Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 4

  1. Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы . . . 7

I. 1 Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі . . . 7

II. 2 Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері . . . 13

  1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстар . . . 22

II. 1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік сематикасы . . . 22

II. 2. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары . . . 29

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жіктеу есімдіктері (мен, сен, біз) дискурсивті парадигмалдық компонентті сөйлеу бөліктерінің біліктілік сипаттамаларына енгізуге бағдарлайтын дискурстар грамматикасы арнасында түсіндіріледі. Дискурста жіктеу есімдіктері дәстүрлі жіктемелермен берілген дейктикалық өрістен шығып, оларды түсіну және бағалау үшін семантикалық, прагматикалық және когнитивтік-дискурсивтік бірігумен қамтамасыз етілген кешенді (пәнаралық) тәсіл қажет болатын қасиеттерді көрсете алады. Жіктеу есімдіктері институционалдық дискурстарды және жаңа дискурсивтік практикаларды сәйкестендіруге қатысады; морфологиялық деңгейдегі мәдени-таңбаланған бірліктерге жатады; ұлттық дәстүрлердің тасымалдаушысы болып табылады, бұл әсіресе табысты мәдениетаралық коммуникациялар үшін маңызды. Дискурстағы жіктеу есімдіктерінің конфигурациясы, олардың бір-біріне қатысты орналасуы, тілдік ортасы және тілден тыс фоны топтың әрбір есімінің сараланған белгілерін анықтауға негіз болады. Жіктеу есімдіктерінің семантикалық-когнитивті әлеуеті институционалдық дискурстарда және қалыптасып келе жатқан дискурсивтік практикаларда әр түрлі көрінеді. Жіктеу есімдіктерінің когнитивтік-перцептивтік қасиеттерінің типологиялық мәнді байланысы және дискурстың типі (түрі) белгіленген. Сонымен, мен - рухани түсінік негізінен философиялық, поэтикалық және діни дискурсты ұйымдастырады; мен - қоғамдық саяси дискурстарда белсенді келеді; мен-мәртебелісіз таныстыру дискурсында және т. б. сол секілді нәрселерге қол жеткізе алмаймыз. Сен есімдігінде диалогта және монологта осы құрылымдардың дискурс түрімен арақатынасында әртүрлі белгілері бар. Біз есімдігі инклюзивті-эксклюзивті сәйкестендірудің кең спектріне енгізілген. Қарастырылып отырған есімдіктерді қолданудағы мәдениетаралық аспектіге назар аударылады. Дипломдық жұмыста енгізілген мәтіндік иллюстрациялар зерттелетін мәселеге когнитивтік-дискурсивтік көзқарас тиімділігінің дәлелді деңгейін арттыртуды жөн көрдік.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жіктеу есімдіктері - қазақ тілінде толықтвй туынды сөздердің қатыра кіреді. Дипломдық жұмыс аясында жіктеу есімдігінің синтаксистегі қолданысын саралап, оның ішіндегі қызметіне баса назар аударамыз.

Ендігі мәселе жіктеу есімдігінің атқаратын синтаксистік қызметі туралы болмақ. Олардың қызметі, әрине, дискурс құрамында анықталады. Тілдік ситуацияның міндетті компоненттерінің құрамына сөйлеуші мен тыңдаушы, сөйлеу орны мен уақыты және де сөйлеу актісінің басқа сөйлеу актісімен сәйкес немесе сәйкес еместігі енеді. Тілдік ситуацияның бұл ерекшеліктеріне есімдіктің негізгі екі дискурстық қызметі негізделген: дейксис және анафора.

Дейксис ретінде, әдетте, дискурстағы сөйлеуші, пікірлесуші, уақыт пен орын, сөйлеу актісіне тікелей қатысы бар тұлғалар мен заттар сияқты элементтеріне сілтеу түсініледі, ал анафора ретінде контекстің элементтеріне сілтеу, яғни бір сөйлеу актісінің элементтерінің екінші бір сөйлеу актісінің элементтерімен сәйкестігіне сілтеу түсініледі. Сонымен қатар, дискурс туралы сөз еткенде жіктеу есімдіктерінің анафоралық қызметіне тоқталып, жақсылап саралайтын боламыз.

Зерттеу нысаны. Жіктеу есімдерінінің зерттелу тарихын зерттей отырып, жіктеу есімдіктерінің түркі халықтарынның, еуропа ғалымдарының зерттеуімен танысатын боламыз. Жіктеу есімдіктері сөйлемдердегі байланыс құралының қызметін атқаруы сияқты синтаксистік қызметін жан-жақты қарастыру диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу пәні. Синтаксис, функционалды грамматика, коммуникативті синтаксис.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жіктеу есімдіктердің дискурсивтік жүйедегі қолданыстарын толық ашып көрсету жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін төменде көрсетілген міндеттер қамтылды:

  • жіктеу есімдіктерінің жалпы зерттелу тарихы;
  • жіктеу есімдіктері мен жақ ұғымының толық мағынасын ашу;
  • сөйлем мүшерелінің қызметінде жұмсалған жіктеу есімдіктерді саралау;
  • жіктеу есімдіктерінің дискурстік қолданысын анықтау.

Диплом жұмысының материалдары. Дипломдық жұмыста тілдік материалдар ретінде қазақи әдеби шығармалар жинағынан материалдар пайдаланылды.

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысы барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дағдылы тілдік сипаттама әдісі, кешендік талдау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау, аналитикалық-синтетикалық әдіс, баяндау тәсілі, анализ-синтез тәсілі, т. б әдіс-тәсілдер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық негіздері.

Диплом жұмысының ғылымилығы:

  • дипломдық жұмыс барысында жіктеу есімдіктің қазақ тіл біліміндегі зерттеуімен қоса, батыс, орыс, түркология тіл біліміндегі ғалымдардың зерттеулері, шығармалары, мақалаларына сүйенілді;
  • жіктеу есімдіктері мен жақ ұғымының ұқсас жақтары анықталып, мысал келтірілді;
  • сөйлем мүшелерінің қызметінде қолданылған жіктеу сімдіктердің қолданыс ерекшеліктері айқындалды;
  • жіктеу есімдіктерінің дискурстық жүйесі толық зерттелді.

Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында тіл мамандарын даярлауда оқытылатын «Тіл білімі», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» сияқты бағдаламалы пәндерде жіктеу есімдіктер мен, жіктеу есімдіктердің қызметі секілді тақырыптарда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі

Кез келген дара адам немесе адамдар тобы субъективті «мен» -ден «ол» -ге, одан әрі «сен» -ді «біз» түсінушіге қабылдаудан «біз» -ге өту тағдырына еркін және байсалды қабілетін сақтауы тиіс.

О. Розеншток-Хюсси «Сөйлеу және шындық»

Есімдіктер ішінде сан жағынан қарағанда аздау болып көрінгенімен, бірақ адамға қатысты айтылғандықтан, әрі пікір алмасу барысында жақтық қатынаста өте көп жұмсалатыны - жіктеу есімдіктері . Олар бес түрлі сөз біріктірілетіні барлығымызға мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Бұлар қазақ тілімізде жиі қолданылуымен қатар, қызметі жағынан да расан зор қызмет атқарады. Тұлғалық жағынан алып қарасағанда жіктеу есімдіктері түгелдей дерлік туынды сөздер болып табылады. Мысалы, мен (<ме-н), сен (<се-н), ол (<о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о- және дыбысынан құралатындығына барлық ғалым қазіргі кезде бірауыздан келіседі. Бұл сөздердің барлығы дерлік құранда сөздер екені, және алтай тілінің күрделі тармақтарының бірі моңғол тіліндегі бі, чі және манжұр тұңғыс тіліндегі би, си есімдіктерін салыстыра қарағанда анық байқалады десек болады.

Осы жоғарыда айтылған күрделі мәселе мен, сен, ол(<ан), қай? (<қан) есімдіктерінің соңында келетін дыбысы туралы. Бұл мәселені ең алғаш көтерген В. Радловтың:«жіктеу есімдіктері: ме-н, се-н деген екі элементтен құралған сөздер» деген пікірінен бастау алды. Бұдан әрі әр түрлі ғалымдар өз ойларын ортаға сала бастады. Оларды топшылай келгенде, мынадай болды:

Біріншіден , дыбысына қыстырма («вставочный») дыбыс немесе жалғастырушы дауыссыз(«соединительный») не жалғастырушы қыстырма дауыссыз(«соединительный вставочный согласный») дыбыс деп айтылды. Бұл пікірді қолдаған ғалымдардың бірі И. А. Батманов қырғыз тіліндегі bu сілтеу есімдігінің септелу барысында mundan, munan сияқты жағдайларда қыстырма («вставочный») n пайда болады деп көрсеткен. Ол n III жақ тәуелдік жалғауы қыстырма at сөзінің септелуінде(atnda дегендегі n сияқты) қосылып айтылатын n дыбысымен тектес деген пікріді айтқан болатын. И. А. Батмановтың ең соңғы еңбектерінің бірінде бұл «вставочный -н » түрінде көрсетілген.

М. Расянен : «Очень распространенный «соединительный согласный» n, который обычно наблюдается после корней на гласный в родительном, дательном и иминительном падежах (частично и после согласных) и которого не было в древнетюрском языке, произошел из местоименного склонения : ап-уп, an-ga, an-ug вследствие неправильного слогоразделения а-nул», - деп жазған. Ал, Г. И. Рамстедт моңғол тіліндегі жіктеу есімдіктерінің септелуінде пайда болатын n жалғастырушы қыстырма дауыссыз («соединительный вставочный согласный») дыбыс болып саналады деген.

Ал, А. М. Щербак өзінің еңбектерінде н дыбысын « қыстырма » деп атай отырып, екі түрлі ойды ортаға салады: біріншіден, қос септіктер түрік тілінде бар екенін ескеретін болсақ, «қыстырма» н оруднокомитативный немесе притядательный (ілік) септіктің рудименті болуы әбден мүмкін. Ал, екіншіден, бұл дәлелдерге сәйкес келмейтін кейбір орындарда, тек туынды сөздерде ғана қалпына келетін (восстановливающимся) түбірдің құрамдық (конструктивный) элементі болуы керек, -дейді.

Екінші , дыбысын «факультатив» көрсеткіш деп тану. Бұл дағды ең алғаш рет Н. К. Дмитриевтен еңбектерінен басталады. Кейінірек келе В. Н. Хангильдин, Т. М. Гарипов сынды тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз.

Үшіншіден, -н дыбысын ілік септігінің қысқарған түрі деп қарау. Бұл пікірді алғаш рет В. Радлов өз еңбектерінде айтады да, оны қолдаушылардың бірі ретінде К. Грёнбех болады. К. Грёнбех: дыбысын ілік септік жалғауынан пайда болған тұлға дей отыра, ілік септік жалғауының (Genetivsuffik) өзі бір кездерде nan «Sache, Ding» деген толық мағыналы сөз дәрежесінде дербес қолданылған заттық атау сөз болған деп көрсетеді. Сол сияқты, В. И. Насилов өзінің еңбегі 1940 жылғы грамматикасында дыбысының ұйғыр тіліндегі жіктеу есмідігінің септеу жүйесінде -наң түрінде толық қолданылған дағдысына сүйене отырып, барсы, жатыс, шығыс септіктеріндегі sanindin, suninga деген сияқты сөздерді қосқабат септік жалғаулы сөздеп атаған. Солай келе мұндай сөздерді септік жалғауларының жеке бір түрі есебінде қосқабат септеу (двойной падеж) деп атап, ол туралы: «Когда между предметами пространственное отношение выражается местоимением, стоящим в притяжательном падеже, образуется двойной падеж местоимения, стоящий из притяжательного падежа, к которому присоединяются суффиксы падежей, выражающих пространственные отношения », - деген пікірді айтқан болатын.

Н. А. Баскаков еңбектерінде дыбысының ілік септігінің қысқарған түрі және ілік септік жалғауы наң сөзінен пайда болған деген пікір әсіресе кең орын алады. Н. А. Баскаков «Түрік тілдеріндегі есімдіктердің мағыналық байланыстары», - деген мақаласында дыбысының қалыптасу жолын баяндай келе: « . . . аффикс родительного падежа, обрзозвавшийся из слова с самостоятельным значениям «тело» > «сущность» > «вещь» и имеющий различные степени фонетического развития: ненье > нень > нынь/нинь > нын/нин > т. е. от полной формы нынь до одного согдасного - н . . . », - деп қорытқан.

Келесі кезектегі мәселелелеріміздің бірі жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз сөздері де бі, - сі- және морфемасы арқылы құралады. Бұл морфемасы жөнінде де қазіргі кезде ғалымдарымыздың арасында әр түрлі гипотезалық пікірлер бар.

Ең бірінші , біз, сіз есімдіктері би-си (>биз) және си-cи (>сиз) секілді бөлшектерден құралады деген пікірлер бар. Бұл ойды ең бірінші болып Бётлингк ортаға шығарады және бұл ойды қолдаушы ретінде В. Радловта пікірлес болады. Бұл гипотезаны С. Е. Маловтың еңбектерін зерттей отырып бұл пікірді қолдағанын кездестіре алаымыз. Мысалы, С. Е. Малов өзінің еңбектерінде былай жазады: «Можно и по-дрогому объяснить этимологию местоимения biz и siz:

bi + si = biz «я - ты - мы»

si + si = siz «- ты - вы».

Екіншіден, біз, сіз есімдіктерінің морфемасы жұптық мағынаны (двойственное число) білдіретін көрсеткіш болған. Осы пікірді қолдаған ғалымдардың бірі В. Котвич түрік тіліндегі miz/biz және siz сөздерін бір кездерде жұптық мағынада қолданылған сөздер деп көрсете келе, морфологиялық бірыңғай типті сөздер деп, omuz(иық), kol, ikiz сөздерімен салыстырған болатын.

Үшіншіден, Муканчи, Г. И. Рамстедт, В. Банг, Л. Лигети сияқты бір топ ғалымдар біз, сіз есімдіктерінің морфемасын көптік мағынаны білдіруші ерекше бір көрсеткіш деген пікірді айтқан. Бұл пікірді қолдаған Н. К. Дмитриев 1940 жылғы өзінің грамматикасында : « . . . биз и сиз разлагаются на би-з и си-з представляют собою особое множественное число архаичным показателем - з ( ы з и з ; у з у ы з ) \left( \frac{- ыз}{- из}; \frac{- уз}{- уыз} \right) . . . », -деп жазды. Ал 1948 жылғы грамматикасында аффиксы жайлы «он является архаичным показателем множесвенности» - деп айтқан.

Көптеген есімдік сөздер белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер арқылы немесе қолдану мақсаттарына қарай өзге сөз таптарына және грамматикалық көрсеткіштер (қосымшалар) қатарына да айналып кеткені байқалады. Есімдіктердің бір кездерде өзге категорияларға, яғни қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабілеті өте күшті болғаны ерекше көзге түседі. Бұл жағдайды көбінесе жіктеу есімдіктерінен кездестіре аламыз. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен -мын, -мін, -сың, -сің сияқты жіктік жалғаулары және -м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз, жіктеу есімдіктерінен -мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік, сыпайылық мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары жасалған.

Негізінде есімдіктердің шығу тегі дегенде, ең алдымен, көзге түсетін және ерте кезден бастап-ақ зерттеушілердің көңілін өзіне аударған мәселесі - жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын айтсақ қателеспейміз. Жіктеу есімдіктері сілтеу есімдіктерімен қатар дейксистік сөздер типінен басты орындардың біріне ие болады, олар негізгі дейксистік (тура сілтеу) сөздер болып табылады. [1]

Функциональды грамматика аясында белгілі бір семантикалық қызметті атқару, яғни сілтеу қызметін (жақтық, темпоральды қатынастарды белгілеу қызметін) іске асыру үшін жіктеу және сілтеу есімдіктерінің өз антецеденттерімен өзара әрекет жасауы анықталады. Функциональды грамматика қызметтен құралға деген бағытпен жүреді десек, сілтеу қызметін көрсететін құралдар ретінде біз жіктеу және сілтеу есімдіктерін қарастыруды жөн көрдік. Сілтеудің түрлі бірліктері қазіргі лингвистикада дейксис пен эгоцентризм, анафора теорияларының негізінде қарастырылуда. Ал осы сілтеу ұғымы есімдіктердің ішінде, әсіресе, жіктеу және сілтеу есімдіктеріне тән болып келедіЖіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің арасындағы генетикалық байланысын ең бірінші болып О. Бётлингк өз еңбектеріне жазып бастады. Кейіннен Радлов сан сөздерінің ба (бі) және са (сі) сияқты таза түбірлерін бөліп алып қарауынан бастап, бұл мәселе басқа біраз зерттеушілерді көңілін өзіне аударып, негізгі зерттеу объектілеріне айналды. Мысалы В. Банг «Vom Kokturschen zu osmanischen» деген еңбектерінде beru, beri, biri сөздерін барыс септігінің көне формасындағы I жақ жекеше be-, bi- есімдіктері деп түсіндіреді. Сөйтіп бұған қарама-қарсы мағынадағы сөз есебінде барыс септігінің көне формасындағы аъ сөзін алып, оны III жақ жекеше а жіктеу есімдігі деп көрсетеді. Бұл сияқты сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің ұқсастығы жөніндегі пікірді Мункачи, Немет, И. Дени, А. Зайончковскийдің еңбектері мен В. Котвичтің «Алтай тіліндегі есімдіктер» деген еңбегінен, Н. К. Дмитриевтің «Башқыр тіліндегі сілтеу есімдіктері туралы» деген еңбегінен де кездестіреміз. Н. К. Дмитриев осы еңбегінде: «В тюрских языках генезис указательных местоимений надледит рассматривать в связи с личными местоимениями», - деп көрсеткен болатын.

Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланыстары жайлы арнайы жазылған екі үлкен аумақты мақала бар. Олардың бірі - А. П. Поцелуевскийдің «Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің тегі» деген мақаласы да, бірі - Н. А. Баскаковтың «Түрік тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық байланыстары жөнінде» деген мақаласы.

А. П. Поцелуевскийдің мақаласын қысқаша талдайтын болсақ: I және II жақ жіктеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан бу (<му) және шу есімдіктерінің морфологиялық құрамдарымен бірдей болып келетінін ескерте келе, мынадай үлгіні ұсынған:

«б-ен<м-ен<м-ин; м-ун<м-ын<м-ин

с-ен<с-ин; ш-ун<ш-ын<ш-ин-».

Сонда қазіргі қолданыстағы бу сілтеу есімдігі мен бен жіктеу есімдіктері ертедегі бір замандарда мин сөзінен тараған сөздер; шу сілтеу есімдігі - шин; сен жіктеу есімдігі син сөзінен пайда болған сөздер болып шығады. Автор еібектерінде сілтеу және жіктеу есмідіктерінің түбірін ин/ын деп таниды да, сөздердің алғы б, м, ш, с дыбыстарын префикстік көрсеткіштер деп атайды. Бұл жөнінде автор: «сопоставление косвенных падежных форм местоименимений «бу» и «шу» позволяет выделить их общую основу «ун», к которой присоединяются а порядке префиксации форманты «б» или «м» и «ш», - дегенді айтқан. Сонымен қатар бұл түбірді түрікмен тіліндегі ин-е (вот!), қазақ тіліндегі м-ін-е, аюр тіліндегі м-ин-е, м-ын-а сөздерінің бойында сақталған деп көрсеткен. Бұдан әрі автор III жақ жіктеу есімдігі мен ол сілтеу есімдігінің байланысын сөз ете келе: «что же касается тенезиса указательного местоимения «ол» (> «о») то, оно в форме номинатива должно быть, по нашему мнению, возведено к указательному образованию междоиметийнего типа «һол» или «һо : л» (вот! Вон там! во-он!) », -дегенді ұсынған.

Н. А. Баскаков өзінің мақаласында: жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын сілтеу, тәуелдеу және жіктеу есімдіктері деген ізбен сатылай көрсетеді. Сонда есімдіктерінің көне түрі сілтеу есімдіктері болады да, әрі қарай дамудың екінші сатысы - тәуелдеу есімдіктер (ілік жалғауындағы сілтеу және жіктеу есімдіктері), үшінші саты - жіктеу есмідіктері болып көрсетіледі.

Біздің ойымызша мұнда айтылған сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің түбір морфемаларының генетикалық байланысы, ешқандай дау тудырмайтын мәселелердің бірі деп білеміз. Себебі бұл мәселелердің барлығы дерлік жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде талданып, толық дәлелденген деп айта аламыз.

Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарады. Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұл-бұлдай сайраған тілі едім (М. Дулатов) . Біз сендерлік!(Аймауытов) деген сөйлемдердегі мен, біз есімдіктері бастауыш болып, маған, сені есімдіктері толықтауыш болып, сіздің есімдігі анықтауыш болып, сендерлік есімдігі баяндауыш болып тұр.

Сөйлемде бастауыш жіктеу есімдіктерінің бірі болса, баяндауышпен, көбінесе, жақ жағынан қиысып тұрады. Мен жылы сөзді, алдымен айналып келейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім(Дулатов) . Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Олардың септелу жүйесі мынадай болып келеді:

Жекеше түрі:

Атау
мен
сен
Сіз
Ол
Атау: Ілік
мен: менің
сен: Сенің
Сіз: Сіздің
Ол: оның
Атау: Барыс
мен: маған
сен: Саған
Сіз: Сізге
Ол: оған
Атау: Табыс
мен: мені
сен: Сені
Сіз: Сізді
Ол: оны
Атау: Жатыс
мен: менде
сен: Сенде
Сіз: Сізде
Ол: онда
Атау: Шығыс
мен: менен
сен: Сенен
Сіз: Сізден
Ол: онан(одан)
Атау: Көмектес
мен: менімен
сен: Сенімен
Сіз: Сізбен
Ол: онымен

Көптік жалғаулар

Атау
Біз(дер)
Сендер
Сіздер
олар
Атау: Ілік
Біз(дер): Біз(дер) дің
Сендер: Сендердің
Сіздер: сіздердің
олар: олардың
Атау: Барыс
Біз(дер): Біз(дер) дің
Сендер: Сендерге
Сіздер: сіздерге
олар: оларға
Атау: Табыс
Біз(дер): Біз(дер) ді
Сендер: Сендерді
Сіздер: сіздерді
олар: оларды
Атау: Жатыс
Біз(дер): Біз(дер) де
Сендер: Сендерде
Сіздер: сіздерде
олар: оларда
Атау: Шығыс
Біз(дер): Біз(дер) ден
Сендер: Сендерден
Сіздер: сіздерден
олар: олардан
Атау: Көмектес
Біз(дер): Біз(дер) мен
Сендер: Сендермен
Сіздер: сіздермен
олар: олармен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктер
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Диуани-хикмет” ескерткіші тілінің грамматикалық ерекшеліктері (тәуелдік, жіктік және көптік жалғауларының қолданылуы)
Есімдіктердің мағыналық топтары
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Жақсыз сөйлемдер парадигмасы
Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz