Көп қабатты құрылыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Көп қабатты үйлердің қалыптасуы және классификациясы.

1. 1 Тұрғын үй мәдениетінің қалыптасу тарихы. Жалдамалы үйлерден пәтерге дейін.

1. 2 Көп қабатты тұрғын үйлердің классификациясы.

1. 3 Табиғи-климаттық жағдайлар және олардың көп қабатты үйлердің сәулеттік-жоспарлау шешіміне әсері.

Бірінші бөлім бойынша қорытынды

2 Көп қабатты құрылыс. Көп қабатты үйлердегі технологиялар мен құрылымдар.

2. 1 Әлемдегі көп қабатты құрылыс.

2. 2 Көп қабатты үйлердің конструктивті шешімі және инженерлік қамтамасыз етілуі.

2. 3 Қазақстандағы көп қабатты құрылыс.

Екінші бөлім бойынша қорытынды

3 Қызмет көрсету функциясы бар көп қабатты тұрғын үйдің дизайн-жобасы.

3. 1 Көп қабатты тұрғын үйдің сәулеттік-жоспарлау шешімі.

3. 2 Интерьер дизайны және көп қабатты үйлердің ішкі әрлеу материалдары.

3. 3 Тұрғын үй экстерьері және қасбеттерді заманауи әрлеу материалдары.

3. 4 Жобаның экономикалық шешімі.

3. 5 Практикалық жұмыс.

Үшінші бөлім бойынша қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.

Адамның өз тұрғын үйін қабылдауы мен бағалауы жалпы мәдениеттің күйімен, оның даму деңгейімен және өміршеңдігімен анықталады. Үй күнделікті кеңістіктің маңызды бөлігі болып табылады. Тұрғын үй саласы өзінде күнделікті өмірге тән мынадай қасиеттерді шоғырландырады: «жақын», «қауіпсіз», «таныс», «ұйымдасқан». Тұрғын үйдің аймағында отбасы өмірінің көп бөлігі өтеді және әдетте одан әрі жалғасып жатады. Үй жеке адамды мәдениет пен қоғамның нормалары мен шындықтарымен таныстыруда маңызды рөл атқарады, мұнда адам ең алғаш әлемді таниды, алғашқы әлеуметтену мен мәдениеттену процестеріне енеді.

Қазіргі Қазақстанда күнделікті үй кеңістігінің тұрақтылық, сенімділік пен тәртіптің дәстүрлі ерекшеліктерінен бөлек жаңа түрі пайда болады. Өсіп келе жатқан урбанизация және аумақтық гипермобилділік проблемаларға байланысты ауқымды мәдени қайта құрулар, өмір қарқыны мен ырғағының жалпы жеделдеуі адамның тұрғын үй жүйесіне деген көзқарасының, қабылдауының және бағалауының өзгеруіне әкелі. Қәзіргі таңда тұрғын үй жүйесінің тұрақтылығы күнделікті өмірде негізгі құндылық болып саналады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері ең қарқынды дамыған салалардың бірі - құрылыс саласы. Көп бағытты сәулет өнерінің жекелей сала ретінде даму процесі қазіргі таңда елімізде өте қарқынды жүруде. Бұған әртүрлі арнайы жобалау институттарының, жобалау-құрылыс фирмаларының жәнеде жекелеген құрылыс компанияларының сан алуандығы дәлел. Құрылыс фирмаларының болуы қала құрылысының дамуында маңызды рөлге ие. Себебі қала құрылысының басым бөлігі көп қабатты тұрғын үйлердің сан алуан түрлерінің қарқынды жобалануы мен салынуына негізделген.

Кез-келген заманауи қалаға келе отырып, сіз оның орталық бөлігін көргіңіз келеді. Ал зәулім ғимараттар сіз үшін қаланың қазіргі заманғы дәрежесі туралы ақпарат көзі бола бастайды. Кем дегенде 2-3 зәулім ғимарат салынған қалада өмір сүрудің қаншалықты әдемі және көркем екенін ойланып қараңыз. Бұл тек 2-3 ғимарат қана. Бірақ олар қалада заманауи және метрополиялық атмосфера тудыра алады, соның есебінен қала көрінісі одан сайын әсерлене түседі. Бұдан біз зәулім ғимараттар рухани қажеттіліктерге мейілінше әсер ететін құрылымдар екенін көре аламыз. Өсіп келе жатқан мегаполистердегі көп қабатты ғимараттардың көрінісі сіздің оған деген қызығушылығыңызды дамытады және сізде мегаполистік атмосфера сезімін береді. Заманауи қала жоспарын қарастыра отырып, ғимараттың биіктігі оның көлеміне қалай әсер ететінін түсіне аламыз. Сәулетшілер ғимарат маңындағы аймақтарды қалай тиімді және үнемді етіп орналастыру керектігін ойластырды. Егер 10 емес, 50 ​​қабатты үй тұрғызуға тырыссақ, онда ғимараттың ені мен ұзындығы айтарлықтай азаяды. Соған сәйкес, тұрғын аудандардың көлемі кішірейеді, және сыйымдылығы артады. Көп қабатты тұрғын ғимараттарының мұндай қасиеті адам саны күн санап өсіп келе жатқан қала құрылысы үшін өте маңызды саналады. Сондықтан да, қәзіргі таңда қай елде болмасын қала құрылысында көпқабатты тұрғын үйлерді жобалауға басты назар аударылады.

Көп қабатты ғимараттың маңызды аспектілерінің бірі - сыртқы келбеті, яғни сәулеттік дизайны. Егер тұрғын үй қазіргі заманғы тенденциялар мен технологияларға сәйкес келетін жақсы жобаланған, жаңашыл, әдемі ғимарат болса, үйге оралу, аулада серуендеу, көріністі тамашалау сынды дүниелер адам үшін маңызға ие болады. Көп қабатты тұрғын үйлердің дизайны кешенді ландшафтық көгалдандыру элементтерін, жеке мини-парк зоналарын, велосипед жолдарымен, спорт алаңдарымен және демалыс аймақтарымен толықтырылған, автокөліктерге арналған аулалық тұрақтарды қамтиды. Мұндай үйдің архитектурасы қоршаған ортамен үйлесімді түрде үндеседі, және табиғат әлемінен шабыттандырылған элементтер сақталады. Ескі стандартты тұрғын үй мен заманауи көп қабатты ғимараттың басты айырмашылығы - сәулет өнеріндегі инновация деңгейі. Бұл тұрғындардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі функцияларды қосу ғана емес, сонымен қатар ғимараттар салынатын материалдар және оларды қоршаған кеңістіктегі тұрғын үйлерден ерекшелейтін даралық, шабыттандыратын формалар жасау үшін пайдаланылатындығы туралы жалпы үйлесімділік болып табылады. Көптеген құрылысшылар ғимаратты белгілі бір аймақтағы қаланың келбеті ретінде анықтайтын тәсілді таңдайды. Бұл принцип алдағы сәулеттік тенденцияларды болжайды және жақын арада қалалық кеңістіктің қандай болатынын көрсетеді. Бұдан көп қабатты тұрғын үйлердің ерекше жобаны қажет ететіндігін ұғына аламыз. Осы зерттеу жұмыстарына байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қызмет көрсету функциясы бар көп қабатты тұрғын үйдің дизайн-жобасы» анықталып таңдалды.

Зерттеу мақсаты - Көп қабатты тұрғын үйдің келбеті, ішкі көрінісі, жобасы жан-жақты ойластырылуы. Теориялық және практикалық әдістердің қалыптасуы. Дайындалған жоба тұрғындардың әр санатты топтарына, соның ішінде жас жанұяға немесе орта жастағы балалы жанұяға да өмір сүруге қолайлы тұрғын үй. Жан-жақты жағдайы жасалған, өмір сүруге ыңғайлы, техникалық ережеге сай, эстетикалық көп қабатты тұрғын үйді жобалау. Жұмыстану барысында құрылыстағы конструкцияларды, материалдар және олардың құрылысын зерттеп білу. Бөлме интерьерін дұрыс жабдықтау шеберлігін арттыру.

Зерттеу нысаны. Бұл зерттеудің объектісі процесстің гармониялық формасы болып табылатын қалалық ортадағы көп қабатты тұрғын үй.

Зерттеу бұйымы. Бұл арнайы жер теліміндегі қала ортасындағы көп қабатты тұрғын үй.

Зерттеу гипотезі. Көп қабатты тұрғын үйдің айтарлықтай сәтті жобалануы, оның дұрыс құрылымы мен кеңістіктің дұрыс пайдаланылуы, яғни, гармония, техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуы. Сыртқы фасадтың әшекейленуі, ішкі интерьері, және, эмоциялық тұрғыдан кеңістікте орналасу дұрыстығы. Жалпы осы пайымға келу үшін төмендегідей тапсырмаларға тоқталамыз:

  • жобадағы формаларды ескеру;
  • экологияға байланысты принціптерді және үй құрылысын анализдеу;
  • осындай жағдайдағы үйдің интерьерін әсемдеу жұмысын дайындау;
  • қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап ескеру;
  • қоршаған ортаны көгалдандырып, аумақтың ландшафттысын әсемдеу;
  • адам физиологиясына фасадтағы, интерьердегі, тағы басқа соған сай жағдайдың түстерімен жарықтандырудың әсерін зерттеу;
  • көп қабатты тұрғын үйге байланысты зерттеумен теориялық негізге сүйене отырып айналысу.

Әдістемелік зерттеу негізі. Әдістемелік негізде белгілі архитекторлар мен дизайнерлердің еңбектерімен осы саладағы тағыда басқа әдебиеттер, жаңа дизайн принціптеріне сәйкес ғылыми деректер қаралып құрылыс бөлімі жағынан да бір қатар әдебиеттер қолданылды. Тапсырманы келесі система әдісі бойынша қарастыру:

  • мәселеге тоқталып, архитектура, психология, дизайн, эстетика, тағы сол сияқты ғылымдармен ұштастыру;
  • тағыда көп қабатты тұрғын үйге орта құрылымы жағынан дизайн, интерьерін анализдеу;
  • туындыдағы шығармашылық материалдарға талдау жасау;
  • көп қабатты құрылыстың жобасына тарихи - салыстырмалы салттарын зерттеу.

Негізгі зерттеу жорамалы қазіргі заманауи талаптарға жауап беретін: жақсы жоспарланған, жарық, сәнді безендірілген, эстетикалық көңіл күй қалыптастыратын көп қабатты ғимарат болып табылады. Оның эффективті қалыптасуына жауап беретін жағдайлар: жақсы жобалануы, қарым-қатынаспен қамсыздандырылуы.

Зерттеу жұмысының кезеңдері.

Бірінші кезең: Таңдалған тақырып бойынша талдау жүргізілді. Тақырыпқа байланысты библиографиялық тізім құрастырылды. Жобаның бірнеше үлгісі жасалынды және негізгі бағыты анықталды. Ғимараттың тұжырымдамалық мағынасына көңіл бөлігді.

Екінші кезең: Жұмыс жоспары құрастырылды. Көптеген ізденіс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қосымша нұсқалар, суреттер, тақырыпқа байланысты материал жинақталды. Жоба жөнінде жетекшімен кездесу барысында нақты жоба үлгісі түйінделді. Жоба мақсаты, есебі, жұмыс жоспары дайындалды. Теориялық зерттеу жұмыстары жалғаса берді. Көп қабатты тұрғын үйдің нақты пішіні анықталды. Тәжірибе жұмыстарымен қатар компьютерлік графика жұмыстары жүргізілді. Ішкі көрініс сызбаларының түп нұсқасы дайындалды.

Үшінші кезең: Жоба сызбалары жинақталды. Керекті планшеттер дайындалды. Жоба үлгісін көркемдеуге соңғы өзгерістер енгізілді. Тәжірибелік жұмыстары сарапталып, қорытынды жұмыстары нақтыланды. Теориялық қорытынды мен тәжірибелік жұмыстарды тексеру жүргізілді. Жобаның құжаттау жұмыстарын қортындылау және оны тексеру жұмысы аяқталды.

Негізгі зерттеу жұмысының теориялық маңызы:

  • техникалық және шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік мүмкіндігі анықталды;
  • көп қабатты тұрғын үй жобасының тәжірибелік жұмысының ұйымдастырылуы үшін қандай ережені сақтау қажеттілігі анықталды;
  • жобаның есеп жүйесінің мазмұны анықталды;
  • тұрғын үй ғимараттарға байланысты ереже мен нормативтік қағидаға сүйенген негізгі жобаны жіктеу жұмысы аяқталды;
  • көп қабатты тұрғын үй жобасының экстерьері мен интерьерін жасауға байланысты дизайн принциптері анықталды және қолға алынды.

Практикалық маңызы:

  • көп қабатты тұрғын үй жобасының даму перспективасы белгіленген;
  • дипломдық жұмыс материалдарын осы салада оқытылатын бағдарламаларға енгізіп, пайдалануға болады. Сонымен қатар дизайн сабақтарында қосымша материал ретінде ұсынуға болады.

Апробация және зерттеу қорытындысын ендіру. Тақырып бойынша курстық жұмыстар орындалды, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында қарастырылда және қабылданды.

1 Көп қабатты үйлердің қалыптасуы және классификациясы.

  1. Тұрғын үй мәдениетінің қалыптасу тарихы. Жалдамалы үйлерден пәтерге дейін.

Көп пәтерлі тұрғын үй - тұрғын үй-жайлары мен (пәтерлер), тұрғын емес үй-жайлар, яғни ортақ пайдаланылатын орындар, ортақ меншікте орналасқан ғимарат. Көп пәтерлі үйлер ежелгі Римнен бастау алады. Кеңейіп келе жатқан қала адамдардың, саны шектеулі ауданда орналасуын талап етті, сондықтан тұрғын үйлердің құрылысы көбейе бастады. Әдетте, осындай бір үй тұтас бір көшені алып жатты, ал өзі жабық пішінді және ауласы болды. Олар инсул (арал) деп аталды және биіктігі бес қабатқа дейін жетті. Инсула (латынша Insula - сөзбе-сөз арал деп аударылады) - ежелгі Рим сәулетінде - жалға беруге арналған бөлмелері мен пәтерлері бар көп қабатты тұрғын үй. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан бұрын пайда болған. Олар әдетте үш-бес қабаттан тұрған, бірақ тарихи деректерде сегіз қабатты инсулдарға сілтемелер бар. Олар ежелгі Рим қалаларының жаппай салынған қала құрылысының дамуын құрды. Инсульдарда Рим халқының кедейлері де, ауқатты топтары да тұра алды. Әр қабат жалға берілетін жеке пәтерлерге бөлінді. Қабат неғұрлым жоғарылаған сайын, жалдау ақысы да соғұрлым төмен болды.

Инсулдар Ежелгі Рим үшін әдеттегідей әдіс - қиыршық тастан қалау арқылы салынған. Рим Республикасы кезінде құрылыс материалдары ретінде цементпен бірге пішіндері тұрақты емес шағын туф блоктар қолданылған. Кейінірек инсулдар кірпіштен де салына бастады. Олардың төбелері шатыр плиткаларымен (черепица) жабылған. Инсулдың бірінші қабатын әдетте шағын дүкендері бар галереялар алып жатты. Сол жерден айналасы үй-жайлармен жабдықталған, жарықтандырылған аулаға кіретін жер болатын. Әдетте, әр баспанаға немесе бөлмеге әкелетін жеке баспалдақ болатын: ал пәтер иесі оны бөлшектеп жинап тастау арқылы, қарызын төлегенге дейін жалдаушыны бөлмесінде жауып тастай алатын. Инсулдың бірінші қабаттарын әдетте қаланың ауқатты азаматтары жалға алған: мұндай пәтерлердің төбелері жоғары (3, 5 м-ге дейін) және тығыз қақпалармен қорғалған кең терезелері болған. Слюда мен әйнек қымбат болғандықтан олар терезе материалдары ретінде сирек қолданылған. Үшінші қабаттан бастап пәтерлер, әдетте, кедей жалға алушыларға арналған: олардың терезелері кішкентай, ал төбелерінің төмен болатыны соншалық, тіпті жалға алушылар пәтер ішінде иіліп жүруге мәжбүр болған. Және пәтерлерге ағаш антресолдар жиі орналастырылды.

Инсулдарда негізінен орталық жылыту жүйесі болған жоқ, сондықтан жеке су қазандықтары бөлмелерді жылумен қамтамасыз етті. Кәріз жүйесі, әдетте, инсулдарға салынбаған. Римде ағынды лас суларды тезек үйіндісімен шығарып, немесе жай терезелерден лақтырып тастайтын болған. Ал су жақын жердегі бұлақтардан немесе су бұрқақтарынан алынған. Басқа қалаларда бірінші қабатта әжетхана орналасқан, мысалы, Остиядағы қазба жұмыстары бұны дәлелдеп көрсетеді.

Римдегі көп қабатты үйлер туралы алғашқы сөз Тит Ливи жазбаларында кездеседі: екінші Пуни соғысы қарсаңында бұқа базардан қашып, үшінші қабатқа баспалдақпен көтерілді, бұл халық арасында жаман белгі деп саналды. Барлық құрылыс стандарттарына сәйкес салынған инсулдар қираудан да, өрт болған кезде өрттің тез таралуынан да сенімді қорғалғанын атап өткен жөн. Римнің өзінде «мәрмәр жоспарға» сәйкес инсулдар саны 46 мың болған (салыстырмалы түрде зәулім үйлер саны - 1790 болған) . Алайда, қазіргі таңда Римдегі инсулдардың тек аз бөлігі аман қалған, өйткені қаланы белсенді қайта қалпына келтіру құрылыстары - ескі үйлерді қиратып жаңасын салды. Олардың құрылымын тек Остиядағы археологиялық қазбалар бойынша бағалауға болады. Инсул - ежелгі Римдегі қала құрылысы өнерінің үлгісі болып табылады. Рим империясы жойылғаннан кейін Еуропада көп қабатты үйлер тек орта ғасырлардан бастап қана салына бастады.

Көп қабатты үйлер құрылысының ертеде пайда болып, қазіргі таңда ең таралған түрі - типтік немесе стандартты құрылыс. Стандартты құрылыс, барлық кемшіліктеріне қарамастан, өте прогрессивті құбылыс, өйткені ол қысқа мерзімде үлкен мөлшерде арзан тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Сіз ондай тұрғын үйлердің жайлылығының төмендігі туралы, олардың ұнамсыз, сұр және күңгірт көріністері туралы қалағаныңызша көп сөйлей аласыз, бірақ, жалпы алғанда, қазіргі таңда баспанасы жоқ адамдар өздері тұратын ғимараттардың сыртқы түріне мүлдем мән бермейді. Ал өмір сүрудің жайлылығы осындай тұрғын үйлердің салыну мақсаттармен анықталады.

Ашығын айтқанда, стандартты жобалардың көпшілігі адамдар үшін стандартты үйлерде тұру ыңғайлы болатындығы ескеріле отырылып, осы күнге дейін көптеп жасалып келді және әліде жасалып жатыр. Бастапқы кезеңде ғана тұрғын үйді жедел салу шартты мақсаттарды көздейді, белгілі бір кезеңге жеткен соң әрқашан жайлылықты арттыру және оны қолайлы деңгейге жеткізу қажеттілігі туындайды.

Көптеген сарапшылар типтік тұрғын үй құрылысы идеясы тек 19 ғасырда дамыған индустрияландыру мен урбанизация өнімі деп санайды. Алайда, іс жүзінде типтік үйлер адамзат өркениеті басталған кезде-ақ әлдеқайда ертеректе пайда болды. Мұның жарқын мысалы ретінде төрт қабырғалы, бес қабырғалы, крест тәрізді және тағыда басқа пішінде салынған орыс избаларын алуға болады. Рас, бұл әдеттегі стандартты схемалар бойынша, негізінен ауылдық жерлерде және қала маңында жүзеге асырылған жеке жобалар болды, сондықтан жалдамалы жұмысшылардың көп санын орналастыруға арналған алты қабырғалы үлкен избалар жиі салынды және мұндай жобалар ауылшаруашылықтың ірі салаларында жүзеге асырылды. Аяқталған ағаш үйлерді кедей құрылысшыларға арналған бір жеңілдетілген жоба бойынша сату тәжірибесі кең таралды.

Ресей империясының Шығысқа қарай кеңею дәуірі, ең болмағанда, біздің елде тұрғын үй ғимараттарының типтік құрылысының сөзсіз дамуына алып келді деп санауға болады. Содан кейін жыл сайын ондаған жаңа қалалар пайда бола бастады және олар тез қоныстануды талап етті. Мұндай жағдайда жобаны әзірлеуге уақыт жетіспейтіндіктен жеке нәрсе салу мүмкін болмады, сондықтан құрылысшылар ең нақты типтік жобаларды пайдаланды. Мұндай жобалар құрылысты жеделдетуге ғана емес, оның құнын төмендетуге де мүмкіндік берді.

Көп қабатты тұрғын үйлердің екінші толқыны Еуропада XVII ғасырда басталды. Өнеркәсіптің дамуы барған сайын көп жұмыс күшін және соның салдарынан арзан тұрғын үйлердің салынуын талап етті.

Бұл үрдіс Ресейге екі ғасырдан кейін ғана келді. Мәскеуде алғашқы көп қабатты тұрғын үйлер 1785-1790 жылдары пайда болды. Алғашқы осындай үш қабатты үй М. Ф. Казаков пен Ильинка көшелері қиылысында тұрғызылды. Осип Бове сол кездегі Мәскеуде көп пәтерлі үйлерді салған бірден-бір танымал сәулетші болды. 1816 жылы Бове Никольская көшесінде биіктігі үш қабатты үлкен үй тұрғызды. Бұл ғимарат негізінен табыс табуға арналған болатын, ал белгілі кітап сатушы И. П. Глазунов оның қожайыны атанды. Үйдің төменгі қабатында жеке кіреберісі бар дүкендер, ал жоғарғы қабаттарында шағын пәтерлер болды. Аула жағынан галереялар жасалды және әр пәтердің жеке кіреберісі болды.

Ресейде баяу, бірақ анық дамып келе жатқан капитализм қалалардың дамуының негізгі қозғаушы күші болды. ХІХ ғасырдың ортасында барлық елдерде басталған индустрияландыру кезеңінде ірі жұмыс күштерінің қалаларға енуімен жаңа жұмысшыларды орналастыру үшін көптеген арзан тұрғын үйлер қажет болды. Осы мақсатта жалдамалы (доходный) деп аталатын үйлер өмір сүру деңгейі тез өзгеретін заманда тұрғын үй мәселесін шешуге қабілетті минималды ыңғайлылықпен салынды. Сондықтан, ХІХ ғасырдың аяғында, 1914 жылға дейін жалғасқан, көпқабатты үйлердің нағыз өрлеу кезеңі басталды. Осы тенденцияның арқасында көптеген ірі қалалардың тарихи орталықтары қалыптасты. Құрылыстың тапсырыс берушілері барлық сословиялар болды: орта деңгейдегі кәсіпкерлер, көпестер, ірі өнеркәсіпшілер, оқу орындары, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тіпті шіркеулер мен монастырлар. Алайда, мұндай үйлерде әртүрлі тұрғындардың кластары тұрды, мысалы, аз ақы төленетін жұмыс күші үшін, қала маңында минималды архитектуралық ерекшеліктері бар казармалар салынды, ал жалдамалы жұмысшылар мен басқа санаттар, соның ішінде жоғары ақылы тұрғындар үшін, үйлер қала ішінде, қоршаған орта сәулетіне сәйкес үйлестіріліп салынды. Көпқабатты жалдамалы тұрғын үйлерді салудың мұндай толқыны тұрғын үйдің еркін мамандық иелері, инженерлер, студенттер, жұмысшылар, ғалымдар үшін қажет болуына байланысты болды. Екінші жағынан, бір нәрсеге салу керек капитал пайда болды.

Мұндай тұрғын үйлер жеке адамдарға да, әртүрлі компанияларға да тиесілі болды, олардың кейбіреулері мемлекет қаржысына салынды. Алдымен олар арнайы жеке жобалар бойынша салынды, бірақ кейінірек оны салуға қосымша инвестицияларды қажет етпейтін, сол арқылы құрылыстың құнын едәуір төмендететін ең оңтайлы жоба анықталды. Әрине, мұндай типтік үйлер сыртқы көрінісі бойынша әр түрлі, қабаттарының саны басқа болуы мүмкін, бірақ олардың салу схемасы бірдей, яғни қатаң типтік болған. Атап айтқанда, бүгінде көптеген еуропалық астаналардағы, сондай-ақ ірі қалалардағы барлық ескі ғимараттардың үштен бір бөлігі кезінде жалдамалы (доходный) үйлер ретінде салынған.

Сонымен, 1911 жылдың жазында биіктігі 5-7 қабаттан тұратын 3000-ға жуық көпқабатты тұрғын үй салынды. Қала билігі оларға орындарды дайындап, электр кабельдерін тартумен, канализация және сумен жабдықтаумен айналысқан. Сонымен қатар, олар көшелерді абаттандыру және ретке келтіру жұмыстарымен айналысты. Жерді әрі қарай жалға беру жоғарыда аталған барлық шығындарды өтеуге мүмкіндік берді. Көпқабатты жалдамалы үйлер үкіметке, меншік иелері мен жалға алушыларға өте тиімді болды, өйткені олар тұрғын үйге деген сұранысты қанағаттандырды және көп қабатты үй иелерінен алынатын салық есебінен қала қазынасын толтырды.

Сол кездегі ең пайдасы мол - Афремовтың көп қабатты үйі болды. Сегіз қабатты ғимарат 1904 жылы салынған, оны зәулім ғимарат деп санауға болады. Көпес Солодовниковтың Гиляровского көшесінде орналасқан тұрғын үйі де одан кем түспейтіндей танымал болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рельефті жерлерде құрылған блокталған пәтер
Сәулет - құрылыс шешімі
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Бір қабатты өндірістік ғимараттарды монтаждау әдістері
Коммуникалық бөлмелер
Қостанай қаласындағы қонақ үй – сауда кешенін жобалау
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Кіші елді мекенді жобалау
Жылыту және желдету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz