Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының Шөже орындаған нұсқасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу жұмысының мазмұны

1. Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-21
3.1. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының Шөже орындаған нұсқасы ... ..5-9
3.2. Шөженің айтыс ақыны ретінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-13
3.3. Шөженің жырлары мен нақылдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .14-15
3.4. Шөженің әндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-17

3.4. Шөженің дүниеден өтуі және жерленген жері туралы деректер ... .17-18
3.5. Ақтоғай азаматы, халық ағарту ісінің үздігі,
ақын Қасымхан Қаленовтің Шөже туралы естіген әңгімесі ... ... ... ... ..19
3.6. Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Рақым немересі
Ақпанбайұлы Шәженнің естелігінен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.7. Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Ақпанбай немересі
Шәженқызы Ақпанбаева Торғайдың әңгімесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.8. Аудандық Тоқырауын тынысы газетінің байырғы қызметкері
Мина Кәдірбаеваның естелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.9. ҚР еңбегі сіңірген мұғалім, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы,
тарихшы Асқар Сейдахметовтың әңгімесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

А Н Н О Т А Ц И Я

Зерттеу мақсаты:

​Туған жер, өскен ел тарихын кейінгі ұрпақтың терең зерделеп, білмей қалу қауіпі барын - барынша айқындай отырып, кіндік қаны тамған топырақтан өсіп-өнген асылдарымыз бен ұлыларымызды ұлықтап, кейінгі тарих бетінде қалдыру.

Гипотезасы:

​Егер де ұсынылған ұсыныс бойынша Шөже туралы толық зерттелсе және оның сүйегі Ақтоғай жерінде екендігі нақтыланса,
біріншіден, туған өлке тарихына жаңа есім қосылар еді,
екіншіден, мәдениет мәйегі тарихи, мәдени ескерткіштерге жасалатын Үкімет тарапынан қамқорлық мақсатындағы жөндеу, қалпына келтіру, анықтау жұмыстары жүргізілер еді.

Зерттеу жаңалығы:

Бұл зерттеудің жаңалығы осыған дейінгі баспасөз материалдары және басқа ұйымдардың ұйғарымымен Шөженің сүйегі, яғни қорымы біресе Нұра ауданында десе, біресе Көкшетаудың, ал енді бірінде Қарқаралы тумасы делінген әр түрлі ұйғарым өзгертіледі. Ақтоғай жеріндегі қорым мамандар айналысуымен Шөже ақын қорымы екендігі анықталады және мәдени, тарихи негізге бағытталған жұмыс шарасы іске асады.

Зерттеу нәтижесі:

​Республикамыздағы мәдени-тарихи орындарға қамқорлық, есімі елге мәлім тұлғаларымыздың әлі зерттелмей, беттелмей жатқан мол мұрасын жарыққа жинақ етіп шығару ел бірлігі мен көреген саясаттың басты нәтижесі болып саналады. Сондықтан, Шөже тарихын зерттеп, зерделеу нәтижесінде ақынға арнап мазар салар едік және ақынның барлық қолда бар айтыстарын, зерттеуші Рашит Каренов ағамыздың жинақтау жұмыстарын негізінде оқу әдістемелік жинақ етіп, баспадан шығару болашақ ұрпақ үшін рухани қазына болады.

Практикалық қолдану саласы:

Осы жұмыс бойынша Шөже туралы болашақ ұрпақтың хабардар болуын қамтамасыз етуге арналған авторлық бағдарлама және оның хрестоматиясын құрастыруға және оны мектеп курсына кіргізуге аудандық Білім бөлімі, облыстың білім басқармасы назарына ұсынуға болады.

Туған жер, өскен ел тарихын кейінгі ұрпақтың терең зерделеп, білмей қалу қауіпі барын - барынша айқындай отырып, кіндік қаны тамған топырақтан өсіп-өнген асылдарымыз бен ұлыларымызды ұлықтап, кейінгі тарих бетінде қалдыру мақсатында Шөже Қаржаубайұлы туралы зерттедім.
Өткен ғасырда қазақтың өлең өнерін шыңға шарықтатып қазақ халық әдебиетін сөз өнерімен өрнектеп, байыта түскен жыр жұлдыздарының бірі - Шөже Қаржаубайұлы. Айтыстың тамаша майталманы Шөже Қаржаубайұлы шығармалары толық дерлік зерттеле қойған жоқ. Оның жеке өлеңдері мен айтыстары республикалық баспалардан жеке кітап болып шыққан жоқ. Баспалардан әр жылдары басылып шыққан Айтыс жинақтарында Шөже өлеңдері, айтыстары ара - тұра жарияланып келеді.
Ол жасында шешек шығып екі көзінен бірдей айырылған екен. Өзінің аса дарындылығымен, әділдігімен, шыншылдығымен, шындықты тайсалмай бетке айтатын өткірлігімен бүкіл қазақ даласында зор беделге ие болды. Суырып салма ақын Кемпірбай ақынмен айтысында:
​Көзімен он жеті ақын түк қылған жоқ,
​ Білем, бұған сен ғамал таппасыңды-ай-дейді.
Оның бойындағы бар міні соқырлығын қай ақын болса да бетіне басып, соны сан мәрте қайталаса да Шөже оған мойымайды. Екіншіден, Шөже Қаржаубайұлының ақындармен айтысқанда тағы бір көбірек сөз қылатыны оның шыққан тегі жайлы. Балта мен Шөже айтысында Балта ақын:
​​...Ежелден Қуандықтың құлы емес пе ең,
​Тентіреп келдің қырғыз әлде қайдан?-деп оның қазақ емес қырғыз екенін айтады. Қазақ пен қырғыз халқы ежелден бір-бірімен туысқан халық. Тарихи дәуірінде олар ортақ жауына қарсы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірлесіп күресті. Қазақ батырларымен бірге қазақ ауылдарында қырғыз жұрты да келіп мекен етті. Тіпті, басқаны былай қойғанда, біздің облысымыздың әр ауданында нәсілі қырғыздан, өте ерте келіп қоныстанып, қазақ болып кеткендер басшылық. Тарихи дәуір барысында басқа ұлтқа сіңсіп кеткендер, сөз жоқ болып тұрған. Міне, Шөже де солай.
Шөже дүйім жұртқа даңқы тараған суырып салма айтыс ақыны. Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ деуіне қарағанда, ол өз тұсында аты мәлім, аса жүйрік ақындардың біразымен айтысқан. Шөжені сөзден тосып, жеңе алмайтын болған соң, ақындар оның екі көзінің соқырлығына, Алатаудан келген қырғыздығына тиісіп, сол міндерін алдына кесе көлденең тарта береді. Бұған ол: Соқыр қылды көзімді көрмесін деп, жамандықтың соңына ермесін деп деп оларға уәжді сөзбен орынды тойтарыс берген.
Бес ғасыр жарлайды деген үш томдық кітаптың бірінде Шөженің Дәукейге, Бәйтікті мақтағаны, Бәйтікті жамандағаны сияқты өлеңдері басылған. Ақынның қырғыз бегіне арналған бұл өлеңдерінде сырттай қошеметімен бірге, сөз астарында мысқылын да аңғару қиын емес.
Шөже ірі ақын. Әйгілі Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының ең көркем нұсқасы қазақ даласында Шөженің айтуымен тарады. Бұл классикалық еңбекке тоқтауымның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 2002 жылы әйгілі жырдың 1500 жылдығы атап өтілді. Ол үшін арнаулы мемлекеттік деңгейде комиссия құрылған. Дайын болған академиялық басылым мен зерттеу жинағына барлығы 7 мәтін енсе, соның бірі Шөже жырлаған мәтін екен.
Екіншіден, жырда кездесетін оқиғалар, кейіпкерлер біздің ауданмен шекаралас жатқан Семейдің Аякөзінде, Қарақаралыда, осы аудан жерінде болғандығы. Үшіншіден, аудан көлеміндегі жер, су аттарының жырдан алынып қойылғандығы. Кейбірі осы күнге дейін өзгермей сақталған. Төртіншіден, аға ұрпақ өкілдерінің көпшілігі, ата-бабаларымыз радио газет, теледидар жоқ кезде осындай жыр, аңыз қиссаларымен сусындап өсті.

Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының Шөже орындаған нұсқасы

​ХІХ ғасырдағы көптеген ірі айтыс ақындарының тамаша бір ерекшелігі
көне эпикалық жырларды ауызша орындап, сақтап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуінде. Шөженің осы саладағы еңбегенің өзі оның атын әдебиетіміз бен мәдениетіміз тарихында мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік береді. Шоқанның айтуынша, ақынның жыршылық репертуары мейлінше бай болған. Ол Шығыстан келген діни және махаббат дастандарымен қатар, қазақтың қолтума жырларын да шебер орындап, кейінгі дәуірге мейлінші толық та көркем дәрежеде жеткізіп отырған. Соның бір дәлелі - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырының атақты Шөже варианты.
​Қазақтың ауыз әдебиетінің бай саласының бірі - ғашықтық дастандары.
Қазақта Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан сияқты ондаған ғашықтық дастандар бар. Қазақ халқының романтикалық және психологиялық негізге құрылған лирикалық ғашықтық дастаны Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, оның сюжет желісі шын өмірден алынған. Бұл дастанда қазақ өмірі, әдет - салты кең қамтылған. Ол ғашықтардың бақыт және бостандық жолындағы күресін жырлайды. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу поэмасын дүниежүзілік поэзияның тамаша үлгісіне жатқызып, оны қазақ жеріндегі Ромео-Джульетта деп атау әділ баға.
​Бұл жырдың Шөже орындаған нұсқасы кезінде ел арасында көп тараған:
​...Қодар құл оқпен атып өшін алды
​Сүйтіп қастық қылғандай несін алды.
​Үйдегі Баяныма берейін деп,
​Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.

​Бәрекелді! Қодардың тентегіне,
​Асау күрең жүрмейді жетегіне.
​Қозыкенің басы деп тастап еді,
​Баян жылап салады сандығына.

​Сұлу Баян қолына айна алады,
​Қозыкеден айырылып қиналады.
​Өзімменен қосылып зарласын деп,
​Ботасы өлген боз інген түйе алады.
Содан Баянның іші күйіп, тұра алмай, тас болып, ешкім тұрғыза алмай жұртында қалғаны:
​Баян жас бота белбеу белден шешті,
​Қозыкеден айырылып қайғы түсті.
​Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
​Сарыбайдың ертең тұра ауылы көшті.
​Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
​Оны көріп Қодар құл қуаныш қылды.
​Көш жөнеліп кеткенін көріп тұрып,
​Жұртта қалған Баянға Қодар келді.

​Баянды көріп, Қодардың айтқаны:
​-Жылқыны көп жалшылар суарады
​Сені көріп көңілім қуанады.
​Алған байың өлді ғой сұлу Баян,
​Енді сені мен алмай кім алады?

​Баянның Қодарға берген жауабы:
​Баян басын көтеріп тұра келді,
​Жылап тұрып Қодарға жауап берді.
​-Мен сенікі болайын Қодар-еке
​Қозыкені бір көрсет маған, - деді.

​Қодардың Баянға берген жауабы:
​Баян жас, нанбаймысың маған деді,
​Тимесең болар ақыр заман дейді.
​Осы жерде маған тисең тура сөйле,
​Тазшаңды көрсетейін саған дейді.

​Баян сұлу қуанып тура келді,
​Қодарменен екеуі бірге жүрді.
​Ойдым-ойдым жер келді сұлу Баян,
​Кел екеуіміз ойналық Баян деді.

​Баян сұлу Қодарға жауап берді,
​Қозыкені көруге алып жүрді.
​Далада ойнағаның не болады,
​Су басына барайық Қодар деді.

​Қодардың қуанып берген жауабы:
​-Айт дегеннен айтамын айда, Баян,
​Қасыңда мендей жолдас қайда саған.
Алдыңда жарық болған ай ма Баян?
​Тазаланып жатайын қойыңына,
​Білегіме шашыңды байла, Баян.
​Баян алдап Қодарды суға салды,
​Екі кебіс су ішіп мейірі қанды.
​Қодар бұлақ ішінде, Баян қырда,
​Суға тоңдым, шығайын Баян деді.

​Баян бұл сөзді есітіп тұра келді,
​Бұйда пышақ қолына Баян алды.
​Қодар суда жатқанда, Баян қырда,
​Қодарды пышақпенен салып алды.

​Судың ішінде жатып Қодардың берген жауабы:
​-Баян жас мені есіңе алмадың ба,
​Әуелі суға түс деп алдадың ба?
​Екі бірдей бойыңнан тең айырылып,
​Көзің ашық дүниеден өттің, Баян.

​Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян,
​Әке-шешем жылатып келдім, Баян.
​Тіл ұшымен мені сен жақын қылып,
​Аңдып жүріп түбіме жеттің, Баян.

​Айда Баян, а Баян, неттім Баян,
​Ептеп жүріп түбіме жеттің, Баян.
​О дүниеде артыңнан еш қалмаспын,
​Тікен боп араңа біттім баян.

​Баян сұлу бұл жерде қуанады,
​Тіліне Қодар құлдың кім нанады.
​Баян жас шашын қиып жібергенде,
​Қодар құл құдық түбіне домалады.

​Баян Қодарды өлтіріп, Қозыкенің басына келіп жылағаны.
​-Ботасы өлген боз інген артып келді,
​Баян жас қайғы азабын тартып келді.
​Қодар құлды құдықта өлтірген соң,
​Қозыкенің басына қайтып келді.

​Баян Қозыкені көріп зар-зар жылағаны:
​-Шырағым, жатырмысың жер бауырлап,
​Қаба жүнді, қайың оқ оны ауырлап.
​Тұрар болсаң, тұр сана, шырағым-ай,
​Баян жас алған жарың келдім зарлап.

​Шырағым, жатырмысың жер бауырлап,
​Алты батпан топырақ оны ауырлап.
​Тұрар болсаң тұр сана, шырағым-ау,
​Құдай қосқан қосағың келді зарлап.

​...Қозеке амандаспай бұрын өлді,
​Баян барып басыңды зар еңіреді.
​Баян жас зар еңіреп отырғанда,
​Үстіне топ керуен жетіп келді.

​Қырық кісі керуен басы бұрын келді,
​Жылап тұрған Баянды бұлар көрді.
​Біз жүргенде жоқ еді сендей адам,
​Нағылып зар жылаған жансың дейді.

​Баянның керуенге берген жауабы:
​-Біз тудық Қарабай мен Сарыбайдан,
​Жүзіміз артық болды туған айдан.
​Отыз бір жыл ортада ойнап-күліп,
​Бүгін қаза жетіп тұр бір құдайдан.

​Қырық кісі керуен басы мұны білді,
​Сұлулығын көрген соң алмақ болды.
​Сұлуға жалғыз тұрған жарамайды,
​Қайсымызға тиесің айтшы дейді.

​Баян сұлу қайғымен болды кәбәп,
​Тамам керуен Баянға болып сәбәп.
​Баян сұлу керуенге жарлық қылды,
​Там тұрғызған кісіге тиемін деп.

​Қыздың айтқан жарлығын керуен білді,
​Қырық күнде Қозыкенің тамын қылды.
​Баянның өзі барып көріп келді,
​Қиямет-қайым болғанша тұрар деді.

​Тамам керуен жиылып кеңес құрды,
​Баянды аламыз деп көңілі тынды.
​Қыздың жарлығын қылып болдық,
​Қайсымызға тиеді келсін деді.

​...Керуеннің басы болды,
​Аламыз деп Баянға кісі салды.
​Баян жас өз алдына жылап тұрып,
​Керуенге жүзі таймай жауап берді.

​Көп керуен разымын келгеніңе,
​Белгісін тұрғыздыңыз өлгеніме.
​Әрқайсыңа үлессем мүшес жетпес.
​Тиемін ақылы артық жеңгеніңе.


Тамам керуен бір жерге жиылады,
​Баян сарай қылмаққа бұйырады.
​Тамам керуен Баянға жол таласып,
​Ажал жетіп сол жерде қырылады.

​Тамам керуен қырылды жол таласып,
​Баян сарай салдырды жарлық шашып.
Құдайым бұл керуенге қор қылма деп,
Баян сым тас болыпты, құшақтасып.

Қырық кісі қырылды жол таласып,
Баян үшін өліпті төбелесіп.
​Тамам керуен сол жерде өліп қалды,
​Үш кісі үш ру елге барды қашып.

​Бұл сөзді Құдай бізге өнер қылған,
​Қозыкенің сарайын керуен қылған.
​Үш кісі үш ру елге қашып барып,
​Сол екен Қозыкені өлең қылған.

Белгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша, Шөже Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырын Шоқанның өтінішімен Махмұт Қалихановқа 1864 жылдың наурыз айында жаздырады. Жырдың соңында ақынның Шоқанға арналған мынандай бір ауыз өлеңі бар дейді:
​Құдай береді сұлтанды кәміл қылып,
​Данышпан, мәртебелі, әділ қылып.
​Бұрын жазған жоқ едім дәл осындай
Әділ сұлтан жаздырды сапалы ғып.
Егемен Қазақстан газетінің 27 наурыз 2002 жылғы № 67 (22970) санының 6-шы бетінде М.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры, белгілі фольклорист-ғалым Сейіт Қасқабасовпен әңгімелескен газет тілшісі Мейрамбек Төлепбергеннің Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырының 1500 жылдығына орай жазылған Махаббаттың мәңгілік ескерткіші деген көлемді мақаласы жарық көрді.

Шөженің айтыс ақыны ретінде зерттелуі

​Шөженің аса көрнекті айтыс ақыны екендігі М.Әуезов еңбектерінде әркез аталып, жоғары бағаланып келді: Радлов жинап бастырған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жыры революциядан кейін 1925 жылы Москвада қазақша жеке кітап болып басылған. Сәбит Мұқанов пен Х.Бекхожин 1939 жылы орта мектептерге арнап құрастыратын хрестоматияда осы вариант үзінді түрінде басылған. Бұлардан басқа Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтында Шөже ақын айтты дейтін тағы бір көркем ескілеу нұсқасы бар. Бұл нұсқасы Мәшһүр Жүсіп жинаған, әлі баспа көрген жоқ. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырларының ішіндегі айырықша назар салатын бір тәуір нұсқасы осы. Бұдан басқа Ғылым Академиясында 1905 жылы Павлодар уезі, Баянауыл қазағы Молда Мұқан Машақұлынан Жақыпбаев жазып алатын Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырының екінші түрлі бір қолжазбасы бар. Бірақ, бұл вариант кейбір өзгерген сөздерін, кісі аттарын айтпасақ, Шөже нұсқасынан алынған көрінеді.
​Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырларын көп басып, халыққа тартақан орынның бәреуі - Қазандағы Құсаиновтар баспасы. Бұлар Қозы Көрпеш - Баян Сұлу дастанының түрліше нұсқаларын 1878, 1890, 1896, 1909 жылдары қазақша кітап етіп бастырған.
​Осылардың бәрі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырының қазақ арасына өте әйгілі, көп тараған және халықтың аса қадірлеп сақтаған қазынасы болғанын көрсетеді. Жырдың нұсқасы қанша көп болса, мұның айтуыншылары да сонша көп. Бұлардың ішінде Шөже, Жанақ, Сынанбай, Бекбау сияқты халық ақындарының аты айтылады. Қазақтың хикаялы жырларын сақтап келген кісілердің өзі осындай жыраулар, айтушылар (М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы: Т.17. Мақалалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1985, 224-225 беттер).
​Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырын көп зерттеп, оған үлкен мән берген кісінің бірі - Сібір ғалымы Г.Н.Потанин. ол Вестник Европы деген журналда (1890 жылы, 9 кітап), одан соң Русское богатство деген журналда (1896 жылғы №8 нөмірінде) бұл жырға тоқталып, жоғары бағалайды. Г.Н.Потанин Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырын Батыс Европаның, орыстың, Шығыс елдерінің бірнеше халық дастандарымен салыстыра келіп: Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма - деп бағалаған. Осыған қоса орыс зерттеушісі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырын ел арасына кең таратып, біздің дәуірімізге жеткізген Шөженің жыршылдық ерекшелігін ашқан. Аса ірі жыршы, қобызшы ақын Шөжеге әр қырынан қараған.
​Ойды ой қозғайды дегендей, ақберен Шөжені ерте көрген фольклорист Г.Н.Потаниннің алғырлығына іштей риза боласың. Ізгі жүректі жандар бір-бірін, өз замандастарын кезінде бағалай білгеніне қайран қаласың.
​Кезінде халқымыздың эпикалық аңыздарының өрістеуіне Шығыстың ғұламасы Әлішер Науаи дастандары зор ықпал жасаған. Сондықтан Шөже жырлаған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырының аталған нұсқасынан Фархат-Шырынмен ұқсас-үндес сюжеттерді көруге болады. Науаи шығармалары қазақ еліне аңыз түрінде жеткен. Ал, оны Шөже секілді білікті шайырлар таратып отырған.
​Шөже Қаржаубайұлының ауыз әдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі екенін кезінде Шоқан Уәлиханов атап көрсеткен. Шоқанның айтуынша Шөже айтысқа қоса жыршылық өнерді көп дамытқан. Жанақ дәстүрін бізге жеткізуші қобызшы ақын.
Ал Мұхтар Әуезов: Барлық қазақ әдебиетінің өзі білетін естелігінен Абай жалғыз ғана Маралбай мен Шөжені ғана нағыз - ақын депті. Абайдың Шөжеге деген ықыласын білген жазушы М. Әуезов Шөжеге Абай жолы романының үшінші тарауын арнап оның ақындық тұлғасын ашып берген.
Шөже қазақ даласының көп жерін аралаған, екі көзі соқыр болса да айтысқа аса жүйрік шешен, үлкен жиындарда Шөже бірден ондаған ақын мен айтысып, түгел жеңіп кетіп отырған. Шөже ру айтысының ақыны, айтыс үстінде бірде ру басы феодалды өлтіре сынаса, бірде ру басы феодалды мақтайды. Бірақ Шөже де сыншылдық мотиві басым. Қарсы ақындар оның көзінің соқырлығын айтып кеміте тиіссе де, сынға ұшыраған ірі феодал байлар күш көрсетіп сабаса да, Шөже абыржуды білмеген, өткір, улы, ащы тілімен қарсы ақынға да, жұдырығын жұмсаған байларға да сөзден есесін жібермеген. Шөже дуанбасы, әрі Орта жүзге белгілі феодалдар Алшымбай, Құнанбайды парақор, ұры деп жебіріне жетіп сықақтаған уақытта Шөженің сөзіне ыза болған Алшымбай тұра сала ақынға қамшы жұмсаған. Сонда да Шөже тайсалмастан таяқты жеп жатып:
​Япырай, бұл немене тарсылдаған,
​Қаншық емес, төбет қой арсылдаған.
​Тепкілей бер, сабай бер өлтірмессің,
​Ашуыңды бас бірақ, қалшылдаған ...
​Ақ серкесі Бошанның Алшымбай таз,
​Жаз шілдеде ұшады ит ала қаз.
​Екі сөздің бірінде соқыр дейсің
​Қасиетің бар болса басымды жаз
деп онан сайын Алшымбайды сөзбен буып қылқындыра түседі.
Төмен қарап келе жатқан Абайдың құлағына жаңағы бір ауыз өлең әлі айыққан жоқ. Бар сөзі есінде... ішінен қайта-қайта айтады. Жаттап апты.
Мынау жалғыз ауыз өлең бағана, күні бойы күмбездей боп үлкен көрініп отырған екі шоқысын бір-ақ соғып, жермен-жексен етті. Тайпитып кеткен сияқты көрінді.
Алшеке, Алшеке дегендері - ақсақ таз аталды. Алшынбай сылти
бастады, ақсақ екіні рас. Ал, аға-сұлтан, мырза атанған өз әкесін - қарға!. Қандай қарға? Қарқаралының ең байлық, ел дариясының жалғыз еркесі. Жақсы-жайлісін жапа-жалғыз қызықтап, шоқып жеп отырған қарға!... (4.118).
​Алшымбай мен Құнанбайдың Шөжеге қарсы сайлап салған ақыны Балта - сен соқырсың деп тиіскенде, бұған да Шөже бөгелмей, халыққа соқыр тыйышсыз болса әуелі соқыр Құнанбайдан құтыл деп Балтаны да тоқтатып кетеді. Шөже Жетісуды, қырғыз елін аралған кезде көптеген өлең, жыр, толғаулар айтқан. Жетісуды, қырғызды аралғанда айтқандарына сақталғаны кейбір рубасы батырларға арналған толғау, өлеңдері. Бұл өлең, толғауларында Шөже танысу, сәлемдесу, мақтау сөзді айтып қоймай, Жетісу мен қырғыз елінің тарихынан көп жайларды таратып жырлайды. Сонымен қатар Жетісу мен қырғыздың батыр, бек аталған адамдарын сынап та отырады. Шөженің толғаулары, өлеңдері өте мағыналы, көркемдік күші жағынан өткір, дәл айтылады. Мақтаса жеткізіп, сынаса өлтіре масқаралап жырлау Шөже ақындығының негізгі бір қасиеті.
Шөжеге Абайдан соң аса үлкен ілтипатпен қараған Мағжан Жұмабаев. Ол Ақан сері туралы мақаласында Екі аяқты адамның ділмары, улы тілді, ұшқыр ойлы Шөже - деп келіп,оның өлендерін кейінгі ұрпаққа үлгі - өнеге етіп ұстайды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі - Сұлтан - Махмұт Торайғыров өзінен бұрынғы қазақтың төрт ақынын өзіне пір тұтты. Кешегі бұқар жырау, Жанақ ақын, Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын -деп дәріптеді.
1956 жылы Алматыда Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспанасынан жарық көрген белгілі сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Есмағанбет Исмайлов Ақындар атты монографиялық еңбегінің Ақындық орта, дәстүр мәселесі деген бөлімінде жыр алыбы Жамбылдың шығармашылық жолына Шөженің еткен ықпалын және оның ақындық әлемін деректі дүниелермен былай дәлелдейді:
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев Шөжені өмір бойы өзге ақындарға да, өзіне де үлгі-өнеге тұтып, Сүйінбайдан кейінгі ұстазым деп білген. Жамбыл Ақындарға арнау деген бір толғауында (1943 жыл):
​Ақындар, көз салыңдар,
​Қиуаны шалыңдар
​Қиқу салып талайдан,
​Келе жатқан сарын бар.
​Ұзын жолда біз өткен,
​Өрене көп тәлім бар.
​Сүйінбай мен Қатаған,
​Қара өлеңді матаған.
​Атын жаттай балалар,
​Әлі күнге атаған
​Кеншібай мен Орынбай,
​Өлең сөздің қорындай.
​Керуен көшкен жолындай...
​Шөже менен Кемпірбай,
​Өлең жырдың жұртындай.
​Біз солардың өрені! - дейді.
​Осылардың қатарында Құл, Мәйкөт, Құлыншақ ақындарды атайды. Бұларды Жамбыл, Сүйінбай қатарындағы идеялық творчестволық ұстаз тұрғысынан емес, ақындық шеберлік, айтыс өнері дәстүрі тұрғысынан атайды.
​Жас Жамбылдың Сүйінбайдан басқа үнемі кездесіп, ақындық өнер жарыстырып айтысып, бірде аға деп сыйлап, үйреніп келген ақындары аз емес. Бұл ақындар бір шеті Жалайырдан (қазіргі Талдықорған облысынан) шыққан Бақтыбай ақын, Арқадан келген Шөже ақындар, Түркістаннан келген Мәйкөт, Майлықожа ақындар, Дулаттан Әмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде тарихи хикая
Ысқақ Дүйсенбаев - фольклортанушы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев және фольклор үлгілері
Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының Абай нұсқасы
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН С¥ЛУ» жырының варианттары
Қазақ фольклористикасы
Шоқан Уалиханов Шағармалар
Лиро - эпостық жырлар
Ы.Т. Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасы
«Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу
Пәндер