Валют Транзит Банк шоты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Факультет
Кафедра

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:Кәсіпорынның ақша қаражатынын есебі және оны талдау

Жоспар:

1. Жалпы бөлім.
1.1. ТОО Бадамтас кәсіпорынның есеп саясаты.
1.2. Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдау мен аудитті құрастыру негіздері.
1.3. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау жүргізу.

2. Қаржылық есеп, талдау және аудит.
2.1. Меншікті капиталдың есебі, талдауы, аудиті.
2.2. Ақша.қаражаттарының есебі, талдауы, аудиті.
2.3. Негізгі құралдар есебі, талдауы, аудиті.
2.4. Материалдық емес активтер есебі, талдауы, аудиті.
2.5. Тауарлық.материалдық қорлар есебі, талдауы, аудиті.
2.6. Міндеттемелер есебі, талдауы, аудиті.
2.7. Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы, аудиті.
2.8. Еңбекақы есебі, талдауы, аудиті.
2.9. Қаржылық есеп беру: құрастыру әдісі мен тәсілі; талдау және аудит.

3. Басқару есебі, талдауы және аудиті.
3.1. Өндірістік шығындардың есебі, талдауы, аудиті.

Қолданылған әдебиеттер.

1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. . Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалардың арасындаесепайырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары_бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаржаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаудан сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттің салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінң органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк - алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, авнстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі дана да толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да , оның электрондық көшірмнсі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын - (№1 қосымша) толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
:: төлем тапсырмасының нөмірі;
:: төлем тапсырмасының жазылған күні;
:: жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
:: жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
:: бенефициардың коды және жіберушілердің коды - бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;
:: енефициар - аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
:: банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
:: бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
:: төлем тапсырмасының жазылған күні;
:: жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
:: жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
:: бенефициардың коды және жіберушілердің коды - бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;
:: бенефициар - аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
:: банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
:: бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
:: жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды - филиаларалық айналымдарының коды;
:: төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;

:: бюджеттік классификациясының коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

:: валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жургізуші субъектілердің арсындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылыды: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Банк актив операцияларын басқару
Банктің депозиттік (аманат) операциялары
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары жайлы
Жеке ұдайы өндіріс — тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында банктік жүйенің даму жолдары
Қазіргі тандағы коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарының жалпы жағдайын талдау
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Валют-Транзит-Банк АҚ менеджмент ұйымының анализі
Пәндер