халықтың көбею процесін, оның ерекшеліктері мен тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, толығырақ жалпы демографияның даму факторларына тоқталатын болсақ, олар мыналар:

1. Экономикалық даму. Экономикалық дамудың алғашқы кезеңіндегі елдерде халықтың өсу қарқыны жоғары болады. Ауыл шаруашылығына негізделген қоғамдарда балалар әлеуетті табыс көзі ретінде қарастырылуда және олар кішкентай кезінен бастап үй жұмыстары мен егістік алқаптарын жинауға көмектесе алады. Осы орайда, сонымен қатар, мемлекеттік зейнетақысы жоқ қоғамдарда ата-аналар көбіне балалардың қарттықтан сақтандыру ретінде әрекет етуін қалайды да, қартайған кезде балалар ата-аналарына қарайды деп күтілеуде. Сәбилер өлім-жітімі көбінесе жоғары болатындықтан, ата-аналардың қартайған кезде оларды күтуге жеткілікті балалары болуы үшін көп балалы болғаны абзал деп қабылданады.

2. Білім. Дамыған елдерде білім әдетте 16 жасқа дейін міндетті болып табылады. Білім беру міндетті болған жағдайда, балалар экономикалық актив емес, экономикалық шығын ретінде қарастырылу тенденциясы байқалады, айталық, Америка Құрама Штаттарында баланың колледжді бітірген кезде шамамен $ 230, 000 болуы мүмкін деп есептеледі. Осылайша, балаларды тәрбиелеуге кететін шығындар отбасы санын азайтуға түрткі болатынын аңғаруға болады.

3. Балалардың сапасы. 1973 жылы Гари Беккер Х. Грегг Льюиспен бірге «ата-аналар шығын мен табыс көлемін талдау негізінде балалар санын жоспарлайды» деген мақаласын жарыққа шығарды. Білімге деген жоғары қайтарымы бар дамыған елдерде ата-аналар балаларына стандартты білім ғана емес, басқаларға қарағанда салыстырмалы түрде жақсы білім беру үшін аз балалы болуға және олардың біліміне көп қаражат жұмсауға ынталандыруда. Балаларға өмірді жақсы бастау үшін кішігірім отбасылар қажет және Беккер жалпы жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсуі шағын отбасыларға тән екенін атап өтті.

4. Әлеуметтік төлемдер / Мемлекеттік зейнетақы. Мемлекеттік зейнетақы жүйесі ерлі-зайыптыларға қарттық кезінде тиімді зейнетақымен қамсыздандыру үшін балалы болуды талап етпейді. Дамушы елдердегі отбасылардың мөлшері үлкен, өйткені балалар оларды қартайған кезде оларға күтім жасау үшін «сақтандыру» ретінде қарастырылуда және қазіргі қоғамдарға бұл қажет емес, нәтижесінде құнарлылық төмендейтінін байқауға болады.

5. Отбасын жоспарлаудың қол жетімділігі. Контрацепцияның қол жетімділігі әйелдерге отбасының санын өз деңгейлеріне жақындатуға мүмкіндік береді деп болмадалады, осы ретте дамушы елдерде контрацепцияның қол жетімділігі шектеулі және бұл жоспарланбаған жүктілікке және халықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін. 2015 жылы Африкадағы әйелдердің тек 33% -ы контрацепцияға қол жетімділігі мәлім.

6. Әйелдердің еңбек нарығына қатысуы. Дамушы елдерде әйелдердің білім деңгейі мен әлеуметтік мобильділігі көбінесе төмен, атап айтсақ, әйелдер жоғары білімді қоғамдарда отбасына емес, жұмысқа басымдық беруге үлкен ұмтылыс бар. Ал дамыған әлемде әйелдер көбінесе кәсіпті таңдайды және балалы болуды кейінге қалдырады, бұған негізгі себеп олар жұмыс істеуге және мансабына назар аударуды қалайды.

7. Өлім коэффициенті - медициналық көмек деңгейі. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында медициналық терапия тез жетілдіріліп, көптеген өлімге әкелетін аурулармен күресуге көмектесті. Өлім көрсеткіштері төмендеп, өмір сүру ұзақтығы өсті.

8. Иммиграция деңгейлері. Кейбір елдерде халықтың көбеюінің негізгі қозғаушысы таза көші-қон болып табылады. Ұлыбританияда 2000 - 2013 жылдар аралығында халықтың таза өсуінің шамамен 50% таза халықаралық көші-қонға байланысты, айталық, Жапония сияқты елдерде, иммиграциялық заңдары өте қатаң, популяциясы тоқырауда екеніне назар аударған жөн.

9. Тарихи факторлар / соғыс.

Мемлекеттің барлық қызмет салаларындағы жетістігі көбінесе оның халқының жағдайына байланысты. Бұл ой А. Смит, Ж. Ж. Руссо, Ш. Монтескье, М. Ломоносов, Д. И. Менделеев және т. б. сияқты көптеген көрнекті ойшылдардың еңбектерінде расталған.

Шын мәнінде, халық санының көбеюінің оң динамикасы елдің жеткілікті өміршеңдігін, әлеуметтік жақсару деңгейін және халықтың болашаққа деген сенімін айғақтайтыны баршамызға мәлім. Демографиялық процестер ішкі және сыртқы саясатта да үлкен рөлге ие, осы орайда, демографиялық мәселелер кез келген елдің экономикалық өсуіне кедергі келтіруі, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлатуы мүмкін. Демографиялық процестерді мемлекеттік реттеу қажеттілігін демографиялық ахуал мен халықтың өсу қарқынына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдері мойындауда екені мәлім. Мемлекет тарапынан демографиялық процестерді реттеу демографиялық саясатты жүргізу арқылы жүзеге асырылмақ.

1. 2. Аймақтық демографиялық саясат мемлекеттік қызмет саласы ретінде

Демографиялық саясат - «өкіметтер тікелей немесе жанама түрде демографиялық өзгерістерге ықпал ету үшін қолданатын», саналы түрде жасалған бағдарлама. Негізінен, бұл механизмдер - «қалыптасқан демографиялық үрдістерді ұлттық мүдде және әл-ауқат жолында өзгертуге немесе жетілдіруге бағытталған әкімшілік бағдарламалар мен басқа да өкіметтік іс-қимылдар» деуге болады. Демограф Джон Мэй «демографиялық саясаттың мақсаты - адамдардың сұраныстары мен қажеттіліктері үшін халық санын және құрылымын реттеу жолымен мәселелерді мүмкіндігінше жұмсарту» деп пайымдаған. Демографиялық саясат әдетте нақты мақсаттарға жету үшін өкіметтерге немесе кейде үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған стратегия түрінде көрініс береді. Процедуралар мен бағдарламалар саяси мақсаттарды іске асыру үшін іске қосылады. Бұл саясат көбіне халық санын арттыруға немесе кемітуге бағытталады. Саясат «жалпы игілік үшін демографиялық өзгерістер мен басқа әлеуметтік, экономикалық, саяси мүдделер арасындағы теңгерімсіздікті жою мақсатында» жасалады.

Демографиялық саясат - ол ел халқына қатысты саясат. Мемлекеттің демографиялық саясатының тарихи мақсаты - демографиялық ең жақсы жағдайлардың жиынтығына қол жеткізуді көздейді. Ағылшын - испантілді ғылыми әдебиеттерде, халықаралық құжаттарда, БҰҰ ұсыныстары мен талдамалық баяндамаларында, негізінен, «халық саясаты» деген термин пайдаланылуда, демографиялық саясаттың нысандарына тұтас елдің немесе жекелеген өңірлердің халықтарын, әлеуметтік - демографиялық топтарды, жұртшылық шоғырын, белгілі бір тұрпаттағы немесе өміршеңдік кезеңі сатыларының отбасыларын енгізуге болады. Демографиялық саясаттың мақсаттары мен міндеттері, атап айтсақ, үкіметтер дің және басқа да атқарушы органдардың саяси бағдарламалары мен мағлұмдамаларында, көрсеткіш және нұсқаулық жоспарларында, саясаттың жаңа іс - шараларын енгізуді, жұмыс атқарып жатқандарын дамытуды айқындайтын заң шығарушылық және өзгедей құқықтық актілерде, қаулыларда тұжырымдалады.

Демографиялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегілерді қамтиды:

  • балалары бар отбасыларына мемлекеттік көмек беру;
  • отбасылық міндеттерімен қоса, белсенді кәсіби қызметті бірге орындауға жағдай туғызу;
  • ауру - сырқау мен өлім - жітімді азайту;
  • өмір сүру ұзақтығын ұлғайту;
  • халықтың сапалы қасиеттерін жақсарту;
  • көші - қон үдерістерін реттеу;
  • халықтың қалаларға шоғырлануы мен орналасуы және басқалары .

Бұл бағыттар әлеуметтік саясаттың, айталық, жұмыспен қамту, кірістерді реттеу, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіби шеберлікке даярлау, тұрғын үй құрылысы, көрсетілетін қызметтер саласын дамыту, мүгедектерді, егде және еңбекке жарамсыз адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру секілді маңызды салаларымен үйлестіріліп, келісілуге тиіс.

Демографиялық саясаттың мақсаттары, әдетте халықтың ұдайы өндірісінің қалаулы режимін қалыптастыруға, халықтың саны мен құрылымы серпіні саласындағы үрдістерді сақтауға немесе өзгертуге келіп саяды демекпіз. Демографиялық саясаттың түбегейлі ерекшелігі демографиялық үрдістер серпініне тікелей емес, демографиялық іс - әрекеттер, неке, отбасы, балалардың дүниеге келуі, мамандық таңдау, жұмыспен қамту, тұрғылықты мекен - жай салаларында шешім қабылдау арқылы ықпал етуден көрінбек. Демографиялық саясат шаралары демографиялық қажеттіліктердің қалыптасуына да, оларды іске асыру үшін жағдайлар туғызуға да әсер етеді.

Демографиялық саясаттың іс - шаралары:

  • экономикалық шаралар- ол ақылы демалыстар, бала туған кезде берілетін әртүрлі жәрдемақылар;
  • әкімшілік- құқықтық шаралар некеге тұру жасын, ажырасу сияқты, түсік жасату және екіқабат болудан сақтану құралдарына көзқарасты, неке бұзылған жағдайда ана мен балалардың мүліктік жағдайын, жұмыс істейтін әйелдердің еңбек режимін реттейтін заңнама актілері;
  • тәрбие және насихат шаралары- қоғамдық пікір, демографиялық мінез - құлық нормалары мен стандарттарын қалыптастыру; діни нормаларға, дәстүрлер мен салт - ғұрыптарға көзқарасты айқындау; отбасын жоспарлау саясаты; жастардың жыныстық білімдері, жыныстық қатынастар мәселелері бойынша ашықтық екенін айтуға болады.

Демографиялық саясаттың іс шаралары ынталандырушылық немесе шектеушілік сипатта болуы ықтимал, осы орайда, ынталандыру мен шектеудің міндеті - мінез-құлықтары үлкен дәрежеде қоғамдық қажеттіліктерге, саясаттың мағлұмдалатын мақсаттарына сай келетін адамдарға артықшылықтар беріп немесе іс - әрекеттері саясаттың саясаттың мақсатына қайшы келетіндерге тосқауыл қоя отырып, мінез - құлықты өзгерту деуге болады. Демографиялық саясаттың ең маңызды бөлігі ол ынталандыру мен шектеудің арасында жатқан іс шаралар оларды «әлеуметтік кепілдіктер » деп атауға да болады.

Демографиялық фактор әлемдегі халқы ең аз елдердің бірі Қазақстанның мемлекеттік дамуында барған сайын маңызды рөл атқара түспек, осы ретте мемлекеттің аумағы елеулі үлкен болғанмен, халқының саны аз, демек, қоғамның әлеуметтік жай - күйі тікелей адамның демографиялық мінез - құлқына әсер етпек. Қазақстандық отбасыларының көпшілігі нарыққа қарқынды ену кезеңінде психологиялық жайсыздық сезінгені де мәлім, десек те адамдардың демографиялық мүдделері мен қажеттіліктерінің барша жүйесі енді жаңа құндылықтарда, жеке адамның барған сайын өз мүмкіндіктерін іске асыруына, бәсекеге қабілетін сақтауына бағдарланып, балалардың санынан гөрі, олардың «өмірінің сапасын» көбірек ойлауды қажет ететін «нарықтық экономика психологиясына » құрылуға тиіс демекпіз.

Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі. «Қазақстан - 2030» Стратегиясында күшті демографиялық саясат ұлттық қауіпсіздіктің жетекші, басымдыққа ие мінддеттерінің қатарына екені айқындалған, осы орайда «Қазақстан - 2030» Стратегиясын іс жүзіне асыру барысында «Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының» 2001-2005 және 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Аталған бағдарламалық құжатта стратегиялық тұрғыдан республикамыздың демография саласындағы мемлекеттік саясаты ел халқының табиғи және механикалық қозғалысындағы негізгі - туу, өлім - жітім және көші - қон үдерістерін репродукциялық, яғни бала туу үшін денсаулықты жақсарту, өлім - жітімді азайту және көші қонды ретке келтіру бойынша іс шаралар қабылдау жолымен реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Демографиялық саясаттың тарихы
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Аймақтық даму проблемасы
Көші қон факторлары
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Қоғамның өркендеуі
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Әлеуметтік қоргау жүйесін құрудагы альтернативтілік принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz