Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
5B020200 - Халықаралық қатынастар мамандығы
Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс қимылы: тетіктері мен стратегиялары тақырыбы бойынша дипломдық жоба
Орындаған: 4 курс студенті
Жақсылық Жанеля Алмасқызы
Ғылыми жетекші:
PhD доктор,
қауымдастырылған профессор
Мұқан С.М.
Алматы, 2021
Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс қимылы: тетіктері мен стратегиялары
ЖОСПАРЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
1.1. Тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы ... ..5
1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ... ... ... ... ...7
1.3 В. Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саяси бастамасы ... ... ... ..9
2. Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық маңызы ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .24
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның өзектілігі. Қытайдың Орталық Азия саясаты, Қытайдың ұлттық мүдделерімен байланысты болмақ.Тарихтан бері күштерін қауіпсіздік және экономиқалық мүдделері үшін сыртқа жайылуы айтарлықтай болмақ. Қытайдың геостратегиялық мүдделері үшін сыртқа жайылуы Шығыс (Aзия Тынық мұхит аймағы) және Батыс (Еуразия) болуымен екі бағытқа бағыталған. Қытай, солтүстігінде Ресей, оңтүстігінде Үндістан сияқты күшті мемлекеттер мен шекаралас болғаны үшін айтқанмыздай екі бағытқа ашылуға мәжбүр болған.
Шығыстағы көршіміз-Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен мүдделерін ашу өте маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара, қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын дамыту зерттеу жұмысының өзектілігін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын мәселе болып табылады.
Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек.
Қытайдың Тәуелсіз Орталық Азия республикаларына қатысты жүргізген сыртқы саясатын ашу дипломдық жобаның зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты. Дипломдық жобаның негізгі мақсаты Қытай мен Ресейдің тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысының Қытайдың сыртқы
саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
- ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселесін сипаттау.
- В. Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саяси бастамасын анықтау.
- Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызын ашу
- Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық маңызын аша отырып, объективті қорытынды жасау.
Дипломдық жобаның деректік негізі. Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады.
Екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сездері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай,түрк тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде және Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ, Железнодорожный транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның Хабар, Тәжікстанның Ховар, Қытайдың Синьхуа, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Дипломдық жобаның теориялық және әдістемелік негізі. Жобаның теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Қытай мен Ресейдің сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді.
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы
ҚХР-ның кұрушысы Мао Зедонгдың өлімінен кейін (9 қыркүйек 1976ж),Денг Хіаопінг,Қытайды билеуге бастаған.1978 жылдан бастап Қытайдың экономикасын тұрақтандыруға және Кеңестер Одағынан туатын қауіпке қарсы бірнеше реформалар жасаған. Бұл жағдай Қытай экономикасын тұрақтандыруға және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға өте тиімді болып табылған.Қытай басшысы Денг 1987 жылда 70 жылға арналған,3 этаптан тұратын мемлекеттің дамуы үшін стратегиялық жоспар қабылдаған.Осы 3 этап төмендегідей белгіленген;
1. 1980-1990 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) мөлшерін 250 доллардан 500 долларға жеткізу, халықтың тұрмыстық мәселелерін шешу.
2. 1990-2000 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ мөлшерін 800-1000 долларға жеткізу,халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 1 триллион долларға жеткізу.
3. 2030-2050 жылдарында ЖІӨ мөлшеріні 2 ессе дамыту,4000 долларға жеткізу. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 6 триллион долларға жеткізу.
10 қазан 2000 жылы Қытай Комунисттік партиясы 15-ші Конгресінің 5 жиналысында Қытай басшысы Цзянг Цземін, Қытайдың 2-ші этапты аяқтағанын және 2001 жылдан бастап 3-ші сатыға өтеді деп жариялаған. Қытайдың 70 жылдық стратегиялық жоспарын орнату үшін мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтау керек болған.АҚШ пен Батыс мемлекеттері, Қытайға экономикалық жәрдем көрсетіп , халықаралық системаға кіруіне септігін тигізді.Батыс елдерінің экономикалық және саяси мүдделері (терроризммен күрес,қауіпсіздікті сақтау және аумақтық одақтар)жағынан Қытайдың дамуына оң әсер еткен болатын және досттықты,тыныштық сақтау,теңдік,екі жақты қатынастар болып табылады.Бүкіл осы сыртқы саясат,елдің дамуы үшін стратегиялық жоспарын орындауға негізделіп жасалған.
Қытайдың 2003 жылы жасаған сыртқы саясат стратегиясында,көрші елдерге ашылу тиімді санап, Азия орталықты жаһандық саясат ретінде қарастырылған. Қытай үкіметі жағынан Көршілес аумақ елдерге қарай сыртқы саясаты,негізінде"көршілердің бай болуы","жақсы көршілік" және "көршілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" сияқты қағидаларға сүйенген. Қытайдың көршілес аумақ елдерге қарсы саясаты нәтижелі болып,болмауы,дамуы үшін идеал орталықтың дайындалуымен байланысты болмақ .Айтылған саясатқа қарай кіретін аумақтар,Солтүстік Шығыс Азия(Солтүстік Корея,Оңтүстік Корея және Япония),Оңтүстік Шығыс Азия (Оңтүстік Шығыс Азия одағына кіретін елдер және Үндістан) және Орталық Азия (Ресей, Орталық Азия ,Түрік мемлекеттері)болмақ. Осы саясаттың, жаһандық және аумақтық кері әсерлерінің болмауы үшін,Қытай саясатын,тарих шеңберіндегі күшті елдерге ұқсамайтын "бейбіт өрлеу"деп жариялаған. Қытайдың геополитика жағдайы, басқа дамыған мемлекеттерге қарағанда,өте күрделі болмақ.Яғни,дүниежүзінде ең көп көршісі болғандықтан,күрлықдағы шекерасы 22 мың км,теңізмен шекарасы 18 мың км болмақ.Көршілес елдердің тұрмыстық жағдайының жақсаруы,Қытайдың дамуына тура әсер етуде.Көршілес елдердің қауіпсіздігі,Қытай елінің сыртқы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаяси тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы.
Геосаясат - бұл саяси үрдістердің мемлекеттер орналасқан аумақтық - кеңістікке, олардың климатына, табиғи ресурстарына және т.б. тәуелділігін мойындаудан басталатын саяси тұжырымдамасы, білімдер жүйесі. Геосаясат кеңістікті саясат (мемлекет) тұрғысынан қарастырады. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы, ең алдымен, географиялық детерменизм тұжырымдамаларымен байланысты
Соңғы уақытта саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда. Посткеңестік кеңістік, ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі болып табылады. Ол өзіне Ресей Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава, Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің геосаяси кеңістіктерін қосып алған. Осыған байланысты жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда - экономикалық әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика, саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең перспективасы ашылды. Посткеңестік кеңістік аумағында жаңа мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады.
Қытай,Орталық Азия елдері тәуелсіздігін жариялағанан кейін алғаш осы елдерді таныған және дипломатиялық қатынастарды орнатқан мемлекеттердің қаттарында болды.27 Қараша 1991 жылы Ресей және Орталық Азиядағы елдердің тәуелсіздігін мойындаған. 2 ақпан 1992 жылы Өзбекстан, 3 ақпан 1992 жылы Қазақстан, 4 ақпан 1992 жылы Тәжікстан, 5 ақпан 1992 жылы Қырғысзтан, 6 ақпан 1992 жылы Түркменистан мен дипломатиялық қатынастарды орнатқан.Аумақ елдерінің егемендік алуымен Қытайдың батыс жағында бірнеше өзгерістер пайда болған:
1.Батыс күштерінің аумаққа кіріп бастауы.
2.Ресей аумақ елдерімен қатынастарын үзбеген және Ресейдің аумақтағы стратегиялық мүдделерінің жалғасуы.
3.Түркия және Иран сияқты аумақтағы Исламдық күштер,Орталық Азияны мемлекеттік мүдделеріне сай кіруге бастағаны .
Халықаралық аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге одақ кұруына себепші болған.1995-1996 жж.Қытай-Тайван арасындағы киікілжің,АҚШ-тың әскері басқысы нәтіжесінде соғыс қауіпін туындатқан. Тағыда 1996 жылы АҚШ-Япония қауіпсіздік одағының кұрылуы да Тайван қақтығысына әсер еткен .1996 жылы Пекін үкіметі Ресей,Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан мен бірге шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шанхай бестігі күрылған.
1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) -- 1996 жылы Шанхай бестігі деген атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан,Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)2001 жылы 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
1. мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;
2. саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
3.ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы көрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Халықаралық аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге одақ кұруына себепші болған.
Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы саяси және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық, Қытайдың онымен шектесіп жатқан Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысы, Қытай мен Орталық Азияның Шанхай ынтымақтастық үйымы шеңберіндегі ықпалдастығы сарапқа салынған.
Бүгінгі халықаралық ахуалдың айтарлықтай тұрақты емес жағдайында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың бірден-бір негізі саяси және қауіпсіздік ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Орталық Азия өңірі тек шығыстағы Қытайдың ғана емес, бүкіл әлем елдерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймақ саналады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі тонаралық тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан көп тармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кіріуіне мол мүмкіндіктер туғызды.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен ойынның сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пөкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады.
Соңғы жылдардағы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм сияқты қауіпті құбылыстардың өршеленуі қауіпсіздік, саяси мәселелерді шешу бағытындағы әрекеттерді белсендіре түсті. Оның айғағы ретінде Қытай мен Орталық Азия республикалары арасында қол жеткізілген саяси, қауіпсіздік саласындағы аса маңызды құжаттарды атауға болады. Олардың қатарында лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдер, достық, ынтымақтастық Шарты бар. Аталған мәселелер, яғни өзара байланыстардағы саяси ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері диплом жұмысында қарастырылған.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы шекара мәселесінің шешілуі аймақ қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтаудың және өзара сан-саладағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі алғы шарты болып табылатыны сөзсіз.
Шекараның мығымдығы мен аумақтық тұтастық әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Тарихтан қалған мәселе болғандықтан, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысын талдар алдында осы мәселеге қатысты тарихи шолу жасалады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Қытаймен мемлекеттік шекараны екіжақты негізде шешуге бет алады. Содан көп дүркін келіссездердің нәтижесінде даулы жерлер бойынша уағдаластықтарға қол жеткізе отырып, Орталық Азияның үш республикасы Қытаймен шекара мәселесін толық шешті. Осылайша, Орталық Азия республикалары мен Қытайдың шекара мәселесіне үлкен нүкте қойылды. Ширек ғасыр бойына шешімін таба алмай келген тарихтан қалған бұл мәселе де оң шешіліп, Қытаймен аумақтық проблемалар шешу мәселесі көршілес Орталық Азиялық елдердің күн тәртібінен біржола түсті.
Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы 2005 жылғы 5-ші шілдедегі басқосуының тарихи маңызы өте зор. Ауғанстандағы жағдайдың біршама тұрақтануына байланысты халықаралық антитеррорлық коалицияның әскери инфрақұрылым нысандарын ШЫYen-ға мүше мемлекеттер (Қырғызстан, Өзбекстан) аумағынан алып кету мәселесі көтерілді. Бұдан байқайтынымыз, ұйымға мүше ірі мемлекеттер - Қытай мен Ресей Орталық Азиядағы АҚШ ықпалының күшейгенін қаламайды. Қалай болғанда да, Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ықпалдастықты одан әрі нығайта беретін болады. Орталық Азияның, жалпы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін факторлардың күшеюі байқалуда. Сондықтан Қытай мен Ресей үшін де, Орталық Азия республикалары үшін де лаңкестік күштермен бірлесіп күресу алғашқы міндет болмақ.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады.
1.3 В.Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саясы бастамасы және Қытайға әсері
КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық ерекшелігін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру саяси коррупцияға тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.
Ресей мемлекеті үшін әлемдік қауымдастықтан өз орнын алу және жаңа сыртқы саяси бағытты ұстану күн тәртібінде түрған өзекті мәселе болды.
Орта Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, Қытай мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар т.б. өзекті мәселелер болып табылады.
ҚХР мен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы орналатын дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына, тарихтан қалған кейбір күрделі мәселелердің шешілуіне қарамастан, бүгінде жалпы Орталық Азиядағы жағдайды өзгерте алатын мәселелер бар. Бұл ғаламдық және "ішкі" даму мәселелері. Ресей сарапшыларының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта "үстемдік" үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері болып табылады .
Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин "РФ сыртқы саясатының концепциясын" бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген.
В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм түбірінен бөлек болатындыгы алғашқы айлардан анық көрінді.В.Путин өзінің сыртқы саясатын Азиялық азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.
В.Путин "Шанхай бестігі" мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО "тікелей сөйлесуі" әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті.
XXІ ғасырға аяқ басқан уақытта Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдайды қайта қарауға, Ресейдің халықаралық беделінің өсуіне көп еңбек сіңіріп үлгерді деп атай аламыз.
XXІ ғасыр әлемдік саясатта жаңа күрделі үрдістерді туғызғаны белгілі. Біздің ойымызша Ресей сыртқы саясаты өтпелі кезеңде тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық моноцентризм бағытының күшеюі тенденцияларымен анықталуда.
"Таймс" газетінің анықтамасы бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз.
Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн.
Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда.Көптеген Ресей сарапшьшары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту деген пікірді айтуда.
XXІ гасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов "сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД" және "біз ТМД нығайтамыз" деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран сияқты мемлекеттер Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызды мүдделері аясына қосуы, әртүрлі себептерге сәйкес аймаққа өз саясаттарынан маңызды орын бөлуі, аймақтағы жағдайы шиеленістірді. Осының бәрі Еуразиялық құрлықтың бұл бөлігі мемлекеттердің геосаяси мүдделерінің тоғысу сахнасына айналғанын білдіреді. Қазіргі таңда Ресей үшін біріншіден аймақтану мәселесі, геостратегиялық саяси себептерге сай маңызды орын алуда. Бұған дәлел ретінді геосаясатшы Вадим Цымбургскийдің: .. бұл өңірге бақылау жүргізу Ресейге оның сібірлік көлік тоғысында; Үндістанға Кашмир жағынан, Иранға солтүстік уәлаяттары тұсынан, Қытайға Шынжаң Ұйғыр ауданы, Тибет және тіпті ішкі Моңғолия тарапынан бір мезгілде қысым жасауға мүмкіндік береді... деп аймақтын географиялық маңыздылығы жағынан сипаттауын айта аламыз.
Екіншіден, қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азия жаһандық экономикалық нарық тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Табиғи ресурстардың бай қоры, әсіресе көмірсутегі өнімдерінің қоры аймаққа деген ұлы державалардың қызуғышылығын тудыруда. Энергетикалық ресурстарға және оны тасымалдау жолдарына бақылау жүргізу, аймақтағы жағдай мен әлемдік нарыққа әсер ету құқығына ие болуда. Бұны 2007 жылы Алматы қаласында өткен ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясында ҚР-ның тұңғыш президенті Н. Назарбаев әлемнің ұлы державаларының бұл қызуғышылығын біз конфронтация майданана айландырмай, даму үшін мүддеге асырумыз керек. Ол аймақтың барлық халқының мүддесіне қызмет етуі тиіс - деген мәлімдемесінен де аймақтың ерекше стратегиялық маңыздылығын байқауға болады.
Үшіншіден, Орталық Азияның жаңа геосаяси рөлі Еуразияның айтарлықтай бөлігінде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсер ететін Еуразия құрлығының ортасында орналасуымен ерекшеленеді. Әрбір Орталық Азия мемлекетіндегі жағдай, барлық еуразиялық құрлығындағы күштер тепе - теңдігіне әсер етеді. Яғни, Ресейдің сыртқы қауіпсізділігі Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақтылығы мен тыныштығына тікелей байланысты.
Төртіншіден, Орталық Азия еуразиялық транспорттық желілер тоғысына және кең көлік - коммуникациялық жүйеге ие. Иран арқылы аймақ елдерінің Парсы Шығанағына, Ауғанстан және Пәкістан арқылы Үнді мұхитына, Қытай арқылы Оңтүстік - Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына өтуіне мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңдағы Таяу Шығыстағы тұрақсыздық мәселелері Орталық Азия
аймағындағы көмірсутегі өнімдерін өңдеп, сыртқа шығаратын елдеріне әлемнің көз тігуіне алып келуде. Бұл негізде аймаққа байланысты Ресейдің позициясын негізгі сыртқы саяси құжаттар РФ ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен РФ сыртқы саясат концепциясында да өз орнын тапқан. Сонымен қатар, осы концепцияда Ресей ТМД кеңістігінде өзара пайдалы шаруашылық байланыстарға бағытталған Еуразиялық экономикалық одақты құруды басты бағыт ретінде ұстанады. Жаңа одақ Еуропа мен Азия-Тыңық мұхиттық аймақ арасында тиімді байланыстырушы буын болуға бағытталынған.
Ал Ресейге байланысты Орталық Азия мемлекеттері әртүрлі бағыт ұстануда. Мысалы, соңғы кездері Вашингтон жағына бағыт ұстаған Өзбекстаннан қарағанда негізгі әріптес болып табылатын Қазақстанда Ресеймен екіжақты қатынастардың қазіргі және болашағына байланысты позитивті пікір қалыптасқан. Негізінен Қазақстан жағы ресейлік саясатты экономикалық тұрғыдан қарастырады: несие беруден басталып, интеграциялық жобалалар - Кедендік Одақ (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) шеңберіндегі әріптестік. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан сыртқы байланысында тек Ресей бағытына ғана қарап қалған емес, ол біршама үлкен таңдау мүмкіндіктеріне ие. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанға қолдаушы болуға тек Ресей ғана емес, сонымен қатар Бейжін, Вашингтон немесе Брюссель де ұсыныс жасай алады.
Алайда аймақта Ресеймен тығыз байланыстыратын кейбір мәселелер де кездеседі. Маңызды мәселелердің бірі ретінде Ресей және Орталық Азия қатынастарындағы миграция мәселесін айтуға болады. Экономикалық әріптестік және даму ұйымының сарапшыларының 2012 жылғы халықаралық миграциясының баяндамасына сай қазіргі таңда Ресейдегі Орталық Азиядан келетін мигранттар саны АҚШ-тан екі есе артық екенін көрсетеді. Негізінен Ресейге көбінде қырғыздар, өзбектер және тәжіктер жұмыс істеуге келеді. Бұны біз Экономиканың жоғарғы мектебі Ұлттық зерттеу университетінің демография Институтының мамандарының зерттеулерінен көреміз.
Қазіргі таңда Ресеймен Орталық Азия елдерінің арасындағы қарым-қатынас әртүрлі деңгейде дамып, Ресейдің геостратегиялық саясатында аймақ маңыздылығы жыл өткен сайын одан әрі артып келеді. Еуразияның орталығы ретінде географиялық ғана емес, енді саяси мағынаға ие Орталық Азия мемлекеттерінің енді аймақтағы халықаралық саясат пен экономикаға қарқынды түрде араласа бастап, әлемдік қауымдастық, ұлы державалар, әсіресе Ресейдің үлкен қызығушылығында ие болуда. Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы әлемдік державалардың қатарына оралу үшін Еуразияның жүрегі болып табылатын осы аймақта өз басымдылығын орнату арқылы бұрынғы ықпалын қайтару Ресейдің бірінші қатардағы мақсаты болып табылады.
II-тарау.Қытайдың Орталық Азиядағы геостратегилық жоспары.
90-жылдардағы сияқты Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азия басымды бағыттардың бірі болып отыр. Мысалы: 1994 жылы Қытайдың Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэн Ташкент сапарында төрт негізгі бағытты анықтаған болатын:
1. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сәйкес достық қатынастарды дамыту;
2. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты үшінші елдерге қарсы бағытталмаған;
3. Қытай бұл аймақта Ресеймен бақталаспайды;
4. ҚХР Орталық Азия мемлекеттеріне қауіп төндірмейді 13. Біздің ойымызша, ҚХР-ның Орталық Азиядағы саяси басымшылықтардың негізгілері мыналар:
-аймақтағы пантюркизм мен фундаменталистік ықпалды шектеу;
- Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарды нығайту арқылы өзінің саяси-экономикалық ықпалын сақтап қалу;
-аймақтағы саяси күштердің тепе-тендігін және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы белгілі дәрежедегі қайшылықтарды сақтап отыр.
Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы жағдай тұтасынан алғанда ҚХР тиімді болып отыр. Сондықтан да ол бұл аймақтағы өзінің экономикалық мақсат-мүдделерін анықтап алды.Олар:
-ҚХР үшін Орта Азия мемлекеттерінде энергетикалық комплекстердің дамуы;
- Металлургия саласындағы өнеркәсіптер;
- Құрылыс саласындағы өндіріс органдары;
-Қазақстанға бос еңбек күштерін орналастыру, Қытайдан миграцияны күшейту маңызды.
Сарапшылардың пікірінше, егер Қытай Орталық Азияда экономикалық мәселерге көбірек көңіл бөлсе, қазіргі уақытта бірінші орынға геостратегиялық мақсаттар шығуда. Осы мақсатта Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) тығыз сауда-экономикалық қатынастар орнатуда. Ал Қазақстанмен ерекше қатынастарға мүдделі болып отыр.
11 қырқүйек оқиғаларынан кейін Орталық Азия және Оңтүстік Азия,АҚШ-тың ең тиімді деп санаған аумақтарына айналды,сонымен Қытайдың осы аумақтардағы мүдделеріне кері әсер еткені үшін Қытай сыртқы саясатын жаңа түрде қарастырды.АҚШ,Орталық Азияға орналасуымен,солтүстікте Ресейге бәсекелес ретінде,оңтүстікте Үндістан және Пәкістанга,шығыста Қытайға контрол жасауда,батысда Еуропа күресіні бұл аумаққа байланыстыруда негізгі рол атқармақ.. Тәжікстанда әскері бірліктері болған Ресейдің,Қырғызстанда әскері база орналастыруы және Үндістаның Тәжікстандағы Фаркорда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz