Эфир жалған ақпаратқа толы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Дипломдық жобаның тақырыбы: COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі

Студент: Асан Айгерім Ерғалиқызы
Жетекші: Өмірбаева Т.Ш

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

COVID-19:Жамбыл Облысындағы БАҚ-тың қоғаммен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

COVID-19: БАҚ басылымдарына деген көзқарас. (Халық пікірі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

COVID-19: Әлемдік БАҚ-қа шолу, әртүрлі деңгейдегі үндеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

КІРІСПЕ

Диплом (зерттеу) жұмысының өзектілігі. БАҚ-тың бағыты өзгеріп, ақпараттың ағындап дамып жатқан кезеңінде, бұқара халықты ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету аса маңызды рөл атқарады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам үшін алатын орны айрықша. Қазір де санамызда қалыптасып қалған идеологияны жоғалтып, заманауи кезеңде жаңа серпіндегі тың бағыттағы саяси-әлеуметтік пікір мен көзқарасты қалыптастырып жатқан кезеңде ақпараттандыру аса маңыздылыққа ие болып отыр. Мұнымен бірге бүкіл әлем болып ауыр кезеңді бастап өткеріп жатырмыз. Осыны ескерер болсақ, әлем халқының өзге сала өкілдеріне деген мұқтаждығы секілді, БАҚ-өкілдеріне де мұқтаждығы артты. Өйткені, уақытылы ақпараттандырулар мен күнделікті өзгеріс, түрлі жағдайларға байланысты мәліметтерді халық керексінді. Биліктегі бетпұрыстар һәм бұқараның базынасы ерінбей еңбек еткен журналистердің арқасында бір ортада тоғысуда. Ол бүгін де, ертең де, тіпті қаншама заман өтсе де солай болып қала береді.Әлемнің ақпараттық ағыны да зымырандай зулап, COVID-19 дертінің дендеген кезеңінде дәрігерлер, ғалымдар, журналистер мен полицейлерге қойылар талап пен міндет, жауапкершілік жүгі артылды. Ақпараттандырудың теледидар, газет - журналдар, сайттар, ғаламтор желісі арқылы күллі ғаламға тарауы журналистердің жылдамдығын көрсетті. Яғни, БАҚ өкілдері бұрынғы қарқындарын үдете түсті. Осылайша, халық ресми ақпараттарды қолдануда. БАҚ-қа кері пікір тудыратын әрекеттер де жиі болып тұрады. Мәселен, жалған ақпараттардың тарап кетуінің кесірі, таяқтың бір ұшы журналистикаға тиіп кетіп жатқаны жасырын емес. Бұл тұрғыда қоғамға барынша ресми ақпаратқа сену керектігін айтып, жұрты үшін жұмылған да журналистер. Халықтың көңілінен шығатын, олардың көкейіндегі мұң-мұқтажы журналистердің материалында көрініс табуы қажет. Бұл терең зерделеумен жан-жақты ізденіс арқылы жазуды талап етеді. Коронавирустың өршіп жатқан шағында, шаршауды ұмытып шындық үшін шырылдап, бұқараның базынасымен қатар өздерінің алтын қазынасы денсаулықтары үшін өз өмірлерін тәрк етуге дейін барды. Бұл дегеніміз соғыстағы ерлікпен пара пар. Осы тұста, шындықты шымбайға батырып, желіде ашық жаза білген сақа журналистеріміз де аз емес. Мәселен, Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, Дина Елгезек, бұдан бөлек қаншама телеарна мен газет, сайттардан батыл қадам жасап шыққан тұлғалар көп болды. Осы журналистеріміздің қаламынан параққа түскен халық мұңы бағаланса, кейінгі өскелең қауымға үлгі болары хақ. Сондай-ақ, журналистер үшін ең алдымен теориялық ізденіс пен тәжірибелік біліктің негізгі сыналар шағы осы кезең болды. Яғни, COVID-19. Және халыққа шынайы ақпарат беріп, оларды 24 сағат бойы маңызды жаңалықтармен қамтамасыз етуі де шеберлікті арттыра түсті.
Диплом жұмысының негізгі зерттеу нысаны. COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі алдыңғы қатарда тұрды. Қазір де солай. Сондықтан мен бұл зерттеу жұмысымда журналисттің ауыр жүк арқалап, тыңнан түрен салып еңбек еткендіктерін көптеген деректер мен дәйектер келтіріп, дәлелдеуге тырысамын. Бұдан бөлек, Дендеген дерт шағында шындық арқалап шама-шарқынша маңызды дерек ұсынып жүрген бұл сала өкілдерінің жұмыстарындағы ерекшеліктеріне тоқталып, қолдан келгенше жаңашыл жаңалықтар табуға ұмтыламын. Ауқымы кең тақырыпта журналистік шығармашылық, авторлық негізде жазылған түрлі материалдар зерттеу жұмысыма дерек пен дәйек ретінде алынды. Сондай-ақ елге белгілі азаматтардың пікірлерін де ескердім. Себебі, белгілі журналистердің қазіргі жұмыстары зерттеу жүргізіп жатқан дипломдық жұмысыма тұздық болды. Былтыр ғана еліміздің тұрақтылығы үшін тер төккен журналист еңбегін ескерсек, дипломдық жұмысымдағы осы қадамым ешкімге қарсылық тудырмайды деген сенімдемін. Ал қосымша ретінде әлемдік деңгейде шолу жасап, әр жерде жарияланған мақалаларды, еңбектерді де назардан тыс қалдырмадым. Күрделі кезеңде жарияланған барлық тиісті деген деректерді қолдан келгенше қарастырдым.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл зерттеу жұмысының ең негізгі мақсаты, осы сала мамандарының еңбегін ескеріп, жұрт саулығы үшін тәуекелге барған БАҚ өкілдерінің өмірін ашып көрсету. Сонымен қатар, олардың журналистік шеберліктері мен таңдаулы тактикаларын таныту үшін алдыға мынадай міндеттерді қойдым:
Қазақ журналистерінің қауіпті кезеңде қос-қолдап кірісіп, еңбек еткенін зерделеу.
Жазылған әр материалдарының, келтірген деректерінің шынайылығын анықтап көрсету.
Бір жыл бойы желіде жазылған жазбалардың халыққа қаншалықты деңгейде әсер еткендігін бақылап, журналистиканың өзге салалардан кем түспейтінін түсіндіру.
Диплом жұмысының дереккөздері мен материалдары. Мақалалар, бейне репортаждар, телеарнадағы ток-шоулар. Бұдан бөлек ондаған аймақтың тынысын жеткізетін, алыс жақын жаңалықтармен хабардар етіп отырған аймақтық арналар, газет-журналдар.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Жалпы COVID-19 дертінің өзі талай жұртты әбігерге салып, әлемді есеңгіретті. Пандемия әлемнің ауыр жаңалығы болды. Елім дейтін азаматтардың да біразы осы дерттің салдарынан өмірден озды. Жарық дүниемен ерте қоштасқандардың қатарында ізденімпаз журналистер де бар. Осыны негізге ала отырып, ескеретін болсақ, ізденіп жатқан бұл жұмысымның негізгі ғылыми жаңашылдығы COVID-19 дертіндегі журналистердің еңбегі арқылы аман-сау қалған адамдардың ғұмыры болмақ. Өйткені, қаламы қарымды журналистердің бүгінгі күні қалдырып жатқан жазба-деректері, материалдары әлемге, күллі жұртқа бүгін болмаса да кейінгі жылдары тың жаңалықтар әкелері сөзсіз. Себебі журналистер халық арасынан тамыры тарихқа толысатын қауіпті кезеңнің құнды деректерін жинақтау үстінде. Тек жинақтап қана қоймай, оны қоғамға жеткізуінің де шеберлігін бір бөлек айтуға болады. Яғни, бүгінгі күннің архивіне мол ақпарат жинастыратын осы сала өкілдері. Содан да болар олардың жұмыстарының маңыздылығы күн санап жаңашыл кейіпке енуде.
Диплом жұмысының әдістері. Кез-келген зерттеу жұмысты қолға алғанда жеке көзқарастық һәм танымдық әдістің маңыздылығы өте жоғары. Бұл оқиғадағы жайттың немесе өткеннің маңызды мәселелерін ашуға септігін тигізеді. Сол үшін, COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі деген тақырыпта ізденіс жүргізе отырып, дипломдық жұмысымның талдауына баса назар аударып, бірнеше бағытта жұмыс жасадым.
Жұмыстың ғылыми теориялық және практикалық маңызы. Журналистер қандай маңызды мәселені немесе тақырыпты қозғаса да, кез-келген ізденісте түрлі көзқарас танытса да, түбі шындыққа қол жеткізбей қоймайды. Сондықтан мұндай кезеңдегі әр ақпарат, болашақ жас журналистерді мамандандыру жолында қажет. Халық қамы үшін жазылған мақалалар, журналистік зерттеулер, кейінгі журналистерге практикалық тұрғыда білімдерін толықтыруға септігін тигізеді. Осы ретте, халық қамы үшін қамданып, қалыс қалмай еңбек етіп жүрген журналистердің еңбегі келешекте емес, кеш болмай тұрып, дәл бүгінгі күннен бастап ескерілсе деген ұсынысым да бар. Себебі қазақ даласында басы бүтін болып қалыптасқан халықтың, қозғаушы күші һәм құлағы журналистика. Бұл журналистік мектептің бастауында, бүгінгі таңдағы бел ортасында шығармашыл ұжым тұр. Біздің естіген, көрген материалдарымыздың барлығы журналистердің өлшеусіз еңбегі.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі, COVID-19:Жамбыл Облысындағы БАҚ-тың қоғаммен байланысы, COVID-19: БАҚ басылымдарына деген көзқарас. (Халық пікірі), COVID-19: Әлемдік БАҚ-қа шолу, әртүрлі деңгейдегі үндеулер деген төрт бөлікке бөлінген. Бұдан бөлек, жалпы қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін де тізбектеп жазуды естен шығармадым.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі
Ақпарат саласының абадандары қауіпті індет кезінде де үндемей жатып қалған жоқ. Ілкімді істер атқарып, тұшымды ойлар айта білді. Ел қазынасы халық үшін, қолдарынан келген қажетті шаралардың барлығын жасап бағуға тырысты. Оған көптеген дәлел-дәйектер келтіруге болады. Мәселен, төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген кезеңнің алғашқы күнінен бастап, алдыңғы шепте жүрген журналистика саласының азаматтары һәм азаматшалары аз болмады. Қара басының қамы деп жүріп кетпей, халықтың мұң-мұқтаж зары деп тер төкті. Қауіпті вируспен бетпе - бет келіп,қоғамға уақытылы ақпарат таратты. Осы қиын-қыстау кезеңдерде журналистер, дәрігерлер, полиция, мұғалім мамандықтарының қадірі екі есе артты. Шынында да, теледидар, радио, интернет және газет-журналдардың журналистері коронавирусқа қарсы күресеміз деп, өз өмірлерін тәрк етуден тайынбады. Олар халыққа нақты, ресми ақпарат беруге тырысты.Әсіресе телевизия саласындағы журналистердің еңбектерін осы тұста ерекше айта кеткен жөн. Оған бір ғана мысал ретінде қысқаша келтіре кетейін. Қазақстан Ұлттық арнасында бірден өзгерістер болып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Арна журналистері кезекшілік жасап, күн-түндемей хабар таратты. Күнделікті жаңалықтар бөлімі тікелей эфирге бес рет шыққан болса, Коронавирус кезеңінде бұл көреткішті екі есе арттырды. Яғни, күніне жеті рет шұғыл ақпарат берді. Одан бөлек, Ашық алаң саяси-қоғамдық ток шоуы да күнделікті бір сағат тікелей эфирге шығып, індет жайында толық мәлімет берді. Қоғам белсенділері, медицина қызметкерлері, ғалымдарға дейін осы хабарға келіп халыққа үндеулер тастады. Сақ жүруге шақырды. Әлемдегі болып жатқан жағымсыз жағдайдың кейіпін ертеңгі күні өзіміз де киіп қалуымыз мүмкін екенін ескертті. Сондай ақ, қосымша шұғыл түрде Теледәрігер хабары ашылды. Онда вирустан қалай сақтану керектігі айтылып, қолжетімді қолданыс тәсілдері, халыққа ақыл-кеңестер айтылды. Бұл хабар да күнделікті тікелей эфирге шығып, бір сағаттан артық қоғаммен тығыз байланыс орната білді. Ал бастапқыда тұрғындар тарапынан түрлі бағытта сауалдар түскені жасырын емес. Вирустың барына ешкім сенбеді, бұл қолдан жасалынған жай ғана бір сылтау дегендер көп болды. Осы кезеңде ауру тараған ошаққа өмірін тігіп, өліммен арпалысып жатқан адамдардың жағдайын тұрғындарға тағы да көрсете біліп, халықты сабырлы болып сақтануға шақырған тағы да журналсистер. Жұрт жаппай қашықтықтан жұмыс істеуге кеткенде, журналистерге ондай мүмкіншілік берілмеді. Өйткені, оларға мылтықсыз майданда соғысу қажет болды. Ол ақпарат майданы. Еліміздің барлық өңірінің тілшілері тік тұрып, телеарна, газет, сайт, тіпті журналистикаға қатысы бар деген ақпараттық порталдардың бары жоғары деңгейде іс атқаруы керек болды. Сондықтан, еліміздің Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі журналистерге үлкен сенім артып, халықты тұрақтылықта ұстап тұру қажеттігін айтты. Өйткені өздеріңіз білетіндей, журналистика билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Үлкен қозғаушы күш. Алтын арқалап, жантақ жесе де әр адамы мамандығына деген сүйіспеншілігін жоғалтқан емес. Ал, қазірге дейін жалғасып келе жатқан бұл жұмыстары ендігі көшке ілескен лекке үлкен мектеп болары сөзсіз.Ал, бірінші байлық денсаулық. Осыны жадымызда мықтылдап сақтағанымыз артық етпес. Әлемде әр адамның саулығы маңызды орын алатынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да дүниежүзілік стандарттарға сай қолданылатын арнайы халықаралық құқықтық нормалар бар. Мәселен, ол нормаларға сай әр мемлекет эпидемияға немесе басқа да ауруларға қарсы емдеу немесе профилактикалық шаралар қабылдауға міндетті. Сонымен қатар, халыққа уақытылы ақпарат беруге де жауапты болып табылады. Бұл ретте мемлекет дәрігерлерден бөлек, журналистердің де көмегіне мұқтаж болады. Еуропа және Орталық Азия бойынша Human Rights Watch компаниясының директоры Хью Уильямсон да бұл жайында өз пікірін білдірген еді. Орталық Азиядағы барлық мемлекеттер азаматтарға COVID-19 туралы сенімді және уақытылы ақпарат беру арқылы денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Олар журналистерді, медицина қызметкерлерін және басқа да сала өкілдеріне көңіл бөліп, көп жағдайда шектеу қоймау қажет деген еді. Ал енді жалпы COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі жайында айтар болсақ. Бастапқыда қоғамдағы түрлі жағдайдағы мәселененің ірісі ғаламтордан шықты. Өйткені, дерт шыққан кезде түрлі фейк, яғни жалған ақпаттар таратыла бастады. Оған қарсы тұру үшін халыққа қайта үгіт - насихат жұмыстарын, түсіндіру шараларын жүргізу керек еді. Ал, COVID-19 эпидемиясы 2019 жылдың аяқталар шағында Қытайдың Ухань қаласында пайда болды. Және көп ұзамай бүкіл әлемге таралды. Осы күнге дейін әлемде дендеген дертке шалдыққандардың саны 11 миллионға жуықтады. Ал қаза болғандардың саны миллионға жуықтады. Сол уақыттан бастап коронавирустың жылдам таралып жатқанын ескерген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жедел әрекетке көшті. Атаулы ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус 2020 жылы 11 наурызда COVID-19 эпидемиясын, яғни коронавирусты ғаламдық пандемия деп жариялады. Әлем тарихында нақтылы бір географиялық аймақта немесе әлемдік деңгейде таралып, көптеген адамдардың өліміне себеп болған эпидемиялар болған. Оған мысал ретінде Оба дертін алып қарастырсақ болады. Ол Еуропадағы халықтың жартысына жуығын жалмады. Осылайша тарихта ең қатты таралған ауыру ретінде сақталды. Бұл туралы тарихшылар былай деп жазып еді. оба басталған кезде тек Константинопольде күн сайын ондаған мың адам қайтыс болды. Әр түрлі болжамдар бойынша, эпидемия 30-40 миллион адамның өмірін қиды. Сонымен қатар эпидемия Қытайда пайда болып, бүкіл әлемге таралды деп айтылады.Тағы бір қауіпті эпидемия - АИТВ (ЖИТС). 1981 жылы басталған эпидемия осы уақытқа дейін 35 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Аурудың көзі - Африка континенті. Мамандар ауруды адамның қолымен дәстүрлі зертханада жасаған және ойда жоқта таралған деп санайды.1918 жылы Испанияда пайда болған тағы бір танымал эпидемия - Испан тұмауы. Ауру Испанияда басталғанымен, уақыт өте келе бүкіл әлемге таралды. Сөйтіп ол 500 миллион адамға әсер етті. Түрлі болжамдарға сенер болсақ, бұл тұмаудан 50 миллион, ал кейбір деректерде100 миллион адам қайтыс болды делінген.Тарихта бұлардан басқа бүкіл әлемге таралып, миллиондаған адамдардың өмірін қиған көптеген эпидемиялар бар. COVID-19 эпидемиясы да ХХІ ғасырдың тарихындағы ең ірі ауырулардың бірі болып қалатыны анық. Айта кету керек, адамзат әлі күнге дейін бұл аурудың емін табу үшін күресуде. Түрлі деңгейлерде вакциналар табылғанымен, оның сынама нәтижелері көп жағдайда дұрыс шықпай жатыр. Медицина қызметкерлері аталған вирустың өте ұсақ һәм адамға тез тарайтынын алға тартқан болатын. Сол күннен бастап сақтық шаралары қолға алынып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Еліміз де ауыруға қарсы күрес жолында қарап қалып жатқан жоқ. Төтенше жағдай енгізіп халықты барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды. Тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі халыққа жеке үндеу жолдап, індетті бірге жеңеміз деп халықты сабырға шақырған еді. Мемлекет басшысының бұйрығымен 2020 жылы 16 наурызда елде төтенше жағдай жарияланды. Соған байланысты карантиндік төтенше жағдай режимі енгізіліп, халыққа қызмет көрсетететін барлық қоғамдық орындар жабылды. Барлығының дерлік жұмысы тоқтатылды. Осылайша халықтың басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.Күндіз-түні азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Нақты қадамдар мен шектеу шараларының нәтижесінде жұрт арасында дерттің таралуына жол беріле қоймады. Төтенше жағдай шамамен екі айға созылып, 11 мамырда аяқталды. Біріншіден, мемлекет бұл қадамды экономиканы құлдыратып алмау үшін, жұмыссыздық, тауар тапшылығы мәселелерін шешу үшін қабылдауы керек еді. Біз мән беретін тағы бір жайт бар. 11 мамырда елімізде инфекцияны жұқтырғандар саны 5207 жеткен болатын. Төтенше жағдай алынып, жұмыс орындары қайта жанданып, қоғаммен байланыс жақсара бастағаннан кейін вирустың таралуы күшейді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны тіркеу күні 13 наурыз болған. Сонымен қатар, екі айда инфекцияны жұқтырғандардың саны 5207 болса, маусым айының аяғына таман науқастардың саны 22 мыңға дейін өсіп кетті. Ал симптомсыз ауырғандардың саны 18 мыңға жуықтады. Осылайша, вирус жұқтырғандар саны күннен-күнге күрт өсе бастады.Біз бұдан жедел шаралар әлсірегеннен кейін науқас санының күрт өсуін байқауымызға болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 29 маусымда коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Тыйымдар 11 мамырда жойылғаннан бастап, вирустың таралуы жеті есеге өсті, - деді ол өз сөзінде. Бұл негізінен бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирустың тез таралып келе жатқан ошақтарының бірі деп атады.Айта кету керек, коронавирустық індет бүгінде бүкіл әлемге таралды. Бұл ауруды жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, Испания, Италия, Мексика, Иран және Қытайда. Айта кету керек, вирус Қытайда пайда болып, халық арасында тез таралса да, мемлекет қатаң тыйым салғандықтан эпидемияның таралуы бәсеңдеді. Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Испанияда, Бразилияда, Испанияда және Ресейде жазалардың әлсіз және кешіктірілуіне байланысты ауыруларының саны көбейді. Посткеңестік ел Беларуссия бұл вирустың жалған екенін айтып, оны жоққа шығарды. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін елдегі науқастардың саны күннен күнге артуда. Сондықтан әлем аурудың алдын алуға бағытталған қабынуға қарсы шаралардың дұрыстығына сенуге мәжбүр болды. Тағы бір мәселе, Елдегі өндірістік қуаттылықтың толық тоқтауы экономика үшін үлкен қиындықтар тудырады. Сол үшін бизнеске пандемия жағдайында жауапкершіліктерін одан әрі күшейтуге мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар, мемлекет қабылдаған қадамдарға пациенттерді емдеу үшін бірнеше қосымша медициналық мекемелердің ашылуы, үлкен стадиондар мен ірі мекемелердің науқастарды уақытша емдеу орталықтарына қоныс аударуы, халықты тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сауаттылықты күшейту кіруі керек. Сонымен қатар, қазір белсенділер медициналық оқу орындарының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынуда. Халық денсаулығы сынға алынған кезде бұл ақылға қонымсыз ұсыныс емес. Өткен жылы 29 маусымда өткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті тиісті мекемелерге екі күндік қатаң карантиндік шаралар енгізуді ұсынды және тапсырма берді. 2020 жылғы 30 маусымда өткен арнайы отырыста Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгідей кезеңде вирустың таралуын тоқтату туралы үш ұсыныс жасады.
Біріншісі - карантиндік емес. Бұл жағдайда тамыз айының соңына дейін емделушілер саны тәулігіне 27 мыңды құрайды. Тағы 300 мың кереует қажет болады.
Екіншісі - екі апталық локдаун енгізу (тосқауыл қою, оқшаулау шаралары). Бұл жағдайда күн сайын тіркелген науқастардың саны тағы 7 мың және 80 мың кереуетке мұқтаж болады.
Үшіншісі - төрт апталық локдаунның енгізілуі. Бұл жағдайда күніне пациенттер саны 2500-ге жуық болады, ал науқастарға тағы 30000 төсек қажет болады.
Айта кету керек, Қазақстанда шектеу шараларымен қатар профилактикалық жұмыстар бір уақытта жүргізілді. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін жеке байланыс орталығы мен ресми сайттар құрылды. Алайда, бұл жұмыс әлі де жеткіліксіз. Келесі инфографика коронавирустық инфекцияның алдын алуға және бақылауға арналған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - айналаңыздағы адамдардан аулақ болу, қолыңызды сабынмен жиі жуу, маска кию, салауатты өмір сүру және т.б. деп айтуға болады.
Мысал ретінде әр өңірде орнатылған жедел желі нөмірлерін назарларыңызға ұсынамын. Жедел желі нөмірлері:
- Нұр-Сұлтан қаласы 8-7172-705-103
- Шымкент қаласы 8-7252-53-91-14, 103
- Ақмола облысы 8-7162-72-32-86
- Алматы облысы 8-7282-41-21-31
- Атырау облысы 8-7122-98-02-92
- Шығыс Қазақстан облысы 8-7232-701-131
- Жамбыл облысы 8-7262-43-76-78
- Батыс Қазақстан облысы 8-7112-51-82-55
- Қарағанды облысы 8-7212-56-60-10
- Қостанай облысы 8-7142-26-53-82
- Қызылорда облысы 8-7242-40-00-01
- Павлодар облысы 8-7187-67-52-08
- Солтүстік Қазақстан облысы 8-7152-52-50-59, 46-00-08
- Түркістан облысы 109
Сонымен қатар, азаматтардың ресми ақпараттарға құлақ түріп, жалған ақпараттан аулақ болғаны маңызды. Бұл үшін билік ақпаратты жедел тарату үшін БАҚ өкілдеріне үлкен сенім артты. Сондай-ақ мемлекет басшысының халықтың үнін тыңдайтын мемлекет қағидаты шеңберінде халыққа дұрыс ақпарат таратылып, қоғаммен ашық қарым-қатынас орнатылу керектігі де айтылды. Ал, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш: Қазір ғаламдық инфодемия өсіп келеді. Таблетка мен жалған рецепті бар жалған медициналық рецептер саны күн сайын артып келеді. Эфир жалған ақпаратқа толы. Жалған ақпараттар ғаламторды жаулап алды. Мұндай жайттар вирусқа қарағанда тез таралады, нәтижесінде жеке адамдар мен топтар стигматизацияланып, сенбеушілік туындайды. Әлем осы ауруға қарсы күш біріктіруі қажет деп айтқан болатын. Осының нәтижесінде, бүгінде БАҚ беттерінен жалған ақпараттардың таратылуы тоқтатылды. Халыққа уақытылы ресми деректер ұсынылуда. Халық денсаулығы үшін жан -жақты теледидарлардан бағдарламалар ұйымдастырылып, газет-журнал басылымдарына халыққа қажетті деген мақалалар көп жариялануда. Осының арқасыннда жұртшылық арасында ауыруға қарсы сауаттылық артып, халық вирусқа қарсы күресуге бірге атсалысуда.Тек отандық емес халықаралық медициналық сарапшылар да коронавирустық инфекцияның алдын алуда адамдар үшін гигиеналық ережелерді сақтау, өз өмірі мен өзгенің денсаулығы үшін жауапкершілікті сезіну және соған сәйкес әрекет ету маңызды дейді. Қазақта жақсы сөз бар: Сақтансаң - сақтаймындеген. Сондықтан, егер біздің азаматтарда жеке гигиена мәдениеті қалыптасса, эпидемияны оңай жеңуге болады. Бұл мәдениет әр отбасында орнығуы керек. Тазарту мәдениеті болашақта пайда болатын басқа вирустардан қорғау үшін пайдалы болады. Бүгінде жұртшылықтың барлығы дерлік вирус бар екендігіне көздері жетіп, әбден сенді. Күн өткен сайын танымал адамдар мен олардың таныстары ауырып, ауырып, өліп, эпидемиядан айығып жатқандары да болды. Ең қорқыныштысы - вирус бәріне әсер етеді. Қайтыс болғандардың басым бөлігі жастары 60-тан асқандар екен. Сондықтан біздің азаматтарға дәрігерлердің ескертулеріне құлақ асып, сақтық шараларын барынша сақтау қажет. Біз бүкіл адамзатқа ортақ эпидемияның соңы жақын деп санаймыз. Оған дейін әр азаматтың денсаулығы мықты болып, қиын жағдайда біріккені маңызды. Жалпы айтар болсақ, COVID-19 елдегі көптеген кемшіліктерді анықтады. Мемлекеттік органдар да, қоғам да шешуді қажет ететін көптеген мәселелердің барекендігін айқын аңғарды. Бізге қазір не істеу керек - бұл сынақты ең аз шығынмен тапсыру және жағдайдан сабақ алу арқылы туындауы мүмкін басқа кедергілерге қарсы мықты қауіпсіздік қалыптастыру қажет. Бұдан басқа ештеңе де қажеті жоқ. БАҚ-тың бағыты өзгеріп, ақпараттың ағындап дамып жатқан кезеңінде, бұқара халықты ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету аса маңызды рөл атқарады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам үшін алатын орны айрықша. Қазір де санамызда қалыптасып қалған идеологияны жоғалтып, заманауи кезеңде жаңа серпіндегі тың бағыттағы саяси-әлеуметтік пікір мен көзқарасты қалыптастырып жатқан кезеңде ақпараттандыру аса маңыздылыққа ие болып отыр. Мұнымен бірге бүкіл әлем болып ауыр кезеңді бастап өткеріп жатырмыз. Осыны ескерер болсақ, әлем халқының өзге сала өкілдеріне деген мұқтаждығы секілді, БАҚ-өкілдеріне де мұқтаждығы артты. Өйткені, уақытылы ақпараттандырулар мен күнделікті өзгеріс, түрлі жағдайларға байланысты мәліметтерді халық керексінді. Биліктегі бетпұрыстар һәм бұқараның базынасы ерінбей еңбек еткен журналистердің арқасында бір ортада тоғысуда. Ол бүгін де, ертең де, тіпті қаншама заман өтсе де солай болып қала береді.Әлемнің ақпараттық ағыны да зымырандай зулап, COVID-19 дертінің дендеген кезеңінде дәрігерлер, ғалымдар, журналистер мен полицейлерге қойылар талап пен міндет, жауапкершілік жүгі артылды. Ақпараттандырудың теледидар, газет - журналдар, сайттар, ғаламтор желісі арқылы күллі ғаламға тарауы журналистердің жылдамдығын көрсетті. Яғни, БАҚ өкілдері бұрынғы қарқындарын үдете түсті. Осылайша, халық ресми ақпараттарды қолдануда. БАҚ-қа кері пікір тудыратын әрекеттер де жиі болып тұрады. Мәселен, жалған ақпараттардың тарап кетуінің кесірі, таяқтың бір ұшы журналистикаға тиіп кетіп жатқаны жасырын емес. Бұл тұрғыда қоғамға барынша ресми ақпаратқа сену керектігін айтып, жұрты үшін жұмылған да журналистер. Халықтың көңілінен шығатын, олардың көкейіндегі мұң-мұқтажы журналистердің материалында көрініс табуы қажет. Бұл терең зерделеумен жан-жақты ізденіс арқылы жазуды талап етеді. Коронавирустың өршіп шағында, шаршауды ұмытып шындық үшін шырылдап, бұқараның базынасымен қатар олардың алтын қазынасы денсаулықтары үшін өз өмірлерін тәрк етуге дейін барды. Бұл дегеніміз соғыстағы ерлікпен пара пар. Осы тұста, шындықты шымбайға батырып, желіде ашық жаза білген сақа журналистеріміз де аз емес. Мәселен, Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, Дина Елгезек, бұдан бөлек қаншама телеарна мен газет, сайттардан батыл қадам жасап шыққан тұлғалар көп болды. Осы журналистеріміздің қаламынан параққа түскен халық мұңы бағаланса, кейінгі өскелең қауымға үлгі болары хақ. Сондай-ақ, журналистер үшін ең алдымен теориялық ізденіс пен тәжірибелік біліктің негізгі сыналар шағы осы кезең болды. Яғни, COVID-19. Және халықққа шынайы ақпарат беріп, оларды 24 сағат бойы маңызды жаңалықтармен қамтамасыз етуі де шеберлікті арттыра түсті. COVID-19 кезінде БАҚ-та халық денсаулығы мәселесінің көтерілуі алдыңғы қатарда тұрды. Қазір де солай. Сондықтан мен бұл зерттеу жұмысымда журналисттің ауыр жүк арқалап, тыңнан түрен салып еңбек еткендіктерін көптеген деректер мен дәйектер келтіріп, дәлелдеуге тырысамын. Бұдан бөлек, Дендеген дерт шағында шындық арқалап шама-шарқынша маңызды дерек ұсынып жүрген бұл сала өкілдерінің жұмыстарындағы ерекшеліктеріне тоқталып, қолдан келгенше жаңашыл жаңалықтар табуға ұмтыламын. Ауқымы кең тақырыпта журналистік шығармашылық, авторлық негізде жазылған түрлі материалдар зерттеу жұмысына дерек пен дәйек ретінде алынды. Сондай-ақ елге белгілі азаматтардың пікірлерін де ескердім. Себебі, белгілі журналистердің қазіргі жұмыстары зерттеу жүргізіп жатқан дипломдық жұмысыма тұздық болды. Журналистер қандай маңызды мәселені немесе тақырыпты қозғаса да, кез-келген ізденісте түрлі көзқарас танытса да, түбі шындыққа қол жеткізбей қоймайды. Сондықтан мұндай кезеңдегі әр ақпарат, болашақ жас журналистерді мамандандыру жолында қажет. Халық қамы үшін жазылған мақалалар, журналистік зерттеулер, кейінгі журналистерге практикалық тұрғыда білімдерін толықтыруға септігін тигізеді. Осы ретте, халық қамы үшін қамданып, қалыс қалмай еңбек етіп жүрген журналистердің еңбегі келешекте емес, кеш болмай тұрып, дәл бүгінгі күннен бастап ескерілсе деген ұсынысым да бар. Себебі қазақ даласында басы бүтін болып қалыптасқан халықтың, қозғаушы күші һәм құлағы журналистика. Бұл журналистік мектептің бастауында, бүгінгі таңдағы бел ортасында шығармашыл ұжым тұр. Біздің естіген, көрген материалдарымыздың барлығы журналистердің өлшеусіз еңбегі.
Қазіргі таңда тағы да халық арасында тағы да мынадай тіркес пайда болды. Дәріден уланғанды дәрігер емдейді, ал ақпараттан уланғанды кім емдейді? Ақпараттық вакцина, ақпараттық қауіпсіздік сияқты жаңа терминдер, жаңа атаулар бүгінге дейін түрленіп, қолданылып келеді. Ия, коронавирустың тағы бір жаңа толқыны басталған жағдайда инфодемия, яғни елде жалған, қорқынышты ақпарат таралуы да ғажап емес. Айтпақшы, бірінші толқында инфодемия болғаны белгілі. Ақиқат пен жалған ақпаратты ажырата алмайтын немесе оқуға құлқы жоқ адам дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспайды. Бұл олардың ішіндегі ең қауіптісі. Сонымен БАҚ, оның ішінде журналистер инфодемияның жаңа толқыны пайда бола қалса дайын ба?деген тағы бір сұрақ туындайды осыған толықтай жауап бере кетсек. Пандемия кезінде дәрігерлер жұртшылық қауымды коронавирустан қорғап, оның алдын алу бойынша тер төксе, журналистер қауіпті дерт, пандемия кезінде қоғамды жалған ақпараттардан, яғни ақпаратты вирустан қорғауы керек. Бұл дегеніміз сенімділік пен дәлдікті қажет етеді. Сонымен қатар жедел ақпарат тарату да аса маңызды рөл атқарады. Журналистің басты міндеттерінің бірі - беретін материалының, ақпаратының дұрыс екеніне дұрыс екендігіне көз жеткізу. Бұл олардың қазіргі күнгі басты міндеттері. Инфодемия да қоғамға вируспен бірдей қауіптілік тудырады. Оның басты қауіптілігі - ақпарат ағынында көптеген адамдардың, қоғамдағы белгілі бір топтың шын және жалған ақпаратты ажырата алмайтындығында болып отыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Оның нәтижесінде олар дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспай, қауіпсіздік шараларын қолданбайды. Яғни, қиын инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шараларды қабылдамай, қарсы әрекет етеді. Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап бүкіл әлем инфодемияның пандемияға қарағанда қауіпті екендігін айтты. Сонымен қатар, инфодемия мәселесі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқылануда. Біздің еліміз де бұл тұрғыда қалыс қалып жатқан жоқ. Осыған байланысты еліміздің әр түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Атап айтар болсақ, медиа форумдар мен конференциялардың күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі осы инфодемия болып отыр. Қоғамдық сарапшылардың пікірінше, негізгі проблемалардың бірі - вирус туралы нақты ақпараттың болмауына байланысты мемлекеттік органдар тарататын ақпаратқа қоғамның сенбеуі. Сол үшін, біз мемлекеттік маңызы бар мұндай шаруаларды байыппен ойланып, нүктесін қою керек деп ойлаймыз. Бұл мәселе бүкіл бір қоғамның өміріне қатысты. Өйткені, мемлекеттік қызметкерге немесе дәрігердің сөзіне қоғамның көпшілігі сене бермейді. Сөздерін теріске шығарып, қабылдамауға тырысады. Ал қоғамдағы аудитория екіге бөлінеді. Әр түрлі пікір қабылдап, ой түйетіндер. Ең бастысы, мемлекеттік органдар хабарламаның алдында әр шешімнің алғышарттары мен себептерін түсіндіруі керек. Мысалы, қоғамдық орындар ертеңнен бастап жабылады. Келесі аптадан бастап жолдарда посттар қойылады деп нақты ашып айту керек. Мұны да тұрғындарға тұшымды етіп жеткізетін әрине, тағы да журналситер деп айтуға тура келеді. Бқл дегеніміз нені білдіреді? Бұл мемлекеттік органдар әр шектеудің себептерін түсіндіруі керек. Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары эпидемиямен бірге күресуі керек. Өкінішке орай, ресми ақпаратты таратудың тиімділігі мен жылдамдығы жалған жаңалықтардан аз, біршама артта қалып қоюда.оған тосқауыл қою үшін де біраз жыл еңбек ету қажет. Арнайы программалар ойлап табылуы керек дегендей... Ал, адамдардың көбі әлі күнге дейін ресми ақпаратқа күмәнмен қарайды. Мәселен, бір ғана орта азияда жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа көрермендердің тек 5% -ы ғана сенеді. Бұл дегеніміз сұмдық қой. Тіпті, кей ауылдық жерлерде мұндай сайттардың бар екенідігін білмейтін жұртшылық бар. Әлеуметтік желіден келген жағлан ақпаратқа сол үшін де сенуге мәжбүр болады. Мұндай төтенше жағдай кезінде елдегі ақпараттық саясатты қайта жасақтап, жаңалап жүргізуді қажет етеді.Жалпы пандемия дегеніміз ол - дағдарыс. Дағдарыс кезінде біз күнделікті қалыптасып қалған жағдайды қолдагнып өмір сүре алмаймыз. Яғни, бізге дағдарыс кезеңінде ақпараттық саясаттың жаңа стратегиясы қажет. Ол үшін БАҚ өкілдерінен құралған арнайы топт өкілдерін жасақтап, жұмысқа жұмылдырса нұр үстіне нұр болар еді. Пандемия кезінде мынадай жалған ақпараттар жиі таралды. Ананы жесең жазыласығ, мынаны жесең ауырмайсың деп, небір заттар саудаға салынды. Осындай жалған ақпараттарды бірден тоқтату мүмкін болмады. Өйткені тұрғындар сол жалған ақпаратқа сеніп, жалған әрі алдамшы нәрселерге еріп кетті. Сондықтан бұл тұрғыда ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне көз жеткізгісі келген кез келген адам, алдымен ресми дерек көздеріне назар аударғаны жөн. Жалған жаңалық коронавирусқа қарағанда он есе зиянды болуы мүмкін. Жалған ақпараттан денсаулығы онсыз да мүшкіл адамдар ауыруын асқындырып, көп зиян тигізеді. Осыған орай, әлемдік деңгейде қаншама ақпараттық сайттар, бағдарламалар қайта жасақталды. Тіпті өзіміздің елімізді алып қарастырсақ, әр өңірде, аудандарда порталдар, жедел желі нөмірлері іске қосылды. Бұл халыққа қосымша көмек ретінде қолға алынған шаралардың бір ұшы ғана. Осы порталдарға, жедел желі нөмірлеріне жергілікті тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойса болады. Коронавирустығ салдарынан бүгінгі дәуірде тағы да жаңа сөздер пайда болды. Бұл ақпарат айдынындағы мамандар үшін өте маңызды. Солардың бірі - ақпараттық вакцина. Бұл көбінде әсіресе журналистерге қатысты. Осы салада терең зерттеулер жүргізген мамандар журналистерге төзімді болуға кеңес береді. COVID-19 туралы көбірек ақпарат болған сайын, көрерменнің өзі соғұрлым депрессияға ұшырайды. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі - коронавирус тақырыбында маңызды мәліметтерді беруге тырысып, шынайы жауап беру. Мысалы кейбір веб-сайттар мен телеарналар осындай жағдайларды пайдаланып, рейтинг жасау үшін шулатып, сенсациялық жаңалық беріп қалуға тырысады. Алайда, таяқтың екі ұшы барын ұмытпауымыз тиіс. Мұның өзі журналистік этикаға қатысты мәселе. Журналисті вирус туралы жазбауға ешкім мәжбүрлей алмайды. Алайда, журналистердің өз елі алдындағы жауапкершіліктерін сезінуі аса маңызды рөл атқарады. Белгілі журналист Нұртөре Жүсіп кез келген кәсіби журналист өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек деп санайды. Пандемия кезінде журналистердің атқарған істері дәрігерлерден кем кем түспеді, - деді ол. Алайда ақпарат қызметкерлері үшін жағдай жасалмайтыны аздап қынжылтады. Егер адам уланып қалса, дәрігер оны емдейді. Егер адам ақпараттанн уланса, оны кім емдейді? Сол үшін де бүгінде таңда біздің қазақстандық журналистикада үш негізгі проблема бар. Алдымен басты проблемамыз рейтинг қуалау болып тұр. Рейтинг қуалаудың кесірінен жалған ақпарат таралады. Екіншісі - сыртқы ақпарат ағыны. Ресейлік дереккөздерді қолданушылар саны қазіргі күні артып барады. Тек БАҚ өкілдері емес, қарапайым блогерлерде сыртқы ақпарат көздеріне жүгінеді. Оның дұрыс я болмаса бұрыс ақпарат екендігіне ешкім көңіл аударып, бас қатырып жатқан жоқ. Осындай жағдайларды болдырмас үшін елдегі келесі лекте жетіліп келе жатқан журналистерге маңызды деген тілдерді барынша меңгергені дұрыс. Мәселен, ағылшын, түрік, қытай және жапон тілдерін білу аса маңызды деп ойлаймын. Өйткені бұл мемлекеттер қай жағынан алып қарасақ та жақсы дамыған. Нақты дерек көздерін ұсына алатын мемлекеттер. Ал, біздің саладағы келесі проблема. Өзекті болып есептеледі. Ол - қаржылық тәуелділік. Журналистерге дұрыстап қаржы бөлінбейтіндіктен, жағдай жасалмағандықтан да жұмыс сапасы бәрібір белгілі мөлшерде төмпен болады. Бүгінгі күні барлық редакциялардың жағдайы нашарлап тұрғаны айтпаса да білінеді. Оны жасыра алмаймыз. Инфодемиямен күресу үшін БҰҰ жүзеге асыратын арнайы жобалар бар. Солардың бірі Нақтыланған мәліметтер деп аталады. Жобаның мақсаты - тек мұқият тексерілген деректермен бөлісу және олардың басты ұраны Жеті рет өлшеп, бір рет кес....
Біз бәріміз маска киіп, қолымызды жуып, зарарсыздандыратынымыз сияқты, кез-келген журналист ақпараттық гигиенаны сақтап, тек тексерілген ақпаратпен жұмыс істеуі керек. Бүгінде қоғамда коронавирустық мутацияға ұшырайтындығы жайында көп айтылып жүр. Ақпаратты алаяқтық жолмен таратушылар саны да күннен күнге күрт өсуде. Нақты негіздерге сүйенбей, дерексіз дәлелдер келтіріп, кей жұрттың басын қатырып қойды. Біз қазірдекн бастап қайта қолға алып, ескеруіміз керек. Сондай ақ, ғаламторда жалған ақпарат көздері, жалған аналитикалық орталықтар, әлеуметтік желілердегі аккаунттар пайда көп. Бұлардың барлығы арнайы тексерістен өтпегендіктен тұрғындар тек журналистер тарататын ресми ақпаратты оқығаны дұрыс. Ал журналистерге қойылатын тағы да міндет ол деректерді уақытылы тексеруді, сенімді ақпарат көздеріне қол жеткізуді және цифрлық сауаттылықты меңгеруі маңызды. Тағы бір өзекті мәселе, мұны әр жыл сайын біршама қоғам белсенділері, ардагер журналистер көтеріп келе жатыр. Ол - отандық БАҚ-тың қаржылық қиындықтары. Пандемияның кесірінен барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамадан түсетін түсімдері күрт төмендеді. Карантиндік шаралар нәтижесінде көптеген басылымдар банкрот болды. Көптеген журналистер жұмыссыз қалды. Жалпы, коронавирусқа қатысты ақпараттық саясатты қалай өзгертуге болады? Деген сұрақ меніңше маңызын жоймауы тиіс.
Эпидемия кезінде аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының арасында БАҚ өкілдері болды. Менің ойымша, олар өз жұмыстарын адал атқарды. Қазіргі уақытта бір қуанарлығы Сенат елдегі ақпараттық секторды жақсартуға бағытталған заң жобасын қабылдауда. Осыған барлық журналистер атсалысу керек деп ойлаймын. Өйткені, ақпараттық порталдарды дұрыс жүргізу аса маңызды. Ол қоғам өміріне әсер етеді. Ал егер журналистердің мәртебесін арттыратын болсақ,олардың да сапалы жұмыс жасауына кепілдік болады. Қазіргі уақытта ақпаратты дамытудың ұлттық бағдарламасы жасалуда. Бағдарлама бұқаралық ақпарат құралдарын болашақта мемлекеттік сатып алулардан тыс қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу сараптамасына көбірек көңіл бөлу және журналистердің құқықтық мәртебесін анықтау сияқты мәселелерді шешеді. Сонымен қатар, индустриялық журналистиканы дамыту бойынша бірқатар бастамалар қолға алынып жатқанын да айта кеткеніміз жөн. Өткен жылы журналистер үшін жағымды жаңалығын алып келді. Өйткені, журналистердің жеке Кәсіп одақ ұйымы құрылып, ондка оларға қатысты барлық мәселелер қаралатын болып шешілген болатын. Ал оның төрағасы болып белгілі журналист Зейін Әліпбек сайланды. Зейін Әліпбектің айтуынша, қазіргідей төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратудың артында жауапкершілік жатқанын ескерген жөн. Көп жағдайда адамдар жалған ақпарат таратып, сол жауапкершілікті сезінбегендіктен елді үрейлендіреді. Егер мемлекеттік органдар дәлелсіз ақпараттар мәселесін ашып, халыққа уақытында жан-жақты ақпарат беріп отырса, бұрмалаушылыққа ешкім сенбейді. Сонымен қатар эпидемияның алғашқы толқыны кезінде БАҚ өкілдері дәрігерлермен қатар жұмыс атқарды. Сондықтан олардың әлеуметтік жағдайы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек дейді ол. Бұдан бөлек, тағы да жалған ақпараттың таралуы сенімді дереккөздердің жоқтығынан және қоғам сенетін белгілі ақпараттық порталдардың көп болмауынан да туындайды. Айта берсең туындайтын мәселе көп. Мәселен, біздің елде медициналық журналистика дамымаған. Соның салдарынан кей ақпараттарды қоғамға түсінікті етіп жеткізу қиындау болып тұр. Өйткені, әр саланың өз тілі бар. Ол сала туралы жазу үшін де әбден машықтанған мамандар қажет. Ал ол саланы шала шарпы білетін адам, нақты мәлімет беруі екіталай.
Еліміздің қазіргі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистерге бүгінгі жағдайда талмай еңбек етіп, ел үшін жұмысқа жұмылғандарына алғысын айтқан еді. Министр өз сөзінде: Мен журналистерге кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтудан жалықпаймын. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, таң атысынан күннің батысына дейін, үйлеріне қайтпастан ақпарат майданында шайқасуда. Қоғам ішінде дүрбелең тумауына атсалысып жатқан бірден бір сала өкілдері. Сонымен қатар, қауіпті індеттің алғашқы күнінен бастап көпшілік тұрғындар вирустың барына сенбеді. Осы қауіпті уақытта журналистер тұрғындарға шұғыл ақпарат жолдап, үйде отыруға, сақтық шараларын барынша ұстауға қатысты маңызды ақпарат тарата білді деп сөзін топшылаған болатын. Сондай ақ, коронаврипустың алғашқы күнінен бастап ақ, мемлекетпен бірігіп жұмыс істеген бірегей сала өкілдері БАҚ қызметкерлері. Күнделікті жылдам ақпарат беру үшін, түрлі баспасөз жиындары жиі өткізіліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Теледәрігер бағдарламасында
Радиожурналистика
Әлеуметтік желідегі фактчекинг
Комментатор мен диктор арасындағы айырмашылық
Копирайтинг - мәтін жазу
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Қaзaқ өнерінің телевизиядa нacиxaттaлуы
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
Ражиожурналистиканың функциялары
Пәндер