Аудио оқыту құралы ретінде
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ҚҰРАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аудио және бейне құралдар туралы жалпы түсінік
Аудио және бейне құралдардың түрлері және ағылшын тілін оқытуда қолдану ерекшеліктері
Ағылшын тілін үйренудегі шынайы бейне материалдарды қолданудың маңыздылығы
2 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Бейне материалдарды пайдалану арқылы оқушыларды ағылшын тілін үйренуге ынталандыру
2.2 Ағылшын тілі сабағы барысында аутентикалық фильмдерді, аудиожазбаларды қолдану
2.3 Бейне материалдармен жұмыс жасау кезеңдері
3 АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ҚҰРАЛДАР ТИІМДІЛІГІ ІС- ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ
3.1 Ағылшын тілін сабақтарында аудио және бейне материалдарды қолдану әдістері
3.2 Ағылшын тілін оқытуда аудио- видео тізбегі бар веб - сайттар мен мобильді қосымшалардың оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудағы орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізген елімізде болып жатқан өзгерістер білім алу саласына да елеулі өзгерістер әкеліп отырғаны баршамызға мәлім. 21 ғасыр - технологиялар ғасыры болғандықтан, жас
ұрпаққа тек білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне енуді,
дамыған елдермен тең дәрежеде болуды мемілекетіміз мақсат етті. Ал болашақ ұрпақ әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім жүйесі халықаралық
деңгейге көтерілу керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Халқымыздың ұлттық бәсекелестікке қабылеті бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалады - деген еді. Сондықтан бүгінгі күні елімізде дені сау, рухы таза, өз білімін әр түрлі салада пайдалана алатын адамдар қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында шетел тілдерін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар қоюда. Шетел тілін, әсіресе, ағылшын тілін оқу пәні ретінде оқытуды мектеп, колледждер жоғарғы оқу орындары, қоғам және уақыт қажет етіп отыр. Ол әлеуметтік, экономикалық жайттардың қоғамның жалпы мәдени дамуының айғағы болуда.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасау негізгі тілдік білім мен дағдылардан, лингво-елтану туралы білімнен, білгірлік шеберліктен тұратын шәкірттердің жеткілікті деңгейде коммуникативтік біліктілікке қол жеткізуін көздейді. Осы мақсатта ұстаз өз шеберлігін сабағында жаңа технологияларды қолдануынан, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруінен көрсете білу тиіс.
Сондықтан тақырыбымызға негіз болып отырған сондай озық әдістеменің бірі - ағылшын тілін тыңдау, көріп түсіну арқылы үйрету [1]
Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар, дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттелу обьектісін, теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру - шетел тілін оқытудың басты және жетекші мақсаты. Бұл, әсіресе, қазіргі кезде өте өзекті болып отыр. Қазіргі таңда рөлі ерекше болып отырған ауызша сөйлесуде сөйлеу дағдысын дамытып отыру қажет. Ағылшын тілінде сауатты қарым-қатынас жасау үшін оқушы грамматикалық ережелерді біліп, сөздік қорын үнемі толықтырып отыруы керек, тілдің фонетикалық ерекшеліктері туралы білімі, зерттеліп жатқан тілдің дәстүрлері мен мәдениеті туралы идеясы болуы керек. Базалық деңгейге арналған шет тілін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес, табысты қарым-қатынас үшін оқушы ресми және бейресми қарым-қатынас жағдайында, құнды пікірлерді қолдана отырып, диалог жүргізуге, өзі туралы, өзінің жоспарлары туралы сөйлесуді үйренуі керек; сөйлеу этикеті ережелерін сақтай отырып, оқылған, тыңдалған шетел тіліндегі мәтінге байланысты мәселелерді талқылауға қатыса алуы; қоршаған орта туралы сөйлесу, зерттелген тақырыптар мен мәселелер шеңберінде ой қорыта алу; өз елінің немесе өзге шет елдердің әлеуметтік-мәдени портретін ұсына білуі керек.
Бұл мақсатқа жету оқыту үдерісінде заманауи технологияларды, оның ішінде аудио- видео сияқты техникалық оқу құралдарын қолданбау мүмкін емес. Мектептердің әр түрлі жабдықтармен жеткілікті түрде жабдықталғанына қарамастан, мұғалімдер оны сабақта жиі қолданбайды, ең алдымен қазіргі заманғы оқу-әдістемелік жинақтарда бейнекурстар сирек кездесетіндіктен, қосымша материалдарды таңдауға уақыт жеткіліксіз. Кейбіреулер сабақта аудио және бейнежазбаны пайдалану қажет емес, балалардың көңілін қалдырады және сабақтағы уақытты босқа өткізеді деп санайды. Алайда, осы диломдық жұмыста аудио - видео материалдарды оқушылардың сабақта белсенділігін арттыратын және олардың сөйлеуге, көргендері туралы өз пікірлерін білдіруге деген құштарлықтарын арттыратын құралдардың бірі ретінде қарастырамыз. Сонымен, ағылшын тілі сабағында аудио - видео материалдарды қолдану әдістемесінің жеткіліксіз әзірленуі осы жұмыстың өзектілігін анықтап отыр.[2]
Диплом жұмысының тақырыбы: Ағылшын тілін оқытуда аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ағылшын тілін оқытуда аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын қарастыру. Ағылшын тілі сабағында аудио және бейне материалдарды қолданудың оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға әсерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ағылшын тілін оқытуда аудио- видео құралдарды қолданудың теориялық негіздерін айқындау;
Аудио- видео құралдардың оқу процесінде қолданылуының ерекшеліктерін, түрлерін, тиімді тұстарын қарастыру;
Ағылшын тілі сабақтарында аудио- видео құралдарды тәжірибелік жағынан қолдануды зерттеу және олардың көмегімен сабақтарды өткізудің тиімділігіне сараптама жұмысын жүргізу.
Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытудағы аудио- видео құралдардың маңыздылығын қарастыру және қолданудың тиімділігін негіздеу.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабақтарында адио- видео құралдарын қолдану.
Зерттеудің әдіс- тәсілдері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, талдау- жинақтау, қорыту және эксперименттік әдістер т.б қолданылады.
Зерттеу болжамы: егер ағылшын тілі сабағында аудио- видео құралдардың әдістемелік мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен көру әрі тыңдау арқылы түсіну дағдысы қалыптасып, сөйлеу дағдысы дамиды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Теориялық маңыздылығы: Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда аудио - видео құралдар ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді. Аудио- видео құралдарды пайдалану арқылы тыңдау, айту, диалог, монолог жаттығулары орындалып, оқышылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Практикалық құндылығы: зерттеудің нәтижелері ағылшын тілі практикалық курстарында, жалпы шет тілін меңгеру саласында, арнайы курстар мен семинарларда қолданыла алады.
Жұмыстың апробациясы:
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ҚҰРАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Ағылшын тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну- адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланыты болады.
Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу, көру арқылы) оқу фильмдеррін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар мен видео- фильмдер де жетерлік. Кузмичева Т.Н. Технические средства в обучений англикому языку. - М. Просвещение, 2012, 23бет
Оқу сәтті өту үшін қабылдау процессінде көптеген әсерлі қабылдау түрлері болу керек. Оқыту жағдайында аудио және бейне құралдарын қолданғанда маңыздылығы мен тиімділігі жағынан бірінші орында қабылдаудың біріктірілген көру-есту түрі қатар жүреді.
Оқытудың дыбыс-бейне құралы (ОДБҚ) - есту және көру ақпараттарын ұсынуға арналған экранды және дыбысты құралын қоса алатын оқыту процессінде кеңінен қолданысқа енген оқытудың ерекше техникалық құралдар тобы.
Дыбыс-бейне құралдарын тиімді пайдалану:
1) көрнекіліктердің маңызды дидактикалық қағидаларын толық жүзеге асыруға;
2) әр оқушының жеке типологиялық қабілеттерін есепке ала отырып оқытуды жүзеге асыруға;
3) бағдарламалау мен бақылау үшін жақсы жағдай жасауға;
4) өзіндік тыңдау дағдыларын жедел қалыптастыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
5) оқушылардың аналитикалық және имитациялық ерекшеліктерін максималды қолдануға;
6) барлық оқушылармен бір уақытта көптеген белсенді жаттығу түрлерін орындауға, соның ішінде сөйлеуге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне дыбыс-бейне құралдарын енгізу тілді меңгеру сапасын тек көтеріп қана қоймай, шет тілін меңгерудегі мақсаттарына жетуге, яғни балаларды шет тілінде қатынас жасауға жәрдемдеседі. [3]
Тілдерді коммуникативті оқыту (CLT) - қазіргі уақыттағы тілдерді оқытудың танымал тәсілдерінің бірі. Ол 1980-ші жылдардың басында енгізілді, ол күнделікті қарым-қатынаста тілді практикалық қолдануға бағытталған. Бұл тәсілде шынайы материалдарды қолдануға баса назар аударылады. Мұғалімдерге CLT сабағында әртүрлі аудиовизуалды құралдарды қолдану ұсынылады. Қазіргі заманғы білім беруде аудиовизуалды құралдардың маңызы зор, себебі қазіргі оқыту процесінде оқытудың 85% -ы аудио-визуалды құралдармен байланысты.
Аудио және видео материалдарды өмірлік сценарийлерді көрсету, тұжырымдамаларды түсіндіру, әлеуметтік топтарды бақылау және талқылаудың триггері ретінде оқу ресурстарын кеңейту үшін пайдалануға болады. Аталған құралдарды пайдалану сонымен қатар білімді түрлендіріп ұсынуға және оқушылармен өзара әрекеттесудің әр түрлі формаларына мүмкіндік береді. [4,б.3]
Әлемнің барлық елдерінде ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде үйрету дамыған. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан, оны оқытуға, үйретуге ерекше назар аударады. Осыған байланысты ағылшын тілін оқытуға көптеген оқулықтар, әдіс-тәсілдер, бейне материалдар түсіріліп, тілді оңай, әрі тез меңгеруге арналған материалдар көп. Дегенмен, көптеген сыныптарда ағылшын тілі сабағы дәстүрлі материалдарды қолданумен өтеді, бұл оларды нақты өмірлік жағдайларға дайындамайды. Ал шынайы бейне материалдар оларға шетелдік ортаны әр қырынан көрсетеді. [5,б.75]
Бейне сөзі латын тілінде video - көремін, қараймын деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бейнелер, бейнемагнитофон, видеотелефон және т.с.с. күрделі сөздермен тығыз байланысты. Теледидар, видео сигнал, бейне күшейткіш, бейнежазба дамыған сайын видео сөзі кеңінен тарай бастады.
ЮНЕСКО мәліметтері бойынша адам естігенінің 12% және көргенінің 25% еске түсіреді, ал аудиовизуалды қабылдау арқылы ақпараттың 65% -ына дейін есте сақтайды екен. Демек, барлық сезім мүшелерінің қатысуы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда материалды игеру дәрежесінің ерекше жоғарылауына әкеледі. Қазіргі таңда мұғалімдер видеоны қолдана отырып, сабақты қалай жандандыру керектігін біледі. Сонымен қатар, бейне материалдарды сабақта қолдану оқытудың ең қарқынды түрі болып табылады.
Оқытуға арналған видео материалдар - бұл электрондық оқыту жағдайында (күндізгі, аралас немесе қашықтықтан білім беру үшін) таптырмайтын білім беру мазмұнын ұсынудың заманауи, тиімді түрі. Оқытуға арналған бейнелер - дәріс пен тәжірибелік курсқа сәйкес келетін және интерактивті форматтағы оқыту жұмысының әр түрлі формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқу бейнероликтерінің жиынтығы.
Бейне материалдар ақпараттық тығыздықты, қабылдау дәрежесін, эмоционалды қанықтылықты арттыру арқылы оқу материалын жақсы түсінуге ықпал етеді.
Бүгінгі таңда біз білім беруді дамытуда әр түрлі аудио-видео құралдарын қолданамыз. Осы уақытқа дейін аудиовизуалды құралдарды пайдалану мәселесі интеллектуалды тұрғыдан қарастырылып келеді. Ол сонымен қатар маңызды практикалық және техникалық аспектілерді қамтиды.
Аудио оқыту құралы ретінде
Аудио жазба 1970-ші жылдардағы аудиокассеталардан бастап цифрлық түрде жазылған музыкаға дейінгі аудио оқыту мен оқуға көмекші құрал ретінде ұзақ жолды жүріп өтті және ақпаратты жинау мен ұсынудың өте құнды әдісі болып табылады. Аудио сіздің студенттеріңізбен байланысуға және заманауи мазмұнды, сұхбаттарды, пікірталастарды немесе дәріс материалдарын ұсыну үшін мәтінге жылдам, үнемді альтернатива ұсынады. Миддлтон (2013) студенттерге тыңдаушылар ретінде де, баспагерлер ретінде де әр түрлі жолдармен сыртқы әлемге қосылуға мүмкіндік беретін аудионың шынайы келісімді жеңілдететін қабілеті бар екенін атап көрсетеді.
Аудио бағдарламалар, аудиокітаптар және ағылшын тіліндегі аудио курстар - бұл ағылшын тілін үйрену үшін қолдануға болатын керемет ресурстардың бір бөлігі.
Аудио кітаптардың тарихы
Сандық форматтағы аудиокітаптардың қолжетімділігі ескі аудио технологиялармен салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, аудиокітаптардың шығу тегі 1930-шы жылдарға дейін созылады. Олар көбінесе оқу құралдары ретінде пайдаланылып, мектептер мен кітапханалардан табылды. Аудиокітаптар сандық түрде қол жетімді болғанға дейін әңгімелесу кітаптары, олар жиі аталатын, аналогтық кассеталар мен винил жазбаларында физикалық түрде сатылды. Дегенмен, Интернеттің өнертабысы арқасында көптеген түрлі көздерден кең ауқымдағы аудиокітаптар бар. [6].
Аудио және бейне құралдардың түрлері және оқытуда қолдану ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында аудио және бейне жазбаларды пайдалану сөйлеу әрекетінің төрт түрін де қамтуға мүмкіндік береді. Тыңдалым, жазылым (бейнежазбаны көру кезінде алған ақпараттарын дәптерге белгілеп отырады), оқылым (өз жазбаларын оқиды), айтылым (көргендерін талқылайды).
Аудио жазбаларды тыңдату арқылы оқыту - бұл шет тілін оқыту процесінің негізгі аспектілерінің бірі. Дәл осы тыңдау адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесінің негізі болып табылады, онсыз бұл процесс мүмкін емес болары анық. Тілдік дағдының бұл түрін меңгермейінше, тілді үйрену және шет тілін жоғары деңгейде қолдану мүмкін болмайды. Тыңдау және есту ұғымдары екі мағыналы. Есту - бұл тек дыбыстық қатарды қабылдау, ал тыңдау дегеніміз - түсіну, есте сақтау және материалды есту арқылы түсініп, қабылдау болып табылады. Тыңдау сөйлеу әрекетінің жеке түрі ретінде ұсынылуы мүмкін, сонымен қатар диалогтық қатынастың бөлігі бола алады. Дәл осы тыңдалым арқылы қарым-қатынасты дамыту басталғанымен, оқушыларға шет тілін меңгеру барысында ерекше қиындықтар туғызады. Тыңдалым ұғымын алғаш рет американдық психолог Браун қолданған. Шетел тілін оқыту әдістемесінде тыңдау айтылғанды түсінуден тұратын мнематехгикалық, танымдық іс-әрекет ретінде анықталады [3, б. 45].
Тыңдау - шеберлікке негізделген іс - әрекет. Барлық шеберлік сияқты ол да белгілі бір дағдыларға сүйенеді.
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
а) тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);
ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Шетел тілін оқыту әдістемесі 3(17) 2007 21 бет
Оқыту процесінде CD магнитафоннан немесе MP3 ойнатқыштары арқылы жазылған үзінділерден көп тыңдалады. Көбінесе аудио жазбалар сабақтың бір бөлігі немесе қосымша материал ретінде қолданылады. Бірақ мұғалім өзі немесе достары мен әріпестерін қатыстыра отырып, өздерінің аудио материалдарын жазбауына еш себеп жоқ. Қазірге кезде мұғалімдер де заманауи жазба технологиясының көмегімен көптеген ақпарат құралдары арқылы, жақсы сападағы жазбаларды жасауға болады. Авторлық құқық ережелерін бұзбаған жағдайда, бңз өте пайдалы тыңдау материалдарын интернеттен де жүктей аламыз.
Біз оқушыларымыздың әртүрлі жанрдағы аудио матеиалдарын тыңдағанын қалаймыз. Бұған жаңалықтар, көпшілікке арналған қоғамдық хабарламалар, жазба хабарлар, дәрістер, телефонмен сөйлесулер, драмалық диалогтар және басқалары кіруі мүмкін. [Мектептегі шетел тілі, Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал. How to Teach English 2007 134 page]
Қазіргі таңда шетел тілі мұғалімдері шетел тілін оқытуда қолданылатын аудиовизуалды құралдардың білім берудегі маңыздылығын мойындайды. Шынында да, жаңа технологиялардың арқасында аудио мен видеоға негізделген педагогика дамып келеді. Қазіргі кезде жарнамалық және теледидарлық бағдарламалы әдістемелерге біріктірілген: деректі, жарнамалық, баяндау, дәлелді, сипаттамалық бейнелер бар. Қолданылатын әдістер оқушылардың деңгейіне байланысты болуы қажет. Оқушылардан иллюстрация мен бейне материалдарды бақылау ұсынылып, алдағы уақытта не болуы мүмкін немесе не болатындығы туралы өз пікірлерін айтуды сұрауға болады. Сондай-ақ мұғалім оларды осындай қорытындыға не итермелегенін де сұрай алады.
Видео материалдарды қараған кезде мұғалім проблеманың дамуын болжау мақсатында жазбаны тоқтата алады., Егер дыбыстық жазбаны түсінуде қиындықтар туындаса қажетті фрагментке оралып, оны қайтадан көре аласыз. Г.А.Тюринаның айтуынша, шынайы бейне материалдардың бірқатар артықшылықтары бар: сөйлеушілердің әр түрлі сөйлеу түрлерін көрсету (монолог, диалог); вербалды, вербальды емес (мимика, қалып, ым-ишара, көзқарас) қарым-қатынастың мысалдары; тілдің ерекшеліктерін байқау (лексикалық, фонетикалық); сол елдің мәдени ерекшеліктерін көрсете алу [4].
Бейне материалдарды қарау мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Э.Ильченко бейнематериалдарды дидактикалық материал ретінде қолдана алатын, бірнеше рет қарау мүмкіндігі бар және әртүрлі режимдерді қолданумен сипатталатын теледидарлық өндіріс деп тұжырымдайды [5].
Аудио және видео презентацияларды қолдану әртүрлі мақсаттарға қызмет етуі мүмкін:
- оқылған тараудың визуалды иллюстрациясы мен шығарманың атмосферасына көбірек ену үшін;
- көркем фильмнің шынайы және жанды сөйлеу тілін қабылдау арқылы оқушылардың лексикалық қорын кеңейту үшін;
- көркем шығармаларды салыстыру арқылы талдау қабілеттерін дамыту;
- еркін сөйлеу үшін жағдай жасау және коммуникативті құзыреттілікті арттыру.
Ағылшын тіліне үйрету кезінде бейнежазбаларды пайдаланудың маңызы зор:
- бейне жазбаның көмегімен табиғи тілдік орта жасалады, соның әсерінен оқытудың көрнекілік қағидаты түгелдей жүзеге асырылады;
- сабақта пайдаланылатын видео жазба кейіпкерлері тез сөйлейді (диалогтар, монологтар, полилогтар кездеседі), соның нәтижесінде ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі міндеттері орындалады;
- тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, яғни табиғи тілдік ортаға жақындата отырып бірінші көрсетілімнен-ақ естіп-түсінуге үйренуге болады;
- бейне жазбада әртүрлі ауқымдағы (әйелдердің, ер адамдардың, балалардың) дауыстар игеріліп қана қоймай, сонымен қатар бұл жерде әртүрлі жас ерекшелігіндегі және әртүрлі әлеуметтік тіл иелерінің қандай да бір жағдайдағы мінез-құлықтары бейнеленеді.
- оқытылатын тілдегі елдің мәдениетін ұсына отырып, бейнежазба қалыпты және қалыптан тыс жағдайдағы тілдік мінез-құлықтың жалпы қабылданған тәсілдерін көрсетеді;
- бейнежазба барысында оқушылардың назарын жеке тілдік кезеңдерге де аударуға болады (яғни фильмді қараудың мақсаты - лингвистикалық шолу немесе білімді тереңдету деген сияқты);
- бейне жазба оқушылардың бақылау, көргенін қорытындылау, өз сөзімен айта білу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Студенттердің ойша елестетуін жетілдіруге көмектеседі, өйткені кейбір кадрлар жорамалдауға, себеп-салдарлық, логикалық байланыстарды және студенттің алдыңғы тәжірибесін пайдалануға есептелген. Өйткені қандай да бір затты қабылдау сыныптың әр оқушысында әрқалай болуы мүмкін, сонда олардың айтқандары бір-біріне ұқсамай, бір сарындылықтан құтылар еді;
- бейне жазбаларды көру білім алушыларға эмоционалды әсер етеді, осы жерде олардың зейіні және ұзақ уақыт есте сақтау қабілеті дамытылады. Оқушылар тек бейнежазба көріністерін ғана емес, сонымен қатар, кейіпкерлердің сезімдерін, көңіл-күйін, алған өзінің әсерін суреттейді, яғни көргенін тереңірек қабылдайды.
Жоғарыда көрсетілген видео құралдардың артықшылықтарын ескере отырып, сабақ үстінде бейнежазбалардың түр-түрін пайдалануға болады, мысалы, мультфильмдерді, ертегілерді, қысқа оқыту фильмдерін және ағылшындардың телерналарындағы жаңалықтарды тыңдатуға, әдебиет, музыка, ғылым, саясат салаларындағы ірі қайраткерлер, көрнекі жерлері туралы және тақырып бойынша сүйікті әндер мен бейнеклиптерді, деректі, көркем фильмдерді көрсетуге болады. Ең бастысы, таңдап алынған аудио- видео жазбалар сабақтың мақсат-міндетіне сай келіп, тәрбиелік мәні жоғары болу керектігін ұмытпауымыз керек.
Сонымен қатар, сабақта аудио және бейне жазбаларды қолдану оқытуды дараландыруға және оқушылардың сөйлеу әрекетіне деген мотивтің дамуына ықпал етеді. Шетел тілі сабағында бейнероликтерді қолданғанда мотивацияның екі түрі дамиды: өзін өзі ынталандыру, фильм өзі қызықты болған кезде және мотивация, ол оқушыға үйреніп отырған тілін түсінетіндігін көрсету арқылы қол жеткізіледі. Бұл қанағат әкеледі және өз күшіне сенімділік береді және одан әрі жетілдіруге деген ұмтылыс береді.
Дегенмен, әдіскерлердің айтуынша, бейнематериалды көру уақытының ұзақтығы - 10-15 минут. Фильм 25-30 минутқа созылған жағдайда, студенттердің зейіні төмендейді, жұмысқа ынтасы бәсеңдейді. Сондықтан оқытушылар уақытты да ескеруі қажет.
Бейне материалдарды сабақ барысында пайдалану кезінде бейне жазбаларды тиімді пайдалануға ықпал ететін бірқатар шарттарды сақтау қажет:
:: кескін мен дыбыс анық және сапалы болуы керек;
:: қолданылатын бейне материал оқушының білім деңгейіне сәйкес келуі керек;
:: кезең-кезеңімен көрсетілуі керек;
:: толық бейнелі сюжетті ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын семантикалық сегменттерге бөлу керек;
:: бейнежазбада қолданылатын тіл талаптар мен стандарттарға сәйкес келуі керек;
:: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және фразеологиялық бірліктерді қажетті мөлшерде пайдалану керек.
Оқытуға арналған бейне жазбалардан басқа, ағылшын тілі мұғалімдері келесідей видео материалдарды сәтті пайдалана алады:
көркем және деректі фильмдер;
мультфильмдер;
теледидар жаңалықтарының және түрлі бағдарламаларының бейнежазбаларын;
музыкалық бейнелер;
жарнама;
әлемдегі түрлі қалалар мен мұражайларға бейне турлар;
бейне тізбегі бар түрлі компьютерлік бағдарламалар.
1.3 Шетел тілін үйренудегі шынайы бейне материалдарды қолданудың маңыздылығы
Шет тілдерін оқыту үдерісінде бейне материалдарды пайдалану мұғалімнің оқу іс-әрекетінің тиімділігін едәуір жақсарта алады, өйткені бейнематериалдар шынайы тілдік қарым-қатынас үлгілерін ұсынады, нақты тілдік қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырады, шет тіліндегі материалдарды қызықты, проблемалық, сенімді және эмоционалды түрде оқытуды жүзеге асырады. Бейнематериал ретінде біз кез-келген телевизиялық өндіру (жаңалықтар, сұхбаттар, ток-шоу, жарнама бірлік, т.б.), сондай-ақ көркем фильмдер, деректі фильмдер, анимациялық фильмдер, кино немесе сандық ақпарат құралдарында жазылған және дидактикалық материал ретінде қайталап көру, тоқтату, үзіліс, қажетті фрагментті жылдам іздеу режимдерін пайдалана алатын материалды айтамыз.
Соңғы жылдары пайда болған аудиовизуалды құралдарды пайдалану туралы ауқымды әдебиеттерде зерттеушілер шетел тілінің оқу үрдісінде бейне жазбаларға тән көптеген функционалдық мақсаттарды атады. [2,б.18].Оқу үрдісінде шынайы бейне материалдардың орындайтын мынадай негізгі функцияларды анықтадық:
Ақпараттық
Бейне материалдар - ақпарат көзі, эмоционалдық, интеллектуалды және білім беру әсеріне ие. Бейне материалдардың ақпараттылығы басқа БАҚ-тарға қарағанда көп қырлы және әртүрлі екендігінде, алайда шынайы бейнематериалдар қоғамның өзін бейнелейтін нысанда ұсынып отырады;шетелдік оқушыға- барлық жастағы және әлеуметтік топтардағы тіл үйренушілердің көрген және еститін ақпаратты алудың ең сенімді арнасы.
Мотивациялық
Шет тілдер сабақтарында шынайы бейне материалдарды пайдаланған кезде мотивацияның екі түрі дамиды: өзін-өзі ынталандыру, фильм өзін-өзі қызықтырғанда және қол жеткізілген уәждеме - ол оқып жатқан тілін түсінетіндігін көрсететін болады. Бұл олардың қанағаттанушылығын тудырады және олардың күш-жігеріне әрі қарайғы жетілдіруге деген сеніміне ие болады. Оқушылардың тілді үйренуге қызықты және ойын-сауықтырушы сюжет арқылы емес, бейнекөрсетілімді түсінуіне байланысты қанағаттануын қамтамасыз ету керек.
Модельдеу
Бейнені пайдалану табиғи қарым-қатынас шарттарына ұқсас көптеген жағдайларды
модельдеуге мүмкіндік береді. Тілдік орта үшін үлгі алмастырушы ретінде әрекет ететін шынайы бейнематериалдар тілде толық сөйлеуді қалыптастыру тұрғысынан оңтайлы және екіншіден, мәдениетіне тән әлемнің бейнесін қалыптастыра отырып, студенттің ойында модельдеу функциясын жүзеге асырады
Интегративтік
Интеграциялық функция деректер тасымалдаушысы ретінде бейне материал өзіне басқа оқулықтарда, баспа мәтіндерінде қамтылған оқу материалдарын біріктіре алады, сондай-ақ қоршаған шындықтың нақты құбылыстары мен процестерін көрсетеді.
Көрнекі
Бұл функция студенттерге үйренген лингвистикалық материалды іс жүзінде жүзеге асыру мысалдарын көрсету болып табылады. Аудио және бейне үйлесімінің арқасында шынайы бейнематериалдар оқылатын тілдің нормасы мен суреттейтін шынайы сөйлеу үлгілерінің көзі болып табылады, сондай-ақ басқа дереккөздерге қарағанда жақында тілде болған өзгерістерді көрсетеді.
Дамытушылық
Жадты, көңіл-күйді, ойлауды және т.б механизмдерін дамыту функциясын, сондай-ақ жеке қасиеттерді дамыту функциясын ұсынады. Тілдерді меңгеру процесінде оқушылардың сөйлеу іс-әрекетінің дағдылары мен қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық белсенділігіне ықпал етеді, бұл білім мен дағдылардың жаңа жағдайға ауысумен сипатталады [2,б.23].
2. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. № 3, 60 б.
Шынайы бейнелер көмегімен ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыру әлеуметтік-мәдени құзыреттілік дағдыларын қалыптастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін; ауызша оқыту барысында өте тиімді.Сондай-ақ, олар экранда болып жатқан оқиғаларға эмоциялық көңіл бөлу арқылы туындаған материалдарды мәжбүрлі түрде есте сақтауға үлес қосады; жаңа лексикалық, фонетикалық және грамматикалық материалдарды таныстыру кезінде көрнекі немесе визуалды-есту қабілетін қолдау жасауды үйрену әдістерін әртараптандыруға мүмкіндік береді; зерттелген материалды жүйелі қайталауды тиімді ұйымдастыру үшін қолданылады. Шынайы бейне фильмдерді тәжірибеде табысты қолдану үшін олармен тиісті жұмысты ұйымдастыру керек. Алдымен, оқыту мақсаттары мен міндеттерін анықтау керек (бұл бейнені көрсету арқылы біз неге жетеміз). Мұндай жұмыстарды орындаудағы екінші маңызды кезең бейнежазбаны таңдау болып табылады (неге бұл бейнені көрсету керек).
Отандық және шетелдік зерттеулерде бейне материалдарды таңдау мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Әртүрлі авторлардың осы тақырып бойынша басылымдарын талдауға арналған, шынайы бейнені таңдау үшін келесі критерийлерді ажыратамыз:
-шынайы бейне материалдардың тілдік мазмұнының оқушылардың тілдік деңгейіне сәйкестігі;
-шынайы бейне материалдардың өзектілігі;
-дыбыс және декорацияның сапасы;
-бейнематериалдардың жанрлық ерекшеліктерінің білім беру мақсаттары мен міндеттеріне, оқушылардың мүдделеріне сәйкестігі;
-аймақтық географияның есебі;
-бейнематериалдардың әлеуметтік-мәдени мазмұнын, әлеуметтік-мәдени
құзыреттілін қалыптастыру сәйкестігі;
-ақпараттық және көркем құндылық;
-аудиториямен танымалдығы;
-жанрлық-композициялық әртүрлілік; [5,б.24].
5.Мұғалімге арналған нұсқаулық, III (негізгі) деңгей.
Шынайы бейне материалдарды таңдау кезінде жоғарыда аталған критерийлерді ескеру керек, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал жасайтын материалдарға ерекше көңіл бөле отырып, жалпы кәсіби бағдарын көрсететін, әлеуметтік мәдениет элементтері, ұлттық менталитеттің ерекшеліктерін жеткізу, әсіресе, ұлттық диалог тиіс. Осы көзқараспен барлық лингвистикалық ақпараттар енгізіледі, оларды игереді және ағымдағы формамен бекітеді, ал шет тілінде сөйлеу оқытудың мағынасы мен мәні болып табылады.
Оқу үрдісінде шынайы бейнематериалдарды, атап айтқанда, бейнелерді қосқанда, олардың ерекшеліктерін арнайы жанр ретінде ескеру қажет. Көрсетілімге дайындалу кезінде бейнемен жұмыс істеуге қанша уақыт жұмсалуын анықтау маңызды. Оның көрсету ұзақтығы әдетте бір сабаққа сыймайды, сондықтан мақсатқа сай келетін логикалық реті бар жеке фрагменттерін (эпизодтар) таңдап, осы әрбір үзінділермен жұмыс істеу керек. Фрагмент (эпизод) ретінде біз уақыт пен тақырып бойынша шектеулі, бейне жазбалардың тақырыптық толық үзінділерін айтамыз Шынайы бейнефильмдер сөздің фонетикалық қырын оқыту барысында пайдалы екені анық: ауызша дыбыстардың артикуляциясын көруге мүмкін береді, спикерлердің түрлі айтылуын тыңдауға, лексиканы біркелкі монолингвистикалық семантизациялауды қамтамасыз етеді. Фильмдерді пайдалану студенттердің психикалық белсенділігінің әртүрлі аспектілерін дамытуға, бірінші кезекте, тыңдауға үйрететін кілт болып табылатын назар мен есте сақтауға ықпал етеді. [3,б.32]. 3. Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010 ж. №5, 32 б. Сыныпта көру кезінде бірлескен когнитивті әрекеттің атмосферасы пайда болады. Мұндай жағдайларда тіпті оқымайтын оқушы назар аударып, мұқият болады. Мазмұнды түсіну үшін оқушыларға біраз күш салу керек. Мәселен, еріксіз назар ерікті болып табылады және назардың қарқындылығы есте сақтау процесіне әсер етеді. Сабақта мұғалім қандай видеоларды қолдануы мүмкін?! Мұғалім үшін ең қолайлы бейне, ол-білім беру оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану,әрине, егер ондай болса. Бұл мәлімдеме бейнематериалдарды оқыту кәсіби авторлармен әзірленуінде, сондықтан: оқу-әдістемелік кешені (нақты, лингвистикалық, сөйлеу, әлеуметтік-мәдени); видеокассеталар мұғалімге арналған кітаппен толтырылады, онда барлық бейнероликтердің транскрипті көрсетіледі және тіл үйрену жүйесі мен сөйлеу жаттығулары оқушылардың нақты деңгейімен жасалады, мұғалімнің сабақтарды дайындау уақытын үнемдейді және бірқатар қиындықтарды болдырмайды; оқу-әдістемелік кешені пәні мен деңгейі оқу-әдістемелік кешені базасы ретінде таңдалған басқа оқу-әдістемелік кешендермен сәйкес келуі шартымен автономды түрде пайдалануға болады.
Бейне материалды қарау шет тілін оқу дәрежесіне ықпал жасайды, өйткені тіл коммуникациясының шынайы жағдайын жасайды; шет тілін оқуға деген құштарлықты арттырады; бас кейіпкерлердің жан күйін түсінуге көмектеседі, ауыз екі сөйлеудің барлық жақсы тараптарын ашып көресетеді; студенттердің өз назарына алмай білімдерін нығайтуға жағдай жасайды[1,б 12].
How to Effectively Teach English Writing Skills Busy teacher. - Access
mode: http:busyteacher.org2971-how-to- effectively-teach-english-writing-s kills.html
Видеоматериалдарды пайдаланудың маңыздылығы ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығын меңгертуде көрінеді.
Ағылшын тілі сабағында видеоматериалдарды қолданудың маңыздылығын арттыру үшін мынандай міндеттерді орындау қажет:
- ғылыми-педагогикалық әдебиеттерден видеоматериалдардың тиімділігі туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
- жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу, тақырыптық жоспарға сай видеоматериалдарды іріктеу.
Видеоматериалдарды оқыту үрдісіне енгізу негізінде:
а) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
б) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.
в) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы деңгейінде видеоматериалдарды қолдану процесінде күтілетін нәтиже:
- Ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды кеңінен пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру;
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы - оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы оқушылар тек шет тілін үйреніп қоймай сонымен қатар, мынандай жетістіктерге қол жеткізеді:
- оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
- оқушының білімі қысқа мерзімде тілді меңгере алады;
- интерактивті тақтаны еркін қолданады;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz