БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС КАФЕДРАСЫ
Батталова Р. Е
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В090200 - «Туризм» білім беру бағдарламасы
Алматы, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберу»
Кафедра меңгерушісі:
PhD докторы
Абдикаримова М. Н.
«__» 2021жыл
«БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбына жазылған
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В090200-«Туризм»
Орындады: Батталова Р. Е.
Ғылыми жетекші: Жақсыбекова Д. К.
DBA докторы, аға-оқытушы
Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі: Балқаш көлі демалыс аймағын еліміздегі туристік картаның таңдаулы ондығы қатарынан көру және осы бағытта жан-жақты нақты қадамдар жасау бүгінгі күн талабы болып отыр. Соған орай дипломдық жұмыста өңірдегі ішкі туризмді тұтынушылардың сұраныстарына сай қанағаттандыратын туристік әлеуетін артыру мақсатында іске асырылатын кешенді шаралар көрсетілген.
Қазақстанның 2021 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары шеңберінде туризм жеке кластерге бөлінген және ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының тізіміне кірді.
Елімізде рекреациялық жағынан негізінен толық зерттелмеген аймақ болып табылады. Бұл өңір табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартымдылығы мен экстримальды қолайсыз жағдайлары рекреациялық іс - әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін туризмнің барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді.
Балқаш қаласы туристік - рекреациялық ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз [1] .
Балқаш өңірі еліміздің ең бір ірі және маңызды өңірлерінің бірі. Тек нарықтық экономика жағдайында ғана оның өндірістік қуатын және табиғи байлықтарын толығымен колдану, мамандандыру және кешендік тәсілдеме негізінде экономикалық байланыстарды оңтайлы дамыту мүмкіндігі туды.
Балқаш қаласы туристік - рекреациялық ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз.
Балхаш туристік ахуалының әлсіз және мүмкіндікке ие жақтарын жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес ішкі туристік сұраныстарды қанағаттандыратын аумақтағы туристік мүмкіншіліктерін ашу.
Балқаш аумағындағы туризм саласының шешілмеген мәселелеріне, ең алдымен, рекреациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы стандарттар мен қойылған талаптарға сәйкес келмеуі, маркетингтің әлсіз стратегиясы, жоғары білікті қызметкерлер санының жеткіліксіздігі, осыған байланысты жұмыстың мақсаты анықталды.
Зерттеу нысаны : Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу пәні : «Таңғажайыпқа толы Балқаш» туристік маршрут бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін ашу оның ішкі туризмді дамытудағы орнын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Туристік саланы зерттеудің теориялық негіздерін қарастыру.
- Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін саралау.
- Балқаш көлінде ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік маршрут ұйымдастыру.
Зерттеу әдісі : Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту барысында Таңғажайыпқа толы Балқаш туристік маршрутын ұйымдастыру бойынша жиналған материалдарды жан - жақты өңдеу, талдау арқылы алынды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Балқаш өңіріне сипаттама, аумақтағы көрікті жерлерге, туристік нысандарға және турды құру барысында С. Р Ердавлетовтың, А. С Бейсенованың, Е. А Ахметовтың, Т. А. Данияров және т. б зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамытудың әсері мен ықпалын қарастырып, маршрут жасау. Құрастырылған маршрутты туристік мекемелерде, оқу орындарында, колледжде, мектептерде қолдану.
Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, 54 беттен, 2 кестеден, 20 суреттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, Туристік саланы зерттеудің теориялық негіздерін қарастыра отырып, ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстан Республикасының туристік мүмкіндіктерін, ішкі туризм саласының дамуының алғышарттарын анықтау.
Екінші бөлімде, Балқаш өңірінің физикалық-географиялық, саяси-экономикалық жағдайы» мен орналасуы, климаты, гидрографиясы және топырақ жамылғысы, флора мен фаунасының Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамытуға әсері мен ерекшеліктерін саралаймыз.
Үшінші бөлімде, Балқаш көлінде ішкі туризмді дамыту мақсатында маршрут құрастырылып, оларды тиімді ұйымдастыруы мен оның туризмдегі маңыздылығын қарастырамыз.
1 ТУРИСТІК САЛАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы
Туризмнің дүние жүзіндегі орыны үздіксіз өсуде, бұл жеке ел экономикасына туризм әсерінің ұлғайтылуымен байланысты. Жұмыс бастылықтың өсуімен туризм саласындағы халық саны өсіп, ұлттың ауқаттылық деңгейі жоғарылайды. Дегенмен халықаралық туризм дүние жүзінде біркелкі таралмаған, бұл ең алдымен елдердің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі деңгейімен сипатталады. Халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дамыған. Халықаралық туристік байланыстың осындай дамуы халықаралық сауда саласындағы бұл жұмысты жақсартуды қамтитын көптеген халықаралық ұйымдарды біріктірді. Швейцария, Австрия, Франция, Түркия сынды Батыстың көптеген экономикасы жоғары дамыған елдері өзінің жақсы тұрмыстық жағдайына туризмнен түскен кірістері арқылы қол жеткізді. Соғыстан кейінгі жылдары қуатты зерттеу базасы мен туризм саласындағы мамандар дайындау жүйесі жасалды.
Өкінішке орай, Қазақстанда халықаралық туризм көшбасшы орында емес. Бұрын КСРО дағы туристік әрекеттердің негізгі аймақтары Қырым, Кавказ, Балтық жағалауы және Ресейдің, Ортта Азияның тарихи орталықтары болған. Сол уақытта Қазақстандағы көптеген архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи ескерткіштер жарияланбай талап етілмеген күйінде қала берді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуынан кейін туризм индустриясының нақты дамуына мүмкіндік пайда болғанымен, оны бірден пайдалануға қадам жасалмады [2] .
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады [2] .
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1, 6 биллион бірлік құрайды [3] .
Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық.
Туризм ол мәжбүрлі түрде немесе жұмыс бабымен де болмау тиіс. Туысының алыс жердегі үйіне қыдырып, қонақ болып, не басқа бір себеппен бару да емес. Ол бос уақыт шығарып, тек қызықтау мен көңіл ашуға, тамашалау мен демалуға бола, жаңа нәрселерді көруге (1кесте) .
1-кесте Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі [3] .
Осылайша, шығу туризмі сырттан келушілер туризмінен және ішкі туризмнен едәуір асып түседі, Өкінішке орай, бұл көрсеткіштің өсу тенденциясы байқалады. Кіру туризмінің үлесі әлдеқайда аз, бірақ мұндай күрт ауытқуларға ұшырамайды. Әлемдік туризмді дамыту тәжірибесі барлық мемлекеттер бірінші кезекте кіру және ішкі туризмді дамытуға мүдделі екенін көрсетеді, өйткені бірінші түрі мемлекет қазынасына валюталық түсімдерді қамтамасыз етеді, ал екіншісі мемлекет ішінде қаражат жинақтайды және туризм инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді [3] .
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректерімен туристік қызметпен 2008 жылы 1163 туристік ұйым айналысқан, олар 473947 туристке қызмет көрсетті. Туристерге қызмет көрсетуде осы көрсеткіш 2006 жылмен (520972 қызмет көрсетілген турист) және 2007 жылмен (541930 турист) салыстырғанда туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристер санының азаюын көрсетеді.
2008 жылы туристер санының азаюы, ең алдымен, өткен жылмен салыстырғанда келушілер санының 40% - ға және кетушілер санының 10% - ға азаюына, сондай-ақ ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілгендер санының төмендеуіне байланысты болды. Туристердің барлық санаттары санының азаюы, ең алдымен, бүкіл Әлемдегі туризм саласының жай-күйіне теріс әсер еткен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты және Қазақстан да бұдан тыс қалмады[4] .
Қазақстандық туристік өнімнің екі базалық компонентін бөліп көрсетуге болады. Жібек жолындағы мәдени туризм (қажылық және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты эко-шытырман оқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, альпинизм, аңшылық, балық аулау) . Бұл орайда Жібек жолы бағыты өтетін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары арқылы эко-шытырман оқиғалы туризм үшін ресурстары бар өңірлерді бөліп көрсеткен жөн.
Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір перспективалары бар. Бұл ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи-шикізат ресурстары Қазақстанға бизнес мәселелері және халықаралық конвенцияларға қатысу бойынша келетін бизнес-туристер санының артуына мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді [5] .
Алматы қаласы республика үшін стратегиялық (әуе, автомобиль, темір жол) қақпа болып табылады және негізгі көші-қон дәл осы қала арқылы жүреді. Түрлі форумдарды өткізуге ыңғайлы ғимараттар мен қонақ үйлерден басқа, қалада демалыс пен ойын-сауық үшін қажеттінің бәрі бар, сонымен қатар жақын маңдағы қала аумағында 500 км радиуста керемет рекреациялық аймақтар орналасқан [5] .
Қазақстан туристік ресурстарға өте бай. Қазақстанның табиғи-рекреациялық әлеуеті, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен ерекшеліктер, менталитет, әдет-ғұрыптар шетелдік туристер үшін қызық, өйткені олар Еуропа мен Азия нарықтарында ұсынылған туристік қызметтермен қаныққан. Жалпы, Қазақстанда туризмнің даму деңгейі халықаралық деңгейге сәйкес келмейді. Ең алдымен, туристік сала шығу туризмін дамытуға бағытталған, келу және ішкі туризмді дамытуға тиісті көңіл бөлінбейді (2 кесте) .
2 - кесте Қазақстандағы ішкі туризм көрсеткіштері[6] .
Туризмді дамыту ішкі туризмді ынталандырусыз мүмкін емес, өйткені ол ең қол жетімді және арзан сала. Соңғы жылдары ішкі туризм құрылымы өзгерді, демалыс күні, қысқа мерзімді экскурсиялық сапарлар танымал болды. Қазақстан халқы туристік ұтқырлығының көрсеткіші-әлемдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. Турфирмалардың беретін бөлігі өз серіктестерін шетелге жіберумен айналысуды ұсынады, және аз ғана фирмалар Қазақстанға туристерді тарту үшін жұмыс істейді. Негізінен туристер Алматы мен Астанаға көп келеді [6] .
Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің жайын талдап, алдымен оның дамуының оң динамикасын атау қажет. Әлемдік экономикалық дағдарыс енгізген шағын өзгерістерге қарамастан, Қазақстан туризмі даму қарқыны оң динамиканы көрсетіп келеді.
Шығу туризмі даму қарқыны ішкі және келу туризміне қарағанда анағұрлым серпінді екенін атап өту қажет. Бұл біздің ел халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен және баға мен сапа көрсеткіштерін үйлестіретін бәсекеге қабілетті туристік ұсыныстардың болмауымен түсіндіріледі.
Кіріс және ішкі туризм мемлекет үшін ең тиімді болып табылады, себебі олардың дамуы кезінде елге ақша түседі, осылайша оның бюджетін толықтырады.
Осылайша, қазіргі кездегі Қазақстан туризмінің жағдайын айқындай отырып, ішкі және сырттан келушілер туризмді дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін айту керек [7] .
Қазақстанның туристік саласының қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның дамуының негізгі үрдістерін атап өткен дұрыс. Қазақстандағы Туризм экономиканың шикізаттық емес секторын дамытудың перспективалық бағыты болып танылды және жеті ұлттық басым кластерлер қатарына енгізілді. Туризмге көп көңіл бөліну қажет. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді [8] .
Өңірлік деңгейде туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары қабылданды. Жаңа Іле, Ақтау, Балхаш сияқты халықаралық маңызы бар туристік жобалар атап өтілді. Осы жобаларды дамыту үшін Қазақстан жеке инвесторларды, немесе шетелдік инвесторларды белсенді түрде іздестірді.
Сонымен, туризмді қарқынды дамыту үшін біздің республикамыз бірнеше проблемаларға тап болды. Қазақстан үшін қазіргі кезеңде туризмді дамытудағы кедергілер кадр аздығы проблемасы, инфрақұрылымның дамымауы және халықаралық нарықта ұстанымының нашарлығы болып табылады. Осы проблемаларды шешу Қазақстанға туризмді дамытуға және өзінің өнімімен халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік бере алады [9] .
1. 2 Туристік саланың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
Туризмді дамытудың негізі туристік ресурстар (табиғи, мәдени, тарихи) болып табылады. Туризмдегі басты тұлға-турист. Ол туристік өнімнің немесе қызметтердің тұтынушысы, оның сапалы қызметі үшін туризм индустриясы құрылып, жұмыс істейді. Туризм индустриясы елге қаржы ресурстарының түсуіне ықпал етеді. Ол туристік фирмаларға табыс беріп қана қоймай, салық түсімдерін де қамтамасыз етеді, азық-түлік пен түрлі қызметтерге сұранысты арттырады, осылайша (көлік, қонақ үй шаруашылығы, байланыс, сауда және қоғамдық тамақтану, кәдесыйлар өндірісі және т. б. ) дамуын ынталандырады. Туристерге қызмет көрсету-жергілікті халық үшін табыс көзі.
Қызметтің бұл түрі ірі бастапқы инвестицияларды талап етпейді, рентабельділіктің жоғары деңгейімен және күрделі салымдардың өтелуінің салыстырмалы түрде қысқа мерзімімен сипатталады. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді (шетелдік тәжірибе бір шетелдік туристке қызмет көрсету үшін 10 адамға дейін талап етілетіндігін куәландырады) [10] .
Негізгі ерекшеліктері:
Туристік қызметтің бірнеше негізгі ерекшеліктері бар.
Бірінші және ең маңыздысы, материалдық өндіріс салаларынан айырмашылығы, Туризм индустриясы өнімді экспорттамайды, бірақ естен кетпес әсер қалдырады.
Екінші ерекшелік өнімдер мен қызметтердің ерекшелігіне, оларды тұтынушыға жылжыту мүмкін еместігіне байланысты. Өндіруші немесе сатушы емес, турист оларды өндіретін жерге баруы керек. Бұл ерекшелік объективті себептерге байланысты.
Үшінші ерекшелік бұл туризм индустриясының өнімдері тұтыну кезінде ғана сыналуы мүмкін қызметтер жиынтығы болып табылады. Осыған байланысты туристік өнімді сәтті сату клиенттер мен сатушылар арасындағы ерекше сенімді қарым-қатынасты қамтиды. Сондықтан мұнда туроператорлар мен турагенттердің, қонақ үйлер мен авиакомпаниялардың жоғары беделі өте маңызды.
Қорытындылай келе, туризм саласын сипаттайтын маңызды ұғымдардың тізімін ұсынған жөн. Туристік ресурстар-туристер үшін қызығушылық тудыратын (оның ішінде әлеуетті) табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени және өзге де объектілер.
Әдетте, туристік ресурстар көрсету үшін қолданылады. Олар адамның қызығушылығы мен рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, күш-қуат алуға, эмоционалды жағдайды жақсартуға және физикалық күштерді қалпына келтіруге арналған.
Ресурстардың сапасы олардың бірегейлігімен, түпнұсқалығымен және өзіндік ерекшелігімен, адамның физикалық және рухани денсаулығына жағымды әсер ету дәрежесімен анықталады. Белгілі бір туристік ресурстар белгілі бір туристерді тартады, олардың сыртқы түрі мен жағдайы көбінесе турлардың, туристік өнімнің тұтыну құнын анықтайды [11] .
Клиенттің өтініші бойынша туристік агенттіктер қосымша қызметтердің үлкен жиынтығымен жеке тапсырыс бойынша арнайы турларды құра алады. Мұндай турлар эксклюзивті турлар деп аталды.
Турист-өзінің әдеттегі ортасынан тыс жерлерге саяхаттайтын және баратын адам, оны қызықтыратын туристік ресурстар бар.
Турист басқа саяхатшылардан (дипломаттар, эмигранттар, шетелдік жұмысшылар, босқындар, Көшпенділер және т. б. ) өз сапарының мақсатымен, ұзақтығымен және сипатымен ерекшеленеді. Ол тек елге немесе аумаққа уақытша барып, тұрғылықты жерінде ақылы қызметпен айналыспайды. Әдетте, саяхат сауықтыру, танымдық, кәсіби және іскерлік, спорттық, діни және басқа мақсаттарда жүзеге асырылады. Саяхат ұзақтығы бір түннен 6 айға дейін өзгеруі мүмкін. (халықаралық нормалар бойынша -12 айға дейін. ) .
Турист туристік бизнестің негізгі элементі, туристік өнімді тұтынушы болып табылады. Туристердің ұйымдастырылған жиынтығы туризм индустриясының нысаны болып табылады[12] .
Туристік өнім (турөнім) - туристке өткізуге арналған турға құқық.
Туристік өнімге турист тұтынатын тұтыну құнының барлық жиынтығы кіреді (турдың өзі, туристік-экскурсиялық қызметтер, арнайы туристік жабдықтар және т. б. ) .
Кез-келген тауар сияқты, туристік өнім сапалы және сұранысқа ие болуы керек (ең алдымен шетелдік туристер арасында), әйтпесе ол сатылмайды[12] .
1. 3 Экономиканы дамытудың тиімділігін арттырудағы ішкі туризмнің рөлі
Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік - экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.
Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден - бір амалы - туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде[13] .
Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғаюына әкеліп соқпақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz