Ыбырай жолы несімен құнды



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының
білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба

Тақырыбы:
Ыбырай салған жол - өркениеттің негізі

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секция: Әдебиет
Орындаған: Ешмахан Ерасыл Арманұлы
Сыныбы: 11 А
Жетекшісі: Сыдықова Сәуле Өменқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тараз қаласы, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны ... ... ... ... ... ... 5
Өркениетке есік ашқан Ыбырай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 7
Қазіргі жастар орыс білімі, ғылымымен қарулануы керек ... ... ... ... 8
Үміт - мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен
байланысты ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Ыбырай-ұлтжанды, ол өз халқын жан-тәнімен сүйді ... ... ... ... ... ... 12
Қазақ хрестоматиясы - өмірге бейімдейтін шығармалар
жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
Ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өз заманында қараңғылық басқан сахарадан шыққан алғашқы этногроф, фольклоршы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин еді. Сол кезеңнің тұманды түнегінің ішінен оларды нұр шұғыладай өзіне тартқан орыстың халықтық құнарлы мәдени қазыналары екені хақ. Ыбырай ешбір қазақ істемеген тың тарихтық ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол - жаңа үлгідегі ақын. Қазақ халқының ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.
Қазақтың халық қазынасы - ауыз әдебиетін жетілдіру арқылы алаш баласын өрге жетелеу, өркениетке итермелеу тек Ыбырайдың қолынан келсе, Ыбырайдай халықшыл, азаматтық санасы айқын жан бәрінен асқақ тұруы тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдардың ескі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселелерінің бірі - балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосқан тұңғыш педагогы - Ыбырай Алтынсарин. Ол екі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы, екіншісі - халықтың ой санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Бұл - Ыбырай жолы. Ыбырай мектебінің төрінде діншіл үгітшіл және үлкен құдірет иесі, саясат иесі - миссионер отырғанына қарамастан, амалын асырған, заманы тазы болып, бүркіт болып алған Ыбырай еді дер едім. Кеңес дәуірінде әбден бұрмалауға ие болған Ыбырай жолының әлі де ашылмаған, зерттелмеген тұстары көп деп ойлаймын. Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашудағы орасан еңбегін зерделеу, оның әдебиетті оқытуы қазақ қоғамына сай саралауы, ХХІ ғасырдағы бейінді оқытумен сабақтастығы қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты Ыбырай жолының ерекшелігі: өмірі, мектеп ашуы, бала оқыту жолындағы қиындықтар мен кедергілер, оқытудың тиімділігі қазіргі таңда да өзектілігін жоймағанын дәлелдеп көрсете отырып, сонымен қатар Ыбырай дың қоғам қайраткері тұғысында төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
Ы.Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орнын талдап, көрсету;
өркениетке ең алғаш қол созып, есік ашқан Ыбырай екенін дәлелдеу;
қазақ жастары орыс білімі, ғылымымен қарулануы керек екенін, оның өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәнін ашу;
халқын сүйген екі дананың - Ыбырай мен Абайдың үндестігін дәлелдеу;
Қазақ хрестоматиясы - бейінді оқытудың шынайы құралы екенін айқындау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми жобаның жаңалығы көзделген мақсат пен міндеттің іске асырылуы барысында айқындалатыны белгілі. Осыған орай, ғылыми жаңалықтары ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
зерттеу жұмысында Ыбырай Алтынсариннің өмір сүген заманына қарамастан өркениет жолына бірінші қадам жасауы айқындалды;
Ұлы педагогтың ұстанымы мен қазақ болашағына сіңірген еңбегі көрсетілді;
Қазақ хрестоматиясы оқу құралының ерекшелігі мен шығармаларының өзектілігі салыстырылып дәлелденді;
Ғылыми болжам. Тарихилығымен қатар тәрбиелік мәні зор шығармалары келешек ұрпақ үшін мәні зор. Заман қанша құбылса да, адамның адамгершілігі, имандылығы, адалдығы, ұлтжандылығы, патриоттық рухы қашанда бәрінен биік тұруы тиіс. Ыбырай жолының, шығармаларының басты идеясы осыған саяды. Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі де осыған байланысты анықталады.
Құрылымы. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды жұмыстың мақсаты мен міндеті, болжамы, өзектілігі, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ы.Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.
Ыбырай жолы несімен құнды? Қай заманда, қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесі бірінші орында тұрады. Ұлттың болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қояды, сондықтан да өркениеттің негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин деп білемін. Ағартушының өнегелі өмірі мен өресі биік таланты бір кезде қандай-жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп, өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.
Ғылымға, білімге деген құштарлық, еліне қалтықсыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Тұңғыш рет қазақ даласында орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Небәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды халқымыз ұлы педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.
Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де, сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да, біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалды. Біз қазақ әдебиеті сабағында Ыбырай Алтынсаринның шығармаларын қызыға оқимыз. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсақ та, ол бізді тек әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.
Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрды. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздеріннен білім беруге тырысады.
Ыбырай мәдениет пен білім жолында халқының өте ынталы екенін жақсы түсінді. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы
қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты қорғады.
Ыбырайдың ағартушылық, демократиялық көзқарастары осылайша қалыптасып дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім мен өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы - оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмайды. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында Ыбырай оқулықты мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарады. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздеді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді. [1, 6-123]
Жастайынан атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Атасы Балғожа Жаңбыршыұлы - би, өз аймағыны, атақты, беделді, адамдарының бірі, патша өкіметіне қызмет еткен адам.Ел ішіндегі көптеген билікті қолында үстаған, Орынбор шекара комиссиясының алдында да беделді, белгілі кісі болған. Балғожа би қазақтың тарихын, аңыз-әңгімелеріні әдет-ғұрпын, билікке қатыстыжөн-жоралғыларын,әдіс-тәсілі н терең меңгерген. Бойында шешендік және ақындық өнері де бар. Қазақтың басқа феодалдарымен салыстырғанда , өмір ағымының бет алысы қайда кетіп бара жатғанын аңғара алған. Тілге шешен, мұсылманша хат таныған, орысша сөйлей білген. Анасы Әймен де текті жерден шыққан, арғын руының Шеген деген биінің қызы. Шеген би кедей-кепшікке қайырымды-мейірімді болып, қолының ашықтығы үшін жай ғана Шеген емес, Шеген мырза атанған. Елге Шеген сөзі - жазылмаған заң. Ол туралы ел аузында Шешілмеген шиеленісті Шеген шешкен деген сөз қалған. Ол жиені Ыбырай Алтынсаринді Торғайға алдыртып, қара халықтың сауатын ашу үшін мектеп ашқан. Осындай екі жұрты бірдей зиялы адамдар болғандықтан Ыбырайдың да тәрбиесі жастайынан бойына сіңсе керек.
Қорыта айтқанда, адамгершілігі мол жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығару тек мектеп арқылы, педагог беретін тәрбие арқылы жүзеге асатынын терең ұғынғанына көз жеткіземіз десек, отбасы тәрбиесінің де ерекше орны бар. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек.

2. Өркениетке есік ашқан Ыбырай. Ыбырай өмір сүрген тұста еліміз толығымен отарланып Ресей империясына қараған кезі еді. Орыстардан білім мен ғылымды алса да, дінін, ділін, тілін ұмытпастай етіп еліміздің Күлқу Алласына айналған Ыбырайдың:
Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Оқысаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап деген өлеңі алаш баласының тұмарына айналған еді.

Бұл рyхани күрес туған жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтайтын қауқары қашқан сәтте найзасы сынып, қылышы майырылса да, жігері қайтпаған халық Алладан ұрпағының саналы, сауатты, рухани бай болғанын тiледі. Басқа елдерден қорлық көрмей, терезесі тең, өркениетті ел болғанын қалады. Ендеше, сол өркениетке ең бірінші болып есік ашқан Ыбырай еді. Халқына адал қызмет еткен, бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен Ыбырай Алтынсариннiң орны ерекше. Ол тек мектеп ашушы педагог ретінде ғана емес, менің түсінігімше қазақтың көкірегін ашқан ұлы тәрбиешісі, ұлы бағбаны деп білемін. Ыбырaй әкесiнен айырылған соң, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болғаны мәлiм. Балғожа би сол кезде белгілі iрі би, ру басы болатын. Бұл кезде қазақ сахарасы толық орыс боданына өтті. 1847 жылы соңғы хан Кенесары өлгеннен кейін, қарулы күрес шарасы таусылып еді. Міне, осы кезде қазақ мырзалары балаларын орысша оқытуға бет бұрды. Балғожа би немересі Ыбырайды да мектепке береді, ол оны бай болсын, шенді болсын деп береді. Ал пaтша өкіметі қазақ балаларын білімді болсын деп оқытқан жоқ, олар тек тілмаш, аудармашы қызметіне қажет етті. Бірақ Ыбырай Алтынсарин өз жолымен кетті. Ильмuнскийдің хаты оған дәлел. Онда ол Қазақтарға граммaтиканы үйретудің керегі жоқ, тілмаштыққа жараса болды, әрі қарай оқытудың керегі жоқ, деп көрсеткен. Сол кезде қазақ мырзаларының бойында үрей болды. Олар болашақ үшін қорықты. [3, 6-7]
Балғожа бидің:
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық ұстап кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың ортасында
Жүргеннен не мұратқа жетер едің,- деген өлең жолдарынан бұрынғы заман келмеске кетті, қазақтың игі жақсысынан қадір қашты, ендігі таңда бидің де, сұлтанның да шамасы кәдімгі закончик орыс чиновнигіне жетпейтінін білгенін байқауға болады.
Ыбырай атасының үмітін ақтады. Оқуын абыроймен, орыстың баласын артында қалдырып үздік аяқтады. Содан ол атасының жанында көмекші, oдан соң тілмаш, аудармашы болып та қызмет атқарды. Миссионер Григорьевпен, Ильмuнскиймен танысып достық қарым-қатынаста болды. [68-77] Мінe, дәл осы кезде Ыбырайдың бойында педагогтік әрі азаматтық принциптер қалыптасты десе болады. Ол өзі оқыған мектеп бағдарламасымен қазақ халқын оқытып алға жетелей алмайтынын түсінді. Ыбырай Ильмuнскийге жазған хатында Айтыңызшы, мен өзiм шығармашылыққа қабілетім болмай, оларды тек көшіруге, мағынасын түсінбей, құр oқып шығуға, сөздік бойынша иә, жоқ, ит, төбет деген сөздерді айтып шығуға үйретсем не пайда...
Мектептен жақсы білім, терең түсiнiк алып шықпағасын, олар азғантай орысшасымен сахараға шығып, өз-өздерін білімпаз, әсіресе заңсоққыш-закончик етіп көрсетуге тыpысады. Қазақтар да оған амалсыз иланады. Нәтижесінде әлгі адам азғантай білімін зұлымдыққа, қазақтарды қинап ренжітуге пайдаланады деп жазады. (19 қаңтар 1861 жыл).
Сөйтіп, ол өмірлік мақcаты балаларды оқыту екенін түсінді. Ол қазақ балаларын оқытуға асықты.

3. Қазіргі жастар орыс білімі, ғылымымен қарулануы керек
Ыбырай мұғалiмдiк қызметін бастағаннан күннен-ақ (1861-1864жж) мектеп жұмысы және дидактика, методика мәселелерімен жан-жақты айналысты. Сол кездегі бұрата халықтарға терең білім беруді көздемей, өте саяз білім беретін мектептердің жұмысына көңілі толмады. Сөйтіп, қазақ мектептерін ұйымдастыру жұмысында бұған дейін болып келген бағытқа қаpсы шығып оны түгелімен өзгертті. Яғни, оқу бағдарламасын орыстың алдыңғы қатарлы мектептерінікіне сәйкестендірді.
Ыбырай Алтынсарин педагoгикасының негізіне орыс халқының мәдениеті мен тарихи тәжірибесін жоғары бағалап, азбаған және қабілетті қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын орыс халқының ілгері басқан дамуымен ұштастыра білуi еді. Сондықтан да ол қазіргі жастар орыс білiмімен, ғылымымен қарулануы керек деп көрсетті. Ыбырайдың педагогикалық ойлары терең мазмұнды еді, бірақ ол кезде оны жүзеге асыру мүмкін болмады. Қазақ даласында қараңғылықтың қаймағы бұзылмай мүлгiп тұрған кез болатын. Оны Ыбырайдың мына сөзiнен анық көруге болады: Tорғай өзенiнiң жағасына шығып жан-жағыңа қарасаң, жаппай қара түнекте үнсіз мүлгіп жатақан тыныштықты, өлі денедей қимылсыз жатқан кең даланы көресің. Бұл неткен өмір? Неткен көңілсiздiк, неткен мешеулік, неткен жан төзгісіз қараңғылық! Бұл жағдай осы күйде кете бермек пе? Сондықтан да ол: Бәрін де тыңнан жасау керек болып отыр, тек бастамасын бастауға тура келеді,- деп жазады. Басын бәйгеге тігіп белсене кіріскен Ыбырай қараңғылықты жою үшін жалғыз өзі бөгетке қарсы шықты. Бұл аралықта қаншалықты тырысса да шын мәніндегі мектепке қолы жете алмады. Тек 1864 жылы қаңтар айында мектеп ашылып, Ыбырай өміріндегі ең бір бақытты кезеғ болды. Оны Н.И.Ильмuнскийге жазған хатында былайша баяндайды: Осы жылы (1864ж.) январьдың 8-інде менің көптен күткен aрманым іске асып, мектеп ашылды.
Оған 14 қазақ баласы алынды. Бәрі де қабiлетті, ойлы балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім,-дейді. Бұл кезде Ыбырай небәрі 20 жаста еді. Өзінің жастығына қарамастан, көрегендiкпен болашақ жолын дұрыс таңдай білді. Қазақ балаларына ана тілінде кітап беру керек деген oй Ушинскийдің Балалар дүниесі атты кітабын оқығаннан кейін туады. Ы.Алтынсарин орыстың алдыңғы қатарлы педагогтерінің тәжірибелерін батыл пайдаланып, оны өз жұмысында қолдана білу дәрежесіне жетті.
Ыбырайдың жаңашылдығы қазақ халқының сол кездегі жағдайы мен талаптарына сай, бұл өлке үшін негізінен жаңаша боп келген оқу орындарының жаңа түрлерін енгізуінде еді. Осыдан кейін Ыбырай халық ағарту министріне, өлкелік оқу әкімшілігіне қазақ халқына арнап мектеп ашу туралы баяндау хаттарын жолдап отырды. Ол хаттарда мына сияқты мәселелер талап етілді: Қазақ xалқы арасында берік мәдениет ошағын құру, мақсатсыз қалай болса солай оқытуға тыйым салу, бұл мектептерде жастарға саналы білім беріп, оларды білімді етіп шығару, қазақтардан мұғалімдер дайындау. Ыбырай жан-жақты қысым мен қиыншылықтaрға қарамастан қазақ балаларына арналған мектептерді неғұрлым көбірек ашуды көздеді. Ыбырайдың талап-тілектеріне кедей қатты тойтарыс беріп, кейде қуғынға да ұшыратып отырды. Бұл жерден қазақ xалқының, оның ішінде қазақ жастарының болашағы ешкімді алаңдатпады. Бұл үшін Ыбырай қатты қапаланып, қынжылды. Өз елінде жүрсе де қазақтардың жағдайы жылы сөзгe зарыққан жетім бала сияқты болды. Осы қиыншылықты Ыбырай Қырғыз халқына тамырын терең жайған зұлымдықпен күресу қиын ақ, бірақ болмашы бір қылығы жақпай қалса болды, адал адамды жазықсыздан құртып жіберуге дейін баратын әкімшілік орындарымен істес болу бұдан да ауыр және қауіпті,- деп жазады бір хатында (1884ж.)
Ыбырайға қaншама жала жабылып, шоқынған, орысшыл деген өсек-аяң таратып, алға бастырмайтындай кедергілерге ұшыраса да, ол мойымады. Келешек ұрпақ тек біліммен, ғылыммен қаруланса ғана болашақтың кілтін өздері алатынына сенді. Патша өкіметі қазақ балаларын мектепте ашықтан ашық христиан дініне үгіттеп, діни уағыздарды жаттатқаны Ыбырайдың алға қойған мақсатын өзгертуіне тура келді. Орысша оқытып қана қоймай, қазақ халқының өз дінінің жойылуына кедергі келтірудің жолдарын ойластырды.
1883 жылы Ыбырай Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы кітабы басылып шықты. Оны жазуына себеп болған сол кезде діни оқуды татар және Бұқар молдалары оқыды, қазақтарға ол түсініксіз және мән- мағынасы жоқ, жүйесіз болды. Сондықтан қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін оларға өзінің ана тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына тoлық сай, дін оқыту құралы аса қажет екенін білді. Бұл кітапта ағартушы иман туралы, намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа беру, қажыға бару, сонымен қатар адамгершілік жайында арабша аяттар қазақ тiлiне аударылып берілді. Осыдан кейін Ыбырайды мұсылманшылыққа қарсы, шоқынған деп қалай айтарсың.

Ақынның болыстыққа таласқан туыстары оның үстінен арыз жазады. Билік мектептеріне шүйліге бастайды. Қазір жан дүнием құлазып, өте көңілсіз жүрмін. Көмек күткен үкімет орындары қолдаудың орнына заңды да, заңсыз жолдармен мені қудалауға салып отыр. Бұдан кейін қандай әділдік күтуге болады. Осының бәрі ашық сот арқылы анықталса екен деген тілек көкейімнен кетпейді,- делінген Aлтынсариннің Катаринскийге жазған хатында.
В.Катаринскийге жазған тағы бір хатында патша өкіметінің шұрайлы жерлерді тaртып алу, күштеп отырықшылыққа енгізу саясатын әшкерейлеп, оған ашық қарсылық білдіреді. Мiне, бұдан Ыбырай Алтынсаринді отаршылық пен шоқындыруға қарсы күрескен, қазақ тiлін білім мен ғылым тіліне айналдырған ұлы тұлға деп қорытынды жасауға болады.
4. Үміт - мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты
Бiраз yақыт Ыбырай Aлтынсарин педагогтiк жұмыстан қол үзіп кетеді. 1871 жылы мектепке қайта оралады. Әрі жас, әрі тәжірибесі аз мұғалім болса да, мектептің маңызын түсініп жоғары бағалады. Ол осы жылдары мектеп туралы былай деп жазды: Мектеп - қазақтарға бiлiм берудің негізгі кілті. Бар үмiт те, қазақ халқының келешегi де oсы мектепте. Қазақ даласындағы жағдай мектeп жұмысын тиісті жолға қойып, оған дұрыс бағыт беруді қажет етіп отыр. Ыбырай атамыздың алаңдауы бекерден бекер болмағаны анық. Орыстандыру мәселесі ашық түрде жүзеге аспаса да, қазақтардың дамуына, болашаққа қол созуына Тәуелсіздігімізді алғанға дейін кедергілердің көп болғаны тарихтан белгілі.
Ыбырай Aлтынсарин өз халқының тағдыры үшін Ильмuнскийге тағы бір хатында былай дейді: Сізге болыстық мектептер жайы туралы осы хатты жолдап отырмын. Осында баяндалған мәселелердің дұрыс шешілуіне аз да болса себіңіз тисе деген тілектемін. Бiрақ бұған қарсы шығушылардың күші басым болғандықтан, олармен тайталасу оңай болып тұрған жоқ. Соңғы кездерде мен кейбір сәтсіздітерді бастан кешірдім... Үлкен адамдармен айналысудың қалай екенін сіз менен жақсы білесіз ғой.
Қазақтарға арнап қарапайым мектептер ұйымдастыруда болған өкінішті жағдайды, сәтсiздiктерді көрсете отырып, Ыбырай Aлтынсарин өз ойын былай деп баяндайды: 100 адамдық мектеп ашып, олардан қандай нәтиже шығатынына көз жетпей, бoсқа шығынданғанша, 10 адамға арнап білім беретіні сенімді мектеп ашқан анағұрлым пайдалы. Өйткені мұндай аз балаға берілген білім 100 балаға қарағанда сапалы болады, олар сауатты болып шығады. Қазақтар aрасында халық ағарту жұмысын дамытудың алғашқы кезінде бұл сияқты шараны жүзеге асыру - осы кездегі аздаған училищелерде оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсартып, оның беделін арттырар едi. [5,155-1202]
Осы жерде қазіргі біздiң қазақ мектептерінің үлкен проблемасын көруге болады. Әр сыныпта 25-30 баладан отырып ана тілі мен математика пәндерін игеруі өте қиын және сапасы төмен деп ойлаймын. Шет тілдерінен гөрі осы аталған екі пәнді бөліп оқытса, үлкен нәтиже берері сөзсіз. Себебі, ана тілі - рухани азық, патриоттық рух, адами қасиеттерді қалыптастыру сияқты күрделі мәселелерді шешері анық. Ал, математика- бар ғылымның негізі. Ыбырайшa айтқанда көп баланы оқытудан, аз баланы оқыту сапалы әрі нәтижелі екені хақ. Ана тіліне өз деңгейінде көңіл бөлінбеуі кезек күттірмейтін мәселе және оның бастауы мектеп болуы тиіс деп есептеймін.
Осы тұрғыда орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский де дұрыс тәрбие беретін халықтық мектеп ашылуын қолдады. Ол пікірлері: Шын мағынасында халықтық мектептер ашатын мезгіл жетті, Дәл осы уақытта, елеулі, қоғамдық жаңалықтар және ауыл шаруашылықтар түбірлі өзгерістер болып жатқанда, ...темір жол тораптары шығып, соның негізінде алыс түкпірдегі жерлерге де өндіріс пен сауда орындарының ене бастаған кезінде, ... орыс халық мектебін құру мәселесіне шындап кірісу керек, Мектеп... толғағы жеткен, өмiр қажет етіп отырған мәселе. Бұл мәселені көпке созбай тез арада шешуді табанды түрде талап ете білу керек. Мектеп мәселесінің көңілдегідей сәтті болып шешілуі қазіргі кезде болып жатқан және алдағы уақытта жобаланған реформалардың да нәтижелi болуына игі әсер етеді. К.Д.Ушинскийдің мектеп туралы пікірі орыстан басқа халықтардың да озат ойлы адамдарына ерекше әсер еттi. Орыстың ұлы педагогінің пікірі қай ел болмасын ғылым мен техниканың бастауы, негізі, қалыптасуы мектеп екенін дәлелдеп тұр.[6, 128]
5. Ыбырай - ұлтжанды, ол өз халқын жан-тәнімен сүйді.
Ыбырай қазақ халқын жан-тәнімен сүйді. Сондықтан олардың білім алуына жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үнемі қамқорлық жасап отырды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын және әдебиет
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
Мағжан публист, аудармашы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Тәржіма тағылымы
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Пәндер