Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Асылханова А. Ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Спорттық-сауықтыру туризмі - салауатты өмір салтын қалыптастырудың кепілі ретінде

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша

Петропавл, 2021

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

«Қорғауға рұқсат»

Кафедра

меңгерушісі Ботяев С. В.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Спорттық-сауықтыру туризмі - салауатты өмір салтын қалыптастырудың кепілі ретінде»

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша

Орындаған: Асылханова А. Ж.

Ғылыми жетекшісі

б. ғ. к., профессор: Кангужина К. М.

Петропавл, 2021

Мазмұны

Кіріспе
4
: 1
Кіріспе: Спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері
4: 7
: 1. 1
Кіріспе: Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні
4:
: 1. 2
Кіріспе: Салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
4:
: 1. 3
Кіріспе: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда - спорттық туризмнің рөлі
4:
: 1. 4
Кіріспе: Салауатты өмір салты - заман талабы. Денсаулық сақтау шаралары
4:
:
Кіріспе:
4:
: 2
Кіріспе: Зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы және әдістері
4:
: 2. 1
Кіріспе: Зерттеу жұмысын ұйымдастыру
4:
: 2. 2
Кіріспе: Зерттеу жұмысында қолданған әдістер
4:
:
Кіріспе:
4:
: 3
Кіріспе: Зерттеу жұмысының нәтижелері және оны талдау
4:
:
Кіріспе:
4:
:
Кіріспе: Қорытынды
4:
:
Кіріспе:
4:
:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
4:

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.

ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады: «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан эко­номикасына тікелей шетел ин­вес­тицияларының ағынын әр­та­рап­тандыру болып табылады. Оларды перспективалы са­ла­ларға, мысалы, туризм сала­сына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді.

Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қа­жет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын да­мы­ту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы ку­рортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді».

Туризм - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т. б. ) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.

Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипеджәне бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқада түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысынд көлік түрлерін тайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру, арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:

- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;

- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;

- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;

- белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;

- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;

- туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;

Зерттеу нысаны. Орта және жоғарғы буын мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар.

Зерттеу пәні. Спорттық-сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы .

Мақсаты. Спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салты бойынша жастар арасында білім деңгейін анықтау.

Болжамы. Спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салты бойынша жастардың білім деңгейін нығайту.

Міндеттері:

1. Спорттық-сауықтыру туризмі және салауатты өмір салты туралы білімнің маңыздылығы.

2. Спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын айқындау.

3. Жастар арасында спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салты туралы көз қарасты айқындау.

Ғылыми жаңалығы. Жастардың спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салты туралы білімін жетілдіру.

Тәжірибелік құндылығы. Спорттық-сауықтыру туризмі мен салауатты өмір салтына жастар арасында қызығушылық тудыру.

Зерттеу базасы. Солтүстік Қазақстан университеті, облыс орта мектептері.

Зерттеу әдістері:

  1. Тақырыпқа сәйкес әдебиеттермен жұмыс жасау.
  2. Педагогикалық тәжірибе өткізу.
  3. Респонденттер мен сауалнама жүргізу.

4. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау.

Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, салыстыру әдістері қолданылды.

1 Спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері

  1. Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен қамқорлығының арқасында еліміздің спорт саласы қарқынды даму жолына түсті. Дене шынықтыру мен спортқа ден қойған адамдар саны жыл санап артып, еліміздің әр аймағында спорт ғимараттары көптеп салынып жатыр. Қазақстан кейінгі жылдары дүниежүзілік деңгейдегі дүбірлі жарыстар жиі өтетін әрі халықаралық спорт федерацияларының басшылары ат басын жиі бұратын беделді мемлекетке айналды. Кеңес одағы кезінде кешенді ірі жарыстарға республикамыздан санаулы адамдар ғана барса, қазір біздің спорттық делегацияларымыз жүздеген спортшылар мен мамандарды қамтиды. Мемлекеттік деңгейде қолдау бар жерде нәтиже болатыны белгілі. (3 бет Намыс сардары Темірхан Досмұхамбетов)

Н. Ә. Назарбаевтың денсаулық сақтауды мемлекеттің маңызды басымдығы деп анықтап бергені спорттың мейілінше кеңінен дамуын және жастардың спорт шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етті. Қазіргі кезеңде қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларын шешетін мекемелердің ауқымды жүйесі бар. (3 бет Валеология денсаулық туралы ғылым )

Адамдар неге спортпен айналысады?Себебі, спорт адамдарға қуаныш сыйлайды. Спортпен айналысқан адам сымбатты, қайратты әрі денсаулығы мықты болады. (1 бет Әлемдік және ұлттық спорт ойындары)

Салауатты өмір салты, жеке адамның өзін қоршаған адами ортасы ерекшеліктеріне, өзінің алдын ала сақтануға, еңбекке көзқарасы мен әлеуметтік белсенділігіне тәуелділігін дәрігерлер, педагогтар, психологтар назарында ұстай отырып, халық денсаулығы мен тіршілік қалпын кешенді зерттеу нұсқасы ретінде өте ауқымды ұғым болып келеді. (33 бет Валеология М. М. Ақмырзаев, Ә. Ү. Сағымбаев)

Салауатты өмір салтының тұжырымдалған үлгісі:денсаулықты қалыптастыру тетігі, жеке адамның ұмтылыс нысаны, денсаулықты қалыптастыруды басқару күйі, сыртқы ортаны өзіне қолайлап оңтайлау тәсілдерінің мақсаты мен міндеттерін айқындайтын валеологиялық мәдениет қалыптастыру бастауы түсініктерін қамтиды. Адамдардың өз денсаулығын күту, сақтау, нығайтуға бағытталған белсенді қызметі-салауатты өмір салты деп аталады (32 бет )

Сауықтыру дене тәрбиесінің басты мақсаты-денсаулықты нығайту, организмнің қызметтік мүмкіншілігін жоғарылату арқылы тұрақты денсаулықты қамтамасыз ету. Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты қойылмайды, басты мақсат-денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың алдын алу, денсаулықтағы, дене бітіміндегі, ағзаның қызметтік күйіндегі ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою. (52-53бет Валеология негіздері Мұмтафина Тасқын Құраққызы )

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сүйенсек, денсаулық дегеніміз организмде аурудың немесе физикалық кемістіктің жоқтығын анықтау ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік тұрғыда адамның толық аман-есен болуын білдіретін ұғым. Академик В. П. Казначеев жеке адамның денсаулығын бұдан да толығырақ былайша сипаттапты: Денсаулық дегеніміз-бұл организмнің биологиялық және психикалық тұрғыда сақталуы мен дамуы, адамның шекті еңбек қыметі мен әлеуметтік белсенділігі, жас ерекшеліктеріне сәйкес ұзақ ғұмыр аралығында, оның дені сау ұрпақты дүниеге әкелуге қабілеттілігі деген екен. (8бет Валеология денсаулық туралы ғылым)

Туризм - бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады.

Туризмнің дамуы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

Туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады:

- туристік рекреациялық ресурстар;

- өңірдегі инфра құрылымның дамуы;

- білікті кадрлардың болуы;

- туризмді мемлкеттік деңгейдегі қолдау;

- демографиялық және әлеуметтік факторлар;

- тәуекел факторлары;

- саяси және экономикалық факторлар;

- ғылыми-техникалық үрдістің, салттардың болуы және т. б.

Бүгінгі таңда туризмнің келесі біліктілік түрлері мен формалары қалыптасқан:

1. Қызмет мақсаты бойынша: маршрутты, танымдылық, спорттық, денсаулық түзетуші, оның ішінде белсенді қозғалыс түрімен, іскер және конгресс туризм, курортты, емдеу, тау шаңғылы, фестивальді, аңаулау, экологиялық, шоп туризм, діни, жаттығужәнет. б.

2. Жылдамдығы бойынша: қозғалысты, стационарлы, аралас.

3. Қатысу түріне қарай: жеке, топтық, отбасылық.

4. Жас мөлшеріне байланысты: үлкен, жас, балалар, аралас.

5. Мезгілі бойынша: біркүндік, көпкүндік, транзитті.

6. Көлік құралын пайдалану бойынша: автомобильді, теміржолды, авиациялық, су, велосипедті, салтжәнеаралас.

7. Маусымы бойынша: белсенді турист маусымы, маусымарасы (жартылаймаусымды) жәнемаусымдықемес.

8. Географиясы бойынша: құрлықаралық, халықаралық (өңіраралық), өңірлік, жергілікті және шекарамаңы.

9. Қозғалу тәсілі бойынша: жаяу, дәстүрлі көліктерді қолдана отырып, экзотикалық көлік түрлерін қолданып (канат жолы, фуникулер, дирижабль, әуе шары, дельтаплан) .

Туризм дегеніміз өзінің бойында табиғи-ғылыми (онымен айналысқан да денені сауықтыруды негізге алатын), ғылыми-әдістемелік (туристік топтарда жетекшілікке алынатын педагогикалық процесс сабағының негізі), ұйымдастыру-басқару (басқару, кадр және материалдық базасы), бағдарламалық нормативті негіздемелерді (туристік жұмыстың бағытын, сипатын және мазмұнын анықтайды) компонент ретінде жинақтаған шаралар жүйесі.

Спорттық-сауықтыру туризмі - дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың мәдениетімен, өмірімен, тарихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.

Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.

Жас мөлшері және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық сауықтыру туризмі үлкен, студенттік (жастар), балалар мен жасөспірімдер, жасаралас, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді.

Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған спорттық туризмнен тұрады.

Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға, секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның Туристік Одағыаясындағы Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көп сайыс федерациясы табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмысжасайды.

Спорттық-сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық, танымдық, оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды біріктіреді.

Спорттық-сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге асырады.

Спорттық-сауықтыру туризмінің материалдық техникалық қорын құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік клубтар болып табылады.

Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізілуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жербедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциалық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының жеке міндеттері қандайда бір жаяу, су немесе басқа да белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыруға қатысты туристердің арнайы дайындығын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Туризмнің белсенді түрлерінің тәрбиелік, білімдік, сауықтыру және спорттық міндеттерін шешуі рекреанттардың жасына, арнайы физикалық дайындығына тығыз байланысты болады. Тәрбиелік мақсатымен қатар жорық барысында білімдік мақсаты да шешіледі. Ол өлкетану, топографиялық, табиғаттану бағытында алған теориялық білім жорық барысында іс жүзінде бекумен қатар қозғалу әдіс-тәсілдері қалыптасып бекиді.

Сауықтыру міндеті туристік бағытты бойлай қозғалу мен денеге түсірілетін физикалық салмақты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс барысында табиғат факторларының ағза қызметіне оң әсер етуін, жеке және қоғамдық гигиенены сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сауықтыру жүгіруімен немесе жүзумен айналысатын адамдарды туристік жорықтарға тарту адамдардың ағзасына түсетін физикалық салмаққа бейімделуінен арылуына мүмкіндік береді. Өйткені бейімделу ағзаға түсетін біртекті физикалық салмақтың тұрақты түрде ұзақ қайталануынан туындайды.

Оқу-жаттығу жорықтары сәйкес келетін туризмнің техникасы мен тактикасын меңгертетін теориялық білімді, қонатын орынды, өтетін өткелдер мен қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгертуді қажет етеді. Күрделі дәрежелі жорықтар ұйымдастыру туристік құрал-жабдықтарды пайдалану әдістерін меңгеріп, мұздықтарды, қолжетімділігі қиын аудандардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін оқып-үйренуді қажет етеді.

Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-жаратылыстану негізі онымен айналысу барысында сауықтыру нәтижелерінің болуын қамтамасыз етеді. Туризммен айналысу барысында адам ағзасының физиологиясы мен қызметіндегі өзгерістерді оқып-үйрену туризммен айналысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеуге, тиімді тамақтануды, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауды, жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздеріне басқарылатын педагогикалық үрдіс ретінде туристік топтар мен секцияларда ғылыми негізделген сабақтар мен жаттығулар жүргізу жатады.

Туризмде іс-әрекет сипаты мен бағытына қарай мынадай түрлерін серуендеулер, экскурсиялар, жорықтар, экспедициялар деп бөліп қарастырады. Серуендеулер мен экскурсиялар туризмнің элементарлы түрлері болып табылады. Олар жеке де өткізілуі және туристік жорықтың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін.

Серуендеулер - бұл сауықтыру, ағзаны шынықтыру мақсатында болатын көпшілік халықтың қолы жетерлік, қарапайым қысқа мерзімді туризмнің формасы (жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен қозғалу) .

Экскурсиялар - бұл қандай да бір объектіні көруге ұжымның ғылыми немесе оқу мақсатында, жалпы мәдени даму үшін баруы.

Жорықтар - бұл қозғалыстың белсенді түрлерін қолдану арқылы болатын физикалық жетілдіру, өлкені тану, қоғамдық пайдалы іс-әрекет мақсатында ұйымдасқан топтық қозғалыс.

Тәжірибе жүзінде туристік жорықтардың көп түрлері қалыптасқан. Физикалық тәрбие жағынан олардың негізгілері дайындық, туристік және үгіттеу-жаппай жорықтары болып саналады.

Дайындық жорықтары алда тұрған туристік жорықтарда негізінен жорық қозғалыстары мен біртіндеп ағзаны үлкен және ұзақ қозғалыс күшіне үйретуге қызмет етеді. Дайындық жорықтарына серуендеулер мен экскурсиялар элементтерін енгізу пайдалы. Дайындық жорықтарының негізгі мазмұны туристік экипировкадан, жорықтық өмір тәртібінен игеру; қозғалыс тәсілдерін жетілдіру; аялдама орындарын таңдау мен дайындауға, түнеу жабдықтарына, от жағуға байланысты арнайы іс-әрекеттерге үйрену; күрделі және ұзақ уақытты жорықтарға қатысу үшін қажетті мысалы, ұстамдылық, күштілік, жылдамдылық т. б. қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.

Туристік жорықтар туризмнің ең типті түрі болып табылады. Олар айтарлықтай ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), бағыттарының әртүрлілігімен және қозғалыс тәсілдерімен ерекшеленеді. Оларды денешынықтыру және спорт комитеттерінде немесе аранйы туристік мекемелерде тіркеу қажет, ал күрделі жорықтардың өткізілуіне арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды жетекші-нұсқаушы, топтың құрамындағы ең білікті әрі тәжірибелі турист басқарады.

Туристік жорықтарды мақсаттық белгісі бойынша төмендегідей етіп бөлуге болады:

- сауықтыру;

- спорттық;

- оқу-жаттығу;

- ғылыми-танымдық;

- қызық оқиғалы (экзотикалық) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар туризмінің мәні
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Емдік туризмнің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz