Аурудың түрлерін сипаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығыинституты
Ветеринарлық медицина және биоқауіпсідік
жоғары мектебі

5В120100-Ветеринарлық медецина мамандығы бойынша
Жануарлар патологиясыпәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы Туберкулез

Орындаған:ВМ-31 тобының студенті Галимгереева: А.А Қабылдаған:о.Монтаева Н.С

ОРАЛ ,2021

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I Пато-анатомиялық жарып сою хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Курсттық жұмыстың мақсаты,міндеті,өзектілігі ... ... . ... ... ... ... ... ...
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Туберкулез дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Туберкулездің жұғу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Дерттенуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Патолого анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Патоморфалогиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның, полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, тілменің, түйнеменің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністерін сипаттап жазылған. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі.
Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі - 18 ғасырдың соңы. Ұлы ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған. Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, ағым белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеулерге жол ашты. Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты. Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалық емдердің жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай жеңеміз деген алдамшы пікір тараған. Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты. Көптеген ежелгі жұқпалы аурулар жойылудың орнына өрши түсті. Олар жедел ішек инфекциялар, вирусты гепатиттер (әсіресе В және С), тұмау және басқа да жедел вирусты респираторлы инфекциялар, балалардың ауа тамшылы инфекциялары, стафилококкты және стрептококкты инфекциялар. Зооноздардың мәселесі де күрделі: бруцеллез, листериоз, 7 иерсиниоз, пастереллез және т.б. Табиғи ошақты және аса қауіпті инфекциялар да басын көтеріп жатыр: оба, түйнеме, туляремия, тырысқақ, геморрагиялық қызбалар. Вирусты инфекциялардың емдеуі мен алдын алу шаралары көңілден шықпайды: геморрагиялық қызбалар, вирусты гастроэнтериттер, герпестік инфекция. Шартты патогендік микробтармен шақырылатын аурулар, госпитальды инфекциялар, хламидиоз, АИВЖИТС-инфекциясы, беймәлім пневмония, құстардың тұмауы, шошқалардың тұмауы, прионды аурулар жұқпалы аурулар ілімінде жаңа туған мәселелер.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Туберкулез ауруының патологиялық белгілерін анықтап, онымен күрес шараларын ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
* Туберкулезге анықтама беру;
* Туберкулездің таралу және жұғу жолдарын зерттеу;
* Аурудың түрлерін сипаттау;
* Ауруды емдеу және алдын алу шараларын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі: әртүрлі органдарды зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, әртүрлі клиникалық көрінуімен сипатталатын, организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт - туберкулездің түрлерін, жұғу көздерін, емдік шараларын анықтау арқылы аурудың алдын алу жолдарын сипаттау.

І. ПАТО-АНАТОМИЯЛЫҚ ЖАРЫП СОЮ ХАТТАМАСЫ.
Сойып- зерттеуді 2021 жылы 20 сәуір күні Атамекен шаруашылығында оқытушы ветеринар мамандар 3-курс студенттердің қатысуымен жүргізді.
Анамнездік мәліметтер. Ірі қара малдың температурасы көтерілген (39,5-40), күндіз ауыр жөтел байқалған. Жөтел кезінде кілегей бөлінген. Иесінің айтуына қарағанда азық қабылдаса да мал арықтап кеткен. Терісі құрғақ, желіні зақымдалған.
Мал 2021 жылы 20 сәуір күні өлген.
Клиникалық балау - туберкулез
Сыртқы көрінісі.
І. Танымдық белгілері: 6 жасар сиыр өлексесі, ақ-қара түсті, дене бітімі - күшті, семіздігі - орташадан төмен.
ІІ. Өлекселік өзгерістер: некроз, өліеттенген түйіндік түйіндер, қабыну.
ІІІ. Арнайы бөлім.
1. Шырышты қабаты ылғалды, тегіс, жылтыр, сұр түсті.
2. Тері құрғақ, пигменттелмеген жерлердегі түс сұр. Тері асты тіндерінде қан кетулер, ісінулер жоқ.
3. Үлкен қан тамырларында (қолқа, мойын веналары) аз мөлшерде бос коагуляцияланған қызыл қан болады.
4. Қаңқа бұлшық еттері орташа дамыған, қызғылт түсті.
5.Лимфа түйіндері ұлғаймаған, тегіс, түйінделген.
Ішкі көрінісі.
1.Құрсақ қуысындағы мүшелердің орналасуы қалыпты, бөтен мазмұн жоқ,
2. Диафрагма - тұтастық бұзылмайды, қан кетулер болмайды. Кеуде қуысы мүшелердің орналасуы қалыпты.
Мойын, ауыз және көкірек қуыстарының мүшелері.
1.Кеуде сүйек кемігі сұр-қызыл түсті.
2. Жұтқыншақ, трахея және бронхтар бөтен құрамы жоқ, шырышты қабаты ылғалды, сұр түсті.
3.Өңеште өзгеріс байқалмайды.
4.Тимус мөлшері кішірейген және түсі сұр-қызыл.
5. Өкпе өзгеріске ұшыраған, пішіні тығыздау, қызғылт, өзгермеген өкпенің кесу беті ылғалды, одан аз мөлшерде қан ағады. Некрозды ошақтар байқалады.
6. Жүрек конус тәрізді, үлкеймеген, қызыл, тегіс, қан кетулер жоқ.
Құрсақ және жамбас қуыстарының мүшелері.
1.Көкбауыр ұлғаймаған, сұрғылт-күлгін түсті, шеттері өткір, құрылымның өрнегі сақталған, өліеттенген.
2.Талақта көлемі бұршақтай зақымдалған ошақтар кездеседі.
3. Ұлтабар қабынған, кілегейлі қабық қатпарлана жиырылған.
4. Ішек қабырғасы қалыңданып нығызданған. Ішектің тарылған қуысында сұрғылт түсті аздаған сұйықтық бар. Кей жерлері қан толып қызарған.
5. Тоқ ішекте аз мөлшерде қою, қоңыр-жасыл түсті нәжіс бар, шырышты қабаты сұр түсті.
6. Жіңішке ішекте аз мөлшерде сары-жасыл түсті, ерекше иісі бар тығыз массаның мөлшері байқалады.
7.Бауыры үлкеймеген, шеттері өткір, түсі қоңыр.Некроз байқалады.
8.Шажырқай лимфалық түйіндерінде казеоздық ошақтар байқалады, қапшықтанған, әктенген. Көлемі ұлғайған, кесілген жерде дымқыл, саркомаға ұқсас түйіндер бар.
9. Бүйрек бороздалған, үлкеймеген, қоңыр түсті.
10.Қуықта шамамен 200 мл сары несеп бар, шырышты қабаты тегіс, ылғалды, жылтыр, сұр түсті, қан кетулер жоқ.
11.Мидың түсі сұр, эластикалық консистенциясы, бөлімінде орташа ылғалды, қан кету жоқ.
12. Қалқанша безі дөңгелектелген, көлемі ұлғаймаған, серпімді, қызыл түсті, құрылымның өрнегі сақталған.
Патологиялық анатомиялық диагноз.
1. Өкпеде казеозды некрозы бар ациноз
2. Лобарлық казеозды пневмония
3. Бронх және лимфа түйіндерінің туберкулездік (түйіндік) лимфадениті
4. Бауырда, көкбауырда казеозды некрозы бар милиарлы және түйінді түйіндер.
5. Кесек өнімді плеврит
6. Жалпы анемия
Зертханалық зерттеу.
Гистологиялық зерттеу үшін зақымдалған өкпенің, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, бауырдың, желіннің 10% формалин ерітіндісіне бекітілген бөліктері алынды; бактериологиялық зерттеу үшін зақымдалған өкпенің, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, бауырдың, желіннің жаңа бөліктері алынды.
Зерттеу қорытындысы.
Өлгеннен кейінгі аутопсия, гистологиялық және бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері мен анамнез деректерін талдау негізінде сиырдың туберкулезден өлгені анықталды. Зерттеу нәтижесі - оң.

II. Негізгі бөлім
2.1 Туберкулез дегеніміз не?
Туберкулез (Tuberculosis) - адам мен жануарлардың созылмалы өтетін,сүтқоректілерде көбінесе өкпенің,құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сиппаталатын инфекциялық ауруы.
Туберкулез қоздырушысының 4 түрі бар:Mycobacterium tuberculosis - адамды,M,bovis - ірі қара малды,M,avium-құсты,M.piscium-балық ты ауруға шалдықтырады.
Микробактериялар жіңішке,аздап иілген таяқшалар,кейде олардың бұтақтанған,жіпше созылған немесе домалақ бөлшектері болады.Қышқылға төзімді микроб.Қабынған мүше тіліндісін Циль-Нильсен әдісімен бояғанда микробактериялар ашық қызыл,ал басқа микробтар көк түске боялады.
Дерттенуі.Ауру бұзауға (сүтпен),шошқа мен құсқа негізінен алиментарлы,ал ересек ірі қара малға аэрогенді жұғады.Қоздырушы тауықтың жұмыртқасына еніп,одан шығатын балапанға берілуі,сырқаттанған аналық малдан құрсақтағы төлге берілуі мүмкін.Аурудың жасырын кезеңі белгісіз.
Жануарлардың түріне,жасына,иммундық жай-күйіне,оны бағып-күтіп,азықтандыруға,организмг е енген қоздырушының саны мен сапасына қарай туберкулездің клиникасы мен морфологиясы саңқилы.
Мал организмінде туындайтын қабыну процестері альтеративтік қабыну және продуктивтік қабыну түрлерінде байқалады.Альтеративтік қабынған өрме сүзбе тәрізді өліге ұшырап,сұрғылт тартады,кебірсіктенеді,үгіндіге айналады,әктенеді.Туберкулездік экссудативтік қабыну сероздық эксудатта фибрин мен лимфоциттердің біршама мол болуымен,қабынған өрменің көп ұзамай казеоздануымен сипатталады.Мысалы,қабынған ылғалды қабықтың өзі де,оның бетіндегі экссудат та көп ұзамай өледі.Туберкулездік продуктивтік қабыну ошағында мезенхималық торшалар көбейіп,эпителиод торшалар,көпядролы алып торшалар және лимфоциттер пайда болады да,кейін олардың бір бөлегі өліп,ыдырайды.Сонымен,туберкулездік қабыну процесі әрдайым казеозға (сүзбетәрізді өліге) ұласады.
Туберкулездік қабыну процесі недәуір жиі туберкулдар (лат.tuberculum,туберкулездік төмпешік ) түрінде байқалады.Туберкулдар - құрылымының ерекшілігі бар инфекциялық гранулемалар.Олар ілкіде сұрғылт түсті,күңгірттеу,домалақ пішінді,өлшемі көкнәр дәніндей немесе одан сәл үлкендеу болады,эпителиоид торшалардан,яғни белсенділігі артқан ірі көлемді макрофагтардан тұрады.Бұл торшалардың шегі көзге көрінбейді,цитоплазмасы эозинмен солғып боялады,сопақша немесе созылыңқы пішінді ядросында хроматин аз болады.Уақыт өте келе туберкулдардың өлшемі артып,ол 1 см жетуі мүмкін,ортаңғы жері өліп,ақшыл - сарғыш тартады,көмескіленеді,әктенеді.Өлге н орталықты эпителиод торшалар,бірен-саран Лангханс алып торшалары,лимфоциттер топырлары қоршап жатады.Көпядролы алып торшалар эпителиод торшалардың бір-біріне қосылуы нәтижесінде пайда болады,өлшемі бойынша эпителиоид торшаларынан 3-4 есе артады.Олардың ядролары цитоплазманың бір шетінде аттың тағасына ұқсай шоғырланады.Тіліндіні Циль-Нельсен әдісімен бояғанда бұл торшалар цитоплазмасында микробактериялар көрінеді.Уақыт өте келе тубекулдар тыртыққа айналады немесе дәнекер өрмемен қапшықтанады.
Мал организмнің микробактерияға икемділігіне қарай,туберкулдар бүлініп ыдырауы басым,продуктивтік реакция басым және экссудативтік реакция басым туберулдар түрлерінде қалыптасады.Альтеративтік бүлініп ыдырауы басым туберкулдар өліге ұшыраудың басымдылығымен,эпителиод торшалардың тапшылығымен сипатталады.Мұндай туберкулдар ауруға иммунитеті жоқ жануарларда маймылдар мен төлдерде иммунитеті әлсіреген ересек жануарларда және микобактерияның уыттылығы тым жоғары болғанда туындайды.Экссудативтік туберкулдарда торшалар аз,домбығу сұйығы мен қанмен кернелген тамырлар мол,өлі зат аз болады.Мұндай инфекциялық гранулема болып табылатын туберкулдар жануардың төзімділігі жоғары,микобактерияның уыттылығы шамалы болған жағдайда туындайды.
Туберкулез сатылы өтеді:бірінші кезекті туберкулез және екінші кезекті туберкулез түрлерінде.Бірінші кезекті туберкулез организмнің микобактериямен алғашқы кездесуі нәтижесінде туындайды.Ол алғашқы дерттік кешен мен дерттің ерте таралуы генералдану сатыларынан тұрады.Организмге енген микобактерияның уыттылығы тым жоғары,мөлшері мол болған жағдайда алғашқы дерттік ошақ инфекция қақпасында пайда болады:алиментарлы жұққанда - жұтқыншақта немесе аш ішекте (көбінесе мықын ішекте),аэрогенді жұққанда - өкпеде,іштегі төлге жұққанда - бауырда.Кейде қоздырушы микроб алғашқы енген мүшеде ешқандай өзгерістер шақырмай,осы мүшеге өңірлік лимфалық түйінді қабындырады (жұтқыншық,жақастылық,шажырқайлық,б ронхтық,т.б).Организмге аз мөлшерде енген қоздырушы микроб инфекция қақпасында да,өңірлік лимфалық түйіндерде де аялдамай,қанға өтіп,өздерінің өсіп-өнуіне қолайлы мүшені мекендеп,оны зақымдайды - сүтқоректілерде өкпені,құстарда бауырды.
Мүшедегі алғашқы дерттік ошақтан (аффект,лат.affectio -зақымдану)микобактерия лимфаға өтіп,өңірлік лимфалық түйінді аялдап,оны қабындырады.Алғашқы болып мүше мен лимфалық түйіннің қосарлана зақымдануын толық алғашқы туберкулездік кешен деп,тек лимфалық түйіннің зақымдауын толық емес алғашқы туберкулездік кешен деп,бірден бірнеше мүшенің,мысалы,өкпе мен ішектің,зақымдануын (толық немесе толық емес сипатта)күрделі алғашқы туберкулездік кешен деп атайды.
Алғашқы туберкулездік кешеннен ірі қара мал жазылып кетуі мүмкін.Нәтижесінде организмде ұзақ мерзім бойы сақталатын журе біткен иммунитет және біткен иммунитет және туберкулездік аллергиялық реакция қалыптасады.Әдетте алғашқы ошақтан сырқаттық процесс лимфамен,қанмен бірте-бірте мүше аумағында таралады.Сирегірек ауру зілді өтіп,алғашқы ошақтан микобактериялар қан,лимфа,табиғи қуыстар (ішек,бронхтар т.б) арқылы бүкіл денеге таралып,генералдалған сипат алады.Сөйтіп,мүшелерде тарыдай,одан кішірек (милиарлық,субмилиарлық ;лат.milium-тары)және үлкен ошақты туберкулдар пайда болады да,ақырында жануар өледі.
Екінші кезекті туберкулез-тұншыққан алғашқы туберкулездік кешеннің әртүрлі себептерге байланысты (ашығу,стресстер т.б)қайтадан жандануы.Туберкулездің бұл түрі қайтадан жұққан микобактерия әрекетінен де болуы мүмкін.Аурудың бұл пошымы көптеген мүшелердің қабынуымен де байқалады.Өкпеде процесс бронхтар арқылы,желінде сүт жолдарымен таралады.

2.2 Туберкулездің жұғу жолдары

Tуберкулез аурудың қоздыратын микробтың бірнеше түрлері бар. Ауруды қай ортада қоздыруына байланысты, олар: 1) адам, 2) сиыр және ірі қара мал, 3) құс, 4) тышқан, 5) балық және бақа сияқты суық қандылар туберкулезінің микробы болып бөлінеді. Солармен қатар туберкулез микробының өте майда, басқа микроб өте алмайтын, сүзгілерден өтіп кететін түрі де бар. Бұл микробтар түрлері микроскоп арқылы қарағанда бірдей болмағандықтан, аурудың туберкулез микробының қай түрімен шалдыққанын лабораторияда арнаулы тексеру арқылы біледі. Әдетте халық арасында сырқат көбінесе 85-87 проценті туберкулез микробының адамда болатын түрімен қоздырылады. Одан кейінгі орында сиыр және құс туберкулезі микробтары тұрады. Ал микробтың қалған екі түрі адам үшін зиянды емес, олар адамда туберкулез ауруын қоздыра алмайды. Туберкулез микробы сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қаранғы, күн түспейтін, ауасы сирек тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің тіршілік жайын сақтай алады. Лабораториялық анализдермен туберкулез микробын ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арқасында туберкулез микробының майда - 30, айранда - 18, ірімшікте - 70 күнге дейін тірі қала беретіні анықталды. Бұл микробтың төзімділігі соншалықты, оларды пастеризация жасағаннан кейін де табуға болады. Ал тоңазытылған сүтте 2 айдан 8 айға дейін тірі қала береді. Туберкулез микробы ыстыққа да төзімді. Егер сүтті 50 градусқа дейін ысытса микроб 12 сағаттан кейін, 65 градусқа дейін ысытса 30 минуттан кейін өледі. Микробты құрту үшін заттарды қайнату қажет, ал басқа заттарды дезинфекциялау немесе залалсыздандыру керек. Туберкулез миробы дезинфекция үшін қолданылатын 15 процент қарбол қышқылының ертіндісінде 24 сағаттан, 10 процент лизол ертіндісінде - 12 сағаттан, 5 процент хлорамин ертіндісінде - 2 сағаттан кейін өледі. Міне сондықтанауруға көмек көрсеткенде, ауру бөлмесін тазалағанда елеусіз қалған бұрыштардағы немесе жүк астындағы шаңдарда, ауру пайдаланған үй-мүліктерінде туберкулез микробының ұзақ сақтала алатындығын естен шығармау керек. Дезинфекциялық шаралардың орындалуын қадағалау қажет.
Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Туберкулездің қоздырушысы Mycrobacterium туыстығына жатады. Бұл туыстықта ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар: M. tuberculosis адамды ауыртады. M.bovis ірі қаранды , M.avium құсты. Сирек кездесетін 4-ші түрі - M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
Раньонның классификациясы бойынша M.avium атиптік микобактерияларға жатады.
Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе коктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады. Грам әдісімен нашар боялса да, грамоң болып есептелінеді. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болуының нәтижесі. Циль - Нильсен әдісімен бояудың зор диагностикалық мәні бар. Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауа сыбағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейин - Иенсеннің, Гельберттің қоректік орталары қолданылады. Микобактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі 20 - 30 күн өткен соң, сиярға тән түрі 20 - 60, құсқа тән түрі 11 - 15 күннен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8 - 10 ай өткен соң өледі. Қақырықта 5 - 6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 2 ай, қыста 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M.avium . Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қозлдырушысы дезифектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3 - 5 % ерітіндісі, 5 % белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі 3 % формальдегид және 3 % күйдіргіш натрий пайдаланылады. Қораны зарасыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.

2.3 Індеттік ерекшеліктері.
Туберкулезге 50 - ден астам үй және тағы хайуандар, 20 - дан астам құстар шалдығады, олардың ішінде ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан - күзен тұрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұқтырғанда жиі ауырады, ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берулі факторларына жем, шөп, су, төсеніш, көң, т.б. жатады.
Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сүйтсе де егер жаз салқын және жауында болса, туберкулез жайылымдағы малға жа жаппай жұғады.
Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жұғады. Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шығатын балапанға трансовориальдік жолмен де беріледі.
Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып - күту жағдайлары жатады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі артады. Қорада ұстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып тұрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.
Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді. Дегенмен Бестужев тұқымы төзімді келеді де, керісінше қара ала сиырлар туберкулезге бейімірек.
Әдетте туберкулез табындағы малда баяу тарайды да, жаппай жұғуы үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңінің ұзақтығы және ауырған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.
Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы - туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өліеттеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға казеоз айналады.
Егер бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде өкпеде, ішекте пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің бір мезгілде зақымдануын алғашқы толық кешен деп атайды. Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп аталынады.
Туберкулез бойды жайлағанда өкпедегі ауқымды зақымның нәтижесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі, анемия өрбіп, малдың күйі кетіп, өнімі азаяды, арықтап, ақыры өледі.

2.4Өтуі және симптомдары.
Аурудың жасырын кезеңі жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін 14 - 40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінде көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге, әсіресе аурудың бастапқы кезінде, ауырған малдың сау жануардан ешбір айырмашылығы болмайды. Ауырған малды тек қана аллергиялық немесе серологиялық тексеру арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдануы сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.
Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен қатар желіннің, сірі қабықтарының зақымдануы меруерттену, генитальдік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардағы туберкулез ауруы
Сібір жарасын балау және дауалау шаралары
Паразитологиялық тексеру әдістері
Жұқпалы құс аурулары
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Ес пен парасаттың бұзылуы
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Түрлі клиникалық жағдайлардағы этикалық мәселелерді тиімді және тиімсіз шешу жолдары
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер