Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері. Оқытудың компьютерлік технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Молекулалық физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Физика сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Молекулалық физиканы оқытудағы қазіргі ақпаратты
- әдістемелік кешен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Молекулалық физика курсын оқытудың техникалық құралдары
және компьютерлік бағдарламалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4 Оқытудың компьютерлік технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2. Молекулалық физика оқытуды жаңа тәсілдер арқылы арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.1 Интерактивті тақтаны пайдалана сабақ өткізу әдістемесі ... ... ... ... ...36
2.2 Молекулалық физика курсында диапроекторды пайдалану ... ... ... ...41
2.3 Молекулалық физика курсының есептерін шешуде алгоритмді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4 Молекулалық физикадан сабақ түсіндіруде тірек сызбаны
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
2.5 Оқушыларды молекулалық физика есептерін шығара білуге
үйретуде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесі ... ... 62
3. Молекулалық физика курсын оқытуда Phet.colorado.edu
платформасын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80
3.1 Phet.colorado.edu платформасын эксперименттер мен
демонстрациялық жұмыстарда қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
3.2 Arduino платформасында молекулалық физика курсын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..81
4. Педагогикалық тәжірибенің ұйымдастырылуы және нәтижелері ... ... ...85
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .90

Кіріспе

Молекулалык физика пәні. Микроскоптық (молекулалық) құрылысы негізінде әр түрлі агрегаттық күйлердегі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физика бөлімі - молекулалық физика деп аталады. Қозғалыстагы молекулалардың орасан зор саны жиынтығымен қамтамасыз етілетін заттың қасиеттерін зерттеу - молекулальіқ физиканың пәні болады. Өте көп сан бөлшектерден (атомдар, молекулалар немесе зарядталған бөлшекгер) құралатын денелерді немесе жүйелерді макроскоптық деп атайды. Өте көп сан бөлшектер дегеннің өлшеуіші болып, мысалы, Авогадро саны алынады. NА = 6,02*1023 моль-1. Өте көп сан бөлшектердін ықпалынан пайда болған макроскоптық жүйелердегі заңдылықтар статистикалық деп аталады. Бөлшектері аз жүйеге қатысты осы айтылғандардан статистикалық заңдылықтардың мәні жойылады. Сондықтан козғалыстың молекулалық түрін, демек молекулалардың үлкен жиынтығының қозғалысын зерттеу, молекулалык физиканың пәні болып келеді. Пәннің осындай қойылуында мәселенің маңызды екі жағы болады: 1) қозғалыстың молекулалық түрінің ерекшеліктерін өзінше зерттеу; 2) көп бөлшектерден қүралған жүйелерді зерттеу әдістері мен тиісті үғымдарын меңгеру. Молекулалық физиканың мәселелері статистикалық физика және термодинамика әдістері арқылы шешіледі, олар физикалық денелердің қүрамындағы микробөлшектердің (атомдар, молекулалар, иондар) қозғалысы мен әрекеттесуін зерттеумен байланысты. Молекулалық физиканың тарихи дамуына кысқаша шолу.
Молекулалық физиканың алгашқы калыптасқан бөлімі газдардың кинетикалық теориясы болатын. Газдың кинетикалық теориясының тарихы көне Грециядан басталады. Сол кезде грек философтары Демокрит (470-460 ж. б. ғ. д.) пен Эпикур (341-270 ж. б.ғ.д.) заттың атомдық теориясының негізін қалаған, ал кейінірек бүл теорияны дамытқан Лукреций (Тит Лукреций Кар. Заттардың табиғаты туралы. 95-55ж. б.ғ.д.). Бір ғасырдай тоқыраудан кейін газдың кинетикалық теориясы қайтадан дами бастайды. Оған үлес қосқан ғалымдар Герапат, Ватерстон, Джоуль, Клаузиус, Максвелл және Больцман. Соңғы үш ғалымды (Рудольф Клаузиус, Джеймс Максвелл, Людвиг Больцман) газдың кинетикалық теориясының басты негізін құраушылары деп есептеуге болады. Газ қоспасында массалары эр түрлі молекулалары үшін орташа молекулалық энергияның бірдей үлестірілу принципін тағайындап жэне тене-теңдік күйдегі газдың біртекті өрістегі молекулалык жылдамдықтарының үлестірілу заңын 1859 ж. ұсынған Максвелл. Осы нәтижелерді талқылау негізінде теорияның одан әрі дамуы классикалык статистикалық физиканы жарыққа шығартты (Дж.У.Гиббс). Молекулалардыц әрекеттесуі туралы алғашқы қөзқарастар беттік құбылыстарының теориясын құрастыруда дами бастаған. Бұл құбылыстарды зерттеген ғалымдар А.Клеро, П.Лаплас, С.Пуассон, К.Гаусс, Дж.У.Гиббс, И.С.Громеко және т.б. Нақты газдар теориясының дамуы Ян Дидерик Ван-дер-Ваальстың "Сұйық пен газ тәріздес күйдің үздіксіздігі" тақырыбында 1873 ж. жазған диссертациясынан басталады деп есептеледі. Молекулааралық өзара әрекеттесу алғашқы осы зерттеуде ескерілген. Физика бойынша Ван-дер-Ваальс 1910 ж. Нобель сыйлығының лауреаты атағын алған.Молекулалық физиканың жаңа даму дәуірі XX ғасырдың басынан басталады. Броундык қозғалысты зерттеу нәтижелерінен молекулалардың нақтылығы дәлелденеді. Эксперименттік зерттеулерге зор үлес қосқан Ж.Б.Перрен мен Т.Сведберг, ал теориялық жағынан А.Эйнштейн мен М.Смолуховскийдің зерттеулері жатады. Қатты дене, сұйықтар құрылымы жоне олардың фазалық ауысу кезіндегі касиеттері рентгенқұрылымдық талдау, электронграфия, нейтронграфия эдістерімен XX ғ. жете тексерілді. Кванттық механика негізінде молекулааралық өзара әрекеттесулер ілімі М.Борн, ФЛондон, В.Гейтнер, П.Дебай деген галымдардьгц еңбектерінде көрініс тапты. Молекулалық физика қарастыратын мәселелер өте кең. Мысалы, заттардың құрамы мен кұрылымы, олардың қасиеттерінің сыртқы әсерлерден өзгеруі, тасымалдау құбылыстары, фазалық тепе-тендік және фазалық ауысулар, заттың сындық (критикалык) күйі жэне т.б. құбылыстар физиканың осы бөлімінде қарастырылады. Молекулалық физика көзқарасының негізінде металдар физикасы, полимерлер, плазма физикасы, кристалфизика жэне т.б. физика бөлімдері қалыптасқан. Дербес бөлімдері болып статистикалық физика, физикалық кинетика, химиялык кинетика, катты дене физикасы, молекулалык биология жэне т.б. ғылым салалары дамыды. Объсктілердің өзгешеліктері мен зерттеу әдістеріне қарамастан, барлық жағдайда молекулалық физиканың басты идеясы - заттың макроскоптық қасиеттерін, оның микроскоптық (молекупалық) құрылымына сүйеніп бейнелеуі сақталады.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін анықтау.
Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ, жаңашыл физик - мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада жүзеге асырып келеді.
Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік ебедейлігіне байланысты екендігі даусыз. өйткені, физиканы оқыту үрдісін жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалім болып саналады. Сабақтың жүргізілу барысы оның педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық қабілетіне байланысты.
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - еліміздің экономикасын, мәдениетін, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, оқушылардың ой - өрісін дамытып, алған білімдерін жан-жақты жетілдіреді, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен, физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың бір мысалы ретінде біз Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей,және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы , ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.
Заман талабына сай физика пәні де оқыту әдістері және оқыту түрлерімен толықтырылып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін тереңдету үшін әрбір мұғалім, түрліше оқыту әдістерін ұсынып отыр. Ал біз соның тиімділерін өзімізге лайықтап пайдаланып және жас ұрпақты оқыта және тәрбиелей білсек, бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ.
Тақырып өзектілігі: физика пәні бойынша жаңа ақпараттық технологиялар жана оқыту әдістемелерінің қолдану.
Жұмыстың жаңашылдығы:
Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану үшін қажетті бағдарламалар іріктеліп, олардың жұмыс істеу принциптері анықталды;
Қазіргі таңда өзекті болып отырған Web-сайттарды, электрондық оқулықтарды құруда кең түрде қолданылып жүрген Macromedia Flash бағдарламасының негізінде қозғалыстарға арналған бірнеше есептерге бағдарлама қарастырылды.
Зерттеу нысаны - Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі.
Жұмыстың мақсаты: компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, физикалық есептерді шығару.
Жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылды:
Физикалық есептерді компьютер арқылы демонстрациялаудың негізі болып табылатын Macromedia Flash бағдарламасын оқып үйрену;
Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен демонстрациялау үшін есептер дайындау;
Қозғалыстарға арналған есептердің компьютерлік бағдарламасын дайындау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында жасалған физикалық есептердің компьютерлік бағдарламаларын жоғары, орта арнаулы оқу орындарында оқытуда қолдануға болатындығында.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗІ

1.1 Молекулалық физика сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін қолдану

Қай пәнді болса да мектепте оқытудың әдістемесі болуы қажет екендігі белгілі. Физика пәнін қазақ мектептерінде алғаш оқыта бастаған кезде, физика пәні мұғалімдері көбінесе, орыс тілінде жазылған әдістемелік құралдарды, орыс тілінен аударылған оқулықтарды пайдаланып келді. Онда кездесетін атау сөздер (терминдер) сол орыс тілінен аударылған оқулықтар бойынша оқытылды.
Қазақ топырағында физика-математика ілімінің негізі ертеректе қаланғанымен, ол кездегі өркениеттің тарихи дамуының әр түрлі қиянаттарына төтеп бере алмай өшуіне сәйкес, физика-математика одан әрі өркен жайып дами алмады. Ұлы ғұлама әл-Фарабиден бастау алатын, басқа да Отырарлық ғұламалардың физика мен математикадан жазған еңбектері алдымен шығыстық ғылымға, қала берді жалпы әлемдік ғылымға қосылған бай қазына еді. Бұл қазынаны игеруіне біз енді ғана кірісіп жатсақ, өркениетті елдер ғасырлар бұрын игеріп алған және де ол еңбектер әлемдік ғылымды дамытуға сүбелі үлесін қосты да.
Өзге тілді қалыптасқан ілім жетістіктерін қазақша сөйлету, қазақша ғылым тілін тұрақты қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. Олай дейтініміз, мемлекетімізді тиянақты етудің де бірден-бір тірегі осында деп білеміз, яғни қазақ тілін ғылым тілі ретінде орнықтыруда.
Қазіргі мектепте қолданылып жүрген физика-математика оқулықтары қазақы емес жаппай аударма болып келеді. Ондағы қазақы атаулар жоқтын қасы, сондықтан да түсінуге өте қиын. Жоғары оқу орындарына арналған физика мен математикадан жазылған оқулықтар да өте аз. Қазақ тілінде жазылған физика-математика оқулықтарын сөйлету мәнері қалыптаспаған, сөз тіркестері, әр түрлі тұжырымдар, қисынды ой орамдары орыс тіліндегі нұсқаның көшірмесі ғана.
Қазақ тілін белсенді түрде ғылымға енгізу мәселелері осыдан барып туындайды, ол үшін алдымен физикалық, математикалық атаулардың қазақша баламаларын жасап, оларды орнықтыру қажет. Орнықтыру үшін әр түрлі сөздіктер жасалынып, ғылыми еңбек жазу барысында пайдаланылады. Оқулықтар, ғылыми көпшілік әдебиет жазу ісі де жеделтіледі. Аударма әдебиеттер жасау ісі де қалыпқа келтіріледі. Осы ауқымды істер барысында атауларымыз жұмырланып, реттеліп, шалағайлығынан таза болып, жүйелі түрде өмірге енеді.
Физика, математика, химия, т. б. салаларында қазақ тілі еркін, жан-жақты сөйлейтін болуы керек. Физиканы оқытудың алғашқы басқышында сабақтың ең жақсы формасы - әңгімі сабақ болатыны анықталған. Мұғалім жаңа сабақты әңгімелеу арқылы түсіндіреді, оқушылар бұған белсене араласып, сұрақтарға жауап береді, тәжірибелерден өзіндік қорытынды жасайды, құбылыстарды түсіндіреді.
Физиканы оқытудың әдістемесіне қойылатын жалпы талап дамыту мақсатындағы оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың физикалық ойлауын дамыту. Дамыту мақсатындағы оқытуда сабақтың негізгі қағидаларын түгелдей айтып шығу мүмкін емес, жаттап оқытуды төмендету қажет. Оқытудың дедуктивтік, индуктивтік тәсілдерін қолдану жеткіліксіз.
Оқушылардың ойларын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен шығара білуін қалыптастыру үшін жүйелеп оқыту әдістерін қолдану қажет. Оқушы жаңа есепті өзінде бұрын бар біліммен шығарады. Есеп шығару кезінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асырады. Оқытудың алғашқы сатысында, оқушылар оқулықтардағы берілген есептер мен жаттығуларды орындай отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдылануы қажет.
Есептерді шығаруға оқытудың түрлерін пайдалану, оқушының танымдық қызығушылығын арттырады. Ол үшін есептің мазмұнын дұрыс таңдай білу керек. Тарихи мазмұнды есептерге, экспериментті есептерге, сурет бойынша берілген есептерге, өлшеуіш приборлармен жұмыс істеу есептеріне ерекше мән беру керек. Оқушыларға алдымен ізделінетін шаманы теорияда анықтап, есептеу нәтижесінтәжірибе жүзінде тексеретін есептер пайдалы, қызықты іске асырылады. Сапалы есептер шығара отырып, оқушы математикалық есептеулерге көңіл бөлмей, құбылыстардың физикалық мәніне ой жібереді, ойды дамытады, жауабын дәлелдейді. Сапалық есептерді материалды пысықтаған, қорытындылаған кезде, талдау жүргізіп орындаған жөн.
Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар арқылы оқушыларды ғылымдағы зерттеудің эксперименттік әдістерімен таныстыру, эксперименттік шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілетін жұмыстар оқушының физикаға деген сүйіспеншілікті дарытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша әдебиеттер оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін және алған мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын баяндамалар, хабарламалар жасайтын, әзірленген приборларды демонстрациялайтын оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу керек.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін анықтау.
Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ, жаңашыл физик - мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада жүзеге асырып келеді.
Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік ебедйлігіне байланысты екендігі даусыз. ¤йткені, физиканы оқыту үрдісін жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалім болып саналады. Сабақтың жүргізілу барысы оның педегогикалық шеберлігі мен шығармашылдық қабілетіне байланысты.
Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Мұның негізін салған атақты чех педагогі - Я. А. Коменский. Бұл соңғы төрт ғасыр ішіндегі ашылған ең ірі, әрі маңызды педегогикалық жаңалыққа саналады.
Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей,және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы , ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынандай бірнеше түрлері болады:
жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;
есеп шығару сабағы;
зертханалық сабақ;
қайталау және қорытындылау сабағы
оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы;
оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы;
оқушылардың білімдерін тексеру сабағы;
барлық мақсат біріктіріліп қойылған кешенді сабақ;
Мектеп практикасынан белгілі мұндай әр түрлі сабақтардың жеке дара күйінде өтуі сирек кездеседі. Көп жағдайларда олардың 3 - 5 түрін біріктіріп, бір сабақта аралас сабақ түрінде өткізеді. Себебі, бір сабақтың өзінде жаңа материал түсіндіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, зертханалық жұмыстар орындаттырады, есеп шығарып үйретеді. Сондай-ақ, сыныпта өткізілетін сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болу керек.
Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, формулаларды қорытып шығаруда, теңдеулерді түрлендіруде, құбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстылыққа анықтауда өткізіледі. Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынандай бөліктерден тұрады:
кіріспе түсінік немесе жаттығу;
келелі жағдайлар туғызып, оны шешуді ұйымдастыру;
бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар арқылы зерттеу;
алынған нәтижелерді талдау;
жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру;
үйге тапсырма беру.
¤зінше ерекше қиыншылықтары көп сабақ - оқушылардың жалпы еңбектік, оқу ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру, не дамыту сабағы. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика пәнінің оқу бағдарламасының соңында көрсетілген сабақтың түріне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады.
Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен тарауды немесе бөлімді қайталау және қорытындылау сабақтары.
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Бұл сабақ жеке оқушыдан немесе сынып бойынша есеп шығару, физикалық диктант, тест арқылы, реферат-баяндама жасау, сын жұмысын алу сияқты программаланған тәсілдермен жүргізіледі.мұндай сабақтың құрылымдық бөлігі мыналар:
бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме,
оқушылардың шығарған есептері мен тестік жұмыстарына түсінік беру,
оқушылардың жазған рефераттарын немесе баяндама хабарларын тыңдап, талдау,
диа-кинофильм немесе телевизиялық хабарды көрсету
мұғалімнің қорытындалуы,
үйге тапсырма беру.
Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Экскурсия оқуды өмірмен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың практикада қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын, техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бағыттайтын кез екенін, оның дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі айтып, түсіндіріп отырғаны жөн.
Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де негізінен, мынандай 5 кезеңге бөлінеді:
ұйымдастыру кезеңі (2 - 3 мин);
үйге берілген тапсырмаларды сұрау (10 - 15 мин);
жаңа тақырыпты түсіндіру (20 - 30 мин);
жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3 - 5 мин);
үйге тапсырма беру (1 - 3 мин).
Физикадан өткізілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік,практикалық тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

1.2 Физиканы оқытудағы қазіргі ақпаратты - әдістемелік кешен.

Физиканы оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық технология бұрынғы оқыту процесінің құралдарының рөлін алмастырды, ал замандас ақпараттық техникалық құралдарын қолдану оқу процесі болып жатқан ортаны өзгертеді. Қазіргі заманғы сапалы да жаңа оқыту құралдарын құруға мүмкіншілік жасайды.
Сонымен ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталған физиканы оқыту құралдарының айқын жүйесі құралды.
Оқыту құралдарының осындай жүйесі электрондық сандық сақтаушылардағы оқу - әдістемелік әдебиеттермен бірге жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытуда физика мұғалімнің ғылыми еңбек ұйымдарын (ҒЕҰ) және оны оқушыларға ақпараттық - әдістемелік кешенді (АӘК) құрастырады. 1.1 - суретте ақпараттық - әдістемелік кешен құрастырушы кампоненттер келтірілген.
АӘК - ға кіретін кампоненттер құрамын және олардың физика бойынша оқыту процесіндегі функционалды рөлін қарастырайық.
АӘК кампоненттерінің барлық жинтығын шартты түрде үш модульге бөлуге болады: электронды оқу - әдістемелік әдебиеттер, оқыту құралдарының жүйесі және ғылыми еңбек ұйым құралдарының жүйесі.
Қазіргі заманғы физиканы оқытуды оқулықтар, анықтамалар, дидактикалық материалдар, есеп жинақтары, конспектілер және сабақ жоспарлары, ғылыми және педагогикалық әдебиеттер, техникалық әдебиеттер, физика тарихы бойынша әдебиеттерсіз және т.б, елестету мүмкін емес. Барлығы қазіргі заманғы ақпарат сақтаушы құралдарда көрінуі мүмкін (магиттік тегеріштерде, оптикалық тегеріштерде, электрондық флэшь карталарда және т.б, ). Бұл физика бірінші модулін құрастырады.
Оқыту құралы жүйесінің екінші моделіне теориялық материалды зерттеуге арналған және физикалық тәжірибелерді орындауға араналған қажетті дидактикалық ақпараттық құралдары қосылады.
Теориялық материалдарды зерттеу үшін арналған дидактикалық ақпараттық құралдарды былай бөлуге болады:
Баспалы ақпараттық әдебиеттер - әртүрлі физикалық таблицалар, плакаттар, студентер; дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар - диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, обьектілер, дыбысты материалдар; жаңа дидактикалық ақпараттық құралдар - диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, кампьютерлік слайдтар және слайд - фильмдер (презентация), электронды сандық оқытушы және бақылаушы бағдарламалар, мдльтимедиалар.
Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдардың жетіспеушілігі олардың қажетті кезде тексере алмауына, оқу материалын түсінбеу және оқылатын жауаптардың көшірілмеуіне әкеледі. Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдардың қолданылуы мұғалімге жүктелген функция және көп еңбекті талап етеді. Оған бұқаралық білім қиындықтары байланысты, әрбір оқылатын материал әр оқушы үшін дарабақылануы қажет. Бұл талапқа жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдармен оқытылатын елдерде сәтті болмай жатыр.
Физиканы оқытудағы ақпаратты - әдістемелік кешен
Физиканы оқытудағы ақпаратты - әдістемелік кешен
Электронды оқу - әдістемелік әдебиет
Оқыту құралдары
ҒЕҰ құралдары
Теорияны қолдау үшін
Экспериментті тарату үшін
Баспалы
Дәстүрлі
Жаңа
Демонстрациялық
Лабораториялық
Көмекші
Компьютерлік Модельдер
Электронды оқу - әдістемелік әдебиет
Оқыту құралдары
ҒЕҰ құралдары
Теорияны қолдау үшін
Экспериментті тарату үшін
Баспалы
Дәстүрлі
Жаңа
Демонстрациялық
Лабораториялық
Көмекші
Компьютерлік Модельдер
1.1-сурет. Ақпаратты - әдістемелік кешеннің блок - схемасы.

Дәстүрге қарағанда жаңа (компьютерлік) дидактикалық ақпараттық құралдар оқылатын жауаптарды қабылдау қабілеттілігіне және оларға артықшылық болып табылады. Ол физиканы оқыту процесін басқару функцияларын жаңа дидактикалық ақпараттық құралдарға орындауға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдарыды жаңамен бітіреттіндеп аухтыруы мультимедиалық жүйені қолдану физика бойынша оқу ортасында жаңа бағыт болып табылады. Қазіргі кезде оқу - әдістемелік кешен құрастыруда әліде дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар сақталуда, сондықтан жаңа деңгейге жету бірте - бірте орындалып келеді.
Физикалық тәжірибелер орындауға арналған оқыту құралдарына мыналар жатады: компьютерлік техникамен біріктірілген оқу жабдықтары және физикалық құбылысты, процесс немесе обьектіні моделдейтін дидактикалық ақпараттық құралдар. Оқу жабдықтары физикалық эксперименттің түрі бойынша жіктеледі, демонстрациялық, фронтальды жұмыс үшін, практикум зеттханалық жұмыстар. Физикалық экспериментті сүйемелдеуге арналған жабдықтарға әртүрлі қосалқы зертханалық жабдықтар жатады. Бұл физикалық мөлшердің көрсеткіштері сандық бейнетехникалық аппараттар, аналогты сандық және санды аналогты түрлендіргіштер, электірлік және оптикалық кабельдер және т.б, болып табылады [1].
Қазіргі заманғы қосалқы - зертханалық жабдықтардың қолданылуы физикалық параметірлер туралы хабарды жинауға мүмкіндік туғызады, оқытуда физикалық процестерді болжау және болжау нақтысын тексереді компьютерлік техника арқасында жүзеге асырады.
Қазіргі заманғы мектептің физикалық эксперименті микропроекциялардың ұлғаю мүмкіндігін талап етеді. Сол үшін компьютерлік техникамен бірге қосалқы санды бейнетехникалық ақпаратты қолданады. Мұндай микропроекцияларды үлкен аудиторияларда демонстрациялау үшін бейне проекциялық аппаратты қолданады.
Дистанциялық оқытуда лабораториялық тәжірибені орындау үшін автаматтандырлған лабораториялық кешендерді қолданады. Мұндай комплекісті қолданатын оқыту техникасы оқушыны шынайы уақыттағы лабораториялық тұрақтылыққа ұйретеді.
Сонымен қатар оқуда физикалық экіспириментті орындау құралдарына кампьютерлік моделдер, демонстрациялық физикалық құбылыстар, працестер және обьектілер жатады.
Физиканы оқытуда қазіргі заманғы процесс ЗАТ - ң қолданылуы кампьютерлік жүйе және телефон құралдары деңдейдегі телекмоникациялық, телевизиялық, спутниктік байланыстарсыз мүмкін емес. Мұндай жүйелер мектепшілік жергілікті сияқты аймақтық глобальды масштабтарда да оқу ақпараттарын қабылдауды орындайды. Телекмоникация құралдары ҒЕҰ құрамдар моделіне кіреді. Бұл модель құрамына физика мұғалімнің ескішілді қабілеттерінің азаюуына әсер ететін әртүрлі қазіргі заманғы техникалық құралдар кіреді. техника баспа жұмыстары орындалуы үшін, оқу материалын көбейту үшін, оқу анықтамалық материалдарды сақтау үшін қызымет етеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану өзімен бірге физиканы оқытуда жаңа педагогикалық техналогияны алып келеді. Басқа да процестер сияқты бұл технологияда бейімделуді талап етеді.маңыздысы бұл процесті ұзарту емес, физиканы оқытуда әртүрлі мүмкіншіліктері бар қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың жаңа педагогикалық технологиясын енгізеді.

1.3 Молекулалық физика курсын оқытудың техникалық құралдары және компьютерлік бағдарламалар

Қазіргі кезде ақпараттык технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жекелеме пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып отыр. Оқушыларды компьютер әлеміне баулу арқылы тек қана информатика сабағын ғана емес, басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануы қажет. Мысалы, физика пәнінің сабақтарында компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардын ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Мектептің қазіргі даму кезеңінде бұрынғы үйреншікті оқу жүйесін жаңа сападағы оқу жүйесіне ауыстыру мақсаты тұр - өте білімді, өздігінен тиімді ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді адамды тәрбиелеу. Бұл жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болуы табиғи. Осыған байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Мұғалім үшін:
Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
· Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
Ақпараттың қолжетімділігі;
Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
Өзінше ойлауды дамытады;
Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Компьютерлік сабақтардың түрлері
1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
2. Компьютерде өтілетін сабақ
3. Интернетпен өтілетін сабақ
Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді.
Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:

Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:

Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын - мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады. Мысалы, физикадағы фундаментал-ды тәжірибелердің компьютерлік сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың, электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған - Фотоэффект, Молекулалық физика, Электромагнетизм. Трансформатор, Радиоактивтілік және атом ядросы, Атом мен оның ядросының құрылысыжәне т.с.с. .
Компьютерде өтілетін сабақ
Сабақты не оның бір бөлігін оқушылардың тікелей компьютерлерде жұмыс істеуі арқылы өткізуге болады. Әрине, бұл сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай қажеттіліктен туындауы тиіс. Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер - оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет.
Мұндай сабақтарда мұғалімнің компьютерлік техника мен программаларды, локал желіні немесе интернетті дұрыс басқарып, сабақты техникалық жағынан дұрыс ұйымдасты-ру ролі өте маңызды. Оқушылардың ешбір техникалық кедергісіз үздіксіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап, мұғалім негізінен бақылаушы, көмекші ретінде іс-әрекет жасауы тиіс. Оқушылар еркін оқып, еркін қимылдауға мүмкіндік алып, дербестікке, өздігінен ойлау мен іс-әрекет жасауға дағдыланады. Компьютерлік сабақтарды осы айрықша пайдалы мүмкіндігі үшін өте ұнатамын. Өйткені біздің оқушыларда осы айтылған дербестік - өзінше ойлау, өздігінен шешім қабылдап, өзінше іс-қимыл жасау әсіресе төмен дәрежеде. Ал бұл қасиет жеке тұлға болып қалыптасудың ең алғы шарты және қазіргі заманға сай білім парадигмасының өзі дербес тұлға тәрбиелеуге бағытталған.
Интернетпен өтілетін сабақ

Қазіргі кезде Интернетте кез-келген пән бойынша оқу материалдары артығымен жеткілікті. Тіпті youtube, kaztube, educator, iLearning және тағы басқа видеохостингтерде дайын видеосабақтар толып тұр. Оларды сабақтан тыс уақытта интернеттен жүктеп алып пайдалану бір басқа, ал егер мектеп интернетінің жылдамдығы мен сапасы жоғары болса, көптеген сабақтарды тікелей интернетке қосылу арқылы онлайн режімде өтуге болады. Небір өте мазмұнды көрнекіліктерді де интернеттен тікелей онлайн пайдалану мүмкіндігі бар. Онлайн есеп шығару, онлайн тест тапсыру, онлайн оқулықтар оқу және т.б. өте қолайлы жасалған оқу құралдары барын, онлайн конференциялар мен семинарларға, пән олимпиадаларына қатысуға болатынын қазіргі кәсіби мұғалім білуі және пайдалануы міндетті деген сенімдемін. Мұндай сабақтар өте көңілді де қызықты, оқушылардың өте жоғары белсенділігімен өтеді. Сабақтардың мазмұны да барынша терең игеріледі. Бір ғана маңызды шарты - мектеп интернетінің мүмкіндігі, яғни жылдамдығы өте жоғары болуы керек! Бұл мәселеде біздің қазіргі бірінші проблема осы. Тіпті мұғалім өзінің арнайы жеке оқу сайтын жасап, оны оқушыларды қашықтан оқытуға пайдалануына болады. Оқушы кез-келген уақытта, кез-келген жерде еркін оқи алатын жағдай жасалады.
Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану
Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда пайдаланудың ең болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік модельдеу болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға да жол ашады. Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді.
Компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді. Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау қабілет-дағдыларын анағұрлым дамытады. Қазіргі кезде физиканы оқуға арналған компьютерлік программалар өте көп. Оларды интернеттен еш қиындықсыз жүктеп алып, мектеп компьютерлеріне орнатып, физика сабақтарында пайдалануға болады. Бұл программаларды сабақтарда пайдалану мақсатына сай былай топтауға да болады:
v оқыту программалары;
v демонстрациялық программалар;
v компьютерлік модельдер;
v компьютерлік лабораториялар;
v лабораториялық жұмыстар;
v есеп топтамалары;
v бақылау программалары;
v компьютерлік дидактикалық материалдар.
Әрине, көптеген программалар осының бәрін қатар пайдалануға арналған әмбебап түрде жасалады. Бұл мұғалімге де, оқушыларға да өте ыңғайлы. Мысалы, мынадай сабақтар өтуге болады:
Зерттеу-сабақ. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар компьютерде кіші-гірім зерттеу жүргізіп, керекті нәтижелер алуға жұмылдырылады. Бұл компьютерлік модельде өте жылдам орындалады. Оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде жаратуға мүмкіндік алады. Физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып, мәнісіне тереңірек үңіледі. Мұғалім тек көмекші ретінде қолдауы керек.
v Физика есептері модель түрінде беріледі. Есептерді шығарып, артынша нәтижелерін компьютерде бірден тексеру сабағы. Нәтижелер компьютерлік модельде тәжірибе түрінде тексеріледі. Оны әрбір оқушы өздігінен жасап, шығармашылық-танымдық қызығу тудырады. Бұл бір ғылыми зерттеу секілді өтуі мүмкін. Есептерді оқушылардың өзіне құрастыруға беруге де болады.
Қазіргі кезде практикалық сабақтарды интернеттегі виртуал лабораторияларда онлайн режімде өтуге де болады. Мысалы, http:virtulab.net , http:www.fxyz.ru , т.б. сайттарында. Тек олар орыс тілінде, қазақ тілінде әлі мұндай мүмкіндік жоқ. Мысалы, төменде молекулалық физика тарауында көрсетуге болатын демонстрациялық жұмыстар тізбегі көрсетілген.

Ал мұнда Молекулалық физика курсын толығырақ түсініп, есептер шығара алу үшін теория мен формулалар жинағы қамтылған. Бұл http:www.fxyz.ru сайты. Молекулалық физика курсын терең меңгеруге жоғары оқу орындарында және ерекше дарыны бар оқушыларды олимпиадаларға дайындығы барысында көмегі тиеді деп ойлаймын.

Менің физика сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану тәжірибемнен
Пайдаланатын компьютерлік электрондық оқу құралдары:
1. Тақырыптық электронды көрнекі құралдар - суреттер, плакаттар, мәтіндік тапсырмалар;
2. Электрондық оқулықтар - физика оқулықтары, мәтіндік құжаттар, презентациялар, видеофильмдер;
3. Лабораториялық жұмыстар;
4. Есеп жинақтары мен бақылау тесттері.
Қолданатын компьютерлік технологиялар - мультимедиа сыныбы:
1. Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері;
2. Мұғалімнің жеке ноутбугы;
3. Проектор;
4. Локал желі;
5. Компьютерге орнатылған офистік және оқу программалары;
6. Интернеттің оқу-білімдік ресурстары;
7. E - learning оқу жүйесінің ресурстары;
Физика сабақтарын өту технологиялары:
1. Мультимедиалық сабақ - жаңа тақырыпты түсіндіру, проектор мен локал желіні пайдаланып электрондық материалдарды көрнекі түрде ұсыну;
2. Компьютерлік сабақ - оқушылардың компьютерде өздігінен оқуы, қайталау, есеп практикумы, лабораториялық жұмыстар, тест тапсыру сабақтары;
3. Шығармашылық сабақтар - оқушылардың өздігінен еркін тақырыптарда компьютерде шұғылдануы. Компьютердегі немесе интернеттен физика тақырыптарына арнайы фильмдер көріп, талдау.
Физика және басқа пәндердің де сабақтарында арнайы құрастырылған компьютерлік бағдарламаларды қолдану нәтижесінде оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артып, білім сапасы жоғарлайды. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті ізденгіштігі. ОТҚ-ын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.
Ізденімпаз жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік, оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесін көрсетеді. Күнделікті сабақтың ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады [6].
Сонымен бірге сабақта компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Білім берудің кез келген саласында Электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі -- оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Ақпараттандыру процесінде компьютерлендіру аса маңызды бөлім болып табылады. Бұл ұғымды сипаттай келе А. Ракитов компьютерлендіру -- адамның ЭЕМ-мен дербес қатынас жасай білуін қамтамасыз ету деп есептейді. Компьютерлендіру өндіргіш күштер және оны техникалық құрастыруға қатысты жүзеге асырылады. Оған қоғамдық өмірді жан-жақты қамтитын ақпараттандыру процесі жалғасады. Қазіргі ЭЕТ мен ақпараттық жүйені қолдану іс-әрекеттің әлеуметтік мәнінің тиімділігін жоғарлату, жетілдіру негізі болып табылады.
Орта білім беруді ақпараттандыру процесі мен оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы арасындағы байланыс орта мектепте физиканы оқытудың мазмұнына әсер ететіні байқалды.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
-- методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
-- әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
-- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
-- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
-- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
-- өз бетімен білім алу, біліктілігін қалыптастыру;
-- информациялық оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
-- тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Алдымен жаңа информациялық технологияға (ЖИТ) көшпей тұрып оқу-тәрбие процесінде білім беруді информатикаландыру мүмкін емес.
Білім берудегі ЖИТ -- оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.
Оқытудағы ЖИТ аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
ЖИТ-тің негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатқа пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. ЖИТ-тің білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.
Білім беруде ЖИТ:
-- оқып үйренушілердің адамға тән тұлғалық сапасының негізгі үйлестілігі болып табылатын жеке қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына;
-- оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге тырысуға;
-- оқыту мен тәрбие процестерінің мазмұнын, формасын динамикалық дамытуға мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
-- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
-- жасалынған және дамып келе жатқан телекаммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;
-- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
-- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Оқытудың дистанциялық формасы оқушыларды даярлауда және білім беруде маңызды формаға айналып отыр.
Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпараттық ағымы мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттен іс-әрекетке сәйкес пәндік аумақта деректер қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамытудың бастауы мектептегі информатика курсын оқытудан басталады.
ЭЕМ-нің оқу процесінде енгізілуі және Информатика мен есептеуіш техникасы негіздері курсының міндетті түрде орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте Информатика пəнін оқытудың маңыздылығы
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
Қазіргі замандағы танымдық тәжірибенің тапшылығы
Проблемалық оқыту әдісі
Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері
Пәндер