Ағзаның жағдайы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы. Ас тұзымен улану

Орындаған: Қабланбекқызы А

Қабылдаған: Нурдилда А

Тобы: АП-18-8К2

2021 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Ас тұзымен улануы

2. Клиникалық белгілері.

3. Потолого-анатомиялық өзгерістер

III. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз.

Токсикодинамика-немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлім болып табылады. Ол мал ағзасына улардың улылығы әсер ету механизмін қарастырады.

Токсикокинетика-малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.

Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі контактілі, екіншісі-ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:

1. Малдың уға сезімталдығы.

2. Ағзаның жағдайы

3. Удың ағзаға ену жолдары

4. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы; ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминнің жетіспеушілігі басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.

Ағзаның жағдайы. Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. дейді.

Негізгі бөлім

Хлорлы натрий (NaCl) - жануарлар мен құстардың рационындағы арнайы және қажетті азықтық қоспа болып саналады. Ол ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Азықтық мақсатта ірі кесек, ірі ұнтақ немесе брикет күйінде пайдаланылады. Қазіргі кезде оны азыққа қосумен қатар, жеке кесек күйінде ірі қара малға, оның өнімділігін арттыру және жаңа туылған төлдердің өсіп-өнуін жоғарылату мақсатымен береді. Кейбір шошқаларды тұздың жоғарғы мөлшерлерімен(1. 25-1. 66г) ұзақ уақыт азықтандырғанда алынған тиімді нәтижелер жазылған. Осы кезде жануарлардың өсімі 33-36 % жоғары болады. Бірақ ас тұзын абайлап пайдаланған жөн, себебі онымен жануарлардың әсіресе шошқа мен құстың улануы жиі кездеседі.

Жануарлардың ас тұзымен улануы, әсіресе құстардың улануы құрама жем мен құрғақ сүт алмастырғышта тұз концентрациясының көбейіп кетуінен, ірі қара малына арналған құрама жемді шошқа мен құстарға байқамай беріп қойғаннан, ас тұзымен ұзақ уақыт ашыққаннан соң, ағзаға көп мөлшерде ас тұзын түсуінен тұздалған балық пен әртүрлі тұздықтарды бергеннен болады. Кейбір кездері құрама жемді алыс қашықтықта темір жол вагондпрымен және автотранспортпен тасымалдағанда тұздың сеперациясы яғни натрий хлоридінің ауыр кристалдпры құрама жемнің төменгі қабаттарынан азықтандырылған мал улануы мүмкін. Ас тұзының уытты және өлтіре әсер ететін мөлшері әртүрлі. Бұл токикалық әсерге әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты болуы мүмкін Жас төлдер натрий хлоридіне анағұрлым сезімтал арық немесе күтіп бапталуы нашар мал аз мөлшерінде де уланып қалуы мүмкін. Сумен ашығу уытты әсерді күшейтеді, кристалдармен тұзбен азықтандырғаннан гөрі ас тұзын ерітінділермен суару әлдеқайда қауіпті. Ас тұзының өлтіріп әсер ететін мөлшері ірі қараға-5-6 кг, қойға 3-4кг, жылқыға 2-3кг, шошқаға 1, 5-2, 5 кг, құсқа 3-4кг. Үлкен мөлшерде көп уақыт ас тұзын берсе, созылмалы улану туындайды,

Ас тұзына негізінен құстар, шошқалар өте сезімтал болады. Шошқалар тағам қалдықтарын жегенде ішінде тұзы көп болғанда және тауықтарға жеммен бірге тұзды көп салып жібергенде жаппай уланады. Құс шошқалардың тұзен улануында негізінен олардың организмде түрлі макро және микроэлементтердің жетіспеуінен орын алады.

Ас тұзы көбінесе ащы ішекке сіңіп кетеді. Оның уландыра алатын мөлшері организмдегі бір валентті және екі валентті катиондардың тепе-теңдігін бұзады, тканьдердегі осмос қысымын өзгертеді (тканьдер құрғай бастайды), клеткалардың тыныс алу процесін бұзады, мұның өзі тканьдерде отттегінің мүлде жетіспеуіне апарып соқтырады.

Оорганизміне ас тұзы азықпен бірге шамадан тыс көп барған (тұздалған қиярдың, капуста, селедке мен ет тұздықтары аралас асхана қалдықтарын қалай болса солай бергенде) шошқаның улануы жиі байқалады. Құрама жемдегі тұздың мөлшері 1, 5 проценттен артып кеткенде де мал уланып қалуы мүмкін.

Клиникалық белгілері. Ірі қарада ас тұзын қабылдағаннан кейін улану белгілері 30-120 минуттан кейін біліне бастайды. Тынышсыздану жиі күйіс қайыру, тісін қышырлату. Жиі және көп зәр бөлу, іш өту, шөлдеу, әлсіздік, теңселіп жүру, атаксия болады. Жануарлар ұзақ жатып алады, бұзауларда опистонус болады, рефлекстер күшейеді. Бұлшық еттің кейбір бөліктеріндегі діріл, бірте-бірте үзіліссіз дірілге ұласады. Тыныс алу мен жүрек қызмет нашарлайды. Мал қалтырап, дірілдеп, аз уақыттан соң өледі. Қойда улану белгілері 16-18 сағаттан соң, өлім 1 тәулік ішінде болады. Шошқада 2-3 сағаттан соң қозу, құсу, қатты шөлдеу, сілекеә ағау болады. Көз қарашығы үлкейіп, нашар көреді. Іші өтіп, кейде қан аралас зәр бөледі. Жүйке жүйесі бұзылуынан өзіне тән емес қимыл, қозғалыстар жасайды. Дене бұлщық еттері дірілдеп, қалтырайды. Өлер алдында құлағы мен терісі көгереді, тері сезімталдығын жоғалтады. Жануар тәулік көлемінде, не одан кейін өледі. Құста шөлдеу, тұмсығынан сұйық ағады, атаксия, қанаттары түсіп, басын артына қаратып алады, өлер алдында аяқ пен қанат салданады.

Патогенезі. Ол суда жақсы еріп, қанға жылдам сіңеді де, изонияның бұзылуына әкеліп соғады да, орталық және шеткі жүйке жүйесінің жүйке мен синапстарда импульстардың өтуіне зор ықпал жасайтын, бір және екі валентті катиондардың қызметін бұзады, Қан мен ұлпаларалық сұйықтағы осмостық қысымның бірден жоғарылауынан эритроциттер бүрісіп, тіршілікке маңызы зор мшелер торшаларында сусыздану пайда болады. Нәтижесінде зат алмасу құбылысы алдымен үдеп кейіннен тежеледі. Ас тұзы сонымен қатар, асқазан мен аш ішектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, геморрпгиялық гастро-энеритке әкеп соқтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі
Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Ағза және қоршаған орта
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде
Сауықтыру дене мәдениетінің мазмұндық негіздері
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz