Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Өзін-өзі тану Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Өзін-өзі тану Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

Әбілтай Еркежан Тілекқызы

Бастауыш сыныпта грамматикалық сабақтарда ойын түрлерін ұйымдастыру жолдары

Курстық жұмыс

Әбілтай Еркежан Тілекқызы

Бастауыш сыныпта грамматикалық сабақтарда ойын түрлерін ұйымдастыру жолдары

Курстық жұмыс

Күндізгі бөлім: 3-курс
Мамандық: 0101053 Өзін-өзі тану мұғалімі
Пән: Педагогика
Тобы: ӨТМ-307

Күндізгі бөлім: 3-курс
Мамандық: 0101053 Өзін-өзі тану мұғалімі
Пән: Педагогика
Тобы: ӨТМ-307

Жетекшісі:Абдишова А.М.
Жетекшісі:Абдишова А.М.
Қорғалды: Бағасы:
_______________ 2021ж. ____________________

Қорғалды: Бағасы:
_______________ 2021ж. ____________________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 10

1.1. Грамматика жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
1.2.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыста оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-10
ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-21

2.1. Грамматиканы оқытуда қолданылатын әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-19
2.2 Грамматиканы оқытуда қолданылатын ойын әдісі ... ... ... ... ... ... ... .2 0-21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 23

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде қалыптасу үстінде екендігі белгілі. Ана тілін оқытудың әдістемесі соңғы уақыттарда қолға алына бастады. Соған байланысты көптеген оқулықтар мен еңбектердің жарық көріп үлгергендігі белгілі. Соған қарамастан, әдістемелік тұрғыдан, қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері, онда ескерілуге тиісті мәселелер толық шешімін тапты деп айта алмаймыз. Қазақ тілін оқытудың мамандар үшін қазіргі кезде қиынға соғып отырғаны жасырын емес. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Мұндай себептердің қатарына тілге деген қажеттіліктің жоқтығы, т.б. көптеген қозғаушы факторларды жатқызуға болады. Қазақ тілін оқытудағы тиімді әдістер мен тәсілдерді зерттеуіне, кемшіліктер мен қателіктерін айқындап алуына кедергі келтіріп отырғандығы дәлелдеуді қажет етпейді. Өйткені үйренуші тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда, оқытушы шығармашылығы мен оның тәжірибе жинақтау мүмкіндігі де шектеледі. Ал бұл жалпы алғанда, қазақ тілін оқытудың әдістемесін дамытуға кері әсер етпек. Соның салдарынан бірқатар грамматикалық мәселелердің де оқыту әдістемесінде ескерілуге тиісті жайттары анықталмай отыр.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қылы сырларына канығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылыми деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытудың маңыздылығы зор екені барлығымызға мәлім. Қазіргі таңда оқушыларды сауатты, білімді етіп шығаруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды. Сол себепті курстық жұмысымызды бастауыш сыныптарда грамматиканың оқытудың әдіс-тәсілдеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытудыңмаңыздылығын түсіндіру.

Курстық жұмыстың міндеті:
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқытуда қолданылатын әдістердің талдап, саралау;
Грамматиканы оқытуда әдістер мен тәсілдерді қолданудың тиімділігін анықтау;
Қазіргі таңда грамматиканы оқытуда әдістердің маңыздылығын айқындау

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Грамматикада қолданатын әдістерді талдау,саралау,жинақтау.

Курстық жұмыстың нысаны: қазақ тілі пәнінде грамматиканы оқытудың әдіс-тәсілдерінің қолданылуы.
Курстық жұмыстың пәні: бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде грамматиканы оқытуда қазіргі таңдағы әдіс-тәсілдердің оқушыға білім мен тәрбие беруде алатын орны.
Курстық жұмыстың болжамы: егер, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда әдіс-тәсілдерді талдап, саралап, жинақтаса, онда, білім мен тәрбие беруде қазіргі таңда грамматиканы оқытудың әдіс-тәсілдері анықталады, себебі, оқушыға қызықты болуы үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланған тиімді.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері: курстық жұмыс барысында ғалымдар мен ойшылдардың грамматиканы оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдеріне арналған ой-пікірлерін талдап, жинақтап, саралау жасадық.
Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы: зерттеу нәтижелерін педагогика, жаңа педагогикалық технология, қазақ тілі пәндерінде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тарау мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы: Бастауыш сыныптарға өзін-өзі тану пәнінен грамматикалық әдістерді қолданып.ауызша түсіндірдім.

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Грамматика жайлы жалпы түсінік

Грамматика сабақтарының мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жиынтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілдерінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.
Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуыжайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады [6]. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету ұрлысының негізін қалайды.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қылы сырларына канығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылыми деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың (сөздердің) сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында ғана емес, сонымен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді. Грамматика үшін тілдік бірліктердың аралығындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік біліктердың (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) құрылымы да маңызды мәселе болып саналады [7].
Бастауыш сынып оқушыларына граматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу адісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Жаттап алған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмытылады. Қазақ тілі оқулығының құрылымы: тақырып, ереже, жаттығудан тұрады. Әр бөлім сайын қайталау тапсырмалар, бақылау жұмыстары ұйымдастырылады. Қазақ тіліне оқулығына берілген материалдар (жаттығулар, түрлі тапсырмалар, олардың мәтіндері) оқушыларға тәрбие беретіндей маңызды болуы керек. Тапсырмалардың түрлері: еркін жазу, диалог, монолог, сөздік жұмыс, мәтіндік жұмыс, жағдаяттық тапсырма, грамматикалық талдаулар, шығармашылық тапсырмалар, сұхбаттық тапсырмалар, эссе, т.б. [8].
Бастауыш сынып оқушылары грамматикалық түсініктерді толық меңгергені жөн. Себебі грамматикадан оқушылардың білімі таяз болған жағдайда, олардың сөйлеуден бұрын, ойлауы да дұрыс болмайды. Қай тілді алмсақ та, сол тілдің грамматикасы маңызды рөл атқарады.

1.2.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту

Тілдің қай саласы болса да, бір - бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан тілді оқыту кезінде оған көңіл бөлмеуге болмайды. Тіл салаларының байланысын тілді оқыту кезінде ұтымды пайдалану тілді оқытудағы негізгі мақсатқа жету үшін маңызды. Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат - оны студенттің адамдармен қарым - қатынаста қолдану құралына айналдыру. Осының бәрі - лексиканың, фонетиканың, морфологияның, синтаксистің бір - бірімен байланысы. Сондықтан қазақ тілін орыс мектебінде оқыту тіл салаларының осы байланысына негізделуі өте маңызды. Адамдармен қазақша қарым - қатынас жасау үшін, студент өз ойын басқаға жеткізе алуы, басқаның сөзін түсінуі керек. Бұл үшін студент тілдік материалды теориялық тұрғыда ғана емес, сөйлеуде қолдануға жаттығуы, тілдік материалды сөйлеуде қолдану дағдысы болуы керек. Ол тіл материалдарының түрлі саламен байланысында ғана жүзеге асады. Сондықтан да тілдік көрсеткіштер жеке дара оқытылмай байланыста оқытылады. Тіл дамыту жұмысынсыз ешбір грамматикалық мәселе оқытылмайды. Грамматиканы оқыту үшін, жалғаудың сөзге қалай жалғанып тұрғандығын түсіндіру керек. Ал ол сөздің мағынасымен, дыбыстық құрамымен байланысты. Айталық, барыс септігінің жалғауын түсіндіретін болсақ, жалғаудың мағынасын айтумен бірге оның дыбыстық нұсқаларының сөзге қалай жалғанатынын айтпауға болмайды. Яғни - қа, -ке нұсқаларының қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзге, -ға, -ге нұсқаларының дауысты, ұяң, үнді дыбыстарға аяқталған сөзге жалғанатыны айтылады. Сол сияқты -қа, -ке нұсқаларының соңғы буыны жуан сөздерге, -ке, ге нұсқаларының жіңішке буынға аяқталған сөздерге жалғанатыны айтылады. Бұл фонетика мен грамматиканың байланысын көрсетеді. Барыс септігін оқыту кезінде оның тілдегі қолданысын меңгерту үшін, оны сөз тіркесінде оқыту тиімді. Мысалы; үйге кел, қалаға бар, ауылға қайтты, көшеге шықты сияқты сөз тіркесінің үлгілері арқылы бұл септікті қолдануға студент жаттықтырылады. Сонымен бірге ол сөз тіркестерін сөйлемде қолдануға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі [9]. Кейін мәтінде, диалогтағы қолданысы болып, онымен жұмыс күрделене береді.
Осының бәрі тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту болып табылады.
Демек, бұл - лексикамен, фонетикамен, морфологиямен, синтаксистің бір - бірімен байланысы болып табылады. Сондықтан қазақ тілін орыс тобында оқыту тіл салаларының осы байланысында негізделуі өте маңызды. Сабақта мәтінді оқытудың грамматикамен байланысты түрі - түсіндірмелі оқыту. Бұл салада студентке мәтінді белгілі грамматикалық көрсеткіштерді түсіндіру, табу мақсаттары, тілдің грамматикалық көрсеткіштерін тануға, олардың тілдегі қолданысын байқауға жаттықтырады. Әдетте, ол белгілі грамматикалық сабақты өткен соң қолданылады. Мәтінмен жұмыс кезінде тақырыппен де байланыстырып сұрақ қойып отырса, оқушыны жалықтырмайды. Мәтінмен байланысты жүргізілетін жұмыстан да ауытқытпайды. Бұл мәтін мен тақырыпты түсіну үшін пайдалы болып саналады. Қазақша сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін, адам сөйлем құрай білуі қажет, сөйлем құрау үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып,оларды сөйлемде дұрыс орналастыру керек. Олай болса, тіл үйренушіге сөздерді байланыстыратын қосымшаларды үйрету, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту, сөйлемнің жасалу жолдарын білдіру қажет. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Ал сөйлеудің бәрі сөйлемнен құралады. Бұл мақсатқа жету үшін, студентке грамматикадан теориялық мәлімет беру жеткіліксіз. Грамматикадан алған мәліметті студентке сөз бен сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда қолдануға дағдыландыру қажет. Сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту яғни тілдің грамматикалық құрылысы бойынша сөйлеу, жазу дағдысын берік қалыптастыру негізгі болып саналады. Сонда ғана студент өз ойын қазақша дұрыс жеткізумен бірге, басқаның да айтқанын түсіне алады. Сонымен бірге тілде байланыссыз ештеңе болмайтыны да - есте сақтайтын негізгі міндет. Сөйтіп, сөйлемнің сөз тіркестерінен құралатынын білумен бірге, сөздерді байланыстыру және олардан сөйлем құрау дағдысы қалыптастырылады. Сөз тіркестеріндегі әр сөздің орны, сөйлемдегі әр сөздің орнын білдірудің де қазақша сөйлеуге үйретуде мәні бар. Бұл мәселеде орыс тілі мен қазақ тілінің ортасында үлкен айырма бар. Сондықтан синтаксисті оқытуда сөздердің сөйлемдегі орны туралы анық мағлұмат беру өте қажет. Орыс тілінде сөйлем баяндауыштан да бастала беруі заңды құбылыс болса, қазақ тілінде бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш соңында қолданылатынын, әр сөйлем мүшесінің сөйлемде тұрақты орны болатынын оқушы білумен бірге, сөйлемдерді сол заңдылыққа қарай құрай білу дағдысын игереді. Сол сияқты сөйлемнің түрлерін білгізумен бірге, оларды сөйлемде қолдану дағдысы да тілді оқу кезінде қалыптастырылады. Сонымен бірге қазақ тілінің грамматикасын оқытуда ол екінші тіл болғандықтан, практикалық бағыт басым болады.
Грамматикалық мәліметтің бәрін сөйлеуде дұрыс қолдануға үйрету керек. Оқушыларға грамматиканы оқыту дұрыс сөйлеу үшін ғана деп түсінуге болмайды, ол ойын қазақша дұрыс жаза білу үшін де қажет. Қазіргі заманның жастары қазақша дұрыс сөйлеумен қатар, қазақша сауатты жаза білуі қажет, сонда ғана қазақша білемін деуге болады. Сондықтан грамматиканы оқудың осы мақсатқа жетуде атқаратын қызметі зор. Жазу көпшілік жағдайда грамматикаға негізделеді. Мысалы, қазақ жазуының емлесі көбіне морфологиялық принципке негізделген. Ол принцип бойынша сөздің түбірі сақталып жазылады. Бұл түбір морфеманы, сөз құрамын білуді қажет етеді, ал ол грамматиканың мәселесі. Бірсыпыра қосымшалардың жазылуы да ондай қосымшаларды грамматика арқылы білуге сүйенеді. Мысалы, -хана, -қор, -паз, -қой т. б.
Сол сияқты бірнеше септік жалғауларының тәуелденген сөздің септелуінде ерекшеліктері бар. Оларды дұрыс жазу да грамматикамен байланысты. Ал шылаулардың жазылу емлесі де грамматикаға негізделеді. Жазуда үлкен орын алатын тыныс белгілері де басынан аяғына дейін грамматикамен байланысты. Бұл грамматиканың практикалық бағыттағы қызметіне жатады [12]. Сондықтан оқулық авторлары, бағдарлама жасаушылар бұл мәселеге ерекше мән бергені дұрыс.

ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ГРАММАТИКАНЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Грамматиканы оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдері

Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.
Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастанған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларді, тілге үйрету нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактиканың көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Грамматика мен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс - тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес барасында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді [1]. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
Бастауыш мектептерде оқыт ылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі -грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой - өрісін сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты - оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепке орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақалауға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатақ, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және оқуға, жазуға үйренеді, дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыландырады. Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын, сөз таптарын және олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Бағдарламаның түсінік хатында грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды және сөйлем біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын материалдарды, сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындағы байқалады [13].
Бастауыш мектептегі әдістеме тарихында 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетілген:
Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.
Онан кейінгі кездерде дидактик-ғалымдар мектептерде оқытудың алуан түрлі әдістерін ұсынады..
Өйткені, I топтағы әдістердің өзі қабылдау, есте сақтау, ойлауға негізделетін сөздік, көрнекілік, практикалық, хабарлау, әңгіме, салыстыру, жинақтау, жалпылау, топтау, тақтылау, дерексіздендіру, ассоциациялық, аналогия әдістері мен ойша қорытудың индуктивтік, дедуктивтік т.б.с. көптеген әдісті қамтиды.
- топтағы оқу-таным әрекеттеріне қозғау салу (мотивация) сезімгенегізделетін әдістерді: оқушылардың зейінін жинақтау, қызығу мүддесін тұғызу,жауапкершілігін күшейту т.с.с. қамтиды.
- топтағы қиялға, ерікке негізделетін әдістер мұғалімнің көмегімен немесеоқушылар мүлде өздіктерінен орындайтын жұмыстарда пайдаланылады қолданылады.
Осы әдістердің кейбіреулерінің қолданылуы жолына мысал келтіретін болсақ, былайша көрсетеміз.
Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.
Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -эврика - таным) әдіс деп те аталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Лексиканы оқытудың міндеттері
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Пәндер