Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКО-РУССКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ

ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ

ДНЕВНИК ПРАКТИКИ

Студент_Амангелдіқызы Малика
Студента
Курс_4________
Курса

Актобе 2021 г
Общие сведения
ФамилияТегі_______Амангелдіқызы___ ___________________________________ ____

Имя
ОтчествоАты-жөні Малика_____________________________ __________________

ГруппаТобы_____401________________ ___________________________________ __

СпециальностьМамандық_____________ __Ақпараттық_жүйелер_______________ ________________________

Организация (предприятие): Ұйым (Кәсіпорын)
Әйтеке би аудандық мемлекеттер кірістер басқармасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Руководитель практики: Тәжірибе жетекшісі
Берсүгіров Нұрлан Маратұлы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ответственный за профессиональную практику на кафедре Кафедрадағы кәсіби практикаға жауап береді
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сеилханова Рахиля Бексовна

Урок практики по учебному плану______________________________ _______
Тәжірибедегі сабақ кестесі

Дата прибытия на место практики _18_____Қантар___2021__ж.
Тәжірибе орнына келген күні
М.П.
М.Ө

Дата убытия с места практики _23____Сәуір___2021__ж.
Тәжірибе орнынан кеткен күні
М.П.
М.Ө

Дата прибытия на место практики __________________20___г.
Тәжірибе орнына келген күні
М.П.
М.Ө

Дата убытия с места практики ________________20___г.
Тәжірибе орнынан кеткен күні
М.П.
М.Ө

Мазмұны

І. Кіріспе
1. Салық Басқармасы және оның қызметі
2.Салық Басқармасындағы қызметтердің ұйымдастырылуы және Құрылымы

ІІ. Негізгі бөлім
1.Ұйымның жалпы әкімшілік жағдайы
2. Салық қызметкерлерінің міндеттері, қызметі және этикасы
3.Акцизді әкімшілік ұйымдастыру бөлімі. Қызметкерлердің функционалдық міндеттері, атқаратын негізгі жұмыстары
4. Ақпараттық технологиялар бөлімі

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Мен Амангелдіқызы Малика,өндірістік тәжірибемді "Әйтеке би салық басқармасы"-да өттім.Тәжірибенің өту аралығы 18.01.2021- 23.04.2021. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым,тәжірибеден өтетін мекемемнің құрысылымен ,ол мекеменің бөлімдерімен атқаратын қызыметтерімен,қауіпсіздік ережелерімен ,жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелермен танысу.Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен танысу, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру.Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімді іс-жүзінде жасап көру.Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларынмен танысып , солармен жұмыс істеу.Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе.

САЛЬІҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЬІ ЖӘНЕ МӘРТЕБЕСІ.

Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық Басқармасынан және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен турады. Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті,ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды.
Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастықтарын Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы тағайындайды,
Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталык, және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақиарат алмасады Мемлекеттік өкімет органдар Қазақстан Республикасьшың салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөшндегі

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
-- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
-- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
-- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:
1) салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау;
2) салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы алу;
3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4) салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сөйкес шаралар қолдану;
5) салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салык, полициясының бөлімшелерімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
б) мәліметтер құпиясын сақтау.
Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, декларция мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
2) ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар , ауызша және жазбаша түсініктеме алуға;
3) салық полициясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;
4} өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе турған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа да үй-жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;
6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданың бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге;
8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындаш ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.
Алмалы аудандық салық басқармасының барлық бөлімдері өз жұмыстарын Президентінің Заңдық күші бар "Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер" жарлығы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
Аудандық салық төлеушілер бөлімі. Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары және т.б.) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды (барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т.б) бірінші математикалық логикалық,яғни айқын қателерді тексереді мысалы: салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс толтырылған құжаттарды ақпараттық жабдықтау бөліміне береді.
Ақпараттық жабдықтау бөлімі. Ақпараттық жабдықтау бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жұмысты ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
:: Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
:: ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ орнату;
- Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жұмыс жасауға үйрету;
:: Аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;
:: Салық комитетінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;
:: Ағымдағы есептердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін, қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге міндетті;
:: Қазақстан республикасының Кіріс министрлігінің тапсырмасы бойынша тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын қамтамасыз ету;
:: Техникалық оқуларды өткізу;
:: Бюджетке уақытысында төленбеген 1-ші есеп беру бойынша айлық есеп берудің орындалуын қамтамасыз ету;
:: Бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру кәсіпорынның түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты дайындалады;
:: "Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін" және "Жемқорлықпен күрес" жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға міндетті.
Аудандық салық комитеттердің қолданатын программасы, ол Қазақстан Республикасының интерленген салық ақпараттық жүйесі(ИСАЖ). Ол Қазақстан Республикасының салық органдары мен салық төлеушілері арасында қолданатын біріккен ақпараттық ортасы. Қазақстан Республикасының ИСАЖ жүйесінің негізінен ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін байланыстыру ортасы болып табылады. ИСАЖ ең бірінші тапсырушысы Қазақстан Республикасының Кіріс Министрлігінің салық комитеті болған, ал бұл программаны өңдеген Қарағанды қаласындағы фирма Плюс микро Жеке шаруашылық серіктестігі болған. Тапсырушының негізгі мақсаты ол: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру және салық комитеті қызметкерлерінің жұмыс орындарын автоматтандыру. ИСАЖ негізгі басылымдылықтары болып мыналар табылады: салық төлеушілердің мемелекеттік реестрлерін бір орталықтан жүргізу, яғни салық төлеушілерді тіркеу, есептен шығару, салық төлеушілер жайлы қосымша мәліметтер енгізу, автоматты түрде жеке есеп айырысу шоттарын ашу. ИСАЖ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: салық төлеушілерді тіркеу қажетті құжаттарды қабылдау, алынған мәліметтерді сақтау, салық төлеушілерге регистрациялық нөмір беру және тіркелгені жайлы растау құжатын береді.Аудандық деңгейде тіркелу жайлы өтініш қабылданып республикалық деңгейге жіберіледі, республикалық деңгейде жеке шоттарды жүргізу декларациялардың өңделуін штрафтардың есептелуін, салық төлеушілердің артық төлеген төлемдерін қайтарады. Салық төлеушілердің жеке шоттары туралы мәліметтер Астана, Алматы қалаларында облыстық деңгейдегі мәліметтер, мәліметтерді тіркеудің соңғы қорытындылары жүзеге асады, содан кейін салық төлеушілерге регистрациялық нөмер(РНН) беріліп мәліметтер базасында сақталады.Салықтық әкімшілік етудің негізгі есебі ол: салық операцияларын жоспарлау, орындалуын бақылау, генерациялау болып табылады. Негізгі атқаратын функциясы құжаттар айналысын автоматтандыру, тексеру қорытындыларын өңдеу, хабарламалар генерациясын автоматтандыру.

Құқытық жабдықтау бөлімі. Аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді;
:: белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі;
:: аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға жүргізуін міндетті;
:: салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті;
:: мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп беруді жүзеге асырады;
:: аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың, шешімдердің дұрыстығын тексереді.

Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру. Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.
Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
- Тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;
:: Салық комитетінің жұмыстарын жақсарту- әр бөлім бойынша олардың функционалдық міндеттер шеңберін анықтау;
:: Аудандық салық комитетінің басқармасына салық комитетінің жұмысын жақсарту жайлы ұсыныстар жасау.
:: Басқарманың ағымдағы және қорытынды ақпараттарды уақытысында алуын бақылау;
:: Жоғарғы органдардың сұранымдарына уақытылы жауап қайтарылуын бақылау;
:: Қалалық салық комитетінің жоспарлы кеңестерінің хаттамаларын құрастыру;
:: Салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіретін семинарлар,кеңестер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
Кадрлар жұмысы бойынша:
:: Барлық қызметкерлердің дербес ісін жүргізуге, яғни дербес кітапшаларын толтырады;
:: Жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кезекті демалыс және т.б бұйрықтар шығарады;
:: Комиссиялар кеңесін өткізуді ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын өткізу;
:: Қызметкерлердің істеген жылына байланысты еңбек стажын белгілеу;
:: Қызметкерлер бойынша статистикалық есеп беруді дайындау;
Архив жұмыстары бойынша:
:: Салық төлеушілердің құқытық істері жөніндегі құжаттардың уақытылы жиналуына;
:: Салық төлеушілердің сұранысы бойынша басқа аудандық салық комитетіне ауысуына байланысты қосымша құжаттарды тағайындау;
Іс-қағаздары бойынша:
- бөлім басқармаларына хаттардың уақытысында тапсырылуын орындау.
Өндіріп алу бөлімі. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
- салық төлеушілердің бюджетке берешек қарыздары және қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерін талдау;
:: салық төлеушілердің және оның дебиторларының есеп айырысу шотына уақытылы төлемдердің түсуін бақылау;
:: салық төлеушілердің дебиторлары жайлы мәліметтердің жүйелі болуы, сонымен қатар жазбаша түрдегі хабардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
:: кәсіпорындар иелігіндегі мүліктердің тізімін ұйымдастыру;
:: аукционға қатысқан мүліктің табысының бюджетке түсуін қадағалау;
:: бюджетке қарызы бар салық төлеушілердің ақшаларының өздерінің банктегі есеп шотарына түсуін бақылау;
:: 2-Н формасын жасауға қатысу, мәліметтер ұсыну
:: ГАИ, қалалық жер комитеті, БТИ басқа да мекемелерімен бірлесе отырып жұмыс жасау;
:: қарыздары бар кәсіпорындарды заң бойынша жауапқа тарту үшін қажетті құжаттарды жинап құқықтық бөлімге беру;
:: өз уақытысында салық есептілігін тапсырмағаны үшін жеке есеп айырысу шоттарын жабу;
:: салық төлеушілердің мезгілінде төленбеген салықтары туралы жазбаша хат хабар беру.

Жанама салықтар бөлімі.Негізгі міндеттері ол салық комитеттінің ұсынылған декларациялардың, есептеулердің дұрыстығын, салықтың дұрыс есептелуін жеке және заңды тұлғаларға салынатын жанама салықтардың уақытысында төленуін қадағалайды. Жанама салықтар бөліміне келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
-қосылған құнға салық және акциз бойынша қабылданған декларацияларды жинақтап, тіркелген салық төлеушілерді тексеру;
-тұрақты дебет сальдосы бар кәсіпорындардың жай-күйін бақылау;
-жабдықтаушылардың есеп-фактураларын электронды мәліметтер базасын қолдана отырып тексеру;
-акциз бойынша тематикалық тексерулерді жүзеге асыру;
-рейд тексерулерін жүзеге асыру;
-көлік жанармай құю станцияларын хронометражды тексеруін ұйымдастыру;
-№558 шешімге сәйкес кедендік құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қосымша құн салығының төленбеуін бақылау

Заңды тұлғалардың аудит бөлімі. Егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса, тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
-шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады;
-2-Н формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау.
-әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық бөлімге беру;
-акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген салықтардың толық төленуін тексеру;
-құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру;
-Салық Кодексіне сәйкес келмейтін инспекторлардың іс-әрекеттері жайлы заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап оны тексеру;
Техникалқ тексеруді қамтамасыз ету тобы бойынша орындалатын іс-әрекеттер:
:: бұрын болған тексерулер жайлы мәліметтер ұсыну;
:: жеңілдіктер берілген кәсіпорындар жайлы мәліметтер ұсыну;
:: тексерілетін кәсіпорынның активі,банктегі есеп айырысу шоты, сауда нүктелері жайлы ақпарат дайындау;
:: Кәсіпорындардың кассалық аппаратары бар ма? бар болса, салық комитетінде тіркелген бе? тіркелсе оның тұрақты есеп беруін және кассалық тәртібін тексереді.

Есеп және жинақтық талдау бөлімі. Негізінен бөлім бюджетке түсетін түсімдердің есебін жүргізеді.Төлемдер есебі бойынша функционалдық міндеттерін төменде келтіреміз:
:: бюджетке қаржының түсуінің есебі;
:: салық төлеушілердің жеке шоттарының
уақытысында ашылуы және толығымен жүргізілуі;
:: басшылықты қажетті ақпарататтармен қамтамасыз ету;
:: салық төлемдерінің түсуі жайлы 1-Н есеп беруін және 1-Н төленбеген салық жайлы есеп берулерді жедел жасау;
:: бюджетке түсетін түсімдердің уақытылы және толықымен түсуін бақылау;
:: түбіртектердегі(квитанция) мәндерді мәліметтер базасына енгізу және дұрыс емес төлемдермен жұмыс жасау;
:: салықты есептеу үшін жаңа мөлшерлемені есептеу;
:: "Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы" Салық кодексінің 39-бабына сәйкес салық төлеушілердің мерзімінде төлемеген төлемдері үшін заң бойынша жауапқа тартылатын салық төлеушілердің тізімін қүқықтық бөлімге тапсыру;
Жинақтық талдау бойынша орындалатын міндеттер:
:: Кәсіпорындардың жай-күйі туралы айқын, мерзімінде ақпарат ұсыну;
:: ірі кәсіпорындардың салық және басқа да міндетті төлемдерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету;
:: барлық салық бойынша айлық түсімдердің динамикасын жасау;
:: барлық салықтардың болжамының орындалуын факторлық талдауды жүзеге асырады;
:: бекітілген салықтар бойынша жобалық көрсеткіштерді талдап ұсыну;
:: айналым қоры 500000 мың теңгеден жоғары қоры бар кәсіпорындардың есептіліктерін қабылдайды.

Жеке тұлғалардың аудит бөлімі. Жеке тұлғалардың салық комитетіне ұсынған декларациялардың айқындығын тексереді, 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, шетел азаматтары болса немесе шетелде табыс тапқан жеке тұлғалардың салық төлемдерінің дұрыс есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларға салынатын салықтардың мезгілінде бюджетке түсіп отыруын қамтамасыз ету. Инспекторлар өздеріне белгіленген аумағы бойынша салық жинауды жүзеге асырады.
Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім. Негізгі атқаратын қызметтері заңды тұлғалардың есептіліктерін қабылдау, арнайы салық режимі бойынша тіркеу карточкаларын беру, қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған салық төлеушілерді есепке алу немесе есептен шығарып тастау, белгіленген мерзім бойынша қағаз түрінде, почта арқылы салық есептілігін қабылдау, әр салық есептілігін мәліметтер базасында тіркеу екі рет тіркеу нөмерінің берілмеуін жібермеу.Тоқсандық есептілік бойынша салық төлеушілердің жеке есеп айырысу шоттарын түгендеу белгіленген мерзімі бойынша есептілік тапсырмаған кәсіпорындардың есеп айырысу шоттарын жабу және бұндай мәліметтерді өндіріп алу бөліміне береді. Заңды тұлғалар бөлімі басқа бөлімдер сияқты өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлердің салықтық есеп-қисаптарын қабылдау және өңдеу
бөлімі қызметкерлерінің қызметтік міндеттері

Бөлім жұмысы Қазакстан Республикасының Салық және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің салықтық қызмет
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпарат
Салық қызметі туралы
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Салық қызметінің органдары
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Құқық қорғау органдары туралы
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару. Салық комитетінің құқықтық мәртебесі. Салық органдар қызметкерілірінің құқықтық мәртебесі
Пәндер