АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
"ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ"

Мамандығы бойынша 0302000 "Мейіргер ісі"
Біліктілігі "Қолданбалы бакалавриат"

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:"Артериялық гипертензиясы бар пациенттерге күтім жүргізудегі мейіргердің рөлі"
Орындаған: Аминова Айгерім

Қорғауға бекітілген Ғылыми жетекшісі
"Ішкі аурулар арнайы пәндер бірлестігі" арнайы пән мұғалімі:
Оқытушы: Жундабекова С.С Аманова Д.

________________ _____________________
қолы қолы

Қызылорда,2021жыл
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
1-тарау. АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Артериалды гипертензия: жалпы түсінік, таралуы мен жиілігі
1.2 Артериалды гипертензиядамуының қауіп факторы мен патогенезі
1.3 Жасөспірімдік жастағы гипертонияның ерекшеліктері және пайда болуы
1.4 Артериалды гипертензияның диагностикасы мен профилактикалық принциптері
1.5 Шетелде және Қазақстанда артериалы гипертензия скринингі ұйымдастырылуы
2 ТАРАУ. ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
2.2 Халық арасындағы артериалды гипертензияның қауіп факторлары туралы халықтың ақпараттандырылуы деңгейін анықтау бойынша сауалнама нәтижелерін бағалау
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
АҚ- Артериалды қысым
ЖҚА - Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары
ЖИА- Жүректің ишемиялық аурулары
ГА- Гипертониялық аурулар
ҚФ- Қауіп факторы
ҚР- Қазақстан Республикасы
ДДҰ- Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы
АГ-Артериалды гипертензия
ДМИ-Дене масса индексі
ҚД-Қант диабеті
ДАҚ-Диастолдық артериалды қысым
САҚ-Систолдық артериалды қысым

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: АГ этиопатогенезі зерттеудегі айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, бұл проблема қазіргі медицинадағы ең өзекті, маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі болып қала бермек. АГ кең таралуы әр елде өлімге әкелетін жүрек қан тамыр ауруларының дамуына ықпал етуімен байланысты. АГ сырқаттанушылық құрылымында жас адамдардың үлес салмағы артты. АГ-ның көп таралуы және оған әкелетін ауыр асқынулар осы ауруды ерте анықтау және алдын алу әдістерін одан әрі дамытуды қажет етеді.
ДДСҰ мәліметі бойынша әлем бойынша 1,13 млрд адам гипертонияға шалыққан. 2019 жылғы болжамға сүйенсек 2025 жылы аурудың таралуы 25 прц жоғарылайды. Сонымен қатар, бұл өсім экономикасы дамыған елдерде төмен болатыны аталып өтіледі. Нақты айтсақ, гипертониямен ауыратын 1,04 млрд адамдар төмен және орта сатылы кірісі бар елдерде тұрса, 28,5 прц немесе 349 млн адам жоғары дамыған елдерде тұрады.
Соңғы онжылдықтар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының нашарлауы Қазақстандағы балалар популяциясындағы кардиоваскулярлық патология құрылымының айтарлықтай өзгеруімен сипатталады. Бұрын тек ересектерге ғана тән деп саналатын жүрек қан тамыр жүйесі ауруларының басталу жасы едәуір төмендеді, клиникалық көрініс және бірқатар патологиялық жағдайлардың болжамы өзгерді.
Қазақстанда 2007 жылдан бастап мемлекеттік салалық бағдарлама, сонымен қатар 2011 жылдан бастап "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы іске асырылуда,оның мақсаты ЖҚТ ауруларынан болатын өлім жітімді азайту. Қазақстанда 7 инсульт орталығы, АГ және ЖИА бағытталған 420 денсаулық мектебі ашылған. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық базасында 2011 жылдың наурыз айынан бастап Радиожиілікті катетерлі абляция әдісімен бүйрек артерияларының траскатетерлік денервациясы жүргізіледі.
Алматы қаласында АГ жиілігі 35,8 прц, ЖИА 10,7 прц, бастан өткерген МИ 2,3 прц, инсульт 2,5 прц, жүрекше фибрилляциясы 2,1 прц құрайды.
Әдеби дереккөздерге сүйенсек, Африка құрлығында АГ ең көп таралған, онда 25 жастан асқан ересек тұрғындардың 46 прц АГ диагноз ретінде қойылған. Ал 45,7 прц афроамерикалық әйелдер АГ зардап шегеді.
Ең төмен таралу Америка құрлығындағы мемлекеттерде байқалады.
Статистика көрсетуі бойынша 2002 жылы 100мың пуэрторикалық тұрғынға 154 гипертониялық өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, мексико-америкалық өлім жітім 134,5, ал кубино-америкалық өлім жітім саны 82,5 жағдайды тіркеген.
Физикалық белсенділігі және жеміс-жидек пен көкөністі үнемі тұтыну секілді өмір салтының қорғаныш факторлары Батыстың тұрғындарына қарағанда Оңтүстік Азия тұрғындары арасында әлдеқайда төмен, AпoB Aпo A-1қатынасының жоғарылауы сияқты қауіпті факторлар Оңтүстік Азия елдерінде жоғары.
Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы мемлекеттерінде(Жапония, Қытай, Корея, Тайвань) жүргізілген зерттеулер САҚ жоғарылауы ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім жітім, бүйрек ауруларының дамуының негізгі факторы екенін көрсетті.
Систолалық диастолалық гипертензиясы бар азиялық пациенттерде ҚЖА жалпы қаупі 4,5 есе, ал оқшауланған систолалық гипертензиясы бар нормотензивті пациенттерде 2,7 есе көп болады.
Қазақстан Республикасындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеулер институты деректері бойынша жүрек қан тамырлары аурулары өлім жітімнің 26 прц құрайды.
Диспансерлік пациенттердің электрондық тіркелім деректеріне сәйкес 2019 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ДПЭТ 5 480 467 пациент, оның ішінде 3 533 547 пациент созылмалы аурулар бойынша тіркелген. 2019 жылдың қаңтарынан қарашаға дейін динамикалық бақылаумен қамтылған пациенттер саны 565 836 адамға (19 прц ) өсті(2 967 711 ден 3 533 547 ге ) өсті.
Динамикалық бақылауға жататын пациенттердің құрылымы ДБЭТ мәліметтері бойынша, пациенттердің жалпы санының 59 прц ҚЖА бар пациенттер құрайды, оның ішінде 42 прц АГ және 17 прц ЖИА-нан тұрады.
Қазақстандағы артериялық гипертензия өзекті медициналық әлеуметтік проблема болы табылады, ересек тұрғындардың созылмалы дұқпалы емес аурулары арасында алғашқы орындардың бірін алады. АГ проблемасы өзектілігі асқыну қаупінің жоғары болуымен, кең таралуымен және популяция ауқымында бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты.
1-диаграмма. АББ қатысушы АГ бар пациенттердің жоспарлы тексерілуі

1-диаграмманың деректері бойынша АГ қатысатын пациенттердің жалпы санынан АББ 2-ші тексеріліс республика бойынша орташа есеппен пациенттердің 66,6 прц қамтылды, ал 2-ші тексерістің, МСАК мамандарына жүйелі түрде бармауының ең төменгі пайызы 50 прц кем 3 өңірде анықталған( Маңғыстау 16 прц, Нұрсұлтан 40 прц, БҚО 2 прц).
"Балалар" анықтамалары бойынша АГ таралуы ұл балаларда 14прц қыз балаларда 10прц құрады. Ұл балаларда АГ жиілігі жасына қарай арта түседі, дегенмен 14 жастағы балалар мен 17 жастағы жасөспірімдер арасында айырмашылық байқалған, ал қызбалаларда бұл көрсеткіш жасына қарай өзгерген жоқ.

Зерттеу мақсаты: артериалды гипертензия кезінде пациенттердің проблемаларын шешудегі мейіргер ролін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Медициналық ғылыми әдебиеттерді шолып, артериалды гипертензияның симптоматика, клиникалық ағымы, формасы, диагностикасын зерттеу;
Артериалды гипертониясы бар пациенттердің проблемасын шешуегі мейіргер ролін зерттеу;
Артериалды гипертонияның алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы:
Жұмыс нәтижесі АГ ауыртпалықтарын жеңілдету ауруханаға дейінгі дәрігерлік тактиканы, медициналық біліктіліктің артуы және тұрғындардың ауру асқынуы және оларды алдын алу жайлы ақпараттандыруды іске асыру арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін анықтады. АҚ мекемелерде және қоғамдық орындарда АГ ерте анықтау және асқынусыз профилактикасын өзіндік бақылаудың эффективтілігі көрсетілген.
Зерттеу нәтижесінде пацинттердің АҚ бақылауы кезінде тағайындалған ұсынымдарды қадағалап, диспансерлі-динамикалық бақылауда дәрілік заттарды қабылдауы науқастардың әлеуметтік демографиялық харатеристикаларына мән беру керектігін нақтылайды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы:
Дипломдық жұмыс-??? беттен тұрады, кіріспе, негізгі бөлім, Қызылордада қаласы және әлем бойынша АГ жастар арасындағы статистикасы, зерттеу материалдарынан, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімі,қосымша және практикалық ұсынымдардан тұрады. Жұмыс **кесте және **суреттерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, *** ақпарат көзі, оның ішінде ** отандық және ** шетелдік жинақтардан тұрады.
1-тарау. АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Гипертониялық ауру- жүрек қантамырлар жүйесінің ең кең тараған ауруларының бірі. Оның белгісі- тамыр тонусы реттелуінің бұзылысынан туған артериялық қысымның көтерілуі. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ соңғы уақытта жастар арасында да кездеседі. Ұзақ уақыттан бері кардиология саласындағы көптеген зерттеушілер, практиктер егде және қартаң жастағы пациенттерде гипертония және жалпы артериялық гипертензия проблемасына қызығушылық танытты, ал жас және орта жастардағы адамдарда, сондай-ақ жасөспірімдерде артериялық гипертензия проблемасы шешілмеді. Сонымен қатар практикалық медицинада жүрек қан-тамыр асқынуларының даму қаупіне байланысты жас адамдар және жасөспірімдер арасында, орта жастағы адамдара қан қысымының жоғарылауының маңыздылығын нақты бағаланбауын атап өткен жөн. Солайша, АҚҚ жоғарылауының, жүрек қантамыр ауруларының пайда болу қаупі жастар арасында жоғары болса, егде жаста-абсолютті түрде дамиды.
АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯ. Бұл термин (гипертония деп те аталады), систолалық қан қысымы деңгейінің 140 мм.сын.бағ. және одан артуы және немесе диастолалық қан қысымының деңгейі 90 мм.сын.бағ. жоғары болуы дегеді білдіреді.АГ жағдайлардың 80%-ы церебральді инсультті тудырады, ал ЖИА 40% жағдайда. [13].
2007 жылдың маусым айында артериялық гипертензия бойынша жаңа еуропалық ұсыныстар қабылданды [17], оған сәйкес АГ мынадай түрде жіктеледі:
:: оптимальды АҚҚ 12080 мм.сын.бағ.
:: қалыпты АҚҚ 120-129 80-84 мм.сын.бағ..
:: қалыптыдан жоғары АҚҚ 130-139 85-89 мм.сын.бағ.
:: 1 дәрежелі АГ (жеңіл АГ)- 140-159 90-99 мм.сын.бағ.
:: 2-ші дәрежелі АГ - 160-179 100-109 мм.сын.бағ..
:: 3-ші дәрежелі АГ - АҚҚ 180110 мм.сын.бағ. жоғары
Гипертонияның қауіптілігін стратификациялауда тек қана қан қысымының көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар басқа да ҚФ,маңызды органдардың зақымдануы да әсер етеді. (сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, негізгі тамырлардың артериосклерозының ультрадыбыстық белгілері, протеинурия) және онымен байланысты аурулардың (клиникалық жағдайына байланысты - церебральды инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл, миокард инфарктісі, нефропатия және т.б.)
Қан айналымы жүйесінің аурулары өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді және мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, медико әлеуметтік сараптама Бюросында куәландандырылғандар арасында ҚЖА ауыратын пациенттердің шамамен 4% 1 топ мүгедектігін, 60 % 2 топ мүгедектігін алады.
ЖҚТ ауруларының негізгі нозологиялық түрлері: гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, цереброваскулярлық аурулар. ЖҚА асқынуынан жыл сайын елімізде *** қайтыс болады. Осы аурулардан болатын өлім жітімнің себептерінің құрылымында ең жоғары үлес бірқатар зерттеулерде дәл артериялық гипертензияға тура келеді.
Көбінесе жас кезде ауру асимптоматикалық болып табылады, оны анықтауды және уақытылы емдеуді қиындатады. Жылдан жылға сақталған ауру нәтижесінде АҚ жиі жоғарылап, асқынуларға әкеледі. Уақыт өте 33-42 прц пациенттерде АҚ жоғары күйде сақталып, ал 17-26 прц пациенттерде АГ дами түседі. Әр үшінші жасөспірімде гипртониялық ауруға әкеліп соғатын АҚ жоғарылауы байқалады.
Экзогендік қауіп факторларының әртүрлілігі (темекі шегу, белсенді емес өмір салты, ағзаға кері әсер етуші климат және өндірістік орта, созылмалы кәсіби стресс) белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Ауруды басқару бағдарламасы
Феохромоцитома
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
ЖИА және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдың принциптері
Гипертония ауруы
Гипертония ауруының негізгі қауіп факторлары
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым
Ишемиялық жүрек ауруының теориялық негіздері
Қанайналымы жүйесі ауруларының қауіп факторларының таралуы бойынша шетелдік зерттеулердің нәтижелері
Пәндер