Қышқылдардың химиялық қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 185 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті
Химия және химиялық технология кафедрасы

"БЕКІТЕМІН"

Факультет деканы
________ Абдинов. Р.Ш.
Хаттама № ___ _______2019ж

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша
5В011200- Химия мамандықтарының
студенттері үшін

Атырау 2019
Құрастырған: Қалимұқашева Арал Демеуқызы - доцент

ОӘК-нің аннотациясы: Химияны оқыту әдістемесі - мұғалімдер дайындайтын университеттер мен педагогикалық институттардың оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бірі.
Химияны оқыту әдістемесі пәні мынадай бөлімдерден тұрады:
I-бөлім Орта мектепте химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері - ғылым ретінде химияны оқыту әдістемесі және оқу пәні, химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері, химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздері, орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы, химия тілі,химияны оқытудың таным құралы, химияны оқыту әдістері, оқушылардың білімін және білігін тексеру, орта мектепте химияны оқытудағы оқуды ұйымдастыру формалары, мұғалімді сабаққа дайындау, химиядан топсеруен, химиядан факультатив сабақтар, химияның сыныптан тыс жұмыстары.
II-бөлім Орта мектепте химияны оқыту әдістемесінің жеке мәселелері - химияның алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру, бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңын,периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып, үйрену методикасы, зат құрылымы,валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы, химиялық реакциялар туралы ұғымның дамуы, ерітінділер және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту, химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын химияның жүйелеу курсында оқып-үйрену әдістемесі, органикалық заттарды оқып-үйренудегі әдістемелік ұстанымдар, оқушыларды химия өндірістері және халық шаруашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру, химиядан алған білімдерін қорытындылау.
ОӘК жоғарыда келтірілген тараулар бойынша жасалды.
Пәнді оқыту барысы дәріс және зертханалық, семинар сабақтары болып жалғасады.

"Химияны оқыту әдістемесі" пәнінің оқу - әдістемелік кешені
5В011200-Химия,5В011300-Биология мамандығында оқитын студенттерге арналған. Құрастырған: доцент А.Д. Калимукашева. Атырау: Х.Досмухамедов атындағы АМУ баспасы, 2013 226б

ГЛОССАРИЙ

Оқытудың сөздік- көрнекі және сөздік - көрнекі- сарамандық әдістерінің бірі химиялық тәжірибе болып табылады.
Демонстрациялық тәжірибе- оқытудың сөздік-көрнекі әдістеріне жатады.
Химия бөлмесі арнайы зертхана мен зертханашы бөлмесінен тұруы тиіс.
Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау беру химия зертханасының ресми құжаты болып табылады.
Тамызғыш- көлемі шағын ерітінділерді өлшеп, екінші бір ыдысқа құю үшін қолданылады.
Бюреткалар-0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлінген шыны түтік.
Медициналық шприц- ерітінділерді аса дәлдікпен сорып алу үшін қолданылады.
Термометр мектеп тәжірибесінде негізінен сұйықтық термометрді қолданылады.
Ареометрлер әр түрлі сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу үшін (қышқыл, сілті, тұздар ерітінділері, спирттер, сұйық көмірсутектер) қолданылады.
Моль- зат мөлшерінің бірлігі.
Сутек- химиялық элемент және жай зат.
Металдар коррозиясы-сыртқы ортаны ластаушы фактор және одан сақтану шаралары.

І МОДУЛЬ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ДӘРІС САБАҚТАРЫ
Дәріс №1
I-бөлім. Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Ғылым ретінде химия оқыту әдістемесі және мақсаттары, міндеттері

Жоспар:

1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері
2. Химияны оқытуды әдістемесінің зерттеу әдістемесі және басқа ғылымдармен байланысы.
3. Химия оқыту әдістмесінің қалыптасуы және дамуы.
4. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.
5. Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
6. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері. Қазіргі дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізіледі.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия - заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын оқытуы мен оқушылардың химиялдық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмыстарымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді.Оқытудың заңдылықтарын ашу мен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушының іс-әрекетін бір-біріне ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі - сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз-жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибиені сіңіруі.
Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту - білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісінде сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Ал, әдістемелік тұрғыдан алғанда - нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны иаңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламада, оқулықтармен оқу құралдарында баяндалады.
Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі - оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.

1-сызбанұсқа. Оқыту әрекетінің жеке бөліктері

Химияны оқыту
Химияны оқыту

Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары мен міндеттері

Мазмұны
Мазмұны

Сабак беру
Сабак беру
Оқыту формалары
Оқыту формалары
Оқу
Оқу

Құралдары
Құралдары

Әдістері
Әдістері

Нәтижесі
Нәтижесі

Әдістеме химияны оқытудың нәтижиесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардыә химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктарін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.
Әдістеме химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.
Тәрбие беру және оқушыларды дамыту - орта мектепте оқылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.
Жоғарда айтылғандарды ескере келіп, Химияны оқытудың әдістемесі - химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұны, соңғы бөлігі әрекет етуге қамтиды. Мазмұны бөліп қараудың себебі де бар.
Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында химияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық жіне сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып орыс тілінде басылып шыққан И.Н.Борисовтың (1956 жыл), Д.М.Кирюшкин Г.М.Чернобельскаяның (1987 жыл) әдістемелік оқу құралдарында баяндалған. Бұларда химияны оқыту әдістемесі жалпы және жеке бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімде орта мектепте химия курсының мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен құрылысы, оқулықтары және химияны оқыьудың мәселелерін қарастыратын оқып-үйрену, химиялық элемент және реакция, зат туралы негізгі ұғымдарыды қалыптастыру және дамыту әдістемесі баяндалады. Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің әдістемесі қазақ тіліне 1984 жылдары аударылды. Бұл оқу құралында бұрыңғы бағдарламаға сәйкес жеке тақырыптарды оқытудың әдістемелік ұсыныстары берілген. Бағдарлама өзгерген соң бұл ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігі азайды және студенттерге арналған әдістеме оқулығын жеке тақырыптар бойынша құрудың тиімсіздігі байқалды. Сарамандық курста химиялық эксперименттің түрлері, техникасы мен әдістемесі және оларды жүргізуге қажетті икемділіктер мен дағдылар қалыптастырылады. Мөлшерлік және эксперименттік есептерді шығарту әдістемесіне, химияның бағдарламасына және оқу-әдістемелік құралдарына талдаулар жасалады. Химияны орын жоспарлауға сабақтың күнделікті жоспары жасалып, қысқаша жазбалар жазуға байланысты жаттығулар орындалады. Мұның бәрі химиядан сабақ беретін болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығын жақсартуға, үздіксіз білім алу әзірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы. Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады.
1. Химия не үшін оқытылады? 2. Химия нені оқытады? 3. Химияны қалай оқытады? Химияны оқытудың нәтижиесі қандай?
Бірінші сұрақтың жауабы мектеп курсындағы материалдарды іріктеп алу арқылы анықталады. Ол үшін химия ғылымының даму логикасы мен тарихы, теориялық және нақты материалдардың өзара арақатынасы ескеріледі.
Екінші сұраққа былай жауап беруге болады: химияны оқыту әдістемесі оқушының жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарының мазмұнына сай қарастыруға нұсқау береді; оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасайды; оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларына бағыт сілтейді. Оқыту үрдісінде ұғымдарды, заңдарды, теорияларды іріктеп алудың жолдарын қарастырады.
Үшінші сұрақтың жауабы оқытуға байланысты қарастырылғаны жөн. Оқыту- мұғалімнің қызметі. Мұғалім оқушыларға химиялық білімді меңгертеді, оны ақпараттар берумен байланысты орындатады. Сонымен бірге, химияны оқыту әдістемесі- орта мектептерде химиядан сабақ беретін мұғалімдерді жоғарғы оқу орындарында кәсіптік мамандыққа даярлайтын оқу пәні.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым және оқу пәні болғандықтан, қоғам талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химия пәнәнің өзіндік ерекшеліктеріне негізделіп құрылады.
Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауға шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деревтерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесі осы ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып-үйрену нысандарын дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті және еске сақтауға жеңіл де, ұғымды түсінуге бағыттайды. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын химия ғылымының бір саласы-химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке тарауларын оқытқанда- оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын оқытқанда-нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ химияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен ұстанымдарына сәйкес дамиды. Химияны оқыту әдістемесінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдпрымен де байлансты, өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, нақты материялдарға байланысты білім дамытылып отырады.
Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту әдісі педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайданылады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын,оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б.
Химияны оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды қаз қалпында, әр құбылыстың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбылыстармен байланысын, өзара қатынасын ашып береді.
Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүргізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де алуан түрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың жұмыстарын талдау, әңгімелесу және анкета алу арқылы білім,білік және дағыдыны қалыптастыру жайын, мұғалім мен оқушының зерттеліп отырған мәселеге көзқарасын анықтайды.
Химияны оқыту материялын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіруде химияны оқыту әдістемесінің өзіне ғана тән арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекі көрсетулерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну, оқушылардың өздігіенен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т.б.
Химияны оқыту әдістемесі объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байлансты. Өзінің ең негізгі міндеті- химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химияның ғасырлар бойы жинаған білім қазынасынан оқушылардың жасына және өткендегі дайындығына сай келетін материалдарды таңдап алады.
Химияны оқыту әдістемесі жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие теориясының қағидаларына сүйенеді.
Өзінің үшінші міндетін- оқушыларды дамытуды жүзеге асыр үшін психология ғылымының табыстары пайдаланады. Әлеуметтік тәжірибенің алуан түрлерін, солардың ішінде ғылыми білімнің негіздерін игеру барысында оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктерін педагогикалық психология зерттейді. Осының нәтижесінде алынған білім педагогика мен жеке пәндер әдістемесінің психологиялық негізін құрайды.
Оқушыларға білім, тәрбие беру және дамыту кезінде оқушылардың жас өзгешеліктері ескеріледі. Бұл жағынан алғанда химияны оқыту әдістемесі жасөспірімдер физиологиясымен тығыз байланысты екендігі көрініп тұр.
Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы. Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім беру ісімен айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты.
М.В.Ломонсов (1711-1765 ж.ж.) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастьру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.
Д.И.Менделеев (1834-1907 ж.ж.) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның эксперименті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. Ол ой-өрісі кең, ғылымды жетік білетін және жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттердің жүрегіне жол табады деп мұғалімнің ролін жоғары бағалады.
А.М.Бутлеров (1828-1886 ж.ж.) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазады.
М.В.Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.
Химияны оқыту әдістемесі ол орта мектепте тұрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Патшалық Россияның жалпы білім беретін гимназиялары мен училищелерінде химия жеке пән ретінде ұдайы оқытылмады.Сондықтан Қазан революциясының алдындағы кезекте химиктер С.И.Сазонов, Г.М.Григорьев, А.Н.Реформатский жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында химияның оқу пәні тұрақтандыру үшін күресті.
Химия Қазан реиолюциясынан кейін ғана орта мектептердің оқу жоспарынан химия өзіне лайықты орын алады.Кеңес мектебіндегі оқыту сипатының сол кезеңдегі жалпы бағыттарына сәйкес химия курсының мазмұнын анықтау ісі қолға алынды.
В.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі курсының бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш әдістемесін жазды (1933-34 ж.ж.). Бұдан кейін кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеуде Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбек сіңірді.
Химияны оқытудың әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың ұйымдастыру формалары әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту құралдарын жасау және тиімді пайдалану әдістесін С.Г.Шаповаленко, Н.Е.Кузнецова, химияны оқытудың өндіріспен байланысы және химиядан тереңдетіп білім беру мәселелерін Д.А.Эпштейн, химиялық эксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин, К.Я.Парменов, органикалық химияны оқыту мәселелерін Л.А.Цветков, химияның теориялық негіздерін оқыту әдістемесін Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е.Е.Ммнченков, Д.П.Ерыгин зерттеді. Бұлардың әрқайсысы көптеген ғалым шәкірттер тәрбиелеп шығарды, оқу-әдістемелік еңбектер жариялады.
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыта озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың "Химияны оқытудың социалистік құрылыс практикасымен байланысы" деп аталатын еңбегін атап өтуге болады.
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты-орта мектап химиясының өзге пәндермен және өндріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылығы тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсюпова органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова химияны оқытуда оқушылардың IV-VI сыныптарда жаратылыстану-математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Қазақстандағы органикалық химияның дамуы белгілі ғалымдар Д.В.Сокольский, Т.К.Чумбалов, И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен тікелей байланысты. Бұл ғалымдар өздерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқанда дарынды шәкірттер тәрбиеледі.
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары. Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат-әр жақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін мектеп жас өспірімдері табиғат, қоғам және адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімінің бойына азаматтық борыш, елі мен жері үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылық пен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға әзірлейді.
Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттарыда қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар;
1. Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;
2. Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;
3. Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;
4. Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;
5. Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;
6. Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және табандылыққа тәрбиелеу;
7. Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілеттілігін дамыту, кәсіптік бағдар беру.
Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.
Химияны оқытудың әдістемесінің міндеттері. Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білі; химиялық өндіріс туралы білім.
Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету (2-сызбанұсқаны қараңыз).

2 - сызбанұсқа. Заттар және олардың кездесу түрлері

Молекула
Атом
Заттар
Қарапайым бөлшектер
Химиялық элемент
1.Физика
2.Химия
3.Геология
4.Биология
Минералдар және тау жыныстар
Организмдер денесін құрайтын заттар
Молекула
Атом
Заттар
Қарапайым бөлшектер
Химиялық элемент
1.Физика
2.Химия
3.Геология
4.Биология
Минералдар және тау жыныстар
Организмдер денесін құрайтын заттар

Әр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір-біріне айналу өзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, өзінің зерттеу зерзаты жағынан физика мен биологияның арасында орналасады. Бұлармен физикалық химия, ядролық химия, геохимия, биохимия, т.б. ғылымының жүйесін түзеді.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті - пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минерология және т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, яғни аитылғандармен ғана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанұсқаға сәйкес осы ғылымдар арасындағы өзара байланыстың мәнін ашып көрсету керек.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асасатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөніндегі ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты құрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден тұрады.
Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материялын іріктеу. Қазір үш милоннан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда. Осы миллондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеттердің бірі. Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті-химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Заттар мен ұғымдар теориялық көзқарастар тұрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі теорияны өтуге әзірлеу үшін, екіншісі - бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом - молекулалық құрылысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом құрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білуі керек.
Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материялдарды сұрыптау, түсіндіру және болжау, ұғымдарды анықтау міндеттерін атқарады.
Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материялдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия өндірістерімен және олардың ғылыми негіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі ұғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар өнімдерді, бағалы синтетикалық материялдарды өндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мәнін көрсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек.
Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге және адам денсаулығына тигізетін қолайсыз әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.
Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
Химиядан орта білім берудің оныншы міндеттері - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, наменклатурасын және терминалогиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту әрекетінің жеке бөліктерін сипаттап, олардың өзара байланысын көрсетіп, химияны оқыту әдістемесіне ғылыми анықтама беріңіз;
2. Химияны оқыту әдісін басқа ғылыммен байланысын сызбанұсқа арқылы көрсетіңіз;
3. Химияны оқыту туралы орыстың ұлы ғалымдары М.В.Ломоносовтың, Д.И.Менделеевтің, А.М.Бутлеровтың пікірлері қандай болды?
4. Кеңес өкіметі тұсында химияны оқыту әдістемесінің қалай дамығанын сипаттаңыз;
5. Қазақстан Республикасында химияны оқыту әдістемесі қалай дамыды және қазір қандай?

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым:
А) Экология;
В) Биология;
С) Химия;
D) Физика;
Е) Медицина.

2.Химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы дегеніміз:
А) оқытудың әдістемесі
В) химияның әдістемесі;
С) оқытудың оқу әдістемесі;
D) химияны оқыту әдістемесі;
Е) химияны оқыту.

3.Химияны оқыту әдістемесін зерттеуді неше мәселеге топтстыруға болады және оларды атаңыз:
А) 2 мәселеден: химияны не үшін оқытылады? химияны қалай оқытады?;
В) 3 мәселеден: химияны не үшін оқытылады? химияны қалай оқытады? химияда не оқытады?;
С) 4 мәселеден: химияны не үшін оқытылады? химияны қалай оқытады? химияда не оқытады? химияны оқытудың нәтижесі қандай?;
D) 1 мәселеден: химияны не үшін оқытылады?;
Е) ешқандай мәселеге топтаспайды.

4. Физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазған және де тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырған кім?
А) Д.И.Менделеев (1834-1907);
В) А.М.Бутлеров (1828-1886);
С) И.Я.Берцелиус (1779-1848);
D) М.В. Ломоносов (1711-1765);
Е) Гей-Люссак (1778-1850).

5. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз:
А) жасөспірімнің бойына ұжымдық тәрбиені сіңіру;
В) білім берудің мазмұнын жасқөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі;
С) нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі;
D) жасөспірімнің бойына тәрбиені сіңіру;
Е) дұрыс жауап жоқ.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева Химияны оқыту әдістемесі Алматы 2005ж.
2. Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі практикумы Алматы 2006ж.

Дәріс №2

Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы
Жоспар:

1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.
2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұраптау негіздері.
3. Оқу материалының қазіргі ғылым деңгеиіне сәйкес келуі.
4. Орта мектептегі химия курсы мазмұнын қалыптасу кезеңдері (XIII, IX, X, XI ).

Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қол жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелігі, түсініктілігі, саналығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқат бұрмалай жеткізуі тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдық негізінде енгізуі керек.
Жүйелігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүиелік негіз, әсіресе, химияның негізігі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми деңгеиіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.
Оқушылар химиялық қосылыс және қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат еріткіш бөлшектерінің өзара әрекеттесуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.
Саналық және белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздерінен жұмыс істей білуге үйрету керек.
Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен мағынасын түсінуі, олар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білу керек. Мұның өзі оқушылар білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді.
Көрнекілік принципі - дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік құрылғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтежелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйрену керек.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл - оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия өнеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен өткен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан өндіру, оқ-дәрі жасаитын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе- теңдікті қалған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру құралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.
Сөз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.
Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері. Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптар келтірілген: мазмұнның тұтастығы; ғылыми дәлдігі және құндылығы; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енді соларға тоқталып өтейік.
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми- техникалық даму дәуіріндежеке ғылым салалары қарыштап дамыды. Қайсы бір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен, толықтырып отыруды қажет етеді.
Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар енгізіледі. Осылардың әр қайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа идеялармен толысуы керек.
Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда білімнің жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.
Демек, теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау- аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі. Деректер теориялық көз қарасты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтеже береді.
Ұғымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымының, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағнасын бірітіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене -- зат -- элементтің құрамы -- элементар бөлшектер -- иондық құрамы -- материяның бір түрі.
Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады(1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның(2), электрондық теорияның(3), электролиттік диссоциялану теориясының(4), жалпы материалистік көзқарастың(5) тұрғысынан дамиды.
Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе - оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орынын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірнеше жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау және дамыту мақсатын көздейді.
Қиындықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстың әр жерінде өтіліп дамытылады. Мәселен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық түсінігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы әр тақырыптарға бөлініп берілді.
Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасыда бірітіндеп ашылады. VII сыныпта атом - химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.
VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бұлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.
Политехнизм негізі. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің және негізіне химиялық әрекеттер жататын кейбір өндіріс орындарының шикізаттары, өнімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппараттары; 2) өндірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа өндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орыны; 4) химия өнеркәсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірісінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсіптік бағдар беретін материалдар.
Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми- техникалық ой- өрісін дамытуға бағытталған. Бұлардан басқа политехнизм оқушыларды сарамандық іске бейімдеу, тұрмыста және табиғатта жиі кездесетін заттармен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз- химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі, және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі- орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі- химия элементтердің заттардың, химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.
Бірінші бағыттың негізінде теориялық көз қарастардың орналасу реті анықталды. Мұнда оқушыларды ғылым тарихынадағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру мақсаты көзделеді.
Екінші бағыт бойынша оқу материалының мазмұнына кіретіндер: 1) кең таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы, оттегі мен сутегінің ашылу тарихы жөнінде мағұлымат беру; 2) атом-молекулалық ілімнің негізін қалаған М.В.Ломоносов, Дж Дальтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов және А.Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығы, отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.
Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдер. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сәйкес химия пәннің мазмұны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырады.
1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз - бұл бағдарламаларда әр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмұны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мұғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды. Профессор П.П.Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мәні мойындалмады, оны тәжірибеден өздері қорытып шығаруға тиісті болды.
1923 жылы қабылданған жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат" ,"еңбек" , "қоғам" деген құрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.
Оқу пәндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бұрмалаушылықтарды түзетуде ВКП (б) Орталық комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш және орта мектептегі оқу бағдарламалары мен тәртібі " туралы қаулысының маңызы зор болды. Бұл қаулыда жалпы білім беретін пәндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н.Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарлама жүйелікке, ұғымдардың үздіксіз дамуына, политехнизмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп құрылды. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарының анықтамалары тәжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір- бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу-тәрбиелік маңызы зор. Мұны төмендегі берілген жаңа бағдарлама мазмұнынан айқын көруімізге болады.

VIII сынып
1. Химия пәні. 2. Заттар және олардың қасиеттері. 3. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту. 4. 1-практикалық жұмыс. Лабораториялық құралдармен танысу. 5. 2-практикалық жұмыс. "Тотиянды тазарту". 6. Химиялық реакциялардың белгілері. Физикалық және химиялық құбылыстар. 7. Атомдар және молекулалар. Жай және күрделі заттар. 8. Химиялық элементтер олардың таңбалары. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы. 9. Химиялық формулалар. 10. Химиялық формулалар бойынша есептеулер. 11-12. Химиялық элементтің валенттілігі. 13. Элементтердің валенттілігі бойынша қосылыстардың формуласын құру. 14. Заттардың құрам тұрақтылық заңы. 15. Зат массасының сақталу заңы. 16,17. Химиялық реакция теңдеулері. 18. Атом молекулалық ілім. 19. Зат мөлшері. Моль. Авагадро заңы. Молярлық масса. 21,22. Химиялық реакция типтері. 23. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. 24-25. Бастапқы химиялық түсініктер тақырыбын қорытындылау. 26. Бақылау жұмыстарына дайындық. 27. Бастапқы химиялық түсініктер тақырыбына бақылау жұмысы. 28. Оттек. Оттектің табиғатта кездесуі. 29. Оттектің физикалық қасиеттері және алу жолдары. 30. Оксидтер. Олардың аталуы. 31. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану. 32.3-практикалық жұмыс. Оттек алу олардың қасиеттерімен танысу. 33. Оттектің табиғатағы айналымы. Қолданылуы. 34. Озон- оттек аллотропиясы. 35. Ауа-газдар қоспасы. 36. Химиялық реакцияның жылу эфектісі. 37. Газдар жайлы түсінік. Авагадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы. 38. Химиялық реакция кезіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бензол қатарындағы альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдар
Карбон қышқылы және оның қасиеттері
8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту
Бір- және көп негізді қарбон қышқылдары-мен олардың туындылары
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Қышқылдар, сілтілер, тұздар мен оксидтердің химиялық қасиеттері, алынуы, классификациясы
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
Қышқылдар мен негіздер теориялары
Қышқылдар жайлы теориялар
Этилжаңа май қышқылы эфирі ананас
Пәндер