Теріні бояу және бояғыштар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
«Қорғауға жіберілді»
«Тамақ өнірісінің технолгиясы және
биотехнология»
кафедрасы меңгерушісі: Какимова Ж. Х.
«Қуаты жылына 240 млн. дм 2 шағын былғары зауытын Өскемен қаласында жобалау»
Тақырыбына
5В072600 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Орындаған: Солтанова А. А.
Жетекші аға оқытушы: Касымов М. К.
Семей 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Технологиялық бөлім . . . 5
1. 1 Теріні өңдеудің негізгі кезеңдері . . . 5
1. 2 Теріні консервілеу . . . 6
1. 3 Жібіту . . . 71. 4 Теріні күлдеу . . . 8
1. 5 Жүннен арылту . . . 101. 6 Шелдеу . . . 10
1. 7 Жұмсарту . . . 11
1. 8 Теріні жуу . . . 12
1. 9 Теріні екіге бөлу . . . 12
1. 10 Жонарқалау . . . 12
1. 11 Пикелдеу . . . 12
1. 12 Теріні илеу . . . 13
1. 13 Бейтараптау . . . 18
1. 14 Теріні бояу және бояғыштар . . . 18
1. 15 Әрлеу операциялары . . . 21
1. 16 Толықтыру . . . 21
1. 17 Кептіру . . . 24
1. 18 Ылғалдандыру . . . 25
1. 19 Сығу немесе жартылай фабрикатты ылғалдан арылту . . . 26
1. 20 Сүргілеу . . . 26
1. 21 Былғарыны керу . . . 26
1. 22 Былғарының бетін түрпілеу және шаңнан арылту . . . 27
1. 23 Престеу, үтіктеу және бедер салу . . . 27
1. 24 Былғарыны нығыздау . . . 28
1. 25 Былғарының ауданы мен қалындығын өлшеу . . . 28
1. 26 Шикізатты таңдау және есептеу . . . 28
1. 27 Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу . . . 30
1. 28 Жұмысшы күшін есептеу . . . 32
1. 29 Ауданды есептеу және өндірістік ғимараттың сипаттамасы . . . 33
1. 30 Тасымалдау-транспорттау жерлерінің ауданын есептеу . . . 33
1. 31 Сұрыптау-жинақтау бөлімшесінің ауданын есептеу . . . 34
1. 32 Шикізатты сақтау және өткізу бөлімшелерінің ауданын есептеу . . . 35
2 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері . . .
3 Экономикалық бөлім . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Қосымшалар
Графикалық бөлім
КІРІСПЕ
Шығыс Қазақстанның тері өңдеушілері жыл сайын шамамен 900 млн теңгеге жететін тері экспортын жабуды сұрап отыр, ал мал өсірушілер сұраныстың төмендеп кеткеніне шағымдануда. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) жыл сайын 400 мың мал сойылады. Алайда мал сою орнының иелері ІҚМ терісінің шамамен бестен бірін өткізу мүмкін емес екенін айтады. Олардың сөзінше, ұсақ мал мен жылқының терісі мүлде өтпейді. Жұмысы тоқтап тұрған Семей тері-былғары комбинатының басшылығы болса теріні сыртқа әкетуге тыйым салып, кәсіпорынның салықтық жүктемесін төмендету керектігін алға тартуда. Кәсіпорын Шығыс Қазақстанда союға өткізілетін малдың жалпы санының тек 10%-ның ғана терісін алады. Бұл шамамен жылына 20-40 мың ІҚМ терісі (бір тері орташа есеппен 20 келі тартады) . «ІҚМ-ның терісі 3500 теңге тұрады. Тері зауыты осы теріден 470 мың теңгенің өнімін өндіріп шығаруы мүмкін. Бірақ біз осы әлеуетті қолдана алмай отырмыз. Қазақстанда аяқ ким шықпайтын кезге де жеттік», - деді Владислав Косарев кездесуде. Өндірушілер болса депутаттан ауыл шаруашылық өнімін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына қатысты салық кодексін қайта қарау мәселесін көтеруді сұрады. ШҚО-ның ауыл шаруашылық басқармасы мен мал өсірушілері керісінше, теріні экспортқа шығаруға тыйым салынатын болса, онда Семей тері-былғары зауыты өңірдегі жалғыз кәсіпорын ретінде фермерлерден шикізатты арзан бағаға сатып алатынын айтады. «Семей тері-былғары зауыты «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» дегеннің күйін кешіп жатыр. Кезінде өндірісті іске қосу үшін несие берілді, бірақ ешқандай іс тындырылмады», - деді ШҚО ауыл шаруашылық басқарамасындағылар. Жылқы мен қой терісі ешкімге керек емес Сонымен қатар кәсіпкерлердің мәліметі бойынша, тіпті экспорт ашық болғанның өзінде де теріні өткізуге қатысты қиындық бар. Бұған қоса шикізаттың бестен бір бөлігі жарамсыз деп утилизацияға жіберіледі. «Қой мен жылқының терісін алмайды. Тек ІҚМ терісін ғана алады, оның өзінде таңдайды, сапасы мен көлеміне қарайды. Бізден теріні үнемі бір кәсіпкер көтерме бағамен алады. Тері бағасы барлық жерде бірдей, оның қаншалықты көңілден шығып жатқанын айта алмаймын. Өтпей қалған теріні жағып жібереміз. Обал, әрине, бірақ сақтайтын жер жоқ. Теріні сақтау үшін жағдай жасау керек. Алынған теріні мұздатқышқа саламыз. Сатып алушы сол мұздатқышта тұрған күйінде алады. Бұрын теріні тұздайтынбыз, бірақ қазір оны сойылған қалпында алғылары келеді. Сатып алушылар сапасына да қатты қарайды. Сиыр терісінің көлемі кішкентай болса немесе тері олардың ойындағыдай сыпырылмаған болса да, алмай қояды. ІҚМ терісінің шамамен 20%-ы жарамсыз болып қалады». Ауыл шаруашылық басқармасының ақпары бойынша, қазір ірі қара мал терісінің бір келісі 200 теңге тұрады, баға күзде жаппай мал сою кезінде төмендейді.
Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.
Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54, 4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 адам (2019ж. ) . Қазіргі күні Өскеменде 76, 8 мың зейнеткер (жалпы санының 23, 9 %-ын құрайды), оның 2476-сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54, 4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320, 2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76, 8 мың зейнеткер (жалпы санының 23, 9 % құрайды), оның 2476 -ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі саналады. Аймақтың жетекші салалары - түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78, 7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31, 4 мың адам өндіріс сферасында, 5, 8 мың адам - құрлыста, 16, 1 мың. адам - білім мен денсаулық сақтау саласында, 9, 7 мың. адам саудада, 10, 3 мың адам - көлік пен байланыс саласында т. б. еңбек етеді.
17, 7 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47, 1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17, 1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6, 3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3, 4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17℃ тен -26℃ градусқа, шілде айында +19, 6℃тен +23℃ градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55℃, жазда +41℃ градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм. 2004 жылдың 1-қазанына дейінгі мәлмет бойынша қала халқының саны 302, 9 мың адам, соның ішінде 292, 2 мыңы қала, 10, 7 мыңы ауыл тұрғындары.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы: Қуаты жылына 240 млн. дм 2 шағын былғары зауытын Өскемен қаласында жобалау. Жұмыстың өзектілігі: Жеңіл өнеркәсіп салысын, оның ішінде тері өндірісі саласын алға қоюға бағытталған жұмыстар жүргізу болып табылады. Жұмыстың тақырыбын ашу барысында бірнеше мақсаты мен міндеттер қойылды: берілген аймақтағы тері өндірісін зерттеу, қарастыру; тері өндірісінің тарихы; былғары өндірісінің шикізаты, өңдеу технологиясы, сапалық көрсеткіштері, былғары өндірісінің жабдықтары, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бөлімі қарастырылды. Жұмыстың объектісі ретінде шағын былғары зауыты алынды. Жұмыс бірнеше бөлімнен тұрады: технологиялық, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Теріні өңдеудің негізгі кезеңдері
Нағыз сапасы өте жоғары теріде оны дайын былғары дейін өңдеудің технологиялық циклының кезеңдері аз болуы керек. Терінің беті, яғни былғарының үстіңгі қабаты толық сақталуы керек. Бұл дегеніміз терідегі барлық қатпарлар мен тесіктер сақталуы қажет.
Былғары өндірісінің технологиясы (теріні дайын былғары болғанға дейінгі өңдеу) үш кезеңнен тұрады:
1. Дайындық кезеңі
2. Илеу
3. Өңдеу операциялары
1. Дайындық кезеңі
Мақсаты - белгілі бір құрамды және құрылымды өзеңді өңдеу.
Бұл кезеңнің операциялары: жібіту, шелдеу, жүнсіздендіру, күлдеу, күлсіздендіру, жүнді қырқу, екіге бөлу, жұмсарту, майсыздандыру, пикелдеу (тұздау) .
Терінің статусы: кірерде - шикізат, шығарда - иленбеген жартылай фабрикат (жарғақ) .
2. Илеу
Мақсаты - жарғақтың ары қарай қасиеттерін өзгерту. Теріні өңдеу өндірістерінің негізгі кезеңі. Илеу үрдісі пайдаланылатын илегіш заттарға байланысты, шикізатқа байланысты және дайын өнімнен талап етілетін сипаттамаларға байланысты танымастай өзгеріске ұшырай алады.
Илеуден соң бейтараптау үрдісі болады, терінің сілтілік балансын ретке келтіруді қамтамасыз етеді. Бейтараптау жүргізілмей сапалы майлау мен біркелкі бояуға қол жеткізілмейді. Терінің статусы: кірерде - иленбеген жарғақ, шығарда - иленген жарғақ.
3. Өңдеу операциялары
Мақсаты - теріге кейбір физикалық қасиеттерді (жұмсақтың, майда) беру және тауарлық түрге келтіру.
Кезеңнің операцияларына жататындар: майлау, терең және беттік бояу, кептіру, ылғалдандыру, соңғы өңдеу.
Терінің статусы: кірерде - иленген фартылай фабрикат, шығарда - дайын былғары материалы.
1. 2 Теріні консервілеу
Теріні консервілеу процедурасы теріге тұзды сіңдіру үшін жүргізіледі. Оны не үшін жасайды? Мал сойылғаннан кейін еті бұзылатын сияқты, терісі де лезде бұзыла бастайды. Теріні консвілеу кезінде ол жарты ылғалынан айрылады, тері 3 күннен 6 күнге дейін кептіріледі. Сонда ғана шикізатты былғары өндірістеріне ары қарай өңдеуге жібереді.
Ылғалды тұздау. Бұл әдістің кереметі тepi тінінің сапасы, ал кемшілігі - көп тұз шығыны. 1 кг тepiгe 400 г тұз алынады, кальциленген сода 1/400 қатынастағы консервілeyшi тұзбен ІҚМ, бұзау, тана терілері тұздалады. Қоспаны жақсылап араластырып, қолдануға бір күн бұрын дайындайды. Жүн жағын жоғары қаратып, бетон және тегіс ағаш бетіне теріні жазып қояды. Терінің бахтарма, яғни, ет жағына тұз себе отырып, қолмен нығыздап жағады. Бip күннен соң қайтадан тұздайды, оны «пакет» дейді. Басынан бастап төрт бөлікке, алдымен оң қолы мен сол қолын iшкe қарай, одан кейін жотасын бүктейді. Осы оралған тepiнi құйыршығымен және жіппен байлайды. Үш күннен кейін тұздалған теріні тексеру керек: егер қатты тұздар болса, онда барлығы дұрыс, ал егер орындарын қалтырып, тұз ciніп кетсе, онда кайтадан тұздаған дұрыс. Бес күннен кейін белок пен ылғалды тұздық аға бастайды. Жақсы тұздалған тepi берік және тығыз келеді. Шел жағы құрғақ, ақшыл түсті келеді, тек пышақ тигізгеннен соң сұрғылт тартады. Дұрыс тұздалған тepi жақсы сақталады, ал нашар тұздалған тepi - көп бөгеттер жасайды. Қатты тұздалған терінің қылшықтары түсіп қалады, ол мехтік және тepi өндірісінде қолдануға келмейді.
Keптipy және құрғақ пpeстi консервілеу. Бұл әдіс бұзау, тана, қой, ешкі, құлын терілерін консервілеу үшін өте қажет. Артықшылығы - арзан және оңай, кемшілігі - теріде кажетсіз қабыршықтар пайда болып, май қышқылы әсерінен илеуге тура келеді.
Теріні ақпанның аяғы мен наурыздың басынан бастап, яғни жылы уақыттарда кептіреді. Бұл уақытта күннің көзінен сақтану керек, әйтпесе тері қабыршақтанып, оның құрамындағы коллаген жоғары температурада желатинденіп кетуі мүмкін. Tepiні жазда 22-25 о С, ал қыста жылытылған қоймаларда кeптipген пайдалы. Tepi диаметрі 3-5 см жақсы тазартылған ағаштарда ілініп тұруы керек. Теріні жерге қойып тұздауға болмайды. Иленіп тұрған терінің басына, құйрығына, аяғына таяқшалар тipeп, жазып қояды. Tepi 6ipкелкі кебу үшін ауыстырылып отырады.
Жақсы құрғатылған тepi созылмалы келеді, шел жағын саусақпен шерткен кезде өзіне тән дыбыс бepeдi және жүнді жабыны құрғақ кeлeдi.
Мұздату. Бұл әдістің айтарлықтай жетіспеушіліктері бар. Мұздалған тері бұзылады, сапасыз. Tepіні қарға мұздатуға болады. Бұл әдіс терінің сапасын сақтайды.
Құрғақ тұздау. Бұл тәсілді қолданған кезде, алдымен теріні тұздайды, сосын құрғатады. Кемшілігі - консервіленген терінің жоғары гигроскопиялығы болып табылады. Сол себептен қоймадағы тері ылғалдылықтан шіріп, дымқылданып кетеді. Негізінен құрғақ тұздауды ыстық климатты жерлерде де, суық климатты жерлерде де қолдана береді.
1. 3 ЖібітуЖібіту (суландыру) - шикізатты сумен немесе сулы ерітіндіде өңдеу. Жібітудің мақсаты - шикізатты бу (жаңадан сойылған) күйіне келтіру.
Нақты міндеттер:
- теріні ылғалдандыру (немесе оны жаңа сойылған күйдегі ылғалдылығына жақындату) ;
-терінің бетіндегі кірдің, ластың қалдықтарын жою;
- теріден ары қарайғы өңдеуге кедергі келтіретін тұздар мен протеиндерді жою.
Бу тері, яғни жаңадан сойылған тері жібітуді талап етпейді: оны тек 12-24 сағатқа таза суға салып қояды.
Консервіленген теріні жібітудің ұзақтығы оның сақталған әдісіне байланысты болады. Ылғалдап тұздалған теріні жібіту 13 - 16 сағатқа созылады. Құрғақ және құрғақ тұздалған теріні жібітудің ұзақтығы 1-2 тәулікке ұзарады, сонымен бірге суға натрий сульфиді мен кальцийленген соданы қосу ұсынылады. Құрғақ теріні жібіту шелдеумен кезектесіп орындалады: құрғақ теріні 2 күн суда суландырып, сосын шелдеп және қайтадан 2 күн суға салады. Мұздатылған теріні алдымен жылы бөлмеде ерітеді, содан кейін барып суда жібітеді. Жаз мезгілінде ашық су ағынымен орындайды, ал қыста үлкен чанда жібітеді.
Шикізатты жібітуге арналған судың оптималды температурасы - 18-22 0С құрайды.
шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек.
Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері, басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған үлбір терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Үлбір және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беттік белсенді заттар, натрий гексафтормиликаты, қалий хлориді.
Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.
Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзының бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Үлбір бен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.
1. 4 Теріні күлдеу
Теріні күлдеу процесінде өңделетін теріден жүн мен эпидермисті жою жүргізіледі. Күлдеу - мал терісін әк суспензиясының көмегімен өңдеу болып табылады. Теріні күлдеу ары қарай жүргізілетін теріні өңдеу процестерінде жұн теріден жеңіл түсіп қалуы үшін жүргізіледі, тері талшықтарының қажетті ісінуіне жеткізу үшін орындалады.
Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді. Күлдеу үрдісінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің ақуыздарымен өзара химиялық байланысады, коллагеннің құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің талшықтары арасындағы белоктар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар (рН туралау үшін) сілтілік ерітіндісімен өндейді. Күлдеу үрдісінде, күлдеу сұйықтығының құрамындағы кальций гадроксиді, натрий сульфиді, сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі түрде бақыланады. Күлдеу сұйықтығындағы құрамында азоты бар заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексерілуі қажет.
Күлдеуден кейінгі жартылай фабрикаттың сапасын бақылау . Жарғақтың күлденгендігін оның серпімділік дәрежесіне қарай бағалайды, яғни жарғақтың беткі жағын саусақпен басқан кезде із қалмауы керек. Сонымен қатар, жота сызығы бойынша сауыр бөлігінен алынған тілік біркелкі және жартылай мөлдір болуы керек.
Жартылай фабрикаттың күлденгендігі өзеңнен алынған тілікті ферменттерде еру жылдамдылығы арқылы сипатталады, сондықтан ферментті термиялық әдіспен анықтайды. Өзеңнің тілігі қаншалықты тез ерісе, соншалықты оның күлденгендігі жоғары. Жарғақтың күлденгендігін бұл әдіс бойынша былай анықтайды: кез-келген партиядан 3 дана жарғақ тандап алады да, сауырдың стандартты учаскесінен өлшемі 3х5 см тең сынықтарды кесіп алады.
Алынған сынықтарды өлшемі 10х6 мм тең бөліктерге бөлшектеп, сұйық көмір қышқылының көмегімен беткі қабатын мұздататын микротомда мұздатып, одан қалыңдығы 30 мкм тілік жасайды. Анықтауға керекті тіліктерді өзеңнің ортасынан (торлы қабаттан) алып, суы бар шыныаяққа салады. Өзеңнің төменгі бөлігінен алынған тілікті анықтауға алмайды.
Әрбір сынақтардан үш тілікті 15 см 3 панкреотин сығындысы бар шыны стаканға салады. Оны дайындау үшін 0, 15г панкреотинді 30 мин аралығында, 15 см 3 27 о С температурада тазартылған суда ұстайды. Содан соң сығындыны сүзіп, оған 1, 5 см 3 5% натрий хлориді ертіндісін қосады.
Тіліктер және сығынды бар стакандарды алдын-ала, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының жарғақтығын анықтау үшін 57 о С дейін қызырылған, юфтке арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 55 о С дейін қыздырылған, ал бұзау терілерінен хромдық былғарыға арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 54 о С дейін қыздырылған су моншасына қояды.
Жарғылықтың күлденгендігін анықтау үрдісі кезінде мынадай жағдай болуы мүмкін: негізгі тіліктердің массасы ерігенмен, ерітіндіге айналмаған жіңішке жолақтар қалады (бұл кезде талдауды қайта жүргізу керек) . Бұл мынадай себептерден болады:
Мұздатқыш микротомда тіліктерді дайындау кезінде үлгілердің бірқалыпты тілінбеу салдарынан, (мысалы біркелкі тоңазытылғандықтан) ұстара торлы қабатпен қатар емізікше қабатының бір бөлігі немесе тері асты шел қабатының бөлігін алып кету мүмкін. Бұндайдан аулақ болу үшін талдаудың алдында тірліктерді микроскоппен тексеру керек.
Торлы қабаттың тіліктерін, коллагенді шоқтардың бірімен-бірінің күшті өрленуімен шаш тамырларының болмауынан, эпителиалды құрылымның және көп жағдайда қан тасығыш түтіктердің болмауынан оңай тануға болады. Тері астындағы клеткалардың тіліктерінен коллагенді талшықтар едәуір жіңішке, оның керілуі, өрілуі онша анық емес, қан тасығыш түтікшелер өте үлкен. Торлы қабаттың тіліктері кератиннің қалдықтары және талшық қалтасы арқылы оңай танылады. Талдау кезінде мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: негізгі коллагенді масса ерігенмен, бірен-саран, көп уақытта ертіндіге айналатын талшықтар алады. Бұл ретикулді құрамындағы талшықтар, олар фермент әсеріне берік келеді, сондықтан оларға еру ұзақтығын белгілеу кезінде назар аудармау керек. Егер ерімеген талшықтар коллаген талшықтары емес пе екен деген күмән болса, онда былай жасайды.
Негізгі коллагендік тілік массасының еру уақытын белгілеп, қалған талшықтарға одан ары ыстықпен әсер етеді. Егер 10 мин аралығында осы көрініс өзгермесе, онда еру ұзақтығына негізгі массасының еру уақытын қабылдайды. Егер талшықтар ерісе, онда еру ұзақтығы массасы мен талшықтардың еру уақытының қосындысынан құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz