Қазақ тілінен талдау үлгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ДББҰ

Ахметжанова Н.Қ., Даулеткалиева Р.Л., Кушербаева И.К., Сапарғали М.Д.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға дайындау үшін мұғалімге арналған көмекші құрал

Павлодар 2021
"Павлодар қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі" ДББҰ филиалының әдістемелік кеңесімен ұсынылды 28.04.2021 №
Рецензенттер:
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні сарапшысы- мұғалім, Куатова А.С.
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні сарапшысы мұғалімі, Копеев А.Ж.

Ахметжанова Н.Қ., Даулеткалиева Р.Л., Кушербаева И.К., Сапарғали М.Д.
Жинақтың атауы оқу құралы Павлодар: химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Павлодар қ., 2021. - беттер саны б.

Аннотация
Атаулы әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен оқушыны олимпиадаға дайындау бойынша көмекші құрал болып табылады. Әдістемелік құралдың ішінде қазақ тілінен тілдік салалар бойынша теориялық ақпарат пен талдау үлгісі, әдеби эссе жазудың теориясы мен дайын эсселер, әдебиет пәнінен теориялық ұғымдар мен мысалдар жинақталып жазылған. Оқушыға теориялық ақпарат беріп қана қоймай, Қалалық, желілік, республикалық олимпиадаларға 10-12 сынып оқушыларды дайындауға арналған құрал.
(60-70 сөз)

(C) Ахметжанова Н.Қ., Даулеткалиева Р.Л., Кушербаева И.К., Сапарғали М.Д.. 2021.

Алғы сөз
Құрметті, мұғалім! Атаулы оқу құралында 10-12 - сынып оқушыларын түрлі деңгейдегі қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиадаға дайындау үшін арналған әдістемелік оқу құралы. Оқу құралында қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша қысқартылған теориялық ақпарат, сатылай талдаудың үлгілері мен оқушыға орындауға арналған тапсырмалар үлгілері ұсынылған. Жинақтың тиімді тұсы эссе жазудың ерекшелігі туралы теориялық ақпарат пен жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарының оқу бағдарламаларына сүйене отырып шығармалар негізінде және еркін тақырыптағы эссе жұмыстарының жинағы ұсынылған.

Мазмұны

Эссе қалай жазылады? ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Эссе құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Эссе түріне жазылған мысалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдеби-теориялық ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдеби шығарманы талдау үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақ тілінен талдау үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Фонетикалық талдау үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Лексикалық талдау ұлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Морфологиялық талдау үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Синтаксистік талдау үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Эссе қалай жазылады?
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. 
Эссе - еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
Әдеби эссе - эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Эссені бағалау критерийлері:

1. Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы,
мазмұндаудыңжүйелілігі - 10 ұпай;
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,
өзіндік тұжырымдардың берілуі - 10 ұпай;
3. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі
көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми
мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы - 10 ұпай;
4. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен
жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе
сауал туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы - 10 ұпай;
5. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық
және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің
сақталуы - 10 ұпай.

Эссе құрылымы

Мысалдар

М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы Қодар мен Қамқа өліміне қатысты Құнанбай үкімі дұрыс па? (әдеби-дәлелдеме эссе)
Қодар роман-эпопеяда жалғыз ұлы қайтыс болып, келіні мен немересін сүйеніш еткен қайғылы кейіпкер бейнесінде танылған. Ол ауыл-аймағы жайлауға көшкенде, қонысын аударуға күйі келмей ескі жұртта қалып қояды. Оның көшпей қалуы туралы ел арасында жағымсыз сөздер тарай баастайды. Келінімен жақын қатынаста болды деген айыппен Қодар мен Қамқаны өлтіру ұйғарылады. Менің ойымша, Құнанбай шешімі дұрыс.
Қодар мен Қамқаны өлтірмеске Құнанбайдың амалы болмады. Ру басыларының жиынында Сүйіндіктің сөзіне: Тергесең, Қодар сұмдығын аңыз қып, көпке жайып әкеткен елді терге. ...Ел аузына қақпақ болып көрші, - деп шарасыздық танытып сөйлейді. Автор Құнанбай мен Сүйіндік арасындағы тайталас арқылы оқиғаның өріс жайып, шарықтап кеткендігін жеткізеді. Анық-қанығы айқындалмаса да, елге тыйым салу қажет. Сондықтан Құнанбай үкімінің өлім болуы шарасыздықтан туындаған.
Оған қоса, романнан тыс туындылар да шешімнің әділдігіне сендіреді. Бұған Ш.Құдайбердіұлының Қодардың өлімі поэмасында: Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске, дарға асып, таспен атқан өз ағасы деген жолдар негіз болады. Ғалым Т.Жұртбайдың Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөз мақаласында Атасы мен келінінің арасындағы зинаны тыю үшін Құнанбай дала заңына сүйене отырып, оларды қоғамнан аластау туралы үкім шығарады. Екеуін дарға асып, болашақта басына жастардың келуі мүмкін деп қауіптеніп, опасыз оқиғадан ескерткіш қалмау үшін денелерін қара жерге де бермей, өртеп жіберген. Бірақ романда Қодар жазықсыз кедей ретінде суреттеліп, күнәсіз жандарды Құнанбай жер үшін өлімге қиған болып, өмірлік шындық көркемдік шындыққа айналып кете береді, - дейді. Бұл деректер оқиғаның растығына сендіреді. Сондықтан Құнанбайдың үкімімен келіспеуге негіз жоқ, оны ұрпақ болашағын ойлаған кемеңгер деп айтуға болады.
Қорытындылай келе, ақиқатқа негізделген жаза теріс өнеге қалдырмауды көздеген. Ұлт ұрпағының бұзылуының алдын алған қатал шешім - көреген жанның ісі. Бұл оқиға әрбір оқырманын түзу жолдан адаспауға тәрбиелейд

Қаһар шығармасындағы Кенесары Қасымұлы образы

Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тарихи шығармалардың бірі Ілияс Есенберлиннің Қаһар шығармасы десек артық айтқандық емес. Әдеби шығарма болғанмен, тарихтан талай сыр шертетін шығарма екені де дәлелденген. Тарихи шығарма екеніне дәлел болатын, тарихи образдар солардың бірі Кенесары Қасымұлы.
Кенесары Қасымұлы - қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Соның бірі "Қаһар" романы. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Роман арқылы Кенесарының бостандық үшін жанын құрбан етуге дейін барғанын көре аламыз. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады, сонымен қатар түрлі қиыншылықтарға қарамастан шыдамды болғаны көрінеді. 
Бір оқығанда Кенесарыны оқырманға бұзықтық әркеттерімен көрсету арықылы сол кездегі адамдардың саяси көзімен көрсетсе де, автор өзінің бір ғана сөзімен ел мүддесі үшін ерінің жасаған әрекеті деп көрсетуі Кенесарының тарихи образын еселете түскендей. Тарихи образды жазба әдебиетте көркем жеткізе білу автордың асқан шеберлігі, оқырман үшін мол мұра деп білемін.

Ұлы дана мұрасы

Абай - артына өшпес мұра қалдырған ұлы дана. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл - нақылға, тағылымға толы. Өз заманынан асып туған ол - елінің еркіндігін, адамдардың сауатты болуын, халқының бақытты болуын армандады. Ал бүгін Абайдың арманы орындалды деп айта аламыз ба? Әрине, айта аламыз.
Еліміз тәуелсіз ел болып, жан- жақты дамып келе жатырмыз. Білім мен ғылым саласы да өркендеуде. Алдыңғы қатардағы елдермен тереземіз теңесіп келеді. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті әлі де қажет болып отыр. Сондықтан әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады.Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден - бір емі - Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер едім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан атты мақаласында хакім Абайдың Толық адам ілімі туралы ерекше жазғанын білеміз. Президент мақаласында: ...Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. Толық адам концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының, негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін, - деді.
Жалпы толық адам деген қандай тұлға? Ол туралы Абай қай өлеңдеріне, нешінші қара сөзіне арқау еткен? Қайткенде пенде толық адам бола алады? Абай шығыс пен батыс ғұламаларын түгел оқыған. Бұл сауалдың жауабын Яссауидің ілімінен, Баласағұнның, Фарабидің тұжырымдарынан, одан әрі Кабуснамадан іздейді, Еуропа ойшылдарының еңбектерін түгел парақтап шығады. Ойды бәрі айтқан, бірақ жүйе жоқ. Абай соның концепциясын жасаған. Міне, енді соған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев баса көңіл бөліп отыр.
Абай толық адам ілімінің жүйесін жасағанда бірінші Ғылым таппай мақтанба деген өлеңінен бастайды. Қазақтың мінез-құлқын қалыптастыратын 5 асыл зат - талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым екенін айтады. Осы өлеңінде Абай тәрбиенің бағдарламасын түзеді. Ендігі жазғандарының бәрі осыған келіп тіреледі.Толық адамның сипатын жанға керек 5 асыл заттан табуға болады. Талап пен еңбек қылу үшін қайрат керек. Терең ой - білім-ғылым, қанағат пен рахым ол жүректен шығады. Содан 1889 жылы мына өлеңді жазады. Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек. Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық, - Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек. Бірінші толық адам деген терминді осы кезде айтқан. Міне, осылай Абай шығармаларында сананың өсу жолын көрсетеді. Ақылдың өзін нұрлы ақыл, суық ақыл деп екіге бөледі. Балаға соны ұғындыру керек. Осыны біліп өскен жастар толық адамға айналады. Мұның бәрінің бастауы дінімізде жатыр. Ақын соны дәстүрмен, тәрбиемен негіздеп жеткізген. Соңында 38-қара сөзінде түйінін жазған. Ол 38- сөзінде былай дейді: Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі - надандық, екінші -еріншектік, үшінші -залымдық деп білесің.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнəрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік -күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бəрі осыдан шығады.
Залымдық -адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады 
Осыны біз өскелең ұрпаққа дұрыстап оқытуымыз керек. Ақынның толық адам туралы айтқандары - жастарды Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы - Абай мұрасы деп білемін. Сондықтан мектептерде Абайтану сабақтарын енгізіп, оқушыларды Абай мұрасының тереңіне үңілдіру керек деп ойлаймын.

Біз Абайды неге ұлықтаймыз?

Әр халықтың, ұлттың өзінің бетке ұстар азаматтары болатыны бәрімізге де аян. Ұлы тұлғаларды олардың ерлігі, халық үшін, елі үшін жасалған істерімен тарих беттерінде аттары қалып жататыны белгілі.
Біздің елде де аты алты алашқа аян талай азаматтарымыз бар. Осы күнге жетуімізге ат салысып, найзаның ұшымен, білектің күшімен жеткен егенмендігімізді қалай айтпасқа? Талай ерлігімен көзге түсіп, көңілдерден кетпес тұлғалармен қатар адам санасының қалыптасып, дамуын бір сөзбен айтқанда адам болуына әсер еткен Ұлы тұлғамыз Абай атамызды қалай сөз етпейін? Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Қазақтың бас ақыны, - деп Ахмет Байтұрсыновтың берген бағасын қалай айтпасқа?
Абайдың әр сөзінде ұлылық бар десем артық айтқаным емес. Қалай оқысаң да, қашан оқысаң да ғибратты сөздерінен аларың мол болмақ. Абайды төменгі сыныптардан бастап оқып келеміз, дегенмен жасың ұлғайған сайын, сөз ұғымына тереңірек үңіледі екенсің. Неткен ғажап?! Неткен ұлылық?!
Абайды қанша оқып, зерттесең де тұңғиығы тереңде жатқан теңізге тең. Берері мол, аларың көп, санаңды сан алуан тараптарға жетелей кететін, ойың жүйріктей желіп, ақылыңа ақыл, санаңа сана, ойыңа ой қосатыны асыл сөздің маржанын тере білген дара да, дана ақынымның арқасы.
Абай әлемі - мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келе жатқанын білеміз. XX ғасырдың 40 - 60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.С.Сильченко, Қ.Мұқамедханов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б.Г.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар екенін қалай айтпассың?!
Адам болып, қоршаған ортаңды танып, қабылдап, адамдарды да ажырата білуің Абайдың көрсеткен дара жолы болмақ. Абай шығармаларындағы жүрек қолданысы арқылы адам мінезін танып зерттеуге болатынын білуші ме едіңіз?
Менің бұны қолға алып, зерттеп, қарап шыққан дүнием бар. Абай Құнанбайұлының 42 өлеңін қарап шығып, 42 өлеңіндегі жүрек сөзінің 66 мәрте қолданғанына көз жеткіздім. Ал қара сөздеріндегі жүрек сөзінің қолданысы келесідей: 4, 13, 33 қара сөздерінде жүрек сөзі 1 рет, 14 қара сөзінде 11 мәрте, 17 қара сөзінде 6 рет, 43 қара сөзінде 4 рет қолданылады. Барлық қолданыстарды саралап талдай келе, адамның 7 қасиетін тек қана жүрек сөзі арқылы тануға болатынана көзіміз жетіп отыр.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңінде
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп , - деу арқылы әдемі сөздің адам көңіліне деген әсерінің басым екені байқалады. Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жол таба алады.
Бөтен елде бар болса өлеңіндегі осы бір жолдарында: Қу старшын, аш билер, Аз жүрегін жалғайды. Аз жүрек деудің мағынасы қандай? Осында старшын, жай ғана старшын емес, "қу" сөзін жалғау арқылы "билер" деп жалпыламай аш эпитеті арқылы қандай екенін сипаттап барып, аз жүрек деп қолданып отыр. Қу, тойымсыз адам қаншалықты жүрекке мойынсұнбақ?! Жүрегін тыңдаған адам осы бір әрекетке бармасы анық. "Аз жүрек" деуі де осыдан шығып отыр, яғни мұндай адамдардың адамгершіліктен жұрдай екенін осы бір ғана "аз жүрек тіркесі" арқылы беріп отыр. Неткен философия?!
Қазақтың темірқазығы, Ұлт ұстазы, Алаштың пірі-хәкім Абайдың шығармалары талай жылдан бері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалатқан емес.
Біз неге Абайды ұлықтаймыз? Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын, айтқан дара сөзін алсақ, істе дегеніне жүгінсек, бәлкім ойымыз да түзелер, бәлкім Абайдай кемеңгер болармыз, кім білер... . "Болмасаң да ұқсап бақ"демейді ме сол сияқты қараңғы қапа өмірде дұрыс жол таппай адасып жүргенше, Абайдай дара тұлғадан өнеге, білім алмаймыз ба?! Дін, тәрбие, тарих, Адам болып қалыптасып кейін қалудың ең мықты формуласын Абайдан артық кім айта алмақ деп сөзімді түйіндеймін.

Әдеби - теориялық ұғымдар

Атауы
Мағынасы
Мысалы
Жанр
С.Қасқабасов: Жанр - тек типологиялық қана ұғым емес, ол -- әрі тарихи ұғым, құбылыс, категория,- дейді. Жанр сөзі француз тілінде тек ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады. Ал З. Қабдолов: Әдеби жанр термин ретінде екі шартты, екі мағынада қолданылады:
1) әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, т.б.
Аңыз әңгімелер
Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиға сы шындық өмірден алынғанымен, ауыз ша айтылып таралғандықтан, фольклор лық сапалармен толыққан көркем шыға рма

Топономикалық аңыздар
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болға н әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі  осы оқиғалар көбіне нақты бір мекен мен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстыры лады. Мұндай аңыздар жер-су аттарын а байланысты немесе топонимикалық д еп аталады
Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл  т.с.с. жер аттарымен байланысты аңы здар жатқызылады. 

Махаббат хикаялары
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғ ашықтардың қайғысымен, өлімі немесе  айрылысуымен аяқталатын махаббат х икаялары құрайды. 
Бұларға Зарина ханшайымның, Айша би бі арудың, Балқаш қыздың бастарынан  өткен оқиғалары жатады. 

Батырлар туралы аңыздар
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шай қасқан ата-бабаларымыздың қаһарманд ығын паш ететін батырлар жайындағы  аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша  орын алады. Бұл оқиғалардың аңызға  айналу себебі сол уақыттан бері та лай ықылым заман өтіп кеткендігі ға на емес, олар шын болды ма, жоқ па,  ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы. 

Тарихи аңыздар
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқ иғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп  жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уа қыт өте келе аңыздық сипат алған қа зақ аңыздарының бір тобы бар. 
Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс  хан, оның ұлы Жошы хан және басқал ар хақындағы кейбір аңыздар бұған д әлел болып табылады. 

Әңгіме.
З.Қабдолов Сөз өнері еңбегінде: Әңгіме - шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша асыл үлгісі; әңгіме қысқаша жазылады; әңгіменің ең елеулі ерекшелігі - жинақтылығы, - деген анықтама береді. А.Бочаров: Әңгіме - прозаның ең қажетті, бөлінбес бөлігі. Жалпы әлем әдебиетінде алғашында новелла деп аталып келіп, кейін 1830 жылдан бастап әңгіме термині өз құқығын алған болатын. А.Байтұрсынов Әдебиет танытқышында ұсақ әңгіме деп бөліп атаған. Чехов: Әңгіме құрылысында сюжет желісі, баяндау ерекшелігі, кейіпкерлерді даралауда тепе-теңдік ырғағы сақталу керек. Қазақ әңгімелерінің тақырыптары табиғаттың, кейіпкердің алай-түлей сан қырлы жан дүниесі арқылы өрнектелген.
М.Әуезовтің Қорғансыздың күні әңгімесінде Ғазиза трагедиясы мен Ақандардың өмір сүру мақсатының деңгейі суреттелген. Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Қара шелек, Ұлболсын, Шұғаның белгісі сынды Б.Майлиннің өзгеше мұраларынан танылады.

Ертегі 
фольклордың негізгі жанрларының бір і. Ертегі жанры халық прозасының дамыған, көркемдел ген түрі, яғни фольклорлық көркем п роза. 
Оның мақсаты тыңдаушыға ғибрат ұсын умен бірге эстетикалық ләззат беру.  Ертегінің атқаратын қызметі кең: о л әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик алық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл  жанрлық ерекшелігі осы екі сипатына н көрінеді. Сондықтан ертегілік про заның басты міндеті сюжетті барынша  тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп ба яндау. Демек ертегі шындыққа бағытт алмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған  деп дәлелдеуге  тырыспайды
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құр амы жағынан әр алуан. Ол іштей бірн еше жанрға бөлінеді: 
1) жануарлар туралы ертегілер; 
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық  ертегілер; 
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; 
4) тұрмыс-салт ертегілері. 

Элегия
Элегия - лириканың белгілі жанрлық түрлерінің бірі. Ғалым Қ.Жұмалиев: Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді суреттеген шығармаларды айтады, - дейді. З.Қабдолов Бір мұң, бір сыр аралас шығарма деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
МАУСЫМДЫҚ ҒҰРЫПТАР ФОЛЬКЛОРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКА
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Миссионерлік әдебиеттің қазақша аудармаларының тілі
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Онлайн жарнаманың тілі
САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР
Пәндер