Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І-тарау. «Мәдени Мұра» бағдарламасының аясындағы Қазақстанның

тарихи және мәдени ескерткіштері . . .

1. 1 Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану . . .

1. 2. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен сақтаудың маңыздылығы . . .

ІІ -тарау. Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер . . .

2. 1. Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері . . .

2. 2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері . . .

2. 3. Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері . . .

2. 4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.

Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар -міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы -Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер туралы бұл бітіру жұмысында баяндалады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.

Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселердің бірі.

Зерттеу деңгейі және тарихнамасы: Тарих ғылымының даму барысында еліміздегі Қазақстан тарихы мәселесінің ірі зерттеу орталықтары қызметінің нәтижесінде және қазіргі замандағы Отандық алдыңғы қатарлы тарихшылардың басты еңбектері негізінде қалыптасқан тұжырымдар жиынтығы болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми теориялық және практикалық маңызы:

Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмашылық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді.

Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. «Мәдени Мұра» бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

1. 1 Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңы 1992 жылғы 2 шілде қабылданды. Қазақстан Республикасында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 2004 жылдан бастап іс жүзіне асырылуда. Бағдарламаның мақсаты - елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шет елдерде насихаттау.
2003 жыл мәдениет дамуындағы белесті кезең жылдың басты оқиғасы Қазақстан мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың халқымызға Жолдауындағы «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдауында еді. Зерттеуге ұсынылған археологиялық кешендер, оның ішінде ауқымды қазба жұмыстары олардың маңызына және бұдан бұрын жүргізілген зерттеушілердің белгілі бір бөліктері есепке алына отырып таңдалып алынды: бұлар - аса маңызды әрі халықтың генетикалық жады үшін дәлел болып табылатын тарихи-мәдени эталонды ескерткіштер және «Бүкіләлемдік мәдени мұра» бағдарламасының қазіргі номинаттарының тізіміне енгізілген ескерткіштер. Мәдени мұраны зерттеу - ең алдымен, өткен тарихты, тарих пен мәдениет тарихының терең бастауларын танып-білумен байланысты. Қазақстан үшін де, басқа елдер үшін де антропогенез мәселелері - адамзаттың ерте дәуірдегі дамуын, оның материалдық және рухани мәдениеті, Еуразия мен Африканың жақын және алыс аумақтарымен өзара мәдени байланыстағы елдің алар орнын зерттеу аса маңызды болып табылады. «Мәдени мұра» - әр алуандығымен байырғы өркениетті қоғамның басты белгісі, ұлттық және мемлекеттік дүниетанымның интеграциялық құрамдас бөлігі болып табылады. «Мәдени мұраның» заттық бөлігі халықтың материалданған жады тәрізді көрінеді. Ал оның маңызды бір бөлігін археологиялық мәдени мұра құрайды. Ол археологиялық ескерткіштердің барлық түрлерін қамтиды: тас және қола дәуірінің тұрақтары; кен өндіру, суландыру жүйелері; қорғандар мен бекіністердің үйінділері; мүжіліп шөккен өркешті қорғандар; ортағасырлық қалалар; монументальды құрылыстар. Кәсіби мамандар арқылы тиісті дәрежеде қазылған және мұражайға айналдырылған, зерттелген бұл ескерткіштер адамзаттың аса құнды ақпараттық қорын, сондай-ақ оның біртұтас материалдық жадын құрайтыны анық. Қазіргі қоғам үшін «Мәдени мұра» айрықша мәнге ие болуда. Оның әсіресе ғылыми-техникалық революция мен электрондық ақпарат құралдары дәуірінде қажеттігі айқын сезіледі, өйткені жаһандық стандартқа жетелейтін, даралықты, оның ішінде жекелеген тұлғаларды да, тұтастай халықтарды да өз ырқына алып кететін жаңадан орын алған стеротиптер дәлелдей түсуде. Ғасырлар бойы қалыптасқан көптеген мәдени дәстүрлер, оның ішінде мінез-құлық пен мораль да бар, жоғалып жатыр. Қазақстан мәдени мұраны сақтап қалу мен пайдалану мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Дамыған елдерде әл-ауқат деңгейінің жоғары болуының өзі бұқаралық туризмнің дамуына, туристік индустрияның қалыптасуына ықпалын тигізіп келеді, ал бұл «Мәдени мұраға» деген көзқарасты экономикалық жағынан жақсарта түседі. Қызығы да қиыншылығы бар осындай игі істердің басында қазіргі кезде К. Байпақов, З. Самашев, В. Зайберт, С. Жолдасбаев, Ж. Таймағамбетов, М. Елеуов, М. Қожа, Ә. Төлеубаев, А. Марьяшев, Ә. Ақышев, В. Евдокимов, А. Подушкин, Р. Бурнашева, Т. Савельева, М. Хабдуллина, Е. Смағұлов, Ж. Құрманқұлов, Н. Алдабергенов, Т. Жауымбаев, Ж. Смайлов, О. Артюхова, А. Досымбаева, Ю. Мотов, А. Ермолаева, М. Тұяқбаев, М. Қасенов, А. Бейсенов, А. Бисембаев, А. Рогожинский, И. Кукушкин, В. Варфолемеев, А. Плешаков, Д. Тәлеев, А. Волошин, Г. Терновая, Ж. Жетібаев, Ғ. Омаров, В. Мерц, В. Логвин, Ғ. Бексейтов, Г. Петенева, Ғ. Ысқақов, Г. Жұмабекова, Д. Воякин, Г. Базарбаева, Т. Лошакова, А. Астафьев, А. Оңғар, Е. Есжан, С. Ақылбек, А. Ержігітова, С. Мургабаев, М. Бақтыбаев, Б. Железняков, А. Горячев, С. Потапов, Т. Мамиров, А. Чотбаев, О. Кузнецова, С. Ілияс, С. Қалиев, Ж. Утубаев, Д. Байтілеу, А. Нұсқабай, Е. Төлегенов, М. Сейітқалиев, Е. Әміров, Е. Оралбай, Т. Өсеров және т. б. археологтар тұрғанын мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде орналасқан - көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен. Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда болған. Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаға археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б. з. д. IV-II ғғ Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі. Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі - Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет туындысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция Абылай хана» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объект) және жергілікті (11 277 объект) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г. Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975) . С. Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В. Ф. Зайберт неолит кезеңінің А. е. материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А. А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М. К. Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған - 171 А. е. ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында-026, Булаевта -3, Возвышенскийде -, Жамбылда - 17, Есілде - 50, Мамлютте - 1, Пресновта - 6, Сергеевте - 50, Аққайыңда -3, Қызылжарда-13 нышан бар. А. е. облысы су көзі - Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 А. е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд. ) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 А. е. бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а. ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солтүстік Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум. -мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т. б обалар қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданыдағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда табылған А. е. де қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Петропавл қ. жерінде әр дәуірдің 16 А. е. болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана - ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.

Бұл тарихи туристік - экскурциялық сапарлардағы орны ерекше. Архиологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурция жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайран, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Архилогиялық - тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.

Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай - ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады.

Орта ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз қалалары, т. б. елді - мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т. б. орта ғасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлемендегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб - Араб мешіті, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, т. б. жатады.

Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа қоғам адамдар маңында (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі, Ибрахим ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданында Исмаил ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында Артық, Айман кесенелері, Балхаш қаласы маңында Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелі орындары бар.

Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыры ескерткіштер. (Алматы облысы), Қордайдағы (Жамбыл облысында) Өтеген батыр, Ақтөбеде Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қара Керей Қабанбай ескерткіштері жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументы, Астанадағы үш ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Еңлік - Кебек кесенелері, Шохан Уалиханов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Дина Нұрпейісова, Абай Құнанбаев, Абылай хан, Әлия мен Мәншүк, Амангелді Иманов, Ілияс Жансүгіров, Сакен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т. б. көптеген естелік орындар жатады.

Солардың ішіндегі туристерді аса қызықтыратын ерте орта ғасырлық сәулет құрылыс нысандарының бірі - ежелгі Қойлық қаласының шығыс шетіндегі мұсылман моншасы - Хамам.

Ежелгі Қойлық қаласының ірі сауда орталығы болғанын айғақтайтын жақсы сақталған, туристік тұрғыдан алғанда ең тартымды әрі маңызды екінші нысан - ежелгі қаланың Солтүстік Батыс шетіндегі ауданы 400 шаршы метрден асатын - будда храмы. Храм табынатын кең орталық және оған жапсарлас жатқан бірнеше қосалқы бөлмелерден тұрады.

Ауданның 48 - 50 шаршы метрге жететін орталық бөлме өтетін ғибадат ету қызметін атқарған.

Табынатын орталық бөлменің жан - жағынан ені үш метр болатын қосалқы бөлмелер ұзыннан ұзаққа созылып қоршап жатыр. Кіре беріс бөлме дәліз қызметін атқарған. Ғимараттың биіктігі - 3 метр, керегелерінің қалыңдығы - 80 сантиметр. Ең астында іргетас қызметін атқаратын екі қатар күйдірілген қыш кірпіштің үстіне 5 - 6 қатар шикі саз кірпіштер қаланып, тағы да екі қатар күйдірілген кірпіштер қаланған. Орталық бөлменің табанынан 1 - 2 метр биіктікте бүкіл керегені бойлай көлбей қаланған арасы қуыс екі қатар кірпіш бар. Қуыс дәлізбен орталық бөлмені бір - бірімен байланыстыратын есіктің жақтауыда айқын байқалады. Ол бөлмелердің ішін желдетіп, керегені ылғалдан сақтау немесе бүкіл керегені бойлай салынған түтін шығатын жылу жүйесі қызметін атқаруы мүмкін.

Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес, ежелгі Қойлық қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін архиологиялық қазба жұмыстары жүргізілген шығыс моншасы, бай саудагердің үйі, мұсылман мешіті, будда храмы сияқты маңызды - әлеуметтік - тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет.

Қаржы тапшылығына байланысты археологиялық жазба жұмыстары жүргізілген сәулет - құрылыс нысандары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, қойлық Қойлық (Қиялық) қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс моншасымен басқа да әлеуметтік -экономикалық мағынасы бар нысандарды толығымен қайта қалпына келтіріп, ашық аспан астындағы тарихи - археологиялық қорық- бақ ашу болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:

Еліміздің оңтүстік шығысындағы - дәліз қызметін атқаратын Алматы облысының аумағының қолайлы көліктік жағдайы;

Қытаймен тікелей мәдени, сауда - экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы;

Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи - мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар Алматы - Өскемен, Алматы - Жаркент - Қорғас тас жолдары мен темір жолдарға жақын жерлер.

Қазақ тарихы және және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы - мекеме қоғамы. 1972 жылы 7 қаңтарда құрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді қорғау ісіне қатысу тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдылықтарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады. Мемлекеттік ескерткіштерді қорғау органдарының жұмысына жәрдемдеседі, ескерткіштердің сақталуына, пайдалануына, жөнделуіне және қалпына келтіруіне қоғамдық бақылау жасайды, тарих және мәдениет ескерткіштері туралы ғылыми танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның негізінде Отанына, тарихына сүйіспеншілігі құрмет сезімін тәрбиелеу шараларын жүргізеді. Барлық облыстарда және Алматы қаласында қоғамның бөлімшелері құрылды. “Жалын”, “Жазушы”, “Өнер”, “Қазақстан” баспаларынан тәрихи және мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар жарық көрді.

Қоғам “Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері” атты үш жинақты, “Атамекен”, “Мұра” атты тарихи публисистикалық альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығады. Жыл сайын өткізіліп тұратын “Матғұлан тағылымы” атты ғылыми конференция ұйымдастырып, қаржыландырып келеді. Әр түрлі экологиялық экспедицияларқа қатысты Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата, Алматы облысындағы Черкаск қорған - мемориалы, Атырау облысындағы Исатай Тайманов ескерткішінің құрылысы, Ақтөбе облысындағы Есет батыр бейіті, т. б. қоғам қаржысына орнатылды. Сол сияқты Астанадағы Кенесары ескерткішін, Семейдегі атом сынақтарының құрбандарына арналған монументті, Алматыдағы Тәуелсіздік монументін жасауға қатысты.

1. 2 Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен сақтаудың маңыздылығы.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану
Ақсуат ауылдық округі
Н.Назарбаев: «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өмірімізде ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең
Тарихи Қалалардың ескерткіштері
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері туралы
Рухани - мәдени өмірге қатысты жобалар мен бағдарламалар Халықаралық интеграция
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
«Мәдени мұра» бағдарламасы
Тамғалы петроглиф тас кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz