Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

Н 11/1-1. 27-2020

1 баспа 25. 06. 2020

logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Абдықадырова Т.

/қолы/ /аты-жөні/

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік жүйедегі дискурстық қолданыстары

Мамандық: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

/шифрі мен аталуы/

Орындаған Авазбекова Әйгерім /қолы / /аты-жөні / Ғылыми жетекшісі ф. ғ. к., доцент м. а. Г. Мейірманова

/қолы / /ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні /

Тараз 2021

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған тапсырма

Н 11/1-1. 08-2020

1 баспа 25. 06. 2020

logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Ұстаз институты

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған ТАПСЫРМА

Студент Авазбекова Әйгерім Шыңғысқызы

/аты-жөні/

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары

ЖОО «30» желтоқсан 2020 ж. 403 бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «11» мамыр 2021ж.

Жобаға (жұмысқа) берілген негізгі көрсеткіштер: Диплом жұмысында негізінен тіл білімінің коммуникативті синтаксис, функционалды грамматика салаларының зерттеу мәселелері арқау болады. Жіктеу есімдіктерінің жай және құрмалас сөйлемдердегі дискурстық қолданыстары нақтылы мысалдармен дәлелденеді.

Диплом жобасында (жұмыс) қаралуға тиісті сұрақтардық тізімі немесе диплом жобасының (жұмыс) қысқаша мазмұны:

1 Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі

2 Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері

2. 1 Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік сематикасы

2. 2 Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары

Сызба материалдарының тізімі (негізгі сызуларды анық көрсету керек)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. - Алматы: ҚМПИ, 1961. - 3-27 бб.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 208-214 бб.

3 Гранева И. Ю. Местоимение «мы» как средство идеологических манипуляций в русской языковой картине мира.

4 Алехина М. Синтаксис сложного предложения современного русского литературного языка. І часть. - Москва: Прометей МГПИ, 1989. - С. 229.

5 . Норман Б. Ю., Плотникова А. М. Конструкции с местоимением мы : формирование актуальной или окказиональной коллективной идентичности // Вестник Новосиб. гос. пед. ун-та. 2016. № 6 (34) . С. 126-138.

Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер, жоба (жұмыс) бөлімдеріне тиістісін көрсету керек

Бөлім
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Бөлім:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Бөлім:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:

Диплом жобасын (жұмыс) дайындау

№ р/н
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі
Ескертпелер
№ р/н: 1
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: Кіріспе
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі: Қаңтар 2021
Ескертпелер:
№ р/н: 2
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі: Ақпан 2021
Ескертпелер:
№ р/н: 3
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: СЖақ ұғымы және жіктеу есімдіктері
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі: Наурыз 2021
Ескертпелер:
№ р/н: 4
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік сематикасы
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі: Сәуір 2021
Ескертпелер:
№ р/н: 5
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі: Мамыр 2021
Ескертпелер:
№ р/н: 6
Бөлімдердің аттары, қаралған сұрақтардың тізімі: Қорытынды
Ғылыми жетекшіге көрсететін мерзімі:
Ескертпелер:

Тапсырманы берген күн «05» қаңтар 2021ж.

Кафедра меңгеру ші Абдықадырова Т.

/қолы/ /аты-жөні/

Жобаның (жұмыс)

жетекшісі Мейірманова Г.

/қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға алды Студент Авазбекова Ә.

/қолы/ /аты-жөні

Мазмұны:

Кіріспе . . . 4

  1. Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы . . . 7

I. 1 Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі . . . 7

II. 2 Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері . . . 13

  1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстар . . . 22

II. 1. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік сематикасы . . . 22

II. 2. Жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары . . . 29

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыста «жіктеу есімдіктерінің дискурсивтік жүйедегі қолданыстары» тақырыбында сөз қоғалатын болады. Жіктеу есімдіктерінің зерттелу тарихы талқыланады, және олардың өздеріне тән ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері мен жақ ұғымының ұқсас жақтары, жіктеу есмідіктерінің семантикасы және дискурсивтік жақтағы қолданыстары анықталады. Жіктеу есімдіктерінің түрлі контекстегі, жіктеу есімдігінің кластерлеу барысында парадигмалау, яғни сөйлеу үдерісіндегі анафоралық қолданыстары, жазу барысныда атрибутивтеніп, семантикалық сөйлеу актілері теориясында коммуникативтік жағдайды іске асыратын жіктеу есімдіктерінің құрмалас сөйлемдерді байланыстырудағы дискурстық қолданыс ерекшеліктері зерттеледі.

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе речь пойдет о теме "использование местоимений классификации в дискурсивной системе". Обсуждается история изученности классификационных местоимений, и определяются их характерные особенности, сходные стороны понятия классификационных местоимений, семантика и использование классификационных местоимений с дискурсивной стороны. Исследуются парадигматизация классификационных местоимений в различных контекстах, кластеризация классификационных местоимений, т. е. анафорические употребления в речевом процессе, атрибуция в процессе письма, особенности дискурсивного употребления классификационных местоимений в связях составных предложений, реализующих коммуникативную ситуацию в теории семантических речевых актов.

ANNOTATION

The thesis will focus on the topic "the use of classification pronouns in the discursive system". The history of the study of classification pronouns is discussed, and their characteristic features, similar aspects of the concept of classification pronouns, semantics and use of classification pronouns from the discursive side are determined. The paradigmatization of classification pronouns in various contexts, clusterization of classification pronouns, i. e., the classification of pronouns, are studied. anaphoric uses in the speech process, attribution in the writing process, features of the discursive use of classification pronouns in the connections of composite sentences that implement the communicative situation in the theory of semantic speech acts.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жіктеу есімдіктері (мен, сен, біз) дискурсивті парадигмалдық компонентті сөйлеу бөліктерінің біліктілік сипаттамаларына енгізуге бағдарлайтын дискурстар грамматикасы арнасында түсіндіріледі. Дискурста жіктеу есімдіктері дәстүрлі жіктемелермен берілген дейктикалық өрістен шығып, оларды түсіну және бағалау үшін семантикалық, прагматикалық және когнитивтік-дискурсивтік бірігумен қамтамасыз етілген кешенді (пәнаралық) тәсіл қажет болатын қасиеттерді көрсете алады. Жіктеу есімдіктері институционалдық дискурстарды және жаңа дискурсивтік практикаларды сәйкестендіруге қатысады; морфологиялық деңгейдегі мәдени-таңбаланған бірліктерге жатады; ұлттық дәстүрлердің тасымалдаушысы болып табылады, бұл әсіресе табысты мәдениетаралық коммуникациялар үшін маңызды.

Дискурстағы жіктеу есімдіктерінің конфигурациясы, олардың бір-біріне қатысты орналасуы, тілдік ортасы және тілден тыс фоны топтың әрбір есімінің сараланған белгілерін анықтауға негіз болады. Жіктеу есімдіктерінің семантикалық-когнитивті әлеуеті институционалдық дискурстарда және қалыптасып келе жатқан дискурсивтік практикаларда әр түрлі көрінеді. Жіктеу есімдіктерінің когнитивтік-перцептивтік қасиеттерінің типологиялық мәнді байланысы және дискурстың типі (түрі) белгіленген.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жіктеу есімдіктері - қазақ тілінде толықтвй туынды сөздердің қатыра кіреді. Дипломдық жұмыс аясында жіктеу есімдігінің синтаксистегі қолданысын саралап, оның ішіндегі қызметіне баса назар аударамыз. Ендігі мәселе жіктеу есімдігінің атқаратын синтаксистік қызметі туралы болмақ. Олардың қызметі, әрине, дискурс құрамында анықталады. Тілдік ситуацияның міндетті компоненттерінің құрамына сөйлеуші мен тыңдаушы, сөйлеу орны мен уақыты және де сөйлеу актісінің басқа сөйлеу актісімен сәйкес немесе сәйкес еместігі енеді. Тілдік ситуацияның бұл ерекшеліктеріне есімдіктің негізгі екі дискурстық қызметі негізделген: дейксис және анафора.

Дейксис ретінде, әдетте, дискурстағы сөйлеуші, пікірлесуші, уақыт пен орын, сөйлеу актісіне тікелей қатысы бар тұлғалар мен заттар сияқты элементтеріне сілтеу түсініледі, ал анафора ретінде контекстің элементтеріне сілтеу, яғни бір сөйлеу актісінің элементтерінің екінші бір сөйлеу актісінің элементтерімен сәйкестігіне сілтеу түсініледі. Сонымен қатар, дискурс туралы сөз еткенде жіктеу есімдіктерінің анафоралық қызметіне тоқталып, жақсылап саралайтын боламыз.

Зерттеу нысаны. Жіктеу есімдерінінің зерттелу тарихын зерттей отырып, жіктеу есімдіктерінің түркі халықтарынның, еуропа ғалымдарының зерттеуімен танысатын боламыз. Жіктеу есімдіктері сөйлемдердегі байланыс құралының қызметін атқаруы сияқты синтаксистік қызметін жан-жақты қарастыру диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу пәні. Синтаксис, функционалды грамматика, коммуникативті синтаксис.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жіктеу есімдіктердің дискурсивтік жүйедегі қолданыстарын толық ашып көрсету жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін төменде көрсетілген міндеттер қамтылды:

  • жіктеу есімдіктерінің жалпы зерттелу тарихын зерделеу;
  • жіктеу есімдіктері мен жақ ұғымының толық мағынасын ашу;
  • сөйлем мүшелерінің қызметінде жұмсалған жіктеу есімдіктерін саралау;
  • жіктеу есімдіктерінің дискурстік қолданысын анықтау.

Диплом жұмысының материалдары. Дипломдық жұмыста тілдік материалдар ретінде қазақи әдеби шығармалар жинағынан материалдар пайдаланылды.

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысы барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дағдылы тілдік сипаттама әдісі, кешендік талдау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау, аналитикалық-синтетикалық әдіс, баяндау тәсілі, анализ-синтез тәсілі, т. б әдіс-тәсілдер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық негіздері. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми нәтижелері мен тұжырымдары қазақ тілінің функционалды, коммуникативті синтаксисіндегі сілтеу есімдіктерінің коммуникативтік аспектілер аясында және де дискурсивтік тұрғыдан зерттелуі үшін маңызды болмақ. Олардың мағыналарын ашу лексика ғылымымен қатар, сол мағыналардың нақтылануын жүзеге асыратын синтаксисте де ерекше пайдалы болмақ.

Диплом жұмысының ғылымилығы:

  • дипломдық жұмыс барысында жіктеу есімдіктің қазақ тіл біліміндегі зерттеуімен қоса, батыс, орыс, түркология тіл біліміндегі ғалымдардың зерттеулері, шығармалары, мақалаларына сүйенілді;
  • жіктеу есімдіктері мен жақ ұғымының ұқсас жақтары анықталып, мысал келтірілді;
  • сөйлем мүшелерінің қызметінде қолданылған жіктеу сімдіктердің қолданыс ерекшеліктері айқындалды;
  • жіктеу есімдіктерінің дискурстық жүйесі толық зерттелді.

Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында тіл мамандарын даярлауда оқытылатын «Тіл білімі», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» сияқты бағдаламалы пәндерде жіктеу есімдіктер мен, жіктеу есімдіктердің қызметі секілді тақырыптарда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы

I. 1 Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі

Есімдіктер ішінде сан жағынан қарағанда аздау болып көрінгенімен, бірақ адамға қатысты айтылғандықтан, әрі пікір алмасу барысында жақтық қатынаста өте көп жұмсалатыны - жіктеу есімдіктері . Олар бес түрлі сөз біріктірілетіні барлығымызға мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Бұлар қазақ тілімізде жиі қолданылуымен қатар, қызметі жағынан да расан зор қызмет атқарады. Тұлғалық жағынан алып қарасағанда жіктеу есімдіктері түгелдей дерлік туынды сөздер болып табылады. Мысалы, мен (<ме-н), сен (<се-н), ол (<о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о- және дыбысынан құралатындығына барлық ғалым қазіргі кезде бірауыздан келіседі. Бұл сөздердің барлығы дерлік құранда сөздер екені, және алтай тілінің күрделі тармақтарының бірі моңғол тіліндегі бі, чі және манжұр тұңғыс тіліндегі би, си есімдіктерін салыстыра қарағанда анық байқалады десек болады. [1]

Осы жоғарыда айтылған күрделі мәселе мен, сен, ол(<ан), қай? (<қан) есімдіктерінің соңында келетін дыбысы туралы. Бұл мәселені ең алғаш көтерген В. Радловтың:«жіктеу есімдіктері: ме-н, се-н деген екі элементтен құралған сөздер» деген пікірінен бастау алды. Бұдан әрі әр түрлі ғалымдар өз ойларын ортаға сала бастады. Оларды топшылай келгенде, мынадай болды:

Біріншіден , дыбысына қыстырма («вставочный») дыбыс немесе жалғастырушы дауыссыз(«соединительный») не жалғастырушы қыстырма дауыссыз(«соединительный вставочный согласный») дыбыс деп айтылды. Бұл пікірді қолдаған ғалымдардың бірі И. А. Батманов қырғыз тіліндегі bu сілтеу есімдігінің септелу барысында mundan, munan сияқты жағдайларда қыстырма («вставочный») n пайда болады деп көрсеткен. Ол n III жақ тәуелдік жалғауы қыстырма at сөзінің септелуінде(atnda дегендегі n сияқты) қосылып айтылатын n дыбысымен тектес деген пікріді айтқан болатын. И. А. Батмановтың ең соңғы еңбектерінің бірінде бұл «вставочный -н » түрінде көрсетілген.

М. Расянен : «Очень распространенный «соединительный согласный» n, который обычно наблюдается после корней на гласный в родительном, дательном и иминительном падежах (частично и после согласных) и которого не было в древнетюрском языке, произошел из местоименного склонения : ап-уп, an-ga, an-ug вследствие неправильного слогоразделения а-nул», - деп жазған. Ал, Г. И. Рамстедт моңғол тіліндегі жіктеу есімдіктерінің септелуінде пайда болатын n жалғастырушы қыстырма дауыссыз («соединительный вставочный согласный») дыбыс болып саналады деген.

Ал, А. М. Щербак өзінің еңбектерінде н дыбысын « қыстырма » деп атай отырып, екі түрлі ойды ортаға салады: біріншіден, қос септіктер түрік тілінде бар екенін ескеретін болсақ, «қыстырма» н оруднокомитативный немесе притядательный (ілік) септіктің рудименті болуы әбден мүмкін. Ал, екіншіден, бұл дәлелдерге сәйкес келмейтін кейбір орындарда, тек туынды сөздерде ғана қалпына келетін (восстановливающимся) түбірдің құрамдық (конструктивный) элементі болуы керек, -дейді. [2]

Екінші , дыбысын «факультатив» көрсеткіш деп тану. Бұл дағды ең алғаш рет Н. К. Дмитриевтен еңбектерінен басталады. Кейінірек келе В. Н. Хангильдин, Т. М. Гарипов сынды тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз.

Үшіншіден, -н дыбысын ілік септігінің қысқарған түрі деп қарау. Бұл пікірді алғаш рет В. Радлов өз еңбектерінде айтады да, оны қолдаушылардың бірі ретінде К. Грёнбех болады. К. Грёнбех: дыбысын ілік септік жалғауынан пайда болған тұлға дей отыра, ілік септік жалғауының (Genetivsuffik) өзі бір кездерде nan «Sache, Ding» деген толық мағыналы сөз дәрежесінде дербес қолданылған заттық атау сөз болған деп көрсетеді. Сол сияқты, В. И. Насилов өзінің еңбегі 1940 жылғы грамматикасында дыбысының ұйғыр тіліндегі жіктеу есмідігінің септеу жүйесінде -наң түрінде толық қолданылған дағдысына сүйене отырып, барсы, жатыс, шығыс септіктеріндегі sanindin, suninga деген сияқты сөздерді қосқабат септік жалғаулы сөздеп атаған. Солай келе мұндай сөздерді септік жалғауларының жеке бір түрі есебінде қосқабат септеу (двойной падеж) деп атап, ол туралы: «Когда между предметами пространственное отношение выражается местоимением, стоящим в притяжательном падеже, образуется двойной падеж местоимения, стоящий из притяжательного падежа, к которому присоединяются суффиксы падежей, выражающих пространственные отношения », - деген пікірді айтқан болатын. [3]

Н. А. Баскаков еңбектерінде дыбысының ілік септігінің қысқарған түрі және ілік септік жалғауы наң сөзінен пайда болған деген пікір әсіресе кең орын алады. Н. А. Баскаков «Түрік тілдеріндегі есімдіктердің мағыналық байланыстары», - деген мақаласында дыбысының қалыптасу жолын баяндай келе: « . . . аффикс родительного падежа, обрзозвавшийся из слова с самостоятельным значениям «тело» > «сущность» > «вещь» и имеющий различные степени фонетического развития: ненье > нень > нынь/нинь > нын/нин > т. е. от полной формы нынь до одного согдасного - н . . . », - деп қорытқан.

Келесі кезектегі мәселелелеріміздің бірі жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз сөздері де бі, - сі- және морфемасы арқылы құралады. Бұл морфемасы жөнінде де қазіргі кезде ғалымдарымыздың арасында әр түрлі гипотезалық пікірлер бар.

Ең бірінші , біз, сіз есімдіктері би-си (>биз) және си-cи (>сиз) секілді бөлшектерден құралады деген пікірлер бар. Бұл ойды ең бірінші болып Бётлингк ортаға шығарады және бұл ойды қолдаушы ретінде В. Радловта пікірлес болады. Бұл гипотезаны С. Е. Маловтың еңбектерін зерттей отырып бұл пікірді қолдағанын кездестіре алаымыз. Мысалы, С. Е. Малов өзінің еңбектерінде былай жазады: «Можно и по-дрогому объяснить этимологию местоимения biz и siz:

bi + si = biz «я - ты - мы»

si + si = siz «- ты - вы».

Екіншіден, біз, сіз есімдіктерінің морфемасы жұптық мағынаны (двойственное число) білдіретін көрсеткіш болған. Осы пікірді қолдаған ғалымдардың бірі В. Котвич түрік тіліндегі miz/biz және siz сөздерін бір кездерде жұптық мағынада қолданылған сөздер деп көрсете келе, морфологиялық бірыңғай типті сөздер деп, omuz(иық), kol, ikiz сөздерімен салыстырған болатын.

Үшіншіден, Муканчи, Г. И. Рамстедт, В. Банг, Л. Лигети сияқты бір топ ғалымдар біз, сіз есімдіктерінің морфемасын көптік мағынаны білдіруші ерекше бір көрсеткіш деген пікірді айтқан. Бұл пікірді қолдаған Н. К. Дмитриев 1940 жылғы өзінің грамматикасында : « . . . биз и сиз разлагаются на би-з и си-з представляют собою особое множественное число архаичным показателем - з ( ы з и з ; у з у ы з ) \left( \frac{- ыз}{- из}; \frac{- уз}{- уыз} \right) . . . », -деп жазды. Ал 1948 жылғы грамматикасында аффиксы жайлы «он является архаичным показателем множесвенности» - деп айтқан.

Көптеген есімдік сөздер белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер арқылы немесе қолдану мақсаттарына қарай өзге сөз таптарына және грамматикалық көрсеткіштер (қосымшалар) қатарына да айналып кеткені байқалады. Есімдіктердің бір кездерде өзге категорияларға, яғни қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабілеті өте күшті болғаны ерекше көзге түседі. Бұл жағдайды көбінесе жіктеу есімдіктерінен кездестіре аламыз. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен -мын, -мін, -сың, -сің сияқты жіктік жалғаулары және -м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз, жіктеу есімдіктерінен -мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік, сыпайылық мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары жасалған.

Негізінде есімдіктердің шығу тегі дегенде, ең алдымен, көзге түсетін және ерте кезден бастап-ақ зерттеушілердің көңілін өзіне аударған мәселесі - жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысын айтсақ қателеспейміз. Жіктеу есімдіктері сілтеу есімдіктерімен қатар дейксистік сөздер типінен басты орындардың біріне ие болады, олар негізгі дейксистік (тура сілтеу) сөздер болып табылады. [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Мәтінді байланыстырушы анафоралық құралдар
Есімдік.Есімдік туралы түсінік
Есімдіктер туралы
Сөз таптарының жақтылығы немесе жақтық көрсеткіші
Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы
Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар
Есімдіктердің мағыналық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz