Ақша айналымын болжамдық жоспарлау


Кіріспе3
1. Ақша түсінігі6
1. 1 Ақша жүйесінің түсiнiгi және элементтері6
1. 2. Ақша жүйесінің элементтері9
1. 3. Ақша айналысының заңы13
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі15
2. 1 Қазақстандағы ақша реформалары15
2. 2 Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге19
2. 3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары21
2. 4 Қазақстан республикасының ақша-кредит саясаты22
2. 5 Қазақстандағы карточка жүйесі30
3. Қазақстан республикасының ақша айналымы39
3. 1. Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру41
3. 2. Қолма-қол ақша айналымы43
3. 3 Ұлттық Банктің мұражайы46
3. 4. Қазақстан Республикасының банкноттары51
3. 5. Қолма-қол ақшасыз айналым54
Қорытынды58
Қолданылған әдебиеттер60
Кіріспе
Ақша - бұл біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Қазіргі адам өзін ақша айналысынсыз нарықтық экономиканы елестете алмайды.
Екінші жағынан, ел тұрғындары айналымда шығарылған қағаз ақшаларды жалпыға танымал айырбас құралы ретінде қабылдайды. Адамдар қағаз кесінділерінің экономикада ақша рөлін атқару қабілеті бар екенін мойындайды, өйткені олар үкіметтің ақша шығарушы ретіндегі монополиялық жағдайын пайдаланбайды және қағаз ақшаны сирек пайдаға айналдырады деп сенеді. Сондықтан, олар қазіргі ақша жүйесін фидуциарлық дейді (латын тілінен аударғанда . "fiducia"- сенімге негізделген мәміле) .
Ақша жүйесінің мазмұны, түрлері мен элементтері туралы идея ақша эволюциясын тарихи талдаудан туындайды. Белгілі болғандай, даму процесінде тауар ақшасынан металл ақшасына, металл ақшасынан қағаз ақшасына біртіндеп көшу жүреді. Қазіргі уақытта қағаз ақшалар экспрессияның виртуалды формаларына қатысты сапалы өзгеріске ұшырайды.
Елдің ақша жүйесі - бұл дәстүрлі түрде бекітілген және заңмен рәсімделген ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи дамыған ұлттық жүйесі. Мемлекеттердің ақша жүйелері ақшаның түрлері мен формалары дамыған сайын пайда болады және дамиды.
Елдің ақша жүйесінің сипаттамалары оның типі мен құраушы элементтерін анықтауға негізделген.
Ақша жүйесінің түрлері, ең алдымен, ақшалай материалдың (металл, қағаз) формасына байланысты анықталады.
Осы принциптің негізінде ақша жүйелерінің негізгі типтерінің келесі жіктемесін беруге болады:
-металл (монометалл және биметалл) ;
-қағаз несиесі.
Ақша жүйесін басқару принципі - мемлекет елдің ақша жүйесін ұйымдастыратын ережелер жиынтығы.
Ақша жүйесінің құрылымы және оның элементтері басқару мен қызмет етудің жалпы принциптеріне сәйкестік өлшемімен анықталады және елдің заңнамасымен реттеледі. Тауар экономикасы дамуының әр түрлі кезеңдерінде ақша жүйелерін құру нысандарындағы айтарлықтай айырмашылықтармен, ұлттық басқарудың әртүрлі формаларымен, барлық жүйелердің кейбір ортақ белгілері бар. Заңмен ресімделіп, олар ақша жүйесінің құрамдас бөліктерін құрайды.
Елдегі ақша жүйесінің болуы көптеген экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайлармен, ең алдымен қоғамның даму деңгейімен алдын-ала анықталды.
Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны.
Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.
Ал дипломдық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.
Дипломдық жұмыс тек қана ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық бағытта қарастырып қана қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Дипломдық жұмыс негізінен төрт тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда ақша түсінігінің теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақшаның элементтері және типтері, ақша айналымының құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының ақша реформасы, ақша жүйесі, ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылады.
Үшінші таруда Қазақстан Республикасының ақша айналымы, теңге бағамының тұрақтандыру жолдары, оның ішінде валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсуін және теңгенің валютада неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.
Төртінші тарауда практикалық жұмысым жайлы жазылды.
1. Ақша түсінігі 1. 1 Ақша жүйесінің түсiнiгi және элементтері
Ақша - сатып алу - сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама ролін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.
Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV - XVII ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволоциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы; ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- ақша айналымын ақша - несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотиваця) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатын білдіреді;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынасының даму өнімі болды, мемлекеттің және мемлекеттік қаржылардың пайда болғанға дейін көп бұрын әрекет етті
Басынан ақша тауардың бір түрі ретінде қолданылды, алайда басқа тауарлардың эквиваленті болу қабілетіне байланысты ақша тауар нысанында болды
Ақша бір уақытта төлем құралы қызметін және айналым құралы қызметін атқарады, онда ол сату және сатып алу тауар айырбас процессінде делдал ретінде қатысады.
Өзінің тарихи дамуында ақша алтын, күміс және басқа да темір монеталардан жасалатын тауар қасиетінен бас тартып ақша белгісінің нысанына - банкноттар, купюраларға және т. б. айналды
Мемлекеттік қаржылармен орталықтандырылған айналым қызметін атқармайды.
Біртіндеп ақша өзгерістерге ұшырап, тауар қасиетін жоғалтып құн өлшеміне айналды.
Мемлекеттік қаржылармен айқындалатын ақшаларды келесі
қызметтер сипаттайды:
- Қаржылық міндеттеме бойынша есеп беру қызметі
- Жинақтау қызметі (ақшаны қорға жинақтау кезінде) .
Тарихи қалыптасқан екі ақша жүйесінің түрлері бар. Олар:
Биметаллизм -бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл - алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;
егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол - екі жақты валюта жүйесі; «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде
заңды төлем құралдары болып табылады. Нәтижесінде күміс монеталар
алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм XVI - XVII ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.
Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады.
Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.
Монометаллизм -жалпы эквивалент ролін бір ғана металл (алтын немесе күміс) атқаратын ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда - 1871-1873 жж., Жапонияда - 1897 ж., АҚШ-та - 1990ж. белгілейді, Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843 жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болады.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің 3 түрі бөліп көрсетіледі: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын - девиз (алтын - валюталық) стандарты.
Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауда - саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады: толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.
- жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шақалуы ұйғарылады;
- толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетілуі құны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;
- алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.
Алтын монетаны стандарттың жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета айналымының резерві ретінде қызмет ететін, банкноттың алтынға айырбасталуын қамтамасыз ететін, әлемдік ақшаның резерві болып табылатын алтын қорының болуын қажет етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс ақша жүйесінің дамуына өз түзетуін енгізді. Бұл кезеңде бюджет тапшылығы барлық елдерде байқалады. Олар бюджет тапшылығы несие ақшасын айналымға шығарумен және қарыз есебінен жапты. Бұл алтынның несие ақшаға айырбасталуына жол берген күмәнді айналымдағы ақша массасының шамасы мен орталық банктердегі алтын қорларының арасындағы сәйкессіздікке әкеп соқтырды. Соғыс аяқталғаннан кейін барлық елдер алтын монетаны стандарттан бас тартты (АҚШ-та ол 1993-ші жылға дейін болды) және монометаллизмнің қиынды үлгісі енгізілді: алтын құйма стандарты (Ұлыбританияда, Францияда) және алтын дивиз стандарты (Германияда, Швецияда, Авсрияда және т. б. ) .
Алтын құйма стандартына мынадай белгілері тән:
- айналымда алтын монеталар мен олардың еркін шақалуы болмайды;
- толыққұнды емес ақша банкноты тек алтын құймаларына айырбасталады.
Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюталарға айырбасталады, олардың айырбасталуы шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын монометаллизмнің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым дәуірі басталды. Барлық елде (АҚШ 1917 жылға дейін) банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі - несиелік қағаз ақша белгілері - бірден - бір төлем құралына айналды.
1944 жылы құрылған Әлемдік Бреттон валюта жүйесі мәні бойынша еркін айырбасталымды валюталы елдер үшін алтын долларлық стандарт болып табылатын мемлекетаралық алтын дивиздік стандарт жүйесін білдіреді. Алтын долларлық стандарттың ерекшелігі мынада: ол орталық банктерге ғана белгіленеді, мұнда тек бір ғана валюта - АҚШ доллары - алтынмен байланысын сақтайды. Алтын қорының кемуіне байланысты АҚШ үкіметі 1971 жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды ресми түрде тоқтатты, осылайша алтын долларлық стандарт жойылды.
1976 жылдан бастап Бреттондық ақша жүйесінің орнын Ямайкалық ақша жүйесі басты. Осы жүйе орнағанда алтын айналыстан толық шықты. Ол өз қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда, алтын мемлекеттің қаржылық резерв түрлерінің бірімен еркін айырбасталымды валюталардың қатарында қалды.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) халықаралық өтімділік мәселелерін оңайлату мақсатында халықаралық есептік ақша бірліктерін құру үшін ХВҚ-ға мүше елдердің төлем баланстарының қалдығын реттеуге, ресми резервтерді және есеп айырысуларды толықтыруға, сондай - ақ ұлттық валюталарды өлшемдеуге арналған жаңа резерв әрі төлем құралы - арнаулы алыс - беріс құқығы (ААБҚ) енгізілді.
Еуропалық валюта жүйесіне (ЕВЖ) қатысушы елдер үшін 1979 жылдың наурыз айынан бастап аймақтық халықаралық есеп бірлігі - ЭКЮ (European Currency Unit - ECU) енгізілді.
ЭКЮ-дің құны СДР секілді мүше - елдердің орташа бейнеленген валюта бағамдарымен анықталды.
Бүгінгі таңда ЭКЮ-дің орнын басқа валюта - ЕВРО - құрамына Батыс және Шығыс Еуропаның 24 елі кіретін Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта басты.
Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы.
Ақша жүйесінің элементтері
1. ақша бірлігі;
2. ақша белгісінің түрлері;
3 Ақша эмиссияның тәртібі; .
4. валюталық айналымы режимі;
5. ақша айналымы режимі;
6. Ресми валюталық курс;
7. баға масштабы
1. 2. Ақша жүйесінің элементтері1 ақша бірлігі - мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ұлттық валютаның белгісі, яғни барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі.
2 ақша белгісінің түрлері - ақша беліглері номиналы мен ақша массасының ұйымдастырушылық құрылымы. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар - ақшаның түрлеріне жатады.
3 ақша эмиссияның тәртібі - қосымша ақшаны шығаруға мемлекеттің берген тәртібі. Эмиссия-кең мағынасында айналымға ақшаны құнды қағаздарды, есеп айырысу-төлем құжаттарын, пластикалық карточкаларды және т. б шығарумен байланысты сөз.
4 валюталық айналымы режимі - валюталық операцияларды жүргізу бойынша мемлекетпен бекітілген тәртіптер. Валюталық айналым режимі 24. 12. 96 жылдың «Валюталық реттеу туралы» ҚР Заңымен жүзеге асады.
5 ақша айналымы режимі - қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысының нысаны.
6 валюталық паритеті -шаруашылық етуші субъектілерге мемлекет бекітетін ресми валютаның курсы.
7 баға масштабы- ақша бірлігінде бағалы металдардың салмақ саны
Енді әр элементті жеке ашып қарастырайық
1 Ақша бірлігі - мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ұлттық валютаның белгісі, яғни барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. (доллар, евро, рубль, тенге және т. б. ) .
2 ақша белгісінің түрлері - ақша беліглері номиналы мен ақша массасының ұйымдастырушылық құрылымы. Ақша белгілері 2 түрде шығарылады:
1 Қағаз ақшалар - купюралар, банкноттар, банктік билеттер;
2 Металл монеталар. Металл ақшаның бет жағы - аверс деп аталады, сыртқы жағы - реверс, ал металл ақшаның бүйір жағы - гурт деп аталады.
Қазіргі уақытта метталдық айналым жүйесі бір мемлекетте жоқ. Ақша белгісінің негізгі түрлері болып: мемлекетте төлем құралы болатын кредиттік банктік билеттер (банкноттар),
сонымен қатар мемлекеттік қағаз ақша (қазыналық билеттер) және айырбас тиындар табылады.
Банкноттар (банктік билеттер) - орталық банктермен айналымға шығарылатын, заңды төлем құралы болатын, ақша белгілерінің түрлері
Қазыналық билеттер - мемлекеттік қазынашылықпен(Қаржы министрлігі немесе арнайы мемлекеттік қаржы органы) шығарылатын бюджеттік дефицитті жабу үшін падаланылатын қағаз ақша
Айырбас монеталары - салмағы мен формасы заңмен бекітілген меттал құйма. Монеталар қазынашылықпен согылады.
3 Ақша эмиссиясының тәртібі
Ақша эмитенті болып тек қана мемлекет табылады Эмиссиялық орталық болып мемлекеттің орталық банкі табылады
Алайда эмитент ретінде қазынашылықта (ҚМ) бола алады. Бұл орталықтар парралель жұмыс істей алады Бұндай жағдайда банк қолма -қол- негізгі бөлігін құрайтын банктік билеттерді шығару құқығына ие болады. Қазынашылықтың үлесіне тиын және ұсақ номиналда қағаз ақшалай белгілерің 10 пайызын шығару құқығы беріледі.
4 Валюталық айналым режимі
Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді:
Еркін айналымдағы валюталар (ЕАВ) . Еш арнайы рұқсатсыз басқа әр түрлі валюталарға айырбастауға болатын валюталар. Осыған байланысты, өз валютасы мен шетел валютасын елден кіргізіп, шығаруға болады.
Жартылай айналымдағы валюталар (ЖАВ) . Бұндай валюталарға нақты валюталық операцияларға шектемелер және тиым салулар салынады, әсіресе резиденттер үшін. Қазақстандық тенгені осы валюта түріне жатқызуға болады
Айналмайтын валюталар (АВ) . Бұл валюталар басқа валюталарға айырбасталмайды Бұндай мемлекеттің ішінде шетел валюталарының болуы тиым салынады және ондай влюталармен шарт жасасу мемлекеттің монополиясында болады.
5 Ақша айналымы тәртібі - қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысының нысаны.
Мемлекет ақша айналымы процессінде ақша жүйесінің дұрыс қызмет ету мақсатында келесідей ақша реформаларын пайдаланады:
нуллификация- бұл мемлекеттің жаңа ақша белгілері пайда болған кезде ескі ақша белгісінің жарамсыздыға туралы хабарландыруы.
деноминация - ескі ақша белгілерін белгіленген ара қатнас бойынша жаңа ақша белгілеріне ірілету
девальвация - өз валютасының курсын төмендетуге бағытталған мемлекеттің қандай да бір шараларды жүргізу
ревальвация - девальвацияға қарама қарсы түсінік. Өз валютасының курсын басқа елдер валютасынан жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің қандай да бір шараларды жүргізу
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотиваця) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатын білдіреді;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Ақша - несие айналымының тетігі - ақша - несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша - несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша - несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz