Адвокаттың сот процесіне қатысуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика және құқық институты

Құқықтану кафедрасы

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы:

Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері

Орындаған: Ю-18-1у оқу тобының студенті Айдәулет Айдар
Шәриұлы
Ғылыми жетекші: Құқықтану кафедрасының доценті ИсаеваЖ.А.

Қызылорда 2021 жыл.
Азаматтық процесте адвокаттың өкіл ретінде қатысу мәселелері
КІРІСПЕ
1. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АДВОКАТТЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1.1 Адвокат процессуалдық құқықтың субьектісі ретінде
1.2 Азаматтық процесте адвокаттың келісім бойынша қатысуы
1.3 Азаматтық процесте адвокаттың тағайындау бойынша қатысуы
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ӘР КЕЗЕНДЕРІНДЕ АДВОКАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Адвокаттың азаматтық процестің сотқа дейінгі кезендегі қызметі
2.2 Адвокаттың сот процесіне қатысуы
2.3 Адвокаттың азаматтық істі қайта қарау сатысында қатысуы
3. АДВОКАТ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Адвокаттың келісім бойынша қатысуына ақы төлеу ерекшелігі
3.2 Адвокаттың тағайындау бойынша ақы төлеу ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыста адвокатура және соттағы өкілдік ету мәні мен маңызы, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары және даму болашағы, азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық құқықтық жағдайы, азаматтық істі қозғау және істі сот талқылауына әзірлеу сатыларына адвокаттың өкіл ретінде қатысуы, адвокаттық бірінші саты сотында іс талқылауға қатысты тәртібі, сот актілерін қайта қарау сатыларына адвокаттың өкіл ретінде қатысу ерекшеліктері, адвокаттық сот актілерін атқару сатысына қатысуы жазылған. Адвокаттардың құқықтық мәртебесі, олар көрсететін заң қызметінің түрлері және де кәзіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері, сондай-ақ адвокаттардың құқықтық жағдайы қарастырылады. Адвокат- (гр, advocatus- шақырылған ) адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынада алғанда- қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды, соттарда, азаматтық қарым- қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез- құлық нормалары, Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамассыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы адамның құқығына және бостандығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы тегіне, әлеуметтік, лауазымды және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, намысына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез- келген өзге жағдайлар бойынша ешкімдіде кемсітуге болмайды және заңмен сот алдында бәрі тең деп жариялайды. Осыған сәйкес, құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болады.
Ал заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамассыз етуге қабілетті қоғам жағдайын да ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық азаматтарға , қажіттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, нарықтық экономикалық қатынастардағы материалдық игіліктерді өндіру саласында теңдікті қамтамассыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, адвокаттардың өкіл ретінде осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады. Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алатын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтанда заң оларға өкілділікті өзгенің көмегін дәлірек айтқанда заңды білікті көмек алауына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялық әрі қолданбалы сапасы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілдік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізуде өкіл ретінде қатысу рөлі ерекшеліктері, маңызы жөніндегі дипломдық жұмысымды ұсынбақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокаттың өкіл ретінде қатысуын қарастыруымның себебі мыналар:
1.Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдауы, сонымен байланысты сот тәжірибесінде қаралатын істердің басым көпшілігі түрлі азаматтық істер құрайтындықтан адвокаттардың қызметі мен адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінеді;
2.Осыған орай елімізде азаматтық процесте адвокаттың өкіл ретінде қатысуының және өкілдік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеумі.
Дипломдық жұмыста аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеудегі мақсатым;
1.Қазақстан Республикасында адвокаттың өкіл ретінде азаматтық іс жүргізуге қатысуының, олардың алатын орынын теориялық- тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;
2.Адвокаттардың өкіл ретінде қатысуы мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде адвокатура қызметінің қоғамда даму тарихы мен рөлі және қызметінің негізгі құқықтық ұйымдастырушылық міндеттері, соттағы өкіл ретінде қатысуы, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілдік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бар екендігі; екінші бөлімде адвокаттың азаматтық процесттің сотқа дейінгі кезендегі қызметі және оның іс жүргізуде алатын орны, адвокаттың сот процесіне өкіл ретінде қатысуы және жеке-жеке, сатылар бойынша адвокаттың азаматтық істі қайта қарау сатысында қатысуы және заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға қатысты қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Үшінші бөлімде адвокаттың келісім бойынша қатысуына ақы төлеу ерекшелігі және адвокаттың тағайындау бойынша ақы төлеу ерекшелігі сонымен қатар қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс жүргізудегі өзекті мәселелері топтарға бөлініп талқыланады.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір бөлімде белгілі ғалымдар В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Елизаров, С.Л.Герзон, Е.А.Борисова т.б. еңбектері пайдаланылды. Аталған тақырыпта дипломдық жұмысты жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз- Конституцияны башылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық процестік туралы Кодексін, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдар да қолданылды.
Азаматтық процестің әр кезеңдерінде адвокат қызметінің ерекшеліктері атты бөлімді жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігі қоғам талабына сай келе бермейтіндіктен, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өзімнің болашақ заңгер ретінде пікірімді білдірдім. Елімізде Қазақстандық адвокаттардың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысуы жөнінде жеке дара еңбектерді жұмыс жазу барысында кездестіре алмадым. Алайда, С.Т.Тыныбеков, З.Х.Баймолдина, О.В.Арсентьев, т.б. білікті заңгер- ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырғанын айтқым келеді. Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокаттардың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысуы, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең зерттеліп жазылған. Осы тақырыпқа ұқсас еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Олар; К. С. Сергеевна, А.И. Танцырева , Гоматина О.Д, Д.П.Ватман, Я.А.Розенбергтің Представительство по гражданским делам в суде и арбитраже деген еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың өкіл ретінде қатысуы негіздері, сатылары кеңірек жазылған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 2018 жылы 5 шілдеде қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез- келген қол сұғушылықпен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару, жауапкер, талапкер және өзге іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу, ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік заңы мәселелері бойынша кеңестер беру, өзге де заңына көмек көрсету. Жұмыста қолданылған негізгі терминдер азаматтық процестік кодекс, адвокатура, адвокат, өкіл,өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік , консултациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, адвокаттар алқасы ,апеллациялық, инстанциялық, атқару өндірісі.

1.1.Адвокат процессуалдық құқықтың субьектісі ретінде
Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында əрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын əртүрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, əділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Əдетте, құқық қорғау қызметі ретінде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін жəне заңға сəйкес заңдық əсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жəне олар белгілеген тəртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз. Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті кұқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кəсіби ұйымы. Оның міндеті жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету; құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жəрдемдесу болып табылады.
Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кəсіби шеберлігін, олардың құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес жəне сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-əлеуметтік маңыз береді. Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты тиімді атқаратындығы белгілі бір дəрежеде əрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дəрежесіне де байланысты.

Əрбір азамат заңға қайшы емес барлық əдістермен, соның ішінде адвокатқа - заңгерлік білімі жəне азаматтар мен ұйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кəсіби заңгерге өзінің жүгіну құқығын пайдалана отыра, сотта өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.
Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне жүгінуге тура келеді. Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор Н.А.Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің жеке бір көрінісі болып табылады. Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші - құқық қорғаушы өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын. Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің мақсаты тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады .
Адвокат сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген.
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі танылады.
Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады. Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық (азаматтық, отбасы,еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі.
Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз мемлекет ретiнде орнықтыра отырып ең басты қазынасы ретiнде адам және азаматтың өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.
Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады. Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi. Қазiргi нарықтық экономика жағдайына байланысты адвокаттардың көрсететiн қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен қатар кәсiби және бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.
Адвокаттардың қазiргi таңдағы көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:
- шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
- талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
- соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда азаматтық iстерде, сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiнде өкiл ретiнде қатысады;
алдын ала тергеу кезiнде, сотта қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсетедi, жәбiрленушiнiң, азаматтың талапкер, азаматтың жауапкер өкiлдiгiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар адвокаттар азаматтарға, ұйымдарға өзге де заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетеді.
Адвокаттың көрсететiн заң көмегiнiң түрлерiнiң iшiндегi азаматтық iс бойынша өкiл болып қатысуын ашып қарастырайық.
Әр адам азаматтық процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Әрбiр адам бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Азаматтар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс. Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi немесе өкiлдерi арқылы жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы өзiне бiраз ыңғайсыздық туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi. ҚР АПК 58-бабында тапсырма бойынша өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең негiзгiсi, әрi маңыздысы - адвокаттар.
Азаматтық iсте адвокаттың өкіл ретінде қатысуының негiзi - тапсырма бойынша iске асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi. Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы) екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi - сотта өкiлдiк ету деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық - құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында құқықтық қатынас пайда болады.

1.2 Азаматтық процесте адвокаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Өкіл мен сот
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Пәндер