Есептілік кезең қағидасы


« Шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдарында есеп пен есептілікті жетілдіру»
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ШК - Шағын кәсіпорын
БЕЕ - бухгалтерлік есеп бойынша ереже
ХҚЕС -Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
ҒЗТҚЖ - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕЕТМ - еңбекақының ең төмен мөлшері
ЕТЕК - ең төмен есептік көрсеткіш
ЖК - Жеке кәсіпкер
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
ЗТ - заңды тұлға
КҚСМ - кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
КТС - корпоративті табыс салығы
ҚЕҰС - қаржылық есептің ұлттық стандарттары
ҚЕХС - Қаржылық есептің халықаралық стандарттары
ҚМ - Қаржы министрлігі
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШОК - Шағын және орта кәсіпорын
СЕӨЖ - Салықтық есепті өңдеу жүйесі
СК - Салық кодексі
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ӘКК - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар
ЖТС - Жеке табыс салығы
ҚРҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі және мәселелердің зерттелу дәрежесі. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі дүниежүзілік елдердің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын кәсіпкерлік әлеуметтік проблемаларды шешудегі негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Елбасының жолдауында атап өтілгеніндегі, тәуелсіздіктің 22 жыл ішінде елімізде атқарылған реформалардың бәрі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі Қазақстан экономикасы әлемдік дағдырыстан шағын кәсіпкерлікті қолдау арқылы шыға алатынымызды елбасының жолдауында атап өтілген [1] . Бұл біздің экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізілуде. Шағын кәсіпкерлік дамуының бірден бір көзі ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебін дұрыс және нақтылы ұйымдастыру болып табылады. Шағын кәсіпорындардың және де сауда фирмаларының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізіп Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес ұйымдастыру арқылы экономикамызда түйіні шешілмеген көптеген мәселелерді шешуге, экономиканы тұрақтандыруға және экономикалық дағдарыстан шығуға мүмкіндік туындап, ұлттық экономиканың өсуіне өз ықпалдарын тигізеді. Шағын кәсіпорындардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді болып келеді.
Бүгінгі таңда Шағын кәсіпорындарда есепті тиімді ұйымдастырудың жолдары көрініс таба бастады. Айта кететін болсақ Қазақстан Республикасында өз қызметін табыс табу мақсатында жүзеге асыратын Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есебін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен №1 және №2 Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарты қабылданды [2] . Бұл стандарт болашақта Шағын кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептілік стандартына еш кедергісіз өтуіне ыңғайландырып жасалған.
Қазіргі таңда Шағын кәсіпорындардағы есепті дұрыс әрі нақтылы ұйымдастыру үшін есеп саясаты құрылуы қажет. Көптеген кәсіпорындарда есеп саясаты ережелерге сай құрылмаған немесе мүлдем жоқтың қасы. Сонымен қатар Шағын кәсіпорындар үшін өзекті мәселелердің бірі салық есебінің дұрыс жүзеге асырылмауы. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2012 жылы қабылданған Салық Кодексіне сәйкес Шағын кәсіпорындар салық саясатын міндетті құру қажет болған [3] . Осыған байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік мамандардың біліктілігіне сай дұрыс ұйымдастырылумауда.
Шағын кәсіпорын Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы Шағын кәсіпорынның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын бизнес субъектілерін дамыту және есебін дұрыс ұйымдастырудың ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман -ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Алиев М. К., Айманова Л. Б., Айтжанова Ж. Н., Дүйсембаев К. Ш., Ержанов М. С., Ержанов А. К. ., Жақыпбеков С. Ж., Кеулимжаев К. К., Миржакыпова С. Т., Нарибаева К. Н., Радостовец В. К., Сатмурзаев А. А., Сатубалдин С. С, Сейдахметова Ф. С. Тажибаев С. Д., Тайгашинова К. Т., Тулешова Г. К. сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде Шағын кәсіпорындарда есепті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын бизнесте бухгалтерлік есепті халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай ұйымдастыру мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктегі бухгалтерлік есепті халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай ұйымдастыру мәселелерін талдау, экономикалық субектілердің қаржылық - шаруашылық қызметі туралы сапалы есеп ақпараттарын құруға бағытталған, шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесін өңдеуден тұрады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
- Бухгалтерлік есептің мақсаты үшін «Шағын кәсіпорын» түсінігін нақтылау;
- Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінің құрылымдық - логикалық схемасын өңдеу;
- Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесіндегі есеп саясатын құрудың қағидалары мен кезеңдерін негіздеу;
- Салалық ерекшеліктерін есепке ала отырып шағын кәсіпорындардың әртүрлі типтері үшін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінің бейімделу нұсқамаларын өңдеу.
- Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру мәселелерін қарастыру.
Зерттеу пәні Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жүйесі элементтерінің мазмұны мен өзара байланыстылығы болып табылады.
Зерттеу обеъктісі. Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын бизнестің есебін халықаралық қаржылық есептілік стандартының талабына сай жүзеге асыру.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - шағын бизнес субъектілерінің есебін халықаралық қаржылық есептілік стандартының талабына сай жүзеге асыруды талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик- экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
- жеке кәсіпкер мен жеке меншік базасында шарушылық субектілері ретінде жеке құрылатын, бухгалтерлік есептің мақсаты үшін «шағын кәсіпорын» түсінігі нақтыланды;
- әртүрлі топтағы қызығушылығы бар пайдаланушыларды әлеуетті және бекітілген ақпараттармен қанағаттандыру, ресурстар шығындары, мерзім және сапалы есеп ақпараттары көзқарастарымен тиімдірек алуға болатын сәйкесінше топтар бойынша жинақталған, есеп саясатының қажетті және толық элементтер жиынтығынан тұратын әртүрлі салалардағы шағын кәсіпорындар үшін ұсыныстар негізделген;
- бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінде сенімді және қажетті ақпаратты дайындауға негіздейтін шағын кәсіпорынның есеп саясатының құрылымдарының кезеңдері мен қағидалары көрсетілді;
- бухгалтерлік есептің жеңілдетілген үлгісіндегі есеп регистрлерінің аз тізімі мен жетілдірілген сипаттамасы шағын кәсіпорын субектілері үшін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша қарастырылған типтік ұсыныстардан айырмашылығы әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізгі талаптарын ескеретін бухгалтерлік есептің үлгілері ұсынылған.
- Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланып халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану бойынша ұсыныстар негізделген.
Қорғауға шығарылған негізгі ережелер
1. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын кәсіпорынды дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады.
Шағын кәсіпорын - нарықтық экономиканың маңызды элементi негізінде қарастырылады, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы Ұлттық өнiмнiң құрлымы мен сапасын анықтайды.
Шағын кәсіпорын - бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесі жатқан ақпаратпен қамтамасыз ету негізінде, активердің баланстық құны, өткізілген тауарлардан (жұмыс, қызмет) түсімдер, жұмыскерлердің орташа саны, құрылтайшылардың құрамын тіркеу бойынша шектеуі бар, қызметінің негізгі мақсаты табыс тарту болып табылатын, анықталған мүліктік кешен түрінде жеке меншік базасында өздігінен реттейтін экономикалық субект болып табылады.
2. Шағын кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесі шағын кәсіпорындардың типтеріне байланысты оның элементтері жеңілдетілген жүйеге негізделген, қаржылық және салықтық есебінің жүйе ішіндегі ақпараттық бірлік ретінде анықталады. Оның негізгі тағайындалуы екі өзара байланысқан кезеңдер негізінде жеткізілетін шағын кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметтері туралы сапалы есеп ақпараттарын құру болып табылады: жоспарлау - есеп саясаты және тәжірибелік өткізу - есеп ақпаратының өмірлік циклі.
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесінің сапалы элементтері ретінде, отандық ғалымдармен ұсынылған оның реттелу сапасын анықтайтын есеп жүйесінің элементтері қарастырылған: әдістеме, әдіс, ұйымдастыру, технология. Сонымен қатар оның есептік ақпаратының сапасын тікелей анықтайтын, шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесінің элементтері ретінде шағын кәсіпорындардың есептік ақпараттарының (бастапқы тіркеу, жалпылама, есептілік, сақтау) өмірлік циклі анықталды және негізделді.
3. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындар үшін есеп саясатының маңыздылығы және оның көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
Есеп саясатының ережелері мен тұжырымдамалары негізінде жүзеге асырылатын қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т. б. көрсеткіштер белгіленеді.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді есеп саясатының ережелері мен тұжырымдамалары негізінде жасайды.
4. Қызметтің әртүрлі саласындағы шағын кәсіпорындар үшін есеп саясатын құру бойынша ұсыныс бухгалтерлік есептің үлгілерінің дамуын талап етеді, осыған байланысты диссертациялық зерттеуде әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар үшін бухгалтерлік есептің нысандарының дәйектемелері көрсетілген. Осыған байланысты жұмыста шағын кәсіпорындар - жеке кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар - заңды тұлғалар үшін оның құрылымдарының сапасын анықтайтын жеңілдетілген есеп жүйесінің элементтері жеке қарастырылған.
5. Шағын кәсіпорындардағы қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарайғы дамытуды ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесінде құрылған ақпараттардың салыстырмалылығын, шынайлылығын және сапасын көтеру мақсатында бағыттар бойынша жүзеге асырылған.
Қазіргі кезеңде Шағын кәсіпорындар саласында бухгалтерлік есепті дамытуды негізгі концептуалдық жағдайдағы тәжірибелік қызметте қолдану және өңдеу өзекті мәселе болып табылады.
Шағын кәсіпорындар саласындағы бухгалтерлік есепті халықаралық стандартпен сәйкестендіру немесе халықаралық стандарт негізінде ұйымдастыру өңделген.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар қызығушылығы бар пайдаланушыларды тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін сапалы есеп ақпараттарымен қамтамасыз ететін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесін құруға өңделген ұсыныстар мен ұсынымдар мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпорындар, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 9 жұмыс жарияланған, соның ішінде 2 ғылыми мақала Thomson Reuters компаниясының мәліметтер базасына кіретін шетелдік басылымда жарияланған, үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған, 4 тезистік баяндамалар халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияларда жарияланды, соның ішінде 1 мақала шетелдік конференцияларда жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 18 кесте, 6 сурет келтірілген.
1. Шағын кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1. 1 Қаржылық есептілікті ұйымдастырудың негізгі қағидалары және қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талаптар
Қаржылық есептіліктің құрастырылуы бухгалтерлік есеп қағидаларына негізделеді. Нарықтық экономикаға өтудің бірінші сатыларында арнайы әдебиеттерде жаңа жекелеген категория, яғни «бухгалтерлік есеп қағидасы» деген категория пайда болды. 1990 жылдарға дейін бұндай категория мүлдем болмаған емес, дегенмен «қағида» деген термин 1990 жылдарға дейін де көптеген отандық авторлардың «бухгалтерлік есеп» жөніндегі коптеген арнайы әдебиеттерде кеңінен қолданылған болатын. Бірақ ол, есеп жүргізудің маңызды категория сы ретінде маңызға алынбаған болатын. Бұл термин әдетте өте сирек, яғни жиі тек бухгалтерлік есеп жайлы мәліметтердің немесе осы ғыолымға байланысты мәтіндердің стилистикасын өзгерту үшін ғана қолданылып келген болатын. Ал біздің есептілікке байланысты әдебиеттерде «қағиданың» бухгалтерлік есептің маңызды категориясы ретінде қолданылуының бірден бір себебі, ол есеп жүргізудің қазіргі заманғы англосаксондық жүйесін зерттеумен байланысты. Ал осы есеп жүргізудің англосаксондық жүйесінің негізін жалпы қабылданған есеп қағидалыры құрайды.
Сонымен, «бухгалтерлік есеп қағидалары» қандай мағына береді? Американдық есептің патриархы Р. Энтони және Мичигандық жоғарғы оқу орнының профессоры Д. Рис бұл терминді былайша түсінген «бухгалтерлік есепт қағидалары бұл бухгалтерлік есептің келісілген ережелері». Олардың ойнша «қағида» деген сөз қабылданған немесе хабарланған қызметті жүргізуде жалпы заңдарды немесе ережелерді анықтау үшін қолданылады және ол келісілген тәртіп, белгілі бір бағытты ұстанудың негізі нмесе тәжірибе». Ф. Вудтың көзкарасы боынша, «бухгалтерлік есеп қағидалары бұл шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жүргізуге байланысты бекітілген ережелер». Негізінен бұл сұраққа жауапты ең алдымен осы «қағида» деген сөздіңмағынасын анықтап, зерттеп алғаннан кейін айту, а болады. Сонымен, «principium» латын тілінен аударғанда «бастама» немесе «негіз» деген мағынаны білдіреді, яғни белгілі бір теорияның, ғылымның, білімнің негізгі базалық жағдайы. Бухгалтерлік есеп қағидалары - бұл осы ғылымның негізі болып келеди. Әрбір ғылым осы ғылымға тән қағидаларға негізделуі тиіс.
Бухгалтерлік есептің жеке қағидаларын қалыптастыру үшін тек «қағида» деген сөзді ғана емес, сонымен қатар «бухгалтерлік есеп» анықтамасында негізге алу қажет. Бухгалтерлік есеп - үздіксіз, бір -бірімен байланысты және ақшалай көріністі шаруашылық үрдістердің құжаттық көрсетілуі. Ал біздің заңдарда, яғни «Бухгалтерлік есеп» туралы заңда бұл анықтама біршама өзгеше көрсетілген. Бухгалтерлік есеп - субъектінің активтері, меншікті капиталы, шығыстары мен табыстары жайлы ақпараттарды тіркеулерді жинау жүйесін құрайды. Келтірілген бұл анықтамалардың ең маңыздысы есептілік негізінен ең алдымен шаруашылық қызметтің және қаржылық есептілік элементтерін көрсетуді негізге алады, ао ол міндетті түрде бухгалтерлік есеп әдістерін құрайтын арнайы әдістермен жүзеге асырылады. Ал бухгалтерлік есеп әдістері әрине бухгалтерлік есеп қағидаларныңың мазмұнымен өте тығыз байланысты болып келеді. Осыдан бухгалтерлік есеп қағидалары есеп жүргізуге қажет пе? Біз бұдан бұрынырақ та олсыз да есеп жүргізген едік деген маңызды сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтың жауабы әрине ол керек. Себебі біріншіден, біз жоғарыда көрсетіп кеткендей, әр бір ғылым, соның ішінде бухгалтерлік есеп ғылымы да негіз салушы қағидаларға негізделуі тиіс. Екіншіден, ол есеп реформаларын дұрыс жүргізудің бірден бір себебі болып келеді. Ал бұл терминалогияның біркелкілігі - біріншіден, унификация неліктен жасалу керектігінде болып келеді. Бірақ «бухгалтерлік есеп қағидасының» әлі күнге дейін біркелкі жүйесі жоқ. Дегенімен, егер «бухгалтерлік есеп қағидасының» мазмұнына назар аударатын болсақ, А. Н. Кашаев пен О. М. Островчкийлер атап өткендей «бұл жерде ондаған жылдар бойы жалпы қабылданған, негізделген әр түрлі терминдер мен есеп категориялыры, есеп тапсырмалары, функциялары, кезеңдері, талаптары мен есептің әр түрлі ғылымдар мен байланыстары осы «бухгалтерлік есеп қағидасы» терминіімен алмастыру тенденциясы анық байқалады».
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz