Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Беккалиева Зарина Омиргалиевна
Қашықтықтан оқытудағы телеарналардың рөлі: «Ел-арна» мен «Балапан» арналарының бағдарламалары
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В050400 - «Журналистика» мамандығы бойынша
Нұр-Сұлтан 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қашықтықтан оқытудағы телеарналардың рөлі: «Ел-арна» мен «Балапан» арналарының бағдарламалары
5В050400 - «Журналистика» мамандығы бойынша
Орындаған: Беккалиева Зарина Омиргалиевна
Ғылыми жетекшісі:Ибраева Эльмира Ериковна
Нұр-Сұлтан 2021
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті Журналистика мамандығы Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы
Бекітемін Кафедра меңгерушісі
Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы «» 2021ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент: Беккалиева Зарина Омиргалиевна 4 курс, 5В050400, ҚЖ-41 тобы, күндізгі оқу
- Дипломдық жұмыс тақырыбы: Қашықтықтан оқытудағы телеарналардың рөлі: «Ел-арна» мен «Балапан» арналарының бағдарламалары. 22. 12. 2020 жылдың ректордың №67-п бұйрығымен бекітілген.
- Студенттің дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2021 жылдың 31 мамыр
- Жұмыстың бастапқы мәліметтері (заңдар, әдеби деректер, зертханалық-өндірістік мәліметтер) : Зерттеу тақырыбына қатысты арнайы ғылыми әдебиеттер, нормативті-құқықтық құжаттар, ресми статистикалық мәліметтер.
- Дипломдық жұмыста жобада қарастырылуы тиіс мәселелер тізімі: «Ел-арна» мен «Балапан» арналарының бағдарламаларын толығымен зерттей отырып, кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау. Дамыған елдердегі бағдарламалармен салыстыру. Сонымен қатар көрермендерді қызықтыратын, оларға тәлім-тәрбие бере алатын жаңа жоспарлармен бөлісу.
- Графикалық материялдар тізімі: сызбалар, кестелер, диаграммалар, фотолар және т. б
- Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі: «Balapan. tv» сайты, «elarna. kz» сайты.
- Жұмыс бойынша кестелер (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсете отырып) :
- Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
09. 10. 2020
10. 11. 2020
Тапсырманы беру күні: 2020 жыл «09» қазан
Ғылыми жетекшісі: Ибраева Эльмира Ерикова
Тапсырманы қабылдаған: студент Беккалиева Зарина Омиргалиева
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 9
1Қашықтықтан оқыту жағдайында «Балапан» телеарнасының қызметі . . . 11
1. 1 Қашықтықтан оқытуда телеарналардың рөлі мен маңызы . . . 11
1. 2 «Балапан» арнасы телеөнімдерінің балалар психологиясына әсер ету тиімділігі/тиімсіздігі . . . 14
1. 3 «Балапан» арнасында көрсетілетін бағдарламалардағы тіл тазалығы. 20
2. «Ел-арнаның» пандемиялық ахуал кезінде балалар аудиториясына ұсынған бағдарламаларының маңызы . . . 25
2. 1 «Ел арнадағы» онлайн сабақтардың ерекшелігі . . . 25 2. 2 «Ел-арнадан» ұсынылған балаларға арналған бағдарламаларының артықшықтары мен кемшіліктері . . . 29
2. 3«Ел-арна» телеарнасындағы бағдарламаларды еліміздегі басқа арналармен салыстыру Қорытынды . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Дипломдық жұмысты жазу барысында дәл қазір әлемде болып жатқан індеттің балалардың біліміне қаншалықты әсер етіп жатқандығын зерттеу. Сонымен қатар телевизия саласында жүрген журналистердің еңбектерін көрсету. Оларға баға бере отырып, тың иедеяларды ұсыну. Дәлірек айтсақ, «Балапан» мен «Ел-арнадағы» қашықтықтан оқыту бағдарламаларын бір-бірімен салыстыра отырып, кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау. Бағдарламалардың балалар психологиясына әсерін анықтап, ондағы тіл тазалығына мән беру. Қашықтықтан сапалы білім алуға мол мүмкіндік беретін бағдарламаларға болашақта қандай өзгерістер қажет екендігін және осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың білім деңгейінің жоғары немесе төмен екендігіне көз жеткіземіз. Дипломдық жұмыста қашықтықтан оқытуда қандай тәсілдерді қолдану қажет? Балалардың психологиясы нені қажет етеді? Балалардың білімін арттырып қана қоймай, олардың есте сақтау қабілетінің артуы үшін не істей аламыз? Осы сынды өзгеде сұрақтарға жауап іздеу. Диплом жұмысының өзектілігі: Елімізде аты жаман індет жайлап тұрған уақытта балалардың білімі шет қалып қоймауы қашанда маңызды. Олардың мықты азамат болып қалыптасуы, өз елінің потриотты болуы, терең ойлап, болашаққа нық қадам жасай алулары дәл қазір алып жатқан білімдерімен тікелей байланысты. Осы орайда журналистердің еңбегі орасаң зор. Дегенмен, күндіз - түні еңбек етіп, шапқылап жүрген шығармашылық жандардың маңдай тері көгілдір экранның арғы жағынан көрінбей жатады. Бала - елдің болашағы. Олардың сапалы біліп алып, толық қанды жағдайда өмір сүрулері қашанда маңызды, қашанда өзекті. Ақпараттық заманда қашықтықтан оқыту мәселелі күннен - күнге ауқымдалып келе жатқандыңғын көзбен көріп жүрміз. Дәл осы жағдайда өкіметтен бөлініп жатқан қаражатта аз емес. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен кемшілігін жіпке тізіп айта отырып, дәстүрлі түрде оқу кезіндегі білім сапасымен салыстырамыз. Сонымен қатар дамыған мемлеккеттердегі білім беру әдістерін саралай отырып, «Балапан» мен «Ел-арна» арналарындағы бағдарламаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөліп зерделейміз. Қаражат мәселесіне аса мән береміз. Диплом жұмысының мақсаты: Сапалы білім - саналы ұрпақтың өсуіне кепіл. Телевизия арқылы балаларға қаншалықты сапалы біліп беріп жатырмыз? Қашықтықтан оқыту ең алғаш қай арнада, қалай пайда болды? Қашықтықтан оқытуда қандай бағдарламаға сүйенеміз? Бұл сұрақтар ғана емес болалардың білім алуына қатысты қойылатын сұрақтардың бәріде бірдей маңызды. Олар жауапсыз қалмауы қажет. Балалардың психологиясына әсер ететін қиын тапсырмалардың қашықтан оқытуда үлкен еңбек. Аты жаман ауырыумен күресу кезінде журналистердің елге тигізер пайдасы мол. Дәл осы пайдалы жұмыс кезінде кетіп жатқан қателіктерде аз емес. Осы орайда, дипломдық жұмыстың басты мақсаты артықшылықтарды айта отырып, кемшіліктерді түзету жолында тың идеядарды ұсыну.
Диплом жұмысының міндеті: Қашықтықтан оқытудағы телеарналардың рөлі мен маңыздылығын көрсету. «Балапан» мен «Ел-арна» сынды телеарналарда көрсетілетін бағдарламалардың тіл тазалығы мен балалардың психологиясына әсерін анықтау. Аталған арналардағы бағдарламалардың дамыған елдердегі бағдарламалармен салыстыру. Бүгінгі күннің шындықтарымен байланысты қашықтықтан оқытудың өзектілігі әлеуметтік прогрестің нәтижелері ақпараттық салада шоғырланғандығында. Қазір информатика дәуірі келді. Қазіргі уақытта оның даму сатысы телекоммуникация ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл- байланыс, ақпарат және білім саласы. Кәсіби білімнің тез ескіріп жатқандығынан, оны үнемі жетілдіріп отыру қажет. Қашықтықтан оқыту бүгінде уақыт пен кеңістік белдеулеріне қарамастан, жаппай үздіксіз өзін-өзі оқыту, жалпы ақпарат алмасу жүйесін құруға мүмкіндік береді. 2020 жылы бүкіл әлемде пандемия басталды, бұл адамдардың карантинде отырып, қашықтықтан жұмыс істеуге, білім алуға мәжбүр етті. Білім және ғылым министрлігі телекоммуникацияны пайдалана отырып, Ел Арна және Балапан телеарналарында мектеп оқушыларына хабарлар көрсете бастады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қашықтықтан оқытуда еліміздегі телевизия саласының мамандарының еңбектерін көрсету. Сонымен қатар, телеарналардағы бағдарламалардың балалардың психологиясына қаншалықты әсер ететіндігін зерттеп, байқау. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, телевидениені оқыту үдерісіне енгізу, оқушылардың оқу үдерісіне шығармашылық көзқараспен, өзіндік белсенділікпен таныстыруды зерттеу. Телевидениенің көмегімен білім алу мүмкін екенін анықтау. Зерттеу барысында ең алдымен еліміздегі журналистика саласы жаңа ғылыми еңбекпен толығады. Бұрында телевидиение арқылы оқыту байыпты емес деп саналған. Алайда, карантиндік шараларға және заманауи оқыту әдістеріне көшу барысында бұл маңызды және өзекті әдіске айналды.
Зерттеу әдісі: Дипломдық жұмысты жазу кезінде жиналған материалдарды бір-бірімен салыстыра отырып анализ жасау. Ақпараттарды ой елегінен өткізіп, нақты қорытынды шығару. Қашықтықтан білім беруді қай мемлекет ең алғаш болып бастады және Қазақстаннның телевизиясында жарыққа шыққан тұнғыш бағдарлама қандай? Ақпараттарды «Балапан» және «Ел-арна» сайттарынан және әлемдік деңгейде қашықтықтан білім беріп отырған сайттарынан алу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом кіріспеден, үш бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиетттер тізімінен тұрады. Бет саны - 43.
1 Қашықтықтан оқыту жағдайында «Балапан» телеарнасының қызметі
- Қашықтықтан оқытуда телеарналардың рөлі мен маңызы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 16-наурызынан бастап еліміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай енгізген. Нақтылап айтсақ еліміздегі барлық мектеп оқушылары 2020 ІV тоқсанынан бастап қашықтықтан білім ауға көшкен. Қашықтықтан оқу дегеніміз не? Қашықтықтан оқу алған білімнің сапасына қаншалықты әсер етеді? Алдымен осы сұрақтарға жауап беріп өтсек. «Қашықтықтан білім алу» ұғымы - оқушының немесе студенттің білім алып, өзін ақпаратпен қамтамасыз етуге деген ынталарын жүзеге асыратын білім беру көзі. Қашықтықтан білім берудің негізгі көзі нысандарының бірі ретінде мамандардың істеген жұмыстарымен атқарумен, білімін арттыруға мол мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды негізгі 3 түрлі формасы бар екендігі анық. Олар: Синхрондық пен қатар асинхрондық және қолданыста жүрген тағы бір түрі вебинар.
- Онлайн режимдегі оқыту түрі - интернеттің көмегімен сабақ уақытында экран арқылы мұғаліммен байланыса отырып, сабақ айту және дәріс оқу.
- Оффлайн режимдегі оқыту түрі - интернеттің көмегімен электрондық пошта арқылы мұғаліммен студенттің немесе оқушының ақпарат алмасуы.
- Вебинар дегеніміз не? Ол, интернет арқылы тікелей байланысқа шыға отырып, семинарлар мен түрлі сабақтар өткізу.
Дәл қазіргі қиын уақытта, студенттер мен оқушылардың білім алып, ақпаратпен толық қамтылулары жолында мұғалімнің атқарар рөлі жетерлік. Себебі, осы тұрғыда ұстаздарға ауыр, әрі жауапты, әрі қиын міндет жүктеледі. Мұғалім қысқа ғана уақытта қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап ғана қоймай, сол дайындалған материалдарды білім алушылардың оңай және тез қабылдауларын қадағалайды. Сонымен қатар қашықтықтан білім беру жүйесіне енгізеді. Кез-келген білім ордасында, кез-келген мұғалім оқу үрдісінің барысын жіті қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында тексеріп, білім алушылардың бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау процессін бақылайды. Осы кезеңдерден соң ғана бағалайды. Қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістері мен ережелерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас осы кезде ерекше, басқа қырынан байқалады. Қашықтықтан оқыту әдісін толық зерттеп, жұмыс істеп жүрген мұғалім оқытудың жаңа технологиясын тез меңгере алады. Көп жағдайда қашықтықтан оқытудың технологиясы яғни, компьютерлі және тораптық жүйелерін түсіну қиынға соғады. Осы сәтте телеарналардың тигізер пайдасы жетерлік. Телеарналарда көрсетілетін бағдарламалардың дайындалуына аз уақыт жұмсалмайтындығы анық.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты білім алушыларды ақпаратпен қашықтықтан қамтамасыз ету жүйесіне аса мән беру қажет екендігі байқалады. Себебі, білім берудің ақпараттық технологияларын дамыту қажет. Дәлірек айтатын болсақ, электрондық оқулық және ақпараттық бейнефильмдерді, сонымен қатар басқада электрондық басылымдарды көбейту қажет. Бір сөзбен айтқанда қашықтықтан оқытуды интернет желілеріне ғана негіздемей, телеарналардан көптеп көрсету қажет. Бұл тек қашықтықтан оқытуды ғана емес әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуына мүмкіндік береді. Кез-келген қашықтықтан білім беруді қолға алған телеарналардың ортақ ережелері:
- Көгілдір экранның ар жағындағы дәріс оқушы мұғалім немесе журналист ең алдымен, оқушыларға қашықтықтан білім алудың дәстүрлі білім алудай маңызды екендігін ұғындыра білу.
- Оқушыларға ұсынылған материалдарды қабылдауға және түсінуге жеңіл етіп дайындау. Олардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсінікті әрі нақты тілде сөйлеу.
- Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты уақыты ыңғайлы етіп алу. Оқушылардың миына салмақ түсіретіндей ақпараттарды айтпау.
Кез-келген қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру үстіндегі телеарналарды оқу платформасы болды. Бұл телеарналар үшін өте маңызды. Себебі, оқушылардың ақпаратты қабылдау сапасы білім мазмұны бар платформаға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалімдер балаларды интернет жаттығулар мен оқуға арналған арнайы интернет желілеріне сілтеме жасайды. Сонымен қатар мұғалімдер ашық құжаттарды пайдалана отырып, тест формаларын жасайды. Қанша дегенмен, жаңа ақпараттарды зерттеу арқылы, білім беруді барынша жан-жақты жүзеге асыруға болады. Телеарналарда ақпараттарды жинақтау және сұрақтарды ұтымды дайындау бір ғана порталдың көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі таңда ұсынылатын оқу платформалары жетерлік. Мысалы: «kyndelik. kz» «daryn onlaine» «bilimland». Бұл платформалар телеарнадан бөлек қашықтықтан оқыту нысандары болып есептеледі. Барлық ата-аналар балаларына осы платформалардың біреуін таңдап онлайн режимде сабақ өтулерін қамтамасыз ете алады. Бірақ, міндетті түрде онлайн-веб-жүйелерді немесе онлайн-журнал функциясын пайдалану қажет. Осы тұста асинхронды оқу режимін айта кеткен жөн. Бұл мұғалім мен оқушылардың арасындағы еркін арақатынасты орнатуға мүмкіндік беретін функция. Қашықтықтан білім беру кезеңінде оқушылармен кері байланыс орнату өте маңызды. Себебі, тапсырманың анық-қанығын, ұсынылған ақпараттың қол жетімділігін жіті қадағалау қажет. Бұндай жағдайда мектеп мұғалімдері электрондық күнделіктерді қолдануға кеңес береді. Яғни электронды күнделіктерде топтық хабарламалар қалдыру қажет. Сонымен қатар оқушылар мен студенттер арасында танымал әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану өте маңызды. Қашықтықтан білім беруде сабақ кестесі сақталуы қажет. Себебі сабақ өту кезінде ақпарат барлық балаларға бірдей жетуі керек. Мұғалімге тексеруге жіберілетін ашық тапсырмалар мен материалдар келесі онлайн сабақ басталғанға дейін 3 сағаттан кешіктірілмей бағалануы міндетті. Егер, олай болмаған жағдайда балар үшін қашықтықтан оқытудың мәні мен маңыздылығы жоғалады. Ең сорақысы дұрыс бағаламау балалардың ынтасын құртады. Қашықтықтан онлайн оқытудың өзінің дидактикалық бөлімі болады. Яғни, бұл бөлімдерді есте сақтау қажет. Атап айтсақ:
- Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда мақсат-міндеттері нақтылап алған жөн. Себебі өтілетін сабақтың мақсат-міндетінің айқын болуы оқушыларға ақпаратты қабылдауға ғана емес, сабақ кестесін уақытында еске түсіруге, тапсырманы нақтылауға көмектеседі.
- Онлайн оқыту кезінде үй тапсырмасын уақытында тексеру өте маңызды. Сонымен қатар - білім алушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу жасап, түсінбегендерін түсіндіре алу қажет.
- Балаларды қашықтықтан ақпаратпен қамтамасыз етуде өзекті, сапалы материалдарды таңдау керек. Мәселен: білім алушының жас ерекшелігіне байланысты роликтерді дұрыс таңдау. Баланың оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдістерді сәтті қолдана білу қажет. Ал, көгілдір экран арқылы баларға сабақ түсіндіру кезінде қойылған сұрақтың жауабын балалардан талап етпей, есте сақтауға ыңғайлы етіп жариялау маңызды. Себебі, балалар бір рет айтылған ақпаратты дұрыс қабылдап үлгермеулері мүмкін.
- Жаңа ақпараттың дұрыстығын тексеріп, білім беру порталын нақтылап, тексеріп алу керек. Тіпті, ең дұрысы мұғалімнің әзірлеген ресурстарын пайдалануға болады. Дегенмен, ақпараттарды білім алушыларға жеткізбес бұрын, олардың айтылған ақпараттан не түсінулері керек екендігін ұғындырып алу шарт. Ақпаратты қабылдауда ақпарат тарату көздерін қалай таңдаймыз? Практикалық тапсырмаларда кім көмектесе алады? Өз бетінше орындалған тапсырмаларды кім тексереді? Осы сұрақтардың жауабын білім алушылар білуге міндетті.
- Онлайн сабақты түсіндіру бөлек қорытындылау бөлек. Қорытындылау кезінде балалардың не түсінгендігін бірден анықтауға болады. Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға айтылған ақпарат төңірегінде сұрақ қойған жөн. Бұл жаңа ақпараттарды қорытындылаудың алғашқы кезеңі болып есептелінеді. Осылайша жаңа ақпаратты зерделеп, интерактивті модельдермен сонымен қатар, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен тікелей байланыстыруға болады. Бұл кезін ақпаратты толық қамтуға мол мүмкіндік береді.
- Қашақтықтан оқыту кезінде сабақты меңгеру, кеткен қателіктерді талдау мен тексеру және бақылау жұмыстарын орындатқызу қажет. Бақылау сынағын алу арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтауға болады. Берілген тапсырмаларды уақтылы тексеруді ұмытпаған жөн.
- Онлайн оқытудағы үй тапсырмасы және сол тапсырманы орындауға көмек беретін нұсқаулықтарды көрсету.
- Үй тапсырмасын бергеннен кейін оқушылармен кері байланысқа шығу. «Балапан» арнасы теле өнімдерінің балалар психологиясына әсер ету тиімділігі/тиімсіздігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz