Жолға қатысты ырым - тыйымдар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1.Ырым-тыйымдардың жалпы сипаты, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Ырым-тыйымдардың қалыптасуының дерек көздері ... ... ... ... ... ... ... ..
II БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Балаға қатысты ырым-тыйымдардың лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Балаға қатысты ырым-тыйымдардың халықтық тілдік бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым-тыйымдар ... ... ... ... ... .. ... .
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I V. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Тіл-қоғамның ажырамас бөлігі.Тілдің қалыптасуы, дамуы қоғаммен тікелей байланысты. Қоғам өмірімен бірге жасасып,бірге өмір сүреді.Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы ретінде де,адам қоғамында да алатын орны да орасан. Тек қана қатынас құралы ғана емес, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таным дүниесі, білім ғылымдарының жиынтығы.
Тілді құрайтын элементтер:морфема,сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Тілдің тағы бір қызметі - ойды жарыққа шығарудың құралы. Адам ойлаған ойын тіл арқылы жеткізе алады. Демек ойлау мен тіл бір - бірімен тығыз байланыста. Қазіргі XXI ғасырда теориялық - танымдық әдістемеге сәйкес тілді ой-санамен, мәдениетпен, адамның тұрмыс-тіршілігімен, қызметімен байланыста қарастыру қажеттілігі белең алуда. Бұл қажеттілік тіл білімінің саласында жаңа ғылыми-бағыттың қалыптасуына, дамуына негіз болып отыр.
Қазақ тіл танымының негізгі өзегін адамзаттың өмір сүру, қоғамда тіршілік ету ұстанымдары, жеке этностық құндылықтары мен мәдени нормалары құрайды, өйткені тілдік факторлардың көпшілігі лексикалық бірліктердің мағынасын халықтық пәлсапамен тығыз қарым-қатынаста айқындау, адамның шығармашылық қабілетін жеке биологиялық мүмкіндіктерімен, өмірден көрген-түйгендерімен байланыстыру, тіл тарихы мен тілдік категорияларды адамзат танымы арқылы түсіндіру, сол арқылы жекелеген тұлғалардың пікір-көзқарастарын зерделеу, оларды ой мен когниция, жады мен зерде,зейін мен білім жемісі деп қарау арқылы шешімін тауып отыр[ ].
Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тіл белгілерін зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп,өзекті мәселелер ретінде сипатталады. Осыған орай ырым-тыйымдардың кумулятивті қызметін, маңыздылығын, этнос өмірінің өткені мен бүгінін, тұрмыс-тіршілігі, дәстүр, дүниетаным мәселелерін дөп басып, дәл анықтау, лексика - семантикалық жағынан қарастыру, оның тілдегі көрініс тұрғысынан зерделеу - жұмысымыздың басты да өзекті бағыты. Себебі бұл - лексикологияның алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Ырым-тыйымдар өзіндік мазмұндық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай әлемдегі кез келген ұлттың тілінен орын алатын этнографиялық лексика.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіл білімін зерттеп-зерделеу бүгінгі күннің басты міндеті болып қана қоймай, өткенімізге үңілуге, бүгінімізді саралап, болашағымызға бағыт- бағдар жасауымыз үшін керек. Әсіресе бұл міндеттің қазіргі тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп, әлемге танымал бола бастаған еліміздің ертеңі үшін маңызы ерекше.
Осы басты мақсатқа жету үшін мынандай бірнеше міндеттерді қарастыруды жөн көрдік:
Ырым-тыйымдардың қалыптасу негізін саралап , өзіндік ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
Ырым-тыйымдардың жалпы сипатын ашу, оларға ғылыми шолу жасау;
Қазақ тіліндегі ырым-тыйымдарға қатысты сөздерді түрлі тақырыптық топтарға жіктеу;
Балаға қатысты ырым-тыйымдардың лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық жасалым жолдары мен құрылымдық үлгілерін анықтау;
Этнотанымдық ұғыммен байланысты символдық мағынасын ашу;
Түркі тілдес халықтарына тән ырым-тыйымдардың ортақ сипатын көрсету;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде мына жайтты атап өтсе болады:
Қазақ халқының ырым-тыйым сөздеріне зерделі шолу жасалды;
Ырым-тыйым түрлерінің классификасиясы түзілді;
Ырым-тыйымдар ғылыми тұрғыдан зерттелді;
Балаға қатысты ырым-тыйымдар бір жүйеге келтіріліп, жан-жақты талданды;
Түркі тілдес халықтардың балаға қатысты ырым-тыйымдарына салыстырмалы талдау жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық дерек көздері мен әдістемелік негіздері: Қазақ тіл білімінде лексикология саласы кенжелеп қалған салалардың бірі деп айтса болады. Тек 1950 жылдан бастап тереңінен зерделеніп зерттеле бастады. Қазақ лексикасының құрамын, тарихын, сөз мағынасының түрлерін, стилистикалық қызметін анықтап зерттеген ғылыми еңбек пайда болды. Лексикололгияның жалпы мәселелеріне арналған Ә.Болғанбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар ырым-тыйымдарды тілдік тұрғысынан зерттеп үлес қосқан Ә.Ахметов, С.Кенжеахметұлы, А.Құралұлы.
Диплом жұмысын жазу барысында ырым-тыйымдар, балаға қатысты ырым-тыйымдарға қатысты зерттеулер мен деректерге, қызықты материалдарға типологиялық салыстырулар жасалып, талдаулар жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында Лексикология, Қазақ тілі пәндерін оқытуда және мектептерде, арнайы курс пен факультатив сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде негізінен диплом жұмысының өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық дерек көздері мен әдістемелік негіздері және жұмыстың құрылымы мен ғылыми сипаты баяндалады.
Диплом жұмысының негізгі тарауларында Балаға қатысты ырым-тыйымдардың тілідк ерекшеліктері, Лексика-семантикалық құрылымы, Халық арасындағы қолданыс сипаты, тілдік бейнесі, Түркі тілдес халықтардың арасындағы ырым-тыйымдардың ұлттық ортақ сабақтастығы жайында сөз болады.
Қорытынды бөлімде негізгі тарауларда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, қысқаша түйін жасалды.
I ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ
Ырым-тыйымдардың жалпы сипаты, түрлері
Қазақ халқына тән ықылым заманнан келе жатқан адамгершіліктің, әдептіліктің, жақсылықтың, үлгі - өнегенің қайнар көздерінің бірі - ырым тыйымдар. Қазақ халқының наным-сенімінен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен сабақтасып жатқан негізгі тәрбие құралы. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы басты мақсат - адал, еңбексүйгіш, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық өзінің салт - дәстүр, әдет - ғұрып негізіне орай жүзеге асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сыннан өткен салт-дәстүр аясында тәрбие берген.
Көкті жұлма, Бүйіріңді таянба, Үлкеннің жолын кесуге болмайды, Үлкендердің қолына су құйсаң, ақ батасы тиеді, Табалдырықты басуға болмайды, - деп баланы жастайынан әдептілікті сақтауды, табиғатты қорғауды, үлкенді құрметтеуді үйретіп, алдын-ала қауіп - қатерден сақтандыра отырып, тәрбие беруді ырым-тыйымдар арқылы жүзеге асырып отырған. Осы сынды ырым - тыйымдарымыз ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін маңызын сақтап келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік терең дүние. Бұл жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіру мақсатынан туған. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандағы тәңірлік, шамандық наным - сенімнің белісі ретінде де көрініс беріп те жатады. Дегенмен ырым- тыйымдарды қазақ халқынан бөліп- жарып қарауға болмайды деп білемін.
Салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптарынан, ырым-тыйымдарынан қай халықтың болсын мінез-құлқы, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, зейін-зердесі, дүниетанымы, ақыл-ойы, үлгі-өнегесі, сонымен қатар өзін қоршаған әлемге деген танымдық, этникалық танымы мен көзқарастары көрінеді. Ырым-тыйымның астарында алуан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени этикалық тәрбиелеудің негізі жатыр.
Ырым-тыйымдар қазақ халқының өмірімен, тіршілігімен, дүниетанымымен біте қайнасып жатыр. Дана халықтардың өзі жасаған осы әдет - ғұрып пен жөн - жосықты біліп, үйрену және қолдану - ағайынды адастырмас сара жол екендігін басшылыққа ала отырып, ырымдардың тәрбиелік жағына көп көңіл бөлінді. Халқымызда ырым-тыйым түрлері өте көп. Тақырыбымыз Балаға қатысты ырым-тыйымдар болғандықтан Барлық ырым-тыйымдарды жинақтап, алуан түрлілігі мен жан-жақтылығын саралай келе былай классификацияладым.
Тәрбие - тал бесіктен, - дейді ғой. Ең бірінші ырым-тыйымдарда тәрбиелік культ басым. Қазақтан сөз артылған ба?! Жаман болады, Обал болады, Ұят болады деп үш ауыз сөзбен-ақ тәрбие берген.
Балаға қатысты тәрбиелік мәні бар ырым-тыйымдар:
Нан үстіне зат қойма, нанды бір қолыңмен үзбе, нанды лақтырма, -деп нанның қадір-қасиетін түсіндірсе, сүтті төкпе, сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды, сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды, сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады, сүт сауатын шелекті су басына апрмайды, кұты кетіп қалады, ақтың жуындысына адам жүретін жерге төгуге болмайды, - деп ақтың да қаншалықты маңызды екенін айтып отырған. Сонымен қоса
Сыпырғышты тік қойма.
Отқа түкірме.
Тұзды баспа.
Бас киіммен ойнама
Таңдайыңды қақпа.
Басыңды шайқама.
Үйге жүгіріп кірмейді, - т.б ырым-тыйымдармен тыйып отырған.
Балаға қатысты гигиеналық талаптарға арналған ырым-тыйымдар. Медицинаны жетік білмесе де халқымыз сол кезеңнің өзінде де гигиенаға қатты мән берген. Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі ,- деп тәрбие берген.
Шелектегі суға аузыңды салма.
Саусағыңды аузыңа салма.
Екі езуіңді керме.
Шашыңды аяқ астына тастама.
Жағыңды таянба.
Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай әрбір саусағын жеке - жеке жуады
Балаға бір жақты ғана тәрбие беріп қойған жоқ. Әр түрлі ситуацияға байланысты тәрбиелеп, шыңдап отырды. Балаға экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:
1. Жалғыз ағашты жұлма
2. Көкті жұлма.
3. Малды теппе.
4. Суға дәрет сындырма.
5. Құстың ұясын бұзба
6. Су шашып ойнама.
Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені , - дейді дана халқымыз. Ырым-тыйымдардың бір парасы баланы әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:
1. Үлкеннің алдын кеспе
2. Адамды айналма
3. Кемтар адамға күлме.
4. Адамға қарап түкірме.
5. Жаман бұзақы сөзге ерме.
6. Кісіге қару кеземе.
7. Үлкеннің жолын кеспе.
8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.
9. Анаға зекіме, азабын тартасың.
10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.
Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері:
1. Отпен ойнама.
2. Оттан аттама.
3. Пышақты шалқасынан қойма.
4. Пышақтың жүзін жалама.
5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
6. Түнде суға барма
Тілімізде ең көп қолданысқа ие - балаларға қатысты ырым-тыйымдар. Бұл хақында екінші тарауда кеңінен тоқталатын боламын.
Тілімізде ырым-тыйымдар өте көп дедік қой. Халқымыздың қолданып жүрген, бізге мұра қылып қалдырған басқа да ырым-тыйым жүйелеріне тоқтала кетсек.
Жолға қатысты ырым-тыйымдар
Жол - Қазақтың кең - байтақ жерінде жолға шығу, жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі, тұрғын елді мекендердің, батыспен шығыстың, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының алып жатқан аумағы ұланғайыр. Алыс жолға аттану, діттеген жеріне аман - есен жету үшін халық бүкіл жан дүниесімен беріліп, тілеу тілеген. Ұзақ жол жүру, оңай шаруа емес. Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жол амандығын бере гөр, өзімнің, көлігімнің денсаулығын бере гөр - деп жаратқаннан сұраған.
1. Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
2. Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды, сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
3. Жолда кездескен адамнан қайда барасың ? , - деп сұрамайды, жол оң болсын деу керек.
4. Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
5. Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам Алла жазса, Алла жол берсе, Құдай қаласа, Барар жердің дәмі тартса деп тілек тілегенде , жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
6. Жұма күні көшуге болмайды.Жұма - қасиетті күн.Бұл күні ата - баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
7. Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе , бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
8. Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды.Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
9. Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
Үй тұрмысы - Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата - бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.
1. Жаңа үйге көшіп келген отбасына қонақ жайлы болсын! дейді.
2. Егер үйге байғыз қонып , бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
3. Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болады, дәулет артады.
4. Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады , содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын - шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.
5. Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
6. Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
7. Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
8. Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
9. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса , ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
10. Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
11. Пәле - жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
12. Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. Жыланға да ақ құйып шығарады.
13. Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
14. Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
15. Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
16. Жазда үйге құйын келе жатса үлкен - кішілер қолына таяқ алып оны таздың үйіне бар , пәленше таздың үйіне бар! деп
Ас - тағамға байланысты ырым-тыйымдар. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ас - адамның арқауы, Жаман ауруға - жақсы ас, ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым-тыйым сөздері көп.
1. Нанды шашуға, жерге тастауға , басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ.Дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса , алып, адам баспайтын жерге қою керек.
2. Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
3. Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң - тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіріді.
4. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
5. Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
6. Сүт сауатын шелекті су басына апрмайды, кұты кетіп қалады.
7. Ақтың жуындысына адам жүретін жерге төгуге болмайды.
8. Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
9. Таңертен нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Ең құрыса, нан ауыз ти деген.
10. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен үзеді.
11.
Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным, ырым-тыйымдар көп. Қазақ халқы ыдыс - аяқты ас ішетін жабдық - бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.
1. Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды.
2. Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
3. Түнде ыдыстың бетін ашық қалдырмайды.
4. Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
5. Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс - несібе кетеді.
6. Қазанды есік жаққа қаратып қисайта асуға болмайды. Халық ұғымында ол құласа, Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді.Қазан шайқалса, ырыс шамданады, деп ырымдаған.
7. Қазанды төңкеріп қойса , ырыс - несібе кетеді.
8. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
9. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
10. Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
11. Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
12. Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
13. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
14. Жақын адамға пышақ сыйламайды . Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап алады.
15. Ыдыс түбіндегі тамақ біреудің кесе не аяғына құйылғанда тура толатын болса , сол адамның жары сұлу болады.
Адамның киіміне байланысты ырым-тыйымдар
1. Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
2. Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
3. Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау - жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
4. Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.
5. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
6. Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
7. Киімнің жағасын басуға болмайды.
8. Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
9. Бас киімді тебуге, лақтыруға , теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
10. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.
11. Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
12. Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
13. Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.
Қазақ халқы Денсаулық - зор байлық - деп тегін айтпаған Дені саудың - жаны сау- демекші адамның дұрыс өмір сүруі үшін жұмыс жасауы мен , ұрпаққа тәлім - тәрбие беру үшін , алдымен оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені сау ата - анадан, дені сау ұрпақ тарайды.Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе,қазіргі таңда ұрпақ денсаулығының алаңдататын тұстары көп, сондықтан, тәрбие мәселесінде ырым - тыйым сөздерді қолданудың мәні зор - деп есептеймін.
1. Күйікке шалынған адамы бар үй сирақ үйітпейді, өйткені күйік ішке түсіп кетеді дейді.
2. Кешке ауру адамның көңілін сұрамайды: ауруы қатты шаншиды. Көпіртіп кір жумайды: жарасы жазылмай, көпіршіктене береді.
3. Судан шошынған адамды қырық үйдің қырық қазанының құлағын тістесе, жазылады дейді.
4. Ауруы асқынған адамды қара қойдың өкпесімен қағады.
5. Ескі жұртты, қабірді басқан адамдардың аяғы сырқырайды.Аурудың көзінше өлім, мола, қаза деген сөзді айтпайды.
6. Аттан құлап не жаяу келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде ұшықтайды.
7. Буыны , сүйегі сырқырап ауыратын адамға әр ауылдан қырық сирақ жинап әкеліп, қайнатып, майын ішкізсе, жазылады.
8. Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.
9. Өлітірі кәдесі бірілмесе, келін ауру болып қалады.
10. Ауру адамға қайғылы хабарды айтпайды.
11. Кемтар алдында дене мүшесінің кемдігі туралы әңгіме айтпайды.
12. Денесінде ұсақ қалы бар адамның қызы көп болады.
Біздің ата - бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсымын бақылай отырып, оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан - жануарлардың іс - әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырым-тыйымдар пайда болды.
1. Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
2. Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
3. Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
4. Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
5. Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
6. Жұлдызды қолмен көрсетсе , қолға сүйел шығады деген ырым бар.
7. Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып , ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру - сырқау жоламайды.
8. Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.
9. Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
10. Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
11. Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
12. Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
13. Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.
14. Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
15. Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.
16. Бақаны өлтіруге болмайды , жыңбыр жауады.
17. Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады.
18. Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім - жетім шақыратын жаман ырым.
19. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам Менің жұлдызым жоғары дейді.
20. Жаңа айды көргенде жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке деп бата жасап, ырымдайды.
Төрт түлік - жан-жануарларға байланысты ырым-тыйымдар .
1. Жақын адамға ит сыйламайды.
2. Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
3. Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
4. Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
5. Мал үш не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
6. Әтештің мезгілсіз шақырғаны- жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды.
7. Әтештер төбелессе , үйге қонақ келеді.
8. Адам келе жатқанда көкек даусы оң жағынан естілсе, бай болады.
9. Мысыққа тамақ бергенде ертең ұмытып кетесің деп маңдайынан шертіп береді.
10. Атып алған аңды, құсты сыйлыққа тартпайды, егер бергісі келсе: Байладым, - дейді.
11. Аңға шыққанға Қанжығаң майлансын деген тілек айтылады.
12. Атып алған құланның сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
13. Ит - жеті қазынаның бірі.Сондықтан оны өлтіруге , азаптауға, қанғыртып жіберуге болмайды.Олай етсе, иесінің басына жаманшылық келеді.
14. Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
Ырым мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарын оғаш та осал қылықтарын сынап, тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған. Ырымдар мен тыйым сөздер - халқымыздың айнала қоршаған орта, табиғат, өзара қарым-қатынас туралы өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші.
Бүгінгі біздің өмірімізде ырым-тыйымдарды барынша қолдануға тырысамыз. Мысалы: Бала жер бауырлап жатып жыласа - жақсылыққа апармайды, Күлді баспа, Өзенге түкірме, бұл - жас ұрпақты тазалыққа үйрету. Босағаны керме, бұл - қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу - екеуінің арасын суыту, ажырату деп білген. Жолды бос шелек ұстаған әйел кесіп өтсе - жолың болмайды. Сондықтан, ата-бабаларымыз қыз балаларына: Ешқашан ер адамның жолын кесіп өтуші болмаңдар!, - деп ақыл-кеңес беріп отырған. Адам есінегенде, аузын оң қолының ішкі жағымен не сол қолының сырт жағымен жапқан екен. Өйткені адам есінегенде, шайтан оның аузына балаларын тастап жібереді екен. Міне, бұл да тыйымның бір түрі.
Бүгінде қазақ халқы ұрпағын ақты жерге төкпеуге, аяқпен баспауға үйретеді. Ал кейде ақты жерге төгетін ырым да кездеседі. Мысалы, кенеттен қалың өрт бола қалған жағдайда, өрт жылдам тоқтасын деген ниетпен оның алдына ақ шашады. Өмірден көргені мен түйгені көп дана халқымыз ұрпақ жалғастығына, әсіресе белінен өрбіген ұл-қыздарының аман-сау азамат болып өсуіне айрықша назар аударған. Егер зерделеп қарасақ, бала, яғни ұрпақ тәрбиесінде қазақы ырым-тыйымдардың маңызы ерекше. Әдетте, ата-бабаларымыз өмірдің өзінен алынған ырым-тыйымдар арқылы бала-шағасын кездейсоқ қауіп-қатерден, айтпай келетін алуан түрлі бәле-жаладан қорғап отырған. Бала кезімізде алыстан әлдеқандай қонақ үйге келе жатса, алдымен далада жүрген ойын баласы біздер қуанышымыз қойнымызға сыймай Қонақ келе жатыр! деп үйге қарай тұра шабатынбыз. Сонда, бұл қылығымызды жақтырмаған үлкендер: Тоқта, жаман ырым бастағаның не? Адам үйге қарай айғайлап жүгіруші ме еді? Доғарыңдар, жаман болады деп бізге жекіретін. Әлден уақытта ашуы басылып, мұндай әрекеттің жаман екенін, адам баласы тек қаралы хабарды естірткенде ғана немесе мәйітті жерлеп қайтқан кезде үйге қарай жүгіретінін айтып, бізді біраз жүгендеп алатын. Кейде ұзақ күн доп қуып келіп, бар шаруаны бітіргендей үйдің жанына жақындай келе екі бүйірді таянып тұра қалсақ: Тәйт әрі, екі бүйіріңді таянып, не шақырып тұрсың? дейтін. Бала кезімізде бұл айтқандарға соншалықты мән бермесек те, есейе келе зерделесек, Құдай оның бетін ары қылсын, қазақтың салты бойынша жақынынан айырылған адам ғана қос қолын беліне таянып, өмірден озған туған-туысын жоқтайтын болған. Сонда, жарықтық үлкен адамдар бізге ұрысқанда әулетке қандай да бір жамандық келмесін деп ойлаған екен ғой.
Ырым-тыйым халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін шатастырмау үшін де қалыптасқан. Оның үстіне ақ пен қара, күн мен түн, жақсылық пен жамандық секілді түсініктердің қолданыстағы мәні мен маңызын, парқын ажырату үшін, бұған қоса, осындай жағдаяаттарды ырымдауға, олардың қайсыбіреулеріне тыйым салу мақсатында ырым-тыйым пайда болған. Ал тыйымның өзі ырымдауға байланысты болады. Мәселен, шәй немесе сусын құйғанда, үлкендер қолдың сыртына қарай құйма деп жатады. Ал мұның мәнісі халқымызда мәйітті арулаған (жуындырған) кезде суды қолдың сыртына қарай құяды. Демек, суды ешқашан қолдың сыртына қарай құюға болмайды. Сондай-ақ, ауылға қарай атпен шаппа немесе жүгірме дейді. Мұның өзі қазақтың салтында үйге қарай шауып келетін жағдай бар екендігін білдіріп тұр. Анығын айтсам, қазақтың салтында суыт хабар айтуға келген адам ғана ауылға шауып келеді. Сонымен қатар, есікті керме деген тыйым бар. Мұның мәнісі, бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған. Тағы бір ерекшелігі, мұндай хабар әкелген адам үйге кірмей, тізе бүкпей кетеді. Түйіндеп айтсақ, ата-бабаларымыз қалыпты жағдай мен қалыптан тыс жағдайдың ара жігін ажырату үшін ырым-тыйымдарды пайдаланған. Демек, ырым-тыйым күнделікті тұрмыста орын алып келген алуан түрлі күнделікті орын алатын жайттардың негізінде қолдану үрдісіне енген.
Өзім күнделікті өмірде үлкен кісілердің айтқан ырым-тыйымдарын ұстануға тырысамын. Бірсыпырасын айта кететін болсам:
1. Белді, жақты таянбайды.
2. Жер таянып отырмайды.
3. Тізені құшақтамайды.
4. Жуған қолды сілкімейді.
5.Ер адамның киімін жоғары қояды.
6.Сәби жол қараса,үйге қонақ келеді.
7.Таңдайды тақылдатпайды.
8.Екі қолды төбеге қойып отырмайды.
9.Сәрсенбі - сәтті күн.
10.Сәби тілін шығарса-хабар келеді.
11.Ақты төкпейді.
Халқымыздың рухани қазынасын пайдалана отырып, тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, әдеп пен ибаның, жақсы мен жаманның аражігін ажыратып, этика мен эстетиканың қайнар көзімен сусындаймыз. Сондықтан, ырым-тыйымдарды бүгінгі өмірде қолданудың маңызы зор. Ол адамдарды жамандықтан сақтайды, жақсылыққа тәрбиелейді.
1.2.Ырым-тыйымдардың қалыптасуының дерек көздері
Қазақ тіліндегі тілдік құбылыстар этнолингвистикалық аспектіде барынша қарастырылады. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық бағытты алғаш қарастырған академик Ә.Қайдар екендігі белгілі, ғалымның айтуынша, қазақ этнолингвистикасындағы негізгі принциптердің бірі - Лексикалық байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық тілдік тұрғыдан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағұлматтар мен құнды деректерді түгелімен сөйлету, тілдің өзіне тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу болып табылады[ ].
Қазақ халқының ырым-тыйымдарының лексикологиялық негіздерін қарастыруда біз оларды бірнеше ірі микротоптарға бөлінетінін байқадық. Олардың барлығы да қазақ халқының қалыптастырып кеткен салт-сананың, дәстүрінің негізінде қалыптасқан ырым-тыйымдардың озық үлгілері болып табылады.
Қазақ ырым-тыйымдарының тұрмыстық-отбасылық қағидаларының қалыптасуына әсер еткен тіректер деп мыналарды атап өтсек болады:
1.Қазақ халқының ислам дінінде болуы. Әуел бастан Ислам діні өркен жаймай тұрып-ақ, түркі халықтары Тәңірінің барлығын мойындап, Құдай бар деп таныған болатын. О, Көк Тәңірі! , - деп медет сұрап, сыйынған. Түркі халықтарының байырғы дүниетанымының исламдық қағидалармен ұштасып жатқандығы да осы себептен. Және ислам дініндегі киелі кітап Құранда айтылған Алла тағаланың сөздері мен бұйрықтары, Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың өсиетке толы хадистері түркілік дүниетанымның жаңғыруына алып келген.
Қазіргі таңда Ырым-тыйымдар дінге қайшы емес пе? деген сауал көптің көкейінде жүрген тұжырымдардың бірі. Ырым-тыйымдар адамгершілікке, имандылыққа, ысырап етпеуге, табиғатты қорғауға, ізгілікке, көркем мінезге тәрбиелеудің түпқазығы. Дінімізде де ысырапшылдыққа, қиянатқа, жаман нәрселерден аулақ болуға насихаттайды. Дінімізде ырым-тыйымдар мен ислам қағидаттары тәрбие беру процеесінде бір-бірімен ұштасып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерімен негізделген.
Халқымыз сенген соңғы дін - Ислам діні көшпелі қазақ қауымы арасында ескіні жойып, жаңаны орнату емес, ескі мен жаңаны өзара үйлестіріп, жаңғырту. Демек, қазақ ырым-тыйымдарының астары дінмен сабақтасып жатқан терең мазмұнға ие.
2.Қазақ халқының көшпелі тұрмыс кешуі. Халықтың тұрмысындағы , отбасындағы барлық жағдайлар космологиялық заңдылыққа негізделіп жасалған. Мәселен, жылдың төрт мезгіліне сай қазақ халқының көктемде - көктеуге, жазда-жайлауға, күзде - күздеуге, қыста - қыстауға көшіп отыруының өзіндік ережелері қалыптасқан. Атадан балаға ауысып отыратын жөн-жоралғы, салт-дәстүр үлгілерінің бір жағынан этноэкологиялық тәрбиеге үйрететін болса, екінші жағынан , оның ұрпақ үшін шексіз, баға жетпейтін рухани мұра екендігін айғақтайды.
3.Халқымызда Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады деген аталы сөз бар. Бұдан сөз сиқырына сенуді, магиялық наным-сенімді аңғаруға болады. Ш.Уәлиханов бұл туралы былай дейді: Язык человека через слово имел, по мнению киргизов (казахов) разрушительное влияние ... Если у киргиза (казаха) умрет красивый ребенок, пропадет хороший конь, улетит жороший сокол, испортится ружье - все приписывается человеческому языку - деп түйіндейді [ ].
Демек, қазақ баласы шетінесе де аты жоғалып, кыран құсы оралмай ұшып кетсе де, мылтығы нысанаға тимей қалса да басқалардың көзі мен сұсты тілінен деп ырымдаған. Шоқан Уәлихановтың бұл пікірін дамыта отырып, академик Ә.Т.Қайдар өзінің осы тақырыпқа арнап жазған бір еңбегінде сөз магиясына, яғни сөздің сиқырлы қуатына сенуді жалпы түркілік сипаты бар наным ретінде қарастырады [ ].
Магиялық наным бойынша өтірік ант ішуге (от соқсын, нан ұрсын, дәм-тұз ұрсын) немесе серт беруге болмайды, олай істеуге тыйым салынады. Өйткені бұл тыйым бұзылса, өтірік ант ішкен адамды табан астында ант атады деген үрейлі нанымнан туған тыйым бар. Сондықтан бұл тыйымды бұзудан әркім сескенетін болған. Қазақтар бала-шағасының нешеу екенін, малының санының қанша екенін ешкімге айтпауға тырысқан, бұл құдайдың қарғысына ұшырамаудан, тіл-көзден іштей сақтанудан туған ырым. Қалыптасқан ескі салт бойынша, түйесі көп адамдар әрбір жүзінші түйенің бір көзін ағызып отырған. Түйе санын сұрағандарға бір соқыр, екі соқыр немесе түйе атын қолданбау үшін оның мойын терісінің атауымен мойнақ деген. Ғылыми тілдегі метонимиялық, эвфемистік атауды пайдаланған. Зерделеп қараған адамға, бала, яғни ұрпақ тәрбиесінде қазақы ырым-тыйымдардың берер тәрбиелік мәні зор.
4.Деректерге сүйенетін болсақ бірқатар ырым-тыйым жүйесі шет елден келген дейді. Оған дәлел ретінде біз көне Жібек жолы магистрілінің торабында орналасуымызбен байланыстырады. Мысалы: Қара мысық жолыңды кессе, жолың болмайды, Босағада тұрып амандаспа деген сынды ырым-тыйымдар көршілес орыс халқынан енген. Себебі, орыстар ертеде қара шаңырақтың иесін үйден шығармай, босағаға көметін болған екен. Кейіннен босағадағы мәйіттің үстін баспас үшін кіре берісте тұрып амандаспаған.
5.Адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты туған ырым-тиымдар. Үлкен мен кішінің арасындағы, әке мен бала арасындағы, ағайын арасындағы, адамның жеке басына қатысты орындалады. Мысалы, Нанды баспау, дастарқанды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz