Домбыра аспабы құрылысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

ОӘЖ

Н

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жасөспірім мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында домбыра тартуды үйренудің стиль ерекшеліктерін меңгерудің бастапқы кезеңдері

мамандығы бойынша - 5B040200 «Аспаптық орындаушылық»

Алматы 2021

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасы

ОӘЖ « Қорғауға жіберілді»

Д. Махмуд

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жасөспірім мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында домбыра тартуды үйренудің стиль ерекшеліктерін меңгерудің бастапқы кезеңдері»

мамандығы бойынша - 5B040200 «Аспаптық орындаушылық»

Орындаған: Н.

Ғылыми жетекші: оқытушы

өнер ғылымдарының магистрі

Бақылау нормасы:

Алматы 2021

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

Факультет: Аспаптық орындаушылық

Кафедра :

Мамандық:

Тақырыбы: Жасөспірім мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында домбыра тартуды үйренудің стиль ерекшеліктерін меңгерудің бастапқы кезеңдері

АҢДАТПА

АННОТАЦИЯ

ANNOTATION

«___» 2021 ж. . Н.

Ғылыми жетекшісі:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І БӨЛІМ ДОМБЫРА АСПАБЫ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ . . .

1. 1 Күйші Құрманғазы Сағырбайұлы өмірбаяны және шығармашылығы . . .

1. 2 Күй анасы - Дина Кенжеқызы Нұрпейісова . . .

ІІ БӨЛІМ ЖАСӨСПІРІМ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫНДА ДОМБЫРА ТАРТУДЫ ҮЙРЕНУДІҢ СТИЛЬ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МЕҢГЕРУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ . . .

2. 1 . . .

2. 2 Күй үйрену тәсілінің дәстүрлік сипаттары және рухани тәрбие болатын сипаттары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Кәсіби оқу жүйесінің мәнді түрдегі даму сатысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Домбыра аспабын терең меңгеруде, халықтық музыкалық терминалогияны сабақтастырып, сабақ беруде көмекші әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалану жөніндегі кейбір ой-пікірімді ортаға салып отырмын.

Қазақ халқының аспаптық музыкасы, соның ішінде домбыраға арналған күйлер ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен күйлердің әуен ырғағы, тақырыбы мен мазмұны, халықтың көкейкесті ой-арманынан туған.

Ал, халық күйшілері сол күйлерді сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырды. Қазіргі күйлер өмірдің тар жол бұралаңдарынан өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр. Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың күй өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, күй жанрының даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. Дәл осы кезеңде біз табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді студенттерге үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас күйшіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені күй - қазақ халқының рухани асыл қазынасы болып табылады.

Қазақта күйшілік өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ендеше, Ұлы Қорқыттан бастап ұлы халық күйшілері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың тәлім-тәрбие алған ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, жыршылық, күйшілік, шешендік, ақындық сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады.

Қазақта күй өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүздеген көне күйлер, күй жанрының дәстүрлік сипаты, күй жанрының мектептері т. б. сапалық дамуы тарихи шындық. Халық өнерпаздарының өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз. Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек.

Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр. Ең бастысы бұрынғы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Қүйдің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы тарту үшін шеберлік қажет. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек.

Қазақтың домбыра өнері бүгінгі таңда екі бағытта дамып келеді. Біріншісі, ғасырлар бойы келе жатқан күйшілік өнер жолы. Екіншісі, қазіргі кәсіпқой домбырашылар дайындайтын музыкалық оқу орындары. Ендігі жерде, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде домбыра өнерін дамыту үшін, домбыра тарту шеберлігін жан-жақты зерттеген еңбек қажет. Көнеден келе жатқан күй өнерінің тарихы жайлы, дәстүрлік түр-сипаты және мектептері туралы жүйеленген бағыттары айқындалуға тиіс.

І БӨЛІМ ДОМБЫРА АСПАБЫ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Домбыра - қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақ өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Сурет № 1 - «Домбыра - қазақ халқының музыкалық аспабы»

Домбыраның тарихы жиырмасыншы ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында айтылды. Қазақтың халық аспабы домбыра он бесінші ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін көрсетсе керек. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді.

Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, баи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандарында домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын келеді Өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс ауданындағы домбыраларға он екі - он төрт перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары жеті - сегіз ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікімен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікімен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.

Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл сайтанның ісі болды ғой», - деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері сегіз - тоғыз, әрі кеткенде он төрт - он беске жетсе, күй домбырасына жиырмадан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т. б. Қазіргі кезде домбыраның жиырмадан астам түрлері бар. Олардың ішінде:

  • ән мен күй домбырасы;
  • торсық;
  • тұмар;
  • кең шанақты;
  • балдырған;
  • балашық;
  • шіңкілдек;
  • аша;
  • үш ішекті;
  • қуыс мойын;
  • шертер;
  • оркестр домбыралары;
  • қоңыр дауысты (альт) ;
  • жіңішке дауысты (прима) ;
  • ащы дауысты (секунда) ;
  • бас домбыралар.

C:\Users\Admin\Desktop\hello_html_m396846a0.jpg

Сурет № 2 - «Домбыра аспабының түрлері»

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік) . Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) . Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т. б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейхановтар, Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т. б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар - Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т. б. Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Байбосынов т. б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Домбыраның құрылысы

  • Бас. Бөлшектері: бас, құлақ, шайтантиек (бас тиек) .
  • Мойын. Бөлшектері: мойын, мойынғақ, перне, сағақ.
  • Шанақ. Бөлшектері: ернеулік (сулық, көмкерме), қақпақ, қауышақ (тілше, шанақша), серіппе (кергіш, белағаш), тиек, тұғыл (өкшелік), тұғыр (желкелік), түйме (түйір), түйметиек (өкшетиек, кіші тиек) .
  • Ішек . Бөлшектері: астыңғы ішек, үстіңгі ішек.

C:\Users\Admin\Desktop\img2.jpg

Сурет № 3 - «Домбыра аспабы құрылысы»

Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т. б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:

1932 - 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ. Қасымов, А. Ермеков, ағайынды И. және Б. Романенколар, Қ. Оңалбаев, т. б. еңбек етсе, оны 1960 - 1970 жылдары Ә. Аухадиев, О. Бейсенбекұлы жалғастырды. 1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор, бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді. 1990 - 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді. Шоқпарұлы, С. Ділманов, Ж. Тұрдығұлов, С. Кенжеғараев, т. б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т. б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд». Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр. Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік. «Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра - үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды) ». Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін. Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді.

Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы: Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған. Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар. Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар. Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады. Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы. Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық аспаптардың тарихы
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Домбыра туралы аңыз-әңгіме
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Қазақтың халық аспабтары
Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы
Домбыраның физикалық қасиеті
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz