Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе,
сонша жақсы әдіс өмір сүреді

Д.Пойя

Жұмысымның барысында жақсы қытай мақалын есіме түсіруге тырысамын Маған айтыңыз - мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз - мен есте сақтаймын, қызықтырып, тартыңыз - мен түсінемін! Оқушылар іске шын кірісіп, қатысса даму нәтижелі болады деп есептеймін.
Адам есте сақтайды:
Оқығанның 10%; естігенінің 20%, көргенінің 30%; топтық пікір таластың 50-70%; өз бетінше мәселені тауып тұжырымдау 80%; оқушылар іске шын кірісіп, қатысса 90%, өз бетінше мәселенің қойылуына, шешімді өңдеу және қабылдау, қорытындылар мен болжамдарды тұжырымдау.
Ю.К.Бабанскийдің пікірі бойынша педагогикалық оқытудың технологиялық әдісі - білім беруде тәрбие мен даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша оқушы мен педагогтың арасындағы іс-әрекетті байланыстыратын - әдіс-тәсілдер. И.Ф.Харламовтың пікірі бойынша оқытудың әдісі - үйретуші мұғалімнің жұмыстары және оқушылардың әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы, оқыған материалдарын меңгеруге бағытталған әдіс -тәсілдер.
Оқу қызметінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер, баланың қоршаған ортаны тануына қызығушылық тудыруы керек, ал оқу мекемесі мектептің қуанышы болады. Таным қуанышы, шығармашылық, қарым-қатынас.
Әр оқытушы оқыту талаптарын сақтауы керек:
Әдістеменің ғылымилығы
Әдістеменің қолжетімділігі, оқушылардың психологиялық -педагогикалық даму мүмкіндігімен сәйкестігі.
Оқыту әдістемесінің нәтижелілігі, оқушыларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындауға, оқу материалдарын меңгеруге бағытталғандығы.
Инновациялық әдістемені өз жұмысында қолдану үшін, жүйелі түрде үйрену керек.
Мұғалімнің жұмысында әдістерді дұрыс таңдау және оны талдау байланысты:
* Жалпы және нақты оқыту мақсатынан; нақты сабақтың мазмұнына.
* Уақытқа, оқыған сол немесе басқа материалдарға.
* Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың танымдық деңгей мүмкіндіктеріне.
* Оқушылардың дайындалу деңейіне.
* Оқу мекемесінің материалдармен , техникалық жабдықтар мен жабдықталуына, көрнекіліктердің болуына.
* Мұғалімдердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне, тәжірибелік және теориялық дайындық деңгелеріне, әдістемелік шеберліктеріне, оның жеке сапасына.
Қазіргі заман сабағы - еркін сабақ, қорқыныш пен салмақ салмайды, ешкімді ешкім қорқытпайды, ешкім ешкімнен қорықпайды.
Қазіргі заман мұғалімдеріне қазіргі заманғы сабақ ерекшеліктерін білу қажет:
* Жақсы орта қалыптасады.
* Жоғары деңгейде мотивация қалыптасады.
* Оқыту жұмысының әдістері үлкен мағына береді.
* Оқушыларды өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытуда ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақтың ұйымдастыру негізін сақтау керек:
* Бәрі және әрқайсы жұмыс жасайды.
* Әркімнің пікірі қызық және әрқайсының жетістігі қуантады.
* Әрқайсы өзінің білім алуда алға жылжуына және бәріне қатысқанына риза.
* Топ жұмысының жетекшісі ретінде мұғалімге сенім білдіруге, бірақ әрқайсы өз пікірін айтуға құқығы бар.
* Барлығы және әрқайсы өткен сабаққа байланысты өз ойын айта алады.
Осыларға сүйене отырып дипломдық жұмыстың өзектілігі келесі деп алдық: мeктeптe оқyшылapғa химия сабақтары қызықты және түсінікті болу үшін белсенді оқыту әдістерін қолдану.
Дипломдық жұмыcтың мaқcaты: белсенді оқыту әдістерін зерделеу, әр әдіске сипаттама бере отырып, тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау Дипомдық жұмыcтың мiндeттepi:
- қaзіpгі тaңдaғы химия сабақтарында қолдана алатын әдістерін сapaлay;
- әдістердің ішінен ең тиімділерін aнықтay;
- белсенді әдістердің ерекшеліктерін қapacтыpy;
- белсенді әдістерді қолдана отырып сабақтар жүйесін өткізу
Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жaлпы білім бepeтін мeктeп oқyшылapын oқытy.
Диплoмдық жұмыcтың пәнi: химия пәнiн тepeңдeтe оқытy.
Диплoмдық жұмыcтын зepттey әдicтeмeлepi:
- нopмaтивтi құжaттapды зepттey;
- химия пәнiнe жaлпы cипaттaмa;
- әдicтeмeлiк-пeдaгoгикaлық әдeбиeттepдi тaлдay;
- oзық-пeдaгoгикaлық тәжipибeлepдi зepдeлey;
- oқy-тәpбиe үpдiciн бaқылay;
- apнaйы тәжipибeлiк жұмыc ұйымдacтыpy.
Дипломдық жұмыс маңыздылығы: Зерттеу жұмысында белсенді оқыту әдістеріне құрған әдістеме мен сол бойынша дайындалған жаттығулар кешенін мектеп мұғалімдері оқыту барысында қолдана алады.

Диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, 2 бөлiмнeн, қopытындыдaн жәнe пайдаланған ақпарат көздерінің тізімінен тұрaды.

1. Химияны оқыту әдістері
3.1 Оқыту әдістерінің классификациясы

Оқу-тәрбиелік процесс - мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.
Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді.
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі.
Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кез- келген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүние-танымының әлеуметтік мақсатарына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, іскерлік мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл - бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу салыстырмалы түрде қолданылады. Іс-әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші бір жағдайда - тәсіл ретінде қарастырылады. Егер мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді сүйемелдейтін әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.
Оқыту әдістерін топтастыру.
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:
1. репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс-әрекеттер арқылы қайталап береді.
2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер) бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс-әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс-әрекеттің элементтері де жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқа да жатады.
Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әрекет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әр алуан әдістері - жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады.
Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 1-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:
Кесте 1- оқыту әдістерін топтастыру
Топтастыру негіздемесі
Әдіс топтары
Танымдық іс-әрекет сипаты
түсіндірмелік-иллюстративтік репродуктивтік
проблемалы мазмұндау
эвристикалық
зерттеушілік
Білім көзі
сөздік
көрнекілік
практикалық
Оқу-педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау
Ғылым методологиясы
теориялық
эмпирикалық

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
1. Сөздік
2. Көрнекілік
3. Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп, талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.
Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен химиялық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, тәжірибе барысын оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде химияны оқыту әдістемесінің мақсаты - химия мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Химия сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) химияның негізгі заңдары түсіндіріледі;
2) химиялық құбылыстардың мәні ашылып, көрсетіледі;
3) химиялық ұғымдар (зат,элементтер, тұнба т.б) қалыптастырылады;
4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі
5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі .
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.
Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:
1) химияға қатысты заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, химик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда ;
2) ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда;
Химияның ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Физиктер химиялық әдістердің көмегімен радиоактивті элементтерді таза күйінде бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. Каучуктар, резеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялық химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты.); табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын химиялық құбылыстарды баяндағанда.
Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп химия курсынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, химиядан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1)проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету;
2)проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу;
3)проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну;
4)проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру. Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.
Мысалы, Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.
Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында, этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе? деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді:
1) ақпараттық;
2) орындаушылық;
3) түсіндірушілік;
4) репрадуктивтілік;
5) нұсқаулық-практикалық;
6) нәтижелік-практикалық;
7) түсіндірмелі-оқытушылық;
8) ойланушылық;
9) жартылай ізденушілік;
10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі.
Химия сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп келеді. Бағдарламалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы - күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым-қатынасын дамытып, одан төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен.

3.2 Оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдесінің өзегі - жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытта қамтиды. Олар:
1) Модульдік технология
2) Рейтингтік жүйе
3) Дамыта оқыту технологиясы
4) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылу оқыту болып табылады. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындағын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік-психологиялық сұранысын ескеру талап етіледі.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықты, алдынғы сабақта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді. Екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар болса, үшінші деңгей танымдық-іздену түріндегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары болып келеді.
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, жаттығу есептері, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар, тренингтер жүйесі қамтылады.
Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқушыға қосымша пайдалануға беріледі. Деңгейлік оқыту барысында оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылып, біліктілікке жетеді.
Білімді меңгеру нәтижесін Ресей ғалымы В.П. Беспалько мынадай төрт иерархия түрінде сипаттайды:
бірінші деңгей - үйренушілік-репродуктивті іс әрекет деңгей
екінші - алгоритмдік. Оқушы тапсырманы орындарда бұрыннан меңгерген іс қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет.
үшінші - эвристикалық - өнімді іс әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей есебінде мақсат қана берілген. Оқушы жағдаятты дәлелдеп, оны шешуі үшін амалдарды таңдап алуы қажет.
төртінші - шығармашылық-өнімді іс әрекетінің ең күрделі деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.
Кейбір ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.К.Скаткин) білімді меңгеру деңгейлерінің мынадай тізбегін ұсынады:
І деңгей-білу(еске сақтау, қайталап айту)
ІІ деңгей-түсіну(түсіндіру, баяндау)
ІІІ деңгей-қолдану(үлгі бойынша, өзгерген жағдаяттарда)
ІVдеңгей-жалпылау және жүйелеу
Vдеңгейді - білімді игерудің шығармашылық деңгейі деп атайды.
Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев, американдық ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мативтің, белсенділіктің және білім сапасы арасындағы байланысты төмендегі ретте ашуға болады:
1. Білу-ақпарат алу, алған білімді стандарты жағдаяттарда қолдану, қайталап айта білу.
2. Түсіну-білімді ішінара өзгерген жағдаяттарға қолдана білу.
3. Қолдану-білімді ішінара ізденіс-зерттеу жүргізуге қолдана білу, өз ісін бағалай және қажетті түзету енгізе білу.
4. Жалпылау-жүйелеу, шығармашылық.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулыктар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар сұрақ - жауап диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезенде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға келеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұксас, бірақ оларды орындау үшін алғашкы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық қию үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар: танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, аныктамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдісін қолдану жолдары
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Оқыту әдістері. Оқыту әдістері туралы ұғым
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Пәндер