Шаруашылық әрекеттерімен процестері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Бухгалтерлік баланс және есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Есеп беру түсінігі, нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4 Шаруашылық әрекеттерінің ықпалынан баланстың өзгеріске ұшырау типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.Баланстың типтік өзгерістері.Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Баланстың типтік өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Бухгалтерлік баланстың активтік және пассивтік элементтерін тану ... .21
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе


Бухгалтерлік есепті оқудың басты мақсаты - осы есептің қандай тәсілдердің және қандай әдістердің көмегімен жүргізілетіні туралы білім алу болып табылады.
Бухгалтерлік есеп әдісі оның пәні мен өте тығыз байланысты екені және онымен анықталатыны бізге мәлім. Сондықтан, бухгалтерлік есептің қалай жүргізілетінін оқып - түсіну үшін, яғни оның әдістерінің мәнін білу үшін біз бухгалтерлік есептің нені ескеретінін, яғни оның пәнінің мазмұны қандай екенін толық біліп алуымыз керек.
Бухгалтерлік есептің тікелей кәсіпорындарда оның шаруашылық сметтерін қамти отырып жүзеге асырылатыны өзімізга белгілі. Сондықтан бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметі болып табылады.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің негізгі элементтері бухгалтерлік есеп пәнінің мына элементтері бола алады:
* шаруашылық әрекеттері мен процестері;
* есеп айырысу - несиелік қатынастар;
* еңбекті пайдалану және оның төлемақысы;
* шаруашылық құралдарын алу, сақтау және пайдалану.

Шаруашылық әрекеттерімен процестері

Шаруашылық әрекеттері дегеніміз- кәсіпорындардың
өндірістік - шаруашылық қызметтері барысында орындалатын жеке шаруашылық оқиғалары мен әрекеттері.
Өнеркәсіп орындарында шаруашылық әрекеттеріне, мысалы, мыналар, қоймадан өндіріс орындарына бостау,олардың белгілі бір өнім түрлерін жасау, өндірілген өнімдерді цехтардан қоймаларға жіберу, оларды сатып алушылаоға босату немесе сату, олар үшін ақша қаражатын алу және т.б.
Орындалатын әрбір әрекет субъектінің шаруашылық құралдарының құрамында белгілі бір өзгерістермен қозғалыстар тудырады. Бір құралдар кәсіпорындардан шығарылса, басқалары сырттан әкеліп жатады, құралдардың бір түрі өз мөлшерінен артып жатса, басқалары кеміп жатады және т.б.
Шаруашылық әрекеттері белгілі бір процестерді жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан біріктес ұқсас әрекеттер кәсіпорында орындалатын қандайда бір жалпы шаруашылық процестерінің элементтері болып саналады.

Өнеркәсіп орындарының шаруашылық қызметтеріне үш негізгі шаруашылық процесс тән:
1. Дайындау процесі.
2. Өндіру процесі.
3. Сату ( жөнелту) процесі.

Ең алдымен өндіру процесін қарастырсақ.

Өндіріс процесіне еңбек пен өндіріс құралдары қатысады. Өндіріс құралдары еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары- деп еңбекті жүзеге асыратын әр түрлі құралдар мен жабдықтарды атайды. Оларға машиналар, станоктар аспаптар жатады.
Еңбек заттары- бұл адам еңбегі бағытталған және оның қатысуымен және оның көмегімен өнім өндірілетін әр түрлі материалдар. Еңбек заттарына материалдар, отын және т.б жатады.

Өндіріс процессі өнеркәсіп орындарында жұмысшылар еңбегінің ықпалымен еңбек құралдарының көмегімен еңбек заттары жаңа бір түрге - дайын өнімдерге айналатынымен түсіндіріледі.
Дайындау және сату шаруашылық процестері өз мәніндері бойынша біреулерге тауарлар сатып, олар ақша қаражатын алатын айналым (айырбас) процесінің екі бөлігі немесе кезеңдері болып табылады.
Өнімдерді сатушы кәсіпорындар жабдықтаушылар ал сатып алушылар сатып алушылар деп аталады. Осы аталған әрекеттердің сипаттамаларына байланысты бір кәсіпорынның өзі жабдықтауының да, сатып алушының да рөлін атқара алады.
Дайындау процесі кезінде белгілі бір кәсіпорын (сатып алушы) басқабір кәсіпорындардан (жабдықтаушылардан) өндіріс процесін қамтамасыз ететін қажеті еңбек заттары (материалдар және т.б) алады және соларға сәйкес ақша қаражатын төлейді.
Тиісінше, дайындау процесінде кәсіпорынның ақша қаражаты еңбек заттарының нысандарына айналады.
Сату процессі кезінде белгілі бір кәсіпорын (жабдықтаушы) басқа кәсіпорындарға (сатып алушыларға) өздерінің өндірген дайын өнімдерін сатады және солар үшін сәйкес ақша қаражатын алады.
Демек, сату процесінде кәсіпорын өндірген өнім ақшалай нысандарға айналады.
Дайындау және сату процестері, жоғарыда айтылдай жалпы айналым прцесінің бөліктері болғандықтан, оларды іс жүзі жүзіне асыруға барлық құралдар айналым құралдар деп аталады.
Бухгалтерлік есеп орындалатын барлық шаруашылық әрекеттерді бейнелей отырып, сонымен қатар осы әрекеттер элементтері болып табылатын прцестерді де қамтиды.
Сөйтіп, кәсіпорын жүзеге асыратын шаруашылық әрекеттері мен прорцестері бухгалтерлік есепртің объектілері болып табылады деп қорытынды шешімге келуге болады.

1. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.

1.1 Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары өндіріс саласына үздіксіз қатысады. Оның барлықшаруашылық құралдарының (мүлкінің) шамасын анықтау үшін және есепті кезеңге оларға экономикалық баға беру үшін әрі қаржы - шаруашылық қызметін жедел басқару үшін әр бір кәсіпорынның өзінің шаруашылық құралдары мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек. Осындай жалпылау бухгалтерлік балансты құру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:
1) Құру уақыты бойынша;
2) Құрудың қайнар көздері бойынша;
3) Ақпараттар көлеміне байланысты;
4) Қызметтің сипатына байланысты;
5) Меншік нысандары бойынша
6) Бейнелеу көлемі бойынша
7) Тазарту тәсілдері бойынша.
1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:
А) Кріспе; Б) Ағымдағы; В) Тартылу; Г) Бөлу; Д) Қосылу;
Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.
Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және сонғы ( қорытынды ) болып бөлінеді.
Бастапқы баланс есебті кезеңнің басына, ал сонғы балансы аяғына құралады. Осыған орай есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып есептеледі.
Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, бірінщіден соңғы балансқа балнстың қандай да бір баптарын ашатын есеп берүу нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.
Таратылу балансы кәсіпорын тартылған және жабылған кезде жасалады.
Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бул жағдайда балансты беру балансы депте атуымызға болады.
Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.
Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлүге болады:
А) Инвентарлық; Б) Кітаптық; в) Бас.
Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құралады. Мундай баланста бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысынын өзгертүі кезінде ( мемлекеттік нысаннан акциянерлік, бірккен нысандарға ауысу) талап етіледі.
Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептіңмәліметтері негізінде оларды тексермей - ақ алдын ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.
Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.
Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді: а) біртекті; б) жинақ.
Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.
Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикаклық түрде қосу жолымен алды.
Топтастырылған жинақ балансы- экономикалық түрде бір - бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады. Мұндай баланстардық холдингтік компаниялары ( басқа компаниялардық бақылау акция пакеттерін иеленүшілер ), өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.
Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негігі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.
Негізгі қызмет балансы - кәсіпорынның бағытында және оның жарғысына сәйкес жасалған баланс.
Негізгі емес қызмет балансы - кәсіпорынның құрамында тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар болуы Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп атлады.
Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.
Меншік нысандарында байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару ( муниципалдық ), кооперативтік, ұжымдық , жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.
Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді: а) Дербес; б) жеке.
Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.
Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері ( цехтар, филиалдар және т.б. ) жасайды.

Тазарту тәсілі бойынша баланстар баланс - брутто және баланс нетто болып келеді.
Баланс - брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс ( негізгі құралдардың тозуы , Материалдық емес активтердің амортизациясы);
Баланс - нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есепті кезеңге қаржылық жағдайы туралы ақпараттар алудың қайнар көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның шаруашылық құралдарының құрамы мен құрылымын, айналым құралдарының икемділігі мен айналымдылығын, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайы мен динамикасын, қорытынды қаржылық нәтижені білуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдарын басқарумен тығыз байланыстағы құрылтайшыларды, менеджерлерді және басқа да тұлғаларды кәсіпорынның жағдайымен таныстырып, меншік иесінің қарамағында не бар екені, яғни материалдық құралдарының сандық және сапалық қатынастағықорларының қандай екні, ол қалай пайдаланылатыны және осы қордың құруға кімнің қандай үлес қосып жатқаны жайлы мәліметтер береді.
Тиісінше, бухгалтерлік баланс, ақпараттардың қайнар көзі бола отырып, ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге құрылған шаруашылық құралдарының құрамы мен орналастырылуы және олардың құрылу көздері бойынша эканомикалық топтастыру және жалпылама қорыту тәсілі.
Баланс өзінің құрылуы бойынша актив пен пассивтен тұратын екі жақты кесте болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының заттық құрамы, орналастырылуы мен пайдаланылуы көрсетілетін сол жағы баланс активі деп аталады.
Баланстың оң жағы пассив деп аталады және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне салынған қаражатың шамасын, оның шаруашылық құралдарын құруға қатысу нысанын көрсетеді.
Баланс актив пен пассив жиынтықтарының тепе-теңдігі міндетті түрде сақталуы керек, өйткені баланстың екі жағыда бір ғана шаруашылық құралдарын көрсетеді, бірақ олар әр түрлі белгілері бойынша топтастырылған: баланс активінде заттық құрамы мен функционалдық рөлі, яғни ол қалай орналасқаны (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, күрделі салымдар, материалдар,дайын өнім, ақшалай қаражат және т.б.) және кәсіпорында қандай қызметтер атқаратынын көрсетуі, ал баланс пассивінде шаруашылық құралдарының құрылу көздері бойынша, яғни кімнен және қанша шаруашылық құралдары алынғанын ( құрылтайшылардан, кәсіпорын, табысы, бюджеттен, банк қарыздары, жабдықтаушылардан және т.б.) көрсетеді. Демек, шаруашылық құралдарының әрбір түрі кәсіпорынға қандайда бір көз есебінен түседі. Сондықтан шаруашылық құралдарының құрамы және орналастырылуы (баланс активі) бойынша жалпы сомасы олардың құрылу көздерінің (баланс пассиві) жалпы сомасына тең болады.
Баланс активі мен пассиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстің валютасы деп аталады. Мұндай баланстың теңдікті төмендегідей көрсетүге болады:

Активтер = Қаржылық міндеттемелері + меншікті капитал (эканомимкалық (тартылған капитал) ресурстар)


Бұл формулада эканомикалық ресурстар кәсіпорынының иелігінде және айналымында бар шаруашылық құралдары мен мүліктерінің жалпы құнын көрсететін активтер ретінде қарастырылады.
Қаржылық міндеттемелер ( таратылған капитал ) кәсіпорын активтерінің заңды және жеке тұлғалар қаржыландырылған мөлшерін, кредиторлық қарыздарының шамасын көрсетеді.
Меншікті капитал кәсіпорында оның иелік етушілерімен жасалған салымдардың құнын сипаттайды. Кей кезде оны, егер меншікті капитал барлық пассивтерді төлегеннен кейн қалатын болса, қалдық капитал деп те атайды. Оны баланстық теңдік мынадай түрге ие болады:

Меншікті капитал =активтері - Қаржылық міндеттемелер

Бұл - кредитордың кәсіпорынның меншік иелерімен салыстырғанда өздерінің қаржылық талаптарын қанағаттандыруға басым құқықтары бар екенін білдіреді.
Сонымен бірге жоғарыда берілген теңеу кәсіпорын активтерінің шамасын және капитал құруға кәсіпорынның меншік иелерінің әрі крелиторларының қатысу дәрежесін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен қаржылық нәтижесі осы өзара байланыстылыққа байланысты болады.

1.2 Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңының 16-бабы бойынша және № 30 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды тулға болып табылатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік баланс жасайды. Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады.
Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді: актив және пассив.
Баланстағы әрбір айқындама баланс бабы деп аталады. Баланстың екі түрлі жағы - актив пен пассив болғандықтан, баланс баптары активтік немесе пассивтік болуы мүмкін. Баланс активінің әрбір бабы шаруашылық құралдарының экономикалық біртекті түрлері, ал пассив баптары - шаруашылық құралдарының құрылу көздерінің эканомикалық біртекті
түрлері.
Баланстағы барлық баптар топтарға, ал топтар өз кезегінде бөлімдерге біріктіріледі
Баланс баптарының топтар мен бөлімдерге біріктірілуі олардың экономикалық мазмұнынан туындайды. Бухгалтерлік баланстарға шаруашылық құралдары мен олардың құрылу кездерін көрсететін баптардан басқа осы шаруашылық құралдары мен олардың құрылу кездерінің бағалау құнын реттейтін баптар да кіреді. Оларды реттеуші баптар деп атайды. Олар баланста тұратын баланс баптарының санын кеңейтеді және ақпараттардың көлемін арттырады.
Баланстың реттеуші баптары екі түрде болуы мүмкін: тура реттейтін және контрарлық. Тура реттелетін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады, ал контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі.
Реттеуші баптардан тұратын бухгалтерлік баланс - брутто
( итал.Brutto- таза емес, ); реттеуші баптарсыз- баланс - нетто (итал.Netto- таза ) деп аталады.
Баланс активі мынадай бөлімдерден тұрады:
І Бөлім Қысқа мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
1) ақша қаражаты және олардың эквиваленттері;
2) қысқа мерзімді қаржылық инвистициялар;
3) қысқа мерзімді дибиторлық берешек;
4) материалдық қорлар;
5) ағымдардағы салықтық активтер;
6) өзге де кысқа мерзімді активтер.
ІІ Бөлім Ұзақ мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
1) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
2) ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
3) үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар;
4) инвестицилық жылжымайтын мүлік;
5) негізгі құралдар;
6) биологиялық активтер;
7) барлау және бағалау активтері;
8) материалдық емес активтер;
9) кейінге қалдырылған салықтық активтер;
10) өзге де ұзақ мерзімді активтер.
Түсініктеме хатында олардың ішіне ұзақ мерзімге жалға берілген және жалға алынған негізгі құралдар жеке-жеке ашылып көрсетілуі керек.
Баланс пассиві мынадай бөлімдерден тұрады:
ІІІ Бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер мынадай баптардан тұрады:
1) қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
2) салықтар бойынша міндеттемелер;
3) басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер;
4) қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
5) қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;
6) өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.
Егер заңды тұлға несиелік келісім - шарттарға сәйкес узақ мерзімді негізде міндеттемелерді қайта қаржыландыратын болса, онда ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі ағымдағы міндеттемелерден алынып тасталады. Осы жағдайда міндеттемелердің сомасы мен қайта қаржыландыру мерзімдері нақты қарастырылуы керек.
IV Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыз және банк несиелері бойынша есепті кезеңге қарыздарды көрсету үшін арналған.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді баланстың келесідей баптары жеке ашылып қарастырылуы керек бір жылдың ішінде өтелетін бөліктерінен басқа:
1) ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
2) Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
3) Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;
4) Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер;
5) Өзге де ұзақ мерзімді міндетемелер .
Түсініктеме хатта заем беру шарттары мен несиелік келісім - шарттардың басқа да ерекшеліктері және төлеу кезектілігі, несиелерді өтеу мерзімдері пайыздық мөлшерлемелері (ставкалары) нақты көрсетілуі керек.

V Бөлім. Капитал мынадай баптардан тұрады:
1) шығарылған капитал;
2) эмиссиялиқ кірісі;
3) сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар;
4) резервтер;
5) бөлінбеген пайда (өтелмеген залал);
6) аздық үлесі.
Түсініктеме хатта заңды тұлғаның есепті кезеңіне жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы ақпараттарды міндетті түрде ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда акциялардың әрбір түрі бойынша мынадай мәліметтер ашылып көрсетілуі керек:
* жарияланған, шығарылған және айналымдағы ( жарияланған, жазылған және төленген капитал ) акциялардың сомалары мен саны;
* төленбеген капитал;
* акциялардың номиналдық және ағымдағы құны;
* оларды иеленушілердің құқықтары, дивиденттері тарату және мүліктердің бір бөлігін төлеу шарттары,
* артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивиденттер;
* заңды тулғаның сатып алған меншік акциялары (қайтарып алынған капитал - эмиссиялық кіріс);
* опциондар бойынша болашақта шығарылуға жарияланған акциялар және олардың шығарылу шартымен соммасы көрсетілген есепті кезеңге опциондар бойынша шығарылған акциялар.

1.3 Есеп беру түсінігі, нысандары мен түрлері.

Қаржылық есеп беру дегеніміз - кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары, қызметтерінің нәтижелері мен қаржылық жағдайларындағы өзгерістер туралы ақпараттар.
Қаржылық есеп беру Бухгалтерлік есеп алу және қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің есеп берулерін қоспағанда, мынадай есеп берулерден тұрады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) Табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) Ақша қозғалысы туралы есп;
4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.
Қаржылық есеп беру ҚР бухгалтерлік есепке алу және есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да қосымша материалдармен топшыландырылуы мүмкін.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі болып табылады.
Қаржылық есеп беру ҚР валютасымен құрылуы керек және өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі
Қаржылық емес беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атқаратын субъектінің басшысымен бас бухгалтері (бухгалтері) қол қояды.
Еншілес кәсіпорынның бар ұйымдар негізгі ұйымының қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа ҚР бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарыны талаптарына сәйкес консолиидирленген қаржылық есеп берүді құруға және оны тапсыруға міндетті.
Заңды тулғалардың қаржылық есеп берулері қызығушылық білдіруші тұлғалар үшін баспада жория етуге ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есеп берудің растылығымен ақиұаттылығы аудиторлық ұйымдардың ұсынылатын тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталынады.
Қаржылық есеп беру нысандарын толықтырған кезде келілер бейнеленіп көрсетілуі керек:
* белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен құрылтай құжаттарына сәйкес қаржылық есеп берудің ұсынатын субъектінің аты;
* субъектінің мекен жайы субъектінің заңды мекен - жайы көрсетіледі; саласы (қызмет түрі ) - субъекті қызметінің түрі көрсетіледі;
* мемлекеттік мүліктерді басқару органы - мемлекеттік заңды тұлға иелігіне тұрған және қаржылық есепті тапсыратын органның аты;
* меншіктің ұйымдастырушылар құқықтық нысаны.
Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезегі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жол болып табылады.
Қайта құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап осы жылдың 31 желтоқсанға дейінгі мерзім болып табылады.
Ұйымдар қаржылық есеп беруді келілерге сынады:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) ҚР мемлекеттік статистика органдарына;
3) Құзыретіне сәйкес ҚР ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына.
Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіатірмей тапсырады.
ҚРның бухгалтерлік есепке алу қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ның Заңдық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.
1.4 Шаруашылық әрекеттерінің ықпалынан баланстың өзгеріске ұшырау типтері
Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шаруашылық әрекеттері актив және пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды, сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі: шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері. Сөйтіп, олар баланыстың активінде және пассивінде немесе біруақытта активте де пассивте де болуы мүмкін.
Сонымен, шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа (типке) бөлуге болады. (6 -сызба)

6-сызба

АКТИВ
ПАССИВ
Көбею
Азаю
Көбею
Азаю
I

II

III

IV

Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді, ал екіншісі осы сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
А+Х-X=П
Мысалы : кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысу шотынан кассаға 178 000 теңге сомасына ақша қаражаты алынады. Осы әрекетке сәйкес баланс активтің екі бабы өзгеріске ұшырайды : есеп айырысу шоты және Касса шоты бойынша сома тең сомаға кемиді.

Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді де, екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
П+Х-Х=A
Мысалы: Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54 000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады.осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы : Таратылмаған табыс азаю жағына және Резервтік капитал көбею жағына өзгеріске ұшырайды.
Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей соммаға көбейеді. Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді. А+Х=П+Х
Мысалы: Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120 000 теңге сомасына материалдар алынып, кірістіріледі. Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі Материалдар бабы мен баланстың пассивіндегі Жабдықтаушылар мен мәрдігершілер бабы көбейеді. Баланс валютасы да осы сомаға артады.
Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасыда сол сомаға азаяды.
А-Х= П-Х
Мысалы: Кәсіпорын қызметшілеріне 137 000 теңге сомасында төлемақы берілді. Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің Касса шоты мен баланс пассивінің Жұмысшылар мен төлемақы бойынша есеп айрысу шоты кемиді. Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

2.Баланстың типтік өзгерістері.Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп.

2.1. Баланстың типтік өзгерістері.

Ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінде көптеген операциялар (фактілер) орындалып, әрбір операциялар мазмүны тиісті счеттарға жазылатындығын білдік. Әрбір шаруашылык операцияларының мазмүнын счеттарға жазу кезінде екі жақтылық принципке сай бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіндегі сомалар жинағы бірдей болып, тепе-теңдікте болуы шаPoundт.
Шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы үйымдардың активті қаражаттары, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалыста болуына тікелей әсер етеді. Яғни баланстың активі мен пассивіне жазылған сомалар баланстың тиісті жекелеген баптарының сомасын өзгертіп отырады. Бір операция баланстың екі бабын өзгертеді. Баланс баптарының өзгеруі активтер ми пассивтер өрісінде ғана болады.
Баланс баптарының өзгеру сипатына қарай нақтылы орын алған шаруашылық операциялары мазмүнын төрт типке бөліп қарау керек.
1-тип кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы) шоттан жалақы мен басқа шығындары төлеу үшін 150000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті.
1010 Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша шот дебеті
1040 Ағымдық шоттағы ақша шот кредиті 150000.

Активтер

Сомасы
МКМ
Сомасы

Кезең басынағы жиынтық сома
300,0
Кезең басындағы жиынтық сома

300,0
Кассадағы қолма-қол ақша

+150,0

Ағымдық шоттағы ақша
-150,0

Кезең соңындағы жиынтық сома
300,0
Кезең соңындағы жиынтық сома

300,0

А+А - ; баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ.

2-тип тек қаражат көздері құрамында ғана өзгерістер туғызады. Мысалы, қысқа мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200 000 теңгелік шоты төленді.
3310 Төлемге арналған шоттар шот дебеті
3010 Банктің қысқа мерзімдік қарызы шот кредиті

Активтер

Сомасы
МКМ
Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома
300,0
Кезең басындағы жиынтық сома

300,0

Қысқа мерзімдік қарыз
+200,0

Жабдықтаушылармен есеп айырысулар
-200,0
Кезең соңындағы жиынтық сома
300,0
Кезең соңындағы жиынтық сома

300,0

П+П - ; баланс сомасы өзгермейді; А=МКМ

3-тип шаруашалық құрамдарын және олардың шығу көздерін теңбе-тең сомаға көбейтеді. Мысалы, жабдықтаушылармен есеп айырысу алынбаған 250 000 теңге сомасына материалдар алынды.
1310 Шикізат пен материалдар шот дебеті
3310 Төлеуге арналған шоттар шот кредиті

Активтер

Сомасы
МКМ
Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома

300,0
Кезең басындағы жиынтық сома

300,0
Материалдар
+250,0
Жабдықтаушылармн есеп айырысулар
+250,0
Кезең соңындағы жиынтық сома
550,0
Кезең соңындағы жиынтық сома

550,0

А+П+; баланс сомасы көбейтіледі; А=МКМ.

4-тип қаражаттың және олардың шығу көздерінің бірдей сомаға азайтылуын сипаттайды. Мысалы, қызметкерлерге кассадан 120 000 теңге жалақы төленеді.
3350 Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысу шот дебеті
1010 Кассадағы қолма-қол ұлттық валюта шот кредиті.

Активтер

Сомасы
МКМ
Сомасы
Кезең басынағы жиынтық сома
300,0
-120,0
Кезең басындағы жиынтық сома

300,0

Қызметкерермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар
-120,0
Кезең соңындағы жиынтық сома
180,0
Кезең соңындағы жиынтық сома

180,0

А - П - ; баланс сомасы кемиді; А=МКМ.

2.2. Бухгалтерлік баланстың активтік және пассивтік элементтерін тану.

Активтер үш сатыдан: анықтау, тану және бағалаудан түрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен үйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс.келтіретін активтер жатады. Активтер үзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Балансқа түскен активтердің барлық сомасының көлемін -жинақталған активтер деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансгенді өсімдіктер алу тарихы
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы ақпарат
Бухгалтерлік баланс және есеп беру
Гендік инженерияның даму болашағы
Мектепке дейінгі балалардың танымыдық процесі
Бухгалтерлік есепшоттарының жіктелуі мен жоспары
Бухгалтерлік шоттары
Азаматтық іс жүргізу туралы мәлімет
Аймақтың оптимальді ормандылығы
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Пәндер