Plaza Hotel қонақ үйіндегі ақпараттық технологияларға жалпы сипаттама
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ермеков Дастан Амангельдинович
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - ТУРИЗМ
Көкшетау, 2021

Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_____________________
____ ______________
күні қолы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
5В090200- ТУРИЗМ білім беру бағдарламасы бойынша
Орындады Ермеков Д. А.
Ғылыми жетекшісі
ғылыми дәрежесі, лауазымы Абишева Г.О.
Көкшетау, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. 4
1
2. ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫДAҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТ АЛЫСТАРЫ
6
1.1
Қонақ үй бизнесін басқару құрылымын қалыптастыру кезендері
6
1.2
Қазақстанда қонақ үй бизнесінің қалыптасу және даму ерекшеліктері
11
1.3
Қазақстанда қонақ үй бизнесі қызметін басқарудың сапалық көрсеткіштері
21
2
PLAZA HOTEL ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ БРОНДАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
27
2.1
Plaza hotel қонақ үйі туралы жалпы мәлімет және негізгі көрсеткіштері
27
2.2
Plaza hotel қонақ үйінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
30
2.3
Әлемдік қонақ үй индустриясындағы негізгі брондау жүйелері (Amadeus, Galileo, Worldspan, Sabre)
35
3
PLAZA HOTEL ҚОНАҚ ҮЙІ БИЗНЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ҰСЫНЫСТАР
47
3.1
Қазақстан аумағындағы ақпараттық-брондау жүйелерінің түрлері
47
3.2
Plaza Hotel қонақ үйіндегі ақпараттық технологияларға жалпы сипаттама. Вooking.com жүйесі.
51
3.3
Қазақстан аумағында қонақ үй қызмет өтілімін арттырудағы ұсынымдар (Plaza Hotel мысалында)
54
ҚОРЫТЫНДЫ
63
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
65
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманда компьютерлік технологиялар әлеуметтік - мәдени қызмет саласында және туристік бизнес саласында белсенді қолданылып, табысқа жетудің негізгі бөлігі яғни табыс көзі болып саналады. Н.М. Ротшильд айтқандай Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемге ие болады дәл осыған мысал бола алады. Бұл сөз әсіресе туристік бизнесте танымал болып саналады, өйткені бұл салада жеделділік, дәлдік, ақпаратты өндеу және тарату жылдамдығы, жетекшілердің шешімінің тиімділігі осыған дәлел. Осы жағдайлардың іске асуы тек ақпараттық және компьютерлік жүйелерді қолдану шеңберлігіне байланысты.
Ақпаратттық технологияны туристік бизнеске енгізуі көптеген қыйншылықтарға кездеседі. Мысалға, ақшалай қаржыландырудың жетіспеуі, халықтың компьютерлік білімінің төмендігі және қолданушылардың аз болуы, қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар саласына сай туризм индустриясындағы қызметкерлерінің дайындығы жеткіліксіздігі, қарапайым қомпьютерлермен жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі аздығы және де тағы басқалар. Дегенмен, жалпы үрдіс туризм саласына ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады, осы саладағы маманданған компьютерлік компаниялардың бірқатары белсенді жұмыс жасап, осы бағытта жақсы перспективаларын көрсетуде.
Кез келген ақпаратты басқару жүйесі өзінде тіркеу рәсімдерін, жинау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және басқарушылық шешімдерді қабылдау сияқты бөлімдерді қамтиды. Ақпараттық технологиялар өзімен бірге, осы ақпарат жүйесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесін ұсынады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қонақ үйге және туризм саласына жаңа форматтағы технологияны енгізу.
Дипломдық жұмыс міндеттері: Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
Қазіргі заманғы тенденцияларды зерттеу;
Қонақ үй индустриясында және туризм саласына қатысты жаңа
технология ұйымдастыру;
Plaza Hotel қонақ үйінің қаржылық - экономикалық және
технологиялық жағдайына талдау жүргізу, жаңа технологияны сынап көру.
Зерттеу нысаны - Көкшетау қаласындағы Plaza Hotel қонақ үйі.
Зерттеу әдістері: Берілген тақырыпты толықтай ашу, тиімді талдау және зерттеу үшін, сондай-ақ, алға қойған мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін келесі әдісдер қолданылды;
Теориялық, әдіснамалық негіздерді сараптау әдісі;
Шетелдік және Қазақстандық қонақ үй саласын алға жылжытудың статистикалық көрсеткіштерін талдау әдістері;
Экономикалық, әлеуметтік және маркеттингтік әдістері;
IT-технологиялырды іске асыру, жылжыту маркетингі әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері: Диплом жұмысына Агеев Д., Головченков В., Калашников И., Биржаков М.Б., Биржаков К.М., Ушаков М.В., Кинкоф Ш., А.С. Манап, К.И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю.Ф. Волков, Ж.С. Рахимбекова, Л.П. Шматько, А.Т. Бейжанов, Сидоров В.А., Чудновский, А.А. Романов, В.Г. Гуляев, О.Л. Волкова, Е.А. Соболева, О.В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.
Диплодық жұмыстың жаңалығы: Қазақстан Республикасы туризм саласында, сонымен қатар, қонақ үй бизнесінде ақпараттық және брондау жүйелері тапшы, осы орайда қала тарихымен танысу, қонақжай орындарымен туристерді ақпараттандыру, қонақүй нөмерлерін брондау үшін тиімді және толық ақпаратты қамтитын жаңа мобильдік ыңғайлы қосымша ұсыну болып табылады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі - 66 бет.
1 ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫДAҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТ АЛЫСТАРЫ
6.1 Қонақ үй бизнесін басқару құрылымын қалыптастыру кезендері
Адам баласының негізгі мекені - өз үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз жеке үйінде өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос - жарандарымызға, туысқандарымызға барып, кешкісін өз үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысында, іссапарларға және басқа да себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар тұрақтайтын бірден - бір орын - қонақ үй.
Қала ішінде жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар, мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі немесе қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Бірақ осы ретте қала ішінде де, қала сыртында да алдымен байқалатын бір ғимарат - қонақ үйлер. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындар аз емес. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.
Тұтынушылардың көзқарасынша қонақ үй - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.
Қонақ үй - кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы. Қонақ үй - бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені. ЮНВТО - ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз - белгілі бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай - ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы [29].
Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
oo Көне;
oo Жаңа кезең;
oo Қазіргі кезең.
Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады - қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту - таверналар - біздің заманымызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде жазылған.
Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі нысаны болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай керуен сарай салынуына тіпті кәсіпорындардың пайда болуына алып келді.
Керуен сарай жүйесінің кең таралуы Рим империясының аумағында жасалды. Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол маңында бір-бірінен 25 миль (40,225 км.) шамада орналасты.
Рим империясындағы қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен ықпал етті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшыларды империя шенеуліктерімен мен үкімет қызметкерлері жанына орналастырылмаған. Бұл жағдай әрине керуен сарайдың сапасына әсер етті. Аристократ өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Осыған орай Марко Поло Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады деген пікірді өз қол жазбаларында жазып қалдырған.
Таверна мен керуен сарайларда төмеңгі сословиялы азаматтарға арналған түнеу мен демалу қызметтері қарапайым болған. Мысалы, өте көп жол жүретін саяхатшылар шөп үстінде ұйықтаған, ал тоңбау үшін атының жылы бүйіріне қысылып жатқан. Басқа қосымша комфорт туралы әңгіме болмаған.
Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен роль ойнаған, ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланыстарының қарқынды дамуы болды. Осы аймақтардан ұзын керуендер өтетін ірі сауда жолдары орналасқан. Сол жолдардың бойында керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру арнайы тоқтап түнейтін орындар құрылған. Бұл орындарда адамдарға және аттар мен түйелерге арналған арнайы орындары болған. Бұндай қонақ үй түрлерін табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан қорғайтын арнайы дуалдармен қоршалды.
Қонақжайлық кәсіпорындардың одан әрі дамуына зор үлесін қосқан орта ғасырдағы діндік дәстүрлер болды. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742-814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған арнайы орындар ұйымдастырды.
Осындай орындардың бірі, Ронсельваль шатқалында монастырлер өз қақпаларының алдында кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қызметтерін ұсынды.
Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең таралуы жеке кәсіпорындарының дамуына алып келді. Англиядағы керуен сарайлар және таверналар орта ғасыр кезінде қарқынмен дамыды, әсіресе Реформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастырлердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді саяхатшылар монастырдың тегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды [30].
ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар яғни қонақ үйлер Ресейде пайда бола бастады. Ол кезде олар, Ям деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қалаларында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олардың басқа керуен сарайлардан ерекшілігі орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізу мүмкінді болды. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары, бөлмелері жиһаздармен толтырылды. Керуен сарайларда шетелдіктерді ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV - XVІІ ғасырларда Новгород қаласында неміс және голландиялық қонақ үйлер салынса, ал Мәскеуде - аглицкий, грек, армян және т.б. қонақ үй сарайлары қызмет көрсетті.
ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында қарқынмен құрылды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде қалаларында болды.
Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің дамуы, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруына септігін тигізді. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.
Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше қоңіл бөлген АҚШ болды. Тарихшылардың айтуынша, 1607 жылы Еуропадан Америкаға келген еуропалық көшкіндер өзімен бірге керуен сарайлардың яғни қонақ үйлердің құрылысы мен басқару жүйесін алап келген.
Сәулетшілердің айтуынша, американдық қонақ үйлердің еуропалық қонақ үйлерге ұқсас болғандықтан, бір бірінен ерекшіліктері көп емес. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары пойда табу мақсатында салынған коммерциялық бағытта болды [27].
Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй 1794 жылы Нью-Йорк Бродвейіндегі қаласында салынған 70 бөлмелі Сити-отель қонақ үйі болды. Ал 1829 жылы болса Бостон қаласында Тремонт отелі ашылды. Бұл отель АҚШ-тағы алғашқы классты отель болды. Бұнда коридор, тіркелетін орын, әр нөмірде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Бұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығысың жаулап, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларында қарқынмен құрыла басталды.
ХІХ - ғасырдың соңында бұл жерде орналасқан қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кейбіреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық сәні болды. Басқалары болса төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген қонақ үйлер болды яғни қарапайым халыққа арналған қонақ үйлер деуге болады.
1898 жылы Лондонда Савай отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц болды. Қазіргі уақытта Соның ұрпағына тиісілі отельдер Ритц-Карлтон атымен аталған және де әлемде соның атымен яғни франчайзингінің сатып алған отельдер өте көп.
Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр бір елінен жиналған 4700 қонақ үй иелерінен құралған бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің ұйымы құрылды.
Ресейде мемлекетінде 1910 жылы кішігірім қонақ үй мен нөмірлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Сол уақытта ең атақты қонақ үй Метрополь қонақ үйі болды. Ал Мәскеуде 1897-1907 жылдары аралығында Петербургтік акционерлік қоғамымен Люкс қонақ үйі (Филиппов мәскеулік науайшы - негізшісі), Шевальдышев қонақ үйлері Еуропа, Париж және тағы басқа қонақ үйлер құрылды.
Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясын келесілерді айтуға болады:
1. Қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі;
2. Халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
3. Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
4. Жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.
Қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады [1].
Қонақ үйдің басты көзі - турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Туризм - экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.
Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда қонақ үй дегеніміз - азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға қонақ үйлік қызмет көрсету мекемесі.
Қазіргі қонақ үйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондары қызметі мен т.б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға дайындалған құрама қонақ үйлік өнімді ұсынады, бұл өнімді дайындап, алға жылжытуда туризм мен қонақжайлық индустриясының барлық элементтері мен бөлімшелері қатысады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн [30].
Қонақжайлық - бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, кезбелерді ақысыз қабылдау мен тамақтандыру немесе бір сөзбен айтқанда, кезбеқабылдау. Қонақжай болу дегеніміз - келушілерге жылы қабылдау ұсынып, олар үшін тыныш, қолайлы және жылы шырайлы жағдай ұсына білу.
Қонақжайлық - адам өркениетіндегі негізгі ұғымдардың бірі, ол қазіргі кезде ғылыми-техникалық үрдістің ықпал етуімен адам атаулыға жайлы жағдай мен комфорт жасаумен айналысатын миллиондаған кәсіпқойлар еңбек етіп жүрген әлуетті индустрияға айналды.
Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы - күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.
Соңғы жылдары қонақ үй нарығы орналастыру қызметіне ұсыныстың өсуі мен сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің күшейуіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен ойларын мүмкіндігінше дәл айқындай алуы қажет [31].
4.1 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің қалыптасу және даму ерекшеліктері
Ал енді біздің елімізге тоқталар болсақ. Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде шатыр құрып түнейтін болған. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді, қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы Европа қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң қонақ үй индустриясының ресми түрде жұмыс бастауын 2001 жылы ірі қонақ үй өкілдерінің шешімдерімен Қонақ үй және мейрамхананың Қазақстандық Қауымдастығы (КАГиР) бірлестігі құрылуы мен көрсетуге болады. Ол өз кезегінде маңызды сауалдар тізімін құрайды: жаңа технологиялармен қонақ үй бизнесін қамтамасыз ету, халықаралық ұйымдарға кіру, қызмет маркетингін жүргізу және тағы басқа. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 300-ден астам категориялы 3000-нан аса қонақ үй жұмыс жасап жатыр. Оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Атырау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45,8%, ішкі туризм бойынша - 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады.
Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліп қарауға болмайды. Бірақ нарықтың өсімі негізінен іскерлік туризммен қамтамасыз етілген. Қазақстандық Туристік Ассоциациясы мен Қонақ үйлер мен мейрамханалардың Қазақстандық Ассоциациясының мәліметі бойынша келушілік туризм көлемінің 78-82%-ы іскерліктен тұрады.
Қонақ үй шаруашылығының дамуына негізгі көзі ішкі және сырттан келушілер санының өсуі болып табылады. 2018 жылдан сырттан келушілік туризм үлесі ішкі туризмге қарағанда 43 %-ға өсіп, қарқынды дамуда, ал ішкі туризм келушілері бар жоғы 18, 9%-ға ғана өсті.
2019 ж. 1 қаңтарына республикада қонақ үйлер, мотельдер 439 және келушілерді қонақ үйлерге орналастырумен айналысатын 163 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасады. Қонақ үйлердің бір уақыттағы сыйымдылығы - 43801 орын, ал номерлер саны 19552 құрады. Бір орта статистикалық қазақстандық қонақ үйге 86,8 орынға 40,2 номер келді. Ал бір номердің орташа сыйымдылығы - 2,2 екі адамдық орын [28].
Қазақстан аумағында қонақ үйлер санының қарқынды өсуі 2017-2018 жылдар аралығында байқалды. Бұл жағдай шет ел азаматтарының Қазақстанға іскерлік сапарларының көбеюімен байланысты болды.
Қазіргі кезде, 2018 жылмен салыстырғанда қонақүйлер, мотельдер мен жатақханаларға 310 жаңа қонақ үй, мотель және жатаханалар қосылды, яғни 4,4 есе өсті, ал 1994 жылғы статистикамен салыстырғанда - 11,7 есеге өскен. 2018 ж. салыстырғанда қонақ үйлердің бір уақыттағы сыйымдылығы 4,2 есеге өсіп, номердің саны болса 2,7 есеге өсті.
Қонақ үйдің номерлік санының көлемі бойынша ең ірілері Алматы мен Астана қалаларында орналасқан. Алматылық қонақүйлер орта есеппен 148,8 орынға 72,5 номерге ие, ал Астанада - 66,2 орынға 38,4 номер.
Кесте 1 - 2020 жыл бойынша орналастыру объектілерінің саны
Қала атауы
2020 жыл
қантар-наурыз
қантар-маусым
қантар-қыркүйек
қантар-желтоқсан
1
2
3
4
5
Қазақстан Республикасы
3 484
3 472
3 488
Ақмола
298
303
317
Ақтөбе
103
102
99
Алматы
531
530
539
Атырау
99
99
98
Батыс Қазақстан
68
64
65
Жамбыл
187
181
180
Қарағанды
248
242
243
Қостанай
140
138
137
Кызылорда
109
113
112
Маңғыстау
90
92
93
Павлодар
111
112
113
Солтүстік Қазақстан
119
119
116
Түркістан
166
166
169
Шығыс Қазақстан
550
559
564
Нұр-Сұлтан қаласы
208
208
208
Алматы қаласы
346
335
328
Шымкент қаласы
111
109
107
Дерек көзі: http:stat.gov.kz
ҚР-ның статистика мәліметтеріне қарағанда, қонақ үй және қонақ үйлік кәсіпорындар саны жалпы республикада және облыстарда артып келеді (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында).
Кесте 2 - 2013 - 2020 жылдағы қонақ үй және қонақ үйлік кәсіпорындар саны
Келгендер үшін қонақ үйлер, мотелдер, жатақханалар саны, бірлік
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
ҚР да барлығы
159
165
195
239
273
317
465
469
Ақмола обл.
4
4,15
4,9
6
6,8
8
23
31
Ақтөбе обл.
5
5,2
6
7,5
8,5
10
21
22
Алматы обл.
12
12,4
14,7
18
20,6
24
28
18
Атырау обл.
7
7,2
8,5
10,5
12
14
52
29
Шығыс Қазақстан обл.
17
17,6
20,8
25,5
29
34
65
67
Жамбыл обл.
8
8,3
9,8
12
13,7
16
10
13
Батыс Қазақстан обл.
4
4,15
4,9
6
6,8
8
9
12
Қарағанды обл.
18
18,6
22
27
30
36
58
63
Қостанай обл.
4
4,15
4,9
6
6,8
8
12
11
Қызылорда обл.
8
8,3
9,8
12
13,7
16
13
13
Маңғыстау обл.
6
6,2
7,4
9
10,3
12
9
17
Павлодар обл.
2
2,07
2,4
3
3,4
4
35
36
Солт. Қазақстан обл.
2
2,07
2,4
3
3,4
4
9
7
Оңт. Қазақстан обл.
12
12,4
14,7
18
20,6
24
18
23
Алматы қаласы
30
31
36,7
45
51,5
60
57
58
Астана қаласы
20
20,7
24,5
30
34,3
40
46
49
Дерек көзі: http:stat.gov.kz
Қазіргі уақытта қонақ үй шаруашылығын меншік формасы бойынша бөлу маңызды әрі ыңғайлы болып отыр. 534 орналастыру орынның 41-ы мемлекет меншігінің құрамында болса, 448-ы - жеке меншікке тиісілі, ал қалған 45 қонақ үй болса өзге елдердің, олардың заңдық тұлғаларының немесе азаматтарының меншігінде. Мемлекеттік меншігіндегі қонақ үй кәсіпорындардың санының өсуі 1995 жылда шыққан Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Заңына өзгерістер енгізумен байланысты болды. Ол бойынша жеке немесе мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарда туристік қызмет рұқсат етілген.
Қонақ үй шаруашылығында баға қалыптасуының анықтаушы факторлары: бренд, қонақ үйдің орналасуы мен қай класқа жататындығы болды. Қазіргі кездегі қонақ үй бизнесі нарығындағы бағалық тепе-теңсіздік қонақ үй шаруашылығын және ішкі туризмнің дамуын шектейді. Осы фактор қонақ үйдің тұрғындарымен толтырылуына әсер етеді.
Кесте 3 - Жалпы республика бойынша қонақ үйдің тұрғындармен толтырылу коэффициенті;
2020 жыл
қантар-наурыз (%)
қантар-маусым (%)
қантар-қыркүйек (%)
қантар-желтоқсан
Қазақстан Республикасы
19,1
16,1
16,7
Ақмола
12,1
12,8
17,3
Ақтөбе
16,3
14,2
12,9
Алматы
16,1
14,2
15,7
Атырау
20,1
14,4
13,6
Батыс Қазақстан
23,9
22,8
19,9
Жамбыл
14,2
12,6
14,3
Қарағанды
16,0
13,8
15,2
Қостанай
21,4
17,8
19,7
Кызылорда
13,6
14,5
14,5
Маңғыстау
14,9
12,7
20,1
Павлодар
13,9
12,3
11,8
Солтүстік Қазақстан
17,4
16,3
16,9
Түркістан
16,7
16,8
18,4
Шығыс Қазақстан
21,3
17,6
17,6
Нұр-Сұлтан қаласы
17,9
13,2
12,2
Алматы қаласы
25,1
20,4
18,7
Шымкент қаласы
24,4
20,4
24,5
Ескерту: Келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді есепке ала отырып.
Дерек көзі: http:stat.gov.kz
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, әлемнің танымал қонақ үйлерінде ТТК 85 %-тен асады. Мысалы, Ritz-Carlton қонақ үйінің ТТК деңгейі 70 %-ті құрайды, бұл көрсеткіш қонақ үй саласындағы орта деңгейлі көрсеткіштен 9 %-ға жоғары. Еуропада ТТК экономды клас отельдерде 62,3 %-ын құраса, ал люкс класты отельдерде 68,9 % құрайды.
Республикадағы 19552 номердің 3443-і немесе 17,6 %-і люкс класына жатады. Халықаралық тәжірибе номердің орташа құны, ТТК-нің және міндетті төлемді қоспағандағы табыстың ең жоғарысы люкс дәрежелі қонақ үйлерге тән екенін көрсетеді. Қонақ үйлерді номердің саны бойынша жіктегенде, ең қымбаты 300-ден астам номерлері бар қонақүйлерде орналасқанын байқаймыз. Бұл отельдерге ТТК-ның жоғарысы мен тұрақты төлемдерді алып тастағандағы табыстың жоғары деңгейі тән.
Кесте 4 - 2019 ж. бойынша отельдердің категориясы бойынша тұрғындармен толтырылуы, орташа бағасы және табысы
Отельдер категориясы
Номерлердің орташа тұрғындармен толтырылуы, %
Номердің тәуліктегі орташа бағасы, (АҚШ долл.)
Тұрақты шығындарды алып тастағандағы табыс, (мың, АҚШ долл.)
Люкс дәрежелі
71,2
171,1
24,7
Бірінші класты
69,0
118,3
14,6
Эконом класты
65,3
72,7
8,8
100 номерден төмен
66,2
98,6
14,1
100-ден 300 номерге дейін
69,7
99,2
13,3
300 номерден астам
71,8
101,0
12,5
Кесте 5 - Орналастыру объектісінің негізгі көрсеткіштері
2018
2019
2020
Республика бойынша барлық нөмірлер саны
15515
18838
19552
Орташа керует-тәулік бағасы, теңге
4333,3
4674,2
5861,0
Орналастыру объектісінің пайдаланудан түскен түсім, мың теңге
23153453,0
32050231,0
40331537,0
Бюджетке аударылғаны
5317473,5
4737807
6708834,0
Кестеде қонақ үй объектілерінің 2018 - 2020 жылдарындағы негізгі көрсеткіштері салыстырылған. Бұдан біз жыл сайын нөмірлер саны артып келе жатқанын (екі жылда 4037 бірлікке артты) көреміз. Орташа бір күндік бағасы 2019 жылмен салыстырғанда 1187 теңгеге өскен. Сонымен қатар қонақ үйді пайдаланудан түскен түсімнен бюджетке аударылатын сома екі жылда 1391361 мың теңгеге артты.
Кесте 6 - Орналастыру объектілерінің көрсеткен қызмет көлемі.
2020 жыл
қаңтар-наурыз
қаңтар-маусым
қаңтар-қыркүйек
қаңтар-желтоқсан
ҚР
20 731 063,0
28 009 020,2
47 420 906,5
Ақмола
1 221 932,8
1 934 493,1
4 476 329,5
Ақтөбе
313 874,3
417 028,4
654 960,7
Алматы
1 144 013,8
1 503 323,2
4 446 482,4
Атырау
1 695 702,5
1 933 114,6
2 615 858,6
Батыс Қазақстан
649 586,1
1 003 735,1
1 466 175,1
Жамбыл
221 232,9
311 674,6
636 560,9
Қарағанды
794 286,4
1 107 722,0
1 946 746,5
Қостанай
282 075,3
415 479,6
688 253,0
Кызылорда
215 768,5
309 314,2
469 313,1
Маңғыстау
671 579,3
1 013 262,4
3 362 460,6
Павлодар
471 868,3
673 750,2
949 811,9
Солтүстік Қазақстан
179 081,4
247 985,4
450 683,2
Түркістан
259 750,7
439 006,4
819 531,9
Шығыс Қазақстан
885 469,9
1 323 424,6
2 596 388,4
Нұр-Сұлтан қаласы
4 598 026,6
5 817 898,2
8 043 449,2
Алматы қаласы
6 262 777,0
8 268 848,2
11 533 112,0
Шымкент қаласы
864 037,2
1 288 960,0
2 264 789,5
Дерек көзі: http:stat.gov.kz
2020 ж. қаңтар-қыркүйек айларында орналасу орындарында 47 420 906,5 қызмет көрсетілген, олардан 5 жұлдыздыда - 11,6 %, ал категориясызда - 40,7%. Ал 2019 жылы 5 жұлдыздыда - 6,5%, ал категориясызда - 48,6%. Жыл сайын категориясыз қонақ үй кәсіпорындарында тұрушылардың үлесі азайып келе жатыр. 5 жұлдызды қонақүй қызметін Алматы қаласы бойынша - 38,2%, Астана қаласы бойынша - 32,3%, Атырау облысы бойынша - 12,9% туристер пайдаланған.
Кесте 7 - 2020 жыл бойынша орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген қонақтар саны
Барлығы
оның ішінде
5*
4*
3*
2*
1*
Категориясыз
Орналастыру объектілерінің саны, бірлік
469
8
25
63
23
16
334
Қызмет көрсетілген қонақтардың жалпы саны
1964907
227380
278852
470638
142562
45173
800302
Резидент еместер
548313
137800
173365
172170
8583
3518
52877
Резиденттер
1416594
89580
105487
298468
133979
41655
747425
Қонақ үйдің рентабельділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы - корпоративті клиенттермен жұмыс жасау. Олар қонақ үйлерге экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Біріншіден, олар іскерлік белсенділік кезеңінде жоспарланған уақыт кезеңінде қонақ үйлерге іскер адамдармен қамтылуын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, корпоративті клиенттер қымбат номерлер мен қосымша қызметтің кең спектрін сатып алады және оларға коммисионный төленбейді.
Үшіншіден, копоративті клиенттер қонақ үйлерге қосымша қызуғышылық танытады. Ірі компаниялар мен корпорациялар, шығармашылық одақтар жыл сайын өздерінің серіктестеріне конференциялар мен семинарлар жүргізеді, бұндай шараларға жүздеген және мыңдаған қатысушылар келеді. Оларға орналасудан басқа, қонақжайлылық бағдарламарын құру және кең қызметтер түрлерін ұйымдастыру керек. Сондықтан, қонақ үй кәсіпорындары арасында осындай клиенттер үшін бәсекеге түсіп, қонақ үйлердің қайсысының маркетингтік өткізу саясаты жақсы ұйымдастырған болса әрине сол қонақ үй кәсіпорыны жеңіске жетіп, сол корпаративті клиенттерді өзінде қонақ етуге мүмкіндікке қол жеткізеді.
Қонақ үйлер мен мейрамханалардың Қазақстандық Ассоциациясы зерттеуі бойынша отельдердің жалпы тұрғындармен толтырылуынан корпоративтік клиенттер 30-40 %-ды құрайды. Олардың ішінен мұнайгаз компаниялары 80-87 % табыс әкеледі. Жеке демалатындардың үлесіне жылына 60-70 % индивидуалдар келеді, негізінен бұлар бизнес-туристер. Қонақтардың қалған 30-40 %-ы топпен қыдыратындар тобына жатады. Соңғы жылдары конгрестік туризмнің үлесі едәуір өсіп келеді (30-50%).
Қонақ үй кәсіпорының дамуында ең маңызды роль атқаратындар қонақ үй қызметкерлері яғни персоналы, өйткені қонақ үйлердің көбісі қонақтарға деген жоғары бағалылықты көрсетуге ұмтылады. Сондықтан қонақ үй қазіргі уақытта қонақ үйлер қызметкерлердің деңгейін әр уақытта жетілдіріп отырады.
Қызметкерлер саны оптималды болуы керек, сонымен бірге кәсіпорын рентабельді жұмыс істеп және қызмет көрсету сапасы төмендемеуі қажет. ДСҰ-ның секретариатының ұсыныстары бойынша қонақ үйлерде қызмет көрсету персоналының саны бір номерге орта есеппен келесідей болуы керек:
1 жұлдыздыға - 0,4-тен астам;
2 жұлдыздыға - 0,6-дан астам;
3 жұлдыздыға - 0,8-ден астам;
4 жұлдыздыға - 1,2-ден астам;
5 жұлдыздыға - 2 және одан артық.
Қазіргі уақытта қонақ үй индустриясында 1 клиентке 3 қызметкер жүйесін рұқсат ете алатын қонақ үйлер де бар. Мысал ретінде: БАЭ, Дубайда орнласқан АльМаха, Араб мұнарасы қонақ үйлерін айтуға болады.
Қазақстанның қазіргі таңда қонақ үйлерінде 22355 номер бар, оларда 20698 адам қызмет көрсетеді, яғни 100 номерге 97,4 қызметкерлер қызмет етеді.
Қонақ үйлердің санының өсуінен сәйкесінше осы саладағы жұмыс орны да өсіп келе жатыр. 2020 жылдың 1 қаңтарына саланың қызметкерлерінің тізімдік саны 17964 адамды құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. Қызметкерлердің жалпы көлемінен әйелдер - 65,3 %, ал ерлер - 34,7 %-ды құрайды.
2020ж. жұмыс бастылықтың ең үлкен өсімі Атырауда (16,5 есе), Маңғыстауда (10 есе), Павлодар облыстарында (5,6 есе) байқалады, оның себебі осы аймақтарда қонақ үйлер санының өсуімен байланыстыруға болады. Қонақ үй қызметкерлерінің жалпы саны бойынша көш бастап келе жатқан Алматы қаласы (29%) болып саналады, одан кейін Астана қаласы (11,4%), Маңғыстау (9,9%), Атырау облысы (9,6%), Қарағанды облысы (8%) ең төмен көрсеткіштерге тоқталар болсақ - Қызылорда облысында (0,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында байқалған.
1 қонақ үйге қызметкерлердің ең жоғары саны Атырау облысында - 112,2 адам, Маңғыстауда - 83,2 адам, сосын Алматы қаласында - 81,7 адам Ал 1 қонақ үйге қызметкерлердің ең төменгі саны Алматы облысында - 11,1 адам, Қызылорда облысында - 11,3 адам. (Бұл негізінен қонақ үйлердің нақты мәлімет бермеуімен байланысты) [19].
Кесте 8 - 2020 жылы бойынша қонақ үйде жұмыс жасайтын қызметкерлер саны
Жұмысшылардың тізім бойынша саны, адам
Барлығы
оның ішінде
әйелдер
Ерлер
Қазақстан Республикасы
20698
13444
7244
Ақмола обл.
856
592
264
Ақтөбе обл.
1242
691
551
Алматы обл.
518
274
244
Атырау обл.
1820
1183
637
Шығыс Қазақстан обл.
1287
791
496
Жамбыл обл
255
177
78
Батыс Қазақстан обл.
721
504
217
Қарағанды обл.
1537
1118
419
Қостанай обл.
257
198
59
Қызылорда обл.
201
130
71
Манғыстау обл.
1885
1296
589
Павлодар обл.
810
592
218
Солтүстік Қазақстан обл.
166
117
49
Оңтүстік Қазақстан обл.
429
289
140
Астана қаласы
2723
1733
990
Алматы қаласы
5941
3764
2177
Қонақжайлылықтың сипатын анықтайтын фактор ретінде негізінен адамдар болып табылады. Қазақстанда қазіргі кезде туризм мен қонақ үй шаруашылығы бойынша мамандарды 32 жоғары оқу орны дайындайды, оның ішінде 17-сі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар, 124 кәсіби мектептер мен колледждерде туризм бойынша менеджерлерді, қонақ үй шаруашылығы бойынша мамандарды дайындайды. Оқушылардың контингенті шамамен 13 мың адамды құрайды. Айта кететін жайт, 2006 жылы ҚР Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясы тағайындалатын мамандықтар тізіміне Қонақүй бизнесі мамандығы енгізілді. Бұл мемлекет жағынан қонақ үй бизнесінің дамуына маңызды мән берілетінін көрсетеді.
Қонақ үй кәсіпорынының дамуында үлкен кедергі транспорттық инфрақұрылымның деңгейі болып отыр: әр түрлі аймақтарда орналасқан кейбір демалыс базаларға жолдың төменгі сапасынан жету қиын. Кейбір жерлерде қорғалатын автотұрақ пен қонақ үйдің арасы өте алыс, сондықтан тасымалдаушылар өз автоларында түнеуге мәжбүр болады.
Республиканың қонақүй нарығын талдау оның жақын арадағы дамуының келесі теденцияларын көрсетті: халықаралық операторлардың келуі нарықтың жақсы дамуы мен сапасының өсуіне алып келеді, жергілікті операторлар орта деңгейлі қонақ үй сегментін дамытады, ал жеке кәсіпкерлер отбасы типіндегі қымбат емес қонақ үйлерді дамыта алады.
Кесте 9 - 2019 ж. бойынша қонақ үйлерді пайдаланудың кірістері мен шығындары
Пайдаланудан түскен кіріс, млн. теңге
Пайдалануға кеткен шығын, млн. теңге
Сальдо
(+,-)
Барлығы, млн. теңге
Оның ішінде резидент еместерден түскен кірістер, млн. теңге
Барлығы:
11372,5
4999,8
11198,4
174,1
Ресторандары бар қонақүйлер
9578,8
4693,8
9670,7
-91,9
Ресторандары жоқ
Қонақүйлер
1678,7
305,6
1381,5
297,2
Жастар жатақханалары және таулық турбазалар
44,4
...
52,4
-8,0
Кемпингтер, мотелдер, оның ішінде автофургондар үшін автотұрақтар мен тұрғын үйлер үшін автотіркеулер қызметі
0,8
...
0,6
0,2
Басқа да тұрғын орындар
69,8
0,4
93,2
-23,4
Кестеде туристік агенттіктердің жұмыстары мен қонақ үйлік шаруашылықтың негізгі қаржылық көрсеткіштері көрсетілген. Талдай отыра, 2019 жылдағы қонақ үйлік шаруашылықтың ара салмағын 2018 жылғымен салыстырғанда 5,9%- ға өсті, ал кірістің қосындысы 3450,1 млн. теңгеге өсті.
Кесте 10 - 2020 жылдағы қонақ үйлер мен басқа да орналасу объектілердің қаржылық қызметінің көрсеткіштері
Жүзеге асырудан түскен кірістер (жұмыс және қызмет көрсету)
Жұмысшы-ларға төлем-ақы төлеуге
кеткен шығындар
Мемлекеттік бюджетке аудару
Қонақ үйлерде орналасқан ресторандар-дың қызмет көрсетуі
Қазақстан Республикасы
14540143,3
2801527,6
2890153,8
3179286,2
Ақмола обл.
122245,0
35891,0
34952,2
35442,0
Ақтөбе обл.
353946,1
101593,1
99372,8
39400,0
Алматы обл.
132153,2
34182,8
29210,2
21735,0
Атырау обл.
2366684,2
322116,8
281253,8
387555,4
Шығыс
Қазақстан обл.
370813,2
124143,2
79921,6
70961,0
Жамбыл обл.
119496,0
33754,0
24163,7
3716,4
Батыс
Қазақстан обл.
223912,0
48008,0
49919,0
45840,0
Қарағанды обл.
427976,8
97836,0
64911,1
64996,4
Қостанай обл.
52192,0
21158,0
17261,8
-
Қызылорда обл.
93800,9
20510,5
19959,5
5681,0
Маңғыстау обл.
566766,7
202826,0
124632,5
100350,0
Павлодар обл.
92412,1
15522,7
21074,4
23417,0
Солтүстік Қазақстан обл.
94447,0
25800,0
19846,2
23417,0
Оңтүстік Қазақстан обл.
160192,3
32478,9
41585,0
41769,5
Алматы қаласы
7223752,1
1311060,9
1385241,3
1866815,3
Астана қаласы
2139353,7
372842,7
596853,7
440526,2
Қарастырып отырған кезеңде, туристер - резидент еместер 24,5% - і бес жұлдызды қонақ үйлерде, 22,1% - і үш жұлдызды қонақ үйлерде, категориясы жоқ қонақ үйлерде - 21,5%, төрт жұлдызды қонақ үйлерде - 17,1%, ал қалғандары басқа қонақ үйлерде қоныстанады. Туристер - резиденттер категориясы жоқ қонақ үйлерде - 69,7%, үш жұлдызды қонақ үйлерде - 14,5%, екі жұлдызды қонақ үйлерде - 8% және де орналасудың басқа орындарында азда болса қоныстануды жөн көреді. Келушілер - резидент еместердің көбі Алматы қаласындағы (50,7%), Атырау облысындағы (13,7%), Астанадағы (8,1%), Қостанай облысындағы (6,9%) және Батыс Қазақстан облыстарындағы (5,4%) қонақ үйлерде қоныстанды. Номердің орташа сыйымдылығы 2 адам болды. Саяхаттарының мақсатын көрсеткенде республиканың қонақ үйлерінде қоныстанған 88,4% резидент еместер іскерлік және профессионалдық мақсаттармен келгендерін көрсетті, 8,4%- ұйымдасқан демалыс мақсатымен, 1,7% - транзиттік жолаушы ретінде келгендерін атап көрсетті, ал қалған келушілердің мақсаттарының пайызы көп емес. Қонақ үйлерде қоныстанған резидент еместердің жалпы санының 63,2% - і ТМД елдерінен тыс жерлерден, 36,8%- і ТМД елдерінен келді [28].
4.2 Қазақстанда қонақ үй бизнесі қызметін басқарудың сапалық көрсеткіштері
Ғалымдар ақпараттық технолоиялар тарихын бірнеше кезеңдерден тұрады дейді. Бірінші кезеңге бұл XIX ғасырдың екінші жартысыда ақпаратты қолмен жинап оні өндеу процесстерін жатқызуға болады. Бұл кезде ақпарат жинаудың ең басты құралдары қалам, сия және қарапайым санау құралдары болды. Ал ақпаратты жеткізу қызметін курьер немесе пошта қызметкерлері атқарды. XIX ғасырдың соңында болса механикалық технологиялар кезеңі басталды яғни ғалымдар бұл кезеңді екінші кезеңге жатқызады. Осы уақытта баспа машинкасының құрылуы, телефонның ойлап табылуы өңдеу технологиясын және кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын өзгертті. ХХ ғасырдың 40-60-шы жылдарындағы электронды жазу машинкасының құрылуы, көшірме жасайтын машинка және дыбыс жазу құралының келуі ақпараттық технологиясында үлкен өзгерістер басталуына септігін тигізді. Ғалымдар бұл жағдайды үшінші кезең яғни электрондық технологиялар кезеңі деп атады. 60 жылдардың соңыңда электронды - есептеу (компьютерлер) машинасын өдірісінің жаппай өндіру процессінің жолға қойылуы және де бұл машиналардың барлық салаларда кеңінен қолданылуы жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар жүйесінің дамуында үлкен роль атқарды. Бұл техонология жүйесін әсіресе 70 жылдың орталарында табысты болды яғни кеңінен енгізіле басталды.
Атоматтандру технология процессін қазіргі танда қолмен немесе автоматты түрде автоматтандыруға болады. Тарихқа сүйенсек ең алғашқы ақпараттық технология қолмен жасалынатын ақпараттық технология - деп аталған. Бұнда барлық процесс (ақпаратты өндеу, жинау және беру) қолмен жүзеге асырылған. Алайда, қазіргі бизнес даму ағымының деңгейі пайдаланушыларға ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін оның ішінде деректерді беру жылдамдығы, оның өзектілігі, сенімділігі мен уақтылығын қамтамасыз етілуін ұсынады. Ақпараттық технологиялар ұйымдарының пайда болуы ең алдымен компьютерлік технологияларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz