Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 34-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Лого ЮКГУ новый

Тарих және педагогика факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі

Пәні: Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі

Мамандығы: 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Шалғынбай Гүлнұр Рүстембекқызы ТП-17-10к1

(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекшісі: Сихимбаева С. М. доцент

(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2020ж.

Норма бақылаушы

аты-жөні

Комиссия:

аты-жөні

аты-жөні

Шымкент 2020

Ф. 7. 34-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Лого ЮКГУ новый

Тарих және педагогика факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі

Пәні: Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі

Мамандығы: 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі_

Орындаған: Шалғынбай Гүлнұр Рүстембекқызы

(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекшісі: Сихимбаева С. М. доцент

(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2020ж.

Норма бақылаушы

Тегі. аты-жөні

Комиссия:

Тегі, аты-жөні

Тегі, аты-жөні

Шымкент 2020

Ф. 7. 34-03

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және педагогика факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Бекітемін

Каф. меңгерушісі

Ермекбаев М. А.

(каф. меңг. А. Т. Ә)

« 24» 02. 2020 ж.

ТАПСЫРМАСЫ

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмыс:

СТУДЕНТ Шалғынбай Гүлнұр Рүстембекқызы тобы ТП-17-10к1

(тегі, аты-жөні)

Курстық жұмыс тақырыбы: Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі

Берілген мәліметтер:

Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны
Орындалу мерзімі
Көлемі(парақ саны)
№: 1
Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны: Жұмыстың педагогикалық негіздемесі
Орындалу мерзімі: 7. 04-10. 05. 2020ж
Көлемі(парақ саны): 1-2
№: 2
Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны: Теориялық бөлім
Орындалу мерзімі: 15. 04-19. 05. 2020ж
Көлемі(парақ саны): 5-6
№: 3
Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны: Әдістемелікбөлім
Орындалу мерзімі: 25. 04-30. 04. 2020ж
Көлемі(парақ саны): 9-10
№: 4
Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны: Қорытынды
Орындалу мерзімі: 3. 05-7. 05. 2020ж
Көлемі(парақ саны): 1
№: 5
Курстық жұмыс мазмұны/ түсіндірме жазбаның мазмұны: Пайдаланған әдебиеттерді реттеу
Орындалу мерзімі: 8. 05-9. 05. 2020ж
Көлемі(парақ саны): 1

Ұсынылған әдебиеттер:

Тапсырма берілген күні 24. 02. 2020ж.

Жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты-жөні, қолы)

Тапсырма орындауға қабылдаған

(студент қолы, уақыты)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Проблемалық оқыту туралы ұғым

1. 2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

2. 1 Проблемалық ситуацияны тудыру механизмі

2. 2

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік бірінші кезекте оның біліктілік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кіруге білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», - деп көрсеткендей, қазіргі кезде педагогтардың біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейдегі республикалық және аймақтық институттарда әлемдік деңгейдегі инновациялық технологияларды кеңінен қолдануды талап етеді. Жаңа формация педагогін даярлауда жоғары педагогикалық оқу орнын ескерсек, оқудың жаңа әдістерін педагогикалық процеске енгізудің әдістемелік нұсқауын дайындау - өмір талабы. [1]

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен, екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.

Қазіргі таңда проблемалық оқыту арқылы танымдық, жеке тұлғалық, ізденушілік, т. б. қасиеттерді кең ауқымда дамытуға болады. Педагог проблемалық мәселені қою арқылы оқушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және шығармашылық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу әдістері: Ғылыми-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау.

Практикалық пайдасы: оқушылардың қызығушылығын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту әдісіне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
  • Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді;
  • Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде ұйымдастырылған жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға болар еді.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Проблемалық оқыту туралы ұғым

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқу түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғарту, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С. Л. Рубенштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В. А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

  • Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
  • Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
  • Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше белітен белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және шығармашылық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивті қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.

Проблемалық оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
  2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
  3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
  4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығарады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдебиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.

Проблемалық оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі. Ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу бағдарламаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады.

Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.

Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік.

Проблемалық оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

1. 2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Проблемалық оқыту әдісі негізінен екі функциямен анықталады:

  1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудің амалдарын іздестіруі.
  2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу әрекеті белсенділігін қалыптастру.

Замануи білімдендірудің мақсаты мамандары шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) алу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Русо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың жақсы жақтары:

  • Оқушылардың логикалық қабілетін арттырады;
  • Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
  • Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйтереді;
  • Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
  • Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмел және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д. Б. Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас арасындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, отақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды - бұл сабақтың бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л. С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» деген екен.

Оқу тәрбие үрдісінде мынандай өзекті яғни актуалды жерлерінде проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім, білік дағдыларын қазіргі өмір, ғылым мен техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бір проблемаларды шешу үшін, білім үрдісіне инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудың нақты әдістері
САН ЕСІМДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Химияны оқыту әдістері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Әңгіме жанры туралы түсінік
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Сан есімді проблемалы технологиямен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz