ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Өзін-өзі тану Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

Қорғалды: Бағасы:
_______________ 2021ж. ____________________

Максетбаева Ләззат Максетбайқызы
"Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы рөлі "
(Курстық жұмыс)
Күндізгі бөлім: 3-курс
Мамандық: 0111053 Өзін-өзі тану мұғалімі
Пәні: Педагогика
Тобы: ӨТМ-307

Жетекшісі: Абдишова А.М.
Жетекшісі: Абдишова А.М.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал - мәтелдер жайлы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
Мақал - мәтелдер туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ ТАРАУ. МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕР. ОЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2.1 Оқушылардың ой - өрісін дамытуда мақал - мәтелдерді тиімді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-12
2.2 Сабақ барысында мақал - мәтелдерді тиімді пайдалану жолдары 13-16
2.3 Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...20
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Мақал-мәтелдер халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынаста пайдаланады. Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше. Сонау ерте заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі - қазақтың мақал-мәтелдері.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Курстық жұмыстың мақсаты: мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін аша отырып сабақ барысында қолданыс аясын анықтау, өзара айырмашылықтарына көз жеткізу, халқымыздың баға жетпес асыл мұрасын оқушылар арасында дәріптеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
Мақал-мәтелдердің ерекшеліктеріне талдау жасау,
Қолданыс қызметін саралау;
Мақал-мәтелдердің ұлттық танымдық қызметін ашу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:педагогикалық еңбектерді талдау, саралау, жинақтау.
Курстық жұмыстың болжамы: егер, балаларды оқытуда мақал-мәтелдердің мазмұны мен әдістемесін және бастауыш сынып оқушыларын оқуға-жазуға үйрету дің дайындық сатысын талдау әдістемесін талдап, жинақтап, сараласа, онда, жастарға білім берудің маңыздылығы айқындалады, себебі, болашақ ұрпақты жан-жақты, білімді етіп тәрбиелеу ең басты мәселе.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері: зерттеу жұмысы барысында дайындық кезеңіндегі әдістемені пайдалануда ат салысқан ғалымдар мен ойшылдардың ой-пікірлерін талдап, саралап, жинақтадық.
Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы: зерттеу нәтижесін педагогика, жаңа педагогика, қазақ тілі сабақтарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ЖАЛПЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал-мәтелдер жайлы мағлұмат
Мақал -- нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа ("Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без"), аллитерацияға ("Етігін шешпей ер шыңаймас"), ассонансқа ("Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар") құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді ("Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар"), ("Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер"), ("Ел -- ырыстың орманы, ер -- ырыстың қорғаны"), ("Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді").
Мәтел -- өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, "Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке" -- мәтел. "Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың" -- мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: ("Ұылымды іздеп, дүниені көздеп" -- Абай), ("Жалғанды жалпағынан басып өтіп" -- Жамбыл, т.б.).
Мақал-мәтелдер - халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі - қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады,─ деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон жазбаларында: Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген (Күлтегін жырынан), Өлімнен ұят күшті (Тоныкөк жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің Дивани лұғат-ат түрік сөздігінен: Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол, ал Құдатғу біліктен: Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз.
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау - XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың Таңдамалы шығармалар еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. Ш.Ахметовтың құрастыруымен шыққан Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Н.Төреқұловтарды атап көрсетуге болады.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетте 1879 жылы Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ы.Алтынсариннің хрестоматиясының алатын орны ерекше. Бұл хрестоматияда берілген мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға бөлініп, жүйелі түзілген.
Жоғарыда аталған жинақтарда берілген түсінік дәрежесіндегі бірен-саран шағын алғы сөздерде, жалпы халық ауыз әдебиеті жайында жазылған шолу мақалаларда айтылғаны болмаса, қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы жылдарға дейін арнайы сөз болып зерттелген емес. Бұл кезеңдерде М.Әуезовтің 1927 жылғы Әдебиет тарихында, С.Сейфуллиннің Таңдамалы шығармалар жинағында мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы ретінде қарастырған.
М.Әуезов 1940 жылдардың басында Қазақ халқының эпосы және фольклоры атты зерттеуінде қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында Қазақ әдебиетінің тарихында басылған Б.Шалабаевтың Мақал-мәтел атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948). Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана жарияланып келсе, енді Қызыл ту, Оңтүстік Қазақстан, Ленин жолы, Есіл правдасы, Коммунизм жолы сияқты облыстық газеттерде де жиі жарияланып, жарық көре бастаған.
Мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп талдағандардың бірі - Мәлік Ғабдуллин. Ол Қазақ халық ауыз әдебиеті атты еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін жинап, бастырушыларды атай кетіп, оның жанрлық табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін анықтайды. Н.Төреқұловтың 1957 жылы шыққан Қанатты сөздер атты жинағына бірнеше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде балаларға арналып шығарылған жинақтарда мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға боларлықтай. Оларға М.Жаманбалиновтың, Қ.Баянбайдың, Е.Елубаевтың, С.Қалиевтің , Е.Ерботинның , Кірісбаевтың т.б. жинақтарын атап көрсетуге болады. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: Сап-сап, көңілім, сап, көңілім өлеңінде не күн туды басына, сабыр түбі - сары алтын, ауру да емес, сау да емес, ағын судай екпіндеп деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде отыз тоғызыншы қара сөзінде: Ағайынның азары блоса да, безері болмайды, Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Ал, Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққан туралы атты еңбегінде 10 мақал талданған
Мақал-мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. Қызды асырай алмаған күн етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді деген мақал-мәтелдердің мәнісі - жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ.
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал - мәтелдер - талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар - келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.
Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас - бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар - деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: Темірді қызға кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.
ІІ ТАРАУ. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ОЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2.1 Оқушылардың ой-өрісін дамытуда мақал-мәтелдерді тиімді пайдалану.
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту - қазіргі білім саласында оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема. Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - қазақ тілінде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - оқушылар белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін түсіне алатындай деңгейге жету. Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін мақал-мәтелдерді оқытып, жаттатыруға үйреткен тиімді.
Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Мақал-мәтел жас жеткіншектерді сөз қадірін білуге, мейірімді, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қастық пен достықты ажырата білуге баулиды. Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында. Әр түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдерді тек оқушы қиялында ғана дамытпай, оны күнделікті өмірде де қолдануға мүмкіндік туғызуға болады. Мен қазақ тілі мен әдебиет сабағында мақал-мәтелдерді қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдым. Ол үшін ең алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өтілетін тақырыппен, пәнді тығыз байланыстыру керек. Мұғалім оқушылардың неге құмартып, нені оқуға ұмтылатындықтарын, нені армандап қиялдайтындығын жете білмейінше, өтілетін тақырыпты жүйелі түрде ұйымдастырып, дұрыс жолға қоя алмайтыны белгілі. Сондықтан, оқушы қызығушылығын анықтау - бұл сабақтағы алғы шарттардың бірі. Күнделікті тақырыпқа байланысты екі немесе үш сөйлем (мақал-мәтел) алып, оның мазмұны мен мәніне тоқталып, оқушылардың дәптерлеріне жаздырамын. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін өткен кезде Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді, Шешен кісі сөз бастар, көсем кісі ел бастар секілді мақал-мәтелдерді оқушыларға талдатқызамын.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебі оқушының барлығының есінде тұра бермейді. Еңбек - ата, жер - ана, Көңіл - дария, көз - айна, Талап - тұлпар, білім - сұңқар деген мақалдарды оқушыларға оқытып, бастауыш пен баяндауышын тапқызып, астын сыздырамын, сызықшаның қойылу себебін, қай жолмен жасалып тұрғанын айтқызамын.
Анықтауышты өткен кезде Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше деген мақал-мәтелдерді оқыта отырып, сұрақ қойдыртып, анықтауышты тапқызамын. Қай сөз табынан жасалғанына назар аудартамын. Толықтауышты өткенде Қызға қырық үйден тыю, Жақсыға сөз ілеседі, жаманға бөз ілеседі, Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді деген толықтауышы бар мақалдарға оқушылармен бірге талдау жасаймыз. Пысықтауышты өткенде Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, Ерінбеген етікші болады деген мақал-мәтелдерден пысықтауышты тапқызамын.
Септік жалғауларын өткен кезде де мақал-мәтелдерді тиімді қолдануға болады. Атау септік: Ақыл азбайды, білім тозбайды, ілік септік: Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі - мерген, Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті, Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім, барыс септігін өткен кезде: Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер, Байлық қуған бәлеге жолығады, жолды қуған қазынаға жолығады. Табыс септігін өткенде: Семіздікті қой көтереді, Көпті сөкпе, кенді төкпе, Көпті жамандама - көретін елің, жерді жамандама - өсетін егін т.б. Жатыс септігін өткенде: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, шығыс септігін өткенде: Ерлік тәрбиеден туады, Жақсыдан әкім қойсаң, елді күзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер, Алып - анадан, ат - биеден, аруана - түйеден т.б. Көмектес септігінде: Көппен көрген - ұлы той, Оқу - инемен құдық қазғандай, Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа. Антоним, синоним, омонимдерді өткенде де мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалануға болады. Антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу, антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту, мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат, Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ, Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет, Кәрліктің алды - жігіттіктің соңы, Адам бір терінің ішінде - толады да солады да.
Одан басқа, оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатуға болады: Қатыстық сын есімдерді бар мақалдарды жазу, мысалы: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды, Жақсы кісінің ашуы, жібек орамал кепкенше, Әдепсіз бала - аяққа басылған шала. Құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу. Мысалы: Ел іші - алтын бесік, Ырыс алды - ынтымақ, Тау мен тасты су бұзар, ер арасын қу бұзар
Тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу. Мысалы: Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан. Жеңгесі - оның жеңгесі - тәуелдік жалғау, жекеше түрінде, 3-жақ. Жаманға айтқан ақылың, дала атқан оқпен тең. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz