Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: М. Әуезов шығармашылығының қайнар бұлақтары және қазақ прозасындағы жаңашылдығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 М. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУ АРНАЛАРЫ

1. 1 Жазушының шығармашылық арналарының ғылыми сипаты . . . 6

1. 2 Халық ауыз әдебиеті . . . 9

1. 3 Абай тағылымы . . . 11

1. 4 Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті . . . 14

2 М. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР БҰЛАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

2. 1 Шығыс әдебиеті әлеміне апарар жолдағы Абай ілімі . . . 19

2. 2 Ғалымның шығыс әдебиетін зерттеудегі арналары . . . 26

2. 3 М. Әуезов және Түркі халықтары әдебиеті . . . 30

2. 4 М. Әуезов және «Манас» жыры . . . 47

2. 5 М. Әуезов және орыс әдебиеті . . . 52

2. 6 М. Әуезов және Батыс әдебиеті . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы - ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М. Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Мұхтар Әуезов - өзінің энциклопедиялық құлашты білімімен, асқар талантымен рухани өмірдің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл қазақ мәдениетіне ықпал жасады. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы қойған талаптар оны сол кезеңдегі басқа да аса көрнекті қазақ зиялылары сияқты әрі жазушы, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері болуға ұмтылдырды. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің сан қырлы таланты оның өнердің қазақтар үшін бұрын белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын тұңғыш қалыптастырушылардың қатарынан көрінуіне айқын жол ашты. Әуезов - тұңғыш кәсіби драматург, ұлттық театрдың тұңғыш режиссері әрі ұйымдастырушысы, тіпті тұңғыш кәсіби әдебиеттанушы да. М. Әуезов сонымен бірге тұңғыш әдеби киносценарийлер мен опера либреттоларының алғашқы авторы болды.

Көлдер теңізге, теңіздер мұхитқа барып құятын сияқты, әрбір өзеннің бастау көзі болады. Бұл - табиғат заңдылығы. Әдебиет пен өнерде де әр қаламгердің, суреткердің өзінің шығармашылығының қайнар бұлақтары болады. Өзінің үлгі алып, өнеге тұтар мектебі болады. Құс та ұясынан не көрсе, соны іліп ұшады. Алдыңғы өмірге қарай жол нұсқап, сара соқпақ салатын бұрыннан бері атадан балаға қарай жалғасып келе жатқан дәстүр де қаламгер шығармашылығындағы басты бағдаршам болып саналады.

Әдебиетте әрбір ақын-жазушының шығармашылығына игі әсер еткен бастау арналары бар. Ұлы Абайдың классик ақын болуына әсер еткен өзінің нәр алған үш қайнар көзі, яғни халық ауыз әдебиеті, шығыс әдебиеті және орыс, Батыс мәдениетінің үлгілері екені белгілі. Абайдың нәр алған тұнық қайнар бұлақтарынан Мұхтар Әуезов те сусындап, өзінің жазушылық, ғалымдық, суреткерлік дарынына азық етті. М. Әуезов шығармашылығының нәр алған көздері жайлы «Дәстүр мен жаңашылдық» атты еңбекте үш сала тұрғысынан көрсетіледі. Атап айтқанда: « . . . Мұхтар Әуезовтің өзі де үш сала әдебиет арнасынан нәр алып дәстүр дамытты, оның ішінде атап айтқанда, әсіресе қазақ эпосына сүйенді, Абайдан, Тургеневтен, Лев Толстойдан, Шекспирден, Горькийден, Шолоховтан тәлім алды дегенде, олардан бірдеңені көшіріп алды деген ұғым тумайды, жаңа идеялық тұрғыдан өмір шындығын соларша қамтып, творчестволық әдісті соларша игерді . . . » [1, 10 б. ] . Бұл үш арна жазушының шығармашылық әлемін түгел қамти алмайды. Бұған қоса М. Әуезовтің үлкен ғылым ордалары Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып, ірі қалаларда қызмет істеп, әдеби-мәдени кең орталықтарда жиі болып, шетелдерге іссапармен шығуына байланысты жазушының қайнар көздері ауқымының мол екенін, яғни бүкіл әлем әдебиетіне қатысы жағын да ескеруіміз қажет. Абай ақындығының нәр алған үш арнасын алғаш ғылыми тұрғыдан негіздеп берген М. Әуезов болса, ал М. Әуезов шығармашылығының қайнар көздерін Абай айналасы мен тағлымы арқылы М. Әуезовке бала кезден дарығанын ғалым Т. Жұртбай «үш тамырға» бөліп қарастырады [2, 5 б. ] .

Мұхтартану ғылымындағы М. Әуезов шығармашылығының бастау арналары жайлы тың да көкейкесті мәселе зерттеудің шешімін күтіп отыр.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Мұхтар Әуезов шығармашылығының бастау арналарын анықтау. Осыдан мынадай негізгі міндеттер туындайды:

- Қазақ әдебиетінде М. Әуезов шығырмашылығының қайнарлары жайлы зерттеу еңбектерін қарастырып, айтылған ой-тұжырымдарды нақтылау;

- Мұхтар Әуезов сусындаған арналарды айқындап, ол нәр алған тамырларды саралау;

- М. Әуезов шығармашылығына халық ауыз әдебиетінің, Абай тағылымының, ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті әсер еткенін дәлелдеу;

- Жазушының шығармашылық әлеміне Шығыс әдебиетінің тигізген әсерін зерттеу;

- Қаламгердің танымына орыс әдебиеті классиктерінің әсерін көрсету;

- Мұхтар Әуезов шығармашылығына Еуропаның ой-пікірлерінің,

тарихи танымының, қоғамдық құрылымдарының, көркемдік әлемінің ықпалын айқындау;

Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде М. Әуезов шығармашылығына әсер еткен халық ауыз әдебиеті, Абай шығармашылығы, ХХ ғасыр басындағықазақ әдебиеті, Шығыс әдебиетінің жауһарлары, Түркі халықтарының әдебиеті мен орыс, Батыс әдебиетінің үлгілері алынды.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу жұмысын жазу барысында А. Нұрқатов, М. Қаратаев, Т. Нұртазин, Ы. Дүйсенбаев, Е. Лизунова, Л. М. Әуезова, Ш. Сәтбаева, З. Қабдолов, З. Ахметов, С. Қасқабасов, Б. Сахариев, Қ. Мұхаметханов, Р. Нұрғалиев, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, Р. Бердібай, Ш. Елеукенов, Ө. Күмісбаев, А. Ісімақова, К. Сыздықов, Б. Мамраев, Ә. Молдаханов, Т. Жұртбай, Ж. Дәдебаев, Б. Жақыпов, Д. Қамзабекұлы, Т. Әкімов, Қ. Сейдановтардың еңбектері негізге алынды.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы бүгінгі таңда Әуезовтану ғылымының нысанына айналып отыр. Сондықтан да оның өмірі мен шығармашылық жолына және көркемдік әлеміне арналған әр саладағы ғалымдар мен сыншылардың, әдебиет зерттеушілерінің 3350-ден астам монографиялары мен мақалаларының жарық көруі заңды.

М. Әуезов шығармашылығына қатысты әлі де зерттелінбей жатқан тұстары баршылық. Соның ішінде қазақ әдебиетінде М. Әуезов шығармашылығының бастау арналары арнайы зерттелінбеген мәселе. Сол себепті зерттеудің басты жаңалығы ретінде жазушы шығармашылығының бастау арналарын алты салаға жіктеп ұсынамыз. Бітіру жұмысында М. Әуезов нәр алған арналарды анықтап, олардың жазушы шығармашылығындағы орнын белгілеу көзделеді.

Зерттеудің әдістері. Жұмысты орындау мақсатына қарай баяндау, саралау, жіктеу, талдау әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың, қорытындылардың теориялық және практикалық мәні зор. Зерттеу нәтижелері жоғары және арнаулы оқу орындарының филология бөлімінде қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетін өту барысында, арнайы курс, арнайы семинарларда, сондай-ақ, педагогикалық колледждердің, орта мектептердің әдебиет пәнінде М. Әуезов шығармашылығын оқытқан кезде пайдалануға болады. Әсіресе, М. Әуезов шығармашылығы туралы курс жұмысын, ғылыми жоба қорғау, реферат жазу, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін атқара алады.

Диссертация мазмұнының сарапталуы мен жариялануы. Зерттеудің теориялық мәселелері мен тұжырымдары (3 мақала) «С. Аманжолов оқулары» халықаралық конференция жинағында, 1 мақала ШҚМУ Хабаршысында жарық көріп, 1 мақала әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ Хабаршысында жарияланбақшы.

Жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МҰХТАР ӘУЕЗОВ НӘР АЛҒАН ТАМЫРЛАР

1. 1 Жазушының шығармашылық арналарының ғылыми сипаты

Шәкәрім Құдайбердіұлын әлем әдебиетімен байланыста қарастырар болсақ, ақын, жазушы, философ, ойшылдың Шығыс пен Батыстың мәдениетін, әдебиетін жетік білгенін көреміз. Шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық оқырман қауымға мән-мазмұнын дәлме-дәл жеткізген [3, 99 б. ] .

Шәкәрім Құдайбердіұлы жастайынан қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін, туған әдебиетінің таңдаулы туындыларын үзбей оқи жүріп, орыс және Батыс Еуропа әдебиетіне үлкен ықыласпен назар аударды.

Дүние мәдениетінің тарихына туған халқының ой-сана, рухани қабілет, парасатын бар болмысымен танытқан даналардың танымы мен тағдыры - өзі тіршілік кешкен заманның топырағынан тамыр тартады. Ұлылар барлық дәуірлік, өмірбаяндық, шығармашылық қайшылықтарды басынан кеше отырып, жаратылыстың адамға сыйлаған қасиеттерін бойына сіңірген сәтте ғана замандық тұлға дәрежесіне көтеріледі. Шынайы дана - өз ұлтының қадым заманнан бергі зейін-зердесінің, түсінік-түйсігінің іріктеліп келіп ұйыған мәйегі. Ірі-ірі қоғамдық қақтығыстар, танымдық тартыстар және биік нысана, үлкен мүде-мақсаттар жеке адамның кесек қимылына жол ашып, өз мүмкіндігін толық пайдалануға ықпалын тигізеді. Даналардың өмірі халқының тағдырымен біте қайнасып, қоса құйылады. Олардың тағдырын елінен, елінің тағдырын олардан ажырату мүмкін емес [5, 31 б. ] . Сол сияқты Шәкәрім Құдайбердіұлының танымы да сол ұлттың тамырынан нәр алды. Оның өмірдегі және өнердегі қадамы Абайдың қара шаңырағының табалдырығынан басталды. Ол ХІХ ғасырдың аяғындағы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ сахарасының парасат университеті - Абай тәлімінен сусындап өсті. Абайдың қыстауы Жидебай ол үшін «білім қақпасы» болды. Осы «қақпа» арқылы Шәкәрім алып тамырдан нәр алып, «көкірегіне көп жұбаныш тауып, ой өлкесі гүлденді» [6, 93 б. ] .

Шәкәрімнің балалық шағы қазақ даласында кездесіп көрмеген батыс елдерінде де сирек кездесетін өлең мен әнге, ертегі мен жырға, жұмбақ пен жаңылтпашқа, шежіре мен шешендіктің лұғатты сөздеріне күні-түні шомылатын творчестволық ерекше жағдайда өтті. Ол Абай ауылы, Абай айналасы - Абайдың ақын балалары, Абай ауылына үсті-үстіне ағылып келіп жатқан ақындар, әншілер, домбырашы, қобызшы-күйшілер, бишілер, шешендер . . . Қазақ халқының қалыптасқан әдептілігі, инабаттылығы, мінезділігі, адамгершілігі - бәрі-бәрі осы ауылда Абай елегінен өтіп өңделгені де бар. Абай айналасында өрескел мінез, ерсі сөзге тыйым салынған. Науаи, Низами, Омар һаям, Фирдоусилер аудармасыз, өз тілдерінде оқылады. Абай айналасында осындай жайлар болғанын Шәкәрім де жыр етіп айтатын еді. Сол төңіректің барлық ішкі-сыртқы бейнесі зерек баланың балғын ойына өшпестей болып орнап қалған. [5, 32 б. ] .

Абай ауылына қысы-жазы көршілес отыратын Мұхтардың атасы Әуез өзі де мұсылманша оқымысты, сандық-сандық кітап жиған адам: Әл-Фараби, Әбуғали Ибн-Сина, Қожа Ахмет Йассауи, Мұхамед Қайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүр ханның еңбектері қолға көшіріп алған күйінде сол кісіден табылады екен». Соның барлығын, тілі мен діні арқылы жанына сіңген көне шығыстың ғұламалық әфсаналарын, шағатай, түрік, парсы, араб тіліндегі даналардың мұрасын, ислам әлемінде ғана емес, дүние ғылымына бетбұрыс әкелген жәдидшіл ғалымдар Мұхаммед Ғабдуку, Жалаладдин Ауғани, Шаһабуддин Маржани, Исмағил Гаспаралы іспетті тұлғалардың дүние, жалған, адам, тарих, рухани азаттық, мінез, бостандық, діни таным мен қоғам, ұлттық азаттық, түрікшілдік, исламшылдық ілімдерін сіңіріп, олардың пікірлерін салыстырып, санасына сара жол іздеді. Ғылым, білім іздеп шетелдерді аралаған кезінде оның көне шығыс туралы ғұламалық ойлары мен білімі толыға түсті.

Ол - Еуропаның ой-пікірлерінің, тарихи танымының, қоғамдық құрылымдарының, көркемдік әлемінің ықпалы. Мұхтар Монтеньнің, Жан-Жак Руссоның, Дрепердің, Бальзактің, Гетенің, Дюманың, Гюгоның, Лес-саждың, Дарвиннің, көне грек даналары Аристотель мен Сократтың парасат пайымдарымен бала жасынан танысып өсті. ХІХ ғасырдың аяқ тұсында-ақ, бұлардың ақылды пікірлері мен көркем шығармалары Абай төңірегінде үнемі ауызекі әңгіме ретінде айтылып, көңілі сергек, көкірегі ояу көпшіліктің сарасына түсіп отырған. Талқылаған, өздерінше сынап, қорытынды шығарған. Үлгі ретінде балаларға айтып отырған.

Бұған негіз қалаған - Абайдың дәстүрлі тағылымы. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты пәлсафалық ғақлиясының дүниеге келуіне әсер еткен де сол үлгі. Шәкәрім сол арқылы Толстойдың атын ғана емес, ілімінің негізін де ұғынып өсті. Ол өзінің жазушылық шеберлігінің қалыптасу барысында кейіпкерлер бейнесін сомдауда, қоғамдық құбылыстардың қат-қабатын суреттеуде шет ел әдебиетіне ерекше ден қойып, оған шеберлік мектебі ретінде қарауының себебі де осында. Қызықты оқиғаларды баяндайтын романдардан гөрі Абай ауылында ойға негіз қалайтын парасатты мұралардың жоғары бағаланып, үнемі талдау мен пікір келесіне айналуы Шәкәрімнің де көзқарасына әсер етті. Жүрек қалауын соған қарай бейімдеді.

Шәкәрімнің өскен ортасында әбден сіңісті, үйреншікті боп кеткен дәстүр орыс әдебиеті еді. Соның ішінде XIX ғасырдағы Толстой, Достоевский, Тургенев, Пушкин, Лермонтов, Лесков іспетті классиктерді жанына жақын тұтты. Әсіресе, орыс әдебиетінің сұлу да мұңлы шығармалары оның жүрегіне терең таңба салды. Өзі де сондай биік шеберліктің сатысына көтерілген тұста да Пушкиннің романдарын қазақ тіліне аударды. Туғаннан Абайды көріп, өнегесін алған Шәкәрімнің бұл таным тамыры ұлы ақынның бейнесін оның жүрегіне мәңгі орнықтырды. Сол қуатты тамырдан күш алған таланттың өмір мектебі де сол тұлғаға деген тағзымды күшейте түсті. Көзқарасы да сол Абайдың ықпалымен қалыптасты. Абай дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылған Шәкәрімнің алдында заман ауысып, қоғам өмірі күрт, зор өзгерістерге ұшыраған жағдайда халық тағдырын, оның келешегін, ұлттық әдебиеттің даму жолдарын жаңа тілек-талаптарға орай толғап, түсіну міндеті тұрды. Бұл үшін күрескерлік те, үлкен суреткерлік қажет еді.

Шәкәрім - өзіне дейінгі және өз тұсындағы ілгерішіл әдебиеттің озық үлгілерінен суреткерлік өнердің нeбip құпия сырларына қаныққан жазушы. Ол өз шығармашылығының бастапқы сәтінен бастап, өмipiнiң соңына дейін түрік халықтары әдебиетін, әлемдік әдебиет үлгілерін зерттеп, оларды неғұрлым жетік меңгеруге деген сұранысын қанағаттандыруда еш салғырттық жасап көрмеген. Ғажайып талант иесі бола тұра, ол түрік халықтары әдебиетінің өкілдері мен әлем халықтары жазушыларының шығармаларына өз баға-пікірлерін білдіріп отырумен қатар, олардың көркемдік ізденістерін, тәжірибелерін пайымдауға, сол арқылы өзінің көpкeмдiк әлемін үнемі байытып, жетілдіріп отыруға ерекше көңіл аударған. Ғұлама, бұл ретте, : « . . . мені оқығандарымның бәрі бірдей қанағаттандырған жоқ, бipiн ұнатсам, бipiн ұнатпадым. Бірақ екеуінің де пайдасы болды, екеуінен де үйрендім, бірінен қалай жазу керектігін үйрендім, бірінен қалай жазбау керектігін үйрендім», - деген [4, 60 б. ] .

Абайдың нәр алған тұнық қайнар бұлақтарынан Шәкәрім де сусындап, өзінің ғұлама жазушылық, ғалымдық, суреткерлік дарынына азық етті. Оның қайнар көздері ауқымының мол екенін, яғни бүкіл әлем әдебиетіне қатысы жағын да ескеруіміз қажет. Әдеби дәстүрдің байлығы туралы сөз өткенде біз сол әдебиеттің атқарып келе жатқан батпандай ауыр жүгін, көркемдік-эстетикалық, идеялық-тақырыптық қабілет-мүмкіндіктерін, бір сөзбен айтқанда, тұтастай кемелділік дәрежесін басты көрсеткіш деп санаймыз.

М. Әуезовтің сөзімен айтқанда: “Дәстүр мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами түсіп өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат көрік-күй мәселесі - бәрі де түгел кіреді. Бұл сөз ғылымдық жағынан анығырақ және көлемдірек ұғымды аңғартады. ”/70, 375/ Дәстүр ұғымының түп-тамыры халқымыз жүріп өткен ғасырлар қатпарларынан бастау алса да, ол үнемі жаңарып, түлеп жататын, жаңғырып көрінетін, әрбір кезеңде жаңаша қырынан бой көтеретін жанды құбылыс. Дәстүрдің дамуы ешқашан толастамақ емес. Оның басты қасиеттері өткен мен жаңаның, яғни қалыптасқан дәстүр мен шығармашылықтағы жаңашылдық құбылыстарының өзара астасуы болса керек. Үнемі өзгеріс үстінде болатын дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердегі дамудың қайнар көзі. Сондай-ақ дәстүрлік байланыстар мен жаңашылдықтың сабақтастық ықпалы өнердің тарихи үздіксіз эволюциясын ғана емес, адам баласының көркем ой мәдениетінің өсу жолын да бейнелейтін эстетикалық қазына болмақ. Қашанда халықтың эстетикалық ой-арманы жаңа биіктерге ұмтылады, беймәлім жайлардан сыр тартуға, жаңа қайнарлардың көзін ашуға талпынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Шәкәрімнің шығармашылығы да соншалық бай қайнарлардан сусындаған, халықтың рухани ғұмырнамасындағы жауһар-жақұт қазыналардың асыл қасиеттеріне суарылған, дәстүрлік арналары бай мұраларымыздың бірінен саналады. Шәкәрім өздігінен ақын, ойшыл, қаламгер болып туа қалған жоқ. Оның алдында ұлттық мәдениеттің сан сырлы дәстүрлеріне бай белес-белес тарихи кезеңдер тұрды. Шәкәрімнің негізгі ұстаздары да осы дәстүрлер болды. Кезінде М. Әуезовтің “…дана ақынның өз халқынан және жалпы адам 18 баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз, ”- деп /71, 37/, Абайдың қазақтың ауыз әдебиетінен, Шығыс елдерінің классикалық поэзиясынан және Европа мәдениетінен үлгі ала отырып қалыптасқанын айтса, Шәкәрімнің нәр алған негіздері осы тәріздес.

Бір айырмашылығы Шәкәрімнің алдында осынау бай дәстүрлі мұралардың сыртында өзінен бұрынғы қазыналардың алтын қорытпасы секілді Абайдың ұлы ақындық дәстүрі тұрды. Шәкәрім өзінің алдындағы үлгілерді қайталаумен ғана шектелген жоқ. Қандай құбылысты болса да өзінің ойлы жүрегінің сүзгісінен өткізді, оның үздігін алды, әсіреқызылынан аулақ болды. Шәкәрім мұраларын зерттеу бағытындағы әдебиеттану ғылымының мәртебелі нысанасының өзі ақын шығармашылығының өзекті арқауы болған осынау үлгілерді айқындау, қаламгер мұрасының дәстүрлік арналарын ашып көрсету болуға тиіс.

Шәкәрім шығармаларының көркемдік-эстетикалық күш-қуаты мен салмақ сапасы да осы мәселелер тұрғысынан бағаланбақ және өзіндік ерекшеліктері сараланбақ. Шәкәрімнің ақын ретінде қалыптасуына ең бірінші кезекте казақтың ежелден келе жатқан аса бай фольклорлық мұрасы ықпал етті. Шәкәрім және фольклор жұптастығының, яғни ақын шығармашылығы мен фольклорлық дәстүрлердің сабақтастығы туралы мәсәле төңірегінде талқыға түсер тұжырымдардың тамыр-таралымы аса ауқымды. Фольклор - халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан, адамдар жадында сақталып қалған ауызша мұра ғана емес, әрбір кезең әдебиетінің көркемдік-эстетикалық бастау көзі болатын рухани қазына.

Сондықтан да “Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Алдымен сабақты шеттен емес, өзінен алуға міндетті. Жазба әдебиетіміз негізді, берік өз еліміздің әдебиеті боламын десе, өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті. ” /72, 340-341/ Шәкәрімнің фольклорлық мұраларға қатысы, ұлттық сөз өнеріндегі фольклорлық дәстүрді игеруі сан-салалы. Ең алдымен ақын өзінің туған халқының осынау бай рухани қазынасына аса қанық болды. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені казақ халқы өмір бойы кең далада еркін өмір сүріп, өзінің мәдени жауһарларын ауызша тудырды. Ұлттық әдебиет көбіне-көп ауызша өмір сүріп келді. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа есте сақтау, мәнерлеп айту арқылы жалғасты. Оның бойында эпикалық поэзияның ықпалы күшті болды. Одан кейінгі әдебиет пен өнердің туындылары көбіне-көп фольклордағы эпикалық аңыздардан нәр алды. Сол арқылы әрбір дәуірдің күрделі шындығы бейнеленді. Шәкәрім де осы ықпалдың әсерінен тыс болған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Әуезов және Абай
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Фразеологиялық тіркестерді аударуда кездесетін проблемалар “М.Б.Әләвидің «چشمهایش» романы бойынша”
Ахмет Байтұрсынұлы және «Зар заман» әдебиеті
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz