Құрама баяндауышты тұлға


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерліклік қоғамы
"Филология" факультеті
"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Баяндауыш туралы жалпы түсінік
Орындаған:Құдайберген Перизат
Қабылдаған : Әділбекова Жеңіскүл
Тобы :Фи 18 1к2
Шымкент 2021ж.
Жоспар
І КІРІСПЕ
Баяндауыш
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Баяндауыштың сұраулары
2. Баяндауыштық тұлға
3. Баяндауыштың жасалу жолдары
4. Баяндауыштың түрлері
5. Етістікті баяндауыш
6. Шартты райлы етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
7. Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
8. Көсемшенің баяндауыш болуы.
9. Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
10. Етістік түрде баяндауыш болуы
11. Есімді баяндауыш
12. Зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
БАЯНДАУЫШ
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. X. Басымов: «Баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді», - де- се I. Бəйтенов:
- а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен кейін тұрған сөзді баяндауыш
- , ə) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш.
- б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз баян- дауыш болады, -деп талдайды . С. Аманжолов: «Бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесінбаяндауыш жəне бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш» - дейді.
Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарт- тар барын көрейік:
1) Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;
2) Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;
3) Баяндауыш бастауыштың əртүрлі қасие- тін көрсетеді дегенді əр автор түрліше көрсетеді:
- а) ісін, қи- мылын
- ə) оған қоса жайын, күйін, заттың, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс əрекеттің сапасын;
- в) қасиетін;
- г) амалын;
- д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін;
4) Баяндауыш- тың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі;
5) Пре-дикативтілік білдіруі;
6) Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;
7) Сөйлемнің бас мүшесі екендігі.
Бастауыштың сөйлемдегі негізгі ойға ие екендігіне дау бол-маса керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты болуы - оның негізгі қасиеті де. Сондықтан бастауышқа баяндауышты бағынышты деген пікір дұрыс. Баяндауышсыз жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құралмаса керек. Баяндауыш - қай сөз табынан болмасын бəрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны сөйлем дəрежесіне жеткізу жағынан қандай тұлғада, қай орында келуіне қарамастан басты тұлға. Баяндауыш бастауышқа бағынышты бола отырып, оның əр іс-əрекет қасиетін көрсететіндігі туралы пікір əрқилы. Соның бəрін жинақтай келгенде, баяндауыш болатын сөздің қай сөз табынан болатындығына байланысты оның (яғни баяндауыштың)
мағынасы айқындалады.
Етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс-əрекетін, жайын, күйін, амалын білдіреді. Сөйлемде осылардың бəрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Баяндауыш ережесіне жайын, күйін сөздерін қолдану ма- ғыналық та, стильдік жағынан да келе бермесе керек.
Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін білдіреді дейтін де сөздерді кез- дестіреміз. Əрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдер- дің қолданылуына байланысты. Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұл- ғаларда келуіне байланысты олар əртүрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным - алтын бесігім («Социалистік Қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, Колхозшылар-Бірлік колхозында («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік
қасиетке ие болып отыр. Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыштар бастауыштың заттық қасиетін білдіреді. Оның өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байланысты қандай мағыналарда қолданылуында. Мəселен: Ол - сту- дент, ол - Асан дегенде оның кім екенін, Мынау - қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіреді.
Баяндауыштың сұраулары
Баяндауыштың негізгі бір мəселесі - оның сұраулары. Баян- дауыштың сұраулары туралы зерттеу барысында мынаны байқадық. Біріншіден, А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев, сол сияқты қазақ тілі ғалымдары Н. Сауранбаев, Р. Əміров, Ə. Нұрмахановалардың еңбектерінде жалпы баяндауыштың сұраулары сөз болмайды. Екіншіден, көптеген ғалымдар баяндауыштың сұрауларын арнайы беріп отырғанымен, оларды толық əрі жан-жақты көрсете
алмайды.
Енді сол сұрауларды келтірсек: А. Байтұрсынов: не етпек? Не қылмақ? қай етпек? не болмақ? нешік? немене? қалай? кімдікі? ненікі? қайсы?; С. Аманжолов: не қылдың? кім? не? қандай? нен- дей? қанша? неше? не еткен? не қылған? қайда? неде?; X. Арғынов: не істеді? не болды? не етеді? қайтеді? кім? не? қанша? қайда? қашан?; М. Серғалиев: қайтті? не қылды? не қылады? Не қылмақ? не қылам? не етеміз? не істейміз? неше? қанша? қаншасы? кімі? несі?; Ғ. Əбуханов: не қылды? не істеді? не қылады? қандай? қанша ? неше? нешінші? кім? не? деп көрсеткен болатын. Міне, осы сұрақтардың өзінен бірнеше құбылысты байқауға болады. Біріншіден, етістікті əрі есімді баяндауыштың сұраулары түгел емес. Екіншіден, бір сұраудың бірнеше нұсқасын беріп, сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық сұраулар əуелі тілдік жағынан келе де бермейді (қай етпек?) . Төртіншіден, тəуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы түрі алынады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді. Бесіншіден, сұраулардың көбіне дара түрі сөз болады да, көптік жағы да ескеріле бермейді. Алтыншыдан, септік жалғауларының ішінде тек жатыс септігі ғана ескерілген. Морфологиялық еңбектердегі есімдік сөз табындағы сұраулар құрамына қарай тек дара болып келеді. Сол дара сұраулар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тəн бо лып келсе, етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз таптарына екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы не қылды? не істеді? дегендей күрделі болып келеді. Осы күрделі сұраулардың бірінші сыңарлары көбіне не? есімдігі болып, екінші сыңарлары істеді етістігі болып табылады.
Демек, етістіктің сұраулары əрі есімнің, əрі етістіктің элементтері арқылы құралады. А. Байтұрсынов баяндауыштың сұраулары құрамына не есімдігімен бірге қай есімдігін де қосады. Сұраулардың осы сияқты құрамды түрлері синтаксисте қолданылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда синтаксисте қолданылуының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арадабіз тек етістіктердің немесе баяндауыштың сұрауларын ғана арнайы сөз етпекпіз. Етістіктің де, баяндауыштың да (оның ішінде етістіктен жасалған баяндауыштың) сұраулары бір екендігі айқын.
Мұндай құбылыс тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілдерінде де осы іспетті. Əрі қарай баяндауыштың сұраулары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы кейбір ойларды ортаға салуды жөн көрдік. Орыс тілінде етістікті баяндауышты ең негізгісі ретінде қарастырады, сұрауы что делает? Орыс тіліндегі что делать? сұрауын Л. Д. Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті қалыпқа ие болған деп берсе [13], А. И. Зарецкий ондай сұраулар есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған. Сондықтан да олар етістікті есімдік немесе «местоимение-глагол» деп өзінше атауды ұсынады [14] . Міне, бұған қарағанда, етістіктің сұраулары жөнінде орыс тілінде де əртүрлі көзқарасты байқауға болады.
Етістіктің (баяндауыштың) орыс тілі мен қазақ тілі бойынша негізгі сұрағы - не істейді? сұрауы. Осының негізінде қазақ тілінде не есімдігіне қыл, бол, ет көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы да біршама етістіктің құрама сұраулары пайда болды. Сонда, баяндауыштың сұраулары не істейді? не қылды? не бол- ды? не етпек? болып, оның əрқайсысынан етістіктің мағынасына қарай бірнеше тұлғалық ерекшелігі пайда болады. Сөйтіп, таза баяндауыштың, етістіктің сұраулары осы тəсіл арқылы құралса керек. Баяндауыш сұрауларының ішінде бұл топтан ерекше бір сұрау қайтеді? сұрауы. Бұл негізінде кіріккен сөз. Мұның бастапқы құрамы есімдік пен көмекші етістігінің қосылуы арқылы жасалған.
С. Аманжолов баяндауыш сұрауларының ішінде дара сұраулардың қатарында неткен? Сұрауын қоса береді. Бұл да алдыңғы сұрау тəрізді құрама болып табылады. Сондай-ақ қолданыста
кездесетін қайтеді? қайтті? сұраулары да екі сөзден кіріккен сұраулар.
Сонымен, етістікті баяндауыштың сұраулары ретінде не істейді? не қылды? не болды? не етпек? сұраулары негізге алынады да, осылардың əрқайсысы етістіктің тұлғасына қарай əрі қарай жалғаса береді. Мысалы: не қылды? не қылады? не қылмақ? Не қыламын? , т. б. тəрізді өзгере береді. Сол сияқты істе, қыл, бол, ет етістіктерінің алдына не сұрауы қосылып, олар да əрі қарай жалғаса береді.
Баяндауыштық тұлға
Баяндауыш, оның қандай тұлғалардан жасалуы да басты əңгіме болуы тиіс. Баяндауыштық тұлға туралы Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев еңбектерінде əртүрлі дəрежеде сөз болады. Н. Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде сөздердегі жалғаусыз түрі мен жіктік жалғауы, тəуелдік жалғауы, көптік жалғауы жəне -нікі, -дікі қосымшалары арқылы келуін айтса, С. Аманжолов тек атау күйіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы сөздерді ғана көрсетеді. Баяндауыштық тұлғаны М. Балақаев екі топқа бөліп көрсетеді, яғни сөздердің түбір күйінде жəне сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы түрленген күйінде келуін көрсетеді. Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуын əрі есімдерге де, əрі етістіктерге де тəн дейді.
Міне, бүл пікірлерге қарағанда, жалпы баяндауыштық тұлғаның жалғаулы (тəуелдік, жіктік, септік, көптік) жəне жалғаусыз түріне - нікі, -дікі, -дүр қосымшалары қосылатындығы белгілі болды.
Əрине, бұл баяндауышты тұлғалар - осы сөйлем мүшесі үшін негізгі фактор. Бірақ бұл баяндауыштың барлық түрлеріне бірдей сай келе бермейді. Сондықтан біз баяндауыштық тұлғаның əрбір түрінің жеке-жеке ерекшелігін рет-ретімен көрсетуді жөн көрдік.
Етістікті тұлға. Етістіктер баяндауыш қызметінде түбір күйінде жəне түрлі жұрнақ, жалғау арқылы, сондай-ақ түрлі көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға болып та- былады. Жіктік жалғаулы сөздер көбіне сөйлемнің соңында келеді. Мұндай тұлғалы баяндауыштарды тиянақты, тиянақсыз деп бөліп карастыру орынды. Өйткені баяндауыштардың басым көпшілігі сөйлемді тиянақтауда жұмсалғанымен, енді бір тобы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауы- шы ретінде де жұмсалуға тиіс. Тиянақты тұлғадағы баяндауыштар - негізінен жіктік жалғаулы етістіктер, есімше тұлғалы етістіктер жəне қимыл есімді етістіктер. - Кəне, жол беріңдер , - деді ойын ағасы (X. Есенжанов) . Бөгемеңдер, жол беріңдер (Ғ. Мұстафин) . Сендер келсеңдер, асты болдырайын (Т. Ахтанов) . Əй, тұрыңдар (Б. Тілегенов) . Не сабақ оқыдыңдар? (С. Мұқанов. ) Менің аралап қайтқым келеді (С. Мұқанов. ) Менің əлі сізбен сөйлескім келеді (М. Əуезов) .
Сөйлемде бас мүшелердің өзіндік қызметінің ерекшелігінің барлығы айқын. Ал екеуінің бірлігі сөйлемдік қасиетті ерекше дəлелдей түссе керек. Бас мүшелердің əрқайсысының өзіндік
қызметінің ерекшеленетіні тағы бар. Бастауыш сөйлемде ойдың иесі болу арқылы көрінсе, баяндауыш сөйлемді тиянақтап, ойдың басын қосып, бəрін біріктіруші болып табылады. Баяндауыш айналасына толықтауыш пен пысықтауышты жəне (сапалық, меншікті) анықтауыштарды да қатыстыра отырып, сөйлемдегі ойды тиянақтауда үлкен рөл атқарады.
Баяндауыш осы ерекшеліктеріне қарай, басқа сөйлем мүшелерінен ерекшеленеді. Баяндауыштың осындай касиеті оның екі түрде жұмсалуы арқылы көрінеді. Негізінен баяндауыштардың барлық еңбектерде тек тиянақты формасы арнайы беріледі. Ал сабақтас құрмалас сөйлемде ғана баяндауыштың тиянақсыз фор- масы сөз болады.
Тиянақты баяндауыштар - сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. Сондықтан олар - əрбір сөйлем (сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышынан басқа) үшін негізгі фактор. Ал тиянақсыз баяндауыштар, біріншіден, тек құрмалас сөйлемде ғана кездеседі. Олар тиянақсыз формада айтылғанымен, баяндауыш екендігі анық. Тиянақты баяндауыштың өзі тиянақсыз баяндауыштың негізінде жасалатыны айқын. Мысалы: Ол қызықты кітапты оқып шықты дегенде баяндауыштың негізгі сыңары көсемше де тиянақсыз, ал оны тиянақтап тұрған көмекші етістіктің тұлғасы екені белгілі. Етістіктің есімше, көсемше фор- масы жеке тұрғанда тиянақсыз болып келеді, олардың тиянақты формаға ауысуы арнайы немесе басқа да сөздердің көмекшілік қызметі арқылы жасалады. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы баяндауыштардың да бірінші сыңары əдеттегі баяндауыш- тар сияқты, тек оларда көмекші сөздер қатыспайды. Сонымен, тиянақсыз баяндауыштар да - баяндауыш. Бірақ олар жалпы баяндауыштың объектісінде қаралмай, тек құрмалас сөйлемде қаралуы - жалпы баяндауыш мəселесінің бір көрінісі. Тиянақсыз баяндауыштар, олардың жасалуы синтаксисте, жоғарыда айтып өткеніміздей, тек сабақтас құрмалас сөйлемде ғана айтылады.
Сұрыптай келгенде, тиянақсыз баяндауыштардың жасалуында шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі жəне бар, жоқ сөздері қатыса алады.
Көсемше тұлғалы баяндауыштар. Көсемше тұлғалы баянда- уыштар екі түрлі формада кездеседі. Біріншіден, дербес мағынасы бар етістіктердің көсемше тұлғасы арқылы баяндауыш болады. Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітер ме (Махамбет) . Бір сəтте су бетіне мыңдаған ракеталар атылып, жібек қанаттар желбіреп, асылып-асылып тұра қалды (Ғ. Мүсірепов) . Екіншіден, дербес мағыналы етістіктерге көмекші сөздер түйдектеліп келіп, көсемше тұлғасында жұмсалады: Қара басыма пайдасыз екен деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын (С. Мұқанов) . Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынған (Ғ. Мұстафин) . Бүгін ерте келемін деп еді (Ə. Нəбиев) .
Есімше тұлғалы баяндауыштар. а) -ған, -ген есімшесіне -ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы: Сен бұл жұмысты бітіргенше, бригадир де келіп қалар («Социалистік Қазақстан») ; ə) -ғaн, -ген есімшеге -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы:
Жаңағы тұрған жерінен өз көлеңкесі тапжылмағандай, жалғыз бейне елестеді (А. Хангелдин) ; б) -ған, -ген, -ар, -ер есімшелерінің септелуі арқылы: Осы Шыңғыс туарда, Уəлінің үйіне Айғанымның апасы Пірəлі келіп жатты (С. Мұқанов) . Өзен түбі таза, құмайт болғандықтан, су айнадай мөлдір боп сырғиды (М. Əуезов) .
в) -ған, -ген жұрнақты атау тұлғалы есімшесіне түрлі шылаулар- дың тіркесуі арқылы: М. Өтемісовке ескерткіш орнатқаны үшін, партия мен үкіметке колхозшылар атынан көптен-көп алғыс ай- тамын («Қазақ əдебиеті») . г) - ған, -ген есімшесінен соң барыс, шығыс септіктерінің жалғауы жалғану арқылы: Мұның бұлай өсуі жас күнінен көп қолпаштағаннан (А. Байтанаев) ; ғ) -ар, -ер тұлғалы есімшенің болымсыз түрінен кейін шылаулардың тіркесі арқылы: Сережа мен шешесі дұшпандардың шеңгеліне ілікпес үшін, аудан орталығы халқымен бірге теміржол станциясына жөнелтілді (Б. Соқпақбаев) . д) Осы тұлғалы есімшелердің жа-
тыс, шығыс, көмектес септігінде келуі арқылы: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді (В. Катаев) . Аға шопанды көрісімен, қой қорасының қақпа- сын ашуға кетті (Ə. Нəбиев. )
Шартты рай тұлғалы баяндауыштар: Егер сəулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл (Абай) .
Қимыл есімі мен шылаулардың тіркесуі арқылы: Əңгі- мені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін (Ə. Əбішев) .
Есімді тұлға. Баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары - есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы бірдей дəрежеде емес. Оңдай кезде көп жұмсалатыны - зат есімдер. Дегенмен, есімдердің бəрінің де баяндауыш болу принциптері бір іспеттес. Есімдер де етістіктер сияқты түбір күйінде жəне түрлі
жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: Қаланың іш-сырты - əскер (X. Есенжанов) . Ауа тұп тұнъқ, тап-таза, жібектей жұмсақ (Ғ. Мүсірепов) . Қонақ үй шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз (М. Əуезов) . Мен танктерді санай бастадым. Барлы- ғы - он жеті (А. Байтанаев) . Хасен қазір колхозшы (С. Керімбеков) .
Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында жалғаулар- дың да қызметі ерекше. Əсіресе, ондай кезде жіктік, тəуелдік, көптік, септік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баяндауыш қызметінде мол жұмсалады: Ұлпан биыл жетіде (Б. Май- лин) . Бұл екі кітап - бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жанына əлі тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М. Əуезов) .
Мен саған - кіммін? (С. Ерубаев) . Екі жұмадан бері тынышпыз (Ғ. Мүсірепов) . Барым - бір өзің (М. Əуезов) . Есімді баяндауыш- тардың негізгі тұлғалық белгісі - түбір күйінде жəне түрлі жалғаулы түрлері. Əсіресе, ондай кезде септік жалғаулы есімдер барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауында келеді.
Құрама баяндауышты тұлға. Есімдерге түрлі көмекші етістіктердің тіркесі арқылы да күрделі баяндауыш жасалады. Кейде ондай көмекші етістіктер септік жалғаулы есімдермен де тіркесте жұмсалады. Мысалы: Ара ағайын сен емессің (М. Əуезов) . Апырмай, адамзат та ондай сұлу болады екен-ау? (Б. Майлин) . Қасындағы тобықты жуандарының жасы үлкені Байғұлақ еді . Бір өзінен басқа ешкімге мəлім емес (М. Əуезов) . Əрқайсысы да ойдың соңында еді (С. Сейфуллин) . Түсі торыдан гөрі күреңге жуық бол- са керек (Ə. Сəрсенбаев) .
Баяндауыш қызметінде есімдерге түрлі көмекші сөздердің тіркесі арқылы да жасалуы мол кездеседі. Əдетте, көмекші сөздер пысықтауыш, кейде тағы басқа сөйлем мүшелері үшін ғана қолданылып келсе, қазіргі кезде баяндауыштың жасалуында едəуір дəрежеде қолданылады жəне олар да баяндауыштың көрсеткіші болып табылады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе - егіс жоспарын өсіру туралы (Б. Майлин) . Осы - терең сайдың тұсы ( М. Əуезов) . Мен білмейтін жер астында (С. Мұқанов) .
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын қосымша -нікі, -дікі, -тікі. Олар жалғанған сөздер баяндауыш сөйлем мүшесі ғана бола алады. Мысалы: Бұл ауыл - біздікі (С. Мұқанов) . Ал осы күнгі əдебиеттерде оның бірінші сыңарының тұлғалық ерекшелігін негізге алмай-ақ, тек құрама баяндауыштар деп қоя салады. Ол шынында, оңдай кезде құрама баяндауыштың бірінші сыңары да көптік, тəуелдік, жіктік, тіпті септік жалғуларында келе береді. Ал екінші сыңары туралы айтқанда көмекші есімдер ілік, барыс септіктерінен басқа септіктерде де жұмсала береді. Сондықтан болар, септеулі түрінде де кездеседі. Ал модаль сөзді шылаулы түрлері бұрын сөз болмайтын. Енді көмекші сөздерді, модаль сөздерді, шылауларды да баяндауыштық тұлға деп санау орынды.
Баяндауыштың жасалу жолдары
Барлық түркітану жəне қазақ тіл білімінде арнайы түрде сөз болатын негізгі мəселе - баяндауыштың жасалу жолдары. Баяндауыштың ережесі, тұлғасы, сұрауы - барлығы, негізінде, жасалу жолдарымен тығыз байланысты. Негізінен баяндауыш қызметінде сөз болатын сөз таптары - етістік пен есімдер тобы. Кейбір еңбектерде баяндауыштың жасалуында етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуын айта келіп, оның ішінде есімшенің де баяндауыш болуын А. Байтұрсынов арнайы бөліп көрсетеді. Ал Е. И. Убрятова етістіктер тек сөйлемнің соңында жұмсалып қана баяндауыш болады деп ерекше атап кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz