Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Медициналық қылмыcтық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстардың жалпы түсінігі 8
1. 2 Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы
қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы 26
1. 3 Медицина аясындағы әртүрлі қылмыстық іс-қимылдарды жоққа шығаратын жағдайлардың ұғымы және анықтамасы 28
2 МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
2. 1 Медицина саласындағмеы қылмыстардың жалпы алдын алу және ескерту
шаралары 36
2. 2 Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза қолдану 51
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбыныц өзектілігі. Денсаулық-қай кезде де болмасын ең негізгі байлық болып саналды. Дені сау ұрпақ-ел болашағы. Қазақстан өзін зайырлы, демократиялық, егеменді, тәуелсіз, әлеуметтік мемекет дей отырып оның ең асыл қазынасы адам оның өмірі және құқықтары мен заңды мүдделері деп көрсетеді [1] .
Халықаралық құқық нормаларының принциптері мен Консгитуцияға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекет қашанда адамдарға денсаулығын сақтау құқықтарына кепілдік береді. Осы құқықтарын жүзеге асыру барысында адамдар медициналық қолсұғушылыкқа тап болып жатады, сонымен қатар медицина саласының қызметкерлері де әр түрлі себептермен қылмыстық әрекеттерге барып жатады. Бір ерекшелігі 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Жаңа Қылмыстық Кодексі медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды бөліп арнайы 12 тарауда көрсеткен. Ал, 1997 жылғы Қылмыстық Кодексте медицина қылмыстарына арнапған арнайы тарау болған жоқ. Осыдан да тақырыптың өзектілігін көруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында медициналық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып танылады.
Қазақстанның денсаулық сақтау орталығы әлеуметтік ортада бірнеше мыңдаған медициналық мекемелерді және оның қызметкерлерін қамтыған. Сонымен қатар медицина саласында негативті құбылыстар орын алып отырғандығын мойындауымызға болады. Осы айтылған мән-жайлар халыққа, ЯҒНИ адамның денсаулығы жай күйіне теріс әсер етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Дипломдық зерттеудің мақсаты болып, медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тәжірибеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.
Алға қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді: -медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстардың жалпы түсінігіне;
-медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстардың криминологиялык сипаттамасына;
-медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстардың жасалу жағдайлары мен себептеріне;
-медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстарды жалпы алдын алу және ескерту шараларына;
-медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қылмыстарды арнайы алдын алу және ескерту шаралары мен осы қылмысты әрекеттер үшін жаза тағайындау мәселелеріне талдау жасау.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін медиңиналық қылмыстық құқық бұзушылықтар құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қауіптілігі, криминологиялық сипаттамасы, оларды болдырмау және алдын алу жолдары құрайды. Қазіргі таңда Қазақстан құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы медициналық қылмыстардың жасалу себептерінің тетіктері зерделеуге жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құқықтық мемлекет құру адамның жеке басы құқығын өмірі мен денсаулығын, заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып танылады. Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның жеке басы оның денсаулығы құндылығы әрқашанда ескерілене бермейді. Қылмыстық құқық теориясында медициналық қызмет көрсету саласындағы қылмыстармен күресу
проблемаларына толық жеткілікті тұрғыда назар аударылмаған. Медициналық қылмыстар туралы алғаншы мәлімет беретін жалпы қылмыстық құқық авторларын атауға болады: Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О. , Алексеев А. И., Бапанов Т. Ә., Дулатбеков Н. О., Белгібеков Е., Бекжанова А., Ветлугин Д. В. , Джанбекова Г. Х. Кейбір осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы: П. П. Андрушко, М. И. Авдеев, М. И. Авербах, Ю. В. Баулин, С. В. Бородин, И. И. Горелик, Ю. А. Демидов, И. И. Карпец, М. И. Ковалев, И. И. Ляпунов,
М. Х. Рустамбаев, А. В. Сахаров, И. С. Тишкевич, Д. С. Читлов және т. б. басқаларымен зерттеулер жүргізілген.
Осыған байланысты адамдарға медициналық қызмет көрсету саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың объективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарастыруда диалектикалық әдіс басым қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік әдістер қолданылды. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың пайда болу жолдары тарихи тұрғыдан, медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың дамуын жүйелік тұрғыдан талданды. Индуктивті және дедуктивті әдістері медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептерін, криминологиялық сипаттамасын беруде, әлеуметтік жағдайын, алдын-алу мәселелерінде қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесін басты және жүйе құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды. Қазақстанның саяси-құқықтық кеңістігіндегі медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктері жүйелі талданды.
Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Ескі және қазіргі кездегі заңнамалар бойыпша медициналық қылмыстардың орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметгік, еңбектер, баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстыц ғылымп жацалығы. Дипломдық жұмыс қазіргі Қазақстандағы кешенді зерттеулердің бірі болып табылады.
Ғылыми жаңалығы мынада:
- бүгінгі заман талабына сәйкес медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар ұғымдарына талдау жүргізілді;
- медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамды артқа тартушы ретінде айқындалады;
- медициналық қылмыстардың себептері анықталады;
- медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың аз зерттелген құқықтық акпектілері зерттелінді;
- қазіргі кездегі Қазақстанда медициналық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті дамыту мен жетілдіруге бағытталған заңнамаға ұсыныстар жасалынды;
- медициналық қылмыстық кұқық бұзушылықтармен күресудің кұқықтық негіздері қарастырылды;
- азаматтардың кұқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жетілдіру арқылы медициналық құқық бұзушылықтардың алдын-алу маңыздылығы анықталынды;
Медициналық ғылымның айтарлықтай прогресіне қарамастап, барлық жағдайларда пациенттің жазылып кетуі туралы шексіз кепілдік берілуі мүмкін бола қоймайды. Дәрігерлік және өзге де медициналық қызмет әрқашанда белгілі бір тәуекелмен қатарлас болады. Медициналық практика белгілі бір жағдайларда пациенттің - денсаулығына немесе өміріне зиян келтірілумен қатар жүруі мүмкін. Мұндай іс-әрекеттердің себебі медициналық персоналдың заңды, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттері де болуы мүмкін. Заңсыз іс-әрекеттер жағдайларында кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке таргу туралы мәселе туындайды. Медициналық құқық бұзушылықтың әкімшілік немесе қылмыстық әрекетгер тобына қатыстылығы жасалған іс-әрекеттердің қауіптілік дәрежесімен, салдарларының болуымен немесе жоқтығымен анықталады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында студент тәжірибелік негіз ретіиде Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының нормативтік кұқықтық актілерін, халықаралық шарттар, сот тәжірибесін қолданып қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар да талданды. Сонымен қатар статистикалық материалдар пайдаланылды.
Дипломдық жұімыстың құрылымы мен көлемі - студент қойылған ғылыми зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына сәйкес кұрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмысгардыц жалпы түсінігі және криминологиялық сипатамасы
1. 1 Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстардың жалпы түсінігі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат деген бөлімінде жеке тұлғаның құқықтары ресми түрде жарияланған және олардың ішіне: өмір сүру, денсаулық сақтау, ар-намыс пен дербестік, қоғамдық өмірге қатысу құқықтары, сондай-ақ отбасы мен кәмелетке толмағандарға мемлекет тарапынан қамқорлықты нығайтады. Жеке тұлғаны қорғауға басқа заңдар да қызмет етеді, олар құқықтарын қорғап, олардың жүзеге асырылуына жақсы жағдай туғызады. Алайда азаматтардың құқығы нақты өмірде жиі бұзылады. Осыған байланысты оларды қорғау қажеттілігі туындайды. Жеке тұлғамен оның құқықтарын қорғауда тұлға жасалған ең ауыр қастандықтың жолын кесу мен жазалауға бағытталған қылмыстық заңнамалар белгілі роль атқарады. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тікелей әрекеттігі болып табылады. Олар заңдардың мағынасын, мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушылық пен атқарушы биліктің қызметін анықтайды және мемлекетпен қамтамасыз етіледі.
Соңғы жылдардағы әдебиеттерде жеке тұлғаның, адамдармен азаматтардың қауіпсіздік проблемалары кешенді түрде қарастырылуы тиіс деп дұрыс көрсетіліп жүр.
Қауіпсіздік мәселесі БҰҰ-да 1948 жылдың 10 желтоқсанында бекітілген «Адамдар құқықтарының жалпы декларациясында көрсетілген жеке тұлға құқықтарының барлығын дерлік қамтиды. Олардың ішіндегі маңыздылары ҚР- НЫҢ Конституциясына (1995ж) сәйкес әрбір адамның өмірге, бостандыққа және жеке дербестікке құқықтары болып табылады. Жеке тұлға қауіпсіздігі адамның барлық басқа құқықтарының алғы шарты. Қазіргі кезде жеке тұлға қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігі көптеген азаматтардың өмір сүруіне қауіпі төндіретін ең қолайсыз өмір шарттарының әсеріне негізделген. Бұл жерде азаматтардың үштен біріне жуығын кедейшілікке жеткізуге экономикалық дағдарыс қана емес, сонымеи қатар адамдар қауіпті төтенше жағдайлардың өсуімен байланысты әлеуметтік өмірдің әр қырындағы дағдарыс [2] .
ҚР-ның 1997 жылғы ҚК-нің қабылдануына байланысты жеке тұлға қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелерін шешу іске аспады. Яғни жаңа қоғамдық қатынастардың көбеюімен 2014 жылы жаңа Қылмыстық кодекс медицина қылмыстарын бөліп тастады. Заң шығарушылар адамдардың қоғамға қауіпті бірқатар жаңа іс-әрекеттеріне криминологиялық талдау жасайды. Медицина немесе фармацевтика жұмыскеріиің кәсіптік міндетгерін тиісіише орындамауы, клиникалық зертгеулер жүргізу тәртібін, және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу, заңсыз түсік жасау, науқасқа көмек керсетпеу, дәрігерлік құпияны жария егу, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу.
ҚР-ның әрекеттегі ҚК-де заң шығарушылар бірқатар жагдайда субъективті факторда бас тартқан - «Кімнің мүддесіне зиян келтіріледі. Бұл экономикалық және көліктік қылмыстар туралы тараулар. Бұл жерде қылмыстан зардап шеккен қоғамдық қатынас салалары жүйелерінің басшылары үіпін алынған.
Осыған байланысты біз өз жұмысымызды медициналық қылмыстық құқық бұзушылықсаласын ҚК-нің әртүрлі тарауларындағы түрлі қылмыс құрамын қамтитын қоғамдық қатынас объектісі ретінде анықтадық. Оларды бұл қылмыстарды медицина қызметкерлерінің өздері жасауы немесе олардың қатысуымен жасалуы біріктіреді, ал зардап адамның денсаулығына, кейбір азаматтардың өмірі меп денсаулығына, тұтас алғанда жеке тұлға қауіпсіздігіне келтіріледі. Бұл саладағы қылмыстар азаматтардың денсаулығын қорғау кұқығын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын пайдакүнемдік және пайдакүнемдІк емес қылмыстардың жиынтығына құралады. Бұл жерде қылмысты өздерінің кәсіби және қызметгік жағдайы мен денсаулық қорғау құрылымында әлеуметтік позицияға ие болған және соған сәйкес белгілі бір міндетті атқаратын тұлғалар жасайды.
Біз зерттеген салада мынадай пайдакүнемдік қылмыстар бөлінеді: Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндетгерін тиісінше орындамауы, клиникалық зерттеулер жүргізу тәріІбін, профилактиканың, дигностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу, науқасқа көмек көрсетпеу, дәрігерлік құпияны жария егу, заңсыз медициналық немесе фармацсвгикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық берегін рецептілерді немесе өзге де құжагтарды заңсыз беру не қолдан жасау, жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу, заңсыз түсік жасаумен байланысты қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер.
КСРО-да қылмыстық жауапкершілікке медицина қызметкерлерінің салыстырмалы түрде аз бөлігі тартылған. Біздің мәліметіміз бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған медицина қызметкерлерінің 70 пайызына жуығы, бұлар хирург профиліндегі мамандар (хирургпар, акушер- гинекологтар), соның ішінде 40 пайызы дәрігерлердіц 10 жылдан астам дәрігерлік стажы бар.
Қазіргі жағдайларда есірткілік құралдардың заңсыз айналымымен күресуді күшейтумен байланысты мәселелер ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осыған байланысты медициналық тұтынуға арналмаған барлық есірткілік құралдардың 20 пайызына дейінгі мөлшері медицина қызметкерлері тарапынан олармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың нәтижесінде пайда болатынын айтуға болады
Медициналық және формацевтикалық мекемелерде есірткілік құралдарды қорғау мен қатаң режимінің жиі қамтамасыз етілмейтінін сот-тергеу практикасы көрсетті, соның нәтижесінде есірткілік заттарды ұрлау қысқарудың орнына өсіп отыр. Алайда ҚР сот практикасының талдау осындай құралдармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке медицина қызметкерлерінің азғана бөлігінің тартылатынын көрсетті.
Нашақорлардың есірткіге ие болу үшін кез келген құқықбұзушылыққа баратыны жалпыға белгілі фактілер. Мысалы, мұндай тұлғалар медициналық мекемелерге есірткілік құралдарды заңсыз алудың сәтті жағдайларын табу үшін немесе белгілі төлемге есірткі сататын медицина қызметкерлерін табу үшін жұмысқа тұрады. Кейбір дәрігерлер - дейді Киззеі, - нашақорларды дәрілік құралдармен заңсыз жабдықтайды. Кейбір нашақорлар өздерінің дәрігерлерінен дәрілік құралдарды басқа дәрілік тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға қайта сату үшін алады. Мынадай проблемалардың ятрогенді нашақорлықты айтуға болады. Мұнда дәрігер нашақорға айналып, ерікті, еріксіз нашақорлықты тарату көзіне айналады. Сондықтан улы, күшті әсер еткішті затгармен және есірткілік құралдармен жұмыс істеу барысында медицина қызметкерлері ерекше, қырағы болуы керек, ал оңы бұзғанға кінәлілер өз уақытында соның ішінде сот тәртібімен де жазалануы тиіс.
Медициналық қызмет көрсету саласындағы қылмыстылық жоғары деңгейдегі жасырындьіққа ие. Пайдакүнемдік қылмысқа тән бұл құбылыс дәрігерлердің еңбек ақысының төмендігіне, екінші жағынан медициналық көмектің белгілі тапшылығын негізделген дәрігерлермен пациенттердің өзара ортақ мүдделерінің бар болуымеи түсіндіріледі. Адам денсаулығына нұқсан келтіретін қылмыс жасағандарға көптеген факторлардан, атап айтсақ, емдеу нәтижесін тиісті бақылаудың болмауынан, сыбайластық элементгерінен, денсаулық сақтау проблемаларына ведомстволық қараудың болмауымен, медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктерді жалған және біліксіз диагноз қою арқылы жасырумен кейбір жағдайда кінәлілігінің деңгейін анықтаудың едәуір қиындығына байланысты медицина қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылмауымеи түсіндіріледі [4] .
Республикалық сот-медициналық сараптама бюросының мәліметтері бойынша медициналық көмек көрсету саласындағы болжанған құқық бұзушылықтарға байланысты комиссиялық сараптама өткізу тәртібімен қаралған «дәрігерлік істердің саны едәуір артқандығы байқалады - бес есеге жуық. Соған қарамастан медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту сот практикасында, шын мәнінде осы кезең уақытында бұрынғыша, аз ғана өсу үрдісімен ғана қалып отыр.
Зандық, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де тартылған медицина қызметкерлер санының өсуі қазіргі кезде көптеген елдерде байқалатынын атап өтуге тиіспіз. Мысалы, Ұлыбританияда соңғы он жылда сотталған медицина қызметкерлерінің саны екі есе артып, ал медицина қызметкерлерінің немкұрайлы әрекеттерінің нәтижесінде залал көлемі 6 фунт стерлиигке жеткен. Калифорния ғалымдарының зерттеуі (АҚШ) ауруханаға емделуге түскен үш миллион адамның емдеу барысында 140 000 мыңы, соның ішінде дәрігерлердің кінәсінен 24000-ы жапа шеккен. М. Ғ. Кгаизһаг мәліметі бойынша Англияда жауапқа тартылған офтальмологтардың өзі ғана соңгы жеті жылда 59, 8 пайызға өскен, барлық арыздың 27 пайызы емдеуді дұрыс орындамауға қатысты [5] .
Француз ғалымдары соңғы 5 жылда медицина қызметкерлеріпің үстінен түскен шағымдардың үш есеге өскенін айтады. Францияда жыл сайын 1500 дәрігер түрлі формадағы құқықтық жауапкершілікке тартылады.
Соңғы жылдары Польшада өз пациеиттеріне залал келтірген дәрігерлерге қарсы бірнеше процестер болды. Алайда, бұлар хирургтың операцияга мас болып келуі немесе операцияда жатқан адамның ішіне үлкен медициналық шприцаларды байқамай қалдырып кету сияқты жағдайлар. Процесті ұтқан пациенттердің бірі бірден ауруханадан ақшалай өтемақы алуға қол жеткізді, оның біреуіндегі кірден тазартылмаудан өзіне сары ауру жұқтырған. Оның талабы бойынша жүргізілген тексеру екі ауруханада да айтылган жұқпалы аурудың бар екенін көрсетті [6] .
Құқықбұзушылық санының өсуі көптеген факторлармен, сонының ішінде - хирургиялық араласу әрекетінің, диагностика мен емдеудің тәсілдері санының бірден өсуімен, бүгінге дейін анықталмаған көптеген белгісіз аурулардың пайда болуымен, эксперимент жасаудыда кебеюімен, медиктердің қате әркеттерінің бағасының өсуімен түсіндіріледі.
Әдетте, мұндай категориядағы істер бойынша болған сот процестері өзіне көптеген азаматтар, медициналық қоғамдастықтар тарапынан қатаң назарын аударады, кең көлемде жариялылыққа ие болады, медицина қызмет көрсету саласына қатысты белгілі қоғамдық көзқарастың қалыптасуына итермелейді, медицина қызметкерлерінің беделін түсіреді, денсаулық сақтау жүйесіне сенімсіздік туғызады. Нақты істерді қарау барысында кейде, принципиальды сипатта үлкен ғылыми-практикалық мәнге ие және үлгінің рөлін атқаратын шешімдер жасалады. Сонымен қатар, мынадай процестер белгілі, өткізу нәтижесінде адам өлімінің уақытын анықтауға қатысты күрделі медицина- құқықтық мәселелер шешілді, үмітсіз ауруларға қатысты эвтеназия тәсілдерін қолданудың орындылығы, дәрігерлер қателігі, адамның иммун тапшылығын жұқтыру (АИТВ/ЖИТС) -мен ауырғандардың дәрігерлік құпиясын сақтау, аурудың келісімінің немесе емдеудің түрлі әдістерін қолданудың зандылығы және т. б.
Қазіргі медицина жетістіктерін қолдану қылмыстық құқық ғылымы тарапынан көптен-көп назар аударылуын талап етеді. Ол, бір жағынан - адамның құқығы мен заңды мүддесін барынша қорғауға, екінші жағынан - бұл жетістіктерді практикада қолдануды қиындатпауға бағытталған. Мұнын ішінде, басты шарт қолданылмау медициналық шаралар адамға тек пайда әкелуге бағытталған болуға тиіс. К. Маркс атап көрсеткендей, адам денесінен медициналық жаттығулардың объектілеріне айналуына жол бермеу керек [7] .
Қазіргі кезде медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі маңызды мәнге ие, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін қарастыратын қылмыстық кодекс нормаларын оқу мен анықтау мақсаты да маңызға ие. Медициналық қызмет көрсету саласында қандай қылмыстардың болатыны туралы әдебиеттерде түрліше пікір қалыптасқан. Аталмыш мәселеге арналған жұмыстардың авторларының барлығы бірқатар қылмыс құрамына талдау жасайды.
Заңсыз түсік жасау (319 бап), науқасқа көмек көрсетпеу (320 бап), салғырттық ретінде қаралатын тиісті емес емдеулер, медициналық жалған құжаттар жасау, олар қызметтік жалғандау деп есірткілік құралдармен, психотропты, күшті әсер етуші немесе ІО. Д. Сергеев қылмыстың екі тобын бөледі - лауазымдық және лауазымдық емес. Лаузымдық емес қылмысқа ауруға көмек көрсетпеу, тиісті емес заттармен есірткілік құралдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу; Лауазымдық қылмысқа - лауазымын пайдаланып, қиянат жасау, салғырттық, қызметтік жалғандық, парақорлық, заңсыз сый алу [8] .
В. Н. Смитченко медициналық қызмет көрсету саласындагы қылмыстарға жоғарыдағы аталғандардан басқа, венерологиялық ауру жұқтырғандарды және одан емделуден қашқандарды басқа тұлғаларға адамның иммун тапшылығын жұқтыру (АИТВ/ЖИТС) қаупін тудырғаны үшін жатқызады. Ал, В. А. Глушков онымен келіспейді. Ол ондай аурулармен күресу медиктердің кәсіби міндеті болып табылады, алайда қарастырылған қылмыс топтарының қатарында бола алмайды. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені медицина қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінің нәтижесінде осы қылмыстар жасалады.
Ондай қылмыстарды өз бетінше жеке топқа топтастыру үшіп олардан қылмыс құрамының барлық элементтерінің бірлігін табу қажет. Ондай болып талданып отырған қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен оған қарсы әрекеттің ерекше субъектісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz