МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ҚАРАҒАНДЫ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектепке дейінгі баланың зейінін, қабылдауын оқу үдерісі барысында қалыптастыру
Орындаған: МД 11-18 тобының студенті
Жұмабаева Н.Ж
Тексерген: дипломдық жұмыс жетекшісі
Орынбасарова Ж.У
Қарағанды 2020-2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Зейін ұғымы.Зейін түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
1.2.Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3.Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.4.Зейіннің адам өмірінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ҚАБЫЛДАУЫН ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1.Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2.Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 34
2.3.Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамытуға арналған әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.4.Ойын арқылы балалардың зейінін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...49
2.5.Мектепке дейінгі балалардың қабылдауын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. 53
3.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар ... ... ... ... ... ...57
3.2. Зейінді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды .
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .
Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен арттыру жолдарын қарастыру
Зерттеудің міндеттері:
- Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
- Балаларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.
- Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және балаларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу.
- Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.
- Мектепке дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Егер оқыту жүйесінде мектепке дейінгі балалардың зейінін дұрыс ұйымдастыру және қалыптастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілсе, онда балалардың сана - сезімнің жетілуіне, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін дамытуға, ақыл-ой қызметінің белсенділігіне, жеке тұлғалық қасиеттердің толысуына қол жеткізуге болады
Зерттеудің теориялық маңызы: Зейін психологиясы бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары толықтырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Зейін қасиеттерінің арту деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы мектепке дейінгі баланың жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.
1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Зейін ұғымы. Зейін түрлеріне сипаттама
Зейін деп -- адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың "Қозудың оптимальдык, алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бойаулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды тағы басқа. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу - ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (оринтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар менадамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіргендіргіш арқылыпайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмегі жағдайлар себеп болады:
А) күшті тітіргендіргіштер ( көзді аштырмайтын жарық, жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
Ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейінінің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік, күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Ырықты зейіні мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
+ Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет
+ Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды аулататқан жөн.
+ Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
+ Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтау. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл түрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылды.
+ Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.
Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда баланың өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып балаларына және ересек адамдарға тән.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.Адамның іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде бала зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу -- қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық -- адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін.
Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "...біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады".
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 110 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5 -- 9 әріпті қамти алатынын, 12 -- 14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр.
Зейін көлемін арттыру үшін балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп,реттеуге бағытталған.Бұны перцептивті зейін деп те атайды.Ішкі зейін-сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы.Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән.Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әр ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын.Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер,елестер,ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары,ернінің жыбырлыуы,жеке сөздері айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-қозғалыстарыарқылы байқалары. Ішкі зейіндер-сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын,олардың нәтижесін болжай алмайды.Ойлай білу,ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып,талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері. Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық баланың зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран баланың зейіні басқа нәрсеге ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады.
Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың бала үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
1.2 Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: а)көлемі, ә)бөлінуі, б)шоғырлануы, в)тұрақтылығы, г)ауысуы.
а)Зейіннің көлемі-адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны.Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 110 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар,әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі.Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге тең. Егер әріптестерден мағаналы сөз құрастырсақ,онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді.Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да,сынаушы кісі сөз әріптерінің орны аусқанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқан көрінеді.
ә)Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде өлең жаттап,әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз.Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады.Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады.Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.Мысалы,жас ұстаз өз зейінін бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан,сыныптағы балаларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, балалар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін.Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады.Өзі алдында отырған кейбір балалардың тәртіп бұзып отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейіннің оған бөлінуі де ширап,сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды сапасына айналады.
б)Зейіннің шоғырлануы-адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы,оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады.Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған бала зейінін тек есептеуге,таңбаларға ғана аудармаса,онда есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда болады.
в)Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады.Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т.б жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.Зейіннің толқуын қосарланған кескін суреттерден байқауға болады.Егер квадрат салынған суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке клеткаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Сурет. Зейіннің ауытқуы
г)Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді,ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып,зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп,жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға зейіннің ауысуын қиындатады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылыу жұмысын орындаған баланың келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым бадеген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннің қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
1.3 Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлері таңдауы белсенді ми қызметтің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
Зейін механизімінің іске қосылуында бағдарлы рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі - адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Бұл рефлексті И.И. Павлов немене? рефлексі деп атады.
Зейіннің таңдамалығы ағзада болып тұратын күрделі процесспен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда 2 топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шекті) және орталық.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч. Шеррингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И. П. Павлов кең қолданған жүйке процесінің индукция заңы үлкен маңызға ие.
Сонымен зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан нерв процесінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Утомскийдің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
А. А. Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың қозудың оптималдық алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді.
1.4 Зейіннің адам өмірінде алатын орны
Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың айқындығы, сезім көрнеуі және ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады. Зейінділік күй-адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсенің қызығуы күшеюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйінің тағы бір қыры-зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау,терең ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып,оны алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан зейінсіздік туады.
Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты айқын,соған жетуіге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшілікткр байқала қоймайды.
Зейінсіздік - бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт пікір айту,өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі аяғыны дейін бітіру,адамның жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент ерекшеліктерімен байланысты еккендігі адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен анық аңғарылып тұрады.
Осы ерекшеліктері мен сипаттарына орай зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт бағдарында айқын көрініс береді. Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның саналы әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің есігі деуге болады.
Адам өміріндегі зейін ретикулярлы формациялы іс-әрекетпен байланысты мидың жалпы белсенділігімен сипатталады. Ми әрекеті зейінді әр-түрлі деңгейде қамтамасыз ететін 5 деңгей немесе кезеңге бөлінеді.
Кесте. Зейін мен мидың сергектік деңгейлері
ЭЭГ-сипаттары
Мидың сергектік деңгейлері
Зейін көрсеткіштері
Ретсіз жоғары амплитудалы белсенділік
Аса сергектік
Зейін аудару
Бета-ритм, 13-18 Гц
Белсенді, сақ сергектік
Белсенді зейін
Альфа-ритм, 8-12 Гц
Тынышты сергектік (сенсорлы тыныштық)
Диффузды зейін
Тета-ритм, 4-8 Гц
Ұйқыды күй
Зейіннің жекелеген аймақтары ғана болуы мүмкін
Дельта-ритм, 0,5-4 Гц
Терең ұйқы
Зейін жоқ
Сонымен, зейіннің дамуы ырықты зейіннің қалыптасуымен сипатталады және ойын уақытының өсуінен көрінеді. Рубинштейн бойынша 6 айдан 1 жасқа дейінгі баланың ойын ойнау уақыты 14,5 мин, ал 3-4 жаста - 50 мин, 5-6 жаста 96 мин. Сонымен қатар зейін аударылуы да кемиді; 3 жаста 10 мин ойын кезінде 3,7-ге дейін, ал 5-6 жаста 1,1-ге дейін. Мектеп жасы кезеңінде балалардың үргемеушілік себептері көбінесе, ырықсыз зейінінің тұрақсыздығынан болады. Мектеп жасында зейіннің барлық қырларының қарқынды дамуы байқалады, тек 10-13 жас аралығында біраз тежелуді көруге болады. Ересектерде зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануы аса өзгеріске ұшырамайды. Зейін көлемі, аударылуы, таңдамалылығы 18-ден 33 жасқа дейін өседі, 34 жастан зейін қызметінің тұрақталуы байқалады, ал кейінгі жылдары, 38, 41, 44 жаста, кему мен өсу алмаса жалғасады.
Зейін - жаттықтыруға болатын процесстердің бірі. Жүйелі әрі арнайы жаттығулар арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің сапасын елеулі жетілдіруге болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Негізгі бөлім
2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ҚАБЫЛДАУЫН ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды [10, 91 б.].

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады [16].

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді [10, 77 б.].
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады [10, 89 б.].
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz