Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Химия және экологиялық білімдердің өзара байланысы негізінде жоғары сыныптарда қоршаған ортаны меңгеру.
Мазмұны
Кіріспе
1. Қоршаған орта туралы химиялық және экологиялық білімнің өзара байланысын қалыптастырудың негізгі мәселелері.
1.1. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық аспектілері
1.2. Қазіргі таңда химиялық және экологиялық білімдердің кіріктірілуінің оқу-танымдылық маңызы
2. Мектеп оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны сипаты.
2.1. 7-9сынып химия оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны
2.2. 10-11 сынып химия оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны
2.3. Химияны оқытуда экологиялық білім берудің дидактикалық мәселелері және жүзеге асыру әдістері
3. Эксперименттік бөлім .
3.1. 11- химия сыныбының Органикалық химия тарауы бойынша химиялық және экологиялық білімнің өзара байланысын қалыптастырудың әдістемесі
3.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі экологиялық мазмұнды сандық есептердің рөлі.
3.3. Оқушыларда экологиялық білім қалыптасуының сапалық көрсеткіштері
Кіріспе
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны аян. Қазақстан жеріндегі экологиялық апаттың қауіп қатеріне байланысты экология мәселесі бүкіл республика жұртшылығының, соның ішінде мектептен бастап, ғылыми мекемелердің, әкімшіліктің, Елбасының көкейтесті проблемасына айналып отыр. Осыған орай Қазақстан 2030 даму стратегиясына Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы бар.
Сондықтан бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданған. Бүгінгі таңда ғылымның жаңа салаларының, техниканың, өндірістің жоғары қарқынмен дамуы және адамдардың еңбек әрекетінің қоршаған ортаға ықпалының артуы экологиялық дағдарыстарды туғызып отыр.Сондықтан да адамның табиғатты бағындырудағы теріс ықпалының алдын алу ғылыми-техникалық, әлеуметтік-саяси және басқада мәселелерді соның ішінде педагогикалық, тәрбие мәселелерін шешуді қажет етеді.
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие берудің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі қалыптасып, даму үстінде. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданды. Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестілігін ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай біле алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға ұғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелердің бірі, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. .
Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
Қазіргі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқа адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстары өте орынды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады. Ал баларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңеутуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту осы қажеттілікті қанағаттандыра алады. Сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізгі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.
Осы орайда елімізде жас өспірімдерге экологиялық үздіксіз білім беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуына өте орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:
Туған еліміздің табиғатымыз бен оның табиғи ресурстарымен ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы және ластануы, себепсіз сарқыла бастауы;
Республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі;
өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;
экологиялық білім тәрбие және мәдениетің қалыптасуы мен тұрмыстық қажеттілік мақсатындағы табиғаттың пайдалану сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай
қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ортасы болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Химия және экологиялық білімдердің өзара байланысы негізінде жоғары сыныптарда қоршаған ортаны меңгеру.
Дипломдық жұмыстың міндеті.
oo Химиялық экологиялық білімдердің базалық мазмұнына байланысты теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау ;
oo Жоғары сыныптарда химия пәні бағдарламасы бойынша экологиялық білім мазмұнына байланысты тақырыптарды іріктеу;
oo Химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудағы әдіс тәсілдерді құрастыру;
oo Ұсынылған әдістеменің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау;

1.1 Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық аспектілері
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі - адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл проблема барлық елдерді толғандыруда. Мұны шешудің бірден бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО-ның жіктеуі бойынша формальды (мектептегі білім), бейформальды (мектеп қабырғасынан тыс тұрмыстағы қарым-қатынас т.б.) компоненттерінен тұратын оқу жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі ұстанымы - үзіліссіздікте.
1967-68 ж.ж. ЮНЕСКО үзіліссіз білім беру терминін қабылдап, осы салада кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шешім шығарды. Үзіліссіз білім беруді зерттеген ғалымдар көптеп саналады. Олардың қатарында ТМД елдерінен В.М. Назаренко, А.М.Новиков, ал, Қазақстанда Ә.Е. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Н.Сарыбеков, В.И.Фурсов, С.Қ. Сартаев, Қ.С.Мусин, А.Г.Ғалымов, У.Мұқанова тағы басқа ғалымдар да бар. Олар білім берудің үзіліссіздік ұстанымын - жеке тұлғаның ұзақ уақыт (мектепте және өз бетімен өмір бойы) оқып білім алуы және білім беру мекемесіндегі үзіліссіз оқыту үрдісін қарауға болатынын айтты.
Р.Г.Дэйв Үзіліссіз білім беру - жеке адамның да, қоғамның да өмір бойы орындайтын ісі деп анықтама берген. Сонымен қоса оның пікірі бойынша үзіліссіз білім берудің вертикалды өлшемінде сабақтастық пен бөлшектенушілік және қарапайымнан күрделіге қарай оқыту болса, горизанталды өлшемінде адам өмірінің әр сатысында тереңдейтін интеграция болуы керек. Үзіліссіз білім берудің мазмұны, құрамы мен әдістемесі, оқыту уақыты көп түрлі және икемді болуы керек.
Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының , коғамның , қазіргі табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру .
Экологиялық білім берудің негізі мектепте қаланып , жоғарғы оқу орнының 1-2 курстарында жалғасын табады. Ал жоғарғы курстарда студенттер кәсіби мамандығын игеруге сай білім алады .
Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның эколгиялық санасын , мінез - құлқын , мәдениетін барынша жоғарғы деңгейде қалыптастыру. Жеке тұлғада бұл қасиеттер жеке дара қалыптаспайды , керсінше , білім мен тәбие беру үрдісінде бір - біріне егіз сияқты қатарласа жүріп отырады.
Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және үзіліссіздік ұстанымын тірек етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие беру оның бастапқы сатысы болып табылады. Бұл кезде балаларды, табиғатпен қарым қатынасын біршама барынша келтіретін заттарды сезініп өсуі тиіс. Балалар ересектерге еліктегіш болғандықтан үйдегі отбасы мүшелері мен арнайы тәрбиешілердің өздері өнеге көрсетуге міндетті. Сондықтан қазақ халқының ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейтін даналық қағидасы қалыптасқан.
Бастауыш сыныптарда оқушы экологиялық мәдениеттің негізі қалыптаса бастағаннан азаматқа айналады. Оның санасында табиғаттың тұтастығы туралы түсінік, табиғи ортаға ғылыми қатынасы қалыптаса бастайды. Ол табиғи ортада өзін өзі ұстаудың нормаларын және экологиялық біліммен қоса әрекеттер элементінің дағдысын игерді. Бастауыш сыныптарды балалар экологиялық проблемаларды өсімдіктермен, жануарлармен және табиғи объектілермен танысу кезінде кездестіреді.
Оқушылар мектептің 5-6 сыныптарында жаратылыстану пәндері арқылы алған негізгі білімі ғылымның әр саласын тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
7-9 сыныптарды табиғатта жүретін, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстармен танысады. 10-11 сыныптарда оқушылардың білімі тереңделеді. Адам өмірінде химия кең көлемде пайдаланылатынына олардың көздері жетеді. Осыдан барып химиялық заттарды дұрыс пайдалана алу қажеттілігі туындайды.
Адамның оқып, білім алуы бүкіл өмір бойы үзіліссіз болуы тәрізді химиялық-экологиялық білім алу да үзіліссіздікпен жүзеге асуы тиіс. Ресейлік белгілі әдіскер-ғалым Г.М.Чернобельская үзіліссіз білім беруде күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі күн өткен сайын пәрменді бола беруі керек екенін айтқан.
Үзіліссіз химиялық-экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте (өмірде) кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмдерге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білу деп тұжырымдаймыз.
Менің ойымша, үзіліссіз химиялық-экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мынадай:
1. Химияның негізіне сүйеніп, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың арасында болатын құбылыстардың салдарынан туындайтын зиянды ашып көрсету;
2. химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау;
3. химия ғылымының экологиялық аспектілері арқылы химиялық-экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру;
4. химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру;
5. химиялық-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды пайдалану;
Химиялық-экологиялық білім берудің атқаратын басты қызметі -
ғылым мен техниканың әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмге тигізер зиянды әсерін оқытып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу, тиіп жатқан залалдан құтылу жолдарын табу, жалпы алғанда салауатты өмір сүруге бет бұрғызу.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу бағдарлмасы бойыша оқушыларға практикалық жұмыстар өткізбей жоғары тиімділік туралы айту қиын болар еді. Ал көптеген оқушылар мен суденттердің практикакалық жұмыстар өткізуде дайындықтарының жеткіліксізекенін ескерсек сонымен қатар мектеп жүйесінде сабақ көлемінде және сабақтан тыс уақытта немесе қосымша білім беру жүйесінде болсын экологиялық практикумды қызметтің шын мәніндег і интегралдануы деуге болады.
Оқу үрдісінде экологиялық бағытталған практикумның түрлі бағыттары таңдалуы мүмкін, оны тіпті мониторинг элементтерімен де ұштастыруға болады. Мысалы, биологиялық-экологиялық, геоэкологиялық, химиялық-экологиялық және экологиялық саяхаттар және тағы басқалары таңдалып алынған бағытқа сай экологиялық бағалаушы көрсеткіштер мен қажетті құрал-жабдықтар дайвндалады. Химиялық-экологиялық бағыттағы білім беру үрдісінде ортаның химиялық параметрлері басымырақ қарастырылып, оқушылар тиісті физикалық-химиялық әдістер бойынша түрлі тәжірибелер жүргізіліп, қоршаған орта күйін анықтау арқылы белгілі бір қызмет атқарған болады.
Экологияландырылған білім тікелей өмірмен, тұрмыста кездесетін зиянын тигізу мүмкін заттармен танысу арқылы олардан құтылудың немес қаупін азайтудың жолдарын біліп, үйрене жүріп, химия пәнін терең түсініп, қызығуын арттыруға әкеледі. Оның үстіне химиялық - экологиялық проблемалар әр елді мекенде, жақын аймақтарда жиі кездесетіндіктен оны нақты бүгінгі тіршілікпен байланыстыру мүмкіндігі туады. Осының бәрі жинақталаып келе мектеп шәкірттерінің санасында туған табиғатты қорғау, оны ластамау, барынша аялауға жол сілтейтін тәрбиенің пәрменді құралына айналатынын көрсетеді.
Химиялық эксперимент - химияны оқытудың тірегі. Химия сабақтарында экологиялық зерттеулер мүмкіндігін де пайдалану керек. Тағам өнідеріндегі, әсіресе көкеністердің құрамындағы нитраттарды анықтау немесе судың құрамын атмосфералық ауаның құрамын анықтап, қорытынды шығарту, оқушылардың химиялық білік дағдысын, икемділігін шыңдаумен қатар, химиялың тұрмыстағы пайда-зиянын ажырата білуге баулиды.
Химиялық экспериментті экологияландыру екі бағытта жүргізу керек: аналитикалық әдістерді пайдаланып, қоршаған ортаны зерттеу, химиялық реакциялар кезінде түзілетін қалдықтарды өңдеу (заттарды залалсыздандыру). Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, тірі және өлі табиғаттың арасында байланыс, қоршаған ортадағы адамдардың әрекеттері тіршілік ортасын химиялық ластанудан қорғау әдістері таныстырылады.
1.2 Қазіргі таңда химиялық және экологиялық білімдердің кіріктірілуінің оқу-танымдылық маңызы
Егеменді еліміздің 1997 жылы қабылданған Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңында халыққа білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне басты назар аударылып, мектептерде пәндер арқылы оқушыларды экологиялық сауаттандыру мәселесін жүзеге асыру қажеттілігі атап көрсетілген. Осы мәселені шешу Республика халқының 20 пайыздан астам бөлігін құрайтын үш миллионға тарта оқушыны қамтып отырған орта мектептен бастау алуы аса маңызды іс.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтауда философиялық идеяларға: өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігі, тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыстылық, қоғам мен табиғаттың біртұтастылық ұстанымына сүйенудің маңызы зор.
Экология ғылымының өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңдеріне адам мен табиғат, адам мен техника, адам мен ғылым, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынас сипатының әсері зор. Экология ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жинақталған білімдерді жүйелеу арқылы экологиялық білімнің теориялық базасы құрастырылды. Бұл кезеңдегі негізгі жетістіктер В.И.Вернадский,С.Форбс, В.Шелфорд, Ф.Клемент, А.Тенсли, Ч.Элтон, Н.Ф.Реймерс, В.Н.Сукачев, В.В.Докучаев т.б. еңбектерімен байланысты. Экология ғылымының дамуы экология ғылымындағы ойлар мен мәселелердің ғылымның басқа салаларына енуіне байланысты экологияландыру (экологизация) түсінігін туғызды. Экологиялық білімнің ғылыми негізі экология ғылымы, сондай-ақ философиялық идеяларға сүйенудің, яғни, қоғам мен табиғаттың біртұтастылық принципін басты назарда ұстау сонымен қатар, педагогикалық оқыту және тәрбие теориясы оқушыларда экологиялық білім негіздерін қалыптастырудың іргетасы болып саналады. Бұл орайда Верзилин Н.М., ШибановА.А., Сухомлинский В.А., А.Н.Захлебный және Н.Т.Суравегина, И.Д.Зверев, Салеева Л.П., Григорьева Ю.А., Сарыбеков Н., Фролов И.Т., Шкарбан Н.В Дерябо С.Д.,Ясвин В.А, Иоганзен В.Г., БейсеноваА.С, Сарыбеков М. Н., Г.К.Длимбетова, Шайхеслямова Қ. О. т.б. еңбектерінің барлығы өз кезегінде экологиялық білім мәселесіне қатысты негізгі идеялар мен ұғымдардың мәнін нақтылауға, өзара байланысының әдіснамалық негізін анықтауға себеп болды. Аталған ғалымдардың еңбектерінде оқушыларда қалыптастырылатын экологиялық білім мен тәрбиенің педагогикалық және ғылыми-теориялық негіздері білімді экологияландыру, экологиялық білім, экологиялық тәрбие ұғымдарымен тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сонымен, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық білім беруді әртүрлі тұрғыдан қарайтындығын көреміз. Атап айтқанда: пәнаралық байланыс; оқушылардың табиғатты зерттеуі, бақылауы, оны жақсартудағы іс-әрекеті; табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімдігі мен тиімді пайдаланудың жолдары, оқу үрдісінде ғаламдық, ұлттық және өлкетану мәселерін шешудің өзара байланысы ескеріледі. Сонымен қатар, экологиялық тәрбие берудегі экологиялық сана, экологиялық мәдениет, экологиялық таным, интеллектуалды және эмоционалды-еріктің бірлігі, экологиялық қарым-қатынас, экологиялық іс-әрекет, экологиялық сезім, экологиялық қызығушылық, экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастыруды талап етеді. Жалпы педагогикалық зерттеулерде экологиялық білім беру мен тәрбие мәселелері бір-бірімен байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылатындығы белгілі. Алайда, экологиялық нысандар, түсіндірмелік-ұғымдар, басты мақсаттар, басым бағыттары т.с.с.тұрғыдан оқытылуы, оқушылардың танымдық, білімдік деңгейлерін көтеру өз алдына жеке қарастырылуы қажет.
Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу- бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екіншісі - пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Пәндерді экологияландыру республикамыздың жаңа буын оқулықтарында көрініс тапқан. Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған Химия оқулығында (авторлары: Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова )органикалық химия курсының экологиялық білім беру компонентіне авторлар бүгінгі таңдағы маңызды мәселелерді енгізуге тырысқан. Дегенмен, оқушылардың экологиялық білімін тереңдетіп, оны дамыту үшін бірқатар мәселелерге назар аударуды керек етеді. Атап айтсақ, қазіргі жаһандану дәуірінде жаһандық мазмұндағы экологиялық мәселелер (қышқыл жауындар, озон тесігі, жылы жай эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары т.с.с) қарастырылса, оқушыларда экологиялық білімдерінің кеңейтілуіне мүмкіндік туар еді. Сонымен қатар, тақырыптар бойынша ластаушылардың табиғат пен адамға ықпал етуiнiң биологиялық және медициналық аспектiлерiнің жүйелік желісі қамтылмағандығы байқалады. Газдық-тозаңдық өндiрiстiк қалдықтарды тазартудағы қондырғылар технологиясы қарастырылмаған. Химиялық заттардың канцерогендi және мутагендi қауiптерiне байланысты, улы заттардың әсерінің болатындығы, аз қалдықты және қалдықсыз өндiрiстердi, энергия мен ресурстарды сақтайтын технологияларды құру туралы ақпараттар берілмейді. Қауiп-қатерлерге, химиялық апаттарға талдау жасау, оны болдырмау жолдарын iздестiру және химиялық қауiпсiздiк мәселелері де, экологиялық жүйедегi, геосферадағы табиғи және антропогендiк химиялық заттардың сипаты мен таралуы туралы ақпараттардың аздығы да байқалады.
Экологиялық білім компонентінде мұндай мәселердің жүйелі көрсетілмеуі оқушының химиялық білімдерінің жалпы экологиялық дүние танымының қалыптасуына негіз бола алмайтындығы сөзсіз. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіру - педагогика ғылымында психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық тұрғыдан қарастырылатын кешенді күрделі мәселе. Сонымен бірге, бұл мәселе педагогика ғылымындағы қазіргі заманғы ғылымдардың кіріктірілу жағдайында мектеп жүйесінің білім беру мазмұнын қайта қараудағы басты бағыттардың бірі. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіруді жүзеге асыру оқу бағдарламалары және жоспарларын оқу - тәрбие үрдісімен байланыстылықта қайта қарауға мүмкіндік береді. Өйткені, әр оқу пәні өзіне тән оқыту әдісімен табиғат құбылыстарын әр қырынан, өз бағыты тұрғысынан қарастырады. Пәнаралық байланыс мәселесін күшейту бүгінгі таңда ғылымда және қоғам өмірінде өтіп жатқан кіріктіру үрдістерінің көрінісі болып отыр. Бұл бағытта білім берудің күшейтілуіне 2001 жылғы білім жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие тұжырымдамасында Биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастылығы сипатында және антропогендік әсерлердің әрекетімен байланыстыра отырып кіріктіре оқытуды ғылыми-практикалық тұрғыда ұйымдастыру талап етіледі-деп, аса мән берілді. Экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық байланыс мәселесі Н.С.Сарыбеков,А.Д.Болтаев, А.АИксанова.,Р.Н.Атраудаева,С.О.Оры нбеков,Ж.Бұзаубакова, Ә.Ж.Әлімқұлова т.б.еңбектерінде өлкелік принцип негізінде, сабақтан тыс жұмыстар арқылы, студенттердің экологиялық білімін қалыптастыруда химия мен физиканың байланысы тұрғысында көрсетілген. Мектептегі химия курсын экологияландыру мәселелері А.Е. Хрупало, Г.А. Ягодин, В.М. Назаренко т.б. Ресей ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Бұл жұмыстарда орта мектептегі химия курсын экологияландырудың авторлар бірлестігімен жасалған бағдарламасы, химиямен байланысты табиғатты қорғау мәселелері, экологиялық білім беру жолдары,оқыту құралдарын, соның ішінде химиялық экспериментті пайдалану әдістемесі іздестірілген.
Бұл еңбектерден пәндердің кіріктірілуі, яғни әр пәндердегі дүниетанымдық идеяларды, әлемнің ғылыми жаратылыстану бейнесіне біріктіру тек пәнаралық байланыстар арқылы қол жеткізетіні көрінеді. Мектептегі химиядан экологиялық білім мазмұнын құрудағы пәндердің байланысын төмендегі суреттен көруге болады. (сурет-1) Экология ғылымының жалпы жүйесінде органикалық химияның орнын түсіну бұл экологиялық білім жүйелілігін қамтамасыз етуде аса маңызды. Өйткені, пәндерді кіріктіру олардың табиғатты зерттеу аумағымен сәйкес жүргізіледі.
Сондықтан химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіру, экология және химиялық экологияның теориялық мәселерімен тығыз байланысты.
Теория - бұл белгілі бір пән аумағындағы ғылыми білімдер жүйесі.Теорияда ғылыми деректер, түсініктер, ұғымдар, заңдар байланысы сипатталады. Экология ғылымының теориялық мәселелерінің мазұнын саралау арқылы, ондағы химиялық экология мәселерін, сол арқылы органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктірудегі жекелеген ұғымдар, теориялары мен заңдар, фактілері айқындалады.
Экология ғылымы
Химиялық экология
экология
экологияландыру
Бейорганикалық химия
Органикалық химия
Экологиялық білім
Пәнішілік байланыс
Жаратылыстану ,гуманитарлық пәндер
Жаратылыстану,гуманитарлық пәндер
Пәнаралық байланыс
Пәнаралық байланыс
экологияландыру
экологияландыру
Сурет 1 - Мектепте химиядан экологиялық білім мазмұны жүйесін құрудағы пәндердің байланысы
2. Мектеп оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны сипаты
2.1 7-9 сынып химия оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны
№
Тақырып
Қосымша қарастырылған экологиялық мәселелер
8 сынып
1.
Жай және күрделі заттар
1. Бисофера туралы түсінік. Табиғатты ластаушы заттар.
2. Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы.
3. Адам организмдегі химиялық элементтің мөлшері, атқараты қызметі.
2.
Оттегі
1. Толық және шала жанудың әсерінен қоршаған ортаның ластануы.
2. Адам организміндегі оттегінің жетіспеушілігі
3.
Сутегі.
1. Сутегі - болашақта экологиялық таза жвлу энергия көзі металл гидриттері - автомобильдер үшін сутекті жанғыш отын.
4.
Ерітінді
1. Ауыз суды тазарту жолдары.
2. Суды өндірістік кәсіпорындарда тұйық тізбек бойынша апайдалану жолдары.
3. Қазақстанның теңіз, көлдерінің және өзендерінің экологиялық жайы.
5.
Оксидтер. Негіздер.Тұздар. Қышқылдар.
1. Адам организміндегі қышқыл мен тұз, олардың атқаратын қызметтері.
2. Қышқыл жауындар, олардың келтірер зияны.
3. Табиғи судың тұздануы мен топырақьың сор болуын жою тәсілдері.
6.
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердіңі периодтық жүйесі
1. Адам организміне зиянын тигізетін элементтер (қорғасын, кадмий, никель және т.б.) туралы түсінік.
2. Адам және жануарлар олрганизмінде кальцийдің стронциймен алмастырылуы.
3. Табиғи ортаның радиоактивті ластануы.
7.
Бейорганикалық химия курсын қорытындылау
1. Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны, оны болдырмау жолдары
9- сынып
1.
Электролиттік диссоциация
1. Судың тұздануы мен топырақтың сор болуының қоршаған ортаға әсері.
2. Буферлік жүйелер туралы түсінік. Су қоймаларының өз бетімен тазаруы
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде табиғатта болатын уытты заттарды болдырмау.
2.
Оттегі топшасы.
1. Қышқыл жауынның пайда болуы
2. Өсімдік пен жануарлар организміне күкірт диоксидінің әсері.
3. Күкірт оксиді мен күкіртсутекті өндірістік залассыздандыру жоолдары.
3.
Металлургия
Қазақстанның кен орындарындағы қалдық заттар. Аз қалдықты және қалдықсыз технология.
2.2 10-11 сынып химия оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны
10-11 сыныпқа арналған химия курсының тақырыптары мен тақырыпқа байланысты айтылатын экологиялық мәселелер

10 - сынып.
1.
Кіріспе
1. Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары.
2.
Қаныққан көмірсутектер.
1. Метанның биосферадағы рөлі.
2. Фреонның қоршаған ортаны ластауы.
3. Циклопарафиндер
3.
Қанықпаған көмірсутектер
1. Полиэтилен мен полипропиленнің табиғатты ластауы.
4.
Ароматты көмірсутектер
1. Ароматты көмірсутектердің күнделікті өмірде пайдалануы..
2. Есірткі қолданудың проблемасы.,
5.
Көмірсутектің табиғи көздері.
1. Табиғи және мұнайға серік газдар. Жанудың әсерінен қоршаған ортаның ластануы
2. Тұмшалау эффектісі, оны болдырмау жолдары
6.
Күрделі эфирлер
1. Сабын өндірісіндегі қалдық заттардан құтылу жолдары.
2. Адамның темекі шегуінің адам организміне тигізер әсері
7.
Көмірсулар
Целлюлоза - қағаз жасау өндірісі, оның қоршаған ортаны ластауы.
8.
Синтетикалық талшықтар.
1. Канцерогенді заттардың адам организщміне тигізер зияны.
2. Шектеулі рауалы концентрация туралы түсінік.
3. Тұрмыста қажетсіз болған қатты заттарды қоршаған ортаға әсер, оларда жою жолдары.
11- сынып
1.
Химиялық реакциялар
Қоршаған ортаның сапасының өзгеруі.
2.
Бейметалдар
1. Металл қосылыстарының биосфераны ластауы. Озон қабатының тесілуі, тұмшалау эффектісі.
2. тыңайтқыштарды дұрыс қолдаубаудың салдарынан адам организміне келер зияндар.
3.
Металдар.
1. Металл қосылыстарының қоршаған ортаға келтіретін зияны.
1.1. Негнізгі топша элементтері
а) Ni, Na,K, Rb Cs; ә)Al BT6 Mg Ca
1.2. Қосымша элемент топтары Zn, Ni, Cr, Fe.
2. Өндірістік өнеркәсіптің қоршаған ортамен қарым-қатынасы
3. Автомобиль көліктерінің қоршаған ортаны ластауы, оны болдырмау жолдары.
2.3 Химияны оқытуда экологиялық білім берудің дидактикалық мәселелері және жүзеге асыру әдістері
Қазіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге жетті.
Осыған байланысты ел басының халқына жолдауы тарапынан облыс мектептері мен білім ошақтарына кең қолдау көрсетілді. Ол негізінен ХХІ ғасырда өмір сүретін жас ұрпақ арасында салауаттылық өмір салтын орнықтыруға арналған. Еліміздің қазіргі экологиялық жағдайларын сауықтыруды ілгерілетуге экологиялық білім міндеттерін шешу үшін мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту - қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған басты мәселе. Өркениеттің даму үрдісінің ажырамайтын құрамды бөлігі болғанымен химия және химиялық өндірістер көптеген экологиялық проблемалар тудырып отыр. Дегенмен химия және химиялық өндіріссіз адам толық мәнді тіршілік ете алмайды. Бірақ қоршаған ортаның негізгі ластаушылары ретінде олардың зиянды әсерінен адамзат пен табиғат зардап шегуде. Сондықтан химияны экологияландыру адамзаттың адамгершілік борышы болып саналады. Химия мен экологиядағы кіріктірілген үрдістердің білім беруде маңызы зор [1].
Экололгиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі азаматтардың экологиялық мәдениетінің төмендігі. Дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден-бір жолы жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім беру. Елімізде мектеп бағдарламасында экологиялық пән ретінде енгізілмесе де, оқушыларға химия пәнінің негізінде экологиялық білім беруге болады. Экологиялық білімді мектеп қабырғасынан бойына сіңіре білген әрбір азамат болашақта қоршаған ортаны сақтауға, бүлдірмеуге жанашырлықпен қарайтыны анық.
Химияны басқа жаратылыстану пәндерімен бірге оқыту айналадағы қоршаған орта және оның заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптасып, сол арқылы оқушының жан-жақты дамуына, адамгершілік қатынасының және еңбекке даярлығының қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын ұрпақ, алдағы болашақ өмірде қандай дағдарыстағы түсетіні бізге беймәлім. Табиғатты аялап, оның құндылықтарын тиімді пайдаланып, сақтауда жас ұрпақ өзінің бойындағы тәрбиесімен қарайтыны анық. Қоршаған ортаны - тау, орман, су, тірі организмдер, пайдалы қазбаларды адам баласы барлық қажеттілігіне пайдаланып отыр [2]. Кең байтақ Қазақстан еліміз ірі өндіріс орындарына өте бай, сондықтан экологиялық мәселенің маңызы зор. Өйткені өнеркәсіптен шығатын бейорганикалық және органикалық қалдықтар, автокөлік шығаратын зиянды заттардың қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін әсері зор болғандықтан, бейорганикалық және органикалық химия пәні барысында өнеркәсіп өндірістерін оқытуда экологиялық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Осы қажеттіліктің негізінде алға қойған мақсатқа жету жолдары көрсетіліп, нақты шаралар белгіленеді. Бұл шаралар негізінде:
- оқу жоспарлары жасалынады;
- жаңа буын оқулықтары жазылып, дайындалады;
- оқу-әдістемелік кешендері жасалынады;
- оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары белгіленеді;
- базалық білім берумен қатар қосымша білім беру бағыттарын жетілдіру жолдары қарастырылады.
- Бағдарламадағы оқыту процессін жақсарту мақсаты да оқыту процессін технологияландыру ісіне көмектесу үшін мамандар біліктілігін арттыру мақсатында қайта даярлау арқылы үздіксіз білімді дамытуды көздейді. Қазіргі кездегі қоғам мектеп бітіруші түлекке бірқатар талаптарды қояды. Оларға жауап беруші мектеп түлегі:
- проблеманы көре алатын және оны шеше алатын;
- барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, қажеттісін пайдалана алатын;
- өзінің көзқарасы бар;
- өзінің көзқарасын нақты жеткізіп дәлелдей алатын;
- алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын;
- қоғамдағы кез келген топпен, жұмыс істей алатын болуы керек. Осындай талаптарға сай жастарды тәрбиелейтін білім ордаларының бірі - мектеп өзінің оқу-тәрбие процестерінде оқыту технологияларын пайдаланып, жаңа ғасыр адамын тәрбиелеуде жаңа қадамдар жасаулары керек. Жалпы оқыту пароцессі- бұл шығармашылық жұмыс, ал әрбір мұғалім жеке шығармашылықт қызмет етуі тиіс. Әрбір мұғалім оқыту технологияларының түрлерін игеріп, өзіне қажетті, тиімдісін таңдап алуы қажет. Бұл ретте оқыту технолгиясын түсінбей, қажет, қажет еместігін ажыратпай, кез келгенін ала беруге болмайды. Өйткені әрбір нақты жағдайда мұғалімнің білімі оқушының біліміне, қажеттілігіне байланысты болуы керек.
Бұл жағдайда мұғалім оқушыға:
- мектепте алған біліммен шектелмей, білімді өз бетінше ала білу қажеттілігін, өйткені өмірде өзінің білімін үнемі толықтыру және қажет болған жағдайда мамандықты өзгерту қажет екендігін;
- өмірде кездескен жағдайларды шеше білуге, осы жағдайға байланысты өзінің жеке көзқарасының болуын, бұл көзқарас басқалармен сәйкес келмеген жағдайда оны дәлелдей білу қажеттігін;
- өмірде кездескен жағжайларды шеше білуге, осы жағдайға байланысты өзінің жеке көзқарасының болуын, бұл көзқарас басқалармен сәйкес келмеген жағдайда оны дәлелдей білу қажеттілігін;
- алған білімді өмірде пайдалана білу қажеттілігін;
- қоғамдық ортада өзі басқалардың көзқарасын тыңдай алып, өзінің көзқарасын дәлелдей білк керектігін: түсіндірсе, осының барлығын оқушы қабылдай алатындай етіп, дұрыс ұйымдастырса, бүгінгі мектеп бітіруші жаңа әлуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге дайын болады .
Әрбір адам белгілі бір білімді қабылдау не ұғыну үшін өзінің ақыл-ой қабілеті арқылы, абстрактылы түрде қабылдайды. Бұл кезде оқушыда білім алуға деген қызығушылық туындаса, ол оқушыда эмоционалдық сезім туғызады. Эмиционалдық іс-әрекет адамның ішкі дүниесіне әсер етеді. Бұл өз ретінде оқушыда білуге деген қызығушылық туғызып, білім рухани қажеттілікке айналады, ол қандай да бір дене қозғалысын жасауға, ізденуге, еңбектенуге итермелейді.
Көтеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеті, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні қарастырылады. Жоғары оқу орындарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады.
Экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен бірқатар зерттеулер жүргізіліп, экологиялық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды.
Осыған байланысты бейорганикалық және органикалық химия курсы арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау жасалынды. Оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін анықтайтын диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстары әзірленді. Оқушылармен әңгімелесу, тест тапсырмаларын пайдаланып қорытынды білімдері тексерілді. Зертханалық жұмыстар ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдаланып экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесі жасалынды. Педагогикалық эксперимент жүргізіліп және сандық және сапалық жағынан талдау жасалынып оның нәтижесін математикалық жолмен қорытындыланды.
Дидактиканың, оқыту әдістемесінің принциптеріне сүйеніп, химия пәні бойынша, типтік бағдарламасына анализ жасай отырып, химия курсын оқыту үрдісінде оқушылардың экологиялық білімнің құрылымдық жүйесіне сүйеніп, химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдары негізінде экологиялық білім беру жоспары құрылды (1-кесте)
Тақырыптар
(Химиялық түсінік)
Қарастырылатын экологиялық түсініктер
Өткізілетін сабақтың түрі
Табиғатты қорғау түсініктері
10- сынып бйынша
Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру
Күкірт қышқылын өндіру барысындағы экологиялық жағдайдың жалпы сипаттамасы
Дәстүрлі емес пәнаралық сабақ
Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелігі
Аммиак синтезі
Аммиак өндірісі барысында кездесетін экологиялық мәселелер
Дәстүрлі емес проблемалық сабақ
Ластанудың тұрақтылығы
Азот қышқылын өндіру әдісі
Азот (II) оксидінің және азот (IV) оксидінің процесс барысында түзілуі
Дәстүрлі емес топсеруен сабағы
Табиғатты қорғау және адам денсаулығы
Силикат өнеркәсібі
Шыны өнеркәсібі
Әктас,сода және кварцты құмды қыздырғанда көміртегі (IV) оксидінің түзілуі
Дәстүрлі емес панорамалық сабақ
Түзілген қалдықтарды залалсыздандыру
Шойын өндіру
Көміртегі(II) және көміртегі(IV) оксидінің түзілуі.
Дәстүрлі емес конференция сабағы
Табиғаттағы зат айналымы. Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелілігі .
Болат өндіру .
Өндіріс қалдықтары көміртегі (II) көміртегі (IV) оксидінің түзілуі. Экологиялық аспектілері.
Дәстүрлі емес конференция сабағы
Ластанудан сақтау шаралары.
11-сынып бойынша
Мұнайды өңдеу.
Күкірт және азот оксидтері түзіледі
Дәстүрлі емес панорамалық сабақ
Түзілген қалдықтарды залалсыздандыру
Коксохимия өндірісі .
Күкірт,көміртегі және азот оксидтері түзіледі.
Дәстүрлі емес конференция сабағы
Ластанудан сақтау шаралары
Метанолдың өнеркәсіптік синтезі.
Күкірт , көміртегі және азот оксиді түзіледі .
Дәстүрлі емес конференция сабағы
Табиғатты және адамзатты қорғаудағы әлеуметтік экономикалық аспекті
Синтетикалық жуғыш заттар өнеркәсібі.
Биологиялық толық ыдырамай ,тіршілікке қауіп төндіреді.
Дәстүрлі емес проблемалық сабақ.
Табиғатты қорғау және адам денсаулығы
Химиялық талшықтар өндірісі .
Органикалық молекулалар адам ауруына қарсы .
Дәстүрлі емес панорамалық сабақ
Табиғатты қорғаудың саяси әлеуметтік және ластанудан сақтау шаралары.
Соңғы жылдары мектепте химиялық өндірісті оқыту біраз қысқартуға ұшырады. Бірақ, 12 жылдық оқытуға көшу кезінде жағдай өзгеруі мүмкін. Химиялық өндірісті оқытудың мақсаты - оқушыға ғылымның қол жеткен табыстарының халық шаруашылығында пайдаланылуы, өндіріспен прогрестің қозғаушы күші ретінде рөлін көрсету. Химиялық өндірісті оқыту химияның экологиялық жағын ашып, химиялық өндірісті сауатты ұйымдастыру арқылы экологияны сауықтыруға болатындығы жайлы тәрбие беруге мүмкіндіктер ашады. Химиялық өндірісті оқыту кезінде пәнаралық және пәншілік байланыстар, әсіресе химияның физикамен (аппараттармен танысу кезінде), биологиямен (ауыл шаруашылығын химизациялау), сызу, математика және соның ішіндегі негізгі саланың бірі болып табылатын, қазіргі кездегі көкейтесті мәселенің алдынғы қатарында тұрған экология пәндерімен байланыстарын жүзеге асырған жөн.
Эксперименттік бөлім .
3.1 11-ші химия сыныбының Органикалық химия тарауы бойынша химиялық және экологиялық білімнің өзара байланысын қалыптастырудың әдістемесі
11сынып химия пәнінің органикалық химия курсындағы алғашқы тақырыптардың бірі- Көмірсутектер .Қөмірсутектердің қарапайым өкілі - метан . Метан химиялық түсінік . Теорияның мазмұнына кіріктірілген табиғат қорғау мәселелеріне көңіл аудара отырып , оқушылардың метан, метан гомологтарының қасиеттерімен , алу жолдарымен , қолданылуымен таныстыруымен қатар , ол заттарды алу технологиясының , тасымалдаудың кемшіліктеріне , соның салдарынан ауаның , судың,топырақтың,ластануына аса назар аударылады.
Көмірсутектерді тотықтыратын бактериялар бір жылда шамамен 15,2*107 тоннасын ыдыратып , қоршаған ортаға - қөмірқышқыл газы түзеді:
CH4-CH3CL-CH3OH-HCOH--HCOOH--CO2.
Табиғатты қорғау шарасы: метанды өнеркәсіпте қалдықсыз технология әдісі бойынша хлорлау арқылы органикалық синтездің шикізаты - хлорметан алады:
CH4 + Cl2 -- CH3Cl + HCl
2СH4 + O2 + 2HCL -- 2CH3CL + H2O
Ұғымдарды қалыптастыру барысында оқушылардың ауада метанның жиналуына, оларға жол бермейтін бактериялардың табиғаттағы рөліне және қөмірқышқыл газының түзілуіне, сондай - ақ оқушылада биосферадағы меттаның кері әсері туралы, табиғат тепе-теңдігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz