Қазіргі заманғы шөгінділер
Ф.7.34 -01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘуЕзоватындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультеті
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Нәбихан Ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай ауылдық округінің Көксарай елді мекеніндегі су құбыры желілерін қайта жаңарту.
Шымкент, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
7
1
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
9
1.1
Объектінің орналасуы
9
1.2
Табиғи климаттық жағдайлар
9
1.3
Гидрогеологиялық жағдайлар
11
1.4
Елді-мекеннің қазіргі кезде сумен қамтамасыз етілуі
16
1.5
Су тұтынушылар құрамы мен саны
17
1.6
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне жұмсалатын су көлемін анықтау
18
1.7
Елді мекеннің сумен жабдықтау схемасын таңдау
27
2
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
28
2.1
Су көзін таңдау
28
2.2
Су алу құрылымдарды қабылдау
29
2.3
Суды зарарсыздандыру шаралары
40
2.4
Су құбыры тораптары
43
2.5
Сақтауыш-реттеуіш сыйымдылықтар
50
2.6
Екінші көтеру насос станциясы
55
3
ҚҰРЫЛЫС МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ
58
3.1
Су құбыры желiсін құрудағы құрылыстық операциялардың құрамы
58
3.2
Траншеяның көлденең қимасының өлшемдерiн анықтау
58
3.3
Негiзгi жұмыстардың көлемiн анықтау
59
3.4
Жұмыстардың машина сыйымдылығын және еңбек сыйымдылығын анықтау
60
4
ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР
61
4.1
Обьектiнiң құрылыстың құнын анықтау
61
4.2
Пайдалану шығындарын анықтау
61
4.3
Техникa - экономикалық көрсеткiштер
64
5
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
66
5.1
Көксарай елді мекеніндегі су алу құрылымындағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі туралы білімдерін сынау және дайындау
66
6
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
71
ҚОРЫТЫНДЫ
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
73
КІРІСПЕ
Су - тіршілік көзі екенін ескерсек, қазіргі таңда суды пайдалану күнделікті тіршілікке аса қажет. Соның ішінде елді мекендерді сумен жабдықтау маңызды орын алады.
Сумен жабдықтау-елді-мекендерге, өнеркәсіптік орындарға, транспортқа, тағы басқа жерлерге су беру, су жеткізу жөніндегі атқарылатын әр түрлі жұмыстардың жиынтығы. Сумен жабдықтауға арналған иженерлік құрылыстың комплексі сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су құбыры деп аталады.Елді-мекендерді сумен жабдықтаудың қазіргі жүйесі орталықтандырылған. Объектілерінің атқаратын міндетіне қарай су құбыры коммуналдық және өндірістік болып бөлінед. Сумен жабдықтау мақсаты үшін беті ашық су алаптары (өзен, су бөгені, көл, теңіз) және жер асты сулары (грунттық, артезиан, бұлақ) сияқты табиғи су көздері пайдаланылады. Тұрмыс қажетіне көбіне жер асты сулары жарамды болып келеді. Табиғи су көздерінен алынған суды тұтынушылардың қажетіне сай тазалау және оны тұтынушыларға жеткізу үшін төмендегідей құрылыстар салынады: су қабылдағыш құрылыстар, суды тазалайтын орынға жеткізетін бірнеше насос станциясы, су тазалайтын құрылыстар, таза су жиналатын резервуарлар, тазаланған суды қалаға не өнеркәсіп орындарына жеткізетін екінші көтерме насостар, тұтынушыға су жеткізуші құрылыстар мен су құбырларының жүйесі және су айдауыш мұнара. Сумен жабдықтау жүйесінің мұндай схемасы нақты жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Сумен жабдықтау жүйесінің тарихы тереңнен басталады. Орталықтан суландыру жүйелері жөніндегі бірінші мәлімет Европа елдерінде XII ғасырда шыға бастаған. Өзі ағатын су құбыры бірінші рет Парижде XII ғасырдың аяғында құрылды. Германияда су құбырлары XV ғасырдан бастап құрыла бастаған.
Қазақстанда су құбырлары тек Семей мен Петропавловскіде ғана болса, ал қазіргі кезде қалалардың барлығында су жүйелері тартылған.Тек 1977-1980 жылдар арасында республикада 28 топтасқан (ауданаралық) су құбырлары құрылды.
Дипломдық жұмыста ауыз сумен жабдықтау объектісі болып Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай елді мекені алынып отыр.
Жобалауға арналған мәліметтер: Көксарайелді мекеннің бас жоспары, тұрғындар саны, тұрғын қолындағы малдар, арнайы ғимараттар.
Су шаруашылығының негізгі мәселелерінің ішіндегі сумен жабдықтаудың ерекшеліктері мынадай:
1. cумен жабдықтау өте үлкен аймақты суландырады (мысалы, млн. га Арал аймағының жерлерін суландыру қажет);
2. аймақтың өзі суды пайдаланбайды, тек сол аймақтағы су тұтынушылар ғана пайдаланады (ауыл шаруашылық дақылдарына берілетін су көлемі сумен жабдықтап, қамтамасыз етуге жатпай, жер суландыруға жатады). Сумен жабдықтаудың негізгі мақсаты - әрбір пункттерді орталық су пайдалану желілері арқылы сумен қамтамасыз ету;
3. ауыл шаруашылығын суға қажеттілігі аймақты сумен жабдықтаудың жобалау жұмыстарына сәйкес жүргізіледі. Аймақты немесе аудандарды сумен жабдықтау жобасы халық шаруашылығының болашақтағы суландыру аймағының даму жоспарына сүйене отырып жасалынады;
4. аймақтағы жайылымды сумен жабдықтау кезінде, барлық су пайдаланушылардың, қандай мекемеге қарауына қарамастан, олардың мұқтаждығы толық ескеріліп, сумен қамтамасыз етіледі. Олардың сумен қамтамасыз етілу кезегі мен қажеттілік дәрежесі халық шаруашылығының жоспары арқылы анықталады;
5. жайылымды суландыру жобасын жасаған кезде, барлық жергілікті су қорлары есепке алынады, сонымен қатар суландырылатын аймақтың мүмкіндігі мен тиімді пайдалылығын ескере отырып, егер ол аймақтың су қоры жетпесе, басқа жақтағы су көзінен суды тасымалдау жоспарланады.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Объектінің орналасуы
Әкімшілік жағынан сипатталған аймақ Отырар ауданында, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы орналасқан.
Географиялық жағынан аудан Қызылқұм шөлінің орталық бөлігінің Сырдария жүйесінің артезиандық бассейнінде орныққан. Координаттары 44о55'00" солтүстік ендікте 64o42'46"шығыс бойлықта.Сипатталған аймақ Сырдария өзенінің төменгі алабындағы аллювиалды-дельта жазықтығында жатыр.Жазық беткейі солтүстік- батысқа қарай сәл көлбеу бағытта, абсолюттік белгілері 110,0 м[1].
Тұратын аймақ электрлендірілген және радиоқабылдағыштар өзара асфальт жолдарымен байланысқан. Сырдария өзенінің бойымен шығыс-батысқа қарай М-32 Ташкент-Самара халықаралық бағыты бар [1].
Ауыл 1967-96 жылдары өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болды. Қазір Көксарайда әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өсіретін қожалықтар жұмыс істейді.
Көксарай арқылы Түркістан-Жосалы автомобиль жолы өтеді [2].
Көксарай ауылы облыс орталығынан 88 км қашықтықта, ал аудан орталығынан 35 км қашықтақта орналасқан [3].
1.2 Табиғи климаттық жағдайлар
Көксарай ауылының климат жағдайыматериктің ішкі оңтүстік бөлігінде атмосфералық ауа циркуляциясы ерекшеліктерінің әсерінен қалыптасқан.Климаты тым континентті,қысы аз қарлы жұмсақ, жазы аңызақты, ыстықболуымен сипатталады. Температураның континеттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде байқалып тұрады. Климаттың бұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасу әсерінен қалыптасады [4]. Ең суық ай-қаңтар айы, ең ыстық шілде айы. Орташа айлық температура нәтижесінде - 11оС және +29оС. Ең ыстық және ең суық айлардың орташа температура айырмашылығы 36-44оС [1].
Кесте 1.1 - Ауа температурасының орташа көп жылдық мағыналары (оС)
Мстанция
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Түркістан
-8,4
-7,3
-2,3
14,9
20,1
27,7
29,0
24,7
17,8
8,8
-2,4
-
5,8
1.1-кестеде келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, ауаның орташа жылдық температурасы 9,7оС құрайды. Ауаның оң таңбалы орташа айлық температуралары сәуір-қазан айларында, теріс таңбалы температуралары қараша-наурыз айларында тіркелген [5].
Жылдың 235-275 күнін 0оС-тан жоғары жылы күндер құрайды. Құрғақшылық соңғы 30 жылда айқын байқалып келеді, бұл облыс климатына тән.
Атмосфералық жауын-шашын республика бойынша ең аз түсетін аудан [4]. Ең көп жауын-шашын қыс-көктем айларында, маусым-қазан айлары арасында мүлдем түспейді деуге болады, ал түскен жауын көлемі булануға кетеді. Қарға қарағанда облыс территориясында жауын-шашын көбірек. Жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 113 мм-ді құрайды [1, 3].
Кесте 1.2 - Атмосфералық жауын-шашындардың орташа көп жылдық мағыналары (мм)
Мстанция
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Түркістан
14
14
17
17
12
6
5
3
4
9
13
15
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қарашаның екінші жартысында түседі. Ал жылыну ақпан айының екінші үшінші онкүндігінен басталады [4, 5]. Қар жамылғысының қалыңдығы 12-ден 190 мм-ге дейін өзгереді. Грунттардың қатып қату тереңдігі 1,5 м. Су бетінің булануы 1500 мм-ге жетеді, бұл атмосфералық жауын-шашыннан 13 есе жоғары.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен. Ең төмен кезең жаз айларына тура келеді және 11,17мб құрайды. Ал бұл кезде булану өте жоғары болады. Орташа жылдық ылғалдылық 6,01 мб [1, 4]. Төменгі кестедегі көрсеткіштер булану ылғалданудан 18 есе көп екенін көрсетеді.
Кесте 1.3 - Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен буланушылық (мм)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
ылғал
82
78
67
51
46
43
48
49
49
55
69
69
60
булану
-
-
-
109
174
217
216
182
130
71
-
-
1099
Нағыз ылғал өте аз кезінде буланушылық өте жоғары болады [4].
Аймақтың барлық бөлігінде солтүстік-шығысбағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 м 6 метрге дейін ауытқып отырады [6, 7]. Жаз мезгілінде 10-18 сағат жел соғады, ал түнде тыныштық орнайды. Орташа жылдық желдің қуаты 3,5 мсек [1, 2]. Аймақ бойынша жел жылдамдығының орташа айлық мәндері жоғары: ең қатты желдер қыс пен көктем айларында байқалады.
Кесте 1.4 - Жел жылдамдығының орташа айлық және жылдық көпжылдық мәндері (мс Түркістан)
Мстанция
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Түркістан
3,7
4,1
3,8
4,3
3,8
3,2
2,9
3,1
3,1
3,0
3,2
2,9
Ғалымдардың мәліметтері бойынша, аймақта жыл бойы есептегенде секундына 15 м-ден артық жылдамдықпен қатты желдер соғатын күндер саны-14 күн.
Жылдың жылы мезгілдерінде жиі түрде шаңды борандар көтеріледі. Орташа есеппен Түркістан қаласында олар жылына 30 күн байқалады [5].
Облыс территориясын төмендегідей климаттық аудандарға бөлуге болады:
1. солтүстік аудан және құрғақ ыстық аудан
2. орталық
3. оңтүстік
4. таулық
Осының ішінде аймақ орталық ауданға жатады.Орталық аудан Қазалы, Қармақшы, Отырар, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының орталық бөлігін қамтиды. Жазы ыстық, ұзақ. Бұл аймақта жауын-шашын 90-110 мм-ге дейін жауады. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қар түседі, қалыңдығы 10-15 см және жату ұзақтығы 1,5-2,5 ай. Бұл аймақтағы ауа-райы +10 градустан жоғарлауы 9-13 сәуірден 9-14 қазан аралығында байқалады. Осы кезеңдегі жылы температураның қосындысы 3700оС-4150оС - қа жетеді, сол кездегі жауын-шашын мөлшері 30-50 мм. Вегетациялық кезең ұзақтығы 208-217 [4].
1.3 Гидрогеологиялық жағдайлар
Аймақ (аудан) мезо-кайназой шөгінді жыныстарымен жабылған, эффузиялық-шөгінді палезой жыныстарынан құралған, Турон эпигерциндік плитасының шығыс шекті аймағы болып табылатын, кең Қызылқұм ойпатының деңгейінде жатыр. Іргетасы 1800-2000 м тереңдікте орналасқан [3].
Аймақтың геологиялық құрылысын шөгінді жыныстардың қалың қабатын құрайтын, төрттік, неогендік, палеогендік және бор шөгінділері қамтылған. Аймақтағы ең ежелгі аршылған жыныстар болып, бор кезеңінің жыныстары табылады.Төменде шөгінділердің сипаттамалары берілген.
Бор жүйесі (К)
Жоғарғы бөлігі (К2)
Сеноман ярусы (қабаты). Сеноман шөгінділері майда түйіршікті сұрғылт, кварцті-дала шпатты құмдардан тұрады.Саздары сұрғылт,жасыл-сұрғылт, өсімдіктердің қалдықтары араласқан алевриттік болып табылады.Қарастырылып отырған сеноман кезеңі, ондағы споралық-тозаңды кешен бойынша анықталған.Сеноман шөгінділерінің аршылған қуаты (қысымы) 13-89м құрайды [4].
Турон ярусы (К2t).
Турон шөгінділері сеноман жыныстарында жайылған.Олар көбінесе қызыл түсті, құмдақ, әртүрлі түсті құрылымсыз құмдардан, сұр, бозғылт, қоңыр-қызыл. Ол кварцті-дала шпаты, слюдті, сазды, кейбірінде шағылтас және кварцтің ұсақ жұмыр тасы араласқан жыныстардан, қызыл кірпішті тығыз алевриттерден құралған.
Турон шөгінділерінің құрамында көп кездесетін споралар Schizaea Laevigataeformis bolch болып саналады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тозаңдарының ішінде 3 қуысты тозаң және 84-200м шөгінділерге тән шапшитын экзиналы тозаңдар басым кездеседі [1].
Коньяк-сантон-кампан ярустары (К2cn-st-cp)_С.
Турон жыныстары жайылған бұл ярустар, бір-біріне біртіндеп жалғасқан және олардың арасындағы шекара құмдақты-сазды ала түсті қабаттың қатпары бойынша жүреді. Ярустың литологиясы - құмы сұр, ашық сұр, кварцті-дала шпаты, кейбіріне дұрыс іріктелмеген кварцтің жұмыр тастары араласқан. Саздары сұр түсті,құмдақты, кейде слюдті. Құм тасы сұр, ашық сұр, кейде бозғылт, слюдті, сазды, тығыз болып келеді. Алевриттері сұр, кейде слюдті, карбонатты болып келеді [7].
Коньяк, сантон және кампан шөгінділерінің кезеңдері Schizaea папоротнигінің спорасының көп көлемімен сипатталатын,споралық-тозаң кешенімен,жабық тұқымды өсімдіктердің Trudopollis protrudens erdt et Buss сияқты тозаңдарымен анықталады. Шөгіндінің қуаты 4-42м құрайды.
Маастрихт ярусы (К2m).
Маастрихт шөгінділері коньяк-сантон-кампандардың түбінде жайылған. Маастрихт саздардан, құмдардан және құм тастардан құралған. Саздары сұр, қанық сұр, аллевритті немесе құмдақ, слюдті, карбонатты, тығыз болып келеді. Оларда кей жағдайда балықтың қабыршақтары кездесуі мүмкін. Құмдары сұр, жасыл-сұрғылт, слюдті болып келеді. Олар кварц және дала шпатының түйіршіктерінен тұрады. Маастрихт шөгінділерінің қуаты (қысымы) 60м құрайды [8].
Полеоген жүйесі ᵱ
Эоцент бөлімі (ᵱ2)
Орта эоцен (ᵱ22).Орта эоцен шөгінділері жасыл сұрғылт мергельді (бос топырақты) қатпардан тұрады. Мергелдерінде (бос топырақтарында) сүйектер, балық қабыршақтары, акула тістері көптеп кездеседі. Шөгіндінің қуаты (қысымы) 14-50м құрайды [1].
Жоғарғы эоцен және бөлшектенбеген төменгі олигоцен (ᵱ23-ᵱ31). Шөгінділер саздардың екі дестесінен тұрады:төменгі карбонатты саздан немесе карбонатсыз аллевритті саздан тұратын жоғарғы аллевролиттер мен құмдардан құралған. Жоғарғы дестенің саздары жасыл-сұрғылт, жасыл және көгілдір рең беретін сұр, карбонатсыз, алевритті,құмдақты, слюдті, алевриттердің және алевролиттердің, құмның линзалары, балық қабыршақтары араласқан болып келеді.Құмдары ашық-сұр, жасыл реңді, кварцті, жақсы іріктелген қанық түсті минералдардың түйіршіктерінің қоспасы араласқан болып келеді.Шөгіндінің қуаты 12-90м құрайды [9].
Неоген жүйесі (N)
Жоғарғы плиоцен (N23) шөгінділері эоцен горизонттарында орналсқан.Литологиялық тұрғыдан жасыл сұр құм және саздан тұрады.Жайылу тереңдігі 9м, шөгіндінің жалпы қуаты 5-58м құрады.
Төрттік жүйе (Q)
Төрттік шөгінді аллювиалды, аллювиальды-дельталық және күлді генетикалық типтерден тұрады.
Жоғарғы аллювиальды шөгінділер (аQIII).
Жоғарғы төрттік аллювиальды шөгінділер ұңғымалар арқылы 15-20м терендіктен аршып қазылады.Қатпарлы құмдардан және сарғыш сұр саздардары құмдардан құралған.Шөгіндінің қуаты 8-28м құрайды [1].
Қазіргі заманғы шөгінділер.Сырдария кешенінің қазіргі заманғы шөгінділер.Алевриттері сұр.Сазды топырақтары және құмдасындары сұрғылт, сұр-бозғылт, құмдары сарғыш сұр, саздары қуқыл сарғыл, алевритті.Торфтары ашық бозғылт.Шөгіндінің қуаты 4-20м құрайды.
Қарастырылып отырған аумақ, Сырдария депрессиясы алып жатқан, Қызылқұм артезиан бассейнінің деңгейінде орналасқан.
Қызылқұм артезиан бассейні солтүстік бөлігінде Мыңбұлақ, солтүстік-шығыс Арысқұм және Сарысу артезиан бассейндерімен шектеседі және Шығыс-Арал өңірі бассейнінен Аққыр құмқала дөңес тобынан бөлінеді.Төменде гидрогеологиялық разрезінің және әрбір сулы горизонтының немесе кешенінің қысқаша сипаттамасын келтіреміз.
Қазіргі заманғы аллювиальды шөгінділердің сулы горизонты(жиекқабаты) ((аQIV).
Бұл сулы горизонт Сырдария өзенінің арнасының бойындағы жайылма бөлігінде және Жаңадария арнасының бойындағы тар жолақта орналасқан.
Суды сыйғызатын жыныстар литологиялық құрамының жиі өзгергіштігімен сипатталады.Жоғарғы жағында олар майда және жіңішке түйіршікті тозаңды құмдардан, құмдасын, саз және саздақтан және төменгі бөлігінде құмдақты шөгінділер басым құралған.Сондықтан төрттік шөгінділердің арасында су өтпейтін қабаты болмайды,ондағы сулар гидравликалық тұрғыда байланысқан [10].
Жер асты суларының жайылу тереңдігі 0,5-10м деңгейінде ауытқиды. Және аймақтың рельефіне, Сырдария өзенінің суының деңгейі және құйылатын суармалы сулардың келіп құйылуына байланысты болады.
Сулы горизонт суының аз болуымен сипатталады.Су пунктілерінің дебиттері 0,05-2 лс құрайды және судың деңгейі төмендегенде 4,5-2,5м құрайды.Сүзу коэффициенттері 0,1-6,6мтәул. ауытқиды.
Қазіргі шөгінділердің жер асты суларының минералдануы жабдықтау көздерінен 1,2-70гл арылту арқылы артады.
Одан басқа аймағы вертикальды,мұнда судың бұлай минералдануы жоғарыдан төмен артады.Тұщытылған сулардың қуаты 3-7м құрайды.
Жер асты суларының химиялық құрамы әртүрлі болып келеді, сульфатты натрийлі сулар басым келеді [1].
Жоғарғы төрттік аллювиальды дельталық шөгінділердің сулы горизонты(аQШ).
Бұл сулы горизонт Сырдарияның бастапқы жайылма терассасы деңгейінде орналасқан. Сырдарияның жайылма асты террасының деңгейіндегі, жоғарғы төрттік шөгінділерінің сулы горизонты қазіргі шөгінділердің сулы горизонтының астына жайылған.
Сулы горизонттардың суды сыйғызатын жыныстары болып, сарғыш сұр, майда және майда түйіршікті және орташа түйіршікті тозаңды кварцті құрамды құмдар болып табылады.Сулы горизонттың қуаты 16-38м өзгереді.
Жоғарғы төрттік шөгінділердің сулы горизонттарының жер асты суларының жайылу тереңдігі 1,2-19,5м дейін ауытиды, және ол бастапқы жайылма асты террасының рельефіне және өзендегі судың деңгейінің және келіп құйылатын судың деңгейінің өзгеруіне байланысты [11].
Сулы горизонттың жыныстардың тозаңды құрамының жоғары болуына байланысты сулылығы төмен.Ұңғымалардың дебиттері 0,01 және судың деңгейі төмендегенде 37,0 -3,5лс, 16,6м деңгйінде өзгереді.
Жерасты суларының минералдануы 1,5-62 гл деңгейінде ауытқиды.Тұздылығы төмен сулары, Жаңадария өзенінің бойындағы тар жолақта, Мәдениет каналында орналасқан.
Жоғарыда аталғандарға қарағанда жоғарғы төрттік шөгінділердің сулы горизонтында хлоридті натрийлі сулар басым.
Аллювиальды төменгі-ортаңғы төрттік шөгінділердің сулы горизонты(аQІ-ІІ).
Бұл сулы горизонт екінші жайылма асты террасаның деңгейінде орнаалсқан, аумақтың қалған бөлігінде қазіргі заманғы және жоғарғы төрттік шөгінділердің сулы горизонттарының астында орналасқан.
Төменгі-ортаңғы төрттік шөгінділердің сулы горзонттарының суды сыйғызатын жыныстары болып, майда жіңішке түйіршікті және әртүрлі түйіршікті құмдар болып табылады.Сулы горизонттың қуаты 2-20м арасында ауытқиды.
Төменгі феднетөрттік шөгінділердің жер асты суларының жайылу тереңдігі әртүрлі. Горизонттың сулығы да әртүрлі болып келеді. Ұңғымалардың дебиттері 1,7-3,5лс , деңгейі төмендегенде 16,6м құрайды.
Жер асты суларының минералдануы 1,9-49 лс құрайды.Тұздылығы төмен сулар үрлемелі шұңқырларда және құрғақ арналардың бойында аздап кездеседі.Сулары минералдануы жоғары [1].
Жоғарғы плиоцендік шөгінділердің сулы горизонты(N23). Жоғарғы плиоцендік шөгінділер бүкіл жұмыс аумағынан аршылған. Суды ығыстырғыш жыныстар болып, сары, әртүрлі түйіршікті кварцті-дала шптатты құмдар табылады. Горизонттың үлесті дебиті бір секунд ішіндегі бір литрдің үлесін құрайды. Минералдануы 11-20гл құрайды, жалпы кермектігі 111-130мг-эквл. Химиялық құрамы бойынша сульфатты натрийлі [12].
Коньяк-сантон-кампан шөгінділерінің сулы горизонты(К2sn-st-cp). Қарастырылып отырған сулы горизонт тек орталық бөлікте кездеседі.Бұл горизонттың жайылу тереңдігі 90-280м ауытқиды.Горизонттың қуаты 4,0-20м құрайды.
Сулы горизонттың су сыйғызғыш жыныстары болып, жасыл сұрғылт, майда және жіңішке түйіршікті кварцті-шпатты құрамдағы құмдар болып табылады.
Жоғарғы су өткізбейтін қабаты болып, коньяк-сантон-кампан шөгінділерінің жасыл саздары табылады, төменгі су өткізбейтін қабаты болып, ала түсті құрылымсыз турон саздары, пьезометрлік деңгейі жер бетінен -3,0+1,13м деп белгіленеді.Пьезометрлік арынның төмендеуі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай байқалады.
Өздігінен құйылу кезінде ұңғымалардың дебиті 0,88гл құрайды.Суының тұздылығы төмен, иісі жоқ және түссіз.Суының жалпы минералдылығы 1,8-2,0 гл.Кермектігі 1,3 мгэквл. Химиялық құрамы бойынша суы хлоридті натрийлі. Суының температурасы 16-22С.
Турон шөгінділерінің сулы кешені (К2t).
Турон сулы кешені аталмыш аумақтың бүкіл бойынан аршылып қазылған. Оның тереңдігі 110-300м құрайды. Бұл кешеннің су сыйғызғыш қабаты болып, жасыл сұрғылт, сұрғылт-сарғыш, майда және әртүрлі түйіршікті кварцті-дала шпатты, слюдті құмдар болып табылады.Сулы кешеннің жоғарғы су өткізбейтін қабаты болып, ала түсті тығыз саздар, төменгі су өткізбейтін қабаты болып, сұрт түсті тығыз сеноман саздары немесе туронның ала түсті саздары табылады.Турон шөгінділерінде қуаты 3-25м дейін ауытқитын сулы құмдардың бірнеше қабаттары кездеседі.аумақтың жекелеген бөліктеріндегі қабаттардың саны 2-8 м ауытқиды [5].
Турон горизонтының суының пьезометрлік деңгейі жер бетінен -4,3+2,8м құрайды. Пьезометрлік деңгейінің төмендеуі оңтүстіктен-шығыстан солтүстік-батысқа қарай байқалады. Ұңғымалардың дебиті 2,8-12 лс және 21,33-7,8м деңгейінде өзгереді. Турон кешенінің өнімділігінің бұл айырмашылығы ауданы және қуаты бойынша турон құмдарының фациальды өзгергіштігімен түсіндіріледі. Турон сулы горизонтының суының минералдануы 1,3-1,5 гл құрайды. Химиялық құрамы бойынша сулары -хлоридті-сульфатты натрийлі. Судың температурасы 17-18С.
Сеноман шөгінділерінің арынды сулары.(К2S).
Сеноман сулы горизонты қарастырылып отырған аумақтың бүкіл бойында және бірнеше ұңғымалар арқылы аршылған. Горизонттың тереңдігі 270-425м деңгейінде өзгереді. Қарастырылып отырған аумақта сулы горизонттың толық қуаты толық аршылмаған. Түркістан қаласында бұрғыланған №12 ұңғымада горизонттың толық қуаты 120 м құрайды, горизонт саздардың қабаттарымен бөлінеді.Суды сыйғызғыш қабаты сұр, ашық сұр, майда түйіршікті кварцті-дала шпатты слюдті құрамдағы құмдардан тұрады. Ұңғымалардағы пьезометрлік деңгейі шығыс бөлігінде -1,4-3,4, ал солтүстік-батыс бөлігінде +0,1-0,8м анықталады. Пьезомерлік деңгейі ОШ-тан СБ қарай төмендейді.Сулы горизонттың ұңғымаларының дебиттері 5,6-12,2м құрайды, төмендеген кезде 4-23,2 м.Сеноман сулы горизонтының суының тұздылығы төмен, минералдануы 1,4-1,6гл деңгейінде ауытқиды. Химиялық құрамы бойынша суы хлоридті сульфатты натрийлі. Кермектігі 1,4-2,6ммоль құрайды.Суының температурасы 19-25С[1, 5].
1.4 Елді-мекеннің қазіргі кезде сумен қамтамасыз етілуі
Елді-мекен сумен толық қамтамасыз етілмеген. Сумен жабдықтау жүйесі тозған, ескірген (сурет 1.1-1.5).
Су алу құрылымдары алаңында насос станциясы, көлемі 25 м3 болатын арынды мұнара,сыйымдылығы 250 м3шамасындағы 2 таза су резервуары, ұңғымалық ЭЦВ насос станциясы орнатылған. Су мұнарасын толтыруда сорғының жұмыс режимі күніне 2 сағат.
Сеноман шөгінділері 331 м тереңдікте, көкжиек негізі 340 м тереңдікте жатыр. Горизонт қуаты 9 м. Су бағанасының жоғарғы қабаты 68 м сазды қалыңдықты құрайды. Су тасушы жыныстар-қызыл-сұр құмдар, ұсақ түйіршікті, кварц-далалық шпаттар [7].
Осы аймақта ұңғымалардың максимальды өндіру көлемі 12,05 лс,су деңгейінің төмендеуі 12,64 м, нақты өнімділігі 1,0 лс құрады. Пьезометриялық су деңгейі 28 м абсолюттік биіктікте жер бетінен төмен орналасқан.
Су хлорид-натрий сульфатты. Жер асты суының тұздылығы 1,05 мгл, ал Cl-265,9мгл, ал SO4-463,5мгл құрайды. РН мәні 6,4 шегінде болады. Ұңғыманың шығыны 5-6 лс.
Ұңғыма режимді бақылау үшін жабдықталмаған.
Аймақта 400 м дейінгі тереңдіктегі сеноман су қабатындағы тағы бір ұңғыманы бұрғылау керек және олардың біреуі бақылауға арналған немесе резервте болуы қажет. Тұщыландыру қондырғылары арқылы ұңғымадағы суды тұщы су көзіне айналдыруға болады [2].
Сурет 1.1 - Көше бойындағы су тарату колонкасы
Сурет 1.2- Арынды мұнара Сурет 1.3- Арынды мұнара
Сурет 1.4- Ұңғыма Сурет 1.5- Таза су резервуары
1.5 Су тұтынушылар құрамы мен саны
Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде тұтынушыларға судың керекті мөлшерін анықтау - жауапты мәселелердің бірі деп санауға болады. Ол үшін берілген сумен жабдықтау объектісіндегі су тұтынушылар құрамымен санын анықтау қажет. Ондай статистикалық мәліметтер барлық ауылдық әкімшіліктерде болады [8].
Су тұтынушылар деп сапасы ауыз суға сәйкес суға мұқтаж елді мекенде орналасқан тұтынушылар.
Ауыл шаруашылығында су тұтынушылар негізгі үш топқа бөлінеді:
1) Коммуналдық
2) Мал шаруашылық
3)Өндірістік
Сумен жабдықтау жүйелерін жобалағанда су мекен-жайдың қандай қажеттеріне және оны қандай көлемде және қандай сапада тұтынатынын анықтап алған жөн. Ол үшін суды тұтынушылардың түрлерін толық қамтып, олардың судың көлеміне және сапасына қоятын талаптарын анықтау керек.
Су, әрине, әртүрлі қажеттерге жұмсалады, бірақ соның бәрін қамти келе оны төрт топқа жіктеуге болады:
1. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажеттеріне жұмсалатын су шығыны. Бұл топқа жұмысшылардың жұмыс уақытында тұтынатын шығындaры да жатады.
2. Елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын тазалықта сақтауға, газон, жасыл алқаптар мен көшелерді жуып-себуге кететін, яғни абаттандыруға жұмсалатын су шығыны.
3. Өнеркәсіп орындарында өндіріс мұқтаждарына қолданылатын (бұйым шығару, буландыру, өнімді жуу т.б.) су шығыны.
4.Өрт сөндіруге кететінсу шығыны.
Су, бұлардан басқа сумен жабдықтау жүйелерінің өз мұқтажына да пайдаланылады.
Халықтың ауыз су қажеттілігіне, шаруашылығына жұмсалатын су таза және мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында жұқпалы аурулар тарататын бактериялар, зиянды заттар және дәмі мен иісі жағымды болмауы тиіс.
Ал елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын абаттандыру жұмыстарына пайдаланатын суға ешқандай талаптар қойылмайды десе де болады[7].
Көксарай ауылында тұрғындар саны 2120 адам. Тұрғын үй саны-385.
Мал саны:
oo 2295-ірі қара
oo 2081-қой
oo 1924-ешкі
oo 1350-жылқы
oo 30 бас-түйе
Ауылда мектеп саны-1, онда 55 мұғалім жұмыс жасайды және 401 оқушы оқиды. Сонымен қатар 110 орындыққа шақталған бала-бақша бар, онда 36 тәрбиеші қызмет етеді; 36 адам жұмыс жасайтын 10 орындық емхана, клуб, мешіт, әкімшілік, почта бар [3].
1.6 Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне жұмсалатын су көлемін анықтау
Адамдар суды үй шаруашылығында тамақ дайындау, еден және кір жууға жұмсаумен қатар, ауыз су ретінде ішу үшін пайдаланады.
Әдетте, тұрғындардың ауыз су шаруашылығына жұмсалатын су шығынының көлемі қала тұрғындарының санына байланысты. Сондықтан, тәуліктік су шығынын анықтау үшін бір адамға бір тәулікте кететін су мөлшерін білсе жеткіліті. Бұл су мөлшері мекенжайдың ауа-райына және үй құрылысының санитарлық жабдықталу дәрежесіне байланысты болады. Ыстық аймақтарда және санитарлық жабдықталу дәрежесі жоғары үйлерде су шығынының мөлшері көбірек болады [14].
Тәуліктік су мөлшерін жобаланып жатқан мекен-жайға (қалаға, елді-мекенге, аудан орталығына, өнеркәсіп орындарына) ауа райы мен өнеркәсібінің өсу дәрежесі ұқсас болған сумен жабдықтау жүйелері бар қалалардың су тұтыну тәжірибесінен алынған мәліметтер негізінде белгілеуге болады. Ондай мәліметтер құрылыс қағидаларында жинақталып берілген. Сол құжаттың ұсыныс бойынша әрбір адам үшін тәулігіне берілетін су мөлшері төмендегі кестеде берілген.
Кесте 1.5 - Елді-мекендер үшін шаруашылық-ауыз суды тұтыну мөлшері
Көрсетілген судың тұтыну мөлшеріне тұрғындардың шаруашылықауыз су және үй-жай тұрмыстық мұқтаждарына кететін су шығындары енген. Демалыс орындары, санаториялар және жас түлектер лагері үшін су мөлшері қосымша қабылданады.
Кесте 1.6 - Емхана, демалыс орындары үшін шаруашылық-ауыз суды тұтыну
Мөлшері
Көрсетілген су мөлшерінің ең көбі оңтүстік аймақтарда, ал ең азы солтүстік аймақтарда алынады.
Сонымен, орташа тәуліктік шаруашылық-ауыз су шығыны тұрғындардың санына және суды тұтыну мөлшеріне байланысты мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы:Na-қала тұрғындарының саны;
qа-бір адамға тәулігіне мөлшерленген су шығыны, лтәул.
Егерде қала аудандарының санитарлық жабдықталу дәрежесі әртүрлі болса, онда тәуліктік шығын әр аудан үшін анықталған жеке шығындар жиындысынан тұрады.
Жыл бойы тәуліктік шығын өзгеріп тұратындықтан, жобалағанда ең жоғары жәнеи ең төменгі тәуліктік шығындарда да білген жөн. Оларды бұлай анықтауға болады:
мұндағы: Kжоғ.тәу -1.1-1.3, Kтөм.тәу -0,7-0,9.
Бұлар максимал және минимал су тұтынудың біркелкі емес коэффициенттері. Олар тұрғындардың тұрмыс ерекшеліктеріне, өнеркәсіптердің жұмыс кестесіне, үйлердің жабдықталу дәрежесіне және су тұтынудың мезгілмен анталап өзгеріп тұруына байланысты.
Арнаулы ғимараттар үшін шаруашылық ауыз су мөлшері төмендегі 1.7 - кестеде берілген.
Абаттандыруға жұмсалатын су көлемін анықтау.
Елді-мекендер мен өнеркәсіп орындарын санитарлық тазалықта сақтау жұмыстарына шығындалатын су көлемі көшелер мен алаңдарға себуге және жууға, сонымен қатар жасыл алқаптар мен гүлдерді суғаруға жұмсалатын су шығындарынан тұрады да, оны төмендегі мына формула бойынша анықтауға болады:
(1.4)
мұндағы, Fс-су себілетін көшелер, алаңдар, жасыл алқаптардың ауданы, га; qк-бір рет себуге немесе қууға кететін су мөлшері, лм2 (1.8 - кесте); n - себу саны. Мұны жергілікті ауа райына байланысты белгілейді.
Кесте 1.7 - Шаруашылық ауыз су мөлшері
Кесте 1.8 - Абаттандыруға мөлшерленген су шығыны
Егер жобалау кезінде су себілуге тиісті ауданның көлемі белгісіз болса, бұл жағдайда қажетті су көлемін сол аудандағы тұрғындар санын біле отырып анықтауға болады. Мекен-жайдың географиялық орналасу орнына қарай әрбір адамға тәулігіне 50-90 литрдей су шығыны кететіндей етіп қабылдауға болады.
Қазіргі кезде көшелерге су себу машиналар көмегімен немесе қолмен (аулашылар көмегімен) жүргізіледі. Себуші машиналар суды қалалық су құбырынан немесе әртүрлі су қоймаларынан, сондай-ақ табиғи су көздерінен де алулары мүмкін. Есептік шығынға қала құбырларынан алынатын су мөлшері енеді. Арнаулы су қоймалардың қандай сумен толтырылатыны да ескерілген жөн [15].
Өнеркәсіп орындарындағы өндіріс мұқтажына жұмсалатын су көлемін анықтау.
Өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ету жобасын жасағанда судың өндіріс қажетіне жұмсалатын шығыны технологиялық есеп негізінде (технологиялық тапсырмасы бойынша) қабылданады. Оларға қажетті су көлемі өндіріс орнының сипаттамасына және қабылданған технологиялық процестерге байланысты болады.Өндіріс орындарына берілетін су бұйымдарды шығаруға, су қондырғыларын салқындатуға, жууға, буды суға айналдыру процестерінде, айналмалы жүйелерде ысырапталынған судың орнын толтыруға және басқа көптеген құбылыстарда пайдаланылады [16].
Кесте 1.9 - Өнеркәсіп орындарының өндіріс мұқтажына жұмсалатын меншікті су мөлшері
Ауыл шаруашылық өнеркәсіптеріндегі малдар мен құстар қажеттеріне жұмсалатын су мөлшері кестеде, ал машиналар мен басқа қондырғылар үшін кететін су шығыны 1.10 - кестеде берілген.
Суды өрт сөндіруге пайдалану.
Өрт сөндіру үшін тазаланбаған (техникалық) суды пайдалануға болатынын жоғарыда айтып кеттік. Дегенмен, су құбырларының қала бойлап таралуын пайдалана отырып, әдетте, қаланың кез келген жерінен шығып қалатын өрт көздерін сөндіруге ауыз суды пайдалануға да тура келеді. Кейбір жағдайларда өртке қарсы арнаулы су жүйелерін құру қажет болады [17].
Кесте1.10 - Малдар, құстар және хайуанаттар үшін жұмсалатын судың мөлшері
Кесте 1.11 - Ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтары үшін жұмсалатын су мөлшері
Елді-мекендердің көлемін, ондағы тұрғындар санын, үйлердегі қабаттар санын біле отырып бір өртке кететін су көлемі мен өрттер санын анықтауға болады.
Қалалар мен елді-мекендердегі өрттерді сөндіруге керекті су шығынының мөлшері құрылыс қағидалары бойынша төмендегі кестеде көрсетілгендей түрде алынуы керек.
Тұрғындар саны 2 млн асатын елді-мекендерде су шығыны мен өрттер санын Мемлекеттік өрт бақылау мекемелерімен келісе отырып анықтайды.
Аймақталған сумен жабдықтау жүйелерінде су шығынын әр аймақ үшін жеке анықтайды.
Егерде қала ішінде өнеркәсіп орындары орналасқан болса, олардағы өрттер қаладағы өрттер санына қосылады да, ал шығын көлемін кестеде көрсетілгендей алады.
Кесте 1.12 - Өртке қарсы жұмсалатын су мөлшері
Кесте 1.13 - Сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын су шығынының мөлшері
Кесте 1.14 - Фонарсыз үйлер: ені 60 м және одан да артық, көлемі мың м3
Өнеркәсіп орындарында болатын өрттер саны олардың алып жатқан орындарының көлеміне байланысты болады, мысалы, егер аудан көлемі 150 га-дан кем болса, өрт саны - біреу, ал 150 га-дан артық болса, онда екеу алынады.
Сыртқы өрттердің су шығынына үй ішінде болатын өртке қарсы жұмсалатын су көлемі де қосылуы тиіс. Оны үй көлемі 25мың м3 -тен артық болғанда, өнімділігі 2,5 лс-тан кем емес екі тамшылы (струя), ал көлемі 25 м3-ке дейін болғанда бір тамшылығы алынып, шығыны 2,5 лс-тан кем болмауы керек.
Ендеше, мекен-жайға қажетті тәуліктік шығын көлемі жеке тұтынушылар шығындарының қосындысынан тұрады, яғни
мұндағы, Nа, Nж, Fс және Nө-топтар (категориялар) бойынша тұтынушылар саны, тұрғындар, жұмысшылар, себілетін аудан көлемі, өндіріс өнімі; qа, qж, qк және qө-осы топтарға бөлінетін су мөлшері.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі жалпы су көлемі (Qмж) мекен-жай су шығынынан басқа өз жұмыстарына шығындалатын су шығынынан да (Qөз.м) (құбырларды және сүзгілерді жуу, қоспалар дайындау және сол сияқты) тұрады.
Сонымен,
(1.6)
мұндағы, α-өз мұқтажына кететін су мөлшерін көрсететін коэффициент; есептеу жұмыстарында α=0,050-0,10 аралығында алынады[7].
Судың шығындалу кестесі.
Ғимараттар мен қондырғылардың өлшемі, сорғыштардың қуаты мен саны, резервуарлар мен мұнаралардың сыйымдылығы, құбырлардың диаметррлері олардан өтетін су шығынына және олардың жұмыс істеу тәртібіне тәуелді болады.
Басқа инженерлік құрылыстар белгісі, нақты және аз өзгеретін ауырлықтарға есептелетін болса, ал сумен жабдықтау жүйелерінің ғимараттары адамдардың тұрмысы мен жұмыс істеу режимі қалай өзгеретін болса, соғаг қарай өзгеріп тұратын, алдын ала белгісіз су көлеміне есептелуі тиіс. Сондықтан, қабылданған судың шығындалу кестесі су құбырларын, сыйымдылықтарды және басқа қондырғыларды есептеуде негіз бола отырып, олардың құрылыстағы құнына және қызметтегі шығындарына үлкен әсер етеді [18].
Кейбір тұтынушылар үшін судың шығындалу кестесіін анықтау қиын емес. Мәселен, өнеркәсіп орындарында ол өндіріс бұйымдарының технологиялық шығарылу процестеріне тәуелді болып алдын ала белгіленген болады.
Елді мекендерде мұны шешу қиындау, себебі судың шығындалу кестесі адамдардың тұрмысжағдайына байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады. Қалаларда ол мерекелердің өту және жолаушылардың келіп-кету кестесіне де байланысты болады.
Жаңа елді-мекендердің су жүйесін жобалағанда судың шығындалу кестесін сол мекенжай үшін ауа райы, тұрмыс жағдайы және өнеркәсіп өсуінің дәрежесі жағынан ұқсас келетін және бұрыннан сумен жабдықтау жүйесі бар қалалардың суды пайдалану режимінің мәліметтері негізінде анықтауға болады.
Осындай мәліметтерге сүйене отырып, құрылыс ережелері мен қағидалары қала тұрғындары үшін сағаттық жоғарғы және төменгі шығындарды табу формулаларын ұсынған.
Пайдаланудағы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылыс қағидаларының ұсынысы бойынша αжоғ-1,2...1,4, αтөм-0,4...0,6 аралығында алынады. Шағын елді мекендердеαжоғ -1,6-ге дейін болады. β-коэффициентінің шамасын 1.18-кесте бойынша алуға болады [19].
Көрсетілген жолдармен тәуліктегі сағаттық ең жоғарғы және ең төменгі шығындарын аламыз [8]. Ауыл тұрғындарының саны 2120 болғандықтан βжоғ=1.6, βтөм=0,1. Тұрғындар қолындағы малдар үшін біркелкі еместік коэффициент К-2.5, ал арнайы ғимараттар үшін К-2,3-ке тең.
Кесте 1.15 - β коэффициентінің мәні
Шамамен бір сағаттағы су шығыны тұрақты болып қалса, судың максимальды (минимальды) тұтынуына есептік шығын есптеледі:
Тәуліктік және сағаттық шығындарды кесте бойынша есептейміз [9].
1.7 Елді мекеннің сумен жабдықтау схемасын таңдау
Көксарай ауылын сумен қамтамасыз ету үшін жер асты су көздері қабылданады. Сумен жабдықтау схемасы сурет-1.7 көрсетілген.
1-сумен жабдықтау көзі; 2-ұңғыманың суды қабылдау құрылымы;
3-ұңғымадағы бірінші сукөтеру насос станциясы; 4-су тазалауға арналған қондырғы; 5-таза су резервуары; 6-екінші су көтеру насос станциясы;
7-тегеурінді құбыр[6].
Сурет 1.7 - Сумен жабдықтау схемасы:
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Су көзін таңдау
Елді мекендерді және кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету жүйелерінде табиғи су көздерін дұрыс таңдау өте жауапты және күрделі мәселе. Өйткені, ол тек жүйе жұмысы мен сапасына ғана емес, сонымен қатар оның құрамындағы ғимараттар санына, экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Осы салада пайдалануға болатын табиғи су көздері жер үсті және жер асты су көздері болып екі топқа бөлінеді. Біріншісіне негізінен өзен, көлдер, су қоймалары, ал екіншісіне - тегеурінді және тегеурінсіз жер асты су қабаттары жатады [20].
Ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жүйелерде жер асты су көздерін пайдалану тиімді. Өйткені, олар сапасы жағынан қойылатын талаптарға негізгі көрсеткіштерімен сай келеді.Жер асты сулары-жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы сулар. Олар шөгінді және борпылдақ тау жыныстарының бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әк тастарының қуыстарын толтырып жатады.
Жер асты суларының пайда болуы - жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі[10].
Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары - Платон мен Аристотель. Платон (біздің заманымыздан бұрынғы 427-347 жылдар) жер асты суларының теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауына тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) жер асты сулары тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюланқы нәтижесінде пайда болады деп санады.
Римдік Марк Витрувий Полий (біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр) жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан (Агрикола, XVI ғасыр) немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғаны (М.В.Ломоносов) жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э.Зюсс жер асты суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды. Э.Зюсс тереңдегі осы суларының ювенил сулары, атмосферадан түсетін жер қыртысындағы қыдырма суларды вадоз сулары деп атады[11].
Жер асты сулары пайда болу ерекшеліктеріне қарай 5 түрге бөлінеді:
1) инфильтрациялық сулар (жауын-шашын, өзен-көл, бөген суларының тау жыныстарға сіңуінен пайда болған;
2) конденсациялық сулар (тау жыныстардың кеуектеріндегі, қуыстарындағы және жарықшақтарындағы су буының қоюлануынан жиналады;
3) седиментациялық сулар (шөгіндену процесі болған алаптар есебінен пайда болады);
4) органикалық текті сулар (көмілген саз-ұйықты шөгінділерде болатын органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады);
5) өте тереңде пайда болатын немесе ювенилді сулар (жер қыртысының терең белдемдеріндегі магмамен тікелей байланысты сулар)[10].
Жер асты суларына топырақ қабаттарындағы, су өткізбес жыныстардың арасындағы артезиан сулары және жер асты суларының табиғи шығындары қайнарлар, бұлақтар жатады. Жер асты сулары жер бедеріне байланысты, әр түрлі тереңдікте орналасқан және олардың қозғалысы арынды және арынсыз болып келеді. Арынсыз сулар топырақ қабатының жергілікті жердегі бірінші су өткізгіш қабатында орналасады, орналасу тереңдігі 3-5 м шамасында болады. Бұлар көбінесе аз көлемде болады да, қуаңшылық айлары құрғап кетеді. Сондықтан олар сумен қамтамасыз етуде сенімді су көзі бола алмайды [21].
Арынсыз жер асты суларының 20-30 м тереңдікте орналасқандары көбінесе пайдалануға жарамды болып келеді.
Арынды жер асты суларының 100 м және одан да төменгі су өткізбес қабаттарда орналасқандарын артезиан сулары деп атайды. Бұлақтар табиғи түрде жер бетіне арынсыз (тұма), арынды (қайнар) түрінде жер астынан шығып жатады.
Жер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz